Қаржы қызметтерін тұтынушылардың негізгі құқықтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
2
: 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым
2: 4
: 1. 1
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заңнамасы
2: 4
: 1. 2
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылған ұйымдардың мәртебесі
2: 12
: 2
Кіріспе: Қаржы қызметтерін тұтынушылардың негізгі құқықтары
2: 17
: 2. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банк қызметтерін тұтынушылардың негізгі құқықтары
2: 17
: 2. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қаржы қызметін тұтынушылардың қазіргі жағдайы
2: 26
: 3
Кіріспе: Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру
2: 45
:
Кіріспе: Қорытынды
2:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
2:

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы адамның құқығына және бостандығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14-бабы тегіне, әлеуметтік, лауазымды және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзғарасына, намысына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез- келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді де кемсітуге болмайды және заң мен сот алдында бәрі тең деп жариялайды.

Осыған сәйкес, құқықтық мемлекеттің және өркениетті қоғамның азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болады. Ал заңдылық азаматтардың заң алдындағы нақты теңдігін қамтамассыз етуге қабілетті қоғам жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Мұндай жағдай барлық азаматтарға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиімді жағдай жасау, нарықтық экономикалық қатынастардағы материялдық игіліктерді өндіру саласында теңдікті қамтамассыз ету арқылы қалыптасады. Әрі бұл құқықтық мемлекеттің басты міндеті.

Ал азаматтардың қажеттіліктерінің ауқымды бөлігі тауар алу арқылы, яғни сауда саласында қанағаттандырылады. Біз күнделікті өмірде азық-түлік, киім, тұрмыстық заттар және өзге де тауарлар сатып ала отырып, бұл қатынастардың құқықтық жағына көңіл аудармаймыз. Өкінішке орай, өз әрекетімізді "тұтынушың" әрекеті ретінде және сатушының әрекетін заң тұрғысынан бағалау қажеттігі, біздің қандай да бір құқығымыз бұзылған кезден бастап қана пайда болады. Бірақ өз құқығымызды біле тұрсақ та, оны осындай тұрақсыз экономикалық жағдайда қорғау қиынға соғады.

Ал жалпы алғанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты біздің елімізде әлі де болса толығымен зерттелмеген және осы мәселе бүгінгі күннің күрделі мәселерінің қатарына жатады.

Әлі еліміз құқықтық мемлекет құру жолына түскен және жеке тұлғаның құқығын қорғау мемлекет мүддесін қорғаудан жоғары бола бастаған қазіргі жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі өзекті де қызықты деп ойлаймын.

Сондықтан да мен осы тақырыпты таңдадым және бұл жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым: тұтынушылардың құқықтарын қорғау институтының мәнін ашып, оның қазіргі жағдайына талдау жасау. Сонымен қатар, осы жұмыс барысында бұл мәселеге қатысты нормативтік құқықтық актілермен, Қазақстан және шет ел ғалымдарының осы тақырыпқа арналған ғылыми жұмыстарымен танысуға, осы тақырыптағы нормативтік және тәжірибелік мәліметтерді жинауға және сол материалдар негізінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тәжірибелік маңызы бар қорытындылар мен ұсыныстар дайындауға тырысамын.

Мен дипломдық жұмысты үш тарауға бөлдім.

Бұл жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасы заңдары бойынша тұтынушыға кімдер жататындығына, осы заңдармен қандай қатынастар реттелетіндігіне және жалпы осы институттың даму тарихына тоқталып өтпекпін.

Ал екінші тарауда, Қазақстан Республикасы заңдары бойынша қаржы қызметін тұтынушыларға қандай құқықтар берілгендігін және осы құқықтар бұзылған жағдайда оларды қорғау ерекшелігіне тоқталамын.

Үшінші тарауда қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын Қазақстан Республикасы заңдары бойынша қорғаудың бүгінгі күнгі жағдайына тоқталып, оларды жетілдіру мәселелерін қарастырмақпын.

1. ҚР заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым

1. 1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заңнамасы

Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат. Тұтынушылардың негізгі құқықтары:

- негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлр мен қызметтерге; тамаққа, киімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы:

- қауіпсіздік құқығы;

- мәлімет алу құқығы;

- таңдау құқығы;

- тыңдау құқығы;

- өндіріп алу құқығы;

Тауарларды, қызмет көрсетулерді және жұмыстарды сатушы мен тұтынушының арасындағы кез келген қатынастар заңмен реттеледі және дау туған жағдайда заң негізінде қай тараптың дұрыс екендігін соттың тез анықтауы үшін дұрыс рәсімделуі тиіс.

Материалдық залал әр түрлі нысанда және әр түрлі тәсілдермен келтірілуі мүмкін: сапасыз тауар сатылды, уақытында төленсе де екі аптаға ыстық су өшірілуі, сізді жарнамамен алдауы, газ құбырын саламыз деп ақша жинағанымен, оны салмауы, тауар үшін жоғары баға алуы және т. б.

1960 жылы Тұтынушылар одағының халықаралық ұйымы (ТОХҰ) құрылған, оның құрамына әлемнің 64 елінің 181 тұтынушылар бірлестігі кіреді. Кез келген мемлекет тұтынушылар құқығын қорғау бойынша өз заңдарын жасаған кезде, әрине ТОХҰ талаптарын ескеруі тиісң өйткені 1985 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы тұтынушылар құқығын қорғайтын жетекші қағдаларды қабылдаған болатын. 15 наурыз Бүкіләлемдік тұтынушылар құқығын қорғау күні болып есептеледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әртүрлі салаларын қамтиды. Бұл нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Конститутциясынан бастау алады. Өйткені Конститутцияның өзінде біздің еліміздің ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары болып табылады деп көрсетілген.

Сонымен бірге Конститутцияда азаматтардың дем алуға, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қол сұғушылықтан қорғауға, білім алуға құқығы және өзге де құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамассыз ететін тауарларға, жұмыстар мен "мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау орнатылған. Ал тұтынушылардың құқықтарының елеулі түрде бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары қорғайды.

Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтсақ ҚР Азаматтық кодексі нормалары басты рөл атқарады. Азаматтық кодекстің бірінші бөлімінде азаматтардың және ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық-құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң шығармашылығының құрамына әртүрлі дәрежедегі нормативтік актілер енеді.

Оларға 1991-жылы 5-маусымда қабылданған "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚРЗаңы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі жатады. Бұл заң шығармашылығының құрамына өзге де актілер кіреді, оларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары жатады. Мұндай актілер барлық уақытта қажет, өйткені құқықтық қатынастар бір жерде тоқтап тұрмай, үнемі дамып және өзгеріп отырады, сондықтан оны үнемі жетілдіріп отыру керек.

Заң шығармашылығында тұтынушылық қатынастарды әртүрлі реттейтін нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады 1 сурет.

1 сурет. Тұтынушылық қатынастарды реттеу

Енді бұл жерде бір қатынасты бірнеше нормативтік акт бірдей реттесе және олардың арасында қайшылық болса қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды сұрақ туады. Бұған төмендегідей жауап қайтаруға болады. 1998-жылы 24-наурызда қабылданған "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 213-1 Заңының 6-бабында төмендегі норма көрсетілген:

1. Әртүрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылық туған жағдайда дәрежесі жоғары акт нормасы әрекет етеді.

2 Бір дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылық туған жағдайда соңғы қабылданған акт нормасы әрекет етеді.

Осы нормаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конститутциясының ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылуға жатады (Конституцияның 4-бабының 2-тармағы) .

Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп көрсетілген (ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабының 2-тармағы) .

Бұл нормаларды толықтыра кететін болсақ "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚРЗаңында тұтынушылардың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы заңмен және Қазақстан Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң актілерімен реттеледі деп көрсетілген (Заңның 3-бабының 1-тармағы) .

Енді осы төрт нормадан шығатын қорытынды: азаматтың негізгі құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы Азаматтық кодексте және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңында бекітілген құқықтарды пайдаланады.

Ал халықаралық шарттарға келетін болсақ, онда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының "Соттардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заң шығармашылығын қолдану тәжірибесі туралы" 1996-жылы 25-ші шілдеде қабылдаған N-7 Қаулысында бұл мәселеге қатысты былай делінген: "Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басым болатындығын соттар ескеруі тиіс. Тиісінше, егер республикамыз бекіткен халықаралық шартта тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы республикамыздың заңдарында көзделген құқықтардан өзге құқықтар көрсетілсе онда халықаралық шарт ережелері қолданылады".

Енді келесі маңызды мәселе, осы заң шығармашылығын дұрыс түсіну және қолдану үшін біз тұтынушы деген кім екенін және оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу шеңберін анықтап алуымыз керек. Заңға сәйкес тұтынушы - жеке өзі тұтыну немесе өзі жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат.

Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы азматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.

Тұтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады және олардың құқықтары ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес бірдей дәрежеде қорғалады. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы азаматтық заң шығармашылығы нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер және т. б. ) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.

Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Мысалы, адам сатушыдан тауарды көрсетуді және ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі.

Адам тұтынушы болып есептелуі үшін тауар (жұмыс, қызмет) оған міндетті түрде ақылы жолмен өтуі керек және бұл тұтынушыға қойылатын үшінші талап. Егер тауар басқа жолмен өтсе (мысалы, айырбастау, сыйға тарту) онда мұндай қатынастарға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы қолданылмайды.

Тұтынушылық құқықтық қатынастың келесі қатысушысы - дайындаушы. Ол тауарды өткізу үшін өндіретін кәсіпорын, ұйым, мекеме, не азамат. Бұл жерде тауарларды тұтынушыға өткізу тікелей емес, тек сауда саттық, көтерме сауда кәсіпорындары, делдал арқылы жүзеге асырылатындығын айта кету керек. Егер дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізсе, онда ол сатушы болып есептеледі. Дайындаушыға коммерциялық та, коммерциялық емес те ұйымдар немесе шетелдік заңды тұлғалар да жатады.

Коммерциялық ұйым - бұл негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйым.

Коммерциялық емес ұйым - пайда табу мақсатын көздемейді, бірақ оның құрылтай құжаттарында көзделсе ол мұндай қызметті жүзеге асыра алады. Коммерциялық емес ұйымның кәсіпкерлік қызметіне коммерциялық емес ұйымның құрылу мақсатына сай келетін және пайда түсетін қызмет көрсетулер мен тауар шығару, сонымен бірге бағалы қағаз алу және жүзеге асыру жатады.

Бірақ бұл ұйымдарға ортақ белгі, оларға қызметтің белгілі бір түрімен айналысу үшін лицензия қажет. Тұтынушының тағы бір контрагентіне заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер жатады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азамат жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерге коммерциялық ұйымның қызметін реттейтін ережелер қолданылады. Жалпы алғанда дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізуі тиіс, егер ол өнімді басқа тұлғаға өткізсе, мұндай қатынастар "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚРзаңымен реттелмейді.

Тұтынушымен қатынасқа түсетін келесі тұлғаға сатушы жатады. Бұл тауарды сатып алу-сату шарты бойынша өткізетін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.

Ал орындаушы - ақылы түрде жұмыс орындайтын немесе қызмет көрсететін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азмат. Оның негізгі белгісіне ақылы болуы жатады. Тұтынушы мен орындаушы арасындағы қатынастар, олар жасайтын шарт (мысалы, тасымалдау, мердігерлік шарты) негізінде туындайды.

Енді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдар, атап айтсақ "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚРЗаңы қандай құқықтық қатынастарды реттейтіндігіне тоқтала кетсем.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдарда, соның ішінде "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң шығармашылығын соттардың қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының N-7қаулысында, олардың нақты қандай қатынастарды реттейтіндігі айтылмаған. Бірақ осы нормативтік актілердің нормаларының мәнінен бұл заңмен негізінен келесі шарт түрлерінен туындайтын қатынастар реттелуі мүмкін деген тұжырымға келуге болады:

  • сатып алу-сату шарты;
  • мүлікті жалдау шарты;
  • тұрғын үйді жалдау шарты;
  • мердігерлік шарт, соның ішінде тұрмыстық мердігерлік шарт және абонементтік қызмет көрсету;
  • азаматтарды, жүктерді және қол жүктерін тасымалдау шарты;
  • комиссия шарты;
  • сақтау шарты;
  • қаржылық қызмет көрсету, сонымен қатар азаматтарға жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін несие беру, клиент азаматтарға есеп-шот ашу, азаматтардан бағалы қағаздар және өзге де құнды заттар алу және оны сақтау бойынша, консультациялық қызмет көрсету және т. б.

"Тұтынушылардың құқытарын қорғау туралы ҚР Заңымен басқа да қатынастар реттелуі мүмкін. Бұл заңмен нақты қандай қатынастар реттелетіндігі ресми түрде көрсетілмегендіктен, осы мәселе саласында көптеген даулар тууда.

Мысалы мұндай дау қаржылық қызмет көрсету саласында туындаған. Банк өкілдері: "Азаматтардың банкке салатын салымына сыйақы төленеді, соған сәйкес бұл қатынас пайда табуға бағытталған және бұл Заңда көрсетілген "тұтынушы" анықтамасына қайшы келеді, сондықтан банк салымына қатысты қатынастар "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚРЗаңымен реттелетін қатынастар аясына жатпайды" - дейді.

Бірақ бұл позиция келесі себептерге байланысты қате болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі қаражаттардың кездейсоқ жойылу қаупін көтереді, сондықтан ол олардың сақталуын қамтамассыз ету үшін белгілі бір шаралар қолдануға мәжбүр болады. Ал ақшаны сақтаудың келесі үш жолы белгілі:

  • ақша қаражатын ешкімге бермей өзі сақтау;
  • ақшаны мүлікке айналдыру;
  • ақша қаражаттарын банкке салым ретінде салу.

Ақшаны бірінші жолмен сақтау тиімсіз, бұл тәсіл ақшаның құнсыздануынан және ұрлануынан қорғауды толық қамтамасыз ете алмайды. Ақшаны мүлікке айналдыру да тиімсіз, өйткені мүлікті алу, оны сақтау үшін қосымша шығын шығады. Ал ақша қаражатын үшінші жолмен сақтау тиімді. Өйткені банкке салынған салымға сыйақы төленеді, бірақ оны қаржылық құрылымның кейбір өкілдері азаматтың табысы деп есептеп, осы негізде қаржылық қызметті тұтынушылық заңдармен реттелетін қатынастар құрамынан шығарып тастауға тырысады.

Бірақ 2002-жылы 1-қаңтарда күшіне енген ҚР Салық кодексінің 144-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың банктердегі салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларға салық салынуға жатпайды. Сонымен, заңның өзі банктегі салымға төленетін сыйақыны пайда табумен байланысты операция деп қарастырмайды.

Қаржылық құрылым өкілдерінің тағы бір келтіретін аргументі: азамат банкке ақша сала отырып банкке қызмет көрсетеді, ал банк ол қызметті сыйақы төлеу арқылы өтейді, сөйтіп тұтынушы кәсіпкерлік қызметке қатысады дейді. Азамат банкке ақша сала отырып, өзінің мүлкінен уақытша айырылады және ол біріншіден, оларды дер кезінде пайдалану мүмкіндігінен айырылады, ал екіншіден, бұл ақша қаражатының қайтпау тәуекелін . Ал банк болса, сол ақшаны айналымға салып, пайда табады. Банк бұл табыстың бір бөлігін меншіктің қайтпау тәуекеліне төлем ретінде салым салушыға сыйақы түрінде төлейді, ал қалған бөлігі банкке түскен пайда болып табылады. Бұл жерде банктің пайдасы мен азаматтың салымына төленетін сыйақының арасында ешқандай байланыс жоқ. Өйткені банк салымшының салымын кәсіпкерлік мақсатта пайдалансын-пайдаланбасын бәрібір оған сыйақы төлеуі тиіс. Бұл банктің жалпы табысында тұтынушының ешқандай үлесі болмайтындығын және ол кәсіпкерлік қызмет қатысушысы бола алмайтындығын көрсетеді.

Сонымен, қаржылық қызмет көрсетуге қатысты қатынастарды "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңымен реттелетін қатынастар қатарынан шығаруға ешқандай негіз жоқ.

Енді осы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың Қазақстанда қалай қалыптасқанына тоқтала кетсек.

Қазақстандағы тұтынушылар қозғалысының даму тарихын қарастырмас бұрын біз оның қалай туындағанын және оның даму тенденциясы қалай екенін білуіміз қажет. Алғаш рет тұтынушылар қозғалысы АҚШ-та туындаған, қазіргі кездегі консюмеризмнің түп-тамыры осы жерден шыққан. Америкалық зерттеушілер тұтынушылардың құқықтарын қорғау қозғалысының үш негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бірінші кезең ХІХ-ғасырдың соңынан басталады. Туындаған әлеуметтік мәселелерді шеше алатын ұйымдарды құру қажеттігі тап осы кезде пісіп жетілді және 1891-жылы Нью-Йоркте алғашқы Тұтынушылар Лигасы пайда болды, ал 1898-жылы жергілікті бастамашы топтар ұлттық федерация - Тұтынушылардың Ұлттық Лигасына бірікті. Екінші кезең ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. Бұл кезең бүкіл әлемдік экономикалық тоқыраумен байланысты және осы кезде тұтынушылық сұранымды реттеу арқылы экономиканы реттеу мүмкін болды. 60-жылдардан басталған үшінші кезең бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Оның басталуы АҚШ Президенті Джон Кеннедидің АҚШ азаматтарына жолдаған жолдауымен байланысты. Бұл жолдауда тұтынушылар мәселесін шешу міндетін мемлекет тікелей өз қолына алатындығы айтылған. Осы кезде тұтынушылардың арыздары бойынша көптеген аты шулы сот процестері болды және олар жария өтуі себепті қоғам жетістігіне айналды.

Сонымен қазіргі кездегі тұтынушылардың құқықтары қысқа уақыт аралығында емес, прогрессивтік қауымның өзінің тұтынушылық құқықтары үшін бір жарым ғасыр күресі нәтижесінде қоғамдық және құқықтық жүйедегі өзінің беделді орнын алды.

Қазіргі кезде тұтынушылар қозғалысын бүкіл әлемнен байқауға болады. Біздің елімізде бұл қозғалыс салыстырмалы түрде жас болып табылады, оның дамуы біздің еліміздің 1991-жылы тәуелсіздік алуымен, жоспарлық экономикадан нарықтық экономикаға көшумен байланысты. Бұрын тоталитарлық жүйеде өмір сүрген уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен бір орган ғана жанамалы түрде шұғылданды, ол - Сауда Министрлігі. Бұл стадия 70 жыл шамасына, яғни Кеңес үкіметінің бүкіл өміріне созылды және ол тұтынушылардың құқықтарын жаппай бұзумен сипатталады.

Жалпы Кеңес Одағындағы тұтынушылар қозғалысы тоталитарлық жүйенің күші әлсіреген 80-ші жылдардың аяғынан басталады. Өйткені 80-ші жылдардың ортасындағы бәрімізге мәлім экономикалық тоқырау "сатып алу" деген сөздің жоғалып оның орнына "қайдан табуға болады?" деген сөздің жиі қолданылуына әкеп соқты.

Содан кейін барып нарықтық реформалар жасалды, оның соңынан - тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдар қабылданды. Сол кездері алғашқы тұтынушылар ұйымдары екі жолмен қалыптасқан еді. Бір жағынан, белгілі бір себептер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүдделі, өзінше бір интелектуалдар (журналистер, экономистер, социологтар, заңгерлер және т. б. ) клубы құрылды. Көбінде олар газет-журналдар төңірегінде жиналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты маркетингтік зерттеулер
Монополия ұғымы және оның жетілмеген бәсекелі рыноктағы орны
Қ.Р реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі ( Қ.Қ.А )
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Тұтынушылардың құқықтары және медициналық көмек көрсету кезінде құқықтық міндеттемелерді қамтамасыз ету
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және экономикалық рөлі
Төлем жіберуші банк
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz