Қазақтың зергерлік өнері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Факультет: Мәдениет және өнер
Кафедра:Бейнелеу өнері және дизайн

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ қыздарының ұлттық әшекей бұйымдарының ерекшеліктері.
Мамандығы: Сәндік өнер

Дайындаған:
Тексерген:

Орал, 2019

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Тарау. Ежелгі және орта ғасырларда Қазақстан аумағындағы зергерлік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Зергерлік өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Зергерлік қолөнердің ежелгі түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Қазақтың зергерлік өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
II Тарау. Ұлттық зергерлік бұйымдар мен әшекейлердің түрлері ... ... ... ... 14
2.1. Қазақ қызының әшекейлерінің дәстүрлі кешені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ
Қазақтың дәстүрлі зергерлік өнері халықтың тарихымен тығыз байланысты және тарихы мыңдаған жылдар қатпарларынан бастау алатын көшпенділік өмірдің айнасы іспетті. Қазақтардың өзге кәсіпшілігімен салыстырғанда, зергерлік өнер күні осыған дейін ежелгі Еуразия өнерінің ең озық үлгілері арнасында одан әрі дамып келе жатқан өміршең дәстүр болып табылады. Тап осы өнердің бойынан қазақ халқының мақсат-мұраттары, дәстүрлері, талғамы, көркемдік және техникалық деңгейі мейлінше толық та жарқын көрініс тапқан. Ежелгі және осы заманғы шеберлердің қолынан шыққан ең үздік бұйымдар уақыт арнасының әлі де үзілмей келе жатқанын көрсетеді. Халық шеберлерінің ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай қадірлеп жеткізген зергерлік өнер дәстүрлері осы заманғы кәсіби шеберлердің шығармаларынан анық байқалады. Олардың қолынан шыққан бұйымдар түрлі көрмелерде қойылуымен қатар, әлемнің белді мұражайларының сұранысына ие болуда. Дәстүрлі зергерлік өнер - қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын, осы уақытқа дейін құндылығын жоймаған этникалық, рухани көркемдік болмысының көрінісіне айналды.
Қазақтың зергерлік өнері өзінің дәстүрлік белгілерін сақтаумен қатар, бұл өнердің дамуын көрсететін ішкі күштермен бірге сыртқы ықпалдардың есебінен жаңа идеялармен жаңғыртылды. Көркемдік металл өңдеу тәсілдері, металл бұйымдарды жасау технологиясы өзінің этникалық ерекшелігімен әр кезеңде өзгеріске ұшырап отырған. Металл бұйымдардың кеңістіктік таралуы (олардың жасау ретінде енуі, сауда заттыры, сыйлықтар ретінде қолданылуы) қолөнерлік дәстүрлердің белсенді өзара алмасуына ықпал етті. Басқа да түркітілдес халықтарымен ұзақ жылдар бойы мәдени байланыс жасау, сол халықтардың мәдени жетістіктерін қабылдау қазақ халқы ұсталарының көркемдік ойларының кеңеюіне септігін тигізді. Осылай, ішкі және сыртқы шығармашылық күштердің ықпалымен дамыған қазақ металлопластикасы зергерлік өнердің көркемдік және ерекшелік деңгейін ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ ішкіэтникалық сияқты қазақтардың басқа халықтармен өзара қатынастарының тарихын дәлелдейтін этникааралық үрдістерді де көрсетеді. Қыз-келіншектерге әшекей жасау - зергерлердің негізгі жұмысы. Ұста зергерлік бұйымдарды асықпай, жетесіне жеткізіп, тапсырыс берушінің қалауын, өзінің жанын тебіренткен дүниелерді және сол тұста нақты адамдарға қажет ақпаратты едәуір мөлшерде сол бір алақандай бұйымдарға сыйғызуға жанын салған.
I Тарау. Ежелгі және орта ғасырларда Қазақстан аумағындағы зергерлік.
Ежелгі және орта ғасырларда Қазақстан аумағында зергерлік кәсіптің пайда болуы Қазақстан аумағында зергерлік істің пайда болғаннан бергі даму жолы өте ұзақ. Зергерлік өнер неолит, қола дәуірлерінің, орта ғасыр және Орталық Азия, Қытай, Таяу Шығыс мәдениеттерінің дәстүрлері мен жетістіктерінің сабақтастығы негізінде қалыптасты. Қазақстандағы зергерлік кәсіптің даму тарихын шартты түрде келесі тарихи кезеңдермен қарап шығуға болады: 1. Ежелгі Қазақстан (тас ғасыры); 2. Ертедегі дәуір (қола дәуіріндегі Қазақстан); 3. Сақ-сармат дәуірі (ертедегі темір дәуірі); 4. Ертедегі орта ғасырлар (VI - IX ғғ.1-ші жартысы); 5. Кейінгі орта ғасырлар (IX - XIII ғғ. 2-ші жартысы). Адамдар тас ғасырының бірінші кезеңінде тастан, ағаштан, жануарлардың сүйектерінен, ұлутастан және басқа материалдан қарапайым бұйымдарды жасаған болатын. Уақыт өте келе тас өңдеудің жаңа технологиялық әдістері пайда бола бастады. Сол кездерде тастан балта, кетпен, келі, үйкеуіш және тағы басқа бұйымдар жасаса, тастың нефрит, яшма, серпентин және басқа да түрлерінен білезік, салпыншақ сияқты әшекей бұйымдарын жасаған екен. Зергерлік кәсіптің дәстүрлері қазіргі Қазақстан аумағындағы Алтайдан Орал, Сырдариядан Оңтүстік Сібір аралығында қоныстанған мал шаруашылығымен айналысқан тайпалардың мәдениетінен бастау алған. Осынау байтақ кеңістік қойнауларынан қоладан, алтыннан, күмістен, темірден жасалған, қымбат және жартылай қымбат тастармен безендірілген бірегей де сирек кездесетін бұйымдар табылған. Қазақтардың археологиялық қазбалары мен зергерлік бұйымдарын салыстыра келе, зергерлік өнерде дәстүрлер мен сабақтастықтың сақталып келгенін айтуға әбден болады. Темір балқытуды меңгерген Қазақстанның тұрғындары дамудың келесі кезеңіне кіреді. Негізгі материалдар мыс пен қалайы қоспасынан жасалған қола болатын. Қоладан түрлі қару-жарақ, еңбек құралдары (кетпен, орақ), сондай-ақ, зергерлік әшекейлер жасалған. Осы дәуірде Қазақстанда қола орасан көп өндірілген. Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс, Орталық Қазақстанда 130 тонна өндірілген мыс, 15 мың тонна қола қоспасын өндіруге жеткілікті болған.
Сақ кезеңіндегі ескерткіштер аң стилі деген мәнерге жатады. Аң стилі - көркемсурет өнері мен сақ-сармат дәуіріндегі сәндік стиль. Аң стилінің тақырыбын аңдардың, жануарлардың бейнесі және мифологиялық құбыжықтар айқындайды. Осы кездегі қазбалық олжалар ежелгі зергерлердің керемет шеберлігіне дәлел бола алады.Көркемөнер шығармашылығы-халықтың мәдениеті мен материалдық дүниетанымының, этностың өзін танытуының маңызды бір саласы болып саналады.Онда ұлттың өзіндік ерекшелігінің мәні, мәдениеті мен өркениетінің тамаша үлгілері ықшам әрі терең бейнеленеді. Қазақ халқының көне заманнан сыр шертетін дәстүрлі қолөнерінде сәні мен мсалтанатына тәнті етерлік зергерлік өнер маңызды орын алады. Көркемөнер шығармашылығының осы бір түрі өнердің барлық буының бойына жинаған. Ерте темір дәуірінде металл өңдеудің техникалық әдістері жетіліп, шеберлердің, әсіресе, зергерлердің кәсіби деңгейі артты. Олар керту, ойып безендіру, аласа бедерлер салу, зерлер жүргізу, инкрустация, алтынмен қаптау әдістерімен алтыннан, күмістен, қоладан түрлі сәндік бұйымдар жасады. Ерте көшпенділердің зергерлік өнері жоғары деңгейге дейін жетті. Ерте көшпенділер дәуірінің зергерлері шеберліктерімен және терең қиял - түйсіктерімен таң қалдырды. Олар дайындаған сәндік бұйымдар ғажап болды. Сонымен қатар олар көшпенділердің дүниетанымдарының көрінісі де болып табылды.Ежелгі көшпенділер тек киімді ғана емес,өздерінің аттарын,қаруларын,тұрмыстық заттарын да сәндеген. Зергерлік бұйымдарға құшарлық барлық жерлерде де болды. Олардың ішіндегі ең сәнділері, әрине патша зираттарынан табылды.Оларда жерленгендер бағалы киімдер мен бас киімдер киіп жатты. Өз кезегінде бас киімдер сан алуан болып келеді. Әйелдердің бас киімдеріндегі нәзік жиектемелер, алтын,тәждеріндегі бағалы асыл тастардан, немесе теріден және қызыл киізден астары бар алтын бөріктен бастап, ағаштан қиылған тәж, немесе үшкірлеп жасалынған шошақ былғарыға, басқа киетін киіз қалпақтарға дейін бар.Одан жұпынырақ зираттарда көпшілік жағдайда осыған ұқсас заттардан,қола мен темірден, кейде алтыннан жасалған бұйымдар кездеседі. Осының өзінде әсем киімдерге сүйіспеншілік, одан да құндырақ материалдармен салыстырғанда, ешбір олқы соқпайтын өнермен және нәзіктікпен орындалғаны байқалады. Киімдер моншақтармен, жапсырмалармен, түймелермен, салпыншақтармен безендірілген. Тіпті қоғамдық мәртебесі жағынан маңызы төменірек жерленімдердің өзі зергерлік заттар мен құнды материалдарға толы болды. Қазақтың зергерлік бұйымдары пішіні жағынан алуан түрлі болып келеді. Бұйымдардың кейбірі әсем безендірілуісен әсер қалдырады. Сәндеу тәсілінің шексіз көпқырлылығы таңқалдырады. Құймалау және қалыптау тәсілімен орындалған бұйымдарда ғана қайталау байқалады.Жеке дара және құрамды әшекейлер алынып - салынады және киімге бекітіледі.

1.1. Зергерлік өнер
Ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатын қазақ қол өнерінің бір түрі - зергерлік өнер. Қолөнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады.Әсіресе,күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме ертеден-ақ кең тараған заттар.Қолөнершілер қазақ ауылдарында ата бабасынан зергерлік жасап, ағаштан түйін түйіп, металл бұйымдарынан алуан түрлі тұрмыстық заттар жасайтын шеберлер де болды, бірақ олар өте аз болған. Негізінен , қазақ қолөнершілерінің қатары 19 ғасырда көбейді. Бұл туралы революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбегінде де айтылған. Ол кезде қолөнер бұйымдарын алушылар өте аз болды. Сондықтанда қолөнершінің еңбегі құнсыз болып, кейде істелген еңбек, төгілген терді ақтамайтын да болды. Сол себепті қолөнершілер бір жағынан егін, мал шаруашылығынан қол үзбеді. М. А. Леванский: Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтардың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы деп жазды. Қазақ халқы күнделікті тіршілігіне керек заттарды өз қолдарымен жасаған. Жасаған заттарын әдемілеп, әшекейлеп отырған. Бұл өнер түрін қолөнер дейміз. Өнер көзі - халықта демекші, халық қолөнері жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға дамып, жетіліп отырған. Әрине, жоғарыда аталған қолөнерлердің бірқатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі үнемді, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны - ою өрнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді. Археология деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтап, өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді. Зергерлердің басты жұмысы қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған -әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Әшекей бұйымдар соғуға кәсіптенген шеберді зергер деп атаған. Қазақ халқының зергерлік өнері ғасырлар бойы дамып, жетіліп, халық тұрмысына сіңісудің нәтижесінде ұлттық мәдениеттің маңызды бір бөлігіне айналды. Қазақ халқының зергерлік туындыларына қарай отырып, оның эстетикалық талғамының өте жоғары деңгейде болғанын көре аламыз.Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейінің бірі - әйелдерге арналатын әр түрлі сақина мен жүзіктер. Қазақтың әшекей бұйымдары - бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Қолға салынатын зергерлік әшекейдің түрлері бір-біріне ұқсас болғанымен өзіндік айырмашылықтары бар: асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік деп, тасы жоқ тек алтын, күмістің өзінен ғана көз жасалғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды. Қазақ жеріне әр түрлі мақсатпен келген саяхатшылар қазақтарда зергерлік өнердің өте ертеден бәрын жазып кеткен. Бұған қоса археологиялық қазба дереккөздері де осының айғағы бола алады. Мәселен, қола ғасырында қоладан жасалған құрал-жабдықтар мен әшекей-бұйымдардың көптеп табылуына қарағанда, адамдар кен бар жерді тауып, металл өңдеуді игерген. Оған дәлел, қола дәуіріне жататын Бағаналы қорымынан алтын әшекей бұйымдардың табылуы. Қола дәуірінде әшекей бұйымдарын таққанын көрсетеді. Қола дәуірінен сақталып келе жатқан әсемдік-сәндік өнердің бастамасы болып келген үлгі - ою-өрнек халқымыздың ұлттық мәдениетінің көрсеткіші болып жалғасын тапты. Зергерлік өнерге байланысты атаулардың жасалуындағы лексика-грамматикалық үлгілері, уәж, уәжділік мәселелері, түркі тілдеріне тән ортақ атаулар мен кірме сөздер жан-жақты талдауға түседі .Ата-бабаларымыз зергерлік бұйымдарға ат қойып, айдар таққанда олардың негізгі мәнді белгілеріне баса назар аударса керек. Бұл тіл ғылымында номинация, уәждеме теорияларымен байланысты жүзеге асады. Номинация актісінде негізгі үш тірек ұғым жұмсалады: ат беруші, таңбаланушы, таңбалаушы. Осылардың нәтижесінде өзімізді қоршаған әлемдегі заттар мен нәрселерді, құбылыстарды білдіретін көптеген атаулар пайда болады. Яғни кез келген ат қою шығармашылығы номинацияның себебін, дәлелін, уәжін болжайды.Асыл тастар мен қымбат материалдардан жасалған атаулар. Қазақ халқында әртүрлі бұйымдарды көз салып әсемдеу үшін қолданылатын асыл тастардың түрі көп. Оның ішінде алтын, гауһар, лағыл, інжу, су тас сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішіне кең тараған ақық, маржан, меруерт және түрлі-түсті шыныларды атауға болады. Оларды шебер зергерлер жиі қолданған. Әсіресе қыз-келіншек, әйелдердің әсем безендірілген бұйымдары (сәукеле, тұмарша, шолпы т.б.) бір-біріне ұқсамайтын өзгешелігімен, қайталамайтын даралығымен ерекшеленеді. Алтын сөзі бірсыпыра түркі тілдерінде бір ғана металл мағынасында, кейбір тілдерде металл; ақша, пұл және оқа мағынасында қолданылған. Мысалы: қырғыз тілінде алтын - қызғыш сары түсті металл, өзбек тілінде олтин - сарғыш қызыл түсті қымбат бағалы металл; башқұрт тілінде алтын сөзі металл; бұйым; теңге; оқа (зер), якут тілінде алтын - мыс, мысты (медь, медный; Якутско-русский словарь) мағынасында қолданылады. Алтын сөзінің шығу төркініне байланысты кезінде Д.Н. Ушаков, В.А. Богородицкий, М. Фасмер, В.И. Цинциус пен Т.Г.Бугаева т.б. ғалымдар пікір айтқан. Бір топ ғалымдар сөз төркінін алты (сан есім) сөзімен, бір тобы алты тиін сөзімен, бір тобы татар тілінің теңге мағынасындағы алтун сөзімен байланыстырады. Жалпы алтын атауы сол металдың түсіне байланысты қалыптасқан болуы керек.Қазақ қолөнерінің зергерлік бұйымдарына; шолпы, шашбау, білезік, сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық. Бұл өнерді жасаумен бірге батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе ,айбалта мен шоқпар, сойыл мен бас мойыл , құстың тұғыры мен томағасын дайындап кәсіпшілікке айналдырған халық.Алтынмен қапталып ,күмістелеген сырға,жүзік,білезік, сияқты сан ғасырлар бойы әйел сәнін келтіріп жүрген осы қымбат та асыл тастарды бағалай білген әжелеріміз небір сәнді киімге үйлестіріп тағып жүруге әуес болған. Бұрынғы әжелерімізден қалған әшекейлердің сұлулығына , әшекейлігіне ескі көзбен қадірлеп кәзірге дейін қайтадан жаңғырту арқылы дайындауда, ондай бағалы заттарға алқа , сырғалардағы бағалы гауһар тастар алмаз, металл көк, жасыл түсті металдарды зергерлер қолдана білген. Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда - ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер - зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке - дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр - сырын ұрпақтан - ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы - қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай - ақ діни - идеологиялық, әдет - ғұрыптық, салт - дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты. Қазақ зергерлері, негізінен ,түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді. Соның ішінде ең кең жайылған тәсілдері: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу , тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу , сымкәптеу, сіркелеу, жұқа күміс әшекейлердің астына бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу , бізбен безеу , күмістеу, алтындау, дәнекерлеу оймалау, асыл тастардан көздер орнату және тағы басқалары. Зергер теңгелер мен жамбыларды балқытып құю арқылы өзіне қажетті мөлшерде күміс кесектерін дайындап алатын.оны отқа қыздырып, төс үстінде балғамен жайлап соғу арқылы әр түрлі зергерлік бұйымдар жасауға немесе күміс кесегін әбден қақтап, жұқартақан соң қиып,темір әшекейлер бетіне күмістеуге болады.
1.2.Зергерлік қолөнердің ежелгі түрі
Зергерлік өнер - сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Оларға: шолпы, шашбау, білезік, сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Тарихи этнографиялық музейлердегі, археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар, ыдыс-аяқ, теңге - моншақтар алтын мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.Бұл өнерді жасаумен бірге батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен бас мойыл, құстың тоғыры мен томағасын дайындап кәсіпшілікке айналдырған. Мал шаруашылығына қажетті ноқта, шылбыр жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, шідер, кісен, қада, ертұрманды да дана халық ойлап тауып халық қажетіне айналдырған.Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, білектеу, көркем шекіме, канфаренье, бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн, сынкәптәу, жылтырату және т.б тәсілдер қолданылады. Зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар - таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт саймандары, әйелдердің алтын бас киімі, жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Сол кездегі зергерлер әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі Алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген. Сақ. Ғұн, ұйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құйю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан мүсін жасаумен бірге оның бетіне асыл тас орнату әдісінде меңгерген. Орта ғасырда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезде ат әдзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, беделдеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары жасалған. ХҮІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында, яғни металды әшекейлеу өз алдына қолөнерлік өндіріске айналған кезде Қазақстанда зергерлік өнердің дамуы жоғарғы деңгейге жетті. Зергерлік шеберлік әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған. Бұйымдар жасауға күміс, ақық, бирюза, маржан, лағыл, меруерт сондай-ақ түрлі-түсті шыны, смальтада пайдаланылды. Қазақстанның әрбіраймақтарында зергерлік өнердің жергілікті мектептері қалыптасқан. Қазіргі заманғы зергерлік өнерде жұмыстарының көпшілігі әр түрлі техникалар көмегімен жүзеге асырылады. Сығындау, өрнектеу қалыптары, әралан жонғыш, сызғыш, оймыштағыш құрал-саймандар, электрмен жұмыс істейтін машиналар көбейді. Зергер - сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік - әшекейлі бұйым жасау өнері. Зәр сөзі парсы тілінде алтын деген мағынаны береді. Зәргәр, зәркеш жіңішке алтын жіп жасайтын зергер. Зәргун - алтын, алтынданған, алтын сияқты; зәрнешан - алтынмен әшекейленген деген мағынаны береді. С. Қасиманов зергер сөзін Қазақ халқының қолөнері кітабында қош етер, қош етуші (жұрттың бәрін қуантатын шебер) деп де атап өткен. Қазақ елінің ұсталық және зергерлік қолөнері ертеден келе жатқан көркемдік өнердің саласы болып табылады. Олар әртүрлі металдардан сан алуан үй бұйымдарын, сәндік әшекейлер жасау мен ерекшеленеді. Халқымыздың ұсталық және зергерлік өнері егіз.жалпы қазақ арасында темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де" ұста" деп атаған.Ұста сөзі шебер,өнегелі ,ісмер деген ұғымда ағаш ұстасы, темір ұстасы, күміс ұстасы сөз ұстасы, ақыл айтуға ұста деген сияқты тізбектерде айтыла береді. Бірақ, алтын, күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Осыған қарай оларды зергер деп атау Орта Азия халықтарында ерте кезден -ақ қалыптасқан. Қазақ зергерлері көбінесе жеке-дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын ала арнайы дайындықтан өтетін, белгілі бір құрал-саймандарды ғана қолданатын. Қазақ ұсталары мен зергерлері құрал -саймандардың көпшілігін өздері жасап алушы еді. Әсіресе, темір ұсталарының саймандары зергер саймандарына қарағанда шағын және қарапайым келеді.Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп болған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдары, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқтар, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат-тұрман әбзелдері және тағы басқалары жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе, күмісті молырақ қолданған. Зергерлер металдың өңін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта түсірілген күмістің өңі күңгірттеніп кететіндіктен, оның үстіңгі бетін қайтадан бипазбен типылдау арқылы жылтыратып, майда нақыштармен шекімелеу тәсілімен өрнектеп барып тартымды құлпырмалы түске келтіретін болған. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастарда және агат, хризопраз, інжу, маржан, жақұттан көз қондыру арқылы да әсемдей түскен. Түрлі түсті шыныларды және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған.Қазақтардың сәндік-қолданбалы өнеріне секілді, зергерлік өнерге де дүниені қабылдаудың тұтастығы тән.
Әшекей заттар қоғамның барлық әлеуметтік топтары арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл талғамдық тұрғыдан ғана емес, салт-дәстүрге байланысты бірқатар қызметтік мазмұны, бүкіл идеялық-діни кешенге байланысты айқындалады. Зергерлік бұйымның пішіні, бүтін немесе бөлшектегі, материалы, ою-өрнегі секілді бүкіл құрылымының өз мәні болады. Әшекейге орнатылған тастардың белгілі мағыналары бар. Мәселен, ақық тасты жын-шайтаннан келетін аурудан қорғау үшін жүзік, білезіктерге орнатқан. Аңызға сүйенсек, Мұхаммед пайғамбардың "Ақық жүзік таққандар жайсаң өмір кешеді", "Ақық жүзік тақсандар, кедейліктен арыласындар" деген сөздері адамдардың бұл тасты қалай ардақтағанын көрсетеді.Қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша, қыздар мен әйелдердің әшекейсіз жүруі әдепсіздік болып саналған, өйткені әшекейді тек қаралы күндері тақпайды. Сондықтанда қазақ қыздары туғаннан бастап өмірінің соңына дейін өзінің жасына және әлеуметтік деңгейіне сай әшекейлер тағып жүретін болған.

1.3. Қазақтың зергерлік өнері
Қазақтың зергерлік өнері өзінің дәстүрлік белгілерін сақтаумен қатар, бұл өнердің дамуын көрсететін ішкі күштермен бірге сыртқы ықпалдардың есебінен жаңа идеялармен жаңғыртылды. Көркемдік металл өңдеу тәсілдері, металл бұйымдарды жасау технологиясы өзінің этникалық ерекшелігімен әр кезеңде өзгеріске ұшырап отырған. Металл бұйымдардың кеңістіктік таралуы (олардың жасау ретінде енуі, сауда заттыры, сыйлықтар ретінде қолданылуы) қолөнерлік дәстүрлердің белсенді өзара алмасуына ықпал етті. Басқа да түркітілдес халықтарымен ұзақ жылдар бойы мәдени байланыс жасау, сол халықтардың мәдени жетістіктерін қабылдау қазақ халқы ұсталарының көркемдік ойларының кеңеюіне септігін тигізді. Осылай, ішкі және сыртқы шығармашылық күштердің ықпалымен дамыған қазақ металлопластикасы зергерлік өнердің көркемдік және ерекшелік деңгейін ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ ішкіэтникалық сияқты қазақтардың басқа халықтармен өзара қатынастарының тарихын дәлелдейтін этникааралық үрдістерді де көрсетеді. Қыз-келіншектерге әшекей жасау - зергерлердің негізгі жұмысы. Ұста зергерлік бұйымдарды асықпай, жетесіне жеткізіп, тапсырыс берушінің қалауын, өзінің жанын тебіренткен дүниелерді және сол тұста нақты адамдарға қажет ақпаратты едәуір мөлшерде сол бір алақандай бұйымдарға сыйғызуға жанын салған. Дәстүрлі зергерлік бұйымдардың таңдаулы нұсқаларының ерекше тартымдылығының сыры осында жатыр. Негізінен, қазақ зергерлерінің ісі әйел әшекейлерін жасауға байланысты болса, сол әшекейлердің ең бастыларына жеке-жеке тоқталып өтейік. Әйел әшекейінің ең қымбаты ұзатылатын қыздың үйінен киіп шығатын бас киімі- сәукеле. Оның негізін ақ киізден биік конус тәріздендіріп жасайды. Сыртын қызыл шұға немесе қамқамен тыстап, алтыннан, күмістен, әр түрлі асыл тастардан, түсті шынылардан әшекейлер тағып, құндызбен жиектеледі. Сәукеленің жалпы кескінінің, жасалу принциптерінің біркелкілігін қолда бар деректер дәлелдейді. Негізгі айырмашылығы-олардың әшекейленуінде. Мойынға және көкірекке тағатын әшекейлер тобы екі топшаға бөлінеді: мойынға арналған және көкірекше бұйымдар. Әшекейлердің ішіндегі көлемділігімен де, бедер байлығымен де ерекше көзге түсетіні - мойынға тағатын әшекейлік бұйымдар. Мойынға арналған әшекейлердің өзі екі топқа бөлінеді: металл бұйымдар және маталық негіздегі заттар. Металл бұйымдарға тамақалқа және тамақша жатқызылады. Тамақалқа - мойынды жауып тұратын, артқы жағы тесьмамен байланатын, тастардан құралған әшекей. Тамақша-аты айтып тұрғандай, қыздардың мойын әшекейлерінің бірі, бұйымның артқы жағы тесьмамен байланатын, тікбұрышты түрдегі топсалы ілгектен құралды. Әшекейдің шеттеріне әр түрлі салпыншақтар тағылды. Бұйым нақыштау техникасының кең таралуымен Батыс, Солтүстік Қазақстанда қолданыста болды. Кейде шынжырлы салпыншағы бар біртұтас құйма күмістен де жасалуы мүмкін. Бұл көбіне жағасыз не алды ашық киім кигенде тағылады, ол мойынға әрі сән беріп, әрі сыртқы әсерлерден (желден, шаңнан) қорғайды. Мойынға арналған маталық негізден жасалған әшекейлер тікжаға және тамақша деп бөлінеді. Тікжаға - күміс әшекейлермен, тиындармен нақышталған кесте тігетін жіппен тігілген, ұзын бархат жаға, Батыс Қазақстанда қолданылды. Тамақша - күміс торы бар және шетіне маржан тастар тағылған, моншақтармен, тиындармен қапталған матадан жасалған әшекей. Көкірекке тағылатын әшекейлер екі топқа бөлінеді: мойын арқылы тағылатын және киімнің кеуде жағына тағылатын шағын бұйымдар. Мойын арқылы тағылатын көкірекше әшекейлерінің өзі үш категорияға бөлінеді: маталық негіздегі көкірекшелер, алқалар, тұмарлар. Маталық негіздеге көкірекшелерге өңірше мен тамақтыалқа жатқызылады. Өңірше (алқа) - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Зергерлік бұйымдар сыры
Тұмар
Зергерлік өнер - кәсіптік өнер
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Пәндер