Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ғ. ДӘУКЕЕВ ат. АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

№ 1 семестрлік жұмыс

Пәні: Философия
Тақырыбы: Дүниетанымның мәні мен құрылымы
Мамандық: Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Агайданов Темирлан
Тобы:Бждк 18-1
Тексерген: ст.преп. Джаркинбаев .Е.Е.

______________ _______________ ___ ______________ 2020 ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi ... ... ... ... .4-6
2.Философияның түрлi бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..6-12
3.Дүниетанымның психологиялық негiздерiн қалыптастыру ... ... ... 12-14
4.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйтқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік пен жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
Л.И.Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы - біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады. Оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Б.Г.Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда жеке тұлғаның құндылық бағыттары ең соңғысы болып келеді.
Психологтар "құндылық" ұғыммен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнін сипаттайды. Олар құндылық деп жеке тұлғаның, топтың, ұжымның өнегелі іс-әрекетінің нәтижесін, сонымен бірге құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi.Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс, сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.
Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.
Әлеуметтік топ пен жеке тұлға - дүниетанымның субьектісі болып саналады.
Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік принциптері.
Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, акисома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізіне дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.
Құндылық бағыттар адам мінез-құлқының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттігін қанағаттандыруға, яғни қажетті обьектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А.Н.Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің обьектісін танымайды, ал ол обьектіні табуы тиіс.
Құндылық бағыттары субьектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адамның қажеттіліктері мен қоршаған ортаны байланыстырушы буын болып табылады.
Құндылық - теориялық таным ретінде субьектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат- мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Сананың құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық өлшемдері негізіндегі көзқарас, дәлелді білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалынып алынады. Санадағы құндылық - обьективті шынайы заттық білім, шынайы, дұрыс ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады (А.А.Микешина).
Бiлiм беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесi - ғылыми көзқарас, сенiм және мұраттарды қалыптастырушы ретiнде
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық қызмет нәтижесінде қалыптасады. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұят, намысын анықтайды. Сенім - көзқарастың ең жоғары күйі. Сенім білім сияқты обьективті шындықтың субьективті көрінісі, адамдардың ұжымдық тәжірибесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік мұрат (идея) дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналдырады.
Сенім жеке тұлғаның рухани құндылықтары пен бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілектері мен қажеттілігін, сезімі мен қылықтарын анықтап, біртұтастықты реттейді, яғни жүйелеушілік қызмет атқарады.
Сенім жеке тұлғаның іс-әрекетін, болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім - жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет - әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі. Сезім - сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу - таным қуанышы мен ақиқат шындығы, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты зияттық сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды құрамы. Сенім адамды әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді.
Дүниетанымның құрамды бөлігі ретінде теориялық ойлау - адамның білімді, болмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейілінше жетілдіріп, ерік-жігерді, сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
Биік мұрат (идея) өмірлік мақсат рөлінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі саналады. Биік мұрат сананың құрамында сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Дүниетанымның тағы бір құрамдас бөлшегі - дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұратқа сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
Философияның түрлi бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы.
Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының бірыңғай жүйесі. Философия - дүниетаным формасы.
Әлеуметтік орта - қоғамдық-экономикалық формация түріне, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі топтың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмысы мен кәсібіне тәуелді. Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық қалпында өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтік орта - өмір салты - жеке тұлға - дүниетаным ұйтқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.
Қазақстан Республикасының осы заманғы қоғамдық-экономикалық формациясын түсіну, қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыра бастады. Қоғамның мәдени деңгейі неғұрлым жоғары болса, тарихқа деген сұраныс та соғұрлым жоғары болады. Адам тарихты білу арқылы зияттық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады. Тарихи тәжірибені қортындылау арқылы келешекке дұрыс бағдар жасалады. Қазіргі қазақ қоғамы ұлттық мемлекеттің қажеттігін тарихи тұрғыдан негіздеп түсіндіре алады. Тарих арқылы ұлттың мемлекеттік идеологиясының негізі жасалады. Сондықтан да, тарих ғылымының жаңа тұжырымдамасы негізіндегі қазақ халқының тарихы қалыптасады. Осыған орай, тарихи сананы ояту арқылы әр қазақ баласының бойында ұлттық рухты жандандырып, "Мен қазақпын" деген мақтаныш сезімін ұялату әр азаматтың борышы.
Ұлттық көзқарасты қалыптастыратын тарихтан басқа, рухани көркем туындылар ұлттық мүддені алдыңғы қатарға шығарып, ұлттық танымға қызмет етуі тиіс.
Қазіргі қазақ қоғамының отбасындағы өмір салты бұрынғы дәстүрлі отбасындағы өмір салтынан өзгеше қалыптаса бастады. Әсіресе индустриалы қоғамға еніп, технологиялық дәуірге ауысқаннан кейін, отбасының құрылымына, отбасылық құндылықтарға деген көзқарас та өзгеріп бара жатыр. Қазақ отбасының әлсіреуі, халық саны аз мемлекет үшін, мемлекеттің әлсіреуіне әсер етеді. Қазақтың дәстүрлі ұғымында Отбасы - бүкіл берекенің бесігі деп есептелсе, заманның, қоғамдық өмір тәсілінің өзгеруіне байланысты қазақтың отбасына деген дәстүрлі көзқарастары өзгеру үстінде.
Отбасына деген құндылық көзқарас, яғни отбасы - бақыт бесігі, ұрпақтарының өсіп-өнуін, болашақтағы ұрпақтарының жалғастығын ойлау орын алса, қазір бұл құндылықтар да әлсіреуде. Демек отбасы институты өзгеріс үстінде. Қазақстанда қазақ ұлтын көбейту мәселесі бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат болып тұр. Отбасында тәрбиеленіп келе жатқан ұрпақты ұлттық мұрат негізінде тәрбиелеу керектігі, бүгінгі маңызды мәселелердің бірі.
Сондықтан да, отбасындағы ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін арттыру, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау мәселелері де өте маңызды.
Демографиялық, яғни халықтың өсіп-өну мәселесі отбасы институтымен тығыз байланыста дамиды. Мемлекет тарапынан жас отбасыларына әлеуметтік жеңілдіктер жасай отырып, жастардың санасында отбасылық құндылықтарды орнықтыру, отбасын құруға жауапкершілік қатынас қалыптастыру, отбасынан қолға алынуы қажет. Отбасында қалыптасатын іргелі құндылықтар мейілінше жас ұрпақ санасына сіңірілуі тиіс. Адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі - отбасы бақыты екені жас ұрпақ санасынан орын алуы тиіс. Қазақ қоғамы, ұлт болашағы - мықты отбасынан бастау алады.
Нарықтық қатынастардың қарқынды дамып жетілуі үшін қоғам азаматтары еңбек ету мәдениетін үйрену қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетіне еңбек ету өнері деген түсінікті бүгінгі күн талабына сай жаңа сипатта қалыптастырған жөн. Кез келген материалдық немесе рухани өнімнің сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс. Ірі өндіріс салалары, орта бизнес, сауда-саттық өнімдерінің сапалық деңгейінің жоғарылауы, ішкі рыноктың сапалы тауарлармен қамтамасыз етілуі, жоғары сапалы өнімдердің әлемдік рынокқа шығарылуы, еңбектің өнер, шығармашылық деңгейінде атқарылуы, қоғам азаматтарының жауапкершілігін, біліктілігін, зияттық потенциалын дамытуды, кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен басқару мәдениетін қалыптастыруды талап етеді. Тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениеттендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіндегі тұлғаның өзін-өзу тануы "Мен кіммін? Мен дүниеге неге келдім? Менің болашақ өмірім қандай болу керек?" деген сұрақтарға жауап іздеу арқылы өзін тану, өзінің өзгеге, өмірге қатынасын айқындауы керек. Адамның құндылық сапасын білу үшін өзінің даралық сипатын сақтап, оны үнемі жетілдіруі қажет. Адамның даралық қасиеті оның құндылық сипатын көрсетеді. Сол даралық сипаты өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар сол қасиеттері үшін оны құрметтейді. Баланың мінезін қалыптастыру үшін ата-ана мен мұғалім оның жалпы дамуымен қатар, ішкі жан дүниесіне де күшті ықпал етуі тиіс. Адамның жеке тұлғалық қасиетінің жетілуі оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне тәрбиелейді.
Сонымен, жеке тұлғаның алғашқы өмірлік мақсаты - өзін-өзі тану, өзінің тұлғалық қасиеттерін барынша жетілдіру. Екінші басты мақсатының бірі, бақытты отбасын құру, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Адамның үшінші өмірлік мақсаты - айналамен, табиғатпен үйлесімді шығармашылық қарым-қатынас орнатып, оны күнделікті өмірде қолдана білу, яғни өзінің іс-әрекеттік сапасын дамытып жетілдіру. Жетілген тұлға заман ағымына қарай өзінің дүниетанымын толықтырып, тереңдетіп, мықты отбасы, ізгілікті, бейбіт қоғам құруға еңбек сіңіруі, әр азаматтың міндеті екенін жадыда ұстауы тиіс.
Азақ философиясы мен менталитетiнің негiздері. Еуразиялық мәдени типтiң қазақтың дәстүрлi мәдениетiмен тұтасуын жүзеге асыру
Қазақ философиясы халықтың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Осы тұрғыдан келгенде қазақ философиясы ұлт менталитетінің тек рухани негізі ғана емес, сонымен бірге оның реттелген, жинақталған құрылымдық элементтерінің басты көрінісі, адамдардың ойлау ерекшелігінен туындайтын, олардың күнделікті мінез-құлықтарында, қарым-қатынасы мен табиғи болмысында көрініс табатын рухани жиынтық деуге болады. Қазақ философиясын түсіну мен зерттеудің бір қыры осы менталитетте жатыр. Менталитетті түсіну арқылы ұлттық философияның даму деңгейін түсінуге болады.
Ұлт менталитетінің бүгінгі заман талабына сай бейімделуі, оның жаңа қоғамдық қатынастарды қабылдауы қазақ философиясының терең зерттелуімен тікелей байланысты. Өйткен себебі, философиялық деңгейде бейнеленген құндылықтар ғана менталитет құрылымында мәңгілік сипатқа ие болады және оның қазіргі ерекшеліктерін аңғаруға мүмкіндік жасайды. Олай болса, қазақ философиясы бүгінгі өмір талаптарына толық жауап беріп қоймай, ұлт менталитетінің рухани негізімен қатар, дүниетанымдық принциптерін қалыптастыруы қажет.
Менталитет ұрпақтан-ұрпаққа ұжымдық бейсаналық түрде беріліп отырады. Бүгінгі қазақ менталитетінде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан құндылықтар мен архетиптер көп. Солардың бірі - сөз өнері. Сөз өнері, шешендік дәстүр, қазақ халқының дүниені, қоғамдық қатынастар адам арасындағы байланыстарды талдаудағы өнердің бір түрі. Ол ұлттық ойлау ерекшелігінің бір көрінісі, ажырамас бөлігі. Айтыс, шешендік өнер қазақ философиясының негізгі бір бөлігін құрайды. Шешендік өнердің дүниетанымдық астары, ондағы көтерілген мәселелер, даналық сөздер бүгінгі қазақ философиясын қайта қалпына келтірудегі таптырмайтын рухани байлық. Шешендік сөздер болмысы өкінішке орай бүгінгі қазақ менталитетінде өзін тұтастай жоғалтқан. Оның негізгі себебі тоталитаризм, жаппай орыстандыру саясаты, ұлт тілінің қолдану аясының тарылуы.
Ұлт менталитетінде даналықтың орны ерекше. Ол қазақ философиясы мен ұлт менталитетінің ара қатынасын жақындатып тұрған және екеуіне бірдей тиесілі рухани құндылық. Даналық категориясы арқылы қазақ философиясының астарын ашып қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Дербес ерекшеліктердің психофизиологиясы
Жеке тұлға, оның құрылымы және бағыттылығы
Дүниетаным
Тұлға, қарым - қатынас
Философия дүниетаным ретінде
Дүниетаным мен ғылыми дүниетаным
Пәндер