Орта ғасырдағы Корея тарихы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты
СМЖ-нің 4 деңгейдегі № 1басылым ФООО18
құжат 17.03.2006 ж.
Сапа формалары 4-тің 1 –ші беті

Кафедра: Тарих және Филология
Курс жұмысы
Орта ғасырдағы шығыс тарихы п әні бойынша
Тақырып: Орта ғасырдағы Корея тарихы
Студент: Бажакупова М.Б. топ : И -231
Шифр, мамандық 050114 тарих мамандығы
Жетекші:__________ Мұқатаева З.Қ
(қолы)
_____________________________
(баға)
Семей 2011 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
I. Орта ғасырлардағы Корея жеріндегі мемлекеттер: қалыптасуы мен даму
мәселелері
Орта ғасырлық феодалдық мемлекеттердің құрылуы. Силла басшылығымен
Кореяның бірігуінен кейінгі әлеуметтік –экономикалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..6
Коре мемлекеті: құрылуы, әлеуметтік –экономикалық дамуы ... ... ... ...11
Корея моңғолдар билігі кезінде. Ли сон Генің мемлекеттік
төңкерісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...15
II. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КОРЕЯ
2.1 ХVI-XVII ғ.ғ. Корея халқының жатжерлік басқыншыларына қарсы күресі.
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 19
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...23
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...25
ҚОСЫМШАЛАР

... ... ... ... ... 26
Өзектілігі: Әлемдік тарихи дамудағы орта ғасырлық Кореяның орны ерекше.
Кореи халқының тарихы үлкен тарихи оқиғаларға толы. Өз елінің бостандығы
үшін, тәуелсіздігі үшін талай күрес жүргізді.
Б.з.б.1 – мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде
Чосон мемлекеті б.з.б. 2 – 1 ғасырларда аса күшті мемлекетке айналды.
Б.з. басында Когуре (солтүстікте), Пэкче (оңтүстік - батыста), Силла
(оңтүстік - шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 9 ғасырда Силла ыдырап,
935 ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан
шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Шаруашылық
өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231 – 1259
ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғасырдың
орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. Қытай әскерлерінің шабуылын
тойтарып, Чосон атауын (Ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтарып алды.
Астана Кэчен қаласынан Хансонға (Сеул) көшірілді.16 – ғасырдың аяғында
елге жапондар, 17 ғасырда манчьжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 –
1598 ж. жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур
шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. Корея билеушісі маньчжур
әулетіне бағынды.Дегенмен 17–18 ғасырларда ел әлеуметтік – экономикалық
жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары
құрылды.
Кореяның орта ғасырдағы ең маңызды жетістіктерінің бірі ол – кітап басу
болды. Тақтайдан басу немесе ксилографияны Кореяда VIII ғ қолдана
бастады. Кейіннен олар жылжымалы метал шрифына көшті. Кореи тарихының
көптеген деректерінде алғаш жылжымалы металл шрифын кореиліктер ойлап
тапқан. Тағы бір айта кететін мәселе бұл кезде астраномия кең дамыды.
Кореяда буддизм IV ғасырдың екінші жартысында келеді. 372 жылы Когуреға,
384 жылы пекчкге, V ғасыр басында Силлаға келеді. Қытайдан йенген бұл
дін VI ғасырдың басына дейін баяу дамыды, бірақ кейіннен ол қарқынды
әрі үздіксіз дамыды. Ал когуреда ол VII ғасырда даосизмнің ықпалымен
ығыстырылды.
Жұмыстың мақсаты: IV-XVII ғасырлардағы Кореяның ішкі және сыртқы
саясаты, ұлттық мемлекеттердің арасындағы шиеленістер және халықаралық
қатынастар жүйесінің қалыптасып деректер және тарихи зерттеулер
негізінде ашу. Әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын айқындау.
Территориялық мүдделер мен шекаралық мәселелердің тиімді жолдары үшін
болған қақтығыстардың мәнін ашу.
Жұмыстың міндеті: IV-XVII ғасырлардағы Кореяның ішкі және сыртқы
саясатындағы ұстанған бағыттарын деректер мен зерттеулер бойынша талдап
көрсету; XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басындағы Ли сон Генің
мемлекеттік төңкерілісі жайлы мәліметтер келтіру; Кейінгі орта
ғасырлардағы Жапон басқыншылары мен Манчжурлардың Кореямен болған
қақтығыстардың негізгі желістері және күштер арасалмағын орналасуын
зерттеу
Тарихнамасы: Чучхей тарихнамасын бірден иеленуіне қарамастан 1967-1968
жылдары тоқыраудаудан кейін Солтүстік Кореяның ғылыми тарихы көпке дейін
есін жиялмады. Тек 1979-1982 жылдары 33 томдық басылыммен “Полная
история Кореи” атты кітап басылып шықты. Дәл осы еңбек Корея тарихына
чучхей түсінігі бойынша барлық талаптарға сай деп есептелген.Мәскеу
мемлекеттік университетінің профессоры Михайл Н.Пак ойынша бұл кітаптың
басылуы Солтүстік Корея таихын зерттеуде марксистік-лениндік мектептен
қарағанда чучхй мектебінің жеңісі деп қарауға болады.33 томның тең
жартысы мемлекеттің ерте, ежелгі, орта ғасыр және жаңа заман тарихына
арналған. XXI Кореяның тарихшыларының түсініктемелерін оқи отырып XII
ғасырдағы Мечхон көтерілісінің себептерімен кездесеміз. Коре әулетінің
патшасының кеңесшісі болып сайланған буддалық тақуа Мечхен астананың
Кэсон қаласынан Пхенянға ауыстыруын мемлекеттегі саяси және экономикалық
дағдарыстан шығу үшін талап етті. Бұл мәселелердің шығуының себебін
Мечхен Кэсоннңдұрыс орналаспағағына байланысты деген.Оның ойынша Пхенян
қаласы барлық талаптарға сай болған. Алайда, Коре астанасының
солтүстікке ауысуының нақты себебі шекараны бекіту, әскери жасақты
варварларға қарсы дайындау және әлсіреп тұрған Қытайдан бұрын Когуре
жеріне жатқан жерлерді жаулап алу болды. Қазіргі кездегі Солтүстік
Корея археологтарының пайымдауынша, Коре мемлекеті Когуре мемлекетінің
тікелей мұрагері болып саналады. Олардың пікірнше,Кэсон қаласының
маңындағы қазба жұмыстарының ішіндегі Монвольдегі қазба жұмысы ерекше
орын алады.
Қазіргі уақытқа дейін орыс тіліне аударылған Корей тарихы туралы
жазбаша ескерткіштер өте аз. 100 жыл бұрын шамасында Н.Я.Бичурин өзінің
кітабында Сборник сведений о народах, обитавщих в средней Азии в
древние времена. Корей халқының тарихын бірінші ғасырдан бастап IX
ғасырға дейін жазып шықты. Осымен Бичурин Ресей ғалымдарына Корей
халқының тарихын зерттеуіне бастау салды.
XIX ғасырдың 80ж П.А.Дмитревский Записки переводчика атты Жапон
дерегін аударып, Корей халқының тарихы жайлы біраз мағлұмат берген.
Қазіргі уақытта Бичурин мен Дмитревскийдің ортағасыр Кореи тарихы туралы
аудармалары маңызды деректердің бірі.
Корей тарихы туралы тағы бір дерек қалдырған ғалым Ким Бусин. Оның
еңбегі Исторические записи трех государств (1145ж) Бұл дерек Корей
халқының тарихын зерттеуде маңызды орын алды. Корей тарихының бастауы 3
мемлекеттің Когуре, Пэкче, Силла құрылуына жатады
Зерттеу объектісі: IV-XVII ғасырлардағы Кореяның ішкі және сыртқы
саясаты. Кореядағы монғолдар билігі. Ли сон Генің төңкерілісі. Жапон,
Маньчжур шапқыншылықтары.
Хронологиялық шеңбері: IV-XVII ғасырларды қамтиды.
Зерттеу әдісі: Курс жұмысын жазу барысында жинау, жүйелеу, сараптама
жасау, талдау, ізденіс әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан
тұрады.Олар:I-тарауда 3тақырыптан, II-тарауда 2 тақырыптан, қосымшадан
тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері,
тарихнамасы, зерттеу объектісі, зерттеу әдісі, хронологиялық шеңбері
беріледі.
Бірінші тарауда- Ерте орта ғасырлардағы Корея түбегіндегі Когуре, Пэкче,
Силла мемлекеттерінің құрылуы, әлеуметтік-экономикалық дамуы айтылады.
Коре мемлекетінің құрылуы, әлеуметтік – экономикалық дамуы. Кореядағы
монғолдар билігінің орнауы және құлауы. Ли сон Генің мемлекеттік
төңкерілісі баяндалады.
Екінші тарауда - Корея халқының жапон басқыншыларына қарсы күресі.
XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Корея. Манъчжур шапқыншылығы айтылады
және Кореяның саяси –экономикалық және әлеуметтік дамуы баяндалады.

1.1 Орта ғасырлық феодалдық мемлекеттердің құрылуы. Силла басшылығымен
Кореяның бірігуінен кейінгі әлеуметтік–экономикалық дамуы.
Жаңа дәуірдің I ғасырында Корей түбегін әртүрлі тайпалар мекендеді.
Ханган өзенінің солтүстігінде окчо, когуре, ауе, лолан, емэк тайпалары
тұрса, оңтүстігінде пэкче, махан, чинхан, саро, е, пенхан, т.б. тайпалар
тұрды. Жарты арал тұрғындары мал ұстады, аңшылықпен, балық аулаумен
айналысты. Дегенмен, ең негізгі шаруашылық түрі – егіншілік болды.
Корейліктер тары, арпа, кендір өсірді. Оңтүстікте сонымен қатар күріш екті.
Күріш өсіру суару жүйелерін салуды қажет етті. Ауыл шарушылығында темір –
құрал жабдықтар қолданылды. Жер өңдеп, егін, егушілер өздері жіп иіруші де,
өздері мата тоқып, киім тігуші де болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамының қалдықтары қытайдың ықпалы
күштірек сезілетін Солтүстік Кореяда тез қарқынмен жойылды. Кореяның ежелгі
замандардағы тарихы Қытай деректерінде кең орын алды. Бес рулық топқа
берілген Амноккан (Ялу) өзенінің бассейінін мекендеген когуре тайпасының
өмірінде қауымдық құрылыстың белгілері сақталғанымен, мүлік теңсіздігі
пайда болған еді. Қауымдастық ішінде “тэга” деп аталатын байлар да болды.
Олар өз туыстарын көрші қауымдарды жаулауға ұйымдастырып отырды. Мысалы,
көрші окчо, емэк деген тайпалар когуре тайпасына тәуелді болып, егінмен,
матамен, қымбат аң терілерімен, балықпен алым – салық төлеп тұрды. Мұндай
басқыншылық соғыстар когуре тайпасының ішіндегі мүлік теңсіздігін күшейте
түсті.[6;187]
Ақсүйектер байыған үстіне байи түссе, соғыста кедейлер одан сайын
кедейлене түсті. Сөйтіп, олар жеңілген тайпалардың кедейлерімен бірге
қаналуыш, езілген тап – “хахо” қатарын толтырып отырды. Ал жеңілген жақтың
көсемдері ақсүйектік жағдайын сақтап қалып отырды. [5;235]
Когуредегі таптық қоғам II – III ғасырларда қалыптасты. Астанасы
алғаш Хвандо, кейін – Пхеньян (427 ж.) қалалары болды. Когуредегі
мемлекеттің құрылуын тарихшылар 313 жылға жатқызады. Мемлекеттік аппаратты
король басқарды. Ал әскери чиновник ақсүйектер атқаратын қызметінің
маңыздылығына қарай 12 разрядқа бөлінетін. Жеке меншікті қорғайтын заңдар
қабылданды. Ұрлық жасалса, ұрлаған мүлкінің құны 12 есе етіп қайтырылуға
тиіс болды. Ал малға келтірген зияны үшін күнәһар құлға айналды.[6;214]
IV – V ғасырда Когуре мемлекеті Корей жарты аралының
солтүстігіндегі үлкен кеңістікті алып жатты. Махан деген тайпаның құрамына
кірген пэкче деген қауым III – IV ғасырларда көрші қауымдарды жаулап алып,
Корей жарты аралының оңтүстік – батысында, Ханган мен Кымган өзендерінің
төменгі жағында 346 ж. өз мемлекетін құрды. Оның астанасы Хансон (қазіргі
Кванджу), 538 жылдан Сабури (Пуе) қалалары болды. Кейінірек 356 ж. Оңтүстік
Шығыста Силла мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін саро қауымы
қалады.
Когуре мемлекетінің құрылуы туралы зерттеушілерде нақты дерек жоқ.
Бірақта IY-Y ғ.ғ аралығында Когуре мемлекеті дамыған, мықты мемлекеттердің
қатарына көтерілді. Сонымен қатар Корей түбегінің байтақ аймағында иелік
етті. Оңтүстікте мемлеекттің дамуы пзкче, саро,силла т.с.с сияқты ең ірі
тайпалардың көршілес тайпаларды күштеп бағындыру арқасында жүзеге асырылып
отырды. Жаулап алынған тайпалардың ақсүйектері жаулап алушы ақсүйектер
өкілдерімен бір қайнасып кетті. Пэкче тайпасы III-IY ғ.ғ көршілес
тайпаларды бағындырып, Ханган және Кымган өзендерінің төменгі бойларында
Кореяның оңтүстік-батысындағы пэкче ақсүйектері мықты мемлекет
орнатты.[7;54]
IV-V ғ.ғ алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы олрталықтанған Сила
мемлекеті құрылды. Саро қауымы немесе Соболь,ол қазіргі Кенчжу ауданында
орналасқан, сонымен қатар Нактонган өзенінің бойында басқа да тайпаларды
бағындыру бойынша өз қимылдарын жалғастыра берген. Жаңадан құрылған
мемлекет басқарудың территориялық әкімшілік принципі сақталды. Шенеулік
аппараттардың тағайындалуы жекленген рангтар бойынша жүзеге асырылып
отырды. Силла оңтүстігінде Кая қауымын және алшақта жатқан Усан аралын өз
қолының астына бағындырды.[6;165]
Сөйтіп, VI ғасырда Корей түбегінде үш мықты мемлекет пайда болды.
Олар:Когуре, Пэкче және Силла, кейіннен осы үш мемлекеттің арасында өзара
күрес басталды.
Сонымен, VI ғасырға қарай Корей жарты аралының кеңістігі 3 мемлекеттің
арасында (Когуре, Пэкче, Силла) бөлінді. Бұл үшеуінің арасында біріншілік
үшін күрес жүреді. Ол күрес сондай – ақ феодалдық қоғам дамуының
талабына сай елді біріктіру мақсатын көздеді. Мемлекеттік ұйым жерге
феодалдық меншікті бекітетін белсенді күш болды. Мемлекеттік аппарат
шаруалардың қоғамдық жерлерін феодалдық меншікке айналдыруда күш көрсетіп
отырды.[1;12]
Шаруалар қауымдары мемлекет қарамағына немесе жекелеген феодалдарға
басыбайлы бола бастады. Феодал–чиновниктердің мемлекеттен өзін “асырауға”
алып отыратын оуругы “сиқып” деп аталды. Құлдардың жағдайына өзгерістер
енгізілді. Оларды енді өлтіруге тыйым салынды. VI ғасырдың басында Силлада
король өлгенде 10 құлды бірге өлтіретін әдетке тыйым салатын ерекше жарлық
шықты. Жарнамалар 558 жылы Силла әскер басшысы Садахам Кая қауымының
көтерілісін басқан соң сыйлыққа алған 200 тұтқынды еркіне жіберіп, егінші –
диқанға айналдырғанын хабарлайды.
Өз билігін нығайту үшін жергілікті аристократия Қытайдың
мемлекеттік билік түрін ғана емес, идеологиясын да қабылдады. Біздің
эрамыздың I ғасырында Кореяда конфуциандық кең өріс алды. Ол бойынша кіші –
үлкенге қатардағы қоғам мүшесі – үкімет басшыларына сөзсіз бағынуы тиіс
болды. Когуреде мемлекеттік чиновниктер дайындайтын арнаулы конфуциандық
оқу орны ашылды. Қытайдан Кореяға феодалдық базис пен қондырманың
қалыптасуында үлкен рөл атқарған будда діні тарады. Когуредегі ең алғашқы
будда монах уағызшылары 372 жылы пайда болды. Олар будда дінінің кітаптарын
будданың суретін әкелді. Бұл уағызшыларды король сарайы жылы шыраймен қарсы
алды. Пхеньян маңында екі үлкен буддда монастыры салына бастады.
388 жылы Пекчэ королінің өтініші бойынша оның астанасында Оңтүстік
Қытайдан будда уағызшылары жіберілді. Пэкче мемлекетінің басшылары
буддизмнің кеңінен тарауына қамқорлық жасап, будда дін басыларына ірі жер
үлестерін сыйға тартып отырды.[1;16]
Cиллада буддизм VI ғасырдың I жартысында – 528 жылдан бері тарай
бастады. Бұл кезде мемлекеттік құрылыс негізінен аяқталған болатын.
Силланың үкімет басшысы Қытай үлгісі бойынша “Ван”король, князьатағын
алды. Силла кеңістігі облыстар мен уездерге бөлінді. Оларға әкімдер
астаналық аристократтар арасынан тағайындалып отырды. Мемлекеттік астанасы
Қымсон ірі қалаға айналды. Оның барлық елді мекендер мен байланысын нығайту
мақсатымен пошта стансалары көптеп салынды.[6;169]
Корей жарты аралындағы мемлекеттерге қытай жиі - жиі шабуыл жасап
отырды. Ол шабуыл б.з.д. II ғасырда, Хань империясы тұсында басталған
болатын. 342 ж. Солтүстік Қытайда Янь мемлекетін құрған Сянь биліктер
Когуреге баса көптеп кіріп астанасын басып алды. Ерлік күрестің нәтижесінде
когуреліктер бірнеше жылдан соң Сянь биліктерді өз жерінен қуып шықты. IV
ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басында Квангэтхо королі кезінде Когуре аумағы
бұрынғыдан бетер ұлғая түсті.475 ж. когуреліктер пэкченің астанасы Хансонды
басып алды. Пэкче Силламен одақтасып 551 ж. Когурені Ханган өзенінің
бассейінен ығыстырды. Бірақ Когуреден қайтарылған жер Пэкченің өзіне тимей,
Силланың қолына көшті. Пэкче наразы болып Силламен одағын бұзды. Енді ол
Когуремен одақтасып Силлаға қарсы шықты. Ал Силла Қытаймен одақтаса
бастады.[8;29]
Когуре мен Пэкчедегі Қытай шапқыншылығына қарсы күрес Силла мемлекеті
тарапынан алғаш қолдау тауып отырды. Когуреге қытай шабуылы 598 жылы
басталды. Осы жылы Суй әулеті Корей жарты аралының солтүстігіне үлкен армия
мен флот жіберді. Бірақ қытайлықтар кәрістерден жеңіліп қалды.[16;47]
612 жылы қытай әскері Когуреге тағы басып кіріп, қайтадан жеңіліс
тапты. Суй әскерлерінің 613 – 614 жылдардағы жорыұтары да сәтсіздікке
ұшырады. Когуре мен Пэкче бірлесіп Силлаға қарсы соғыс ашқанда ол Қытайдан
көмек сұрады. 645 жылы қытай әскері Когуреге басып кірді. Бірақ олар
мақсатына жете алмады. 660 жылы Силла мен Қытай әскерлері Пэкчені талқандап
оны Таң империясының провинциясына айналдырды. 663 жылы пэкчеліктер
тәуелсіздік жолындағы көтеріліске шығып, жеңілді. 668 жылы Таң және Силла
әскерлері Когуренің астанасы Пхеньянды басып алды. Сөйтіп, Корей жарты
аралындағы үш смемлекет 676 ж. біртұтас Силла мемлекетіне бірікті. Кореяның
Силла мемлекетінің құрамына бірігуінің тарихи маңызы осы кезден бастап
аумағы бір, тлі ортақ біртұтас кәріс халқының қалыптасуы болды.
Силландық Кореядағы (658 - 935) әлеуметтік құрылымының жоғарғы
баспалдығында чингольдар–яғни ақсүйектер онан кейін баспалдығында
яньиндер–мейірімді адамдар, әскери міндеткерлер; келесі төменгі
баспалдақтар – чхониндар яғни опасыз адамдар тұрды. Олар толық құқылы
болмады. Чхониндердің ең төменгі тобы - құлдар ноби деп аталды. Олар
негізінен үйдегі күңдер (малайлар) болды. Нобилер мемлекеттік және жеке
меншік болып бөлінді. Салықтың негізгі түрлері оброк және еңбекпен өтеу
болды. Жалпыға бірдей әскери міндеткерлігін өтеушілер тегін жұмысқа салынып
отырды.
897 жылы Когуреде шаруалар көтерілісі басталды. Ол жеңіске жеткен
соң Ху Когуре мемлекетінің құрылғандығы жарияланды. 918 жылы ол мемлекеттің
басқыншылығына Ван Гон тағайындалды. Ол шаруалардың бұрынғы салықтарын
жойды. Сонымен қатар Ван Гон Силла королімен келісімге келді. Сол “еңбегі”
үшін Коре король деген атақ алды. Сол жылдан бері жарты арал “Корея” деп
атала бастады. 935 жылы Силла мемлекеті Коренің құрамына кіріп дербестігін
жойды. Сөйтіп, 935 жылдан кейін біртұтас Коре мемлекеті өмір сүре бастады.
Оның астанасы Сонгдо (қазіргі Кэсон) қаласы болды.[10;51]
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Коре кидандар шапқыншылығына
тойтарыс берді. Өзара қырқысулармен ішкі соғыстарды тоқтатуы, Қытаймен,
Жапониямен және басқа да елдермен экономикалық байланыстардың күшеюі елдің
өңдіргіш күштерінің өсуіне қолайлы жағдай жасады.Суару жүйелерінің құрылысы
едәуір ұлғайып ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі өсті. Феодалдық
қатынастардың дамуы жерге мемлекеттік меншіктің базасында өрістелді. Жалпы
мемлекеттік қорының көп бөлігін шаруалардың пайдаланып отыран кішігірім,
майда үлестері құрады. Мұндай үлестік жүйе “Чонджон” деп аталды. Ол Силла
мемлекетінде 722 ж. енгізілген болатын. Үлесі үшін шаруалар мемлекетке
рента салығын төлеумен қатар, мемлекет пайдасына барщина өтеп тұрды.[19;98]
Мұндай майда үлестерден тұратын мемлекеттік жерден басқа ірі
феодалдық жер иеліктері де жеткілікті болды. Шенеуніктер мен әскерилерге
сый ретінде жер үлестіруге тыйым салған 685 жылғы арнаулы король жарлығына
қарамастан, елдің елдегі жердің едәуір бөлігі Силландық қуатты
чиновниктермен буддалық монастырлар сияқты ірі жер иеленушілердің қолында
болды. Бұл жерлер байлардың шаруаларының күшімен игеріліп отырды.
Шаруаларды үстем таптардың пайдасына орындалатын әртүрлі феодалдық
міндеткерлікті өтеуге күш пен мұқтаждап отыру үшін елді басқаратын әскери -
әкімшілік ақпарат құрылды. Барлық ел аумағы 9 әкімшілік облысқа (чжу)
бөлінді де облыс әкімдерін король тағайындады. Әкім облыстағы әскердің де
басшысы болды. Силла мемлекетінің астанасы Кенчжу қаласында 170 мыңға жуық
үй болды. Астана байларының үйлері сәнді де салтанатты болатын. Үйлерінің
төбесіндегі черепицалары алтынмен апталатын. Астанадағы үстем таптар
мұқтаджығын өтейтін қолынан өнер тамған шеберлер тұратын.
1.2 Коре мемлекеті: құрылуы, әлеуметтік – экономикалық дамуы.
9 ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар X ғасырдың
басында тыйылып жарты аралда мемлекеттік билік орнай бастады. 3 мемлекетті
біріктіруді 918 ж. “Екінші Когуреде” өз билігін орнатқан әскер басшысы Ван
Гон қолға алды. 935 жылы ол Силланы, 936 жылы “Екінші Пэкчені” бағындырып
алды. Қайтадан бірігіп қалпына келген мемлекет “Корё” деп аталды (осы
атымен қазір де аталады). Оның астанасы Сонгдо (қазіргі Кэсон) қаласы
болды. Ван Гон шаруаларға ақ сүйей отырып, табысқа жетті. Ол жаңа жерді
басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы қарыздарынан босатып салық
мөлшерін уақытша азайтты.[1;20]
Коренің жер жүйесі негізінен таңдық жүйеге еліктеді. Жер барлық
адамдарға берілді. Әркім қызметіне қарай үлес алып отырды. Ол чонсиква деп
аталды. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке қайтарылып отырды. Солдаттар
үлесті 20 жасқа толған соң алатын. 60 жасқа толған соң қайтарып беретін.
Егер баласы немесе басқа туысы оның қызметін жалғазтырса, үлес қала
беретін. Баласы жоқ адамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол
“кунучжон” деп аталды. Баласы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік
үлесті оның әйелі алатын. Cонымен қатар марапт ретінде де үлес берілетін.
Ол үлес “қонымчжонси” деп аталды. 16 жаста кәмелетке толған деп саналды, ал
60 жаста зейнеткер деп жұмыстан босатылды. Зейнеткерлер де салықтардан да
босатылатын. Үлес иелері әрбір келден (~ 1 га) бір сок (~ 160 кг.)
салық төледі. Жалпы салық мөлшері табыстың 110 – інен аспады.[3;210]
Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғанымен бұрынғы жеке мемлекет
басшылары, олардың жақтастары қайтадан бөліну үшін күресіп бақты. Коре
үкіметі өзінің сыртқы саясатында Қытайдағы Сун империясына бағыт ұстады.
Қытаймен одақтасу кидандар қаупіне байланысты болды. Кидандар Коренің ішкі
талас – тартысын пайдаланып, оны басып алуға тырысты.[7;35]
993 ж. Кореяға кидандар шабуылы басталды. Бірақ олар тойтарыс такып,
кейін қайтты. 1900 ж. Коре үкіметінің басшысы Ван Мог Чонды әскерлер тақтан
түсірді. 1010 ж. кидандар әскері Аноккан өзенінен өтіп, Кореге басып кірді.
1011 ж. қаңтарда олар Коре астаны Кегенді басып алып, талқандады. Талан –
таражға салды. 1011 жылғы 28 қаңтардағы шайқаста Коре әскерінің басшысы Ян
Гю қаза тапты. Бірақ кәріс халқы шетелдік басқыншыларға қарсы аянбай күрес
жүргізді. 3 айдан соң Кан Гам Чхан басқарған кәріс әскері кидандарды
шегінуге мәжбүр етті.[5;154]
1013 – 1044 жж. кидандар Тончжо мен Хынхвачжын аудандарында Коре 2 рет
басып кірді. Бірақ сәтсіздікке ұшырап, кейін қуылды. 1014 ж. Коредегі
өкімет билігін әскерилер басып алды. Хынхвачжындегі шайқастан кейін олар
Кэгенге бет алды. Бірақ біраз шайқастардан жеңіліс тапқан соң кейін шегіне
бастады. 1119 ж. қаңтарда Коре әскері кидандарды Кутжда тасталқан етіп
жеңді. Кидандармен бітім шарты жасалды. Амноккан өзені осы кезден бастап
Кореяның шекарасы болып белгіленді.[4;50]
Корёнің гүлденуі Мунджон (1047 - 1082) корольдің билігі кезінде
басталды. Бұл кезде өте тиімді әкімшілік жүйесі құрылды. Ол жүйе 2,5 ғасыр
өмір сүрді. Бұл орталықтандырылған үкімет билігінің күшеюі, мемлекеттің
жерге меншігінің нығаю кезі болды. Сонымен қатар X – XII ғғ. ірі жеке
меншіктік жер үлестерінің өсуімен сипатталды. Көптеген ірі жер иелері
өздерінің қарулы күштерін ұстады. Осы кезде бекініс – қала Намгён (қазіргі
Сеул) салынды, ол 1394 ж. Корёнің астанасына айналды.[14;142]
Коренің бейқуат тыныштық өмірі XII ғасырға қарай қайта бұзылды. Осы
ғасырдың басында Корёге Қытайдың солтүстік – шығысын мекендейтін тунгустық
чжурчжендер тайпасының шапқыншылығы жиіледі. 1104 ж. Чонпхён қамалындағы
шайқаста кәрістер жеңілді. 1107 ж. чжурчжендер жаңа шабуыл бастап, қатты
тойтарыс алды.1125 ж. Корё Қытайдағы чжурчжендердің Цзинь империясына
вассалдық тәуелділігін мойындады.[12;87]
Бұл кезде Корёде будда шіркеуінің ықпалы өсе түсті. Ол үкімет
беделінің өсуіне көмектесті. Бірақ жеке феодалдар шіркеу иелігінің өсе
тусуіне наразы болды. Шіркеу мен феодалдар арасындағы қақтығыстар елдің
саяси – экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Әсіресе шаруалар
үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды.[5;29]
1126 ж. Ли Ча Гемм басқарған Кэгёндегі бүлік бұрқ ете түсті. Ли Ча
Гемм (Ли Джагём) Инджон ванның қайын атасы болатын. Ол әскердегі билікті
және чиндер (қызмет) министрлігін өз қолында ұстаған. Алғаш Джагём жеңіске
жетіп, Инджонды қамап қойды. Бірақ көп өтпей Ли Джагёмді өзінің бір вассалы
өлтіріп кетті.[11;29]
1135 ж. Согёнде будда монағы Мё Чхон басқарған бүлік шықты. Бұл
кэгёндік және сэгёндік (солтүстіктің орталығы) ақсүйектер арасындағы билік
үшін күрес еді. Мё Чхон басқарған феодалдар тобы елдің Солтүстік – Батыс
облыстарының жеке мемлекетке бөлінгендігін жариялады. Бірақ көрнекті
мемлекет қайраткері Ким Бусик басқарған үкімет әскері 1136 ж. көктемде
Согёнді штурмен алып, бүлікті басты. Бұл мемлекетті нығайтуды
жақтаушылардың жеңісі болды.[1;95]
XII ғасырдың екінші жартысында Қытай ықпалына қарсы күрес тоқтамады.
1170 ж. Ыйджон ванның билігіне наразы феодалдар тобы төңкеріс жасап,
билікті басып алды. Чон Джунбу бастаған дінбасылары такққа құлатылған
ванның інісі Мёнджонды отырғызды. Іс жүзінде үкімет билігі әскерилердің
қолында қалды.Феодалдар арасындағы, феодалдар мен шіркеу арасындағы
қақтығыстар елдің саяси – экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді.
Әсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып
отырды. Көтерілістер 1162, 1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар
соғысы басталды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен
нобилер–мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды. Олар елуге жуық қалаларды
басып алды: 1117 ж. көтерілістің оңтсүтігіндегі негізгі ошақтарын басқаннан
кейін көтерілістер солтүстік – батыс аудандарға тарай бастады. Көтеріліс
тек 1178 жылдың аяғында ғана толық басылды. Мани өлтірілді. Сонан кейін ірі
көтерілістер Кёнсан провинциясында 1193 – 1194 жж. Ким Сами мен Хё Симнің
басшылығымен болды.[1;98]
1196 ж. іс жүзіндегі үкімет билігі Чхве Чхун Хэннің қолына көшті. 1258
жылғы монғол шапқыншылығына дейінгі аралықта мемлекет осы қолбасшының өзі
және оның ұрпақтары билігін жургізді. Чхве Чхун Хэн мемлекетінің дамуы
мүддесінде ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген еңбектер
атқарды. 1198 жылы мемлекеттің солтүстік – шығысында шаруалар көтерілісі
тағыда бас көтереді. 1200 жылы Кёнсан провинциясында мемлекеттік шаралар
нобимен шаруалар көтерілісі бұрқ етті. 1201 жылы көтеріліс басып жаншылды.
1203 жылы шаруалар көтерілісі ұзақ уақытқа созылып кетті.
XIII ғасырдың басында Коре мемлекетіне қидандықтармен келесі кезекте
қақтығысуға тура келді. 1216-18 жылдары болған бірнеше соқтығысулар
мемлекетті тағы да күйзелтті. Ендігі кезекте Коре мемлекетіне қауып
төндіруші монғолдар болды. Қай уақытта болсын азаптан құтылмаған халыққа
тағы бір рет ең мықты бақталастарымен күш сынастыруға тура келді.[8;103]
Коре мемлекетінің әкімшілік жүйесі екі жақты жүйе бойынша, біріншісі –
тхэбондық, екіншісі силалық дәстүр негізінде қалыптасты. Коре
мемлекетіндегі шенеулік жүиесінің приципиальды жаңалығы болмады. Тіпті
шенеулік дәрежелері болмады деп айтуға да болады. Қытайдағы тоғыз рангктық
жүйе енгізілді. Қоғамда белгілі бір дәрежеге ие болу мансапқа айналды. Әр
мансапқа тиесілі дәреже тағайындалды. Хун - ерекше үлестері ушін берілетін
атақ. Чак – құрметке ие тұлғалар, мунсанге – қызметке араласпайтын
азаматтық шенеуліктер, мусонге – қызметке араласпайтын әскери шенеуліктер.
Коре армиясын басқаратын және штатты ұйымдастырушы чангун болды. Мемлекетті
жалпылама басқаратын коллегиялды орган – Чунбан, ол ірі комондирлер мен
оның орынбасарларынан құралды. Әскери шенеуліктердің қатары төрт мыңнан аса
болды. Кореде шенеуліктердің саны жалпы он мың адамнан турды. 1076 жылы
еңбек ақы төлеу бидай ретінде жүзеге асырылды.[6;57]
Коре мемлекетіндегі жағдайдың тұрақтануы жерге деген жеке меншікті
қалпына келтіріп, оны жоғары дәрежеде ұстап қалуды ұстанды. Чонсиква
бөліктері мемлекеттік салық жинаумен айналысты. Кон, ху, пэк, нам және ча
титулын ұстанған тұлғалар үшін сый қылып тағайындалды. Сыйға тартылған жер
– саджон, мұрагерлік жолмен ұрпақтан – ұрпаққа берілді. Марапатталған
жерлер Конымджонси, шаруалардың жері- минджон, шаруаның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz