Қазақ облыстарының автономиясын құру


Мазмұны
Кіріспе . . .
1 БӨЛІМ. Алаш
- Алаш партиясы әскери доктринасындағы әскер мәселесі
- Алашорда үкіметінің қарулы күштерді құрудағы алғашқы қадамдары
2 БӨЛІМ. Алаш әскерінің құрылуы мен қызметі
2. 1 Алаш әскерін құрудағы мәселер мен ерекшеліктер
2. 2 Алаш әскерінің азамат соғысына қатынасуы
3 БӨЛІМ. Экспериментальды бөлім
3. 1 Тарих сабағында аймақтық тарихты жобалау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі
3. 2 «Алаштану» қолданбалы курсын мектепте пайдалану
Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ өлкесінде 1917-1919 жылдары елеулі түрде саяси рөл атқарған Алашорда үкіметінің тарихи қызметі бұрынғы Ресей империясы кеңістігінде пайда болған барлық дерлік саяси күштермен қарым-қатынас жасаудан түзілді және өлкедегі ішкі жағдайлардан туындалған мәселелерді шешуге бағытталды. Өзгермелі қоғамдық саяси өмірде Алашорда қайраткерлері саяси тарих сахынасынан бірінен соң бірі көтерілген Сібір облыстық совет (Сібір автономиясы, желтоқсан 1917 ж. ), Самара құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті (Комуч, маусым-тамыз, 1918), Сібір уақытша үкіметі (мамыр-қазан, 1918), Уфа директориясы (қыркүйек-қараша, 1918 ж. ), Колчак үкіметі (қараша 1918 ж. -желтоқсан 1919 ж. ), Кеңес өкіметі (наурыз-мамыр, 1918 - сәуір 1919 - наурыз 1920 ж. ) сияқты Ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуды бірінші кезектегі міндет етіп алды. Екінші кезекте соғыс жағдайындағы уақытта әскери құрылым - милиция жасағын құру және оның ұйымдастырылуы іс-әрекетін бірлескен әскери күштермен (Ресейлік) үйлестіру міндетін шешу тұрды. Кейінгі кезекте алғашқы міндеттің (саяси) шешілуіне қарай жергілікті басқару жүйесін қалыптастыру және оның қызметін басқа да жергілікті саяси күштермен үйлестіру арқылы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ретке келтіру міндеті тұрды.
Алаш қайраткерлерінің түпкілікті пікірінде Алаш автономиясы Алаш партиясының жобалық бағдарламасында көрсетілген бірінші бапқа сәйкес жаңадан құрылатын (Құрылтай жиналысында) Ресей демократиялық федерациясы құрамында болуы міндетті шарт болды және осы саяси көзқарастарын Ресейлік саяси күштермен байланыстарында ұстап бақты. Бірақ саяси ара-салмақ тең болмады. Ресейдің шеткері аймақтарындағы ұлттық саяси ұйымдардың саясатта биік деңгейге көтерілуіне кері әсер еткен себептер де жеткілікті болды. Мәселен, Ресейдегі қоғамдық - саяси жағдайдың тұрақсыздығы, қазақ өлкесінің азамат соғысы аймағына айналуы, большевиктік саяси және әскери күштердің өлкедегі іс-әрекеттерінің күшейе түсуі, ақ гвардияшыл қозғалыстар тарапынан ұлттық саяси ұйымдарға сенімсіздік көрсетілуі, аймақтың экономикалық қуаттылығының толық дәрежеде болмауы, қазақ қоғамының жетекші күші - зиялылардың қарама-қарсы саяси топтарға бөлінуі, жергілікті жердегі түрлі сипаттағы қоғамдық-саяси ұйымдармен байланыстарындағы түсініспеушіліктердің орын алуы, тіпті, халық жасағын - милицияны әскери үлгіде жабдықтауда туындалған қиындықтар мен келеңсіздіктердің орын алуы Алашорданың саясаттағы жасаған дербес қадамдарына тұсау болып отырды.
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін толықтай мойындау тек Г. Н. Потанин басқарған Сібір облыстық Советі тарапынан болды. 1917 жылғы желтоқсан айының 8 -15 аралығындағы Томск қаласында өткен төтенше Жалпысібірлік съезде құрылған Сібір үкіметі екінші жалпы қазақ съезінің шешімдері: Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуына қолдау көрсетті. Алайда Сібір үкіметінің ғұмыры қысқа болды. 1918 жылы 26 қаңтарында Томск советі Президиумының жарлығымен Сібір думасы таратылды. Осы Сібір үкіметінің Сібір халықтарына арналған үндеуінде жалпысібірлік социалистік билікті ұйымдастыру, Сібір Құрылтай жиналысын қорғауды, оның шешімдерін бүкілресейлік Құрылтай жиналысында бекіттіріп, Ресей Федеративтік Республикасын құруды іске асыруды нақты көрсеткен[17; 156] .
Алашорда жөне Кеңес Өкіметі байланысында Алашорда жетекшілері ұсынған Алаш автономиясы - ұлттардың өзін-өзі билеу құқына негізделген үлгісіне (қазақ халқының территориялық бірігуі, Алашорданың заң шығарушы және билік жүргізуші құқы, қазақ соты, милиция негізінде әскери құраманы жасақтау және т. б. ) Совет өкіметі қарсы шығып, Қазақстанда қазақ халқын таптық жіктеу негізіндегі, яғни Советтік тұрпаттағы автономия идеясы ғана ұсынылды (сәуір, 1918ж. ) . Екі жақты келіссөздер нәтижесінде алаштық сипаттағы қазақ автономиясы, яғни өзін-өзі билеуге негізделген қазақ мемлекеттілігі Совет өкіметі тарапынан болдырылмайтындығы айқындалды.
Алашорда үкіметінің Уақытша Сібір үкіметі және Самара Комучы билігі тұсында, олармен тығыз саяси байланыс жасауға тырысты. Нәтижесінде, осы билік жүйелеріне сүйене отырып Алашорда өзінің облыстық комитеттерінің жұмысын жергілікті земстволық басқармалар арқылы байланыстыра жүргізді. Бұл байланыстарға Ресейлік саяси күштер азамат соғысы барысында және оның тікелей ықпалымен барды. Өйткені, қазақ өлкесінде Алашорда ықпалы мен беделі жоғары болды. Бұның ресейлік саяси күштері үшін тиімді жақтары болды. Ол әскери салада айқын көрініс берді.
Сібір уақытша үкіметі Алашорданы саяси тұрғыдан мойындаудан бас тартты. 1918 жылдың 4 қазанында оның орнына келген Уфа Директориясы Алашорда үкіметін тарату туралы жарлық шығарды. Оның орнына Алаш жөнінде бас өкіл штатын ұсынды. Оны Алашорда қабылдаған жоқ. Колчак диктатурасы орнағаннан кейін Алаш автомониясы жөнінде 1918 жылдың 14 қарашасында тағы да оны тарату жөнінде жарлық шығарды. Осындай саяси қиыншылықтарға қарамастан Алашорда қазақ өлкесінде 1917-1919 жылдары өзіндік ұлттық ерекшелігімен көрінген елеулі саяси күш ретінде танылды.
Біздің зерттеу жұмысымызға арқау болған сол кездегі қазақ жеріндегі алғашқы арнайы даярланған полктердің құрылу тарихы мен оның азаматтық қарсыласу жылдарындағы белсенді іс-әрекеттері аз зерттелгендіктен өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Алаш құрылуы және қызметі кезіндегі әскерінің Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге обьективті тарихи баға бере отырып, шындық бағыты негізінде талдау жасау. Кеңес билігі нығаюы жылдарындағы саяси күштердің тоғысуы және қалыптасқан жағдайға Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері негізінде талдау жасау арқылы көрсету, зерттеудің басты мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Қазақстан-Ресей арасындағы әскери, қоғамдық-саяси арақатынасын іс-әрекет аясы бойынша кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:
-Қазақстандағы Қазан революциясынан кейінгі жағдайды және оның өлкедегі ықпалын анықтау;
-Алаш партиясы әскери доктринасындағы әскер мәселесіне талдау жасау;
-Алашорда үкіметінің қарулы күштерді құрудағы алғашқы қадамдарын айқындау;
-Алаш әскерін құрудағы мәселелер мен ерекшеліктерді ашып көрсету;
-Алаш әскерінің азаматтық қарсылық жылдарындағы өзіне жүктелген міндеттерін орындауын көрсету.
Зерттеу объектісі. Алаш әскері
Методологиялық негізі. ХХ ғ. басындағы Ресей-Қазақстан қатынатары кезеңіне қатысты нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы историзм, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау әдістерді қолдану арқылы сабақ үстінде оқушылардың ойлау қабілетін дамтытып, сабақ сапасын арттыруға үлес қосады.
Ғылыми болжам. 1917-1919 жж. Қазақстандағы алаш әскерінің құрылуы мен оның қызметін алғаш рет жүйеленген түрде жаңа көзқарас тұрғысынан ғылыми айналымға түсті.
Алаш зиялыларының алаш милициясын құру және дамыту қызметін, әскер жүйесінің қалыптасуын және дамуын, оның жұмысының мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін, мамандар даярлаудың ерекшеліктері нақты деректермен дәлелденді;
Ұлттық әскердің қалыптасу қиыншылықтары әр кезең бойынша жаңа деректер мен мұрағат материалдары бойынша анықталды;
Алаш әскеріне байланысты көптеген мұрағат құжаттары мен соңғы жылдары жарық көрген жинақтар материалдары алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді;
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған мұрағат және құжаттық деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, екі мемлекеттің қарым-қатынасының дипломатиялық түрлерін, ұлттық жаңғыртуға бастаған, ұлттық егемендік дәрежесін көтерген Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлеріне арналған мәселелер бойынша жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері пайдалануға болады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттілік қалыптастыру бағытында ізденіс үстіңде дамып келеді. Ұлт-азаттық қозғалыс, ақпан төңкерісі мен қазақ зиялыларының тарихын, олардың қоғамдық-саяси, ағартушылық-шығармашылық қызметіне қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру мен зерттеп-зерделеу ісінде қомақты еңбектер жарық көрді.
ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің тарихын зерттеу ісін сол кездегі қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Қазақстан тарихында орын алған ұлттық және мұсылмандық қозғалыстар жайлы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай және т. б. өздерінің жан-жақты талдау жасалынған еңбектерінде кеңінен көрсетті.
Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздікке ие болу, егемен ел тарихына деген қызығушылықты арттыра түскені сөзсіз. Зерттеуші М. Қозыбаев Алаштану салаларын зерттеуді Алаш ұғымының тарихи негіздерінен бастауды көрсетті[1] .
ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өмір тарихын зерттеу ісіңдегі ең құңды еңбектердің авторлары: жаңа да батыл тұжырымдарымен объективті талдау жасаған М. Қойгелдиев[2] пен сонау 1960-жылдардан бері Қос төңқеріс пен Азамат соғысы, Кеңес билігінің орнауы және Алаш қозғалысының мәселесімен 30 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан, Алаш партиясы мен Алашорда тарихының ең өткір де зәру мәселелері бойынша бүкіл қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени даму контексінде салмақты да салиқалы тұжырымдар жасаған К. Нұрпейісов[3] болды. М. Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" атты көлемді еңбегіңде біздің зерттеу жұмысымызға қатысты қазақ зиялыларының Ақпан төңқерісіне дейіңгі және кейінгі қоғамдық-саяси қызметі, Құрылтай Жиылысының сайлауы мәселелері бойынша, Алашорда үкіметінің жергілікті жерлердегі органдары туралы, Алашорда мен Уақытша үкіметтің арақатынасы туралы құңды мәліметтер мен маңызды теориялық тұжырымдары беріледі. Ал, К. Нұрпейісовтің зерттеу жұмысыңда Қос теңкеріс пен азамат соғысы кезіңдегі Қазақстандағы партиялардың сан-түрлі қызметінің - саяси, дипломатиялық, экономикалық, ел қорғау және тағы басқа мәселелерінің шешімін тапқызу жолыңдағы іс-әрекетіне, атқарған шараларына жан-жақты талдау жасалады. Сонымен бірге, Алаштану мәселесін зерттеу ісіндегі бір ізділікті сақтау үшін жас зерттеушілерге бағыт-бағдарын айқындап береді.
М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегінде[4] пайымдауы бойынша, Алаш қозғалысының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты - қазақ елін отарлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллигенцияны "ұлттық-демократиялық интеллигенция" деп, ал Алаш партиясын "ұлттық-демократиялык партия" деп атау шындыққа сай келеді.
Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық саяси қызметі және тағдыр - талайы туралы жүргізілген құнды зерттеулер қалың оқырманның ықыласына бөлеңді. Қазақстандағы Ақпан-Қазан төңкерістері және азамат соғысы жылдарындағы әртүрлі партиялар мен саяси ұйымдар бойынша да зерттеулер пайда болды. Бұл зерттеулер отандық тарихнамамызға қосылған айтарлықтай үлес болып есептеледі. Сонымен қатар, зерттеуші ғалым Н. Шаяхметовтың «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген еңбегінде қазақ зиялыларының азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі кеңінен зерттеліп қарастырылады. Және де бұл еңбекте ұлттық-демократиялық топ өкілдерінің қызметінің негізгі бағыттары анықталады[5] .
Құжатты деректердің ендігі бір үлкен тобын ұлт-азаттық қозғалыс пен саяси күрестің әр кезеңіндегі күрес тактикасы мен стратегиясын айқындап, қалың бұқараға түсіндіру қызметін атқарған түрлі баспасөз бетінде («Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттері, «Айқап», «Абай» журналдары) жарияланған материалдар құрайды. Олардың басым көпшілігі патшалық самодержавие заманында, Уақытша үкімет кезінде, ішінара Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жарияланды. Бұл материалдар Кеңес Одағы тұсындағы зерттеулерде ғылыми айналымға қосылғанымен, мемлекет және құқық теориясы мен тарихи тұрғысынан жеткілікті дәрежеде зерттелмеді. «Айқап», «Абай» журналдары туралы зерттеулерде көбінесе олардың қазақ халқының сауатын ашу, ағартушылық мәселелері сөз етілсе, Алаш партиясының орталық органы қызметін атқарған «Қазақ», «Сарыарқа», «Свободная речь»[6] газеттерінде алаш әскерінің құрылуы, оның іс-қимылдарына қатысты мағлұматтар кездеседі.
Ақпан революциясы жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Уақытша үкімет пен Алашорда арақатынастары т. б. мәселелер бойынша көптеген жаңашыл авторлардың еңбектері біздің зертеу жұмысымызда кеңінен қолданылды.
Қос төңкеріс жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Кеңес үкіметі мен Алашорда арақатынастары т. б. мәселелер бойынша, Мыңжасов Н. [7], Слямов А. [8], диссертациялық еңбектерінде жаңа, бүгінгі күн талабы тұрғысында бағалар беруге тырысуышлық байқалды, ғылыми әдістемелік сипатымен мәселелерді орынды көтеруімен ерекшеленеді. Д. Д. Сүлейменованың [9] Батыс Алашордаға қатысты зерттеулерінде осы аймақтағы Алаш әскерінің құрылу ерекшеліктері мен қызметтерін нақты деректер негізінде келтіреді.
Ал мерзімді басылымдарда Алаш әскері туралы арнайы қалам тартқан авторлар санаулы. Әзірге қазақ тіліндегі басылымдарда Марат Әбсеметовтың «Ұлттық әскердің де тарихы бар (Ана тілі. 13. 02. 1991) [10], Күлпаш Ілиясованың «Алаш әскері» (Қазақ тарихы. - №6. 1997. ) [11], Ерлан Сайлаубайдың «Алашорда әскері» (Абай журналы. - №1. 2000. ) [12] атты мақалаларымен шектеліп отырмыз. Осы мақалаларды қазіргі мерзімді басылымдар мен интернет сайттарында насихаттап жүрген тарихшы Сейтқали Дүйсен (Алашорда әскері туралы. Материалдар жинағы. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ: Астана, 2000; Алашорда әскері. Астана ақшамы. 14. 08. 2007; Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары». Намыс. кг. 13. 12. 2010) [13] .
Алаш қозғалысына байланысты тарихи айтар сырлар молшылық. Алаш пен Алашорда ұлтжандылық танытып, ұлт мүддесін қорғады, қазақ елінің болашақ тағдыры жолында қарсыластарымен бетпе-бет айқасты. Алаш жетекшілері көрсетіп кеткен бағыт-бағдар қазір еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған кезде де өз маңызын жоймай, қазақ қоғамын осы заманғы әлемдік өркениетпен ұштастыруға жол сілтеп отыр.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. 1917 жылдың соңынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Алаш партиясы әскери доктринасындағы әскер мәселесі
Бүгінде қазақтың өз мемлекеттігі, өз армиясы бар. Бір сөзбен айтқанда, қазақ өзінің дегеніне жетіп отырған сияқты. Қазақтың әскери тарихы тым көмескі, мысал етуге тұрарлық фактілері аз деушілер табылып қалады. Сол сияқты қазақтың әскери символикасы, этикеті, кодексі болмаған, тіпті бола қойғанның өзінде де оларды берісі орыс пен қытайдың, арысы - ежелгі эллиндер мен гректерден бергі бүгінгі европалықтардың әскери өнерімен, әскери терминологиясымен, ғүрыптарымен, кодексімен, символикасымен мүлде салыстыруға келмейді деушілердің болуы да мүмкін. Бір реттен, осылардың нақ осындай "қазақтың арғы-бергі ата-бабаларында болмаған", "бола қойғанның өзінде де тым жұпыны, қарабайыр, тұрпайы түрде болған", "оны басқалардың дәстүрлерімен салыстыруға да келмейді" деген аксиомалық деңгейдегі тұжырымдардың басқа түгілі өз арамызда да, өз тарихшыларымыз бен басқа да зерттеушілеріміз арасында орнықты болуы түсінікті. Өйткені, қазақтың әскери мәселелері бұрын зерттеліп көрілген жоқ, қолға алына бастағанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Басқалардың, яғни орыстар мен европалықтардың көшпелілердің әскери өнері, дәстүрі, ғұрыптары, символикасы мен терминологиясы туралы түсініктері шектеулі.
Бұл түсініктер, ең алдымен, европалықтардың, араб-парсы, орыс, қытай, т. б. тілдердегі жазбаша тарихи құжаттарда ғана тіркеліп, хатталып қалған бірен-саран, өте жұтаң деректерге гана сүйеніп, көшпелілердің әскери тарихы мен мәдениетін арнайы сала, дүние ретінде бөліп қарастырмаған. Оның үстіне "Көшпелілер - жеке өркениет немесе мәдениет" және "Көшпелілер - жеке өркениет (мәдениет) емес, тек тарихи дамудың бір уақыттық, перифериялық фрагменті ғана (яғни, тарихтан тыс қалған тобыр) " деген танымдық анықтама беру ісінде батыс, орыс зерттеушілерінің келтірілген екі анықтаманың соңғысын таңдауы - жалпы көшпелілер дүниесін жеке, басқаларға ұқсамайтын, жасампаздық, шығармашылық қабілеті бар дүние деп қарастырмауы "көшпелілердің әскери тарихы мен әскери өнері" деген мәселені де арнайы қарастырмауына алып келді. Осындай тарихи- танымдық көзқарастың үстемдік етуі аясында "қазақтың әскери тарихы мен өнері" деген ғылыми салалық тармақ болып та көрген жоқ. Сондықтан осындай мәселелерді дамытуды қолға алу барысында барлық зерттеу, іздену принциптерін де жаңадан жасауға тура келеді.
Міне, осындай олқылықтар кеңес кезінде үстемдік етті, оны жою қазіргі кездері де оңай шаруа болмас. "Қазақтың әскери мәдениеті болған ба?" деген сауалға жауап бергенде зерттеуші "жоқ" деп жауап берер еді. Өйткені, 15 ғасырға дейінгі ғасырлар мен мыңжылдықтардың көшпелілерінің әскери мәдениетін принципшіл тарихшы "қазақтың әскери мәдениеті" деп есептемейді, , біріншіден, "қазақ" атына ие халықтың 15-17 ғасырларда қалыптасқандығын, яғни көрсетілген уақытқа дейінгі әскери мәселелердің бүгінгі қазаққа тікелей қатысы жоқтығын, екіншіден, әлгі уақытқа дейінгі әскери мәселелердің қазақтан басқа түркі, моңғол, т. б. тілді бүгінгі халықтарға да тиесілі екендігін айтып, тарих ғылымының қисындарын алға тартады. Оған қапелімде дау айту қиын, жадағай, жалаң, жазушы, ақын немесе журналистік үрдіске тән "біздің бабалар шетінен батыр болған" деген жалпылама тұжырымды қарсы қоюдың да реті жоқ. Рас, біз - жауынгер көшпелі халықтардың ұрпағымыз, бірақ жауынгерлік қабілетіміз бен әскери өнеріміз әр ғасырда біркелкі бола алмаған. Әскери өнердің дәуірлеген шақтары да, қүлдыраған замандары да болған.
Қазақтың жеке өзіне қатысты, яғни 15 ғасырдан бергі уақыттардағы әскери тарихы мен әскери мәдениеті туралы мәлімет орта азиялық, қытайлық және орыс құжаттарында ғана сақталған. Оның ішіндегі сүбелісі - орыстық тарихи жазба құжаттар, бірақ ол тек 18-19 ғасырдағы деректерді ғана қамтиды. Сондықтан 18-19 ғасырлардағы қазақтардың әскери өнері туралы пікір айтатын болсақ, расында да қазақ болмысындағы осы саланың аталған уақыттарда өте мешеу күйде болғанын көруге болар еді. 18 ғасырда, қалмақ-қазақ соғыстары кезіндегі қазақтың әскери өнері қандай болды? Саралап қараған зерттеушіге оның Ақсақ Темір, Шыңғысхан, Күлтегін, тіпті Есімхандар мен Қасым хандардың кезіндегі қазақтар мен қазаққа негіз болған көшпелілердің әскери өнеріне қарағанда, жұпынылау болғаны аңғарылар еді. Ал 1916 жылғы үлт-азаттық көтеріліс кезіндегі қазақтың әскери өнері ше? Оның 1870 жылғы Адай көтерілісінің тұсындағы әскери өнерге қарағанда, төмен болғаны анық, 1870 жылғы көтеріліс тұсындағы әскери мәдениет 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Исатай-Махамбет, Кенесары, 18 ғасырдың аяғындағы Сьрым Датұлы көтерілістері тұсындағы қазақтың әскери мәдениетіне қарағанда, төмен болғанын тұспалдауға болады. Ал Абылай хан түсындағы қазақтың әскери мәдениетінің 18 ғасырдың басындағы әскери мәдениетке қарағанда, едәуір төмендегенін де болжар едік. Осындай тұжырымдарға ұлтжанды тарихшыларымыз бен тарихпен айналысушы әуесқой зерттеушілеріміздің өре түрегеліп, қарсы шығатыны да айқын. Бірақ істің байыбы - солай. Оны қалай дәлелдер едік? Ол үшін жалпы қоғамдық даму мәселелерінің тарихын қатарластыра отырып қарастыруға тура келеді.
Қазақтың әскери тарихы мен әскери мәдениетінің тарихын мынадай шартты кезеңдерге бөліп қарастыруға тура келеді: Бірінші - ежелгі заман (б. з. 5 ғасырға дейінгі ғасырлар мен мыңжылдықтар)
Екінші - түрк заманы (б. з. 6-15 ғасырлар)
Үшінші - қазақ заманы (15-20 ғасырлар) . Бұл кезеңдердің өзін де бірнеше кезендерге бөліп көрсетуге болады. Дегенмен, жалпы алғанда, осындай үш шартты заманға бөліп қарастырған дұрыс.
Бірақ қазақ халқының негізін құраған ру-тайпалар мен этностардың, олардың алдыңғы уақыттардағы этникалық субстраттардың тарихы, мәдениеті, мемлекеттік даму деңгейі әр түрлі болғанын ескеруіміз керек, сондықтан әскери мәдениет мәселесін "қазақ заманы" (б. з. 15 ғасырдан бергі) және "қазаққа дейінгі” немесе "арғы қазақ заманы" (15 ғасырға дейінгі) деп екіге бөлуте болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz