Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні

1. 2 Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы және құрылымы

1. 3 Негізгі қорлар тозу түрлері және олардың қозғалысы

2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІН

ЖАҚСАРТУ

2. 1 Негізгі қорларды бағалау түрлері

2. 2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері

2. 3 Амортизацияны есептеу әдістері

2. 4 Амортизациялық женілдіктер, өндірістік негізгі қорлардың саралануы

2. 5 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебитер

КІРІСПЕ

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманға ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану елеулі орын алады.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла басталды.

Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай сонымен қатар кәсіпорындардың өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді ұйғарды.

Өндірстік процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға бағытталған шешімдер қаншалықты тиімді болса, кәсіпорынның жағдайының соншалықты тұрақты болуы да сөзсіз.

Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы мен құрылымы, тозу мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.

Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі - негізгі қорларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.

Әр кәсіпорын үшін негізгі қорлардың тым ескеруіне жол бермеу, кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқауларының тиімдісін таңдау - негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.

Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен жағдайын, тозу деңгейін, негізгі қорлар мен құралдарын пайдаланудың тиімділігін қарастыру қажет.

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды талдау, амортизацияның ерекшеліктерін ашып көрсету және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін зерттеуді талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның негізгі қорларын талдау және пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала отырып, негізгі қорларды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып қарастыру және жетілдіруді көздейді.

Курстық жұмыстың міндеті:

1. Кәсіпорынның негізгі қорлардың құрылымдық бөлімдерімен қамтамассыз етілуі мен жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалану деңгейін анықтау, негізгі қорларды пайдаланудың қызмет көрсету көлеміне әсер етуін есептеу, кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану деңгейін зерделеу және негізгі қорларды тиімді пайдалану резервтерін ашып қарастыру.

2. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын іздеу және оларды рационалды түрде және үнемдеп пайдалану.

3. Берілген мәселелерге байланысты арнайы әдебиеттерде кездесетін ғылыми әдістер жинақтамасын жүйелеу ортақ мақсатқа келістіру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні қарастырылған.

Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін жақсарту.

Бұл жұмыстын теориялық негізін отандық ғалымдардың еңбектерінен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен алынған.

1. 1. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің манызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардын өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық туғызады. Негізгі қорлар деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінін бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады. Негізгі қорларға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысты және оларды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина және құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналармен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасмалдау құралдары, аспаптар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі қорлар. Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі қорлардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамындағы құрастыруды қажет ететін жабдықтар да жатпайды. Кәсіпорында негізгі қорлардың есебі №6 БЕС-ке сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қорлардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығы, шаруашылық пен оралымдық басқару жұйесін анықтайды. Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі қорлар, тауарлық-материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі. Жердің табиғи байлығының, пайдалы қазбалардың және басқа да құндылықтардың, экономикалық табиғи ерекше қызығушылық тудыруда. Өз бетінше табиғи байлықтардың құны жоқ, демек ол өндірістік қорға кірмейді. Бірақ оларға жұмсалған шығын оның құнын құрайды да, осылай оны өндірістік қорларға жатқызады. Мысалы, жер, жеке алғанда, өндірістік қорға жатпайды. Бірақ оған салынған қаржы, суарушы құрылымдар тұрғызу, қойнау бетін тегістіру, шаруашылық құрылыстар салу және т. б өндірістік негізі қорлайды құрайды. Жердің экономикалық болмысын және құнын бағалауды анықтау, оқшауланған телімдерді кәсіпорын теңдестігінде көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл жағдай жерді ұқыпты пайдалануға әкеледі. Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдалануына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады. Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы негізгі қорларды дұрыс саралауды қажет етеді. Мұндай саралау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация аударымдарының мөлшерін санағанда керек болады. Барлық негізгі қорлар экономикалық белгілеріне қарай саралауы мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары-қызметтік міндеті, тозу қарқыны және қызмет ету мерзімі, пайдалану дәрежесі, техникалық жаналығы, жұмылдырған дәрежесі, халық шарашылығы саласы, меншік иелігі. Негізгі қор жеке қорлардың жиынтығы ретінде қаралады. Кәсіпкерліктің басты мақсаты-пайда табудың қажетті шартын жүзеге асыру, яғни инвестиция, өндіру, сату және тұтынудың барлық сатыларын қорларды қайта жаңғыртуды жоспарлау болып табылады. Нақты айналым кезеңіне сәйкес әр түрлі кейіпке еніп отырған қордың үздіксіз қозғалыс үдерісі үстінде болады. Қор айналымы қорладың шеңберлік айналымымен сәйкес келмейді. Әрбір айналымның нәтижесінде кәсіпкерге алдын ала төленген қорлардың тек бір бөлігі ғана ақшалай түрде қайтады, ал жалпы күрделі құн иесіне өзінің бастапқы қорда, яғни ақшалай түрде қайтып келеді. Қордың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей болып жүрмейді. Қордың құнының айналымдағы әр түрлі қызметіне қарай қор негізгі және айналмалы болып екіге бөлінеді. Негізгі қорға еңбек құралдарының құны, айналмалы қорға еңбек заты мен жұмыс күшінің кұны кіреді. Бастапқы әр түрлі экономикалық оқу құралдары авторларының негізгі және айналым қорларына қатысты ортақ пікір жоқ, оның себебі әр елде қолданылатын бухгалтерлік есеп пен есеп беру ерекшеліктеріне байланысты. Отандық теория мен тәжірибеде негізгі құралдар және айналмалы қаражаттар деген терминдер жиі кездеседі. Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіріп, оны жалпыға ортақ әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге байланысты отандық термині көп. Негізгі қорлар құрылымы кәсіпорынның географиялық орналасуына да байланысты. Ауа рай суық болған жағдайда ғимарат құрылысына қор салымы көбірек қажет етіледі. Кәсіпорын шаруашылық жағынан әлі игерілмеген аймақта орналасса, инфроқұрылым тұрғызу шығындары арта түседі. Елдің оңтүстік және солтүстік негізгі қорлар құрылымы арасындағы айырмашылық осы жағдаймен түсіндіріледі. Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, ірі кәсіпорындарда машиналар мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы жоғары, ал ғимараттар мен құрал-жабдық үлесі-төменірек болып келеді. Өндіріс алаңы ұтымды пайдаланылатындықтан, онда құрал-жабдықтар саны көбірек орналасады, бұл жағдай ғимараттарға, құрылымдар мен құрал-жабдықтарға кететін күрделі салымды үнемдеуге мүмкіндік береді. Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі де әсер етеді. Мысалы үшін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құның арақатынасы өндірістің мамандануы мен ұжымдану деңгейіне байланысты. Өндірісті күрделендіру қойма орындарының қажеттілігін біраз қысқартады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақыстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің халыққа жолдауы 2010ж.

2. Бабаева Ю. А. Теория бухгалтерского учёта: Учебник для вузов. - 2-е издание., переработанное и дополненное. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, ЮНИТИ - ДАНА, 2007.

3. Мелник М. В., Герасимова Е. Б. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия. : Учебное посибие М. :Форум, - 2008.

4. Үмбеталиева А. Д, . Керімбек Ғ. Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкербік: Оқу құралы. - Астана: «Фолиант» баспасы, 2005.

5. Қуатова Д. Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум. -Алматы: Экономика, 2006.

6. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.

7. Базарбеков Ж. Негізгі қорларды жіктеу // Бухгалтер бюллетені. 2005.

8. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск. -2002

9. Ковалев В. В, Волкова О. Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Москва. -2006

10. Экономика предприятия. Учебник/Под ред. проф. Сафронова Н. А. - М: «Юристъ», 2007.

11. Баканов М. И., Шеремето А. Д. Теортя анализа хозяйственной деятельности: Учебник. - М. : Финансы и статистика, 2008 .

12. Киреев В. Д., Пронченко А. Г. Экономика предприятия. Ростов

13

14

1. 2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы күн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.

Құрылымды талдау мен оны жетілдірудің шаруашылық қызметтің барлық деңгейіндегі маңызды тәжірбиелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішінде ғана емес, цехта да, өндірістік төлемде де зор, себебі өнеркәсіптік халық шаруашылығы саласын да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар құндылығына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады.

Барлық аталған негізгі өндірістік қор (НӨҚ) белсенді (активті) немесе енжарлы (пассивті) болып екіге бөлінуі мүмкін. Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін, «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады. Белсенді бөлігі басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып табылады. Кең мағнасына негізгі қорлардың белсенді бөлігіне еңбек затына кез келген түрде әсер етуші және осы үдерісті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, сонымен бірге жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары да құрайды.

Бірақ, негізгі қорлар құрылымы оның жекелеген элементтерінің арақатынасы ғана емес, олардың өзгеру қарқынымен де анықталады. Негізгі қорлар құрылымының өзгеруінде белгілі бір заңдылықтар орын алады.

Егер негізгі қорлар құрылымның тиімділігі оның белсенді бөлігінің, соның ішінде машиналар мен құрал-жабдықтардың меншікті үлесімен сипатталатын болса, оның тиімділігін арттыру осы элементтер үлесін көбейту бағытында жүргізілуі тиіс екенділігі белгілі. Шын мәнінде, негізгі қорлардың бұл озат өзгеріске беталысы әрқашан сақтала бермейді. Жекелеген салалардың дамуының, жаңа құрылыстар немесе қайта жаңартулар аумағы мен ырғағының төмендеуі, тежелуі және т. б сияқты себептерге байланыстар ауытқулар туындауы мүмкін.

Еңжарлы бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ тікелей «өнім өндіруші» болып табылмайтын негізгі қорлар жатады. Бұл бөліке ғимараттар мен құрылымдар, көбінесе өткізгіш құрылғылар, көлік құралдары және т. б жатады. Қолданылып жүрген саралау негізгі қорлардың өнеркәсіп өндірісіндегі рөлі тұрғысынан жан-жақты зерттеуге толық мүмкіндік бермейді. Өз кезегінде негізгі қорлар құрылымын белсенді және енжарлы бөліктерінің арақатынасы түрінде дәл көрсету, олардың салалық шығу тегін, қызмет ету құрамын зерттеу де әр уақытта мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайда негізгі қорлардың іріленген топтарының болуымен түсіндіріледі, мысалы, тау-кен өндіру саласындағы ұңғымалар, кейбір кен қазбалары және т. б. Негізгі қордың белсенді бөлігі үлесінің өсуінің тікелей нәтижес - өнім шығарудың артуы және кәсіпорынның қызметтік көрсеткіштерінің жақсара түсуі. Ғылыми-техникалық серпілістің үдеуімен бірге негізгі қорлардың белсенді бөлігінің жалпы өнеркәсіп бойынша да, жеке салалар бойынша да жоғарылау бет алысы күшейіп келеді. Жаңа кәсіпорындарда негізгі қорлардағы құрал-жабдықтар құнының меншікті үлесі ескі кәсіпорындарға қарағанда жоғары болатыны мәлім. Қорлардың еңжарлы бөлігін талдауды да естен шығармау керек. Кейбір жекеленген жағдайларда өндірістік қорлардың еңжарлы бөлігі өсуі мүмкін. Бұл ерекше өндірістік жағдайларды талап ететін мысалы; тазалығы, ылғалдылығы, ауа температурасы бойынша, демек жаңа өндірістік ғимараттар салуға жұмсалатын шығындарды қүрт жоғарылатын өнім түрін өндіре бастағанда орын алуы мүмкін. Еңжарлы бөліктің өсімі кейде әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жаңғыру ісіне қомақты күрделі салым жасау есебінен жүреді. Бірақ, басқа шарттар бірдей болған жағдайда ең озық құрал-жабдық түрлерін пайдалану, неғүрлым ұтымды түрде оларды жобалау арқылы негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлесін арттыруға ұмтылу қажет. Ең алдымен, кәсіпорынның техникалық деңгейі негізгі қорлардың құрылымына ықпал етуі мүмкін. Өндірістік үдерістерді механикаландыру, кәсіпорынды озық техника үлгілерімен жабтықтау негізгі қордың жалпы құнындағы жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті үлесін арттыра түседі. Өндірісті автоматтандыру және электрлендіру жұмысшы құрал-жабдықтың мәнін күшейте түседі. Өндірістің толассыз әдісін өндіру цехшілік және цехарлық көлік құралдарының меншікті үлесін арттырады. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің өсуі өндіріске әр түрлі аспаптар мен реттеу құрылғыларын жылдам енгізуге жол ашады. Өндеу және өндіру өндірістеріндегі негізгі құрылымы әр түрлі. Егер біріншісінде машиналар мен құрал-жабдықтар үлесі басым болса, екіншісінде - құрылымдар үлесі жоғары болады. Негізгі қорлар құрылымына өндірістің ұжымдануы, шоғырлануы және мамандануы да үлкен ықпал етеді. Шоғырлану мен мамандану, механикаландыру деңгейі неғұрлым жоғары болса, машиналар мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы да солғұрлым жоғары болады. Әрбір саланың экономикалық өзгешелігіне байланысты әр саладағы негізгі қорлар құрылымы әр түрлі болып келеді. Мысалы, жұмыс машиналар мен құрал жабдықтар металлургия және металл өңдеу, қара металлургия секілді салалардың негізгі қорлар құрамының үлкен бөлігін алып отырған; құрылымдар мен өткізгіш құрылғылардың үлес салмағы отын, мұндай өндіру және газ өнеркәсіптерде жоғары болса, жұмысшы машиналары мен құрал-жабдықтар электор энергиясында, көлік құралдары - ормандағы игерудің негізгі қорларында басым болып келеді. Негізгі қорлардың өндірістік құрылымы өнімнің қор сыйымдылығы жоғары салалардың үлес салмағы жоғары болған сайын, басқа жағдайлар бірдей болғанда, өндірістік өнім мен ұлттық табыстың қор сыйымдылығы жоғарылай береді. Негізгі қордың өндірістік құрылымында машиналар мен құрал-жабдықтардың, әсірісе технологиялық құрал-жадықтардың үлес салмағы артқан сайын өнім шығарылуы артады, нәтижесінде өнім мен ұлттық табыстың қор сыйымдылығы төмендейді.

1. 3. НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ТОЗУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Негізгі қордың өндіріс үдерісіне қатысуы мен пайдалану жылы ұлғайған сайын, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі капитал сатып алуға тура келеді.

Тозудың екі түрі боладың; табиғи және сапалық (заман талабына сай келмеуі) . Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысуы нәтижесінде және негізгі капиталдың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлардың әсерінен; ылғалдан, атмосфералық құбылыстардың салдарына, метелдардың тот баспауынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) болады. Негізгі капиталдың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозу жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуынан, яғни негізгі капиталдың ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмеуінен туындайды. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі капиталдың ұқсас түрінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі капитал өз құнының белгілі бір бөлігін жоғалтып құнсызданғандай болады. Машиналардын, жабдықтардың, ұйлер мен ғимараттардын барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдардың, көп жылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттары өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі капиталды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады. Негізгі капиталдың сапалық тозуы мынандай факторлар арқылы анықталады: өндірістегі құрал-жабдықтарды жаңартуда жаңалықтар ендіру (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру) ; технологиялық үдірісті жетілдіру: жаңа технологияны қолданған кезде пайдаланылатың машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып қалады; шығарылатың өнімнін номенклатурасын өзгерткенде және жанартқанда ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып қалады; жұмысшы күшінін еңбекпен қамтылуындағы, жұмыскерлер біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру аумағындағы өзгерістер өндірістін және пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар санының азайюын талап етуі мүмкін; өндірістін өндеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптін өндіруші салаларында өндіріс көлемін қысқартуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техникалық өркендеумен байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуы. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі капиталдың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген, үнемді негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрын пайдаланылып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Сапалық тозу әсерінің нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенде дейін негізгі құрал-жабдық нысандары жанасына, әрі неғұрлым пайда (үнеміді) түріне ауыстырылады. Сапалық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдық нысандары қайта құрылып, жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорында, бірлестіктерде негізгі қорлардың негізгі капиталдың жағдайы мен қозғалысын анықтау үшін есеп ұйымдастырылады. Бұл есеп тіркеу бухгалтелік есептеу стандарты БЕС негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен бірлестіктер негізгі қызмет тендестігінде тіркелген барлық негізгі қорлар саны мен қозғалысын, соның ішінде өндірістік және өндірістік емес қорларды олардың бастапқы және қалдық бағалары бойынша есепке алып отырады. Негізгі капитал қозғалысын бықылау, бухгалтерлік есеп берген мәліметтің дұрыстығы мен толыұтығын, онын әр түрлі нысандардың жай-күйіне сәйкстігін тексеру мақсатында кәсіпорын жүйелі түрде мүлікті қаттауды жүргізіп отырады. Негізгі капитал қаттамасы жылына бір рет 1 қарашадан кейін өткізіледі.

Негізгі қорлардың (құралдар) болмысы мен қозғалысын сипаттау үшін келесі деректер пайдаланылады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорларды бағалау әдістері
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Сот медицина орталығы
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Негізгі қорлардың тозуы
Меншікті капиталды пайдалану көрсеткіштері
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі
Кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының теориялық негiздерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz