Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЛЫҚ НӘТИЖЕСІ. ТАБЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ТАБЫСТЫЛЫҒЫ
0.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен мағынасы
0.2. Жылдық жиынтық табыс
0.3. Түзетілетін жылдық жиынтық табыстан алынатын шегерімдер
0.4. Қаржылық - шаруашылық қызметі туралы есеп беру
0.5. Табыстылықтың экономикалық мәні мен түрлері

ІІ. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫ
2.1. Кәсіпорын қаржысы ұғымы және оның мәні
2.2. Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру
2.3. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары
2.4. Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау
2.5. Қаржы ресурстарын тарту түрлері
2.6. Қаржы ресурстары қажеттілігін есептеу

Әдебиеттер

КІРІСПЕ
Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады. Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы-материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз. Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетпейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтижесі алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны, соның себебінен шаруашылық субъект өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Бұл залалдар өндірісті ұйымдастыруда, басқаруда және өнімді өткізуде кеткен қателіктерді айқын көрсетеді. Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады.
Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты, жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден - бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЛЫҚ НӘТИЖЕСІ. ТАБЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ТАБЫСТЫЛЫҒЫ
1.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен мағынасы
Бизнестің кез-келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша - оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.
Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттер қаржылық нәтижелер түрінде байқалады.
Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады. Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы-материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз. Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетпейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтижесі алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны, соның себебінен шаруашылық субъект өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Бұл залалдар өндірісті ұйымдастыруда, басқаруда және өнімді өткізуде кеткен қателіктерді айқын көрсетеді. Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады.
Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық сатысында өндіріледі. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық сатысында өндіріледі, алайда өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.
Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі және оларды зеттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады. Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.
Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары пайдадануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәслелері және т.б. жатады.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субъектінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің ұлғаймалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсаіпорынның қаржылық сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сипатталады.
Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты, жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден - бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.
Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден - бір көзі болып инновациялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек.

1.2. Жылдық жиынтық табыс

Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 БЕС-на сәйкес есептелінеді. Табыс, сондай-ақ тауарлы - материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пойыздардан, роялтиден және дивидендтерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады: табыс сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кейін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады; табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарапта мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соңы субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісімшартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте өнім берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс болып та танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын мүмкіншілігіне қарай ең төмен деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
oo есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса:
oo мәміленің жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Егер ол мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы және оның тәсіліне, күтілетін өтеліміне әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізе алатын болса, онда субъект барынша жоғары дәлдік деңгейде табысын анықтай алады.
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
oo белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған төлемдердің пайыздық қатынасы;
oo белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
oo орындалған жұмысты талдау.
Алдын - ала төленген төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде жоғары деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады, яғни ол шығынның орнын жабады.
Жылдық жиынтық табысқа келесілер кіреді:
1. Тауарларды (жұмыс,қызмет көрсету) сатудан түскен табыс.
2. Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сонда-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сатқындағы бағаның өсуінен түскен табыс.
3. Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыс.
4. Күмәнді міндеттемелердің орындалмауына байланысты түскен табыс.
5. Мүлікті жалға беруден түскен табыс.
6. Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекеклеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыстар.
7. Қарызды талап етуді басқа біреуге тапсырудан түскен
8. Кәсіпкерлік іс-әрекетті шектеу немесе тоқтатуға келіскеннен түскен табыс.
9. Ішкі топтағы құндық теңдестігіндегі бағалап істеп шыққан активтердің бағасының жоғары болуынан түскен табыс.
10. Кен орындарын игергенде пайда болған зардаптарды жою үшін кеткен нақты шығындар сомасынан оны жойю қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар.
11. Ортақ меншікті бөлгендегі табыс.
12. Бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және жазалау шаралардың (санкциялардың) басқа да түрлері, егер бұрын осы сомалар шегеріліп тасталмаған болса.
13. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтелімнен түскен табыс.
14. Тегін алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер.
15. Девиденттер.
16. Пайыздар түріндегі табыс.
17. Оң бағандық айырмасының теріс бағандық айырма сомасынан асып түсуі.
18. Ұтыстар.
19. Роялти.
20. Табыстың әлеуметтік саладағы нысандарды пайдалануға кеткен шығындардан артып түсуі.
21. Басқа да табыстар.
Жылдық жиынтық табыстың түрлеріне түсініктеме берейік.
1. Тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатудан түскен табыстар.
Егер мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен аксизді қоспағанда, ҚР-ның трансферттік бағаларды қолдану кезінде, сатылған тауарлардың орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны оларды сатудан түскен табыс болып табылады.
Тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатудан түскен табыс:
тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған кезде;
мәміле шарттары өзгергенде;
сатылған тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін бағалар, өтемдер өзгерген кезінде;
теңгемен төлеген кезде сатылған тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.
Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
1. Үйлерді, ғимараттарды құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сатқандағы бағаның өсуінен түскен табыстар.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, құн өсімінен түсестін табысы үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, амортизацияға жатпайтын басқа да активтерді сату кезінде пайда болады.
Амортизацияға жатпайтын активтерге:
жер телімдері;
құрылысы аяқталмаған нысандар;
орнатылмаған құрал - жабдықтар;
салық төлеушілерінің тауарларды өндіруде, жұмыстарды орындауда, қызметтерді көрсетуде пайдаланбайтын негізгі капитал мен материалдық емес активтері;
құнды қағаздар;
кез-келген ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды - тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесі;
ҚР-нің 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын толық құны шегерімге жатқызылған негізгі капитал;
Инвестициялық салық префенциялары бойынша құны шегерімге жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген және тіркелген активтер жатады.
Активтерді сатқандағы бағаның өсімі аталған активтерді сату құнымен олардың теңдетік құнының арасындағы айырмашылық айырмасында анықталады.
Активтер сатылған айдың бірінші күнінде бухгалтерлік теңдестікте көрсетілген құны олардың теңдестік құны деп аталады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезінде құн өсімі сату құны мен салық есебінде айқындалатын қалдық құнының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Құнды қағаздарды сату кезіндегі құн өсімі мыналар:
oo Борыштық құнды қағаздарды қоспағанда құнды қағаздар бойынша - сату құны мен иемденіп алу құны арасындағы оң айырмасы;
oo Борыштық құнды қағаздар бойынша сату күніндегі дисконт амортизациясы және сыйлық ақы ескерілген, сату құны мен иемденіп алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.
1. Міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыстар.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстарға жататындар:
Салық төлеушінің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін есептен шығару арқылы табылатын табыстар;
Күмәнді деп табылған міндеттемелерді қоспағанда, ҚР-ның заң актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару
Сот шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару.
Міндеттемелерді есептен шығару нәтижесінде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең болады.
1. Күмәнді міндеттелемелер бойынша түсетін табыстар.
Туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп аталады. Кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған мөлшерлеме бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуды қалпына келтіруі тиіс. Қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылуға тиіс.
2. Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар
Заңды тұлғалар қосымша салық салу нысандарын (мәселен, жылжымайтын мүліктер: ғимарат, қойма, гараждар және жылжымайтын мүліктер) жалға беруден де табыс табады.
6. Банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар.
Борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерінен аз болған жағдайда банк қосымша табыс табады. Сондықтан оны провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыс деп атайды. Бұл ретте, борышкер орындалған талап сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі. Сондай-ақ, цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, жаңалық шарты, талап құқығын басқаға қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта саралау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы да табыстар деп танылады.
7. Борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар.
Салық төлеушінің негізгі борышты талап етуі бойынша борышкер төлейтін сома, ол негізгі борыштан тыс төлейтін соманы қоса және салық төлеушінің борышты иемденіп алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалатын табыстары борышты талап етуін басқаға беруден түсетін табыстар деп аталады.
8. Кәсіпкерлік іс-әрекетті шектеу немесе тоқтатуға келіскеннен түскен табыстар.
9. Ішкі топтағы құндық теңдестіктегі бағадан істен шыққан активтердің бағасының жоғары болуынан түскен табыстар.
Егер ішкі топтағы істен шыққан активтерінің құны салық кезеңінің басында ішкі топтың теңдестік құнынан асып түссе, салық кезеңінде келіп түскен және тіркелген активтер құны есепке алына отырып, артық және тіркелмеген активтер құны есепке алына отырып, артық мөлшері жылдық жиынтық табысқа енгізіледі. Осы ішкі топтың теңдестік құны салық кезеңінің аяғына қарай нөлге тең болады.
10. Кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығындар сомасынан кең\н орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар.
Егер кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығындар аталған қорға жасалған аударымдардан төмен болса, айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізіледі.
Егер жер қойнауын пайдаланушы тиісті мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен кен орындарын игеру зардаптарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде, кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі жұмысты жүргізбеген жағдайда, кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік қор) аударымдар сомалары олар жүргізілуге тиіс салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізіледі.
11. Ортақ меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар.
Қатысу үлесі - жеке және заңды тұлғалардың бірлесіп құрайтын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі.
12. Бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және жазалау шаралардың (санкциялардың) басқа да түрлері, егер бұрын осы сомалар шегеріліп тасталмаған болса.
13. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша алынған өтемдер. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша алынған өтем түрінде алынған табыстарға:
* Бұрын шегерімдерге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген күмәнді деп танылған талаптардың сомалары
* Мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды өтеуге арнап алынған сомалар
* Бұрын шегерімдерге жатқызылған шығындарды (залалдарды) өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.
Алынған өтем ол өтелген салық кезеңінің табысы болып табылады.
Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекеті аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиіс және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомалары олар сақтанушыға қайтарылған есепті салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады, сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттің орган белгілеген тәртіп пен нысанда өзінің тіркелген жері бойынша салық органдарын табыстың пайда болуы туралы міндетті түрде хабардар етеді.
14. Тегін алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер.
Тегін алынған мүлік - салық төлеушінің ақысыз алған кез - келген мүлік, сондай - ақ орындалған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері.
Салық төлеуші тегін алған кез-келген мүлік, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілген қызметтері оның табысы болып табылады.
Мыналар:
* жарғылық капиталға салып ретінде алынған мүлік;
* мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған субсидиялар табыс ретінде қаралмайды.
15. Дивидендтер.
Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөленетін таза пайданың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салып ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар.
16. Пайыздар түріндегі табыс.
Пайыздар түріндегі табыс - несиелер үшін; қаржы лизингі бойынша немесе сенімгерлік басқаруға берілген мүлік үшін; депозиттер бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт, не купон.
17. Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі.
Бағамдық айырма (оң, теріс) - шетелдің валютасымен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма .
Бұл айырма бугалтерлік есепте шетелдік валютамен жасалған операцияанык өрсету нәтиежиесінда операция жасалған құны мен осы операцйя бойынша есеп айырысқан құнның арасында пайда болады.
18. Ұтыстар.
Ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда, фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық құнды қағаздар бойынша ойындарды қосқанда, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушілер алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез-келген түрлері.
19. Роялти.
Роялти - мынадай құқықтар үшін төленеді:
* біріншіден, пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу үрдісінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
* екіншіден, авторлық, бағдарламалық құқықтарды қамтамасыз етуді, патенттерді, сызбаларды, үлгілерді, тауар белгілерін және басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін, өнеркәсіп, сауда немесе ғылыми - зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін, ноухауды пайдаланғаны үшін, кинофильмдерді бейнефильмдерді, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.
20. Әлеуметтік сала нысандарын пайдалану кезінде алынған табыстардың шығындардан артығы да табыс болып саналады.
1995 жылы 24 сәуірдегі Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жылдық жиынтық табысқа табыстың барлық түрлері, оның ішінде:

1) еңбекақы түрінде алынған табыс;
2) кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс;
3) жеке тұлғалардың мүліктік табысты деп үш топқа топтаған.
Ал, енді жылдық жиынтық табысқа салық кодексі бойынша келесі түзетулер жасалуға тиісті:
* Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, ҚР-ның резидент заңды тұлғасының алған дивиденттері;
* Эмитент өз акцияларын орыналастыру кезінде олардың құнының номиналдық құнынан асқан мөлшері және өз акцияларын сатқан кезіндегі құнның өсімі;
* Қор биржасының А және В ресми тізімдерінде тұрған акцияларынмен облигацияларды сату кезінде пайда болған құн өсімінен алынған табыс;
* Мемлекеттік құнды қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
* Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезінде ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны;
* Мемлекеттік органнан немесе Үкіметтің шешімі бойынша мемлекеттік кәсіпорынның ақысыз алған негізгі капиталдың құны;
* ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына құйылған инвестициялық табыстар;
* ҚР-ның міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға жіберілген инвестициялық табыстар алып тастауға тиіс.

1.3. Түзетілген жылдық жиынтық табыстан алынатын шегерімдер

Салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты салық салынатын табыстың базасын анықтау үшін түзетілген жылдық жиынтық табыстан болған шығындары алып тасталынады және оны шегерім деп атайды.
Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығындарды растайтын құжаттары болған кезде ғана шегерімдерді салық төлеуші өзі анықтайды.
Бұл шығындар болашақтағы кезеңдердің шығындарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегеруге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығындар қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегеріледі.
Егер шығындар бірнеше баптар бойынша көрсетілетін болса, онда ол салық салынатын пайданы есептеу кезінде тек бір рет қана шегеріледі.
Мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиістілерін қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегеріп тасталады.
Шегерімге жататындар:
1. Қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығындар бойынша өтемдер сомаларын шегеру
2. Сыйақы бойынша шегерімдер
3. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер
4. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер
5. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер
6. Ғылыми-зерттеу, жобалау , іздену және тәжірибе - конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындар бойынша шегерімдер
7. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығындарды шегеру
8. Әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындарды шегеру
9. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері
10. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерімдер
11. Салықтар шегерімі.
Шегерім түрлеріне түсініктемелер.
1. Қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығындар бойынша өтемдер сомаларын шегеру.
Қызметтік іс-сапарлар кезіндегі шегерімге жататын өтемдерге:
А) бронь үшін төлем ақысын қоса алғанда, іс-сапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты болған шығындар;
Ә) бронь үшін төлем ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты болған төлемдер;
Б) ҚР-ның шегінде іс-сапарда болған уақытында тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленетін тәуліктік ақы;
В) ҚР-ның шегінен тыс жерлерде іс-сапарда болған кезде ҚР-ның Үкіметі белгілеген мөлшерлер шегінде төленетін тәуліктік ақы жатады.
Салық төлеушінің өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатындағы өкілдік шығындарға жататындар:
* Адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету;
* Акционерлер жиналысын және директорлар кеңесін өткізу
* Тексеру комиссиясының отырысына келген қатысушыларды және оларға қызмет көрсетуге жұмсалған шығындары;
* ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялық табыс салығы
Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі
Корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Шығындарды пайдаға қосу уақытына байланысты кезеңдік айырмашылықтар
Салықтар шегерімі
Жылдық жиынтық табыстың бухгалтерлік есептегі мәні
Ұзақ мерзімді несиелерді беру
Ұйымдағы бухгалтерлік есепті және салықтық есепті жүргізудің теориялық негіздері
Салық есебінің тіркелімдері
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Пәндер