Менеджменттің негізгі функциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Басқару - бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайды. Жоспарлы оперативті шешімдердің белгісі,олардың ілесіп отыру тәртібі.
Менеджмент - игерудің басты міндеті басқарушының қызметіне ықпал ететін және анықтайтын факторлармен,басқарудың қазіргі кездегі амалдарымен,басқару қызметінің негіздерімен,олардың функцияларымен танысу.
Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады. Экономикалық саясатта өзгерді. Дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады.
Басқару теориясы ғылым ретінде (оның анықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болып және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістер енді.
Басқару әр түрлі теорияларды,жинақталған әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым және адамдар ортақ мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етіп, осы қарым - қатынас жүйелерін барлық адамзат неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысу.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - менеджмент түсінігін толықтай талқылау , басқарудың түрлерін әдістерінің мәселелері мен және оны пайдалану жолдарын қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты - басқарудың әдіс -тәсілдерін талдау, ұйымдастыру және факторларын бөлу , бақылау мен мотивация түрлерін ашып көрсету мен жетілдіруін көздейді.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Менеджменттің дамуының түрлі сипаттамалары мен басқару амалдары туралы қысқаша мәліметтерді ашып көрсетіу, мотивация басқарудың қаншалықты байланысты екенін толықтай түсіндіру.
2. Менджменттің негізгі функциялары мен саясатқа мән беріп,қызметің негізгі бағыттарын және менеджердің базалық сапасын анықтау.
3. Мотивация теориясының негізгі топтарын анықтау,басқаруды мотивация арқылы жүргізуді түсіндіру,қазіргі басқарудың болжау мен мен үлгілеуді толықтай ашу,бақылау туралы түсіндіру.
Курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде менеджмент түсінігі мен, міндет мақсаттарын қарастырдым, екінші бөлімде басқаруды ұйымдастыру мотивация негіздерін қарастырдым.

I.Менеджменттің міндеттері мен негізгі функциялары

1.1 Менеджмент негіздері мен міндеті, мақсаты

Менеджмент(ағылшын тілінде- manage)басқару деген мағынаны білдіреді. Менеджмент түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Мағынасы бойынша менеджмент термині басқару терминімен ұқсас. Басқару(басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:
* Менеджмент - бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі,функциясы, басқару.
* Менеджмент - бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән.
* Менеджмент - басқару бойынша жұмыс жасауының әлеуметтік табы.
ХХ ғасырдың 90жылдарында менеджменттің дамуында 3 үрдіс сипатталады:
1. Басқару процесінің механизациясы мен автоматтизациясы басқару еңбегіне механикалық құрылғыларды, компьютерлерді,басқарудың қазіргі кезде қолданылатын құралдары,басқа да ұйымдастыру техникаларын енгізуді сипаттайды:қазіргі кездегі өндірістің материалды-техникалық негізінің маңыздылығынбілу және қызмет көрсету. Өндірістің технологиялық факторын ұтымды пайдалану.
2. Басқарудың демократизациясы жұмысшылардың өндірісті басқаруға өз ұсыныстарын беру,сапа үйірмелеріне қатысу, шешім қабылдауды ұжымдық әдісте өткізілген уақытта менеджерлерге көмек беру арқылы пайда болады. Басқарудың демократизациясы - ұйым тиімділігін жоғарылату жолы, қазіргі менеджменттің ерекше қасиеті. Экономикадағы демократия жетекші мен қызметші арасындағы іскерлік байланысты дамыту.
3. Менеджменттің интернационалдылығы - еңбекті мемлекетаралық бөлудің өсуі себебін ұйымды басқарудағы интернационалдық фактор рөлінің күшеюін, сонымен қатар халықаралық бәсекенің ұшталуын сипаттайды.
Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам. Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамымынадай компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, қызметшілерді басқару технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржыны басқару, материалдық-техникалық жабдықты басқару,өнімді өткізуді басқару,жылжымайтын мүлікті басқару, жаңартпашылық менеджмент, өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.
* Стратегиялық менеджмент - басты стратегиялық шарттардан құру және жету. Мақсаткерлікті та таңдау, оқиғалық анализ,стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджментке жатады.
* Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құраушы. Ұйымның барлық мақсаттары адамдар арқылы жүзеге асады.
* Технологиялық процесстерді басқаруда машина, аппартура механизмдер сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.
* Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті - шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімділік пен қамтамасыз ету реттеледі.
* Материалдық техникалық жабдықты басқару шикізатты , материалдарды,құрал-саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтау қаматамсыз етеді.
* Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторинг қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.
* Жылжымайтын мүлікті басқаруды эксплуатация, сату, сатып алу, айырбас , жал және жылжымайтын мүлікпен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталады.
* Жаңартпашылық менеджментті дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарлату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістер жоспарланады,ұйымдастырылады, ынталандырылады және бақыланады.
* Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы фирманың бәсеке тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.
Ғылыми басқару мектебі:
* Ғылыми менеджменттің әдістеменің алғашқы фазасы жұмыстың мазмұнын талдау және оның негізгі компоненттерін анықтау;
* Жұмыс операциялары оның неғұрлым тиімді орындалуына байланысты өзгеру;
* Бұл операцияларды шығару нормаларын құру;
* Жұмысшылардың өнімділігінің молаюы мен өндірістің көлемінің өсуіне қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында қолданылуы;
* Жұмысшыларды оқытуға көп мән беру;
* Басқару функцияларының жұмыстың нақты орындалуын жоспарлау;
Басқарудың халықаралық сипатының күшеюі. Көптеген индустриалды елдердің ашық экономикаға өтуі, халықаралық бәсекенің рөлінің жоғарылауы; өндіріс корпорациясы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, басқарудың интернационализациясы басқарудың теориясы мен тәжірибесі алдына көптеген міндеттер қояды. Олардың маңыздылары:

* Ортақ заңдылықтарды басқарудың формалары мен әдістерін бөліп шығару;
* Әр түрлі елдердің нақты бір диапазонында қызмет ететін басқарудың ерекшеліктерін бөліп шығару;
* Сыртқы экономикалық қызметтегі басқару функцияларын орындау, басқарудың ұлттық стильінің ерекшеліктерін бөліп көрсету.

Басқару амалдары

Табысты экономиканы құруға байданысты барлық міндеттерді ХХІ ғасырдың өзінде шешу керек.Бірден бір маңызды құралдардың бірі болып менеджмент табылады. Алдымыздағы жүзжылдық басында бизнес қарамағында менеджменттің екінші мыңжылдықтың ақырғы жылдарында қолданылған жаңалықтар болады. Қазіргі менеджерлер қызметінің басты міндеттері болып келесі принциптік негіздер табылады:
1.Менеджменттің классикалық мектеп ұтымдылығынан бас тарту. Барлық компониялардың жетістігі фирмадан тыс айнымалылардан тұратын және кәсіпорын менеджменттіне тікелей әсер ететін сфераға жатқызылған сыртқы ортаның үнемі болып тұратын өзгерістері- икемділік пен бейімділікке байланысты. Сыртқы орты ұйымның стратегиясы мен тактикасын қалыптастырады.
2.Басқаруда жүйелер теориясын қолдану. Басқарудағы жүйелік амал маңызды жағдайларды еске ала отырып шешім қабылдауды қарастырады.

Менеджменттегі жүйелілік:

Жүйе - өзара байланыстың біртұтастық ретінде қарастыратын бөлек элементтердің жиынтығы. Жүйелілік басқарудың барлық элементтерінде болады. Жоспарлауға бақылауға, ұйымдастыруға,мотивацияға шешім қабылдауға қолданылатын әр түрлі жүйелер - фирманың ең қозғалыстағы құралы. Мақсаттар жүйесі іскерлік бекітулер,принциптер, рухани бағалықтар,ұзақ мерзімді мақсаттардан тұрады.

Компанияның жалпы жоспарлау жүйесі:
Жоспарлау деңгейлері: стратегиялық жоспарлар, тактикалық жоспарлар, оперативті жоспарлар, талдау, талдамалар маркетинг. Фирманың жетуге тырысатын көрсеткіштер жүйесі: фирманың өсімі, рентабельділік, төлем қабілеттілік, нарық үлесі, икемділік тұрақтылық.
Бақылау,мотивация жүйесі.
Басқару жүйелері- мақсатқа жету үшін басқару процесін жүзеге асыратын жүйе.
Ұйымды басқару жүйесі. Басқару жүйесінің құрамы:
* Басқару субътілері - басқарушылық құрал жасап, объектіге берушілер;
* Басқару объектілері - ойлаған қорытындыға келетін жүйе бөліктерін көрсетуші басқару жүйесінің бөлімі.
Басқару - белгілі бір бағыттағы іс- қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы. Менеджмент- ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық,қаржылық, ақпараттық ресурстармен басқаруды игереді. Менеджмент дегеніміз - бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы. Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:
* Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғарғы маманды болуын қамтамасыз ету;
* Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбекақы мен ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;
* Фирма қызметінің тиімділігін бақылау бөлімшелер жұмысын біріктіру;
* Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;
* Нақты мақсаттарды анықтау;
* Мақсаттардың басымдылығын олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;
* Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.
Нарық жағдайында басқару былайша құрылған:
* Нарықтың сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;
* Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуда;
* Шаруашылық өздігінде, соңғы нәтижесінде болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;
* Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;
* Шешім қабылдау кезеңінле көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.
Басты негіздері адамдық фактордың рөлі мен маңыздылығын ұйымның тиімділігінің негізгі элементі ретінде түсіну және адамдарға өзінің мүмкіндіктерін ашуына көмектесу болды.

1.2 Менеджменттің негізгі функциялары

Менеджменттің жүйесі функцияда басқару қызметінің жіктеуін қарастырады. Анық жіктелген функция басқару ғылыми және жаттығулық негіз үйымды құруды, ұйымның құрылуы мен басқарылуын қарастырады. Менджментте еңбектің бөлінуінің әсер ету - жеке функциясын өндіріспен басқарылуы. Менеджмент функциясы басқаруқызметін атқарады, сол арқылы ұйымның іщкі жүйесін сыртқы ортаның жүйесі құрылады. Менджмент функциясының маңызды бөлігі болып жоспарлау саналады. Жоспарлау мақсатты анықтау және оның орындалуының жолдарын қарастыру. Жоспарлау ұйымның әртүрлі деңгейін қамтып ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарлауда (15-20 ж) фирманың мақсаты мен стратегиясы анықталады. Ал орта мерзімді жоспарлау (5 жылға дейін) қай жол арқылы мақсатқа жетуге болатынын шешу. Бұл жоспарларда ортақ кадрлық саясат, ортақ өндірістік стратегиягны, ортақ қаржылық саясат, ортақ маркетингілік саясат анықталады. Қысқа мерзімді және ағымдағы жоспарлау (1 жылға) ширек, айға байланысты бірнеше формаға ие. Оның бірі ортақ мерзімді жоспарлауды нақтылап және қысқарту. Сонымен қатар бір жылға өндірістік жоспар, қаржылық жоспар маркетинг бойынша жоспар құрылады. Ағымдағы жоспарлаудың үшінші формасы саясатты формалдау, механизмді бақылау, болашақта болатын жағдайларға байланысты болатын жағдайларға байланысты алдын ала компонияның жағдайын дұрыс анықтап алу қажет. Ағымдағы жоспарлаудың үшінші формасы ол бюджеттік жоспарлау. Бюджет қаржылық жоспарды көрсетіледі. Әр кезде бджеттің әр түрі қолданылады: - кіріс пен шығындар сметасы; - уақыт жоғалту мен материалдар сметасы; - капиталды щығындардың сметасы; - кассалық бюджет; - баланстық смета. Бюджет ұйымның әртүрлі жақтарын зерттейді.
Саясат - ол қайталанатын екінші ретті шешімді қабылдау параметрлері қойылатын талапқа сай жағдай. Саясат қызметінің пайда болуы бойынша нұсқау береді, ал негізінде тұрақты жоспардың бір типті түрі болып табылады. Процедуралар (стандарттық нұсқаулар) жеке тапсырмаларды анықталған міндеттемелерді орындау кезінде бірнеше этаптан тұратын іс- әрекет жоспарын көрсетеді.Егер берілген нұсқауды қызметкер орындамаса, ол өзі әр төленбеген бөлме үшін жауапкершілікті өзіне алады. Стратегиялық жоспарлау - стратегияны қалыптау бойынша жасау процесі, ұйымдағы әр қызметкердің атқаратын мәнін анықтау. Ұйымдағы стратегияны өңдеу - стратегиялық жоспарлаудың өзі үшін ғана жасалған емес.

Ол өте күрделі және көп еңбекті керек ететін жұмыс, егер стратегия табысты іске асып жатса, маңызға ие болады, стратегиялық жүзеге асып жатқанын бақылау үшін және алға қойған мақсатқа жетуіне сенім болу үшін , ұйымдағы басқарушылар жоспар, бағдарлама, жобажәне бюджет жасауы керек, және оларды бақсарып отыруы керек.
Қызметтің негізгі бағыттары
Ұйымның даму жоспары
Тактикалық жоспары

Диверсификация жоспар
Жоюшылық жоспар,
ҒЗЖ жоспары
Маркетинг бойынша жоспар
Қаржылық жоспар
Өндірістік жоспар
Сатып алу жоспары
Бизнес жоспар
Жоба бағдарлама және жоспар
Жоба - бағдарлама және жоспар

Стратегиялық жоспар жүйесін функционалдау нәтижесі стратегиялық шешім бір-бірімен байланысты жоспарлау құжаттар жиынтығы, оларды стратегияның шешім мен қорларды үйлестіру көрсетілген. Ұйым болашақтағы өзгерістерді аянбай күтіп алу үшін ең маңыздысы мақсатты стратегияны, бағдарламаны анықтау, қорларды үйлестіру болып табылады. Ал бұл өзгерістен стратегиялық жоспардың маңызды нәтижесі ретінде қызмет етеді және ғылыми- зерттеу жоспары жұмысы (ҒЗЖ) болып кірісуі мүмкін. Өнімнің диверсификациясы, жаңа өнімді бекіту және пайдасыз өндірісті жою мәслесі. Қазіргі заманғы ұйымда 4 бір-бірімен байланысты жоспар өңделуі керек. 1.Қызметтің негізгі бағыттарды ең маңызды болып 10-15 жылғы , кейде одан да көп жылдық стратегия болып табылады. 2. Ұйымның даму жоспары 1 жылдан 5 жылға дейінгі уақыт аралығында. Стратегиялық жоспарлардың маңыздысы өнімді толық жетілдіру, және жаңа технология мен жаңа өнім шығаруға аусыу. 3.Тактикалық жоспардың ұйым ағымының қызметін белгілеу. 4.Мақсаттық мінез ұстайтын, бағдарлама, жоба - жоспарлар : жаңа өнім, өндіру және технология , өндірістегі шығынды азайту, экология қорларын үнемдеу, нарыққа кіру және т.б. Бірінші екі топ стратегиялық жоспардың негізгі өнімі болып табылады. Бұл жоспарлар тактикалық және жоба - жоспарларға қарай өзгеруі керек, себебі 1 - ші екі топ осылар арқылы іске асады. Тактикалық жоспар және жобалар жарым- жартылай стратегиялық жоспарлау жүйесіне кіреді. Қызметтің негізгі бағыты.Бұл жоспар да стратегиялық деп аталады. Ол барлық жоспарлардың шыңы деп аталады, себебі ол ұйымның мақсаты мен стратегиясын белгілейді. Бұл жоспар басқа жоспарларға жөн табуға көмектеседі. Бір уақытта ол қызмет бағыттарында және нарықты шешім қабылдағанда шек қояды.
Ұйымның даму жоспар. Ол жаңа өнім шығару мен қызмет көрсету де қандай шара қолдану керек екенін анықтайды және жаңа позицияға шығудың нақты жолдарын көрсетеді. Даму жоспары мен сұрақтарға жауап береді.

Даму жоспары өңдеу үшін жөн табуға қызмет етеді: а) диверсификация жоспары, шығарып жатқан өнімді толықтыру және алмастыру үшін жаңа өнім түрін көрсетеді; б) жою жоспары, бұнда ұйым қай элементтен құтылу керегін көрсетеді; Тактикалық жоспар. Бұл жоспарды сонымен қатар ағымдағы қызмет жоспары және табыс жоспары деп те атайды. Олар шығарып жатқан тауар мен қызмет өндірістік жаңа нарыққа кіру шарттарына бағытталған Ағымдағы қызмет жоспары әр функционалдық зонаның жоспарымен күшейеді: қаржы, өндіріс, сатып алушылар және т.б. Бұл жоспарлар стратегиялық жоспардың бөлігі болмаса да, стратегиялық жоспарға байланған. Тактикалық жоспар стратегиялық жоспардың іске асуына негізгі құрал ретінде жұмыс істейді, және ең соңғыларыдан ерекшеліктері бар оны біз жаттығулық жұмыста есепке алуымыз керек. Олар: - тактикалық жоспарлар толығымен стратегиялық жоспарлармен өңделеді; - тактикалық жоспарды өңдегенде мынадай принцип ұсталынады: Кім жоспарды орындайтын болса, сол оны өңдейді. Басқалай айтқанда егер стратегиялық жоспарды және шешімді ұйымдағы жоғары басқару қабылдаса, онда тактикалық жоспар орта басқару деңгейінде өңделеді; - тактикалық жоспар, ереже бойынша қысқа мерзімге жасалында стратегиялыққы қарағанда, сондықтан оны жүзеге асыру тез және шыққан өзгерістерге байланысты тез шара қабылданады. Нарық экономикасына өту шартында тактикалық жоспардың құрылымы өзгереді, өңдеу әдісі және негізгі бөлімдерді ойлап табу. Сонымен ұйымның жылдық жоспары ереже бойынша төрт негізгі бөлімді кірістіреді: маркетинг бойынша жоспар, қаржылық жоспар, өндіріс жоспары, сатып алу жоспары. Нарықтық даму қарым-қатынасы этапына байланысты және фирма қызметінің қалыптасқан ішкі шарты бойынша, жоспар бөлімін табады және оның маңызы өзгереді. Бірінші орынға сату жоспары және қаржылық жоспары жіне өндірістік шығуы мүмкін. Әр стратегияның жоспары міндетті түрде бағдарлама жинағымен және жоба жоспарымен бекітіледі. Жоспардың бейімділік негізі. Олар иілгіш және күтпеген ішкі факторлардың өзгерістеріне бейім болуы керек. Сосын стратегиялық жоспардың бейімділігін, мінезін қаматамасыз ету үшін жоспардың барлық түрлеріне, соның ішінде ерекше тактикалық жоспар күтпеген жағдайда қандай іс-әрекет қолдануы қарастырылады.
Бұл іс - әрекеттер белгілі әдістемелік қабылдау жағдайының жоспарлауы арқылы іске асырылады. Стратегиялық жоспарлау өзінің табиғатына тән ұсынысқа,кеңеске, болжауға сүйенедіжәне оған кейде тәуекел етуге тура келеді. Сондықтан ұйым басқарушылары олардың байсалды ойлары болмай қалған жағдайда не істеу керек екенін білулері керек. Жағдайлық жоспарлар қандай дәрежеде ұйымың мақсаты мен келетінін анықтайды.
Жағдайылық жоспар артық жоспарлар жүйесі болып табылатын ұйымды ішкі ортаның өзгеріске дұрыс шешім қабылдайды, икемделеді.
Бұл реакция барлық жоспар жүйесінде көрінеді және өз алдына жағдай жоспар жиынтығын көрсетеді, ұйымның ішкі ортасында пайда болған әрқайсысы белгілі бір жағдайға қызмет жасайды. Жоспарлар жүйесі, бағдарлама, жобаны басқарудың негізгі функциясын орындауымн бірге стратегиялық және тактикалық қорларды бөлу құралы болып табылады.
Ұйым келесі іс-әрекетке деген үшін көрсеткіші анықтау мен қорларды бөлудің бірнеше жүйесі бар. Бірінші жоспарлау этапында эксперттердің бағасы пайдаланады, бюджеттің нормативінде сүйенген әр түрлі күрделенген әдістер қолданылады. Формальды жоспарлардың кең тараған әдісі болып, бюджетті өңдеу болып табылады, ол әр түрлі жоспарлардың қиысуымен қорлардың бөлінуі. Болашағы бар жоспарлардың отандық жаттығуда, қаржылық дамудың негізгі көзі мемлекеттік бюджет болғанда, олардың мақсаттары үшін шығын сметасы өндірілді. Бюджет артықшылығы тек қандай және қанша қорлар керек деген сұраққа ғана жауап бермейді, сонымен қатар олардың толықтыру көзін көрсетеді. Бюджеттік мән сызығы қорлардың бағасы және мақсат болып саналады.Көп жағдайда бюджеттер құндық көрсеткіштер өңделеді және бағаланады, бірақ кейде уақытша, еңбектік және табиғилар қолданылады. Бюджеттік сандық көрсеткіштері бар басқарушыға ұйым жұмысының әр түрлі аспектілерге бағалауға, салыстыруға мүмкікндік береді.Бюджетті өңдеу - күрделі және жауапкершілікті талап ететін жұмыс, ол стратегиялық жоспарландыруда орындалады. Ол ұйым басқарушыларының фирманың ортақ міндеттемелерімен стратегиялық шаруашылық бөлімшелері (СШБ) мен эеке бөлімшелердің мақсаттарын хабарлаумен басталады. Сосын СШБ және бөлімшелер алдын ала сметалар өңдеуге және бюджетті оның жоспарлық кезеңге байланысты өңдеуге кіріседі.Бұл құжаттар СШБ жоспарларына кіргізіледі және керекті жөндеулермен бюджетті нақтылау бойынша басқару бұйрықтарын жақсылап зерттеп содан соң, басқарушыларға беріледі. Бұл есеп айтылған әдіс бойынша шешілуі мүмкін. Берілген жұмысты орындауға сетевой график бойынша қорларды қайта бөлу әдісі ыңғайлы құрал болып табылады. Стратегияны жоспарлау - көп күшті уақытша керек ететін басқарушылық қызмет түрі. Стратегиялық жоспарлаудың функциясын адамдар жасайтын болғандықтан, жоғары да көрсетілгендей бұл үрдіс құрылу керек және оны басқару қажет. Стратегияны жүзеге асырудағы басқару, басшыларды жәнебарлық деңгейдегі жұмысшыларды ынталандыру арқылы жасалуы қажет. Бұл жерде ұйымдық- психологиялық климат жасап соны ұстап тұру қажет және мақсатқа лайықты жұмысшыларға әрқашан өзгерістер ұйымның анық дамуы, сондықтан мұндай өзгерістерге олар дайын болуы қажет. Жоспарды бағалау - жұмыстың нәтижесі мен мақсаты арасындағы айырмашылықты салыстыру арқылы жүргізіледі. Бағалау процесі жоспарды қайта қарау мақсатында пайдаланылады. Нәтижелі болу үшін, бағалау жүйелігі үздіксіз жүргізіліп отырылуы қажет.

1.3 Менеджердің базалық сапасы

Менеджерлер (басқарушы) қазіргі өндіріс шарттарында басқару бойынша мамандар. Өзіндік профессионалды қызмет ретінде менеджмент, менеджер өзі істейтін фирма капиталы меншігінен тәуелсіз. Менджер ретінде жұмыс істей отырып, оның қолында фирма акциясы болуы да болмуы да мүмкін. Менеджер еңбегі - барлық өндіріс процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жоғары маманданған деңгейі бар өндірістің жоғары техникалық комбинациялау шарттарында пайда болатын өндіріс еңбегі. Сондықтан менеджмент менеджер жетекшілігінде істейтін жалпы кәсіпорында өндіріс бөлімін немесе фирманы басқаратын маркетологтар, экономист, қаржы қызметкерлері, логистік, жобалаушы, инженерлер сияқты әр түрлі мамандық қызметкерлерінің басын қосады.
Менеджер түсінігі - бұл тұрақты қызметте отыратын және фирма қызметінің нақты бір түрлері бойынша шешім қабылдау саласында өкілеттерді жүктейтін жетекші немесе басқарушы. Менеджердің қабылдайтын шешімдері негізделген деп есептеледі.
Менеджер термині кеңінен және ол мыналарға қолданылады: - иелік бөлімшелер немесе мақсатты - бағдарлама топтарының нақты жұмысын ұйымдастырушысына; - жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелерінің жетекшісіне; - қол астындағыларға көңіл бөлу жөнінде, жетекшіге; - қазіргі әдіс-тәсілдерге сәйкес жұмыс ұйымдастыратын басқарудың кез келген деңгейінің әкімшілігіне. Тәуекел нарығына сипаттас, және жағдайдың белгісіздігі менеджерлерден қабылданатын шешімдерге жауапкершілік пен сезімдік жұмыс істеуін талап етеді. Жаңалық енгізуге қатысты оптималды ұйымдық және ғылыми - техникалық шешімдерді іздеуге мүмкіндік жасайды. Кез келген денгейдегі менеджерге мынандай талаптар қойылады : - кәсіпорынды басқару саласында жалпы бөлімнің болуы; -фирма қызметтінің түрі мен сипаты қай салаға қатысты болса, сол саладағы ондіріс техналогиясындағы компетентілік; - кәсіпкерлікпен қатар, әкімшілік саласындағы тәжирибенің болуы, нарықтағы жағдайды білу, бастама ұсыну шеберлігі, қолданудың табысты саласына фирманың ресурстарын қайта бөлу; -төменде тұрған жетекші мен қызметкерлердің келісімі негізінде компетентті және негізделген шешімдерді кабылдау, оны орындауда әр қызметкерді жұмысы бойынша бөлу; - жұмыс істеп жатқан не істейін деп жатқан негізі нарық немесе оның сегменттеріндегі экономикалық жағдайдын талдау саласында практикалык тәжірибе мен білімінің болуы; -бәсекелес фирмалардың қызметін және іс-әрекетін талдай білу.

Кез келген менеджерге қойылатын негізі талап адамдарды басқара білу шеберлігі.
Кез келген менеджерге қойылатын негізгі талап адамдарды басқара білу шеберлігі . Оларға жататындар: - өзінің қоластындағыларының жақсы қабілелеттерін және оларға берілетін нақты жұмысты орындау мүмкіндігін білу. - кәсіпорын мен қызметкерлерді байланыстыратын шартарды білу, олардын құқығын әділ турде қорғау. - бірлікті сақтау және фирманың дұрыс қалыптасуы мақсатымен қабілетсіз қызметкерлерді жұмыстан шығару. Қорытынды қазіргі уақыт пен болашақта шебер менеджерлердің зерттеуімен соңғы он жылдықта басқарарушылық қызметке әсер ететін 11факторды бөліп көрсетуге көмектесті. 1.Стресс, қысым көрсету және белгісіздік көп жағдайды ұйым өмірі формасында кездеседі. 2. Дәстүрлі құндылықтар жеке пайымдау мен құндылықтардың өзгеруіне әкеп соқты. 3.Таңдау мүмкіндігі кеңінен таралуда.Сондықтан менеджерлерден орындалатын жұмыс мақсаты мақсаты мен өз мақсатын нақты белгілеу талап етіледі. 4. Ұйым жүйесі қазіргі талақа сай басқарушыға оқуға қажетті барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге шамасы қалмайды. Әр менеджер тұрақты өз өсуін, дамуын өзі қолдап отыруы қажет. 5. Мәселелерді шешу құралдары шектелгендіктен мәселе көбеюде және күрделенуде, сондықтан мәселені тез әрі тиімді шешу қабілеттіліг басқару тәжірибесінің ең маңызды бөлігі. 6.Әр уақыттағы тауар сатып алу нарығына энергетикалық ресурттар үшін күрес және пайда табу, жаңа идеялардың қажеттілігі. Басқарушылар өнертапқыш және жағдайдың өзгеруіне икемдігі жауап қайтара білу қажет. 7. Дәстүрлі иерархиялық қатынастар күрделене түсуде. Сондықтан тиімді басқару тура бұйрыққа бармай, айналасындағылар әсер етуде қолдануға шығарады. 8. Көп дәстүрлі мектептер мен басқару әдістері мүмкіндіктерін жоюды және қазіргі уақытпен болашаққа жауап бере алмайды. Сондықтан жаңа, қазіргі талапқа сай басқарушылық әдістері талап етіледі. 9.Қзыметкерлерді қолдану мен байланысты көп шығындар мен , қиындықтар болады. Нәтижесінде әр басқарушыдан адам ресурстардан жақсы қолдануды талап етеді. 10. Өзгерулердің масштабының өсуі жаңа дағдыны игеру жаңа ыңғайларды дамыту және ескі болудың мүмкіндіктерімен күресті талап етеді. 11. Күрделі мәселелер шешімді бірігіп іске асырып бірнеше адамдардың күш салуын талап етеді.

Болашакта менеджерлерден мынандай қабілеттіліктер болу керек :
oo Өзін басқару білу;
oo Парасатты жеке құндылықтар;
oo Нақты жеке мақсаттар;
oo Тұрақты жеке өсуде табындылық таныту;
oo Мәселелерді шешу дағдысы ;
oo Өнертапқыштық және инновациялық қабілеттіліктің болуы;
oo Айналадағыларға әсер ету қабілеттіліктің жоғары болуы;
oo Қазіргі уакыттағы басқарушы ыңғайларды білу;
oo Жетекшілік ету қабілеттілігі;
oo Қоластындағыларды дамыту мен үйрету қабілеттілігі;
oo Тиімді жұмыс топтарын құру және дамыту қабілеттілігі;
Менеджмент пен бизнес - бұл творчество, ал творчествоның бастапқы нүктесі - күтпеген ассоциацияның оңай жасалануы. Творчестволық ыңғайдың мәні мынада: бар тәжірбиенің реорганизациясы мен соның негізінде жаңа комбинациялардың қалыптасуы .Творчество шабланды стереотипті қызметтің антиподы болғандықтан және алдыңғыны қайталмайтындықтан да бір жаңа нәрсенің құрылуына әкеледі.
Менеджмент белгілі принципте негізделген творчество бұл принциптер:
1.Бір басшылық болу принципі. Бір басшы басқарса, адамдар оған жақсы жауап береді .
2. Мотивация принціпі. Менеджерлер қаншалықты марапаттау мен жазалау құрылымын іске асырса ,кездейсоқ жағдайлар есебімен қарастырса , барлық басқару жүйесімен интеграциаланады, мотивацияның да бағдарламасы тиімді жұмыс істейді.
3.Көшбасшы болупринципі адамдар өз қажеттіліктернің қанағаттану құралын кімнен көрсе, соның артынан жүреді және мотивациялық факторлар қалай жұмыс істейтінін білсе, басқарушылық функцияларды орындауда қалау көрінсе, солай олар тиімді түрде көсбасшы бола алады.
4.Ғылыми - принципі бұл принциптің мәні мынада басқарудың барлық жүйесінің құрылымы менеджмент ғылымның жаңалығында.
5.Жауапкершілік принципі. Жауапкершіліксіздікті жеңу белгіленген нұсқалардың материалды жүйе мен т.б . Жауапкершіліктің болуына негіз болады. Әр қызметкердің міндетіне сапалы орындауға жүктелген талапты жоғарлатуға бағытталған және нақты уақытында орындалатын бұйрық пен өкімдерді дұрыс жаза білу.
6. Дұрыс таңдау мен кадрларды бөлу принципі. Егер сіз адал бизнес жүргізсеңіз, профессионалды таңдау мен кадрлар бойынша кеңесшілердің сипаттамасы негізінде кадрларды таңдау іскерлік қасиет бойынша таңдалады.
7. Тиімді қолдау принципі. Пайда - бұл тек табыс емес,сонымен қатар адамдық және материалды ресурстарды қолдануға кеткен шығындар.
8.Кері байланыспен қамтамасыз ету принципі. Бұл жұмыс нәтижелері туралы бұрынғы жағдайы мен бірінші жоспарды салыстыруға көмектесетін ақпаратты алу.
II. Басқаруды ұйымдастыру және заманауи басқарудағы үлгілеу
2.1. Басқарудың ұйымдастыру: құрылымның бөлінуі мен құрылуы

Ұйымдастыру басқару функцияларының бірі ретінде көптеген міндеттерді жүйелі біріктіруі мен және сәйкесінше адамдардың қарым - қатынасы мен,орындаушылармен, тікелей байланыс функциясымен процессімен сипатталады.Ұйымды ұйымдастыру дегеніміз- кейбір құрылымды құру.
Ұйым - мақсаттарға жету үшін адамдардың бірігіп тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін кәсіпорын құрылымын құру процессі.
Ұйымдастыру процессінің екі аспектісі бар:
* Мақсаттар мен стратегияларға сәйкес ұйымды бөлімдерге бөлу;
* Өндірістің жоғарғы звенолары мен жұмысшылардың төменгі звенолары мен байланыстыратын және міндеттерді біріктіру мен бөлу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өкілдікті анықтау.
Ұымдастыру жетекшінің өнімділіктер деңгейлері арасында қатынастарды бекітетін құрал болып табылады.
Табыстау - делигат жіберу, басқару теориясында қолданылатын термин ретінде орындалуына жауапты болатын өкілдікті және міндеттерді беруді білдіреді. Табыстау өнімділіктер көлемі жауапкершілік пен сәйкес болса ғана тиімді болады.
Жағымды факторлар:
* Табыстау жетекшілерді қажет емес операциялардан босатады;
* Біліктілікті жоғарылату олардың біліктілігі мен тәжірибесін қолдану амалдарының бағытты формасы болып табылады;
* Мотивацияға оң әсер етеді, бұл қабілеттерді ашуға, инициативаның пайда болуына әсер етеді.
Жауапкершілік бар міндеттерді орындауға міндеттілікті және олардың қанағаттанарлық шешім үшін жауап беруін сипаттайды.Жауапкершілік жұмысшының өкілдік беруше тапсырған міндеттерінің орындалуы нәтижелеріне жауап беруін білдіреді.
Ұйымдық өкілдер егер кез келген бір жақ міндеттердің қанағаттанарлықтай дәрежеде орындалуына жауапкершілік қабылданса, ұйым оны керекті ресурстармен қамтамасыз етуі керек. Жетекші оны өкілдіктерде бөлу жолымен жүзеге асырады.
Өкілдіктер ұйымның ресурстарының шектеулі қолдану құқығы мен кейбір қызметшілерді белгілі бір міндеттердің орындалуына бағыттауды сипаттайды. Өкілдіктер жоспарларымен, ережелері мен және ауызша нұсқаулармен шектелген.Өкілдікте - бұл билік ету мүмкіндігі.
Өкілдіктер міндеттер арқылы бөлінеді. Бұл мына тіркесте көрініс береді: Құрмет адамға емес мундирге беріледі.
Өкілдіктің қарама-қайшы қағидалары. Ұйымдық өкілдіктер берілуінің екі қағидасы бар:
* Классикалық қағидаларда өкілдіктер жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Өндірістік менеджменттің мәні мен функциялары
Менеджмент қызметі
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Менеджменттің қалыптасуы және оның алғышарттары. Тейлоризм
Мектеп қызметін басқару
Менеджмент
Пәндер