Қазақтың көне эпосы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақтың архаикалық эпосы
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3-5 бет
1. Қазақтың көне эпосы.
1. 1. Қазақтың көне эпосының жиналу, жариялану, зерттелу тарихы . . .
1. 2. Қазақ көне эпосының жанрлық ерекшелігі . . .
2. Қазақ көне эпосының нұсқалары
2. 1. « Құламерген, Жоямерген » жырының нұсқалары . . .
2. 2. « Мұңлық - Зарлық » жырының нұсқалары . . .
2. 3. « Дотан батыр » жырының нұсқалары . . .
2. 4 . « Құбығұл » жырының нұсқалары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
РЕФЕРАТ
Жұмысының тақырыбы: Қазақтың архаикалық эпосы
Жұмысының көлемі: 62 бет
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, «Қазақтың көне эпосы»; «Қазақтың көне эпосының нұсқалары» деген екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Архаикалық эпостың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау - осы жазба жұмысымның көтерер жүгі. Қазақ эпостану ғылымында арнайы зерттеудің арқауына айналмай келе жатқан күрделі ғылыми мәселелердің бірі де осы. Осы кезге дейін назардан тыс қалып, арнайы зерттеле қоймаған, әдетте өзгеріске бейім, тұрақсыз, көбіне эпостың поэтикалық жүйесіне бағынышты саналып келген мұндай тақырыптың табиғатына тереңдеу бұл жұмыстың негізгі мақсаты мен міндетін айқындайды.
Жұмыстың өзектілігі. Менің тақырыбымның өзектілігі, ел естелігінің жарқын көрінісі, тарих жаңғырығы, алар бастау бұлағы саналатын қазақ халқының архаикалық эпостарының қанша қарастырылып зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, кейбір көне эпостардың түрлі нұсқаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына, атауларының өзгешелігіне, түпкілікті шешілмеген тың мәселелеріне тоқталу.
Жұмыстың жаңалығы: Бітіру жұмысында қазақтың архаикалық эпосы фольклортанудағы жаңа жетістіктер, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, аталған жанрдың барлық нұсқалары түгелдей қарастырылып, жүйелі түрде зерттелуі нәтижесінде тың тұжырымдар тұрғысынан талданып, оның жанрлық ерекшеліктерінің, соны қырлары ашып көрсетілген.
Жұмысының зерттеу әдісі . Қазақтың архаикалық эпосынегізінен тарихи-салыстырмалы талдау, салыстыру, жүйелеу, тұжырым жасау, жинақтау түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Тірек сөздер: эпос, нұсқа, типология, көне, көркемдік, тәсіл, т. б.
Кіріспе:
Жұмыстың өзектілігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің - фольклордың орны бір бөлек екенін аңғаруға болады. Фольклордың өзгешелігі- халықтың дағдылы тұрмыс-салтымен, ғұмыр - тіршілігімен астасып жатуында. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан-сала әдет-ғұрпынан, наным-сенімінен, салт-дәстүрінен, өлең-жырларынан көрініс беруінде. Фольклордың қоғамдағы ықпалы жоғары, атқарар қызметі қаншалықты тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол.
В. Я. Пропп: ''Фольклотанудың міндетінің бірі жанр категориясы және әрбір жанрды жеке - жеке зерттеу болып саналады'' [1, 20], - дейді. Мұндай талғам-талап қазақ фольклортануына да жат емес екені мәлім.
Халық мұраларының үлкен бір мәуелі бұтағы - қазақтың көне эпостары. Эпостар тілегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Халқымыздың ғасырлар бойғы тағдырын, ерлігі мен елдігін, ой-арманы мен мұң-мұқтажын бойына жинақтаған архаикалық эпостардың қыры мен сыры мол. Эпостық жырлардан біз қазақ халқының тағдыр-талайын, тарихи және көркем ойлау ерекшеліктерін, наным-сенімдерін, салт-дәстүрі сонымен қатар рухани-интелектуалдық деңгейін де байқаймыз.
Менің тақырыбымның өзектілігі, ел естелігінің жарқын көрінісі, тарих жаңғырығы, алар бастау бұлағы саналатын қазақ халқының архаикалық эпостарының қанша қарастырылып зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, кейбір көне эпостардың түрлі нұсқаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына, атауларының өзгешелігіне, түпкілікті шешілмеген тың мәселелеріне тоқталу.
Қазақтың эпикалық жырлары өзінің құрамы, көлемі жағынан аса бай, ұлттық мақтанышымыз екені баршамызға мәлім. Біздің ғажайып эпосымыз ғасырлар бойы дамыған жазба әдебиетіміздің көп жүгін арқалап келгенінің өзі де өзгеше құбылыс. Стадиялық, жанрлық жағынан алып қарағанда эпос көп дәуірлер шындығын көз алдымызға елестетеді. Бізде адамның өмір туралы түсінігін мифологиялық сипатта танытатын жырлар да ұшырасады. Мәселен, «Құламерген, Жоямерген», «Құбығұл», «Мұңлық - Зарлық», «Дотан батыр» секілді аңыздауларда ертегілік, сиқырлы ғажайып күштерге сенушілік іздері байқалады, түрлі архаикалық элементтер де кездеседі.
Сол себепті де, қазақ эпосында миф пен ертегінің ара жігін бөліп алып, енді ғана қалыптаса бастаған алғашқы архаикалық эпостар туралы кеңінен айтуымыз міндетті. Архаикалық эпостарға қандай шығармаларды жатқызамыз, олардың қандай өзіндік ерекшеліктері, қалыптасқан жанрлық үлгілері, көркемдік-бейнелеуіштік құралдары болады деген өзекті мәселелерге де тоқталуымыз шарт деп есептеймін.
Қазақ эпосын жанрлық түрлеріне қарап жіктеу мәселесіне баса назар аударылуы қажет. Архаикалық, қаһармандық, ғашықтық, тарихи эпостардың өздеріне тән сипаттары еліміздің фольклортану ғылымында сараланған нәрсе. Өкінішке қарай қазақ эпосын тегіне қарап жіктеу жұмысы бізде әлі күнге дейін жеткілікті жүргізілмеген. Жанрлық жіктеудің қандай күйде екені терминдердің ерекшелеп, анықталып болмауынан да көрінеді. Сондықтан да, эпос пен тарихи өлеңнің, аңыздың, ертегінің, мифологияның өзгешіліктерін нақтылы сұрыптап алмай, түйдегімен, аралас-құралас күйінде сөз ету жақсы нәтежие бере алмайды.
Архаикалық эпосты зерттеу жұмысының өте маңызды саласының бірі - оларды жанрлық түрлерге қарап жіктеу, стадиялық қатарын анықтау, жыр түрлерінің көп қабаттылығын көрсету, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын аңғарту, өзге елдер эпосымен типологиялық салыстырулар жасау болып табылады. Архаикалық, қаһармандық, ғашықтық эпостың өзге жанрлармен қарым- қатынасын, ұқсастығы мен айырмасын ашу да күрделі, іргелі мәселелер тобына жатады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Архаикалық эпостың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Қазақ эпостану ғылымында арнайы зерттеудің арқауына айналмай келе жатқан күрделі ғылыми мәселелердің бірі де осы. Осы кезге дейін назардан тыс қалып, арнайы зерттеле қоймаған, әдетте өзгеріске бейім, тұрақсыз, көбіне эпостың поэтикалық жүйесіне бағынышты саналып келген мұндай тақырыптың табиғатына тереңдеу бұл жұмыстың негізгі мақсаты мен міндетін айқындайды.
Жұмыстың жаңалығы. Бітіру жұмысында қазақтың архаикалық эпосы фольклортанудағы жаңа жетістіктерді, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, аталған жанрдың барлық нұсқаларын түгелдей қарастырып, жүйелі түрде зерттеу нәтижесінде тың тұжырымдар тұрғысынан талдап, оның жанрлық ерекшеліктерінің, соны қырларының ашылуына және көне эпостардың түрлі нұсқаларына тоқталып өзіндік пікір, ой қалыптастырдым.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Архаикалық эпос тек қана қазақта ғана емес, дүние жүзінің күллі халықтары фольклорында бар десек қателеспейміз. Әрбір халықтың өз тарихы, әдебиеті, қайнар көзі, бастау бұлағы бар. Ал біздің де бастау бұлағымыз сонау архаикалық эпостан екеніне ешкім де шек қоя алмайды. Демек қазақтың архаикалық эпостарының табиғатын терең танып, зерделеп шығу үшін оны бір халық мұрасы аясында тар ауқымда ғана талдау жеткіліксіз етеді.
Сондықтан да мен зерттеуімде басқа да ұлттардың сол кездегі тыныс-тіршілігі мен әдет-ғұрпына, наным-сеніміне, батырлық сипаттарына, сол кездегі қоғамның қаншалықты өзгешелігіне, мифологиялық танымдарына тіпті салыстырмалы типологиялық әдіске жүгіне отырып зерттедім десем де болады. Әсіресе, қазақтың архаикалық эпосын орыс халқының эпостарымен салғастыра қарап, ортақтастық, ұқсастықтарын анықтауға ден қойдым. Ал, архаикалық эпостың шығу тарихын айқындау үшін дүниежүзі халықтарының фольклорлық, этнографиялық айғақтарына жүгіну ғана дұрыс қорытындылар алып келді. Көне материалдарды бүгінгі жайымен салыстыру арқылы ғылыми пайымдаулар жасай алдым. Жұмыста жүйелі талдау әдістерін қолдану арқылы эпостың тұрақты және өзгермелі белгілерін поэтикалық-көркемдік қасиеттерін саралай алдым. Әрбір эпостың алғашқы даму тегі, бастау алатын көзі, оның поэтикалық өзгеше түр ретінде қалыптасу кезеңдері бар. Эпос бір күнде пайда бола салған құбылыс емес.
Ертеректе адамдар қоршаған ортаның, табиғат сырларының байыбын жете түсінбеген. Осындай дәуірлерден бастау алатын архаикалық эпос қилы сатылық дамуды бастан өткерген. Бұл жұмыста архаикалық эпостың қашан, қай дәуірлерде пайда болғанын шама шарқымша айқындап, жүріп өткен жолына шолу жасауды, қоғамдық өмірдің ерекшеліктеріне орай өзгеріске түсіп отыруын көрсетуге ұмтылдым. Қазақтың көне эпосының бағзы дәуірлерде пайда болуынан қазірге дейінгі аралықтағы дамуы тарихи тұтас құбылыс ретінде қарастырылады. Эпосты көптеген зерттеуші ғалымдардың жіктеуі бойынша қарастырдым. Архаикалық эпосқа жататын: «Құламерген, Жоямерген» жырының, «Мұңлық - Зарлық» жырының, «Дотан батыр» жырының, «Құбығұл» жырының нұсқаларын да салыстырып, жеке-жеке тоқталып талдағанды жөн көрдім. Қазіргі архаикалық эпос байырғы белгі таңбаларынан нені сақтап, нені жоғалтты деген сауалдарға жауап іздеп, дәстүрлік пен даралықтың ара қатынасын, өткен мен бүгінгі арасындағы жанды байланысты зерделеуге назар аудартты.
1. 1. Қазақтың көне эпосының жиналу, жариялану, зерттелу тарихы.
Сан ғасырлық тарихы бар эпостық жырлардың шығу тегіне, құрылымына, жанрлық жүйесіне, көркемдік ерекшеліктеріне байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп келді. Осы мол қазынаның көлемді де, көркем саласының бірі - көне эпос деп санады.
Қазақ халқы ауыз әдебиетінің мол саласы - эпосты жинау, жариялау, зерттеу жолында көп еңбек етті.
Фольклортану саласында көне эпос және оның жекелеген үлгілері туралы мұрамыз ауыздан-ауызға тарап, көптен жиналып, қағаз бетіне түсті. Оған В. Радлов, Г. Потанин, Н. Ильминский, А. Веселовский, Ш. Уалиханов, Ә. Диваевтардан бастап М. Әуезов, С. Сейфуллин, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Ы. Дүйсенбаевтардың қосқан үлесі зор.
Одан бергі жерде Р. Бердібаев, Н. Төреқұлов, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, О. Нұрмағамбетова, С. Садырбаев, Т. Сыдықов, Е. Тұрсынов, т. б. зерттеушілер қазақ фольклорының соның ішінде эпосына жаңа биігіне үңіліп, көптеген ізденістерге жол салған. Осы аталған ғалымдардың барлығы дерлік эпостың тарихы деген мәселені айналып өте алмаған. Сонымен қатар, ғалымдар құнды пікірлер айтып, бұл жанрдың табиғатын әр қырынан қарастырған.
Қазақ эпосындағы этникалық үрдіс бірде айқын, бірде бұлдыр болуы мүмкін. Бірақ эпостық жырлардың бұл белгісіне біржақты келіп, оны тарихи оқиға мен оның жырдағы көрінісін алшақтатып тұрған құбылыс ретінде түсінер болсақ, онда көп уақыт ғылым төрінен түспей келген ұғым-түсініктердің ықплынан ұзап кетпеген болар едік. Оның бірі таным жүйесімен байланысты болса, екіншісі тарихи үрдіспен тамырлас. Сол себепті эпостық жыр оқиғаларын ғылыми ізде бағалау талаптары да әркелкі. Эпоста типтік атаулар да, типтік көріністер де кездеседі. Олардың бәрін бірдей жырлардың көркемдік жүйесіне бағындырып қоюға да болмас еді. Мұны қазақ эпосындағы этнонимдік атаулар тұсында анық байқауға болады. Олар үнемі тұрақты келеді. Тіпті эпостың айтушылар қолынан өткен сан-алуан варианттарындағы болмысы да дәл осы тұрақтылығымен дараланады. Демек жырдағы көптеген көркемдік белгілер оның сюжеттік желісінен орын алса да, этнонимдік атаулар табиғатына терең енбеген. «Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ортадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтынын қайтерсіз»[2, 176], -деген Ш. Уәлиханов пікірі де осыны байқатады.
Эпос пен этникалық үрдістің арақатынасын зерттеудің қажеттілігін айқындайтын белгілердің бірі осы.
Ш. Уәлиханов ауыз әдебиетін талдауды шығыстанушы ғалым ретінде жүргізген. Оның еңбектерінде Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Жоңғария, Сібір, Еділ бойы елдерінің тарихына, этнографиясына, ауыз әдебиетіне, саяси - әлеуметтік халіне қатысты аса көп пайымдаулар кездесетіні осыған байланысты. Орта Азияның ежелгі мәдениетінің соңғы ғасырларда құлдырап, өте мүшкіл жағдайға түскенін Шоқан Уәлиханов сан рет тебіреніп жазған. Ол тарихы, тағдыры жақын халықтардың мәдениетін, әдебиетін бір-бірімен байлааныста тексеру қажеттігін терең түсініп, осы салада игі қадам жасаған [3, 13] . Халқымыздың данышпан перзентінің қазақ поэзиясы мен аңыздарын өзге елдерге, ең алдымен, орыс қауымына толық мәнінде түсіндіргісі, насихаттағысы келгені оның әрбір сөз саптауынан байқалып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің жай -күйі сырт жұрттарға мүлде дерлік мәлімсіз кездерде оыншама ыстық ықыласпен, сенімділікпен сөйлеу Шоқан Уәлихановтың отаншылдығын жарқырата ашқандай. Қазақ ауыз әдебиетін ол әлемге бұрыннан танылған елдердің әйгілі нұсқаларымен салыстыра отырып, үлкен, салдарлы қорытындыларға келеді. Оның тағы да бір тағылымды тұжырымын келтірсем: «Егер жұрттың айтуымен Герадот жинаған Гомердің көркем өлеңдері мен аңыздарының аз да болса тарихи мәні бар десек, егерде өзгеріліп, мысал тәрізді боп кеткен аңыздардың негізінде оқиға, шындық жататын болса, қазақтың ата бабаларының өмір-тұрмысын, әдет-ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез - құлқымен және олар жөніндегі тарихи нұсқалармен салыстырсақ, онда аңыздардың тарихи мәні болуының мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек» [4, 240] . Мұндай сөздер нағыз маманданған фольклоршы қаламынан ғана тууы мүмкін. Ауыз әдебиетінің пайда болуы, дамуы, сақталуы ерекшелігін ыждағатпен іздеген ғалым ғана осындай кемел, терең түйіндеулерге келмек . . .
Академик В. В. Радлов қазақ ауыз әдебиетін жинау, таныстыру зерттеу турасында өшпес еңбек еткен ғалымдардың бірі. Ол тұңғыш рет қазақ фольклорының үлгілерін кітап етіп жариялаған[5, 3] . Мұнда өзге жанр текстерімен қатар эпостар да орын алған. Ол қаһармандық жырлар мен аңыздауларды батыр ертегілер деп аталған. Қазақ фольклорын алғаш рет кең көлемде жүйелеп, сипаттамасын берген. Оның кітабы арқылы қазақ поэзиясы ана тілімізде айшықты көркімен әлем жұртшылығы назарына ұсынылуының өзі мәні кемімес құбылыс.
В. В. Радлов өзінің қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жайындағы ойларын өзге де түркі тілдес халықтар фольклорының тәжіриебесін ескере отырып айтқан . . .
Халқымыздың фольклорлық мұрасын үлкен сүйіспеншілікпен дәйекті түрде жинаған, бұл іске саналы өмірін арнаған Ә. А. Диваевтың еңбегі аса елеулі. Ол ауыз әдебиетінің түрлі жанрларына қосылатын баға жетпес халық қазынасын хатқа түсірді. Солардың қатарында эпосқа да ерекше көңіл бөлгенін атап айтсақ болады. Ә. А. Диваев эпикалық жырларды ұзақ жылдар бойында ыждағатпен жинап, бастырып шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетін, соның ішінде эпосты жинап, жариялау, зерттеу, насихаттау ісіне классик жазушымыз, көрнекті ғалым Мұхтар Әуезовтің сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Фольклорды халықтың сан ғасырлық өмір тәжірибесі мен арманының жемісі деп қараған ғалым оның әдеби -эстетикалық, танытқыштық және тәрбиелік мәнін ерекше бағалаған. Осы мақсатпен ол ауыз әдебиетінің өзге жанрларымен қатар эпосты зерттеу саласында жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ көп іс тындырған.
Эпостың тарихи мәнін түсіндіруде С. Сейфуллиннің атқарған қызметі күрделі. Ол өзінің « Қазақ әдебиеті » деген еңбегінде ауыз әдебиетінің түрлі жанрларына сипаттама жасап, олардың таңдаулы үлгілерінен мол мысал келтіріп өткен.
Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, аса көрнекті ақын, прозашы, драмашы, зерттеуші, академик Сәбит Мұқановтың жалпы ауыз әдебиеті, соның ішінде эпос турасындағы пайымдаулары кезінде жанр табиғатын түсіну мен насихаттауға қажет қызмет атқарды. Халықтың эпостық байлығы тұтас күйінде әлі де жұртшылыққа кеңінен мәлім бола қоймаған отызыншы жылдарда мұндай таныстыру, талдаудың өте пайдалы болғаны белгілі.
С. Мұқановтың бұл тараптағы еңбегін екі жүйеге бөліп қарауға болады. Бірі - оның эпосты жариялау жөніндегі, екіншісі батырлар жырларын зерттеудегі еңбегі. Ол өзінің «Халық мұрасы» деген зерттеуінде халқымыздың рухани және материалдық байлығын терең де кемел пайымдай келіп, эпостың жанрлық табиғатын кең түсінетіндігін көрсетіп, эпостың жанрлық табиғатын кең түсінетіндігін көрсетіп, орнықты ойлар қозғады [6, 21] .
Эпикалық жырлардың тіл кестесі, адам тұлғасын бейнелеу ерекшеліктері, оларды жазба әдебиет қажетіне ұтымды пайдалана білу мәселесі де Сәбит Мұқанов мақаласында қамтылған.
Кейбір эпосты түсіну мен бағалаудағы жаңсақтарға қарамастан көрнекті суреткердің батырлар жырына арналған зерттеуі халық қазынасын дұрыс бағалау жолындағы қажетті қадамдардың бірі болды.
Белгілі әдебиетші ғалымдардың эпос турасында азды-көпті пікір білдірмегені сирек . . . Олар қазақ эпостану ғылымының жастығына қарамастан эпикалық жырлардың негізгі мәні мен табиғаты жөнінде өзіндік пікір айтуға талаптанды. Солардың бірі - профессор Б. Кенжебаев отызыншы жылдарда бұл тақырыпта көлемді мақалалар жариялаған [7, 23] . Аталған еңбектерде эпостың халық тілегіне сәйкес, өмір шындығынан туатыны дұрыс ұғындырылады. Сонымен қатар Б. Кенжебаев, басқа да зерттеушілер секілді, эпос батырларының тарихта болған-болмағандығы жайында топшылаулар жасап көреді. Ғалымның соңғы тұжырымдары қазақ батырлар жырының шығыс дастандарымен, белгілі дәрежеде, тамырлас болып келгендігін айтуында.
Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны болып табылатын эпос байлығын жинау, жариялау, зерттеу саласында күн тәртібінде тұрған міндеттер жөнінде ғалымдар ой қозғап, көптеген пікірлер білдіреді. Соларды жинақтап айтқан төмендегі тұжырымдарды атап өтсем:
1. Батырлар хақында жырлардың «Он, жиырма, кем қойғанда бірнеше вариант» болып келетіндігі себепті сол варианттарды тұтастай алып, салыстыра зерттеу эпостың генезисін, даму сатыларын толығырақ түсінуге мүмкіндік бермек. «Әр заман, әр кездегі наным, сенім, дүние танушылық көзқарастар не кіргізді, жырлардың бұл жақтарын да кеңірек ашқан жөн».
2. Эпосты айтушылық мектептерін, олардың өзіндік дәстүрін, Қазақстанның әрбір өңіріне тән өзгешелігін, ірі жырау, жыршылардың репертуар құрамын тексеру жеке өз алдына бір сала іс болып табылады.
3. Эпикалық мұраны бір халықтың ғана шеңберінде қарастыру аздық етеді, сондықтан оны көрші, туыс елдердің тақырыптас нұсқаларымен, одан да әрі тереңдеп, орыс халқының батырлық дастандарымен салыстыру қажет.
4. Тарих пен эпостың арақатынасын, байланыс дәрежесін ашу ғылыми зерттеу істерін жаңа сатыға көтеретін шараның бірі болмақ.
5. Эпостың тілін, құрылысын, көркемдеу құралдарын, бір сөзбен айтқанда, поэтикасын зерттеу де фольклоршылар алдындағы ірі уәзипалардың бірі [8, 25-26] .
Эпосты тақырыптық және кезеңдік жағына қарап, жүйелеп жіктеу жөнінде қазақ фольклоршылары ізденістер жасап келген. Сондай жіктеудің бір алуаны профессор Е. Ысмайлов еңбегінде кездеседі. Эпосты тақырыптық және кезеңдік жағына қарап, жүйелеп жіктеу жөнінде қазақ фольклоршылары ізденістер жасап келген.
Эпосты тақырыптық және кезеңдік жағына қарап, жүйелеп жіктеу жөнінде қазақ фольклоршылары ізденістер жасап келген. Сондай жіктеудің бір алуаны профессор Е. Ысмайлов еңбегінде кездеседі.
1939 жылы жазылып, бірақ баспада жарияланбаған «Көне эпос», Батырлар жыры туралы» деген зерттеуінде ол эпосты төрт топқа бөліп қараған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz