Қазақ саяси партиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

II. Екі төңкеріс кезеңіндегі қазақ қоғамы

1. 1 Ақпан төңкерісінің жеңуі, ұлт-азаттық қозғалыстардың міндеттері

1. 2 Алаш партиясының құрылуы және Қазан төңкерісі

1. 3 Алаш және Кеңес өкіметінің орнауы. Алаш және Алашорда азамат соғысы жылдарында

II. Қазақ зиялыларының азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі

2. 1 Қазақ зиялыларының жергілікті жерлердегі әкімшілік-саяси билік органдарында атқарған қызметі

2. 2 Алашорда үкіметінің облыстық-уездік Кеңестерінің құрылуы және олардың қызметінің негізгі бағыттары

2. 3 Саяси күрес жүргізуде алашшыл зиялыларының қолданған әдіс-тәсілдері

ІІІ. Қазақстан Азаматтық қарсыластық кезеңінде тақырыбын Қазақстан тарихы пәні бойынша мектепте оқытудың әдістемесі

3. 1. Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытудың әдістемесі

3. 2 Қазақстан Азаматтық қарсыластық кезеңі тақырыбын оқытудың әдістемелік сабақ жоспарлары

3. 3 Сыныптан тыс жұмыс

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тарих қойнауына енген XX ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ қоғамы үшін барынша күрделі, түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, қарама-қайшылықтарға толы күрес кезеңі болды, өлкеде күні өткен ескі феодалдық қатынастар өзінің дамуы жағынан қуатын азайтып, күнделікті тыныс тіршілікте кедергілерге кездессе, оларды ауыстыра қоятындай қоғамдық қатынастар балаң күйде, әлі тым әлсіз болатын. Аталынған кезеңде қоғамның барлық әлеуметтік топтары саяси күрес жолына шығып, бұл теке-тірес бүкіл өңірді қамтыды. Отарлау және орыстандыру саясаты тереңдеп, ортағасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына түскен тұста қазақ жұртының болашағына қауіп төнген еді. Осындай алмағайып заманда қоғамдық күреске жаңа саяси-әлеуметтік күш қазақ зиялыларының ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің араласа бастауы қазақ қоғамы үшін өтпелі кезең болуы осы уақытта дұрыс шешім болатын.

Отандық тарихымыздың, тәуелсіз еліміздің аты шартарапқа танылып жатқан тұста, зерттеуші тарихшыларымыздың да алдына жаңа міндеттер қойылып, әлеуметтік-саяси жағдайлардың күрделенген тұсында оның кейбір беттерін шынайы, ақиқат, шындық тұрғысынан, бояма-бүкпесіз жазу мәселелері күн тәртібіне қойылды.

1917 жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық төңкеріс нәтижесінде монархия құлатылды. Уақытша үкіметке империя құрамындағы басқа да отар елдер сияқты қазақ халқы да барынша қолдау көрсетті. Қазақ оқығандарының өкімет билігіне қол жеткізуі, ұлттық-қоғамдық саяси ұйым қазақ комитеттерінің өмірге келуі, ұлттық саяси партияның құрылуы оның автономия үшін күресі, зиялылардың земстволық басқару жүйесін орнатуға ат салысуы, Құрылтай сайлауына қатысу сияқты оқиғалар ағымы осы кезде жүзеге асады.

Міне, сол азаттыққа деген үміт сәулесінің берілуі зиялы қауымның бірлік-берекеде болуын қоғам алдында тұрған жаңа міндеттері мәжбүр етті. Сондықтан да, бұл кезең қазақ елі үшін саяси тұтастық пен бірлік, қоғамдық - саяси істерге жол ашып берген мүмкіндіктер кезеңі болды. Өйткені, ұлт зиялылары алғаш рет ұйымдық жағынан бірігіп, қазақ комитеттерінің төңірегіне саяси күш ретінде шоғырлана бастады.

Сонымен бірге, бұл тарихи белес өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерінде қайраткерлік, ұйымдастырушылық, дипломатиялық және шығармашылық қасиеттерімен дараланған біртуар азаматтарды (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, МДулатов, М. Шоқай, Х., Ж. Досмұхаметовтер, Ж. Ақбаев, М. Тьшышпаев, Х. Ғаббасов т. б. ) танытты, тарих сахнасына шығарды.

Қазақ халқының Ресей отаршылығына қарсы үздіксіз жүргізілген ұлт-азаттық күресіндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі - Уақытша үкімет тұсында, кейін Кеңес үкіметі кезінде қазақ комитеттерінің белсенді қызметінен көрініс тапты. Алаш қайраткерлері қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге - интелектуалдық деңгейге көтерді, бейбіт-дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді.

Қазақ қоғамында да демократия институттарының белгісі қалыптаса бастауы, бұратана аталып келген жұрттарға да саяси құқықтардың беріліп, рухани сала үшін кең жол ашылуы қазақ қоғамын саяси-идеялық жағынан тұтастық дәрежесіне жеткізуге алғышарттар жасалынды: облыстық - уездік - болыстық - жалпықазақ съездері өткізіліп, қоғам алдындағы саяси-экономикалық мақсаттар айқындалды, Земстволар жүйесі қалыптасып, экономикалық дербестікке алғашқы қадамдар жасалды, мәдени-ағартушылық ұйымдар құрылып, идеология тұтқасы баспасөз ісі жолға қойылып, жастар қозғалысы кең етек алды.

Біздің зерттеу мәселеміз - Азаматтық қарсы тұру жалдарындағы Қазақстан. Әсіресе ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін қоғамдық-саяси өмірдегі қазақ елінің азаттығын аңсаған алаш қайраткерлерінің өз мақсаттарына жету жолында бірде табысып, бірде күрес жүргізген Қос үкіметпен арадағы арақатынасын жаңа қырынан зерттеу, ұлт мәселесіндегі «жетістіктердің» ар жағындағы ашылмаған сырларға кеңінен талдау жасау болып табылады.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, туған халқымыздың тарихын түгендеуте мүмкіндіктер туған кезде бұл мәселеге жалпы адамзаттық мұратты таптық мүддеден жоғары қоя отырып, объективті баға беру үшін ұлт мәселесінде, ұлттық қарым-қатынаста ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған, бұрын ашып айтылмаған жайларға талдау жасау. Соның ішінде ХХ ғасырдың басындағы бүкіл әлемдік мәнге ие болған Ресей монархиясының құлауы және билікке жаңадан келген үкіметтермен Қазақ елінің қарым-қатынас орнату барысына және қызмет жолдарын көрсету, тарихи баға беру тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге обьективті тарихи шындық бағыты негізінде талдау жасау. Саяси партиялардың, қазақ зиялыларының нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу, Ақпан төңкерісі мен кеңес билігі нығаюы жылдарындағы саяси күштердің тоғысуы және Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері негізінде талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.

Зерттеу жұмысының міңдеттері. Қазақстанның Азаматтық қарсыластық кезеңінде қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани саласы, іс-әрекет аясын бойынша кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:

- Қазақстандағы Ақпан революциясынан кейінгі жағдайды және оның өлкедегі ықпалын анықтау

- Ақпан революциясы тұсындағы қоғамдық-саяси өмірге талдау жасау;

- Қазан төңкерісі және Алаш партиясының құрылуы мен өлкедегі азамат соғысын талдау;

- Алашорда үкіметінің құрылу тарихы және оның өлкедегі ықпалын анықтау;

- Қазақ зиялыларының азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметтеріне талдау жасау;

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мектептерінің жоғарғы сыныптары.

Зерттеу пәні. ХХ ғ. басындағы Азаматтық қарсыластық кезеңіне қатысты нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы историзм, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау әдістерді қолдану арқылы сабақ үстінде оқушылардың ойлау қабілетін дамтытып, сабақ сапасын арттыруға үлес қосады.

Ғылыми болжам. Қазақстан Республикасында бүгінде сыртқы саясатын қалыптастыру процесінде. Ең ірі әріптесіміз Ресей Федерациясы. ХХ ғасырдың басындағы ресейлік күштермен қарым-қатынасының тарихи тағылымы бүгінгі Ресей мен Қазақстан байланыстарының негізгі бағыты саясатта көрініс беруі тиіс. Сондықтан сол байланыс жолдарына сыңдарлы зерттеулер жүргізу, оны үлттық мақсат пен мүддені және Жалпы адамзаттық идеясына үйлестіре отырып іске асыру аталған тақырыптың ғылыми болжамын құрайды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған монографиялар және құжаттық деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, ұлттық жаңғыртуға бастаған, ұлттық егемендік дәрежесін көтерген Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлеріне арналған мәселелер бойынша жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері пайдалануға болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттілік қалыптастыру бағытында ізденіс үстіңде дамып келеді. Ұлт-азаттық қозғалыс, ақпан төңкерісі мен қазақ зиялыларының тарихын, олардың қоғамдық-саяси, ағартушылық-шығармашылық қызметіне қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру мен зерттеп-зерделеу ісінде қомақты еңбектер жарық көрді. Ірі тұлғаларды, саяси қайраткерлерді, мәселен, Ә. Бөкейхан, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды азаматтардың қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметі мен еңбектерін зерттеу ісі жолға қойылды.

Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихи-партиялық тарихнамада бұл мәселелерге байланысты еңбектер партия қандай идеологиялық және саяси қағидаларды басшылыққа алды, соған икемделініп жазылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" деген кітабында:

"Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды - ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады" деп, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында ұлттық тарихтың бұрмалай жазылып, санамызды коммунистік идеологиямен уландырғанын атап өткен еді.

ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің тарихын зерттеу ісін сол кездегі қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Қазақстан тарихында орын алған ұлттық және мұсылмандық қозғалыстар жайлы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай және т. б. өздерінің жан-жақты талдау жасалынған еңбектерінде кеңінен көрсетті. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың атақты "Революция және қазақтар" деген мақаласында айтылды. Бұл мақала А. Байтұрсыновтың кеңестер өкіметі жағына торғайлық топты бастап өткеннен кейін РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органы "Жизнь национальностей" газетінің 3 тамыздағы санында 1919 жылы жарық көрген[1] .

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздікке ие болу, егемен ел тарихына деген қызығушылықты арттыра түскені сөзсіз. Зерттеуші М. Қозыбаев Алаштану салаларын зерттеуді Алаш ұғымының тарихи негіздерінен бастауды көрсетті[2] .

ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өмір тарихын зерттеу ісіңдегі ең құңды еңбектердің авторлары: жаңа да батыл тұжырымдарымен объективті талдау жасаған М. Қойгелдиев[3] пен сонау 1960-жылдардан бері Қос төңқеріс пен Азамат соғысы, Кеңес билігінің орнауы және Алаш қозғалысының мәселесімен 30 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан, Алаш партиясы мен Алашорда тарихының ең өткір де зәру мәселелері бойынша бүкіл қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени даму контексінде салмақты да салиқалы тұжырымдар жасаған К. Нұрпейісов[4] болды. М. Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" атты көлемді еңбегіңде біздің зерттеу жұмысымызға қатысты қазақ зиялыларының Ақпан төңқерісіне дейіңгі және кейінгі қоғамдық-саяси қызметі, Құрылтай Жиылысының сайлауы мәселелері бойынша, Алашорда үкіметінің жергілікті жерлердегі органдары туралы, Алашорда мен Уақытша үкіметтің арақатынасы туралы құңды мәліметтер мен маңызды теориялық тұжырымдары беріледі. Ал, К. Нұрпейісовтің зерттеу жұмысыңда Қос теңкеріс пен азамат соғысы кезіңдегі Қазақстандағы партиялардың сан-түрлі қызметінің - саяси, дипломатиялық, экономикалық, ел қорғау және тағы басқа мәселелерінің шешімін тапқызу жолыңдағы іс-әрекетіне, атқарған шараларына жан-жақты талдау жасалады. Сонымен бірге, Алаштану мәселесін зерттеу ісіңдегі бір ізділікті сақтау үшін жас зерттеушілерге бағыт-бағдарын айқындап береді.

Біз қарастырып отырған мәселеде қызмет атқарған жеке тұлғалардың өмірбаянынан, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасу және даму эволюциясы, қоғамдық-саяси жене шығармашылық қызметінің негізінде жазылған тарих, сол тұлғаның өмір сүрген заманының ерекшеліктерінен, қоғамының құндылықтарынан көп мағлұматгар береді. Ұлт-азаттық күрестің көрнекті өкілдерінің бірі - Жақып Ақбаевтың тұлғасын сомдап, ғылыми зерттеу негізінде оның көзқарас эволюциясы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты жазылған Мұхтар Құл-Мұхамедтің[5] еңбектерін айтуға болады. Ж. Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі арқылы Ақпан төңкерісіне дейінгі жөне одан кейінгі кезендегі қазақ зиялыларының отарлық жүйеге қарсы күресінен және автономияға жету жолындағы іс-әрекеттерінен мол мағлұмат аламыз.

М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегінде[6] пайымдауы бойынша, Алаш қозғалысының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты - қазақ елін отарлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллигенцияны "ұлттық-демократиялық интеллигенция" деп, ал Алаш партиясын "ұлттық-демократиялык партия" деп атау шындыққа сай келеді.

Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық саяси қызметі және тағдыр- талайы туралы жүргізілген құнды зерттеулер қалың оқырманның ықыласына бөлеңді. Қазақстандағы Ақпан-Қазан төңкерістері және азамат соғысы жылдарындағы әртүрлі партиялар мен саяси ұйымдар бойынша да зерттеулер пайда болды. Бұл зерттеулер отандық тарихнамамызға қосылған айтарлықтай үлес болып есептеледі.

Зерттеуші ғалым Н. Шаяхметовтың «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген еңбегінде қазақ зиялыларының азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі кеңінен зерттеліп қарастырылады. Және де бұл еңбекте ұлттық-демократиялық топ өкілдерінің қызметінің негізгі бағыттары анықталады[7] .

Ақпан революциясы жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Уақытша үкімет пен Алашорда арақатынастары т. б. мәселелер бойынша көптеген жаңашыл авторлардың еңбектері біздің зертеу жұмысымызда кеңінен қолданылды.

Қос төңкеріс жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Кеңес үкіметі мен Алашорда арақатынастары т. б. мәселелер бойынша Сайлаубай Е. [8], Мыңжасов Н. [9], Слямов А. [10], Мұсағалиева А[11], Ескендіров М-нің[12] диссертациялық еңбектерінде жаңа, бүгінгі күн талабы тұрғысында бағалар беруге тырысуышлық байқалды, ғылыми әдістемелік сипатымен мәселелерді орынды көтеруімен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. ХХ ғасырдың 1917-20 жылдарын қамтиды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Екі төңкеріс кезеңіндегі қазақ қоғамы

1. 1. Ақпан төңкерісінің жеңуі, ұлт-азаттық қозғалыстардың міндеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
«Үш жүз» партиясының құрылуы
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты жайында
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz