Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Рудный қаласы әкімдігінің № 13 орта мектебі КММ

Ғылыми жобаның тақырыбы:
Қазіргі жасөспірімдер-олар қандай?
Секциясы: этномәдениет

Орындаған: 6- сынып оқушысы
Кулмуратова Айкен

Ғылыми жоба жетекшісі:
Айдарова Дариха Лепесбаевна
тарих пәнінің мұғалімі

Рудный қаласы
2018
АННОТАЦИЯ
Болашақ -жастардан басталады дейді. Сондақтан да қазіргі өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдер тәрбиесі болып саналады. Осы тақырыптың аясында сөз қозғауға бел будым. Таңдап алынған тақырып бойынша көптеген практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушы тақырыпты жан-жақты ашып,
ХХ ғасырдағы басынан жасөспірімдің жақты өткізген мұғалімдердің пікірімен қазіргі жастарды ашуға тырыстым. Олардың бойында жетіспей жатқан кемшіліктерді, нәтижесі ретінде шығардым. Сонымен қатар мен оқушылармен жақынырақ тану мақсатында, әңгіме мен тренинг өткізіп, оларға жақындауға тырыстым. Олардың шығармашылық жағынан анықтау үшін, Достық, өмірдің мәні тақырыптарында эссе жазғызып, оның қорытындысын жантанушымен қорыттық.
Қазіргі жасөспірімдердің дамуы мен қалыптасуына қандай факторладың әсер ететінін анықтадым. Оқушылардың бойынан адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында шағын кітапша шығарып, олардың дамуына аз да болса өз үлесімді қостым.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Жасөспірімдерге мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. ХХ ғасырдағы жасөспірімдер және олардың қызығушылықтар ... ... ... ... 7
ІІ.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Қазіргі жасөспірімдер - олар қандай? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2.Екі дәуірдің қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің өзгеруі немен байланысты? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3.Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің қалыптасуында рухани құндылықтарын қалай сақтап қаламыз? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .20

КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты: аға буын мен қазіргі жасөспірімдердің ішкі жан дүниесінің ерекшеліктер мен өзгерістердің мәнін анықтау.
өзектілігі: Қазіргі ХХІ ғасырда жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен заң бұзушылық, есірткіқұмарлық көбеюде. Қоршаған ортасы дұрыс болмаған жағдайда, ең тәрбиелі жасөспірімдерде түзу жолдан таю ғажап емес. Олар өздерін есейген санағандықтан оларға ештеңенің қажеті жоқ деп ойлайды. Дені сау ұрпақты қалыптастыру үшін, біз жасөспірімдер мен жастар тиімді шаралар мен іс-әрекеттерді жүргізуіміз қажет. Қазіргі қоғамға дені сау азаматтармен қоса, көзі ашық, көкірегі ояу жастарда қажет.
Зерттеу міндеті:
+ Екі дәуір жасөспірімдердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін салыстыру;
+ Қазіргі жасөспірімдердің ең маңызды құндылықтарды анықтау;
+ Қазіргі жастардың қызығушылықтардың өзгеруіне не себеп болғанын анықтау;
+ жасөспірімдердің ішкі жан дүниесіне ненің әсері етіп жатқанын және оның мәнін түсіну;
зерттеу орны: № 13 орта мектебі
Зерттеу жұмысының әдістемесі: Тиімді мәліметтерді анықтау үшін, жасөспірімдермен әңгіме, ХХ ғасырда жасөспірім болған ұстаздартар сұқбат, сауалнама жүргізу, мектеп жантанушымен кеңесі, тренингтер мен шығармашылық тапсырмалар.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы:
oo мамандық туралы көп білдім-ол менің болашағыма көмегін тигізеді;
oo Аға буын кезіндегі жасөспірімдердің мінез құлқы мен қазіргі жасөспірімдердің дамуы мен қалыптасыуына не әсер еткенін түсіндім;
oo зерттеу барысында мен көптеген әдебиеттер мен мақалалармен танысып,
oo дүниетанымымды кеңейттім;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Жасөспірімдерге мінездеме
Жасөспірімдік жас -адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жастың биохимиялық,физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 15-20 жас, қыз балалар үшін 12-18 жас аралығы белгіленді.
Жасөспірімдік жастың шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас периодына қосу тән, ол батыста ересектену
( adolescence) периоды деп аталады. Оның мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп, жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін. Отандық психологияда жасөспірімдік кезеңді адамның, тұлғаның және индивидуалдылықтың дамуындағы дербес период ретінде қарастыру қабылданған. И.С.Конның анықтауы бойынша жасөспірімдік жастың шекаралары 14-18 жас аралығында орналасады. Дегенмен бұл кезеңді көбінесе 15-17 аралығымен шектеу кейде кездесіп жатады, сонда жасөспірімдік факт түрінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының жас периодымен сәйкес келеді. Жасөспірімдер - 12-18 жас аралығындағы балалар. Бұлар ересек жасқа әлі жетпегендігімен, жеткіншек жастағы қылықтарын қойып, өзгелерге дұрыс қатынаса бастайды. Сырттай қарағанда мәдениетті, көмектесуге даяр тұрады. осы уақытқа дейін ойнап, тапсырмаларды дұрыс орындамай жүрсе, осы жаста келешегін ойлап, мамандық таңдауға кіріседі, оқуға салмақты қарайды. Жақсы оқуға тырысады. Ақыл-ойы едәуір дамып, өз ісіне, ойына дәлелді талдау жасап, рефлексиясы дамиды. Негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Кейбіреулері мектепте қалса, енді біреулері мамандық таңдап, қалаған оқу орындарына барып оқиды. Жауапершілігі ұлғаяды, өздері, туғандары және өззгелер жайлы ойлап, қамқоршы болады.
Денелерінің дамуына келсек, жеткіншек жастағы бойының дамуы тоқтайды, әсіресе бойы. Бірақ, кеудесі, қол-аяғының бұлшүық еттері әлі өсетін болады. Қыздардың бойы 17 жасқа, ұлдардың бойы 18 жасқа дейін өседі. Егер жеткіншек кезде қыздардың салмағы мен бойы ұлдардан басым келетін болса, жоғары кластарда ұлдар қыздардың бойын қуып жетеді. Қыздар мен ұлдар бұл кезде күшті келеді. Физиологиялық жетілу жағын алсақ, органдарда әртүрлі. Жасына орай психикасының дамуында кездесетін ерекшеліктер жыныс процесінің дамуына байланысты. Бұлшық еттерінің, сүйектері мен шемішектерінің өзгеруі де осы өзгеруі де осыған байланысты. Сонымен қатар теампераменттеріне де байланысты.
Ешкімге құпия емес, қазіргі жастар - бұл біздің мемлекетіміздің болашағы.Қоғамымыздың дұрыс құрылуы мен кенелген мәселелерді дұрыс анықтап, шешуі де жастарға берілетіні мақсат. Олар қандай дамитын болса, болашақ жарқын мемлекетімізде солай дамымақ.
Жастар қазіргі қоғамдағы өзгерістерді оң көзқарастармен қабылдауда. Яғни жастар дұрыс дамуы үшін, олардың өмірге көзқарасы мен дамуы дұрыс жүруі тиіс.
Кеше ғана сыпайы жүрген жасөспірім мінезінде аяқ астынан дөрекілік, әдепсіздік, қиқарлық, тәртіпсіздік байқалады, ересек адамдардың айтқанын талғампаздықпен, сын тұрғысында қабылдайды, олардан дәлелді, қисынды пікірді талап етеді. Осының бәрі тәжірибесіз мұғалімнің, тәрбиешінің жасөспірім оқушылармен ортақ тіл таба алмауына соқтыруы мүмкін. Жасөспірімдер Баланың психикалық, анатомо-биологиялық дамуына оның әлеуметтік орны да көп әсерін тигізеді. Cонымен қатар, оның айналысатын жұмысы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Мысал үшін, 50 жыл бұрын өмір сүрген бала мен қазіргі бала арасында көп айырмашылық табуға болады.
Жасөспірімдік жаста негізінен ағзаның физикалық дамуы, жыныстық толысуы аяқталады, дененің өсу темпі баяулайды, жұмысқа қабілеттілік және бұлшықет күштері айтарлықтай өсе түседі, тканьдардың және мүшелердің функционалды дамуы және қалыптасуы аяқтала бастайды. Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период; оның қажет екендігі күрделенумен айтылып отырады, жекелеп айтқанда технологиялық, әлеуметтік өмірдің және қазіргі заманғы қоғамның жасөспірімдерге қоятын талаптарымен байланысты күрделенулер. Осының салдарынан жасөспірімдік жас толығымен тұрақтанған болып табылмайды, 15-17 жастағы адамдар бір елдің тұрғындары болса да, әрқайсысында дамудың әлеуметтік жағдайы әр түрліше өтуі мүмкін. Сонымен қатар физикалық, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік толысулардың барлық адамда бір ағынмен жүрмейтінін ескерсек, адамдардың дамуындағы бұл маңызды этапты сипаттау және зерттеу қиынға түседі.
Жасөспірімдік жасты зерттеу XIX-ғасырдың аяғынан басталған, ол кезде алғашында қоғамның жоғарғы қабатындағы жасөспірімдер өкілдері зерттелген. Нәтижесінде XIX-ғасырдың аяғы мен XX-ғасырдың басында ішкі кризистің периоды болып табылатын жасөспірімділіктің романтикалық моделі алға шықты, оған сезімдердің оянуын да жатқызуымызға болады. XX-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді: Э. Шпрангердің, М.М.Рубинштейннің, М. Мидтің, Л.С. Выготскийдің еңбектерінен кейін, ал кейіннен Б. Заззо мен басқаларынан кейін этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды тіркемей, жасөспірімдік жасты талдау мүмкін болмай кетті.
Жасөспірімдік жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы туралы атап айтатын мәселе: осы кезеңдегі жасөспірімдер дербес өмірге кірудің алғашқы кезеңдерін басынан өткізе бастайды. Жеткіншектік жастан жасөспірімдік жасқа өту ішкі позициялардың бірден өзгеруімен байланысты, болашаққа деген ұмтылыс тұлғаның басты бағыты болғанда, мамандық, өмірлік жол таңдау мәселелері аффективті орталыққа айналады (Л.И. Божович) (Э.Эриксон), содан кейін жеткіншектің барлық іс-әрекеті мен қызығушылықтары осының айналасында болмақ.
Жасөспірімдік жаста психиканың дамуы дегеніміздің өзі индивидуалды психиканың ұлттық форманың осы дәуірдегі обьективті және нормативті рухқа дейін көтерілуі (Э.Шпрангер), осының арқасында индивид тарихи күнге бұрынға қарағанда жақындай түседі (Э.Эриксон) және өзін белгілі бір кезеңнің өкілі ретінде таныстыруға мүмкіндік алады (А.В. Толстых).
1.2. ХХ ғасырдағы жасөспірімдер және олардың қызығушылықтары.
ХХ ғасырда өмір сүрген жасөспірімдерге шолу жасап кетейік. Біз көптеген ақпараттарды іздей отырып мынадай қорытындыға келдік. ХХ ғасырда өмір сүрген жасөспірімдер:
Үлкенге құрметті
Кішіге ізетті
Ата-ананы сыйлап, айтқанын екі етпеді.
Білімге құштар, әдеби кітаптарды қөп оқыды;
Қолда бардың қадірін білді;
Сөзіміздің дәлелі ретінде біздің заманнан 40-50 жыл бұрын жасөспірім болған азаматтардан сұрап көрген болатынбыз. Олар мектебімізде ұзақ жылдар бойы балалармен, жасөспірімдермен тығыз қарым қатынаста жүр. Клара Шнасбекқызы, Базаргүл Тилеуқызы қазақ тілінің мұғалімдері. Айған Оспанқызы математика пәнінің мұғалімі.
Олар өздерінің жасөспірім кезіндегі мінездерін сипаттап берді. Олардың айтуы бойынша, олар кезінде жауапкешілікті, үлкендерді сыйлап, кеңес алып жүретінбіз, кітап оқып, теледидар дегенді қарамайтынбыз. Өте көп оқитын, Комсомол құрамына кіру үшін еңбектенетін едік деп жүздеріне күлкі үйірілді. Ата-анамызды құрметтеп, айтқанын екі етпедік. Жалпы: Адам болуға көптен қалмауға тырыстық-деп айта кетті.
Қазіргі жасөспірімдер туралы пікірін сұрағанда, олар нағыз қазіргі жастар, олармен мақтанамыз. Ақпараттық технологияны бізден артық меңгерген. Тек тәрбиеге назар аудару керек. Олардың бізге қарағанда адамгершілік қасиеттері өзгерген сияқты. Әрине ол- олардың күнәсінен емес. Оларға әсер етіп жатқан, кинолар, мағынасы жоқ әндер, компьютерде ойнайтын ойындар, әлеуметтік желілер, кейде жолдан тайып қателесіп, беймәлім секталарға кіріп кетіп жатады. Тек қана оларға тәрбиені күшетіп, аса назар аудару керек. Жасөспірім кезінде дұрыс бағыт-бағдар берсе, оң- солды танығанда, өз жолдарын түзу тауып кетеді деп жауап берді.
Сонымен қатар, жастардың интернетті көп қолданып, керекті, керек емес мәліметтерді алып жатады. Батысқа еліктейді, елден ерек болғысы келеді. Сондықтан жұрттың көзіне оғаш көрінетін қылықарды да жасап жатады.
Әрине бәріне қара күйе жаға беруге болмайды. Отбасыда толыққанды тәрбие алып, мектепте, қоғамда өз тәрбиесімен, мәдениетімен таң қалдырып жатқандар да аз емес. Олардың дұрыс бағдар беретін тұлғалары заман талабы мен адамгершілік қадір-қасиеттерді жақсы анықтап алған.
Сөзімді қорыта келгенде: ХХ ғасырдың жасөспірімдері қазіргі жастарға өте жақсы үлгі бола алады. Ол үшін өз мақстаттырын анық айқындап алғандары жөн.

ІІ.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Қазіргі жасөспірімдер-олар қандай?
Common Sense Media ұйымының мамандары 2658 жеткіншектер арасында сауалнама жүргізді.
Анықталғаны, жасөспірімдердің үштен екі бөлігі күн сайын музыка тыңдайды, 58% теледидар қарайды. Ал 45% күнде әлеуметтік желілерде отырады. Олардың небәрі 36 пайызына бұл іс өте ұнайды. Жеткіншектердің екі еседен артығы музыка тыңдаудан ләззат алады, -- деп жазады The Daily Mail.
8-12 жас аралығындағы жасөспірімдердің сүйікті ісі - теледидар қарау. 62 пайызы теледидарды күн сайын тамашалайды. Аталмыш жастағы балалар БАҚ-на күніне 6 сағатын арнайды. 50% жасөспірім бағдарламаны көрсетілген уақытында қараса, қалғаны DVD, онлайн-видеоны ұнатады.
Ер балалар қыздарға қарағанда видеойындарды көбірек ойнайды. Ер жеткіншектер аталмыш ойындарға күніне 56 минутын арнаса, қыздар небәрі 7 минут қана. Қыз балалар көбінесе кітап оқып, әлеуметтік желіде отырғанды ұнатады. Орта есеппен алғанда жасөспірімдер БАҚ-на күніне 9 сағатын арнайды.
50% жеткіншек теледидар мен әлеуметтік желіні жиі несесе анда-санда қараса, ал 76% сабақ қарап отырғанда музыка тыңдайды екен. Жасөспірімдердің жартысынан астамы бұл сүйікті ісі екенін және оның көмегі бар екенін айтады. Небәрі 60 пайызы ғана бұл іс сабақ қарауға, болмаса, нақты іспен шұғылданғанда зейін қоюға кедергі болатынын мойындады.
Ал ата-аналары балаларының не тыңдап, нені қарағанын, яғни мазмұнын ғана сұрайтыны белгілі болды. Яғни, ешбір ата-ана баласының сүйікті ісіне қанша уақыт жұмсағанын сұрамайды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасындағы балалардың планшет, компьютері және смартфоны жоқ. Алайда электрондық құралы бар балалар бар уақытын соған арнайтыны белгілі болды.
Қисық қойылған кекіл, кең шалбар, ырғақты әуендер... Бұл бұдан 20-30 жыл бұрынғы жастардың таңдауы еді. Әр заманның өзіне тән стилі болады. Уақыт талабына сай жастардың көзқарасы болатыны да белгілі. Бір қызығы, әр кезеңнің адамдары жастар туралы өз пікірлерін білдіріп жатады. Біз бұрын былай істеуші едік! деген тәрізді сөздерді күнделікті өмірде жиі естіп жатамыз. Бір білеріміз, бүгінде ата-ана болып отырған сол кездегі жастардың көзқарасы қазіргі күннің жасөспірімдерінің пікірімен бірдей болуы мүмкін емес. Өркениет, уақыт еншісі көзқарастың қатып қалуына жол бермейді. Ендеше, қазіргі жасөспірімдердің өзіндік ойлары туралы сіз не білесіз? Заманауи жеткіншектердің көзқарасына қаншалықты қосыласыз?
Осындай зерттеу мақсатымен мектебіміздің 7-8 сыныптар арасынан сауалнамалар жүргіздік. Нәтижесінде, жасөспірімдердің досқа, отбасыға, сабаққа, бос уақыттары туралы сауалнама алдық:

2.2.Екі дәуірдің қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің өзгеріуі немен байланысты?
"ХХ ғасырдың құрдастарымен салыстырғанда оларда қазіргі заманғы балаларда не өзгерді?" Екі ғасырдың өзіне тән айырмашылығы - кеше және бүгін. Өмір өз талабын қояды: оның ырғағы жылдамдайды, ақпараттар өзгереді. Бірақ, өзгермейтіні: балаларға деген мейірімді қатынас; кіші ұл шаңырақ пен ата-анаға қамқор болатыны; балалар - болашағымыз, бұл бәріне белгілі. Сонымен қатар, бұл балалар тәрбиеленді және қанша күш жұмасалады, дегенмен де олардың нәтижесін біргеше жылдан соң ғана көре аласың. Өзінің болашағына, қаласына, меклекетіне, ғаламшарына немқұрайлы қарайтын адамдар жоқ шығар? Әр адамның көкейінде азаматтардан лайықты деңгейге жеткізу өзінің мүддесі деп санайды. Біздің ата-бабаларымыз осылай ойлады, енді бізде осылай ойлаймыз.
Қазіргі заман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардын, жат қылықтарының профилактикасымен күресу жолдары
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекет
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар
Балаң жастық
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Жас отбасылардың мәселелері
Жоғарғы сынып оқушылары
Пәндер