Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Исламтану кафедрасы
Найма Арман Айдарғазыұлы
М. Ж. Көпейұлының діни ағартушылық ұстанымы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B021500 - «Исламтану»
Алматы, 2017
Норма бақылаушы,
п. ғ. к. Нұр-Мүбарак ЕИМУ
доценті м. а. Исабаева С.
«___» 2017 ж
Диплом жұмысының жетекшісі,
PhD доктор Гимад М.
«___» 2017 ж
Диплом жұмысының кеңесшісі,
аға оқытушы Есімқұлов Е.
«___» 2017 ж
Орындаған:
Найма А. А
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Исламтану кафедрасы
« Қорғауға жіберілді»
Исламтану кафедрасының
меңгерушісі, PhD Ш. Адилбаева
«_ _»2017 жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «М. Ж. КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ДІНИ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ»5B021500 - «Исламтану» мамандығы бойынша
Алматы, 2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр- Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Исламтану кафедрасы
«Бекітілді»
Исламтану кафедрасының
меңгерушісі,
PhD докторы Ш. Адилбаева
«___» 2016 ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА
Студент: Найма Арман Айдарғзыұлы
Жұмыстың тақырыбы: «М. Ж. Көпейұлының діни ағартушылық ұстанымы»
2016 жыл «_ _» № университет ғылыми кеңесі бұйрығымен бекітілді.
- Аяқталған жұмыстың тапсыру мерзімі
- Диплом жұмысы бойынша сұрақтар тізбесі:
а)
ә)
б)
- Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі және дереккөздері ретінде С. Дәуітов, С. Сүтжанов, Н. Жүсіпов, Г. Жүсіпова т. б көрнекті қазақ, орыс ғалымдарының осы тақырыпқа байланысты тікелей немесе жанама қатысы бар еңбектер пайдаланылды.
Тапсырманың берілген уақыты
Диплом жұмысының кеңесшісі Есімқұлов Е.
Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент А. Найма
Алматы, 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 М. Ж. КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1. 1 ⅩⅨ ғ. Қазақ жеріндегі діни, мәдени және саяси ахуал
1. 2 Мәшһүр Жүсіптің өмірі және тұлғалық дамуының қайнар көздері
1. 3 Мәшһүр - қазақ ағартушыларының шоқтығы биік тұлғасы ретінде М. Ж. Көпейұлының философиялық көзқарастарының исламмен үндестігі
2 М. Ж. КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР
2. 1 Мәшһүрдің діни-философиялық ойлары және шығармашылығындағы діни-адамгершілік тәрбиесі
2. 2 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
2. 4 Мәшһүр еңбектерінің ислам құндылықтарымен үндестігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Оның құлы, әрі елшісі сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Алла елшісінің (с. а. у) тағылымдарын бізге өзгертпей жеткізген сахабалар мен табиғиндерге және олардың жолын ұстанған барша мұсылмандарға Алланың разылығын тілейміз.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Білімділер мен білімсіздер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят) делінеді. Сондай-ақ Ислам тарихындағы ұлық төрт халифаның бірі Әли (р. а) : «Білім пайғамбарлардан қалған мирас» - деген. Көріп тұрғанымыздай, пайғамбарымыздан бастау алып, кешегі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр бабаларымызға жеткен ілім баға жетпес байлық. Міне сол бабаларымыздың қарапайым халыққа оқып жазуды яғни ағартушылықпен ғана емес, сонымен қатар тәрбиеніде яғни педогогиканы үйреткен. Осы диплом жұмысы М. Ж. Көпейұлының ағартушылық ұстанымымен қатар қоғам мен отбасыны, әйел мен баланы тәрбиелеудегі ұстанымы жайлы болмақ.
Зерттеу тақырыбының сипаттамасы: ХХ ғ. соңында ғылым адамзаттың мәдениеті мен тарихында діннің маңызын қайта мойындады. Бұрынғы кеңестік зорлық-зомбылық идеологиясының күйреуіне орай қазіргі қоғамдағы діннің рөлі артуда. Халықтың едәуір бөлігі дәстүрлі игіліктер мен қоғамдағы адамгершілік қалыптарды дін арқылы жаңғыртқысы келеді. Осыған байланысты тарихи-педагогикалық ғылымда діни адамгершілік тәрбиені зерттеп білу маңызды аспект болып отыр. Дінді ғылымның тежеушісі деп айыптау әділетсіздік еді. Діни сенімде тұрған талай ғалымдар болған, қазіргі таңда да жетерлік. Солардың ішінде ұлы педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой т. б. Олай болса бізге ақын, фольклорист, педагог М. Ж. Көпейұлының да тәрбиеге қосқан үлесі жайлы білуге уақыт жеткен сияқты. Кеңес дәуірі кезінде оның діни-адамгершілік тақырыптарына тиым салынды, себебі маркстік ғылым концепциясына үйлеспеді, ал бұл ақынның педагогикалық көзқарастарын оқуға теріс ықпал етті.
Қазір оның діни ізденістерін объективті ой елегінен өткізуге, оған талдау жасап, руханилығы, адамгершілігі, шығармашылығы бар адамның идеал бейнесін жасауға тамаша мүмкіндік ашылды.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмiр сүрген Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы өзiнiң кiтаптары, қолжазбалары, мақалалары түрiнде бай мұра қалдырды. Солардың iшiнде тәлiм-тәрбие саласында бала мен үлкендердiң қарым-қатынасы, әйелдерге бiлiм беру жөнiнде, әдiлдiк, iзгiлiк, адалдықты iздеушiлер өмiрiн бейнелеген еңбектері аз емес. Ақын қоғам өміріне белсенді қатысып, әдеби шығармаларын жазды, фольклор жинақтады, балаларды оқытты, мақалалар жариялады, кітаптарын бастырды. Өз жеке басының ғана пайдасын көздемей, білімге, ғылымға деген шынайы қатынасымен абыройға, құрметке ие болды. Зерттеуші ғалым У. Қалижан «Мәшһүр Жүсіп» зерттеу еңбегінде: «Мәшһүр Жүсіптің бүкіл тірлігі-жастарға үлгі, өнеге, ол мал мүлікті көзіне сүрітпеген аса жомарт, мол білім иесі, ғұлама, ағылып - төгіліп тұрған ақын, Адам Атадан бері қарай толғап кетсе - шежіреші, тарихшы, этнограф, әр нәрсенің байыбына бармай, тексермей қалам тербемейтін терең ойшыл екені даусыз. Ол бір жаратушы Алладан басқаға мойын бұрмаған діндар да еді, - аузына адам салмаған тахуа да еді», деп ақындық тұлғасына баға береді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев әр жақты дарынды адам еді, ұлттық мәдениет тарихында әдеби-педагогикалық мұрасымен өшпес із қалдырды. Ол тәрбие жөнінде мақалалар жазып қана қоймай балаларды оқытып, педагогикалық тәжірибемен де айналысты. Мәшекеңнің қандай дәрежедегі адам екендігі белгілі ғалым ақын Әбділдә Тәжібаев: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев дегенді білмейтін қазақ зиялыларында жан жоқ. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан, ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды. Ақындығын да өзіне мұрат етті» - дегенін айтса да жеткілікті. Ойшылдың тәрбиелік ықпалы жөнінде айтатын болсақ ол оның педагогикалық көзқарастарының көкейтестілігімен ғана анықталып қоймайды. Ақынның жеке басының ұлылығы - адам жанын тәрбиелейтін нағыз тәрбиеші - міне осы. Бұл ғажайып рухани ықпалдың табиғатын түсіну педагогика үшін оның өз педагогикалық көзқарастарын қарастырудан маңызы аз емес.
Екі ғасыр аралығындағы қазақ сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі М. Ж. . Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы. Соған қарай дүниетанымы да өте күрделі. Оның өлең, әңгімелері мен мақалаларының арқауы-жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы одан туындайтын алуан түрлі мәселелер.
Нақтылай айтқанда, Мәшһүр Жүсіп ұлттық идеяға құрылған таза ағартушылық бағыт ұстанды. Ұлттық сана-сезімді ояту негізінен құрылған төл туындыларында ол ар тазалығына, имандылыққа үндеді. Оның ұғымында дін адамның рухани дүниесін қалыптастырады. Құдайды тану адамшылыққа, әділікке бастау ісіне көмегін тигізеді.
Жетпіс жыл бойы қорқытса да, үркітсе де, иландырса да, алдаса да, әйтеуір, берік құрсауында ұстап келген коммунистік идеологияны тәрк еттік. Таусылмайтын даңғаза саяси шараларымен бірге комсомол ұйымы да тұғырынан тайды. Біз енді ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастарымызды соның рухында тәрбиелейміз деп шештік. Ал ұлттық идеология қалай жүзеге асырылуы қажет? Алдымен, жастардың иманы мен дүниетанымын қалыптастыру арқылы. Мұның ең төте жолы - бұрын айтылмай келген, жазуға тиым салынған Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ұлы ойшылымыздың мұрасын жаңаша кең әлеуметтік - мәдени ауқымда талдап, жастарымызға әсерлі етіп ұғындырып беру. Міне, Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұрасын жаңаша зерттеудің қажеттілігі осында.
Шығыстың классикалық әдебиеті мен тарихын жетік білетін жазбагер әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ халқының мәдени мұрасына ерекше сүйіспеншілікпен қарап, мол мұраны жинау арқылы өзіндік ғылыми ой қабілетін айқындатып, мойындатқан.
Мәшһүр Жүсіп еңбектерінің оқулық пен хрестоматияларда берілуі қалдырылған мұраның тәрбиелік қуатының жоғарылығын байқатады. “Көпеевтен қалған мол мұра ішінде әлеумет мәселесіне арналған неше алуан шағын көлемді шығармалар, ұзақ оқиғалы хиқаялар, айтыстар, шежірелер, тарихи материалдар, фольклор үлгілері бар. Ақынның араб, парсы, шағатай тіліндегі көшірмелерін есепке алсақ, одан қалған мұра кемінде 30 томдай болады”, - деп жазады филология ғылымдарының докторы М. Бөжеев.
Рухани тәрбие - әлеуметтік, педагогикалық категория. Ендеше тағлымды шығармаларын зерттеу, тану арқылы жазбагердің талғамын, арманын, көзқарасын, мұратын жаңаша қабылдап жетілдіріп отыру- рухани өсу арқылы Мәшһүрдің кім екенін, тарихи орнын, еңбегін таразылау болмақ. Ақынның өзі:
Жеткізер құдай, пенде, қылса талап,
Дүниені кім өткізер қолдан санап.
Үлгі жол жақсылардың әрбір ісі,
Кітаптан қалмайды екен жанасалап - деп рухани дүние мен ұрпақтар сабақтастығының үзілмесіне сенеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бай публицистикалық мұрасын - мақалаларын оқып, зерттемей оның рухани жолы жөнінде дұрыс елес қалыптастыру мүмкін емес. Біз әлі де болса ұлы тұлғаның орасан зор көлемін осал елестетеміз. Ақынның еңбектерiн терең зерттеу, оның бай және әр жақты мазмұнын ашу тек елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн ғана мүмкiн болды. Бұл оңай мiндет емес едi. Оның мәнi ақынның көзқарастарының барлық оң жақтарын анықтауда, қоғамдық болмыс пен сол заманның санасы арасындағы қарама қайшылықтарға талдау жасауда, оның мұрасының өткеннiң алдыңғы қатарлы қозғалыстарымен тығыз идеялық сабақтастықта және қазақ халқының мұқтаждығымен қарастыруда едi. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы мұсылмандық діни әдебиеттің кемеңгер, ойшыл, ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - қазақ әдебиеттану ғылымына ғана емес, педагогика қорына да өшпейтін мұра қалдырған ақын. Қазақ зиялылары М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, Д. Әбілов, Ә. Тәжібаевтардың ой-пікірлері ақын мұрасын танудың игі бастамасы болса, әдеби мұрасы дара сипатты ақын, әрі ғалым шығармашылығын халыққа жеткізу жолында У. Қалижанның «Қазақ әдебиетіндегі діни - ағартушылық ағым» кандидаттық диссертацисы, Н. Жүсіповтің «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық еңбегі» (Ақмола, 1998), Г. Жүсіпованың «Мәшһүр Жүсіп дастандары» (А, 1998), С. Сүтжанның «Мәшһүр Жүсіп әдеби мұрасы» (1994) кандидаттық диссертациялары Мәшһүртанудағы қомақты ғылыми-зерттеудің заңды жалғасы.
Көптеген ғалымдар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын терең және жан жақты зерттеуге көп еңбек сіңірді. Бүгін жариялылық арқасында Мәшһүр Жүсіптің 30 томдай болатын бай мұрасының алғашқы екі томдық таңдамалысы (1990, 1992 ж. ) шықты. Содан кейінгі газет, журналдарда жарияланған Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын қоса есептесек, ол да екі томдай материалдарды қамтиды. Бұрыннан әр кезде С. Садуақасов (1919 ж. ), Б. Кенжебаев (1958), Ә. Қоңыратбаев (1959), Ы. Дүйсенбаев (1970), Ә. Жиреншин (1971), М. Бөжеев (1972), М. Мағауин (1978), Д. Әбілев (1983), С. Дәуітов (1983-1998), А. Қыраубаева (1988) т. б. еңбектерінде Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына тиісті баға берілсе, қазір ол туралы арнайы қомақты зерттеулер туа бастады.
М. Ж. Көпейұлының шығармалары әдебиетшiлер С. Дәуiтов, С. Сүтжанов, Н. Жүсiпов, Г. Жүсiпова т. б. тарапынан зерттелiп, қолжазбалары жарық көрiп жатқанымен оның тұтас бейнесiн елестету үшiн iзденiстер әлi жеткiлiксiз. Мына жұмыс Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларына арналған.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезеңдегі жағдайда алдыңғы ұрпақтардың жинаған құнды педагогикалық тәжірибиесін сақтау мен еліміздің мектептерін дамыту жолдарын белсенді іздестірудің тиімді ара қатынасын құру мәселесі маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешу қажеттiлiгi тарихи дамуымыздың әр кезеңдерiндегi ұлт ойшылдары мұраларын, қазақ халқының ғасырлар бойы қордаланған бай даналық мұрасын игерудi талап етедi. Сондықтан болар біздің уақытымыздың көріністерінің бірі еліміздің, жеріміздің тарихына, халқымыздың тарихи мұрасына, ұлттық құндылықтарына деген қажеттіліктің, қызығушылықтың, ынтазарлықтың уақыт өткен сайын өсіп келуі. Мұндай құбылыс көп жағдайда өтпелі және қиын-қыстау кезеңдерде байқалады. Себебі ертеректе қалып қойған не нәрсе болса да, егер ол жүрекке жылы тисе, онда одан бас тарту оңай емес. Өткенді тарихи тұрғыдан түсіну - бұл өткенде қол жеткізген табыстардың, мәдениеттің жалғасы ретіндегі қазіргі кезеңді түсінуге мүмкіндік береді.
Ғасырлар өтсе де бiздiң заманымызда адамгершiлiк тәрбиесi, еркiн және белсендi жеке адам тәрбиесi мәселесiнiң маңызы азайған жоқ. Қоғамның қазiргi кездегi дамуы адам тәрбиесiнде оның барлық табиғи және дара күштерi мен мүмкiндiктерiн дамытатын, әлемге, Отанға, адамдарға сүйiспеншiлiгiн қалыптастыра алатын жаңа жолдарды үнемi iздестiрудi талап етедi. Бүгiн педагогика қоғамның бүтiн бiр қатпарларында рухани құндылықтардың тапшылығы байқалатынынан бастау алуы керек. Жас отандастар жалпыадамзаттық адамгершiлiк принциптердiң негiзiн, халық педагогикасының дәстүрлерiн, дiн оқуларын елемейдi, тарих қалыптастырған мөлшерлер мен идеялардан ұзақта. Ал сонымен бiрге кез келген халықтың рухани мәдениетiн құраушылардың бiрi - адамгершiлiк қасиетi мол игiлiктi адамның жеке басы.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмiр сүрген Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы өзiнiң кiтаптары, қолжазбалары, мақалалары түрiнде бай мұра қалдырды. Солардың iшiнде тәлiм-тәрбие саласында бала мен үлкендердiң қарым-қатынасы, әйелдерге бiлiм беру жөнiнде, әдiлдiк, iзгiлiк, адалдықты iздеушiлер өмiрiн бейнелеген еңбектері аз емес. Ақын қоғам өміріне белсенді қатысып, әдеби шығармаларын жазды, фольклор жинақтады, балаларды оқытты, мақалалар жариялады, кітаптарын бастырды. Өз жеке басының ғана пайдасын көздемей, білімге, ғылымға деген шынайы қатынасымен абыройға, құрметке ие болды. Зерттеуші ғалым У. Қалижан «Мәшһүр Жүсіп» зерттеу еңбегінде: «Мәшһүр Жүсіптің бүкіл тірлігі-жастарға үлгі, өнеге, ол мал мүлікті көзіне сүрітпеген аса жомарт, мол білім иесі, ғұлама, ағылып - төгіліп тұрған ақын, Адам Атадан бері қарай толғап кетсе - шежіреші, тарихшы, этнограф, әр нәрсенің байыбына бармай, тексермей қалам тербемейтін терең ойшыл екені даусыз. Ол бір жаратушы Алладан басқаға мойын бұрмаған діндар да еді, - аузына адам салмаған тахуа да еді», деп ақындық тұлғасына баға береді.
Нақтылай айтқанда, Мәшһүр Жүсіп ұлттық идеяға құрылған таза ағартушылық бағыт ұстанды. Ұлттық сана-сезімді ояту негізінен құрылған төл туындыларында ол ар тазалығына, имандылыққа үндеді. Оның ұғымында дін адамның рухани дүниесін қалыптастырады. Құдайды тану адамшылыққа, әділікке бастау ісіне көмегін тигізеді.
Жетпіс жыл бойы қорқытса да, үркітсе де, иландырса да, алдаса да, әйтеуір, берік құрсауында ұстап келген коммунистік идеологияны тәрк еттік. Таусылмайтын даңғаза саяси шараларымен бірге комсомол ұйымы да тұғырынан тайды. Біз енді ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастарымызды соның рухында тәрбиелейміз деп шештік.
Ал ұлттық идеология қалай жүзеге асырылуы қажет? Алдымен, жастардың иманы мен дүниетанымын қалыптастыру арқылы. Мұның ең төте жолы - бұрын айтылмай келген, жазуға тиым салынған Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ұлы ойшылымыздың мұрасын жаңаша кең әлеуметтік - мәдени ауқымда талдап, жастарымызға әсерлі етіп ұғындырып беру. Сонда қазіргі жастарымыз Мәшһүр Жүсіп Көпеев іліміндегі адамгершілік, төзімділік, адалдық, ізгілік, өмірдің ақиқатын ұғуға талпыну идеясының жанында кез келген «Кришна» бауырластығы далада қалатынын түсінер еді. Міне, Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұрасын жаңаша зерттеудің қажеттілігі осында.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: М. Ж. Көпейұлының өмірін, шығармаларын, ағартушылық және педогогикалық қызметтерін халыққа таныстыру. Сол арқылы Мәшһүр атамыздың біздің қазақ тарихында дін мәселесінде алатын орнын айқындап, ағартушылық және педогогикалық қызметтеріндегі ислам дінің көрсету. Ал осы мақсаттардан туындайтын міндеттер:
- Мәщһүр Жүсіп бабамыздың өлеңдерін оқып, ғибрат ала білу;
- М. Ж. Көпейұлының ең басты уағыздағаны білім мен дін екенің айтып, ақыл-кеңестерін оқу және жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу;
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының философиялық, ағартушылық, педагогикалық көзқарастарының өзектерін анықтау;
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы педагогикалық пікір тұжырымдарын сараптай отырып ашып көрсету;
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ақын, ағартушы ретінде қазақ халқының педагогика тарихына қосқан үлесін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні: Мәшһүр Жүсіптің бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі мен өмірбаяны және ағартушылық қызметі, шығармашылығындағы педагогикалық ойлары, жас ұрпақтың оқып, білім алуына және тәрбиесіне көзқарасы.
Зерттеу әдістері: Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын және әдеби-педагогикалық мұрасын оқып білу, салыстыру, іріктеу, жүйелеу, құрылымдық және жүйелі талдау әдістері қолданылады.
Диплом жұмысының жаңалығы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ағартушылық қызметі арқылы педагогиканы байытудағы еңбектеріне ғылыми баға беріледі.
Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлім, әдебиет тізімінен және т. б тұрады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - көрнекті ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты, Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деп ақынның өзі айтқандай, 5 жасынан бастап-ақ молдадан хат таныған. Ол 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде дәріс алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтады. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. «Мәшһүр» арабша белгілі деген мағынаны білдіреді. Медресе оқып жүрген кезінде ол балалардың алды болып, 15 жасынан өлең жаза бастаған. [1, 430 б] Ол туралы ақынның өзі:
«Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,
Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша» - дейді. [2, 5 б]
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1875 жылдан бастап біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уәлаяты» газетіне өлеңдері мен мақалаларын жіберіп тұрды. 1887-1890 жылдары Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара, т. б. қалаларды аралап, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысты. Осы жылдары түркітанушы ғалым, академик В. Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен айналысты. Жар-жар, аужар, бата, ұлағатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни қиссаларды жинап, жариялады. Сонымен бірге «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы» сияқты Шығыс дастандары үлгісін және бірнеше тарихи жырларды жинап, хаттады. «Көроғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр-дастандары мен Бұқар жырау, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын-жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірді. Бұқардан қалған сөз маржанын Мәшһүрге дейін хатқа тұтас түсіруші болмаған еді. [3, 430 б]
ⅩⅨ ғ. Қазақ жеріндегі діни, мәдени және саяси ахуал
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz