Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы қаңтардың 31-інде “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңға қол қойды. Бұған дейінгі “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” 1992 жылғы 4 шілдеде, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 19 маусымда, “Жеке кәсіпкерлік туралы” 1997 жылғы 19 маусымда қабылданған заңдардың күші жойылып, мүлдем жаңа тұрпатты заң өмірге келді.“Жеке кәсіпкерлік туралы” жаңа Заң не үшін қажет? Әуелі осы туралы ойлану керек. Осыған дейін қабылданған заңдар Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің қанат жаюына жағдай жасады: нарық экономикасына өтудің қиын да күрделі соқпағында тыңнан табылған жол секілді түпкі мақсатқа сүріндірмей алып жетті; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде, орта және шағын бизнесті өркен жайдыру тұсында бұл заңның қай-қайсысы да қолайлы қызмет етті, соның арқасында жеке меншік сектор серпінді дами түсті. Қазақ сауда-саттықты меңгере алмайды, оған оның табиғаты келмейді деген қасаң түсінік қанша жыл бойы біздің ұлтымыздың алдынан қабағын түкситіп тұрды. Егер 1992 жылы жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заң шықпағанда, біз “қой, бұл расында біздің қолымыздан келмейтін шаруа екен” деп әлдеқашан қолымызды бір-ақ сілтеп, бәрін де қоя салар ма едік? Нарық экономикасына бағдар ұсталған, одақтық экономиканың омыртқасы үзіліп, жұлыны зақымдалған кезеңде жеке меншік ұғымын кіргізу, жеке кәсіпкерліктің пайдалы екендігін азаматтарға ұғындыру жұмыстарының өзі қаншама қара шашқа ақ қырау түсірген еді. Өйткені, бұған дейін ортақ өгізді ғана жегіп, өгіз де өлмесін, арба да сынбасын деген түсінікте келе жатқан жалпақ жұртқа “ортақ өгізден оңаша бұзау артық” деген ұғым қанша сөз болса да, шақшадай басқа сыйдыру қиын нәрсе еді. Бай-бағландарының алды атылып, арты айдалып, кішкене дәулет біткен адам басына таудай пәле тілеп алып отырған кеңестік кезеңде артық тұяқ қимылдату ешқандай опа бермейтін. Нарық заманы соның бәрін өзгертті. Қимылдасаң, өзің үшін. Еңбек етсең, өзің үшін. Өзің жақсы болсаң, қоғам да жақсы болады. Кәсібің – нәсібің. Міне, осындай үгіт-насихатты өрістету арқылы ғана елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайды. Орта таптың ортасы тола бастады. Мемлекеттік

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы
қаңтардың 31-інде “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңға қол қойды. Бұған дейінгі
“Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” 1992 жылғы 4 шілдеде, “Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 19 маусымда, “Жеке
кәсіпкерлік туралы” 1997 жылғы 19 маусымда қабылданған заңдардың күші
жойылып, мүлдем жаңа тұрпатты заң өмірге келді.“Жеке кәсіпкерлік туралы”
жаңа Заң не үшін қажет? Әуелі осы туралы ойлану керек. Осыған дейін
қабылданған заңдар Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің қанат жаюына жағдай
жасады: нарық экономикасына өтудің қиын да күрделі соқпағында тыңнан
табылған жол секілді түпкі мақсатқа сүріндірмей алып жетті; мемлекеттік
мүлікті жекешелендіру кезінде, орта және шағын бизнесті өркен жайдыру
тұсында бұл заңның қай-қайсысы да қолайлы қызмет етті, соның арқасында жеке
меншік сектор серпінді дами түсті. Қазақ сауда-саттықты меңгере алмайды,
оған оның табиғаты келмейді деген қасаң түсінік қанша жыл бойы біздің
ұлтымыздың алдынан қабағын түкситіп тұрды. Егер 1992 жылы жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заң шықпағанда, біз “қой, бұл
расында біздің қолымыздан келмейтін шаруа екен” деп әлдеқашан қолымызды бір-
ақ сілтеп, бәрін де қоя салар ма едік? Нарық экономикасына бағдар ұсталған,
одақтық экономиканың омыртқасы үзіліп, жұлыны зақымдалған кезеңде жеке
меншік ұғымын кіргізу, жеке кәсіпкерліктің пайдалы екендігін азаматтарға
ұғындыру жұмыстарының өзі қаншама қара шашқа ақ қырау түсірген еді.
Өйткені, бұған дейін ортақ өгізді ғана жегіп, өгіз де өлмесін, арба да
сынбасын деген түсінікте келе жатқан жалпақ жұртқа “ортақ өгізден оңаша
бұзау артық” деген ұғым қанша сөз болса да, шақшадай басқа сыйдыру қиын
нәрсе еді. Бай-бағландарының алды атылып, арты айдалып, кішкене дәулет
біткен адам басына таудай пәле тілеп алып отырған кеңестік кезеңде артық
тұяқ қимылдату ешқандай опа бермейтін. Нарық заманы соның бәрін өзгертті.
Қимылдасаң, өзің үшін. Еңбек етсең, өзің үшін. Өзің жақсы болсаң, қоғам да
жақсы болады. Кәсібің – нәсібің. Міне, осындай үгіт-насихатты өрістету
арқылы ғана елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайды. Орта таптың ортасы тола
бастады. Мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өту, сол арқылы жеке
кәсіпкерлікті дөңгелетіп әкету азаматтарға басты құндылықты тарту етті. Ол
не? Кез келген кәсіпкердің белгісі неден көрінеді? Ең басты нәрсе –
еркіндік. Іс-қимыл, әрекет жасау, тірлік ету еркіндігі. Кәсіпкер өз жұмыс
кестесін өзі дербес белгілейді: қайда барады, не істейді, қандай шара
жасайды, мұның бәрі кәсіпкердің өз құзырындағы шаруа. Кәсіпкер – тірлік
иесі. Ол өз шаруасының тез жүруіне, ісінің жедел бітуіне, ойға алған
нәрселерін ойдағыдай орындауға тікелей мүдделі болғандықтан, өз тірлігін
өзі жасайды. Кәсіпкер мемлекетке телміріп, дәрменсіз қарап отырмауы керек.
Әрекет ету еркіндігі адамды көп мәселеге тәуелді болудан құтқарады. Қоғамда
еркін адамдар қатары көп болған сайын мемлекеттің ішкі қуаты арта түседі.
Мемлекеттің тұрақты дамуы, өмір сүрудің қолайлы сатыларға көтерілуі көбіне
соған байланысты. Жеке кәсіпкерлікті мемлекет қолдап, қорғап отырғанда,
оның өрістеуіне барынша жағдай жасағанда бай мен кедей ұғымдарының арасы
қысқа пішілген қамзолдай жақындай түседі. Орта және шағын бизнес кез келген
мемлекеттің тұрақты дамуының кілті десе де болады.
Кез келген кәсіпкер бірінші кезекте пайда табуға ұмтылады. Ол кіріс көзін
келтіре алмаса, істеген ісінен пайда таппаса, әрекет еркіндігі, өз бетінше
тірлік жасауы ешқандай нәтиже бермейді. Бір тиыннан екі тиын құрау арқылы,
кішігірім кәсіптен үлкен өндіріске дейінгі тіршілік тізбесінде жойдасыз
бәсекеге төтеп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан да
пайда табудың жолы оңайға соқпайды. Кәсіпкердің өмірі тәуекелден тұрады.
“Тәуекел – ердің жолдасы” деген қазақ. Тәуекелге бас тікпеген, оған ерік-
күші жетпеген адам кәсіпкер бола алмайды. Не бүк, не шік! Өмір заңы солай:
бәрі адамның дегенімен бола бермейді, бірде жолың болады, бірде жолың
болмайды; жолың болса – дандайсуға, жолың болмаса – салың суға кетіп,
өмірден түңілуге тағы болмайды. “Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де
кетесің, тәуекелсіз – сары уайым, батасың да кетесің” деп дана халқымыз
тегін айтпаған. Осы үш ұстын кәсіпкерліктің негізгі тірегі. “Жеке
кәсіпкерлік туралы” жаңа Заң не үшін, қандай мақсатпен қабылданып отыр?
Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылу ниетінде.
Жақсы бастама. Жақсы бастаманы баянды ету оңай тірлік емес. Бұл жолда не
бел кетеді, не белбеу кетеді. Ұлттың ұйыса тірлік етіп, жұмыла көтерісетін
жүгі жеңіл болмағалы тұр. Осындай жағдайда мемлекет өз азаматтарының ішкі
қуатына сүйенетіні айдай анық. “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заң осы мақсатта
өмірге келіп отыр деуге де болады. Адамға тыныс алу үшін таза ауа қандай
керек болса, өз тірлігін тез дөңгелентіп жүргізіп әкету үшін де сондай
жағдай, қолайлы орта қажет. Мемлекет соны жасауға міндетті. Тиісті заң
қабылдау арқылы іс-қимыл кеңістігі қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау және қорғау тетіктері іске қосылды. Аза­маттардың
шаруашылық жүргізу еркіндігі толық қамтамасыз етілген жағдайда, оған
салықтық жеңілдіктер беріліп, қолайлы ахуал орнағанда қанат жайған шаруаның
қайтарымы зор болады.
Біз ежелден бәсекеге бейім елміз. Біреудің бәйгеде аты озып келсе, күресте
балуаны жықса, біреудің өнерімен жақсы аты шықса, дереу соны үлгі етіп,
сондай болмаққа ұмтылып, барын салатын жұрттың ұрпағымыз. Ендігі бәсеке –
елдік бәсеке. Қазақ енді сыртқы жұртпен, озған, ілгері кеткен, мақсатқа
жеткен елдермен бәсекеге түспек. Бұл біле білгенге ақыл-ойдың жарысы. Алға
кеткен елдердің қай қайсысы болсын өздігінен ығысып орын бере қойсын ба?
Жұлқынып алға шығу үшін де бір күш ішімізден жұлқып тұруы керек. Ол күш –
таза бәсеке. Ендігі таңда қазақтың аты озсын, көш-керуені көлікті, жұмысы
мен тірлігі өнікті болсын десек, осы мақсатқа тастүйін болып жұмылуымыз
керек-ақ. Абай атамыз өсиет еткен “бірлік керек, онда да ақылға бірлік”
деген сөз әр қазақ азаматының көкірек көзінде тұрғаны жөн. Жарыссақ –
озғанға құмар, күрессек жеңгенге құмар елміз. Бәсекелестік біздің
бойымызда, қанымызда бар. Қазақтың аты бәйгеден келсе қуанбайтын қазақ жоқ.
Ендеше, белдессек – мықтылармен белдесейік. Көк өскін жеміс берсін.
Кәсіпкерлік өрістесін. Артта қалғандарға қарап жағдайымыз жақсы деп
салыстырмайық, алға кеткендермен жарысып, жағдайды солармен салыстыра
ілгері басайық. Үлкен-кішіміз қалмай ұлт жұмысына жегілгенде ғана бірдеңе
шығады. Көтере алатын болғасын ғана шоқпарды белге қыстырып отырмыз. Жиырма
бірінші ғасырда ұлттың бұрын кеткен есесін ел болып толтырып, етек-жеңді
жиып, есті тірлік қылудың тарихи мүмкіндігі туып тұр.Тақымдағы көкпарды
біреу тартып әкетпесін десеңіз, тізгін мен тақымға ие бол! Тәуелсіздіктің
басты мұраты да сол!

ҚОР ДАМУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Қордың құрылуына Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі Жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңы және:
1992 ж. 5 мамырдағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және
дамыту жөніндегі 1992-1994 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы;
1994 ж.10 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және
дамыту жөніндегі 1994-1996 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы ҚР
Президентінің бірқатар қаулылары себеп болды.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
1997-2001 жж.
Бірінші кезең 1997ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік
органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар
заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдаған.
1997 – Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы Шағын
кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту
шаралары туралы № 3398 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы № 665 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Шағын кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау туралы № 131-1 Заңы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Жеке кәсіпкерлік
туралы № 135-1 Заңы
1999 – Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы №4189
Жарлығы;
2001 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы №597
Жарлығы;
Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша шаралар
Бағдарламасы жөніндегі мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ
ЕБРР;
АБР-ң кредит желілерін пайдалануды есепке алу және оны бақылау агенттігінің
функциясын орындауымен суреттеледі.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі – Қазақстандағы шағын
бизнесті дамыту Бағдарламасы
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық және Шығыс Еуропа
елдерінде экономикалық өзгертулерге жәрдемдесу мақсатында, 1991 жылы
халықаралық шарт негізінде құрылған. ЕБРР бірден бір мейлінше табысты
жобаларының бірі 1998 жылдан бері Қормен бірлесе жүргізіліп отырған
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы болып табылады.
ЕБРР мен жобалар бастамашысы болып танылатын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ортақ мақсаттарына сәйкес, Қазақстанның шағын бизнес
Бағдарламасының басты міндеті елдегі барлық шағын бизнестің қаржы
ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажетті институционалдық
құрылымдар мен кредиттеу әдісін енгізуді дамыту арқылы болып отыр.
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕБРР-мен 10 жыл
мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына заем туралы келісім жасалды. Аталған
Бағдарлама бойынша кредиттеу заемшыларға кредит беру шарттарын өздігінше
анықтайтын және де экономика саласының барлық кәсіпорындары
қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге
асырылады. Бағдарламаның басты міндеті кезінде ресми қаржыландыру көздеріне
кол жеткізе алмаған кәсіпорындарды кредиттеу болып табылады. 1998 ж. мамыр
айынан 2007ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2
216,10 млн. АҚШ долл. барлығы 237 000 жобаны., оның 25,63% – микрокредиттер
(568,09 млн.АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1
648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба). Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы
шеңберінде серіктес банктерде IPC (Internationale Projekt Consult)
халықаралық фирма консультанттарының қатысуымен шағын кәсіпорындарға
берілетін қомақты кредит санын банктер жедел түрде қарастыруы үшін арнайы
әзірленген әдіс бойынша жұмыс жасайтын шағын бизнесті кредиттеу жөніндегі
секторлар құрылған.
Oтандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы Отандық
тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші
деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды.
Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс
майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі
жобаларға қолдау көрсетілді. Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық
тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құ-рылды. Атаған
Бағдарламаны Қор дайындады, ал заемшылар қайтарған қаражат келешекте Қор
ШКС тікелей кредиттеуге пайдаланатын қаражат Қордың жарғылық капиталын
ұлғайтуға бағытталған. Азия даму банкінің ауылшаруашылығы секторы үшін
бағдарламалық заемның екінші траншы Азия даму банкі (АДБ) бағдарламалық
заемдарының қаражаты ауылшаруашылық өнімдерін, машина-технологиялық
стансалар үшін ауылшаруашылық техникасын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі
жабдықтарды сатып алуды кредиттеу, ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін
көзделген азық-түлік көтерме базары мен базардың өзге инфрақұрылымдарын
құру үшін, сонымен қатар қажетті айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін
тағайындалған.
Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, кредит қаражаты екінші деңгейдегі
уәкілетті банктер арқылы соңғы заемшыға ұсынылды. АДБ заемының екінші
траншы қаражатын меңгеруге екінші деңгейдегі 12 банк және Астана-Финанс
АҚ қатысты.
2004 ж. желтоқсан айында ҚР Қаржы министрлігі мен Қор арасында кредит
келісіміне қол қойылған, осыған сәйкес Қор жобаларды Бағдарламалық
заемдардың екінші траншы қаражаты есебінен өз бетінше кредиттеуге құқығы
бар.
Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007ж. 1 қазанға шаққанда Қор
тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды.
Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
2002-2004 жж.
2001-2002 жж. ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ІЖӨ
ортажылдық өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі Қазақстан
Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді.
Осы жылдары бірқатар жарлықтар шықты:
2003 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы
Қазақстан Республика-сының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-
инновациялық даму стратегиясы туралы № 1096 Жарлығы.
2004 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы
Қазақстан Респуб-ликасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту және
қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы № 1268 Жарлығы.
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының
2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының 2003
ж. бекітілуіне байланысты жаңа шабытқа ие болды.
Стратегияның басты міндеттерінің бірі – жеке секторды қолдайтын және
бәсекелі артықшылық-ты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн
элементтерін меңгеретін, ғылыми және жоғар-ғы технологиялы экспортқа
бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін
тауар мен қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа
стандартын енгі-зетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және
инновациялық процестерге қосылу жолымен әлемдік экономика деңгейіне
ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын
құру болып табылады.
Осы мерзімде Қор барлық филиал желісін құрған еді. Енді кәсіпкерлерге
көрсетілетін қолдау тек облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, және де
ауылдық жерлерде де мүмкін болады.

2002 ж. бастап, Қор шағын бизнесті өз қаражаты есебінен жылдығы 12% -бен 5
жылға кредит-теуді, 2004 ж. маусым айынан бастап, проценттік ставка жылдығы
10% -ға дейін төмендеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері кредиттерін қаржыландыру сол кезде екінші
деңгейдегі банктер арқылы және тікелей өз меншігі есебінен жүзеге асырылды.

Жаңа бағдарламалар:
ШКС-ті республикалық бюджет есебінен кредиттеу Бағдарламасы; Шағын
қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін)
Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен кредиттеу Бағдарламасы Аталған
бағдарламаның мақсаты ШКС-тің қалыптасуы мен экономикалық өсуін
ынталандыру, оның ішінде Қазақстан экономикасын дамытудың приоритетті
бағыттарына сүйене отырып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, шағын кәсіпкерлік
және жеке жұмысбастылық саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу.
ШКС (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) республикалық бюджет қаражаты
есебінен кредиттеу Бағдарламасының басында табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау Агенттігі мен Қор кредит қаражаты лимиттерін
барлық облыстарға бөлуді әзірлеп, бекітті. Кредит берілетін жобалар үшін
приоритетті бағыттар тізбесі белгіленді..
Бағдарламаны жүзеге асыру 2002 ж. маусым айында басталған, ол 2008 жылы
аяқталуы тиіс. 2007 жылғы1 қазанға шаққанда Қор республикалық бюджеттен
жалпы сомасы 793,8 млн. теңгеге 301 жоба (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі
бойынша 250,2 млн. теңгеге 97 жоба) қаржыландыр-ды.Осы бағдарлама бойынша 2
000 жуық жұмыс орны құрылып, мақұлданды.
Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша қаржыландыру қайтарылатын қаражат
есебінен жүргізіледі. Шағын қалаларды 2004-2006 жж.дамыту Бағдарламасы
Қазақстанда халық саны 50 мың адамнан аспайтын 60 шағын қала бар. Оның
ішінде 41 шағын қала шағын қалалар санының 68% және ауылдық аудандар
санының 25% құрайтын тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары
болып табылады.
Шағын қалалардағы өнеркәсіпті өндіріс бір-екі саладағы көрсетілген
мамандандырумен сипатталады. Өзге салалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерлік
Кәсіпорынның нарықтық қатынас жағдайындағы жүйесі
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Шағын кәсіпорындарға қаржылай және қолдау көрсету
Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы
Шағын бизнестің негізін қалау жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру тәуекелін арттыру жолдары мен болашақтағы дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
Пәндер