Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Негізгі бөлім
0.1. Пәнаралық байланыс. Жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
0.3. Н.Ф.Винокуров интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.4. Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
0.5. Химияның басқа пәндермен байланыстыра оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... 7
1.0.1. Химия пәнін экологиямен байланыстыра оқыту әдістемесі ... ... ... ... 7
2.0.2. Косметикалық бұйымдар және химия ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 10
3.0.3. Химияны биологиямен байланыстыра оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...10
1.4.4. Химияны математикамен байланыстыра оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... 11
1.4.5. Химиядан пәнаралық байланыста салауатты өмір салтын қалыптастыра білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4.6. Химия пәнін физикамен байланыстыра отырып оқыту ... ... ... ... ... ..13
1.4.7. Химияны тарихпен байланыстыра оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..14
1.4.8. Оқушыларға химиялық білім берудегі тұрмыс химиясының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.5. Химияның дамыған салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. Эксперименттік бөлім
2.1. 9-сынып. Темір тақырыбын физикамен байланыстыра өту ... ... ... ..19
2.2. Органикалық химия есептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2.1. Химиялық заңдарға негізделген есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2.2. Молекулалық массаға сүйене отырып формула құрастыру ... ... ... ... ... 20
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24


Кіріспе
Педагогикалық сөздікте пәнаралық қатынас түсінігін оқулық бағдарламаның өзара келісімі деп анықтаған болатын. Пәнаралық қатынастар оқушылардың білімін жүйелендіруге көмек жасап,басқа пәндермен байланыстылығы жайлы өз ойларын кеңейтіп және оларды нақты әлемнің толық жағындағы диалектиканың өзара байланыс құбылысын танып білуге қалыптастырады.
Пәнаралық қатынастар ұғымына сипаттама берілген, ғылымаралық қызмет түрлері көрсетілген, жаратылыстану-математикалық цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты қалай жүзеге асыру айтылған, математика пәнімен информатика мен физика пәндерінің пәнаралық байланыстары туралы ұғым берілген,химия пәнін география мен биология пәндерімен пәнаралық оқыту жайында ұғымдар, дифференциалдық теңдеулерді биологиялық процесте қолданылуы көрсетілген.
Пәнаралық қатынастардың әзірленуі оқушылардың білімінің ұтымды жағдайын, тәрбиеленуін және дамуының пайда болуына көмек көрсетеді.
Мынадай ғылым аралық қызметтердің түрлерін ажыратуға болады:
1. Бір объектті әр түрлі ғылымдармен біріктіріп кешендік оқытуда.
2. Әр түрлі объектті оқытудағы бір ғылымның әдісін басқа ғылымда қолдану жзағдайында.
3. Әр түрлі объектті оқытудағы бір теорияны әр түрлі ғылымдарда қолданылу жағдайында.
Білім мазмұнын жаңарту пәндердің циклі үшін оқу материалы мазмұнының жоғары ғылыми, әрі оқушыға түсінікті деңгеймен оның ғылыми логикасына сәйкес баяндалуын қамтамасыз ететіндей жүйесін анықтау міндетін жүктейді. Бұл міндет циклдегі әр пән бағдарламасы мен оқулықтың цикл пәндерінің терең өзара байланысын қамтамасыз ететіндей болып құрылуы арқылы шешілмек.
Курстық жұмысымның мақсаты - оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау,оны оқушыларға қалай пайдалу керектігін түсіндіру.
Курстық жұмыстың міндеті - оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашуға үйрету.
Пәнаралық байланыс -- қазіргі кезеңдегі оқытудың ең көп пайдаланылатын үрдістерінің бірі болып табылады. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықарды реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын және байланыстылығын,біртектілігін бір жүйеге келтіру қызметін атқарады. Пәнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін өздігінен практикалық тұрғыда пайдалана білуге кеңінен жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінің білім беру,оқыту, тәрбие беру, дамытушылық қызметін күшейте отырып, білім сапасын арттыру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың сан алуан мақсаттары бар. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін,теориялық базаны нығайтуды көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары,лабораториялық жұмыстарды өздініен орындауға деген шеберліктерін арттырып және т.с.с түрлі- түрлі мақсаттарды алдына қойған.
Сонымен қатар,оқыту процессінде пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі, әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, бұл пәндердің өзара байланысы оқу материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды белгісі болып табылады. Химияны оқыту әдістемесі химия ғылыми барлық салаларының, атап айтқанда, бейорганикалық, органикалық, физикалық химия , коллоидтық химия мен химиялық технология курстары негізінде психология, педагогика, экология ғылымдарымен тығыз байланыста оқытылады [8].
Қазіргі таңда әртүрлі жаңа технологияларды,тәсілдерді және дидактикалық ойындар тақырыптың толық қамтылуына,уақытты үнемді қолдануға,оқушыларды пәнге қызықтыруға,толық түсіндіруге септігін тигізеді.

1. Негізгі бөлім
1.1 Пәнаралық байланыс. Жалпы түсінік
Жаратылыстану-математикалық цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт пәнаралық байланыс деп аталады..
Оқу мазмұнын қалыптастыру барысында негізгі салмақ орта оқу орындарының барлық түрлеріне бағытталатындығы және солардың әлеуметтік сұраныстарынан құралатыны белгілі. Оқу мазмұны педагогикалық категория ретінде әлеуметтік сұраныстың жай ғана көшірмесі болмауы керек. Ол осы сұраныстың педагогикалық моделі болуы қажет. Оқу мазмұнының қалыптасуының алғашқы сатыларында пәнаралық байланысты анықтау оқу мазмұнының құрылысында пәндік құрылымға дейінгі жалпы теориялық ой деңгейінде қарастырылып,оқытылады.
Химияны оқыту әдістемесі химия ғылымының барлық салаларының, атап айтқанда, бейорганикалық, органикалық, физикалық химия, коллоидтық химия мен химиялық технология курстары негізінде психология, педагогика, экология,атал өтілген ғылымдармен тығыз байланыста оқытылады.Жаратылыстану ғылымдарының,яғни физика, химия, биология, география ғылымдарының объективті негізі, ол ғылымдардың зертелуіндегі әртүрлі формада ,яғни материя қозғалысы (Ф.Энгельс бойынша) және материялық ұйым (Б.М.Кедров бойынша) , яғни физикалық, биологиялық, геологиялық зерттелу формасында болуы байқалады. Сондықтан химия физика және биологя ғылымдарының арасында аралық орын алады. Бұл айтқандардан қазіргі химиялық білімнің даму этапы, тек қана химияның дамып жатқанын ғана емес, физика мен биология сияқты аралас ғылымдардың дамып жатқандығын білдіреді. Физика жаратылыстану ғылымының теориялық жағынан лидері болады, яғни химияда болса да, кванттық механикада болса да, термодинамикада болса да, биологияда болса да құбылыстарды молекула ішілік тұрғыдан түсіндіру керек. Өмір туралы, тірі табиғат туралы, адамдардың тіршілігі туралы түсіндіретін алдыңғы қатардағы ғылым -- биология ғылымы болып табылады. Оқулықтардағы негізгі интеграция олардағы пәнаралық байланыс.1982 жылы мемлекеттік оқу программасына туыстас пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде енді. Химия мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарында да пәнаралық байланыс (биология және география) 1980 жылдардың ортасынан бастап қолданылды. Зерттеушілердің зерттеулері және ойлары бойынша оқу процесінде пәнаралық байланыстың маңызы өте зор, ол байланыс білімді толықтырады және растайды, оқушылардың білімін ішкі байланыстарды реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітіп қана қоймай ,қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пәнаралық байланыс толық интеграция болып табылмайды, оқу процесіндегі интеграция оқу үрдісіндегі ерекше жүйе болып келеді, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру деген мағынаны білдіреді.
1.2 Н.Ф.Винокуров интеграциясы
Н.Ф.Винокуров интеграцияны былай қарастырды:
а) бір жүйеге келтіретін байланысты дамытушы;
б) байланыстырушының жүйелілік мәні
в) жалпы философиялық түсініктің төменнен жоғарыға дамуы ретінде;
Н.Ф.Винокуров интеграцияны осы жоғарыда көрсетілген бойынша қарастырып көрсетті.Көптеген зерттеушілердің пікірінше мектеп базасында интеграция мақсат пен оқу құралы ретінде қарастырылып келеді. В.С.Безруков мақсат ретінде интеграция оқушыларға қоршаған ортаны бірегей қабылдау, құбылысты жан-жақты зерттеу, (практикалық, теориялық, т.б.) мақсаттарын жобаға алды. Оқу құралы ретінде, пәнаралық байланысқа жаңа көзқарас, жаңа түсінік қалыптастырады. Бірегей және біртұтас жүйе ретінде интеграция сабақтан тыс уақытта жаңа тиімді қолданыстағы технология ретінде және оқыту әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар пән интеграциясы жаңа білімді қалыптастырып, алған білімді одан әрі кеңейтіп, байытады. Химиялық білімнің қазіргі кездегі теориясы мен практикасының сараптамасы бойынша интеграцияның көп тараған бағытының бірі химиялық, биологиялық және экологиялық білімдерді экологияландыру болып табылады.
Экологиялық проблеманы шешудегі химияның рөлі қазіргі этап бойынша:
а) химия ғылымы топырақтағы,құрғақ жерлердегі,атмосферадағы, сулы ортадағы заттардың құрамын, қасиеттерін, құрылыстарын білу арқылы биологиялық тұрғыдағы өзгерістерді түсіндіреді.
б) элеметтердің биогеохимиялық процестердегі айналым механизмін зерттеу мен оларды өндіріске енгізу арқылы экожүйеге айналдыруларын түсіндіреді.
в) әртүрлі химико-аналитикалық бақылау негізінде қоршаған орта не болмаса дайын өнім туралы мәлімет алып,соған байланысты оның зияны немесе оларды тазалау және қорғау қорғау т.б туралы мәлімет береді.
Осындай экологияландырылған химия курсы біздіңше оның табиғаттағы рөлін ерекше аша түседі және табиғатты қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға,табиғатты қорғауға мүмкіндік береді.
Түсінік интеграциясының өзі екі деңгейде қарастырылады,яғни химиялық және экологиялық білім деңгейлері,себебі экологиялық білімнің екі түрлі түсінігі бар.
- Табиғат қорғау білімі -- экологияны тірі ағзалардың бір-біріне,табиғатқа және қоршаған ортамен әсері деп түсіну.
- Қоршаған орта туралы білім -- адам мен табиғаттың бір-біріне әсері деп түсіну. Осыған байланысты,яғни жоғарыда айтылып өткен мәліметтерге байланысты химияға экологиялық мазмұндағы түсінік интеграциясының 2 бағыты пайда болады.Олар:
1 бағыт - Экологиядан -химияға бағыты
2 бағыт - Химиядан -экологияға бағыты
Мұнда химия сабағында экологиялық түсінік беру. Мысалы: Оттегі тақырыбында адамның әсерінен және газ құрамының өзгеруінен ауаның ластануы деген түсінік қалыптасады.Біздіңше, химиялық-экологиялық білімнің түсінік интеграциясы кең. Себебі, химия курсында заттардың табиғаттағы айналымы туралы, ал экологияда бұл табиғи заңдылық химия мен қатар экологиялық (биогеохимиялық айналым) түсінік береді [5,8].

1.3 Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Химиялық, экологиялық және табиғатты қорғау түсініктері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы: химиялық элемент деген түсініктің өзі тірі және өлі табиғаттың ,оның ішінде сапалық және сандық құрамы, биогенді элемент ,яғни тірі ағзаның тіршілігіне қажетті элементтер, макро және микроэлементтер және олардың биологиялық қызметі туралы түсінік қалыптастырады. Химия сабақтарындағы зат ұғымын оқытуда және зерттеу процессінде, оқушылардың көңілін заттың ең маңызды деген биологиялық функцияларын жеке организм деңгейінде қарастырғандай, экожүйе немесе жалпы биосфера деңгейінде де қарастыруға аудару, оларға экожүйенің ішіндегі концентрациясына байланысты заттың екі жақты рөлі туралы мәлімет беріп және тереңінен түсіндіріп, табиғи қоршаған ортаның ластануы және ластанудың көздері туралы әңгімелеу, тіпті егер сол немесе бiр заттардың БМК-сы шектен шықпаған жағдайда да, заттардың азықтық тізбек бойынша алға жылжуындағы биологиялық жинақталу процессiн ескеруге мүмкіндік беретін, барынша мүмкiн концентрациялар (БМК)зиянды қосылулардың дифференциациясы және шектеуші экологиялық фактор сияқты және осыған ұқсас терминдермен таныстырып және жаңа ұғымдар енгізу керек есептейміз.
"Химиялық реакция" ұғымы биосферада болатын химиялық және кейбiр биохимиялық процесстердiң мәнiн ашуға мүмкiндiк бередi.Осыған байланысты биокатализдік реакциялар туралы ұғым енгiзiледi және катализдіқ реакциялар туралы ұғым кеңейедi. Мұның маңыздылығы - биосфераның ластануы мен ациклділікке әкеп соғатын процесстерге байланысты, заттардың биогеохимиялық айналымдарының негізгі циклдерiндегi өзгерiстер туралы ұғымның қалыптасуы. Мұндай өзгерiстердiң мәнi, реакция байқатушы заттардың өзгеруінен немесе басқа, табиғаттағы белгілі биокатализаторлардың пайда болуынан, катализдік процесстердiң жүрiсiнің бұзылуына (күшеюіне немесе әлсіреуіне) апарады [1,4].
Химиялық өндірістің негізі туралы білімнің қалыптасуы ластаушылар, ластану көздері жайлы ұғымдардың дамуын жалғастырады, химиялық өндіріс өнімдері мен қалдықтарының табиғи зат айналымына қосылуының салдарын, экожүйе мен жалпы биосферадағы табиғи балланстың бұзылу себептерін және оның адам өмірі мен табиғатқа әсерін сараптауға мүмкіндік береді.
Химиялық және экологиялық бiлiмнiң iскерлiк интеграциясы химия бойынша оқу тәжiрибесiне экологиялық бағыт беру жолымен iске асуына байланысты В.И. Шилов интеграцияның осындай жолын ғылымға ұсынды. "Хемофобия жағдайында -химия мұғалімінің алдында тек, мектеп бағдарламасында химия сабағы бойынша алдын-ала қарастырылған, барлық тәжірибелердің міндетті түрде орындалуы ғана емес, сонымен қатар мектептің химия кабинетін оқушыларды экологиялық тәрбиелеу орталығына айналдыру керек. Химиялық тәжiрибенi анығында әртүрлi варианттарда орындауға болады, тіпті оны орындауға тұрмыстық қалдықтар мен көптеген, мектептің бөлмелерінен, ұстаханасынан, асханасынан, фотозертханасынан шығарып тасталынған заттарды пайдалануға болады. Кейбір химиялық тәжірибелерде тауық жұмыртқасының қабығы да, сүйек те, басқа да көптеген мектеп асханасынан шыққан қалдықтар: ий фольгасының қалдығы, қақпақтар, сым темірдің кесінділері іске асады" [1,4,6].

1.4 Химияның басқа пәндермен байланыстыра оқыту
Жаратылыстану ғылымдарының (физика, химия, биология, география) объективті негізі, ол ғылымдардың зертелуіндегі әртүрлі формада яғни материя қозғалысы,бұл теория Ф.Энгельс бойынша, және материялық ұйым ,бұл теория Б.М.Кедров бойынша, яғни физикалық, биологиялық, геологиялық зерттелу формасында болуы .
Химия ғылымының өзі физика ,математика,биология және де басқа да жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Химия мен биология ғылымдарының байланыстылығы арқасында биохимия шыққан, химия мен геология арасынан шыққан ғылым -- геохимия, космохимия, гидрохимия салалары, өнеркәсіп пен химияның барлық салаларында талдау,зерттеу әдістері үшін қолданылатын аналитикалық химия ғылымы қалыптасты. Кейбір химиялық мәліметтер ерте заманнан бері қалыптасқан және белгілі болған.

1.4.1 Химия пәнін экологиямен байланыстыра оқыту әдістемесі
Экология барлық ғылым салаларымен, соның ішінде химия ғылымымен тығыз байланысты. Химиялық экология - химиялық заттардың қоршаған ортаға тура және жанама әсер етуі мен осы әсердің зияндылығын мүмкіндігінше азайту жөнінде зерттейтін экология бөлімі.
Химияны экологиямен байланыстыра оқытып білім берудің ең негізгі қызметі қазіргі ғылым мен техниканың өте қарқынды дамуының және табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттардың адамзатқа және тірі табиғатқа зиянды жақтарын оқыта отырып үйрету, сонымен қатар сол зиянды әсерлерді болдырмау немесе алдын алу, салауатты өмір сүруді насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Қазіргі кезде адамзат алдында аса күрделі экологиялық проблема тұр. Табиғи орта шектен тыс бүлінуде, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қауіп төнуде, ауамыз бен суымыз ластануда, адам денсаулығы бұзылуда, соңғы жылдары жер шарында озон қабатының жұқару проблемасы ғаламшар тұрғындарын қатты алаңдатуда.
Жоғарыда айтылған экологиялық мәселелер химия курсында айтылады, бірақ бұл туралы мәліметтер оқулықта өте аз немесе үстіртін беріледі. Ал жалпы экология пән ретінде оқытылмайды, тек 9-сыныптарда факультатив сабағы түрінде беріледі.
Оқушыға экологиялық мәліметтерді молырақ беру үшін және олимпиадаға дайындау үшін пәнаралық, атап айтқанда химия мен экология байланысын дамыту керек.
1-сызбанұсқа. Әртүрлі парниктік эффектіні - жаһандық жылынуды түсіндіруге болады. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады.
Ластағыштар
Жылына, млн т
Көміртек диоксиді
Өндірістен бөлінетін шаң тозаң
Көміртек оксиді
Күкірт оксиді
Азот оксиді
Фосфор қосылыстары
Күкіртті сутек
Аммиак
Хлор
Фторлы сутек
6000
580
360
160
110
18
10
8
1
1
Жоғары білімді химия және химия мен биология мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі экологиялық химияны оқып үйрену басты мәселе.Жоғары мектептегі экологиялық химияны оқыту келесідей оқыту процестерінен тұрады:студенттерді теориялық негіздермен таныстыру; курстың материалдары бойынша зертханалық жұмыстарды орындау және есептерді шешу.Әрине бұл процестер қисынды байланысқан және жалпы әдістемелік амалмен біріккен, ал оқулықтар мен оқу құралдары жалпы әдістемелік негізде болуы керек.Экологиялық химия бойынша берілген тақырыптарды қажет ететін мысалдардың барлығы өзінің мазмұны бойынша теорияларды, заңдарды, процестерді, заттардың қасиеттері мен химиялық реакциялар жүру жағдайларын түсінуді, сол сияқты реакция теңдеуі мен химиялық формуланы құрастыра білуді қарастырады. Бұл теориялық материалды бекітіп және оны тиянақты игеріп, пәнге деген тұрақты қызығушылықтарын арттырады.Студент білімін бағалауда, жаңа тақырыпты бекітуде тәжірибелік жұмыстардың маңызы зор.Өз қолымен және өздігінен,яғни мұғалімнің көмегінсіз эксперименттік жұмыстар жасауға дағдыланған студент,кез келген сыннан қиналмай өтеді, білім және білігі нығайтылып,тәжірибесі артады.Химия ғылымының өзі негізі студенттің логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай,есептерді қиналмай шығаруға,тәжірибелік жұмыстар жасауға баулыйды. Осы бағдарлама студенттер үшін көмекші құрал ретінде ұсынылып отырған себебі де осы.Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиялық сандық есептер шығарудың маңызы өте зор, сол себепті бұл бағдарламада есептер теориялық материялға негізделеді және сандық мәліметтер көптеп пайдаланылады.
Студенттердің практикалық жұмыстарға икемділігін қалыптастыру, дағдыландыру үшін терең де нақты теориялық білім алулуры қажет етіледі. Сол себептен де студенттерге тиянақты, жүйелі білім беру үшін, типтік бағдарлама, жұмыс оқу бағдарламасы және силлабас, жалпы айтқанда, оқу-әдістемелік кешен жасау қазіргі кездегі білім бері стандартына талабына сай келіп тұр. Студенттерді қазіргі бәсекелестік қоғамға төтеп бере алатындай қабілеттілікпен қаруландыру үшін, студенттердіңөз бетінше терең ізденісі мен жүйелі білім алу үшін,дұрас та, нақты жасалған оқу-әдістемелік кешен қажет болып табылады. Химия ғылымы студенттердің тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін тез арада,әрі тиімді қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс жасау үшін жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
−ғылыми деректерден,терминдерден, ұғымдардан, заңдар мен теориядан тұратын химия ғылымының маңыздылығын меңгеру;
−химияның ғылыми маңыздылығын және ауқымдылығын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық,ғылыми көзқарас қалыптастыру;
−студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамытуға,жасампаздық іс-әрекет,экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу және де экологиялық химия курсын меңгерген студенттер қоршаған ортаның ластануының себептерін өздігінен,яғни өз бетінше анықтай алатындай дәрежеде білім ала алады және оны болдырмау жолдарын қарастыра алады.Экологиялық химия пәні мынандай пәндермен байланыстырыла оқытылады: органикалық химия, химиялық технология пәндері, физика, математика және география пәндерімен байланыстырыла оқытылады.Экологиялық химия пәнін оқып үйрену үшін,студенттердің химияның басқа да салаларын оқып үйренуден алған білімдерін,атап айтқанда, аналитикалық химия пәнінен алған білімдерін және де физикалық химия мен коллоидтық химияны, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерінен алған білімдерін пайдаланулары қажет етіледі.Пәнді оқу барысында зертханалық жұмыстарға, семинарларға аса көңіл бөлінеді Экологиялық химия экологиялық мәселелерді химия ғылымы тудырмайды,ол экологиялық білімсіз адамның химияның жетістіктері мен нәтижелерін пайдалануынан екендігін түсіне білуі бағытында оқытады.Жоғары білімді маман үшін қоршаған ортадағы химиялық қосылыстардың трансформациясын зерттеуде, мүмкін болатын өзгерістерді болжауда және экологиялық талаптарға сай шешім қабылдауда білімдерін қалыптастыру болып табылады.Өнеркәсіптерге экологиялық қауіпсіздік сипат беру, пайдаланғыш қоғам психологиясынан бас тартқызудың мән-мағанасын кеңінен түсіндіреді.Қоршаған ортаны қорғайтын халықаралық ынтымақтастық пен тиімді заңдар шеңберінде әрекеттер жасау қажеттігін түсіндіредіайын кезеңдік бақылау (тест, коллоквиум) өткізіледі.

1.4.2 Косметикалық бұйымдар және химия
2-сызбанұсқа. Косметикалық бұйымдар және химия

Косметика түрі
Химиялық құрамы
Әсері
1
далап
5% - бояғыш, 10%-TiO2
40% - май, 20% - воск,
25% - жұмсартқыш
Ланолин аллергия туғызады.
2
Құрғақ көз бояғыш
Хром гидроксиді
Цинк оксиді
Титан диоксиді
Магний мен мырыш стеараты, каолин

Аллергия туғызу, көз қызаруы.
3
Көз боятын сұйық крем тәрізділер
Спирт кейде, Е витамині
Көз қызаруы, кейде аллергия
4
Әтір су
Гүлдер мен өсімдіктер тамыры (амбра, цибетин, мускус), этил спирті.
Өкпе қышынуы, ысуы, тері үстінде түрлі қызарулар, аллергия.
[13,14].

1.4.3 Химияны биологиямен байланыстыра оқыту
Химия базалық пән ретінде қалыптасып келе жатыр.
Биология пәні географиялық профильде химия курсы биология және географияны оқыған кезде қосымша факт пен теориялық бөліміне бағытталған . 2 жылға 210 сағат бөлініп келеді және аптасына 3 сағат бөлінеді.
Биохимия биология ғылымдарымен, химия және медицина ғылымдарымен тығыз байланыста дамып,өз белеңін кеңінен жайып келеді. XIX ғасырдың соңында биология ғылымы жеке ғылым ретінде қалыптасты. Биохимия ғылымы адам биохимиясы, өсімдіктер биохимиясы, жануарлар биохимиясы және микроорганизмдер биохимиясы болып XX ғасырдың басында бөлінді. Биохимиялық зерттеулер Қазақстанда XX ғасырдың 30-жылдары жүргізіле бастады.Сол жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Аграрлық университет) және қазіргі Қазақ мемлекеттік медициналық университетінде биохимия кафедралары ашылғаннан кейін ғана басталды. Қазіргі уақытта биохимия саласындағы жүйелі зерттеулермен "Биоген" жабық акциондық қоғамы, Микробиология және вирусология институты, Онкология және радиология ғылыми-зерттеулер институты, Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеулер орталығы, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу орталығының институттары және медициналық, ауыл шаруашылығы оқу орындары айналысады және қазіргі уақытта да айналысып келеді. Өсімдіктің ақуызы мен оның биохимиялық қасиеттері ашылып, бидай және т.б. бағалы тағамдық дақылдардың құрамындағы ақуыз мөлшерлерін молайту жолдары зерттеліп,анықталған (Т. Дарқанбаев, т.б.), дәрілік-медициналық, өсімдіктердегі қосалқы заттар биохимиясы (Л.Қылышев,Р.Қонаева) зерттелді. Өсімдік химиясы қалыптасқандықтан, өсімдіктердің көмегімен әртүрлі дәрі-дәрмектер, тағамдық, хош иісті заттар, арнайы препараттар алынады (М.И. Горяев,Т.Шомбалов, т.б.). Витаминдер Биохимиясы, бұғақ ауруы мен қан ұю әсерінен туатын биохимиялық өзгерістер зерттелді (Б.И. Ильин-Какуев)
Химияны биологиямен байланыстыра отырып оқушыларға сұрақ қою.
Адам ағзасындағы микроэлементтердің орташа мөлшері мынандай: фтор - 2,6г; мырыш - 2,3г; мыс - 0,072г; йод - 0,013г; марганец - 0,012г; хром - 0,002г. 70 кг салмақтағы адам ағзасындағы элементтердің массалық үлестері қандай?

1.4.4 Химияны математикамен байланыстыра оқыту
Математика пәнінің химия ғылымымен байланыстылығы химиялық практика жүзінде кездесетін есептерінде пропорция құру,математикалық өрнектер арқылы есептер шығару және геометриялық графиктер қолдаылғанынан байқауға болады. Есептерді шешудің тәсілдерінің бірі,яғни прорпорция құру ғана жиі қолданылады, оқушылардың математика пәнінен алған дайындығы, көбінесе, ескерілмейді. Математиканың амалдары, өрнектері ,графиктік,алгоритмдік әдістер,физикалық шамалар және олардың белгілеулері тиімді пайдаланылмайды.Соған байлданысты химия пәнін оқытуда математикалық өрнектер көптеп қолданылады. Есептің химиялық жағын жан-жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды. Оқушылар есепті мұғалім көрсеткен бір тәсілмен ғана шығарып, өздерінің белсенділігін көрсете алмайды, жауабының дұрыстығын кері есеп құрастыру арқылы тексермейтіндігі себепті,қазіргі кезде химия пәнін математика пәнімен тығыз байланыстырып білім беру жіті қолға алынған. Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін сан есептерін химияны оқыту барысына енгізу, шешу тәсілдерін және әдісін меңгеру керек.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі -- оқушыларды логикалық тұрғыдан ойлауларын қалыптастыру, соған байланысты оқушылардың нақты шешім қабылдау қасиеті артады.
Химия курсының мазмұнына сан есептерін кіргізу реті бағдарламаның жеке тақырыптарында көрсетілеген. Белгілі бір тақырыпта енгізілген есеп типі одан кейінгі тақырыптарда жүйелі түрде дамытылуы қажет. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулерді мысалға алып, мұны бағдарламада жүзеге асыру ретін көрсетейік.
Химиялық теңдеулер бойынша есептеулердің жеті түрі үш сыныпқа бөлініп берілген. Қалған тақырыптарда өтілген типтерге есептер шығарылады [8,9,10].

1.4.5 Химиядан пәнаралық байланыста салауатты өмір салтын қалыптастыра білім беру
Химиядан пәнаралық байланыста салауатты өмір салтын қалыптастыра білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Үштілділік-заман талабы
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Химияны проблемалық тұрғыдан оқытуда пән аралық интеграцияны қолдану мүмкіндігі
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Оқытудың жалпы мақсатын қою
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі
Пәндер