Византия мемлекетінің құрылуы
Мазмұны
Кіріспе____________________________ _____________________3-4
І-тарау. Византия – дамыған орта ғасырлық мемлекет.
І. 1. Византия мемлекетінің құрылуы.________________________5-9
І.2. Ерте орта ғасырлардағы Византияның даму ерекшеліктері.___10-21
2-тарау. Византия – ерте ортағасырлардағы мәдениеті ең жоғары дамыған ел
2.1.Византия мәдениетінің даму ерекшеліктері_________________22-24
2.2.Бейнелеу өнері мен архитектурасы _______________________25-29
Қорытынды__________________________ __________________30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі__________________________32
Қосымша____________________________ __________________33
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Орта ғасырларлық Европаның қалыптасуы Батыс Рим
империясының құлауы және варвар тайпалардың басып кіруі нәтижесінде осы
екі әлеуметтік – құрылымдардың қалыптасуы жағдайында жүрді. Батыс Рим
империясы варварлардың шапқыншылығы нәтижесінде құлап, ескі әлеуметтік
құрылымдар жойылды. Осыған байланысты тарихта орта ғасылар кезеңі алға
жылжу ма әлде қараңғылық кезеңі ме деген сұрақ туады. Ерте орта ғасырлар
кезеңінде осындай құлдырау жағдайында өзінің мемлекеттік жүйесін сақтап
қалған Шығыс Рим империясы – Византия мемлекеті болды.
Византия өзін бұрынғы құдіретті Рим империясының мұрагері, ізбасары
ретінде ұстады. Варварлық шапқыншылықтар нәтижесінде Европада қирау,
мәдениеттің құлдырауы болған кезде Византия сол кездегі бай, қуатты,
мемлекет ретінде белгілі болды. Византия Римнің мұрагері ретінде
экономикасы жоғары дамыған қалалары бай және күшті бюрократтық мемлекттік
аппарат қалыптасқан империя болды. Византияда мәдени өрлеу ерте орта
ғасырлардың бастапқы кезеңінде көрініс тапты.
Византия шығыс пен батысты жалғастырушы империя ретінде өзіндік
ерекшелігі бар ел. Сонымен бірге Византия христиан дінінің православиялық
орталығы ретінде үстемдік құруға ұмтылды. Византия Жер орта теңізінде сауда
жолын өз қолында ұстап, астанасы Константинополь Алтын көпір атанды.
Христиан діні бірқатар өзгерістерді басынан өткеріп билеуші таптың
дініне айнала бастады. Ұйымдастырылуы жағынан біртұтас христиан шіркеуі
идеологиялық әсер етудің күшті факторы болды.
Христиан діні сонымен бірге мәдениеттің дамуына ықпал етіп отырды.
Алғашқы кезде білім, тек шіркеу маңында болды. Діни ғимараттар, иконалар,
әлемдік сәулет өнерінің жетістіктері, қайталанбас туындылары болды.
Мақсаты:Орта ғасырдағы Византия мемлекетінің қалыптасуы даму тарихы,
Византияның мәдениеті жоғары дамыған бай мемлекет болғанын ашып көрсету.
Византияның мемлекеттік құрылымының ерекшелігін, аграрлық қатынастардағы
өзгешелігін, христиан дінінің мемлекетте алатын орны, православия
шіркеуінің Византия қоғамындағы орны мен қызметін, жетістіктері мен
кемшіліктерін халыққа ықпалын, ашып көрсету.
Курс жұмысының міндеттері:
• Византия мемлекетінің қалыптасу, даму тарихын деректер мен
зерттеулер арқылы көрсету.
• Православия шіркеуінің алатын орнын, қоғамға ықпалын ашу.
• Византия аграрлық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету.
• Византия империясының Еуропаның саяси дамуына ықпалын көрсету.
Тарихнамасы:Тарихнамасы өте бай кезең болып табылатын медевистика
ғылымындағы тақырыптарының бірі болып табылады. Деректемелік негізі бай,
құжаттар сақталған, Батыстың және Шығыстың дамуын толық көрсететін архив
материалдары тарих сөрелерінде шаң басып қалған емес.
История Европы. Средневековая Европа[1;35] Средневековая Европа
глазами современников и историков,[2;56-57] Культура и искусство
западноевропейского средневековья[3;87] еңбектерінде Византия тарихы
өркениеттік тұрғыдан қарастырылады.
Из истории культуры средних веков и Возрождения[4;92] Карсавин Л.П.
Культура средних веков[5;67-68] Гуревич А.Я. Проблемы средневековой
народной культуры[6;45] зерттеулері орта ғасырлық Византияның жоғары
дамыған мәдениетін жан-жақты көрсетеді.
Конрад Н.И. Запад и Восток[7;101-104] Бицилли П.М. Элемент
средневековой культуры еңбектері Византия дамуындағы Шығыс пен Батыс
даму белгілеріне тоқталады.[8;180]
Средневековая Европа глазами современников и историков деректер
жинағында Византия тарихы деректері, зерттеулері бай екенін дәлелдейді.
Пояковская М.А , Чакалова А.А Византия быт и нравы[9;39], История
Византии І-ІІ томдары Византяның тарихына арналған [10;105-106]
Неусыхин А.И. Проблемы европейского феодализма [11;79] атты концептуальды
еңбегінде ортағасырлар тарихының мәселелеріне сипаттама береді. Француз
тарихшысы Жак Ле Гофф Батыс еуропа елдерінің даму ерекшеліктеріне тоқталады
[12;245]
Зерттеу әдісі: Тарихи танымдылық, принциптік жүйелеу, бірізділік.
Зерттеу объектісі: Византия мемлекетінің құрылуын, оның даму
ерекшеліктерін зерттедім. Сонымен қатар мәдениетінің даму ерекшеліктерін
зерттей келе, оның бейнелеу өнері мен архитектурасын жеке зерттедім.
Зерттеу хронологиясы:Орта ғасырдағы Византия мемлекетінің IV-XII
ғасырдағы тарихы қарастырылған.
Құрылымы: Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан,
қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда Византия – дамыған орта ғасырлық
мемлекет ретінде қаралса, екінші тарауда Византия – ерте ортағасырлардағы
мәдениеті ең жоғары дамыған ел болып қарастырылды. Ал қосымшада Юстиниан
кодексінен сот әділеттілігі мен құқығы туралы жазылды.

Византия мемлекетінің құрылуы. Бір тұтас империясының Шығыс және Батыс
болып бөлінуіне байланысты IV ғасырда өз алдына дербес мемлекет болған
Византия қолөнері мен саудасының өркендеу дәрежесі қалаларының байлығы,
мәдениетінің көркеюі жөнінен Батыстан әлдеқайда басым түсетін. Империяның
ежелгі астанасы – Римнің әлсіреуіне байланысты, империяның экономикалық
және мәдени өмірінің орталығы шығысқа қарай ойысуы заңды құбылыс еді.
Император Константин 330 жылы Босфор жағалауындағы көне мегарлық отар ел
Византияны империяның астанасы жасады.[4;11]
Жаңа астана оның негізін құрушының есіміне лайықталып
Константинополь деп аталды. Еуропадан Азияға, Қара теңізден Эгей теңізіне
апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, ал мұның өзі
Шығыс пен батыс аралығындағы сауда – саттық жұмыстарында Константинопольдің
билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды.[6;55-56]
Византия империясының құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия,
Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы Киренаика, Месопотамия мен
Арменияның бір бөлігі, Қырымдағы және Кавказдағы бірқатар тірек пунктері ,
Аравияның кейбір аудандары, ал V ғасырдан бастап Иллирик пен Долмация да
жататын болды. Византия империясының жерінде әр түрлі тайпалар мен халық
топтары: гректер, фракиялықтар, иллириктер, дакиялақтар, эллиндендірілген
кіші азиялық тайпалар сириялықтар, армения, грузиндер, еврейлер, копталар
өмір сүрген. Эллиндендіру және романдандыру көбінесе қалаларда тұратын
халықтарды қамтыды. Византияның сансыз көп тайпалары мен халықтары
өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, жергілікті тілдерін, дәстүрлерін,
мәдениетін сақтап қалды. Әйтсе де, империяның сан түрі тұрғындарының
арасында гректер үстемдік етті де, грек тілі басқасынан гөрі кеңірек
тұрады.[1;98]
IV – VІ ғасырдағы Византиядағы аграрлық құрылыс. Византия империясының
құрамына ежелден егіншілік мәдениеті жоғары елдер енген еді. Мұнда
диқаншылық өнері кең өрістеген. Жердің құнарлылығы және ауа райының
қолайлылығы кей аймақтарда жылына 2 – 3 рет өнім жинауға мүмкіндік беретін.
Ауыл шаруашылығында, оның ішінде империяның оңтүстігі мен оңтүстік –
шығысында ирригациялық істер орасан зор рөл атқаратын. Суармалы жеміс
бақтары, бау-бақша отырғызылатын, жүзім шаруашылығы мен зәйтүн ағаштары, ал
оңтүстікте құрма ағаштары кең өрістелген – ді. Техникалық дақылдар да
егілген. Мал шаруашылығы кең өріс алды.[5;82]
Византиядағы аграрлық құрылыстың екінші бір ерекшелігі – латифундиялық
типтегі ірі – ірі жеке меншік жер иелерінің біршама аз болғандығы. Шығыста
ірі – ірі жер иеленушілік негізінен императорлық қазынаның, шіркеулер мен
монастырьлардың төңірегіне шоғырландырылған болатын. Император домендері
бүкіл империяның түпкір – түпкірлеріне шашырап орналасқан. Ал V – VІ
ғасырларда Византияның бүкіл жерінің шамамен 110 бөлігі шіркеулік –
монастырьлық жер иеленушілердің қолында болды. Ірі ақсүйектердің жерге
қожалық етуі Византияда Батысқа қарағанда анағұрлым баяу және мейлінше
шағын көлемде дамыды.[2;63-64]
Византиядағы аграрлық құрылыстың үшінші ерекшелігі – ерікті шаруалар
жер иеленушілерінің өрістеуі және олардың IV – VІ ғасырларда күшті дамуы
болып табылды. Византиядағы ауыл шаруашылығының құлдырай бастауын тежеуге
айрықша себепкер болған да осы жағдай еді. Дунай жағалауындағы
провинциялар, Фракия, Македония, Кіші Азияның орталық аймақтары ерікті жер
иеленушілер мен шаруалар қауымдары басым дамыған аудандар болатын.
Византиядағы шаруалар қауымдарның аса кең таралған түрі – бір топ
шаруаларды біріктіріп, шағын – шағын жер учаскелеріне жеке меншігі ретінде
иелік жасауға кең құқықтары бар, митрокомия деп аталған көршілестер
қауымдары болды. Деревняда, әсіресе императорлық домендер мен шіркеулік
жерлерде кездесетін, жерді ұзақ мерзімдік арендаға алушылық – эмфитевзис
кең өрістеген. Эмфитеврет болып ірі жер иеленушілер де саналатын, дегенмен,
мұндайлар негізінен ерікті шаруалар болатын.
Византиядағы аграрлық құрылыстың басқалардан тағы бір айырмашылығы,
мұнда - Батыстағыдан гөрі колонаттардың кең қанат жаюы болды. VІ ғаырдағы
заң Византиядағы колондарды негізінен екі категорияға бөлген: еріктілер –
георгтар және жанамалар - энапографтар болған. Георгтар заң жүзінде бас
бостандығы өзіндегі ерікті кісілер еді, олар жеке меншігінде үй, қора,
құрал – сайман, мал және тіпті ірі жер иеленушіден жалға алған жерінен тыс,
өз меншігінде әдетте шағын көлемді жер учаскесін ұстауға ерікті болатын.
Энапографтарда ешқандай да иелік ету құқысы болмайтын, олар байлардың
жерін жайлайтын және сол мырзалардың құрал – саймандарымен жер өңдейтін.
Олардың есімдері имениенің салық ценісіне тіркелетін еді де, энапографтар
аталу себебі де осыған байланысты туған – ды. VІ ғасырда энапографтарды
ғана емес, ерікті колондарды да иемдену құқысынан заң жолымен айыруды
көздеген тенденция пайда болды. Ал мұның алдында колондар жерге бекітіле
бастады. Олар қожаларының жерін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде
заттай, ал кейде ақшалай да ақы төлейтін және қожайынның именисіне дала
жұмыстарын атқаруға мәжбүр болатын. Ірі шаруашылықтар – латифундиялыр
тиімділіктен – рентабельділіктен айырылды. Осыған орай бай – манаптардың
жыртылатын жерінің көлемі қысқарып, жерге отырықшылыққа айналдырылған
жерінің көлемі қысқарып, жерге отырықшылыққа айналдырылған колондар мен
құлдардың үлес салмағы арта бастады.
Византиядағы аграрлық құрылыстың Батыспен салыстырғанда өзіндік
ерекшелігі - ерікті шаруалар бұқарасы мен шаруалар қауымдарының едәуір
сақталуы, колонаттардың анағұрлым кең қанат жаюы және пекулий берілетін
құлдардың көптегі шығыс провинцияларында экономикадық тұрақты болуына
әсерін тигізді және шығыстағы құл иленушілік құрылысының күйреуге ұшырауын
едәуір дәрежеде әлсіретті. Сол себепті де мұнда құлиеленушілік қарым –
қатынастарының күйреуі және феодалдандыру процесінің дамуы әлде қайда баяу
қарқынмен өрбіді.
Қалалар, қолөнершілік және сауда. Византияда қолөнершілк өндірісі
Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары даму сатысында болды. Құрылыс техникасы,
тоқымы өнеркәсібі, өте аса нәзік кендір және жүн маталар, ал IV ғасырдан
бастап жібек маталар жасап шығару ісі елеулі дәрежеде жетілдірілген
болатын. Тау – кен ісі мен металл өңдеу, сол сияқты қару – жарақтар жасап
шығару ісі едәуір өркендеді. Шыныдан жасалатын заттар жөнінен де
Византияның даңқы шықты.[9;29]
Батысындағы қалалар азып – тозып, құлдырап, құрып бітуге
айналғанда, ығыста олар қолөнерілік пен сауда орталықтары ретінде көркейіп,
кеңейіп өсіп келе жатты. IV – VІ ғасырларда олардың арасынан бірнеше орынға
константинополь шықты: оның шеберханаларында өнері асқан зергерлер жібек
және жүн маталардан небір тамаша киімдер, шыны ыдыстар, қару – жарақ, алтын
мен күміс жалатқан, әшекейлі оқалы – асыл киімдер, нәзік және сәнді
бұйымдар жасап шығарылды. Транзитті сауданың аса маңызды орталығына
айналған Византия империясының астанасына алыс түпкірлердегі елдерден де
көпестер тынбастап келіп жатты. Карл Маркс Констнатинопольді Шығыс пен
Батыс аралығындағы алтын көпір атауы тегін болмаса керек.[3;63-65]
Империяның Константинопольдан басқа ірі экономикалық орталықтары –
Египеттегі Александрия, Сириядағы Антиохия, Солтүстік Месопотамиядағы
Эдесса, Финикиядағы Тир мен Бейрут Кіші Азияның қалалары – Эфес, Смирна,
Никея, Никомидия, ал империяның еуропалық бөлігінде - Фессолоника мен
Коринфтер болды. Византия көптеген елдермен және халықтармен қат – қабат
сауда байланысын жасап тұрды, соның ішінде Шығыспен – Аравиямен және Аксум
патшалығымен, Иранмен, Согдинамен, Индиямен, Тапробан аралымен, Қытаймен
сауда қатынастары бірінші дәрежелі рөл атқарды. Византиялық, сириялық
египеттік көпестер Шығыстан жібек маталар жасайтын аршылмаған жібек тұтын,
піл сүйегін, алтын және басқа асыл тастар, інжу, бұрыш және басқа дәмді
тағамдар әкелсе, бұларадан мата, тігулі киім, кестелер, шыны ыдстар
әкететін.[10;37]
Византия қалаларында қолөнершілік өндірісінде құл еңбегі кеңінен
пайдаланылатын. Жеке меншік кісілер ашқан қолөнершілік шеберханалар –
эргастерилерде қызмет ететін қолөнерші құлдардың сыртына сан – салалы
дәрежедегі мемлекеттік құлдар және жекелеген қалалардың әкімішілік
өкіметтеріне бағынышты құлдар да болатын. Мемлекетік құдардың дені –
армияға қажетті қару – жарақ пен дайындауды, император және оның
төңірегінділерге сәнді жасаулар жасауда өз монополиясына айналдырған
императорлық шеберханаарда жұмыс істеді.
Византияда қолөнершілігі және саудасы едәуір дәрежеде дамыған ірі –
ірі қала орталықтарының болуы батысқа қарағанда Византия импреиясының
экономикалық тұрақтылығының анағұрлым баянды болуына игі әсер етті.
Императорлар қолөнер мен саудадан түсетін абыстың есебінен жалдамалы әскер
ұстауға, сөйтіп, империяны сыртқы жаулардан қорғауға, орасан зор
мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға және мемлекетті бір ортақа
бағындыруды күшейте түсуге мүмкіндік берді.[7;112-113]
Мемлекет. Византияда бүкіл алғашқы орта ғасыр бойы біршама күшті
орталық үкіметі бір орталықтандырылған бір тұтас мемлекет сақталып қалды.
Мемлекет басында өз қолында кең өрісті заң үстемдігі мен әкімшілік билігін
бірдей шоғырландырған, шексіз – император тұрды. Рас, сенат, мемлекеттік
кеңес және қалалардың ерікті азаматтарының ұйымдары тәрізді мекемелер
императорлық үкімет билігін аз да болса тежейтін еді. Димдар (грек. Демос –
халық деген сөзінен алынған) Византия қалаларындағы ерікті азаматтардың
саяси ұйымдары болып саналатын, олар шаруашылық, саяси және әскери
міндеттер атқарды. Император шіркеу ұйымдары мен қатты санасуға мәжбүр
болды. Византияға мемлекттік билікті ұйымдастырудың аса бір ерекшелігі –
мұнда орасан зор бюрократтық мемлекеттік аппараттың болуында еді. Империяны
бір орталықтан басқару ісі император сарайына шоғырландырылған және олар
бірнеше мекемелерге бөлініп, олардың басында императордың өзі тағайындаған
жоғары мәртебелі шенеуніктер тұратын. Провинцияларды басқару ісі де осы
тәрізді қатал орталықтандырылған және олар орталық өкіметтің бақылауында
болатын. Орталық өкімет жергілікті провинциалдық әкімшіліктердің қандай да
болсын сепаратистік әрекетіне қарсы ұдайы және қатал күрес жүргізіп
тұратын.[12;190]
Көне Византияда салық салудың римдік жүйесі сақталып келгенді.
Негізінде жер салығы жыл сайын империяның егін шаруашылығымен айналысатын
жұртынан жиналатын аннона салығы болатын. Аннона көбіне заттай алынатын,
кейбір жекелеген провинцияларда ғана V ғасырдан бастап аннонаны ақшалай
төлейтін болған. Аннонаның дені шенеуніктер мен әскерлерді ұстауға
жұмсалатын. Тұрған халық тек салық төлеп қана қоймай, мемлекет пайдасына
басқа да түрлі борышты қызметтер атқаратын әскери бекіністер, қала дуалдары
мен қамалдар, көпірлер мен жолдар салатын, әскерлерді үйді – үйге бөліп
орналастыратын.
Әскер құруды жер иеленушілердің рекрутка өз қарамағындағы адамдарын
беру орнына ақшалай құн төлеу әдісі жиірек қолданыла бастаған. Армияда
барған сайын әр түрлі тағы тайпалардан жалдап алынған әскерлер шешуші рөл
атақар бастады. Армиясының дені варвар тайпаларынан құрылған Батыс Рим
импреиясынан византияның түпкі бір ерекшелігі – оның армиясының елеулі
бөлігі жергілікті ерікті тұрғындар өкілдерінен құрылғандығы еді, ал мұның
өзі мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізді.
Христиандық шіркеу және еретиктік қозғалысстар. Византия
қоғамының иеологиялық және саяси - әлеуметтік өмірінде христиандық шіркеу
үлкен рөл атқарды. ІV ғасырда бұрынғы қудаулаушылықтан үстемдік көрсетуші
айналған шіркеу византия мемлекетінің тірегіне және одақтасына айналды.
Шіркеулерді ұйымдастыру шеңберінде болсын, шіркеулік догматика
саласында болсын сонау ежелден – ақ батыстық және шығыстық шіркеулер
арасында елеулі айырмашылықтар байқалған және мұның католиктік және
православиелік болып екі бөлінулеріне әкеліп соқтырды. Шығыс шіркеуінде –
шіркеулік ұйымдардың және оның бүкіл иерархиясының императорлық өкіметіне
тәуелділігі тарихи қалыптасқан оқиға еді, және олар бүкіл христиан әлеміне
билік жүргізу жөнінен батыстықтармен өмір бақи бақталас болып келді.
Константинопольдік патриарх батыстық шіркеудің басшысы – Рим папасына
ешқашан да жол бермеуге тырысқан. Византияда ІV – VІ ғасырларда шіркеу көп
жерлерге құлдар, ұсақ жалгерлер мен колондар жайлайтын аймақтар мен
деревняларда қожалық қылатын, ал қалаларда қолөнерші эргастерилер мен сауда
дүкендеріне иелік ететін аса бай ұйымға айналды. Шіркеулер аса маңызды
жеңілдіктер алды: діни адамдар түрлі алым – салықтардан босатылды;
епископтар және басқа да жоғары мәртебелі діни әкімдер қарамағындағы бүкіл
клириктерін сот құруға ерікті еді.[18;175-176]
Үстемдік етуші христиандар шіркеуінің негізгі догматтық
ережелері қиын – кескі діни және әлеуметтік – саяси күрестерде пайда болды.
Ресми діншілдік символының ең басты догматы – құдайдың үшке бөлінуі
жөніндегі догмат көптеген айтыс – тартыстарды туғызды. Үстемдік етуші
шіркеудің осы догматы әр түрлі мағынада түстіндірілуі түрлі дінсіздер
ілімін тудырды. Христостық құдай болып жаратылғанына шүбә келтірген және
сол үшін Никей жиналысы бұларды аластаған ариандықтар қозғалысы, шындығына
келгенде, тап осы наразылықтың бір нышаны еді. Ариандықтар қозғалысының
әлеуметтік және шіркеуге қарсылық мәнде болғандықтан, Никей жиналысы
жақтастары тарапынан ариандықтарды қатты қуғынға ұшыруатуға әкеліп
соқтырғаны әбден заңды еді. Бірақ бірте-бірте ариандықтар аристократияға
айнала бастады да, өзінің әлеуметтік бағытынан, әрі бүлікшілік рухынан
мүлде дерлік жұрдай болды.
Ресми шіркеуге қарсы басқа да дінсіздер қозғалыстары болды. Олардың
сыртқы көрінісі дінге қарсы күрес болып көрінгенімен, көбіне мұның арасында
халықтың әлеуметтік талап – тілегі жатты. Мысалы, V ғасырдың 30 -40
жылдарында Сирия жерінде несториандық дейтін дінсіздер ілімі пайда болды.
Ариандықтар тәрізді несториандықтар да құдайдың үшке бөлінуі жөніндегі
догматты сынға алды және Христостың құдай болып тумағанын, нағыз адам
кейпінде болғанын дәлелдейтін пікірлер тудырды. Несториандықтар Христосты
тек алла тағала уақытша, әрі айрықша сана берген, кәдімгі ет пен сүйектен
жаралған адам ретінде ғана мойындады. Несториандықтардың негізгі өзегі –
діншілдер еді және олардың жаңа таластары орталық үкімет пен үстемдік
құрушы шіркеуге қарсы сепаратистік көңілдегі Шығыс провинциялардағы
көпестер қауымы болатын. Несториандықтардың осылайша опозицияға шығуы халық
бұқарасы тарапынан қолдау тапты. 431 жылы Эфесте өткен дүниежүзілік діни
жиналыста несториандықтар ілімі үстемдік құрушы шіркеу тарапынан айыпталды,
бұлар діннен безгендер деп жарияланып, қатал қуғынға ұшыратылды.[21;81]
Сонымен қоса, монофизиттіктер деп аталған тағы бір дінсіздер қоғамы да
қуғынға ұшырады. Бір қызығы – бұлар ариандықтармен несториандықтарға қарама
– қайшы тек Христосты ғана құдай болып жаратылған жан деп танитын және
діншілдер қауымынан бұл дүниедегі барлық жан рақатынан, сән – салтанаттан
бас тартуды талап ететін еді.
Монофизиттер ілімі империяның шығыс провинцияларының – Сирияның,
Палестинаның және Египет халқының қалың көпшілігін қамтыды. Бұл
провинциялардағы көпестер, ірі жер иеленушілер, жоғары діни басшылар үшін
момнофизиттік – несторяндық тәрізді, олардың орталық өкімет пен
константинопольдің партиархқа қарсы сепаратизм күресінің тууы болды. Халық
бұқарасы болса, оларды монофизиттердің аскеттікті уағыздауы, жоғары діни
басшылар арасындағы пайдакүнемдік пен азғындыққа қарсы күрес жариялауы
еліктірген еді. 451 жылы Халқидонда өткен шіркеу жиналысында монофизиттер
дінінен безгендер ретінде айыпталды.
І.2. Ерте орта ғасырлардағы Византияның даму ерекшеліктері.
Император Юстинианның билеуі. Халықтар бұқарасының көтерілістері
шайқалтқан және әлсіреткен Батыс Рим Империясы V ғасырда басқыншы варвар
тайпалардың тепкісінен тоз – тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия
IV – V ғасырларда уақытша болса да, халықтар қозғаласын тежей алды,
құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап
отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді.
Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті, әрі тұрақтылығынада
және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді.
Император Юастиниан билік еткен кезде әлі де болса құл иеленушілікті сақтап
келген Византия мемлекеті уақытша нығая түсті.[15;130-131]
VІ ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийский осынау патшаның жарқын да
бірақ қарама – қайшылыққа толы бейнесін кейінге ұрпаққа қалдыра білген.
Оның бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдықта, қажымас
рефарматорлық пен діншілдік, ғылымдық қасиеттер де қатар сайысқан. Асқан
ақыл және қайрат иесі. Заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік
істерге араласып отырған: ол заңдық және әкімшілік реформалар жасаған,
құрылыс пен дипломатиялық жүмыстарды қатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс
жоспарларын жасаған және сөйте тұра небір қиян – кескі діни айқастарға
қатысқан. Атақ құмар, әрі айлакер, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан,
Прокопийдің айтуынша: Жай әншейін жұмсақ үнімен ғана түк жазығы жоқ
ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді.
Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы құдіреттілігін қалпына
келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да
шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды.
Империяны нығайтуда Юстиниан кезінде Рим заңдарының біртұтас
бірігуінің зор маңызы болды. Қоғамдық қарым – қатынастардағы өзгерістер
өнім өндірудің құл иеленушілік дәуіріндегі әдістерінің іріп – шіруі және VІ
ғасырында империяда феодалдық құрылыстың пайда бола бастауы ежелгі құқықтық
нормалардың қайта қаралуын қажет етті. [19;69]
VІ ғасыр заңдарында сол кездегі бүкіл қоғамдық өмірдегі тәрізді ежелгі
құл иеленушілік дүние мен жаңа туындап келе жатқан феодалдық құрылыс
арасындағы тартыс аңғарылады. VІ ғасырда Византияда құл иеленушілік құрылыс
әлі жойылып бітпегендіктен, Азаматтық құқықтар жинағына ескі римдік
құқықтың арқау болуы орынды еді. Юстиниан заңдарының консерватизмдігіне
басты себеп те осы еді. Алайда сонымен бірге бұған қоғамдық өмірдегі
түбегейлі өзгерістер де өз әсерін тигізбей қалған жоқ.[13;96]
Юстиниан заңының әлеуметтік – экономикалық қарым – қатынастар
саласында жаңадан енгізген өзгерістер заң күшіне енді: латифундиялық
шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауына байланысты құлдарға пекуля беру ісіне
кеңшілік туды, құлдардың басына еркіндік алуы жеңіледі. Құлдардың заң
бойынша қожасының келісімінсіз – ақ бас бостандығын алу жағдайлары көбейді.
Юстиниан заңында колонат тәрізді институттардың заңға айналуының зор мәнісі
болды.
ІV – VІ ғасырларда Византияда қолөнері мен саудасы біршама өркендегін
қалалардың болуы, заттай, ақшалай және сауда – саттық келісімдердің
мейлінше көп болуы жеке меншіктік құқықты қорғауды және қатал шектеуді
талап етті. Міне, осындай жағдайда VІ ғасырдың заңгерлеріне қажетті заңдық
нормаларды іздеп табуда. Римдік құқықтар қажетті көзге айналды. Юстиниан
заңында сауда және алып – сатарлық операцияларды тәртіптеу, қарыз алғаны
үшін төлем пайызы, жал т.б. мәселерлерді ретке келтіруге көрнекті орын
берілуі табиғи нәрсе.[18;141]
Алайда жеке меншіктік – құқылы қарым – қатынастар саласына да елеулі
өзгерістер енгізілді. Ең алдымен, жеке меншіктің бұрынғы құнын жоғалтқан
ескі факторлары істен шығарылып, бүкіл азаматтық құқықтың негізіне айналған
біртұтас толық жеке меншіктілік құқықтың заңды түсінігі еңгізілді. Өсиет
қалдырылмаған жағдайда мұрагерлік етудің жаңа тәртібі еңгізілді, бұл ретте
еркек және әйел жақтарына ең жақын туыстардың құқықтары теңестірілді,
әкенің семьядағы үстемдігі едәуір дәрежеде тежелді, мал – мүлікке иелік
етуде балардың құқықтары артты, әйелдердің жағдайы жақсартылды, енді
олардың мал – мүлікке ортақтығы заң жүзінде қорғалатын болды. Юстиниан
заңдарында осынау прогрестік мәні бар жаңалықтар мен құл иеленушілік
қоғамға тән көптеген салт – саналар аралас құралас астасып жататын.
Жеке меншік құқықты негіздеуі және қорғауы Юстинианның Азаматтық
құқықтар жиынтығынаың өмірінен болуына игі әсер етті, ол бүкіл орта ғасыр
бойы өз мәнін жойған жоқ және оның кейінгі пайдаға асты.
Византия VІ ғасырдың аяғы мен VІІ ғасырда. VІ ғасырдың аяғы мен VІІ
ғасырдың бас кезі Византия империясында өндірістің құл иеленушілік
тәсілінің ең бір шиеленісу шегіне жеткен кезі болды. Византия терең тамыр
жайған ішкі құлдырау мен сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер дәуіріне енді. Елде
иесіз қалған жерлер көбейіп, егіс мәдіниеті нашарлады, суландыру
құрылыстары қирады. Византияның қалалары да күйзеліске ұшырады. Көптеген
қалаларда қолөнершілік пен сауда тоқтатылды. VІІ ғасырда кейбір қалалар
өзінің қолөнершілік пен сауда орталығы қасиетінен айырылып, аграрлануға
айналды, ал енді кейбіреулері иесіз қалды.[17;179]
Бұрынғыдай құлдар енбегін қанауға емес, әр түрлі категориядағы тәуелді
ұсақ жер иеленушілерді қанауға негізделген ірі жер иеленушілік пайда болды.
Патронаттық кең өріс алды. Енді бас еркіндігін алған құлдар ғана емес,
көптеген ерікті жер иеленушілер де – ірі жер иелеріне – патронаттарға
тәуелді болып қалды, яғни шаруашылық жерлері мен қоғамдық қатынастардың
феодалдық қоғамға тән ерекшеліктері барған сайын кең өріс ала бастады.
VІІ ғасырда феодалдандыру процесінің өріс алуы бұрынғы ерікті
адамдардың тәуелділігін күшейтті де, мұның өзі лажсыздан қанаушылық күшті
орын алған империяның шығыс провинциялары – Сирияда, Палитинада, Египетте
тап күресінің өршуін тудырды.
602 жылы Дунай маңында тұрған армия ішінен көтеріліс шықты. Қатардағы
жүзбасы Фока өзін император деп жариялады. Көтерілісшілер халық бұқарысының
көмегімен Константинопольді басып алды. Император Маврикий тақтан құлатылды
және өлтірілді. Византия тағына Фока отырды (602 – 610жж). Елді Киликияны,
Сирияны , Палестинаны, Кіші Азияны Египетті қамтыған ашықтан – ашық азамат
соғысы басталды. 610 жылы Фока тақтан құлатылып, өлтірілді де, тақты
империяны нығайтуға тырысқан, феодалдануға айналған провинциялық ақсүйектер
өкілі Ираклий (610 – 641 жж.) басып алды. Экономикалық құлдырау және
әлеуметтік – саяси күйзеліс сыртқы жаулармен соғыста көп территориядан
айырылуға әкеп соқтырды. Алғашқыда тек империя жеріне ғана басып кірген
славяндар VІ ғасырдың аяқ шенінен бастап осы елге қоныстана бастады да,
бірте - бірте Балқан түбегіне қоныстануға айналды. VІІ ғасырдың бас
кезіндегі азамат соғысы славяндардың және басқа варвар тайпаларының
Балқанға баса көктеп кіруіне көп жеңілдік жасады. Көптеген славяндар Кіші
Азияға қоныс аударған. VІІ ғасырдың 70 – жылдарында Византияның солтүстік –
шығыс шекараларында, Балкан түбегіндегі тұнғыш ірі славян мемлекеті –
Болгария пайда болды.[11]
Империя шығысында жиі – жиі парсылар басқыншылығына ұшырады. Император
Ираклий Иранға соғыста бірталай жеңіске жетті де, өзінің шығыс
провинцияларын парсылардан қорғап қалды. Бірақ бұл табыстар уақытша болып
шықты, ал VІІ ғасырдың 30 – жылдарының орта Византияға шығысынан жаңа да
қатерлі жаумен – арабтармен соқтығысуға тура келді. 636 – 642 жылдар
аралығында арабтар Византиядан оның ең бай және құнарлы шығыс
провинцияларын жаулап алды. Экономикалық және мәдени жағынан ең тәуір
өркендеген шығыс провинцияларынан айырылу Византия мемлекеті үшін ауыр
соққы еді. 693 – 698 жылдарда арабтар Византиядан оның Солтүстік Африкадағы
жерлерін де тартып алды.
VІІ – VІІІ ғасырларда Византиядағы әлеуметтік – экономикалық және
саяси өзгерістер. VІІ ғасырдың аяқ шенінде Византияда Юстиниан тұсындағы
империяның үштен біріндей де қалған жоқты. Италия жерінде Византияға
бағынышты дегеннен тек Равенск экзархаты, оңтүстік Италияның бір бөлігі
және империядан бірте – бірте оқшалануға айналған Сицилия аралы ғана қалды.
Дунай мен Эгей теңізіне дейінгі аралықтағы жерлер осында өздерінің тәуелсіз
мемлекеттерін құра бастаған славяндар қолында еді. Арабтар болса империяның
Азиядағы және Солтүстік Африкадағы аса маңызды аймақтарын жаулап алды.
Армения мен Лазика да Византиядан тәуелсіз болып, дербес шықты. Тұрғын
халықтың этникалық құрамы өзгерді: Балқан түбегінен едәуір бөлігіне және
Кіші Азияның кейбір жерлеріне славяндар қоныс тепкен. Кіші Азияның шығыс
бөлігінде армяндар, парсылар, сириялықтар және арабтар қоныс тепті.[16;57]
VІІ ғасырда елдің әлеуметтік – экономикалық және саси өмірінде аса
маңызды ілгері басқандық байқалды. Жергілікті жерлердегі ерікті селолық
қауымдар мен кең өріс ала бастаған славян қауымдарының маңызы мейлінше арта
бастады. Осы қауымдардың ыдырауы өңдірістің құл иеленушілік тәсілінен
феодалдық формасына өтуіне ықпал жасады. Бұған дейін сақталып қалған ірі
жер иеленушілер барған сайын жаңа феодалдық негізде қайта құрылы бастады,
құлдар еңбегін пайдалану азайды және түрлі категориялардағы тәуелді тұрған
халықтарды қанаудың мәнісі артты.
Мемлекеттік басқару жүйесі барған сайын феодалдануға айналды. Византия
мемлекетінің әкімшілік құрылысы түбегейлі өзгерді. Ескі диоцездер мен
провинциялар жаңа әскери - әкімшілік округтар фемдармен ауыстырылды.
Византия жеріне бытырай жайылған славяндар, армяндар, сириялықтар және
басқа да тайпалардың колондар бұқаралары фемдардағы әскери отырықшылардың
негізгі тегін құрады. VІІІ ғасырда осылардың және ерікті византиялық
шаруалардан айрықша әскери сословие – стратиоттар пайда бола бастады.
Әскери қызмет атқарғаны үшін стратиоттар өкіметтен ұрпақтан – ұрпаққа мұра
болып қалатын жер үлесін алды. Стратиоттар жер иеленушілік салығынан басқа
салықтар түрінен босатылған, айрықша жағдайда болды. Стратиоттар фемдік
әскерлердің басты күшін және фемдік құрылыстың негізін құрады. Кейінірек
осы стратиоттар арасынан феодалдық типтегі жер иеленушілер - әскери төрелер
сараланып шықты.
Фемдердің басында фемдік әскерлердің командирлері – стратиоттар тұрды,
бұлар және фемдердегі бүкіл әскери және азаматтық билікті түгелдей өз
уысына ұстады.
Фемдік құрылыстың пайда болуы белгілі бір дәрежеде мемлекеттік басқару
ісін децентрализациялаумен ерекшеленді, ал мұның өзі елді феодалдық қарым –
қатынастың өркендеуімен тікелей байланысты болатын. Алайда Византияның
мемлекеттік құрылысының ертедегі феодалдық басқа көптеген мемлекеттерден
өзгешелігі – орталық өкіметтің біршама күшті күйінде қалуында еді.[20;87]
VІІІ ғасырдағы ІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Византия
деревнясындағы өмір ерікті селолық қауымдардың басым дамуымен
ерекшеленетін, ал осылардың ыдырауы феодалдық қарым – қатанастардың
қалыптасуна негіз болды. Мұны, ғылымдардың шамалауынша, VІІІ ғасырда
жасалған аса маңызды заңдылық ескерткіші Жер иелену заңы айқын
дәлелденді.
Жер иелену заңы - бір кездегі варварлық шындық тәрізді, кәдімгі
құқықтардың жиынтық жазбасы; ол селолық қауымның ішіндегі өзара
қатынастарды реттеуді көздеген. Жер иелену заңының мәліметтеріне
қарағанда, византиялық деревняда сол кезде ерікті көршілестер қауымдары
басым болған, олардағы жыртылатын жер, бақ, жүзімдіктер сол кездің өзінде
ақ қауым мүшелері арасында бөлініп, солардың меншігіне айналған.
Шалғындарды, жайылымдарды, ормандарды және басқа жерлерді қауымдастықтардың
барлығы бірігіп пайдаланатын болған. Көршілес қауымдардың барлығы бірігіп
пайдаланатын болған. Көршілес жер иелерінің арасындағы айтыс – тартыстар
кезінде қауым жоғары жер иелерінің арасындағы айтыс – тартыстар кезінде
қауым жоғары мәртебелі жер иесі ретінде билік айтатын болған. Барлық
қауымдар мемлекетке салық төлеп тұрған.[14;150]
Жер иелену заңына қарағанда, византиялық – славяндық қауымдарды
заттық дифференциясы байқалды: өйткені сол кезде ерікті қауымдастардың
негізгі категориясы - георгтермен қатар, дүние – мүлкі жоқ кедейлер –
апорлар пайда болған, ал бұлар жоқшылыққа ұшыраған кездерінде өз
учаскелерін ауқаттылау шаруаға арендаға берген немесе бас сауғалап басқа
өлкелерге қашатын болған. Деревняда осы тұста жалдамалы қызметшілер
мистиялық және құлдар пайда бола бастаған және соңғыларын тұтас қауым да
пайдаланатын немесе жекелеген ауқатты қауымдықтар өз шаруашылығына
жеккен.[25;189]
Бірақ қауымдық қарым – қатынастың күшті болғандығы соншалық, Жер
иелену заңында қауымнан тыс елге жер сату жөнінен қауымдықтарға құқық
берілмеген. Олардың жерді айырбастауға немесе арендаға беруге қатысы бар,
бірақ мұны тек қана өз ауылдарымен жасай алатын болған. Ұзаққа созылған
және аса ауырға түскен қауымдарды жою және солардың есебінен ірі феодалдық
жер иеленушілікті көбейту мен шаруаларды крепостнойландыру – феодалдандыру
процесі VІІ – VІІІ ғасырларда басталған және негізінен ІХ ғасырда
аяқталған. Әйтсе де, VІІ ғасырдан бастап ІХ ғасырдың орта шеніне дейінгі
ерікті шаруалар – қауымдықтардың негізгі бұқарасы әзірше бұғауға түспеген
кез деп есептелуіне тиісті.
Византиядағы феодализм дамуының бір ерекшелігі – оларда, Батыс
Еуропаға қарағанда, құл иеленушілктің сарқыншағы әлі де кең көлемде
сақталып келгендегі еді.
VІІІ ғасырда және ІХ ғасырдың алғашқы жартысында, бір жағынан, фемдік
әскери төрелер мен, екінші жағынан – қалалық мәртебелі аристократия және
бірте – бірте дамып келе жатқан шіркеулік – монастырьлар жер иеленушілер
арасында жер үшін талас қатты шиеленісті. Кіші Азиядағы фемдік төрелер
кейін Исавралық әулетінің негізін (717 – 867 жж.) қалаушы болған ІІІ Лев
Исавраны (717 – 741 жж.) таққа отырғызды. Ерікті шаруалардың жасақталған
фем әскерлеріне арқа сүйеген ІІІ Лев Византияның ең қауіпті сыртқы жауы –
арабтармен күресте үлкен бет бұрыс жасады. Ол жыл бойы Константинопольді
қоршап жатқан араб халифатының көп армиясының шабуылына табысты тойтарыс
бере білді. 740 жылы ІІІ Лев арабтарды күл – талқан етіп жеңді. ІІІ Левтің
ұлы V Константиннің тұсында Византияның өзі араб халифасына қарсы шабуыл
бастады да, 746 жылы византиялықтар Сирияға басып кірді, содан кейін Ефрат
жағалаулары мен Армения жеріне дейін жетті. Византия әскерлері өзінің
терістіктері көршісі – тұнғыш Болгар патшалығына қарсы да шабуылдарын
жемісті жүргізе білді.
Иконға қарсы күресушілер қозғалысы. Соғыстағы жеңістер фемдік әскери
төрелердің жағдайын жақсартты, олар енді үкіметтен реформалар жасауды талап
етті. Атап айтқанда, ең алдымен мемлекетті басқару билігін әскери
төрелердің қолына беруді, монастырьлық жерлерді ішінара мемлекет меншігне
қарату және сол жерлерді әскери адамдарға бөліп беруді талап етті. Үстем
таптың жер үшін және шаруалардың рента алу құқысы үшін кейін идеологиялық
қозғалысқа – иконға қарсы күресшілер қозғалысына айналған күресі бүкіл VІІІ
ғасыр бойы және Х ғасырдың орта шеніне дейін созылды.
Жоғары діни шонжарлардың және солармен тығыз байланысты болған
қаладағы ақсүйектердің идеологиялық ықпалын жою мақсатын көздеп, иконға
қарсы күресушілер – иконға табынушылыққа қарсы шықты, алла тағаланың қандай
да болмасын суретін жасау мүмкін емес деп дәлелдеп, иконға табынушылықты –
пұтқа табынушылық деп жариялады.
Иконға қарсылар мен иконға табынушылар арасындағы айқас кейбір
монастырь жерлерін мемлекет меншігіне ала бастаған император V
Константиннің тұсында қатты шиеленісті. Моныстырь жері шіркеулік қазыналар
кәмпескеленді. Жер сыйлық ретінде әскери төрелерге беріле бастады. 754 жылы
V Константин иконға табынушыларды айыптаған және оны жоқтаушыларды бүкіл
шіркеулік қызметтен аластаған шіркеулік жиналыс шақырды. Бірақ күрес
мұнымен де аяқталған жоқ. Иконға қарсылар қозғалысы ІХ ғасырдың ортасына
шейін созылды. Исавралық императорлардың иконға қарсы саясаты әскери –
төрелердің саяси және экономикалық үстемдігін күшейтуге ықпал
жасады.[22;142]
VІІІ ғасырдағы – ІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы халықтар қозғалысы.
Ірі феодалдық жер иеленушілердің көбеюі және феодалдардың ерікті шаруаға
зорлық жасауы тап тартысын шиеленістіруге әкеп соқты. Өзінің кең өріс алуы
және артында із қалдыруы, жөнінен ең елеулі оқиға болғаны - павликандардың
халықтық – еретиктік қозғалысы болды. Ол әуелде VІІ ғасырдың аяқ шенінде
Арменияда басталды, кейін VІІІ – ІХ ғасырда Кіші Азияда болды.
Шаруаларды крепостнойландыруға қарсы негізінде Византияда Фома
Славяниннің көтерілісі деген атпен белгілі болған феодалдарға қарсы тағы
бір халықтық қозғалыс өткен. 820 жылы Кіші Азиялық фемдердің әскери
командирлерінің бірі Фома өзін император деп жариялады да, орталық өкіметке
қарсы көтеріліс ұйымдастырды. Көтерілісшілер табының дені әскери төрелерден
қысым көрген стратиоттар, крепостнойланған шаруалар және қаладағы
кедейлердің бір бөлігі боды. Көтеріліске құлдар да қатысты. Көтерілісті
павликандар және басқа еретиктер қозғалысының өкілдері де қостады.
Бастапқыда көтеріліс орасан зор өріс алып, Кіші Азияның басым көпшілік
жерін қамтыды. Көтерілісшілерге Византияны әлсіретуді тұтқан арабтар да
көмек көрсетті. Фома ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz