Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

I. XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ СЕМЕЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚАУАМЫ(1905-1916)

1. 1. Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы . . . 12

1. 2. Қазақ зиялылары мен мұсылман фракциясының және ресей зерттеушілерінің жер мәселесіне қатысты ұстанымдары . . . 26

II. АЗАМАТТЫҚ ҚАРСЫ ТҰРУ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫНАН КЕЙІНГІ СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ(1917-1925)

2. 1 1917-1919 жылдар аралығындағы Семей өңірінде жер мәселесінің шешілу жолдары . . . 40

2. 2 Кеңестік биліктің аясындағы Семей өңірінде алғашқы бес жылдағы жер мәселесі . . . 58

III. XX ҒАСЫРДЫҢ I-ШИРЕГІНДЕГІ СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1 Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі . . . 71

3. 2 Сабақ үлгілері . . . 73

3. 3 Сыныптан тыс жұмыс . . . 83

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 89

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 93

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде елде белең алған ұлт-азаттық қозғалыстың басты дәлелдерінің бірін құраған жер мәселесі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының еншісіне тиіп отыр. Осы аспектіні қамтитын зерттеулер легі де бүгінгі күні біршама қомақты тарихи қорымызды құрауда және бұл бағыттағы ізденістер жалғасуда. Сол кезеңдегі Қазақстанда, сонының ішінде Шығыс Қазақстанда орын алған жер қатынастары барысы және Жер мекемелерінің атқарған тарихи қызметінің ғылыми зерттеу объектісіне айналуы заңды құбылыс, әрі тарихи қажеттілік деп санаймыз.

ХХ ғасырдың басында ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстың өрбуі, саяси өмірдің жандануы елде үлкен өзгерістерге алып келді. Осы тұста жоғары билік жүйесіне басшылыққа келген Уақытша өкімет басшылары аймақтық, облыстық жерлерде түрлі деңгейдегі комитеттер мен мекемелер құруға нұсқау, жарлықтар (1917 ж. көктем) беруін, сол жарлықтарға байланысты Уақытша үкіметтің түрлі деңгейде қалыптастыра бастаған мекемелерімен қатар Семей өлкесінде Жер комитетінің (1917 ж. 21 сәуір) құрылуын және кейіннен өлкеде билік басына келген Уақытша Сібір үкіметінің (1918 ж. 25 шілде) жарлығымен аталған органның Земство құрамында Жер бөлімі болып қайта құрылғанын және де кеңестік билік тұсындағы Семей губерниялық жер басқармасы сияқты жер мекемелерінің тарихын обьективті тұрғыда баяндау отан тарихының мазмұнын толықтыруға қызмет етеді.

Жер мекемелерінің атқарған іс-шараларын ғылыми тұрғыда талдау, жер мәселелерін шешуде өз алдына қойған мақсат-міндеттерін қаншалықты орындай алғанын деректік негізде бағалау, сонымен қатар мекеме құрамына енген қазақ зиялыларының жер мәселесін шешуде ұстанған саяси позицияларын айқындап, олардың өлкеде мәселенің оңынан шешілуіне қосқан үлестерін көрсету және жер мекемелерінің саяси ұйымдармен біріге отырып атқарған қызметтерінің тарихы тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмысының басты мақсаты: ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Семей өңірінің жер қатынастары мәселесі мен жер мекемелерінің қалыптасуы мен дамуы және жер мәселесін шешудегі әрекеттерінің тарихына талдау жасап, олардың қызметінің түпкі мән-мағынасын ашу болып табылады. Семей өңірінде Ресей империясының отарлық саясатының негізінде туындаған аграрлық мәселелер мен Уақытша үкімет пен Алашорда үкіметтері тұсындағы және кеңес биліктің алғашқы бес жылындағы Жер ісі мекемелерінің атқарған қызметтері тарихын кең көлемде зерттеу мақсатына сай мынадай міндеттері белгіленді:

- Шығыс Қазақстан өңірінде жер мәселесінің шиеленсуін тарихи объективтілік тұрғысынан қарастырып, құбылыстың өзге аймақтардың тәжірибесімен ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жаңа көзқараспен тұжырымдау;

- Уақытша үкімет тұсында құрылған Жер комитеттерінің Семей өңірінде іске асырған шараларын талдап, оның қызметінің тарихына баға беру;

- Қазақстанда өрбіген жер мәселесіне қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары мен ұстанымдарын қорытып, олардың жер мәселесінің ұлттық мүддеге сай шешілуіне жасаған ықпалын айқындау;

- Кеңестік билік тұсындағы Семей губерниялық жер мекемесінің қызметіне талдау.

Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Зерттеу жұмысымыздың дерек көзі ретінде түрлі мұрағат құжаттары мен материалдары, ғылыми зерттеудің мәліметтері, баспасөз деректері пайдаланылды. Сонымен қатар, «Айқап» пен «Қазақ» газеттерінің жинақ үлгісіндегі жарық көрген нұсқасы қолданылды. Сондай-ақ, әртүрлі ғылыми-зерттеу орталықтары мен мұрағаттар тарапынан шығарылған құжаттар жинақтары мен анықтамалықтар да [2; 31; 49] жұмысты жазу барысында кеңінен қамтылды. Тақырыптың мақсат, міндеттеріне сай ұлт-азаттық қозғалыс барысында жер мәселелерінің тарихына талдау жасауда Алаш және Алашорда үкіметіне қатысты құжаттар жинақтары [3; 12; 27] ғылыми талдау нысаны ретінде кеңінен қолданылды. Ресей архивтерінің қорларынан көптеген тың деректік құжаттар ұсынған Д. А. Аманжолованың құжаттар жинағының [44] тақырыпқа қатысты деректері талданды. Жер қатынастарын кеңестік тәсілмен шешудің тәсілі ретінде ұжымдастыру науқанының аштыққа ұрындырған салдарына баға беруде осы тақырыпқа қатысты құжаттар жинақтары [30; 40; 50] пайдаланылды. Жер мәселесіне қатысты ұлт зиялылары Ә. Бөкейхановтың [10], Р. Марсековтың [36], С. Сәдуақасұлының [47], М. Шоқайдың [57], М. Дулатовтың [38] соңғы жылдары жарық көрген шығармалар жинақтары да зерттеудің деректік негізін құрады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. ХХ ғ. алғашқы ширегінде Ресей жерінде белең алған қарбалас кезең мен кейіннен кеңестердің әртүрлі науқандар кезінде Қазақстанның Шығыс өлкесіндегі аграрлық мәселелердің шиеленісуін, даму барысын, олардың шешілу жолдарын қазіргі тәуелсіз тарихи таным тұрғысынан арнайы зерттеген еңбектер мен әдебиеттер аз емес. Кеңестік Қазақстан тарихнамасында белгілі саяси-идеологиялық себептерге байланысты жер мәселесі бір жақты бағаланды немесе жабық тақырып болғаны белгілі. Соған байланысты бүгінде Ресейдің Қазақстанды және басқа шет ұлт аймақтарын отарлауда ұстанған жер саясатының әдістерін арнайы талдауды көздеген зерттеу еңбектері әлі де жазылу үстінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында: «Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды - ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады» [39; 226] деп, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында ұлттық тарихтың бұрмалай жазылып, санамызды коммунистік идеологиямен уландырғанын атап өткен еді.

Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасында: «Егемендік жағдайда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау - жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның тәуелсіздігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр», - [29; 5] деген тұжырым бүгінде зерттеушілердің қызығушылығын арттырып отыр.

Сонымен, отандық тарих ғылымында қоғам дамуының шешуші факторларының бірі ретінде жер мәселесіне қатысты қомақты тарихнама қалыптасты. Тарихи танымдағы хронологиялық тәсіл бойынша жер қатынастары тарихнамасын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: кеңестік кезенге дейінгі тарихнама; кеңестік тарихнама; тәуелсіздік кезеңінің тарихнамасы. Тақырыптың кеңестік тарихнамасының бастапқы кезеңі таптық идеология толық орынға қоймаған, тарихи танымның төңкеріске дейінгі мектебі өкілдерінің ықпалы сақталуымен ерекшеленеді. Осыған байланысты пролетарлық революцияның сыртқы келбеті отарлық үлгіде болды деген Г. Сафаровтын тұжырымы кеңес өкіметінің аграрлық реформаларының мазмұнын тануға мүмкіндік береді [46] . Ал кеңес қоғамындағы тотаритарлық билік кезеңінде (20 ж. ортасы - 50 ж. ортасы) жүргізілген зерттеулер жер мәселесіне қатысты біржақты таптық қағидаларды басшылыққа алуымен ерекшеленеді. Одан кейінгі «тоқырау» кезеңінде мәселе желілік, тақырыптық тұрғыда біршама жаңартылғанымен де оның өзегі таптық-партиялық ұстанымдардың қолтаңбасын сақтап қалды. Ал кеңестік қоғамның күйреуіне алып келген «қайта құру кезеңінің» тарихнамасы теориялық-әдіснамалық әр алуандығына сай көзқарастық, тұжырымдық қарама-қайшылығына қарамастан елімізде жер қатынастары дамуының толық бейнесін қалпына келтіретін деректік, дәйектік ақпараттар кешенін ғылыми айналымға ұсынуымен ерекшеленеді.

Мәселеге ұлттық, мемлекеттік мүдде тұрғысына мән берген зерттеушілер жер мәселесінің қазақ қоғамының дамуына шешуші ықпал жасаған маңызына шынайы баға бере бастады. Қазірдің өзінде отандық тарихнамада мәселені еліміздің жекелеген аймақтарына қатысты қарастыру тәжірибесі орын алуда.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясында белең алған аграрлық дағдарыс барысында Семей өңірі жер қатынастары мәселесінің жан-жақты талданып, зерттелуі арнайы қарастыруды қажет етеді.

ХХ ғ. алғашқы ширегінде Ресейде белең алған саяси оқиғалар барысында Семей өлкесінде аграрлық мәселелердің шиеленісуін, даму барысын қазіргі заманғы жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан арнайы зерттеуді алдына мақсат етіп қойған еңбектер аз. Соған байланысты бүгінде Ресейдің Қазақстанды және басқа шет ұлт аймақтарын отарлауда ұстанған жер саясатының әдістерін арнайы талдауды көздеген зерттеу еңбектер жоқ [4] .

Мәселеге тарихилық тұрғысында мән берген авторлардың еңбектері қатарында Т. Седельников [48], М. К. Коморовтың [22] атауға болады. Т. Седельников патша әкімшілігінің келімсектерге жер бөліп беру үшін қазақ халқына жасаған қиянаттарын ашық жазады. Ал М. Коморов қоныс аудару мәселесінде патша өкіметінің жіберген жолсыздықтары мен шенеуніктердің жүгенсіздіктерін батыл түрде сынайды.

Жер мәселесіне қатысты ХХ ғ. басында Алаш қозғалысы қайраткерлерінің мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектерінің мәселені толық ашып көрсетуде жан-жақтылық пен дерекнамалық сипат алды. Жер мәселесіне қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың «Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, бұйрықтар» [59] және «5 мың десятина жер» [28] деген мақалаларында айтылып, жазылған болатын. Қазақтың ұлттық мүддесін еш ескермей жерін тартып алу мақсатындағы жарлықтар мен бұйрықтардың мәтініндегі әрбір бөлімнің отарлық саясатын халыққа қарапайым тілмен жеткізуді көздеген алғашқы мақаласы «Айқап» журналының 1911 жылғы 11 санында жарық көрсе, келесі мақаласы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 29 санында басылып шықты. Сондай-ақ ғасыр басында ұлт-азаттық қозғалыстың хабаршысы болған мерзімді басылымдар «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа» беттерінде патшалық Ресейдің аграрлық саясаты және қоныс аудару қозғалысына қарсы тұрған бір топ зиялылардың, атап айтсақ, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Р. Мәрсеков, М. Тынышпаев, Ж. Сейдалин, Н. Айтмұхаметовтардың жер мәселесіне арналған көптеген мақалаларының да маңызы зор екендігін айта кеткен жөн.

Жер қатынастарына байланысты ұлттық элита өкілдері Ә. Бөкейханов [9], А. Байтұсыновтың [7], Х. Досмұхамедұлы [16], С. Асфендияровтың [5], М. Тынышпаевтың [55] М. Шоқайдың [56], Т. Рысқұловтың [45] еңбектері ұлт зиялыларының мәселеге қатысты жазған іргелі еңбектері болды.

Қазақстандағы жер мәселесіне қатысты зерттеулер Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңінде идеологиялық сарынға қарамастан-ақ қомақты еңбектер жарыққа шықты. Солардың ішінде төмендегі екі еңбекке ерекше тоқталу қажет деп санаймыз. Жер мәселесін, соның ішінде қоныстанушылар мәселесін Т. Шонанұлы [58] ХVІІІ ғ. асырдан 1917 жылға шейін нақты статистикалық мәліметтер негізінде тұтас зерттеп, аса құнды ғылыми тұжырымдар жасаған. Оған дейін ұлт зиялылары арасында осы мәселеге қатысты осындай батыл тұжырымдар ұсынған автор болған жоқ. Т. Шонанұлы өз заманында «Қазақ жерінің тарихы - колония тарихы. Колония тарихы - бірте-бірте қазақ жерін сырттан келіп иемденудің тарихы, талаудың тарихы», деп әуел бастан ашық айта білген тарихшы. П. Г. Галузоның [13] еңбегінде Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар нақты статистикалық материалдар негізінде үлкен хронологиялық кеңістікті қамти отырып жазылған. Қоныс аударушылардың жер өңдеу ісін толықтай зерттей отырып автор, қоныстандыру процесі қазақтардың жер өңдеу ісі мен табиғи отырықшылыққа көшуіне кедергі-зиян келтірді деген ой-тұжырым жасайды. П. Г. Галузо переселен-шаруалардың Қазақстанға келгенге дейінгі мүліктік жағдайын, қоныстанғаннан кейінгі шаруашылық түрлерін, жер өңдеу ісін тиянақты түрде зерттегеннен кейін, мынадай батыл тұжырымдар жасайды: «Қоныстанушылар - жер өңдеу техникасы бойынша жергілікті қазақтарға жете алған жоқ, тіптен ауыл шаруашылығындағы капитализм орыс поселкелеріне қарағанда қазақ ауылдарында жоғары деңгейде дамыған».

20-ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ ауылдары, ондағы аграрлық қатынастар және жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайлары жөнінде тарихи тұрғыда қомақты, әрі мазмұнды еңбектер Кеңестік дәуірдің өзінде-ақ (1930-1980 жж. ) көптеп жарыққа шықты. Олардың қатарында Ғ. Тоғжанов, С. Асфендияров, М. Сапаргалиев, А. Нусупбеков, А. Турсунбаев, Т. А. Елеуов, А. П. Кучкин, Қ. Бекқожин, Г. Ф. Дахшлейгер, Б. Амантаев, С. Зиманов, К. Нұрпейісов, Н. Е. Бекмаханова, Н. В. Алексеенко және Х. М. Әбжанов сынды белгілі ғалымдардың зерттеулерін атаймыз. Бұл зерттеушілердің еңбектері социалистік идеология үстемдігі тұсында жазылғанына қарамастан тарихи-методологиялық, ғылыми айналымға ұсынған бай деректік ақпараттары өзінің ғылыми құндылықтары мен маңызын бүгінгі күнде де жоғалтқан емес [52] .

ХХ ғ. басындағы Ресей империясындағы қоғамдық-саяси өмір мен аграрлық қатынастардың шиеленісуіне қысқаша түрде нақты сипаттама берген тарихи еңбектер қатарына В. Н. Гинев [14] және Л. И. Емеляхтың [17] зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Аталған еңбектерде, әсіресе ғасыр басында империя көлемінде шиеленісті сипат алған аграрлық мәселенің шешілу жолдарын жеке-жеке талдай отырып, аталған аграрлық дағдарыстан шығудың әр түрлі жолдарын, версияларын ұсынып, елде белең алған барлық дағдарыстың қайнар көзі самодержавиелік билік екендігін баса айтқан. А. Я. Аврехтің [1] еңбегінде 1906-1911 жж. аралығында билік басында болған П. А. Столыпиннің реформаларының ғасыр басындағы империя көлеміндегі саяси жағдайға тигізген ықпалын кеңінен талқылап, реформа мәнін ашып көрсетуде тарихнамадағы орны ерекше екенін атаған жөн.

Еліміз тәуелсіздік алып, тарихи сана қалыптастырудың жаңа сипатқа ие болуына байланысты мәселеге қатысты тарихи зерттеулердің бағыт-бағдарын айқындап, теориялық-әдіснамалық негіз қалыптастырған М. Қ. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Ж. К. Қасымбаев, Х. М. Әбжанов, Ғ. Есім, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Е. Қуандықов, Ж. Абылхожин, Б. Аяған, С. Н. Малтусунов және т. б. еңбектеріндегі жер қатынастарына байланысты ой-тұжырымдары зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды [23] . Сонымен қатар, осы мәселенің әр қырынан және әртүрлі желіде қарастырған зерттеушілер қатарында Қ. Қ. Байсарина, К. А. Берденова, Д. Қамзабекұлы, Д. А. Махат, Т. К. Алланиязов, С. Әсіп, Г. Нурбетова, М. Қазыбек, Ғ. Маймақов, Р. К. Нурмагамбетова, Ө. Әбдіманов, Қ. С. Өскембаев және т. б көптеген ғалымдарды атауға болады [23] . Арнайы тақырыптық бағыттағы, әрі мағынасы жағынан үндес келетін және зерттеу нысанымызға аса жақын еңбектер легінде Р. М. Таштемханова, С. О. Смағұлова, Г. Е. Ибрагимова, Н. К. Мыңжасов, Н. Қ. Қаттабекова, З. Ш. Макажанова [37] сияқты зерттеушілердің жұмыстарында қалыптасқан тұжырымдарды тақырыптың мазмұнына сай жаңа көзқараспен талдап, мәселеге қатысты тұжырымдар мен қорытындылар жасауда негізге алдық.

Уақытша үкімет тұсында Қазақ өлкесінде құрылған Жер комитеттеріне, оның қызметі мен мақсат-міндеттеріне қысқаша түрде нақты тоқталған Қ. А. Жиренчин [18] болды. Автор өз кезегінде Қазақстандағы құрылған Жер комитеттерінің құрылу ерекшеліктеріне (кейіннен оның атқарған іс-шараларына айтарлықтай әсер еткен) жан--жақты тоқталған. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының толықтай эволюциялық жолын көрсетіп, кеңінен зерттеген К. Ә. Берденованың [26] еңбегінде қазақ қоғамының шаруашылық жүйесіне тоқтала келіп, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе кезіндегі ауыл шаруашылығының (соның ішінде егіншілік) басынан өткен (ЖЭС, шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу, ұжымдастыру) науқандардың келтірген зияны туралы айтқан ойлары құнды болып табылады.

Мәселенің шетелдік тарихнамасы бойынша американдық зерттеуші Дж. Демко [15] монографиясына арнайы тоқталуға болады. Ол зерттеуінде нақты статистикалық мәліметтер арқылы отаршыл саясат әсерінен Қазақ даласының географиялық өзгерістерге ұшырауын, экономикалық және демографиялық даму көрсеткіштерінің ауытқуын, сонымен қатар революцияға дейіңгі кезеңде орыстардың Қазақстанға қоныс аудару моделі мен тарихын, отарлау нәтижесінде мұнда орын алған өзгерістерді, оның ішінде бұл құбылыстың жергілікті халықтың мәдениеті мен шаруашылығына, дала ландшафтына тигізген сан алуан ықпалын қарастырған.

Кэмбридж университетінің тарихшысы, ағылшындық зерттеуші Эдвард Каррдың «Русская революция от Ленина до Сталина. 1917-1929» [21] деген зерттеу жұмысында кеңестік дәуірдегі оқиғаларға объективті баға беріп, жоспарлы экономиканың ауыл шаруашылығын кеңестік үлгіде құру жолындағы кемшіліктерін саралауы еңбектің құндылығын көрсетеді.

Соңғы жылдары жарық көрген ресейлік тарихшылардың еңбектерінің арасынан Шығыс Қазақстанға қатысты мәселелерді қамтыған ұжымдық бірлестіктегі еңбекті атауға болады. Зерттеуде отаршылық жер қорын толықтыру үшін жер иеліктерінің жаппай тартып алынуы қазақтардың дәстүрлі шаруашылық қызметі түрлерінің өзгерісіне алып келді, оның есесіне қоныстанушылар өз шаруашылық қызметін аграрлық саланың экстэнсивті бағытында жүргізу түрінде қайшылыққа тап болғандығына мән беріледі [60; 372] . Ал Д. Аманжолова 1917 жылы Кеңес үкіметінің алдында шешілген және шешілмеген түйінді мәселелердің бірі ретінде жер қатынастарын реттеу мәселесі алдан шыққандығына назар аударады [4; 374] .

Жер мәселесін жалпы ауқымда қарастырған зерттеулер қатарында Д. К. Әбенованың [6], К. С. Бижигитованың [8], А. Е. Каримованың [20], Т. А. Нұрпейісовтің [42], Р. М. Таштемханованың [51] және т. б. зерттеулерді атаймыз. Бұл зерттеулерде қазақ жеріндегі аграрлық қатынастардың шиеленісуінің салдарлары мен шешілу тәсілдерінің жалпы заңдылықтары қарастырылып, көптеген құжаттық деректер айналымға ұсынылуымен ерекшеленеді.

Тақырып тарихнамына талдау жасай келе мынадай қорытындыға келеміз, Семей өңірінде ХХ ғ. бас кезінде орын алған аграрлық өзгерістер тарихы біршама зерттелгенімен алдағы уақытта осы құбылыстың жетістіктері мен жағымсыз салдарларына жаңа көзқараспен талдау жасау бағытында тың зерттеулер қажет екендігін аңғарамыз.

Зерттеу объектісі: XX ғ. I-ширегіндегі Семей өңірінің жер мәселесі

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде еліміздің қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара ұштастырылған танымдық қағидалары жетекшілікке алынды. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық арнасында әлемдік- өркениеттік және отандық-синтездік көзқарастар жүйесі мен тарих ғылымы саласындағы жалпығылыми зерттеу тәсілдері басты бағыт-бағдар болды. Тақырыптық нысанға қатысты нақты материалдар, құжаттар мен деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы тарихилық, тарихи объективтілік принциптері мен заңдылықтары негізге алынды. Зерттеу жұмысында дәйектемелік деректерді тарихи-салыстыру, сұрыптау-талдау, тақырыптық кіріктіру, сыни көзқарас, уақытнамалық тұрғыда салғастыра қарастыру әдістері қолданылды. Сонымен қатар, аймақ тарихын даралап көрсетуде оны жалпы мемлекеттік-териториялық шеңберде, әрі кезеңдік, дүниежүзілік процестерден бөліп алмай, керісінше тарихи сабақтастықта байланыстыра көрсету мәселелері ескерілді.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттеріне сәйкес, оның мазмұндық мәні 1905 жылдан ұжымдастыру науқаны аяқталған 20 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Қазақстанның шығыс өңірінде орын алған жер қатынастары мен жер мекемелерінің жоғарыда аталған кезеңдердегі қызметтік бағыт-бағдарлары мен атқарған іс-шаралар тізбегі тарихы көрсетілген мерзімдік кезеңді толығымен қамтиды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасында бүгінде қалыптасу процесін өткеріп отырған демократиялық жаңғырулар барысында ел тарихының «ақтаңдақтарына» айналып келген көптеген күрделі де тартысты құбылыстарға, соның ішінде жер қатынастары мен оларды шешу мақсатында құрылған жер мекемелерінің тарихына қатысты жаңа сыңдарлы зерттеулер жүргізу, оны ұлттық мемлекеттілік мақсат-мүдде және жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде жаңа көзқараспен қарастыру тақырыпты зерттеудің басты ерекшелігі болып табылады. Жұмыстың негізгі өзегіне айналған дәйектер мен деректер жер мекемелерінің қалыптасуы мен қызметі тарихының шынайы тұрғыда қалпына келтірілуіне және ғылымилығына қалады.

Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған тарихнамалық талдау кейбір тарихи-тәжірбиелік сипаттағы тұжырымдар мен нәтижелерді, ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға қызмет ететін ғылыми айналымға ұсынылған мәліметтерді жоғарғы және арнаулы оқу орындары тарих мамандығының бакалавр, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, аймақтану, өлкетану пәндері қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ СЕМЕЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚАУАМЫ(1905-1916)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қарқаралы петициясы
Қарқаралы журналы
«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов
1905 жылғы Қарқаралы петициясы
Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға қолдау шаралары
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары және Қарқаралы петициясы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz