Ислам дініндегі қажылық парыздың орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Мукушева А. С.

«Қазақстаннан қажылыққа бару тарихы (XIX-XX ғ. ғ) »

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандық 050114 - «Тарих»

Семей 2013

Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

«Қорғауға жіберілді»

Тарих кафедрасының меңгерушісі

т. ғ. к., доцент Мұхамеджанова Р. Ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Қазақстаннан қажылыққа бару тарихы (XIX-XX ғ. ғ) »

Мамандығы 050114 - «Тарих»

Орындаған: Мукушева А. С.

Ғылыми жетекші:

Т ғ к Каримов М. К.

Семей 2013

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .

I. Қазақстандағы қажылар институтының қалыптасу тарихынан . . .

1. 1 Ислам дініндегі қажылық парыздың орны

1. 2 Қазақстандағы қажылар институтының қалыптасуының алғышарттары

II. Қазақстаннан қажылыққа барудың жаңа кезеңге шығуы . . .

2. 1 Патша өкіметі кезеңіндегі қажылыққа бару… . . .

2. 2 Кеңестік идеология қыспағы кезеңіндегі қажылыққа барудың жағдайы . . .

2. 3 Бүгінгі Қазақстандағы ұждан бостандығы және қажылыққа барудың жаңа кезеңі

III. XIX-XX ғасырлардағы Қазақстаннан қажылыққа бару тарихы тақырыбын Қазақстан тарихы пәні бойынша мектепте оқытудың әдістемесі.

3. 1 Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытудың әдістемесі . . . 55 бет

3. 2 Сабақ үлгілері . . . 64 бет

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар

Кіріспе

Өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттілік қалыптастыру бағытында ізденіс үстінде дамып келеді.

Сондықтан да ұлттық санасы оянған қазақ халқының өткенін әділ баяндау қажет. Қазіргі таңда Отан тарихында бірқатар көкейтесті мәселелер жаңа көзқарас тұрғысында ғылыми негізде зерделенуде. Оның көзге түсетін тұстарының бірі-ислам дінінің қазақ жеріндегі мың жылдан астам тарихы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен бейбітшілікті көздеген саясатының нәтижесінде Қазақстан халқы ұлан-ғайыр жұмыстарды атқарып қоғам өміріндегі саяси және рухани жаңғыру кезеңіне көшті. 2005 жылғы 22 қарашада Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІ сессиясында конфессияаралық үнқатысусыз этносаралық келісім болмайтынын ескерте келе ҚР Президенті «Біздің қоғамымыз елдің ішінде және шет елде лайықты бағасын алған рухани келісімнің жоғары деңгейіне жетті. Бізде 3340 діни бірлестік, 40-қа жуық конфессиялар мен деноминацияларға тиесілі 2488 ғибадат орындары жұмыс істейді. Біздің елімізді конфессияаралық бейбітшілік пен әлемдік діндер үнқатысуының ордасы деп бекер айтпайды!» деп мәдени және тілдік, этностық және діни сан алуандық көріністеріне төзімділік өркениеттер арасындағы үнқатысу секілді, елдер мен халықтар арасындағы бейбітшіліктің, өзара түсіністік пен достықтың қажетті шарттары болып табылатынын айтты [7] .

Дін соның ішінде ислам діні адамзаттың қазіргі дамуына орасан зор үлес қосқан рухани жетекші екені белгілі. Адам баласының жан-жануар әлемінен оқшауланып, өзін адам есебінде сезінуіне, жасампаз істерді атқаруына себепші болған да діни дүниетанымдық түсініктер. Қазіргі уақытта тарихқа өркениеттік принциптер бойынша қараудың бір жолы - қоғамның дамуына діни және рухани факторлардың әсері болғандығын дұрыс бағалау. Егер біз осы күнге дейін тарих ғылымында формациялық көзқарастардың ықпалында болсақ, енді өркениеттік танымға мойын ұсынуымыз керек. Оның формациялық көзқарастан бір ерекшелігі - адам дүниетанымы мен рухани үрдістерге сүйену. Ал формациялық көзқарастар тұрғысынан қарасақ, қашанда материалдық өндіріс, экономика үстем тұрады.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ жерінде ислам дінінің бес парызының бірі болып табылатын қажылық айрықша қызықты және мағыналы тақырып. Қазақ жеріндегі ХІХ ғ. мен ХХ ғ. ғасырдағы екі ғасырға жуық мерзім аралығындағы қажылық институтының қазақ халқының діни дүниетанымындағы орны, саяси, әлеуметтік қызметі, халық арасында таралу жолдары, қарқыны, динамикасы, қажылардың халық арасындағы рөлі, ресей патшалығының қажылыққа байланысты жүргізген саясаты, оның өзеру себептері мен салдары, қажылардың қажылық сапар барысындағы көрген қиыншылықтары мен зардаптарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан территориясынан қажылықққа бару жол тораптары, олардың бағыттарының сол кездегі халықаралық жағдайға байланысты өзгеріп отыруы, қажылық жол сапарына кететін уақыт мөлшерінің әр жылдардағы айырмашылығы туралы мәселелер тек жеке зерттеушіні ғана емес, жалпы қоғамдық сананы елеңдетеді. Дегенмен, әлі де болса зерттелуі кенже қалған, жеткілікті мән берілмей отырған мәселелер де баршылық. Қазақстандағы қажылықтың тарихына толықтай қатысы бар еңбектердің жеткілікті дәрежеде қорытындыланбауы және тиісті бағытта талдауға алынбауы диплом жұмысымыздың өзектілігін танытатын басты фактор болып табылады.

Қазіргі таңда ел ішіндегі және елімізден тыс мұсылмандық ортада болып жатырған процестерді жетік әрі толықтай бағалау үшін осыған дейінгі уақыттарда қазақтардың және қазақ даласының исламмен болған қарым-қатынасын талдауға алу аса маңызды. Қажылықтың тарихи тұрғыда қазақ қоғамына тигізген әсерін зерделеу - тұрғылықты халықтың менталитетін, психологиясы мен өмір сүру салтын дұрыс түсінуде де өзекті болып саналады.

Бітіру жұмысының мақсаты: Көптеген дерек көздері мен қазіргі қолда бар теориялық материалдарды саралау арқылы XIX-XX ғасырлардағы Қазақстаннан қажылыққа бару тарихын кешенді түрде зерттеу.

Бітіру жұмысының міндеттері:

  • ХІХ ғ. басы мен ХХ ғ. басындағы бір ғасырға жуық мерзім аралығындағы қажылық институтының қалыптасу тарихына тоқталу;
  • Қажылықтың саяси, әлеуметтік қызметі, халық арасында таралу жолдары, қарқыны, динамикасы, қажылардың халық арасындағы рөлін қарастыру;
  • Ресей патшалығының қажылыққа байланысты жүргізген саясаты, оның өзеру себептері мен салдарын айқындау;
  • Ресей отаршыл үкіметінің аталған кезеңде мұсылман дініне көзқарас саясатының өзгеруін бағалау;
  • Кеңестік идеология қыспағы кезеңіндегі қажылыққа барудың жағдайын

ашып көрсету;

  • Бүгінгі Қазақстандағы ұждан бостандығы және қажылыққа барудың жаңа кезеңін қарастыру;

Бітіру жұмысының дерек көзі:

Зерттеу жұмысының негізін мұрағаттық және жазба ескерткіштерінің кешенді деректануға негізделген үлкен тобы құрайды. Автор төменде аты аталған деректік қайнар көздермен қатар зерттеу тақырыбына қатысты жазылған ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеті, ауыз әдебиеті үлгілерінің жазбаша нұсқаларын игеруге күш салды.

Зерттеу жұмысының деректері олардың «тектамыры» тұрғысынан шартты түрде екіге бөлуге болады. Біріншісі, ХVІІІ ғ. дейінгі қазақ даласында қажылықтың қалыптасу, даму тарихы көбінесе ауыз әдебиеттерінің үлгілерінде көрініс тапты (жыр, эпикалық шығармалар, шежіре, аңыз, мифтер, тіпті ертектер және т. б. ) . Яғни, ауыз әдебиетінде көрініс тапқан мәліметтер аталмыш мәселені зерделеудің ерекше категориясын құрайды. Екіншісі, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отарлау саясатының нәтижесінде, ислам дініне деген қызығушылықтың күшеюі салдарынан орыс және шінара болса да қазақ, татар мен «түрки» тілдерінде хатқа түскен деректер тобы. Сан жағынан бірінші мәліметтерді құрайтын топтан әлдеқайда мол қалыптасқан бұл деректер патшалық әкімшіліктің іс қағаздары, орыс шенеуніктерінің ресми құжаттары және сан алуан зерттеулері және қажылыққа барған қазақ зиялыларының (қазақ шонжарлары, оқымыстылары, ақындары, дін өкілдері және т. б. ) әртүрлі жанрда жазылған еңбектері түрінде сақталған. Осы тұста қазақы деректердің тек қажылық дәстүрі жөнінде ғана емес, сол кездегі қазақы ортадағы рухани күйзеліс пен сан алуан түрленістер жөнінде де баға жетпес түсінік беретіндігімен дараланатындығын ерекше екшеп айтқан жөн.

Тарихнамасы: Диплом жұмысымыз барысында қарастырып отырған мәселенің тақырыптық-хронологиялық принциптерін ескере отырып, біз оның зерттелу деңгейін үш топқа топтастырдық:

  • революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеулер;
  • кеңестік кезеңдегі зерттеулер;
  • қазіргі таңдағы еңбектер.

Қазақ даласындағы қажылықтың тарихын, әлеуметтік және идеологиялық функциясын анықтаудың өзіндік қиыншылықтары бар. Соның бірі - жазба деректердің тапшылығы. Сондықтан да XVIII ғ. дейін қазақ даласына қажылықтың келу, таралу, даму тарихын зерттеуде дерек көзі ретінде негізінен ауыз әдебиеттеріне сүйенеміз. Ғылыми тұрғыда қазақ жеріндегі қажылық мәселесі төңірегінде, орыс ғалым-миссионерлері, В. В. Бартольд, А . И. Левшин, В. В. Радлов, И. А. Кастанье, П. П. Румянцев, А. И. Добросмыслов, М. И. Красовский еңбектерін жатқызуға болады. В. В. Бартольд Орта Азия және Түркістандағы ислам дінінің таралу тарихын зерттеу барысында VIII-XIII ғ. ғ Қазақстан территориясында қажылыққа тоқтала кетеді. А . И. Левшин (1799- 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді Атақты тюрколог В. В. Радлов XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ даласында қажылықтың дамуына әсер еткен факторлардың бірі - қазақ қоғамында халық алдында қажылыққа қатысты қиссаларды дауыстап оқу дәстүрге айналғандығын атап өткен[6] .

Аталмыш кезеңдегі баспасөз беттерінде және Ресей отарлық мекемелері шенеуніктерінің еңбектерінде, сондай-ақ, ресми құжаттарды атауға болады. Орыс офицері Әбд аль-Әзиз Даулетшин іссапар есебі 1899 ж. құпия құжат ретінде басылып шықты. Есепте автор мұсылмандардың қажылық жолындағы қиыншылықтарын жан-жақты толық баяндай отырып, қажылықты таза діни тұрғыда қарастыру керек екендігін сөзге тиек етті. Ал, Н. Лыкошиннің «К статистике паломничества в Мекку» атты мақаласында 1901-1913 жылдардағы оңтүстік аудандардан барған қажылар санына тоқтала кетеді[21] .

Жалпы алғанда, мұсылман халықтарының мәдениеті Ресей зерттеушілерін тек саясатпен ғана байланысқан жағдай да қызықтырса да, аталмыш тақырып үшін маңызды дерек болып табылады

Сонымен қатар, ХХ ғ. басында Қазан, Орынбор, Верный қалаларындағы басылымдарда қажылыққа арналған баспалар «Қисса-и Өсербай» (Қазан, 1892, 1895), «Қисса - и Өндірбай қажы-ұл-харамаен» (Қазан, 1900), Алматы уезінің биі Дүйсебай Шоманақұлының халыққа айтқан өсиетіне арналған «Хаж сапары» (Верный, 1911), «Қозыбай-қажы Есенғұл-қажы ұлының мәрсиясы» (Орынбор, 1913) ж, Ғұмар Қарашұлының бәдәл қажылықты жан-жақты талдап, бәдәлдікті кәсіпке айналдыруды сынаған «Бәдәл хаж» (1913 ж. Қазан) т. б. басылымдарды айрықша атауға болады[10] .

ХІХ-ғасырда қажылыққа барып келген Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих хамса» (Бес тарих) атты кітабында қажылыққа 1897 жылы 15 ақпан күні Семейден шығып, 1898 ж. 1 қаңтарда Мединаға жеткенін баяндайды. Ол қажылық сапарды Қазақстан-Ресей-Польша-Австрия-Венгрия-Болгария-Туркия-Пәкістан-Иерусалим-Мысыр-Сауд Аравиясы елдері арқылы өткенін баяндайды[25] .

Қазақы материалдар қажылықтың қазақ даласындағы өзіндік ерекшеліктерін айғақтайды. Мәшhүр-Жүсіп Көпейұлының әйгілі «Қазақ шежіресінде» қазақтардан алғаш қажылыққа барғандарды сипаттайды[18] .

Кеңес үкіметі жылдары дін туралы тек атеистік тұрғыда ғана жұмыс жүргізуге ғалымдар мәжбүр болғаны белгілі. Дегенмен, аз болса да кейбір мәліметтер мен зерттеулер тарихи еңбектерде көрініс тауып отырды.

Отаршылдық саясаттың бір көрінісі татарларды қудалау, мектеп және медресе мұғалімдерінен орыс тілін талап ету, оқулықтарды кириллицамен шығару, араб тілінде және графикасында жазылған әдебиеттерді тәркілеу т. б. шаралар туралы ХХ ғасырдың басындағы қазақ оқымыстылары аз жазған жоқ. Осы тұста С. Асфендияровтың «История Казахстана (с древнейших времен) » деп аталатын еңбегін атауға болады. Ғалым патша үкіметінің миссионерлік саясатын сипаттай келе, Ильминский сияқты белгілі идеологтардың қазақты орыстандырмақ саясатына мұсылман діні қарсы болды, сонымен бірге бұл әрекеттерге Қазақстан өлкесінде жақсы орныққан татар дін иелері де жол берген жоқ» деп жазады [2; 244-245 бб] . Жалпы, Ресейлік миссионерлердің үлкен нәтижеге жете алмағаны туралы Ә. Бөкейхановтың еңбектерінде де айтылады. Е. Бекмаханов «Присоединение Казахстана к России» атты еңбегінде: «ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ даласында ислам ақсүйек феодалдардың діні ретінде қызмет атқарды» дейді [5; 380-381 бб. ] . Е. Бекмахановқа байланысты қуғын-сүргіннен кейін аталған тақырыпта жазу тіпті де мүмкін болмады. Осыған байланысты кеңестік кезеңнің 50-ші жылдарынан бері жазылған дүниелердің көпшілігін тек атеистік, дінсіздікті дәріптейтін, ғылыми сапасы төмен еңбектер есебінде ғана бағалауға болады. Солардың бірі С. Б. Дорженовтың «Ислам және ұлттық қатынастар» деп аталатын еңбегі. Бұл еңбекте ислам дінінің, оның әдет-ғұрыптарының қазақ арасында әлі де беделін сақтап отырғаны айтылады және автор, ораза-айт, құрбан-айт, мәуліт сияқты діни мейрамдарда халықтық сипаттан дәнеңе де жоқ дей келе, діни ғұрыптарды ығыстырып, жаңа кеңестік салт-дәстүрлерді енгізу мәселесін көтереді. Н. А. Смирнов өзінің «Ислам и современный Восток» атты кітабында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қажылықтың қиыншылықтарына жан-жақты талдау жасайды[40] .

Сонымен қатар, Қ. Шүлембаев, Ж. Қажымов, К. Бейсембиев сияқты авторлардың еңбектерінде кеңес дәуіріндегі партиялық-таптық идеологияның тегеуріні байқалады. Бұл сол кездегі қоғамдық ғылымда әбден үстем болған құбылыс екені белгілі. Дегенмен, кеңестік кезеңнің өзінде тарихи деректерге нақты сүйенген, танымдық маңызы бар еңбектердің аз да болса болғандығын атаған жөн. Бұл тұрғыда Қазақстанның исламға қатысты көптеген деректерді қамтыған Н. Сәбитов, Х. З. Ақназаров және т. б. еңбектері бар. Исламтану бағытына тарихшы ғалымдар ХХ ғасырдың 90 жылдары ғана қайта оралды. Қазақстанндағы ислам дінінің ахуалы белгілі тарихшы Ж. Қасымбаевтың, Н. Д. Нұртазинаның, Ә. Т. Төлеубаевтың еңбектерінен көрініс тапты . Мысалы, Ә. Т. Төлеубаев «Реликты до исламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ-начало ХХ в. ) » атты еңбегінде Қазақстандағы исламның өмір сүру ерекшелігін былай сипаттайды: «біз қарастырып отырған уақыт аралығында исламға дейінгі сенімдер өте маңызды, ал кейбір жағдайда тіпті басым роль атқарды» . Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік аймағындағы діни ағартушылық бағыт туралы Р. М. Мустафина [23] еңбектерінде де кездеседі.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты шыққан М. Қ. Қозыбаевтың, А. Күзембайұлының, С. Мадуанов және М. Шалекеновтің, Ж. О. Артықбаевтың, Ө. Қожақовтың еңбектерінің кейбір тараулары ислам жағдайына арналған.

Ал, Исабай Қ. мен Байжан-Ата С. [13] еңбектерінде қазан төңкерісінен бұрын қажыға барған ата-бабаларымыз, елдің сол кездегі әлеуметтік хал-ахуалы, Ресей империясының Қазақ даласын отарлау мақсатымен жан-жақты жүргізілген жымысқы саясаты тек қана мұрағат құжаттары негізінде жазылған.

Ресей империясының ХІХ ғасырдың-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан жерінде жүргізілген шоқындыру саясатына қатысты деректер мен пайымдары анық көрсетілген. Соңғы кездегі зерттеулердің ішінде Г. Р. Мұхтарованың «Қазақстандағы ислам діні:қажылык (ХІХ-ХХ ғғ. ) » [22] атты зерттеуінде қажылық институтының қазақ халқының діни дүниетанымындағы орны, саяси, әлеуметтік қызметі, халық арасында таралу жолдары, қарқыны, динамикасы, қажылардың халық арасындағы рөлі, ресей патшалығының қажылыққа байланысты жүргізген саясаты, оның өзеру себептері мен салдары, қажылардың қажылық сапар барысындағы көрген қиыншылықтары мен зардаптарын Қазақстан мен көрші елдердің мұрағат қорлары негізінде егжей-тегжей зерттеген.

А. С. Тасмағамбетовтың «История конфессии Казахстана в конце ХVІІІ-начале ХХ вв. : распространение, организационное развитие и миссионерство (по материалам ислама и православия) »атты зерттеуінде ислам мен православиенің Қазақстан жерінде таралу тарихы, осы діни ілімдердің ұжымдасу ерекшеліктері, олар жүргізген миссионерлік саясат т. б. мәселелер көрсетілген. Автордың діни фактордың елдің қоғамдық-саяси өмірінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында айрықша орын алғаны туралы тұжырымы қостауға тұрады. Қазіргі таңда қажылық тақырыбына қалам тартқан бір топ ғалымдардың қатарында Ауанасова Б. М, Мухтарова Г. Д т. б айтуға болады.

Г. Д. Мухтарова мен Б. М. Ауанасованың еңбектерінде кеңес үкіметі кезеңдегі қажылыққа бару жағдайына тоқтала кетеді[41] .

Тарихнамалық шолу зерттеу тақырыбына қатысты зерттеулердің әлі де қажет екендігін көрсетеді. Оның ішінде, тағы қазақ тіліндегі зерттеулердің тапшылығы. Олай болса, Қазақстаннан қажылыққа бару тарихын зерттеу сұранып тұрған тақырып екенін дәлелдейді.

Зерттеу объектісі: XIX-XX ғ. ғ Қазақстаннан екі ғасырға жуық мерзім аралығындағы қажылықққа бару тарихын талдау.

Зерттеу пәні: дерек көздеріне сүйене отырып қажылық институтының қазақ халқының діни дүниетанымындағы орны мен әр кезеңдердегі саяси-әлеуметтік және рухани маңызын көрсету.

Ғылыми болжам:

Диплом жұмысын жазуға арқау болған Қазақстаннан қажылыққа бару тарихы тек қана тархшы мамандардың ғана емес гуманитарлық саладағы дінтану, әлеуметтану, этнография саласында зерттеушілердің де зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатыны анық.

Зерттеу әдістері мен методологиясы: Зерттеу тарих ғылымдарындағы негізі саналатын тарихилық, обьективтілік принциптеріне негізделген. Белгілі дәрежеде жұмыс барысында салыстырмалы - тарихи зерттеу әдістері де қолданылды. Сондықтан, тарихи деректер мен материалдарды ғылыми зерттеуде жинақтау, салыстыру, жүйелеу және талдау сияқты әдістер негізге алынды. Зерттеудегі басты методологиялық ұстанымы етіп өркениеттік бағытты алдық. Қазақ тарихының теориялық мәселелері, соның ішінде ислам дінінің тағдыры мен кешегі тоталитарлық билік кезіндегі рухани ахуал қазіргі күні тарихи еңбектерде өзінің жан-жақты бағасын алып келеді. Біз өз зерттеу жұмысымызда қазақ тарихының негізгі кезеңдері мен белестерін анықтауда теориялық-методологиялық бағдар ретінде кеңінен пайдаландық.

Хронологиялық шегі: XIX-XX ғ. ғ Қазақстаннан қажылыққа бару тарихын қамтиді.

Практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәнін үш тұрғыдан көрсетуге болады. Біріншіден, зерттеу нәтижелерін Қазақстан тарихынан оқулықтар жазуға пайдалануға болады. Екіншіден, зерттеу материалдарын исламға қатысты іргелі монографиялық еңбектер жазу барысында қолдануға болады, себебі зерттеу үлкен бір аймақта болған мұсылмандық үрдістерді қамтиды. Үшіншіден, зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі кезеңде діни-конфессионалды саясатты дайындау және жүргізуде пайдаға асады. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдері мен практикант студенттерге өлке тарихы бойынша қосымша мәліметтер жинақталған құнды материал болып табылады. Диплом жұмысының нәтижесін Қазақстан тарихын, аймақтық тарихты оқыту, арнайы оқу курстарының дәрістерінде қолдануға болады. Жұмыстың кейбір бөліктерін ғылыми жұмыстар жазу барысында пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тарих және дінтану мамандығында оқитын студенттерге арнайы курстарды оқытуда пайдалануға болады.

Бітіру жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысының негізгі бөлімдері бойынша 2013 жылдың 4-5 сәуірінде институтымызда өткен «Өзгермелі әлем: Қазіргі Қазақстандық қоғамның трансформациясы және әлеуметтік транзитология мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Кеңестік идеология қыспағы кезеңіндегі Қазақстаннан қажылыққа барудың тарихы» деген тақырыппен ғылыми мақала жасалынды. Сонымен қатар 2013 жылдың 19 сәуірінде «Қайнар» (Семей) университетінде өткен «Қазақстан Республикасының жаңа саяси курс жағдайында аймақ дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Дін үшін күрескен Хакім қажы Омарұлы » деген тақырыппен ғылыми мақала жасалынды.

Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тарихнамасы, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, ғылыми болжам, зерттеу әдістері мен методологиясы, практикалық маңызы, жұмыстың құрылымы беріледі.

І-тарау екі тармақшадан тұрады. Бұл тарауда Қазақстандағы қажылар институтының қалыптасу тарихы, ислам дініндегі қажылық парыздың орны мен Қазақстандағы қажылар институтының қалыптасуының алғышарттары кеңінен әңгімеленеді.

ІІ-тарау үш тармақшадан тұрады. Тарауда Патша өкіметі кезеңіндегі қажылыққа бару. Кеңестік идеология қыспағы кезеңіндегі қажылыққа барудың жағдайы мен бүгінгі Қазақстандағы ұждан бостандығы және қажылыққа барудың жаңа кезеңі нақты деректер негізінде ашып көрсетіледі.

ІІІ-тарауда орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытудың әдістемесі мен сабақ үлгілерінен тұрады. Үшінші тарау екі тармақшадан тұрады.

I тарау. Қазақстандағы қажылар институтының қалыптасу тарихынан

  1. Ислам дініндегі қажылық парыздың орны
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Намаз – діннің тірегі
Ислам жайында
ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Түркі халықтарының адамгершілік туралы ой-пікірлері мен когнитивтік көрінісі
Қазақ санасына мұсылман дінінен енген жаңа этикалық ойлар
Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
Ислам дінінің бес парызы
Діни туризм туралы
Құран мен намаздың парызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz