Тұлға ретінде, ғалым ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

І. Л. Н. ГУМИЛЕВТІҢ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРІ

1. 1 Л. Н. Гумилевтің өскен ортасы . . . 10

1. 2 Л. Н. Гумилевтің ғылыми қызметі қалыптасуының алғашқы кезеңі . . . 17

II. Л. Н. ГУМИЛЕВТІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ЕУРАЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГЕНЕЗІ

2. 1 «Этногенез және жер биосферасы» еңбегінің этнология

ғылымындағы орны . . . 24

2. 2 «Ғұндар» және «Көне түріктер» еңбегінің ғылыми маңызы . . . 31

2. 3 Л. Н. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан үлесі . . . 45

III. Л. Н. ГУМИЛЕВ ТАРИХШЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАНУШЫ ТАҚЫРЫБЫН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1. Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытудың әдістемесі . . . 58

3. 2. Л. Н. Гумилев тарихшы және шығыстанушы тақырыбын оқытудың әдістемелік сабақ жоспары . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті әлемдік өркениет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағ­дай­ларда - ерте кезден Батыс пен Шығыс мәде­ниеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы Дала аума­ғында қалыптасты. Алтай, Алатау және Орал тау­лары­ның арасындағы кең даланы мекен еткен Орта­лық Азия халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірлерінен бас­талған мәдени дәс­түрлері жаһандық жалпы­адам­заттық заңды­лық­тардың динамикасы ағымын­да­ғы әлеуметтік-мәдени үдерістерді бастан ке­шіріп, номадизмге тән көшпелі мал шаруашы­лығының ықпалымен орнықты. Кейінірек толық құралып біткен авто­х­тонды төлтума дәстүрлер жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәде­ни әсерін бойына сіңі­ре отырып, қазіргі мәде­ниеттанулық теория­лық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей күр­де­лі және біртұтас феномен - дәстүрлі этно­мәдениетті дүниеге әкелді. Үш мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениет барысында қазақ халқы сыннан өткен теңдессіз бай рухани және мәдени мұраны артындағы ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Сондықтан қазақ халқы мәдениетінің терең еуразиялық тамырларын есте сақтаған жөн.

Осы орайда зерттеп отырған тақырыбымыздың өзектілігі де, қазақ халқының, жалпы Еуразия халықтарының тарихы мен бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың өзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша, түркі-монғол әлемінің тарихын тану бойынша жұмыс істеген ұлы тұлғалардың бірі Лев Николаевич Гумилевтің өмірі мен оның мұрасына тиесілі бағасын беріп, ұқыптылықпен терең зерттеу міндетіміз болып табылды.

« Менің өмірімнің мәнді бір бөлшегі - өзім шынайы жақсы көрген Еуразия халықтарына тиесіліні қайтару » - деп 1992 жылы Л. Н. Гумилев өзінің соңғы сұхбатында айтып кеткен болатын.

Лев Николаевич Гумилев - ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы және ойшыл. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу пәні Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы‑зерттеуші. Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол - жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым‑қатынас концепциясы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми‑тарихи негіздемесі. Осы тұста Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Н. Ә. идеясы өзара үндес екенін аңғарамыз. Мемлекет басшысы - Қазақстанның ұлттық өрлеуінің және еуразия идеясының қолдаушысы. Дәл осы себеппен 1996 жылы елордамыздағы университетке көрнекті еуразияшыл‑ғалым Л. Н. Гумилевтің аты берілді.

Л. Н. Гумилев өз заманы үшін кім болды? Тұлға ретінде, ғалым ретінде? Оның ХХ ғасыр тарихнамасында алатын орны қандай? Бұл сұрақтарға нақтылы әлі күнге дейін жауап жоқ. Оның өмірі мен қызметінің толық шежіресі жасалынған жоқ. Сөз жөқ, Л. Н. Гумилев жан-жақты адам болғаны хақ. Оны біреулер, шығыстанушы, археолог, этнолог, тарихшы ретінде танып жатса, екіншілер географ ретінде мойындайды. Л. Н. Гумилев шығармашылығы көпқырлы, бірақ бұл оның ғылыми тұлға ретіндегі өзіндік ерекшелігін анықтауға тосқауыл бола алмайды. 1968 жылы Л. Н. Гумилевтің ірі генетик ғалым Н. В. Тимофеев‑Ресовскиймен өзара тиімді деп ойлаған байланысында Лев Николаевич өзі туралы: “Әйткенмен, мен кәсіби тарихшымын» дегені белгілі [1] . Лев Николаевичтің осы сөзін негізге алатын болсақ, қателеспейміз деп ойлаймыз.

Л. Н. Гумилев - тарихшы. Бірақ қандай тарихшы? Оның көне түріктер тарихына арналған кандидаттық және докторлық диссертацияларын негізге алсақ, ол - тарихшы‑шығыстанушы. Сондай‑ақ Лев Николаевичті түрколог ретінде тануға болады, алайда бұл мамандық түркі халықтарының тілі мен әдебиетін зерттейтін филологиялық, лингвистикалық бағыт болып табылады, ал бұл Л. Н. Гумилевтің ғылыми қызығушылығымен мүлдем сәйкеспейді. Оның шығармашылығын жинақтай келгенде, біз оның белгілі бір шығыс тілінің, аймағының немесе кезеңінің шеңберіне сыймайтын - шын мәніндегі еуразиялық масштабтағы ғалым екендігін мойындауымыз керек. Л. Н. Гумилев - энкциклопедист, жалпы тарихтың білгірі. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтас еуразия халықтары болды.

Терең танымның, ұшқыр ойдың иесі өз жаңалықтарын пән аралық салада -тарих, география, жаратылыстану, психология, мәдениеттану сияқты ілімдер түйісінде ашты. Еуразия халықтарының бірлігі идеясын сараптау - Н. Трубецкой, П. Савицкий, Л. Карсавин, Г. Вернадский және баска да алғашқы еуразияшылдар еңбегінен басталып, ғылыми негіздемесі мен дамуы Л. Н. Гумилев енбегінде жалғасын табады. Оның еңбегі өткенсіз болашақ жоқ екенін есте ұстай отырып, өткенді жаңаша сабақтайды, славян және түркі халықтарының тату көршілігі туралы ғылыми негіздеме береді. Л. Н. Гумилевті «еуразияшылдардың соңғы тұяғы» деп атайды. Бүгінде еуразияшылдар ілімі қайта жаңғырып жалғасын тауып отыр [2] .

Кейде Лев Николаевичтің өмірі, егер 20-жылдардың басында, әкесі атылғаннан кейін бірден анасы мен ұлы эмиграциямен өзге елге кеткенде басқаша болар ма еді деген пікірлер айтылып қалады. Бірақ А. А. Ахматова Отанынан кеткісі келмеді және ол эмиграцияны еш қолдамайтын. Алайда осылай болғанда да, Лев бала кезінде Отанынан кетіп қалса, өзге елде материалдық жағынан игілікті өмірде бақытты бола алар ма еді? Біз бұл сауалдың жауабын білмейміз. Әйтсе де біз Л. Н. Гумилевтің жасы ұлғайған шақта өзі туралы өзінің айтқанын білеміз: «мен бақытты адаммын. Мен әрқашан да өзімнің айтқым келген нәрсені айттым және өзімнің кітаптарымның барлығының жарияланғанын көрдім». Бұл туралы кез келген ғалымның армандайтынын түсіндірудің қажеті бар ма.

Л. Н. Гумилев - тарих ғылымына зор үлес қосқан ғалым. Оның ғұндар, хазарлар, байырғы түркілер, Еуразиялық бірлестік туралы зерттеулері кезінде КОКП-ның партиялық, таптық, ұлыдержавалық теориясы мен идеологиясына қиғаш келгені өз алдына, жүрегі, ниеті халқым деп тебіренген талай қазақ ғалымдарына моральдық, шығармашылық қолдау болды, методологиялық ұстанымның бірегей үлгісіне айналды, арғы қазақтар тарихтың ұзына бойына дамымай мешел қалғандар емес екендігін биік өремен дәйектеді. Тарихты жасайтын күш - халық.

Тарихи ‑ өркениеттік, этно ‑ әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелердің кең көлемді мәнде алынған Л. Н. Гумилевтің мұрасы Еуразия халықтарының игілігі үшін ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған зерттеу тақырыбымыздың негізгі мақсаты Л. Н. Гумиевтің өмір жолы мен оның ғылыми мұраларын зерттеу.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін диплом жұмысының алдына мынадай нақты міндеттер қойылды:

  • Л. Н. Гумилевтің өмір жолы мен алғашқы ғылыми ізденістері туралы зерттеулер;
  • ғалымның еңбектеріндегі түркі тарихының мәселелері туралы ой тұжырымдау;
  • Л. Н. Гумилевтің ғылыми мұраларын саралап, маңыздылығын айқындау;
  • пассионарлық теорияның тарихи маңыздылығы;
  • Еуразияшылдық идеясының соңғы тұяғы - Л. Н. Гумилев.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы. Л. Н. Гумилев өмірі - оның негізгі кезеңдері белгілі бола тұра, толық зерттелмеген тақырып. Бізге ойшылдың өмір жолына арналған үш кітап қана белгілі: С. Б. Лавров «Лев Гумилев. Судьба и идеи» (М., 2000) [3], А. И. Чистобаев «Этнологи, опередившие время: к 90-летию Л. Н. Гумилева и 50-летию К. П. Иванова (СПб., 2002) » [4] и Т. Фроловская «Евразийский Лев» (Семей, 2003) [5] . Сондықтан Л. Н. Гумилевтің өмірін толыққанды сипаттау, оның адами және ғылыми биографиясын беру қиындық туады. Ғалымның өмірі мен оның шығармашылығы жөніндегі көптеген ақпараттық қайнар көздерді Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі петербургтік әріптестерінің көмегімен жинақталған Кабинет қорындағы нақты деректерді саралай отырып, тақырыпты толыққанды зерттеуге бар күш жігерімізді салдық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Л. Н. Гумилев тек қана шығыстанушы‑тарихшы ғана емес. Тарихнамада Түркі қағанатының саяси тарихын зерттеу аспектісі ретінде алғаш өзінің ғылыми жолын түркі тарихынан бастаған Лев Николаевич филологиялық шығыстанудан, филология арқылы шығыс әлемін зерттеуден алыс жатты. Сондай‑ақ филологиялық ізденістерге деген қарым‑қатынасы «Ойдан шығарылған патшалықты іздеу» кітабында ашық көрсетілгені белгілі. Л. Н. Гумилевтің түркілердің, моңғолдардың, жалпы Еуразия халықтарының тарихына көзқарасы - бұл «филология асуын бағындыру» кезеңінен өтіп кеткен [6] .

1946 жылы университет қабырғасында француз, неміс, көне түркі, латын тілдерінің білгірі, ғұндар оркениеті тарихының және ежелгі монғол тарихынын, маманы - Лев Гумилевтің әрі қарай білімін жалғастыруға, ғылыми ізденістерге ынта-ықыласы күшті, талабы зор болатын. Алайда 1948 жылы ол тағы да тұтқындалды. Бұл жолы өзі айтқандай, «анасы үшін» қамауға алынады (алғашында, 1935 жылы, өзі үшін; 1938 жылы «әкесі үшін» қамалып еді) . Ленинградтың ерекше кеңесуінен кейін «контрреволюциялық әрекеті» үшін ол 10 жылға сотталады. Лагерь Қарағандыдан онша қашық емес, Шерубай-Нұра жайлауында, көптеген совет ғалымдары жазасын өтеп жатқан орында болатын. Одан соң Л. Гу­милев Междуреченск деген жерге ауыстырылып, жазасын өтеу мерзімін Омбы абақтасында аяқтайды. 1956 жылы ұзақ сұрау салып, өтініш етуден соң бостандыққа жіберіліп, «қылмыс құрамы болмауына байланысты» ақталып шығады. 1956 жылы түрмеден босатылғаннан кейін 44 жастағы тарих ғылымының кандидаты Л. Н. Гумилев Ленинградқа оралып, өзінің «Хундар тарихы» еңбегін аяқтауға белсене кірісіп кетеді.

1957 жылы Лев Гумилев үшін үлкен қуаныш: өз жұмыстарын шығаруға ұсыныс алды. Ол «Ежелгі кезеңнен б. з. д. Ү ғ. аралығындағы хундар тарихы» кітабын берді [7] . Л. Н. Гумилевтің «Хундар» кітабы тудырған пікірталас тарихи зерттеудің әдістері мен түрлері туралы пікірталас болып табылады. Бұл тарихшылар мен филологтар арасында бәсекеге тудырған пікірталас еді. 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың алғашқы жартысында лингвист‑түркологтар арасында Л. Н. Гумилев сияқты терең ойлайтын, «Хундар» немесе «Көне түріктер» трилогиясына пара‑пар келетін жалпылама зерттеуді жазып шығатын ғалымның болуы екіталай болатын. Сонымен, Л. Н. Гумилев 48 жасында өзінің алғашқы кітабын жарыққа шығарды [8] .

Л. Н. Гумилев докторлык диссертациясын 1961 жылы тамаша табыспен қорғап шығады. Соның негізінде 1967 жылы «Ежелгі түркілер» атты кітабы жарық көреді. Бұл кітаптың тың тақырыбы, авторының ұшан-теңіз білімі, тіл көркемдігі, баяндау стилі оқырмандар арасында үлкен серпін туғызды. Осы жылдардан бастап ғалымның қоңыр тірлігі мен бейбіт өмірдің қым-куат күйкі-күйбеңі араласып, ғалым өмір ағынына ілесе берді. Ғалым еңбектерінің мән-мазмұны туралы әңгімелейтін мезгіл жетті. Соңғы жиырма жылда оның бәсі кемімейтін ғылыми еңбектері жарыққа шыға бастады, қайта басылып та жатыр. Ондаған жылдар бойы басуға тиым салынған немесе шектеулі таралыммен шығарылған сол еңбектердің арасында «Ғұндар» (М., 1960), «Хазарияның ашылуы» (М, 1966) [9], «Ежелгі түркілер»(М, 1967) [10], «Қиял патшалығын іздеу» (М, 1970) [6], «Қытайдағы ғұндар» (М, 1974), «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» [11], «Этногенез және Жер биосферасы» (М., 1989) [12], «Шырағың сөнбес үшін» (М., 1990), «Русьтен Ресейге дейін» (М., 1992) [13], «Еуразия ырғағы» [14] және тағы басқа көптеген туындылар бар [15] . Көптеген ғылыми еңбектерін сол уақытта мойындамай, қарсылық тудырсада, көзі тірісінде-ақ Л. Н. Гумилев «Ұлы ғалым» деп аталды.

Жоғарыда көрсетілген еңбектер кейінгі жылдары қайтадан баспа бетінен жарық көріп, кейбір туындылар орыс тілінен қазақ тіліне аударылып, оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Л. Н. Гумиевтің өмір жолы мен оның ғылыми мұраларын зерттеуде А. И. Чистобаев [16], Ж. А. Ермекбаев [17] , Ә. Әбдіманапов [18], А. Е. Жарников [19], К. А. Ахметов [20] және шетелдік зерттеушілердің арасынан еуразияшылдық идеясын терең зерттеп жүрген Марлен Ларюэльдің еңбектерін құнды дерек көздері ретінде қарастыруға болады [21] .

Жұмысты жазу барысында зерттеу тақырыбына қатысты республикалық басылымда жарияланған біршама еңбектер пайдаланылды. Олардың ішінде: Л. Н. Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты, жыл сайын Еуразия ұлттық университетінде өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары, «Қазақ тарихы» журналының сандары, ҚазМҰҰ - ның Хабаршысы және т. б. баспа беттерінен жарық көрген тарихшы - жазушылардың мақалалары кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу барысында, Л. Н. Гумиевтің өмір жолы мен мұраларын зерттеп, саралап, интернет желісіндегі арнайы сайттарында орналастырылған құнды дерек көздері мен материалдарды көптеп қолдануға тырыстық. Осындай сайттардың бірі, маңыздылығымен құндылығы жағынан http://www. levgumilev. spbu. ru мен http://www. gumilevika. ru атауға болады [22] .

Диплом жұмысының хронологиялық аясы. Зерттеп отырған тақырыбымыздың аясы, Л. Н. Гумилевтің өміріге келген кезі 1912 жыл мен 1992 жылдар аралығын қамтиды.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Диплом жұмысының негізгі әдіс - тәсілдері - қажетті мәліметтерді жинақтап, оларды саралау, ұғымдарды жинақтау, баяндау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау. Сондай - ақ, тарихи талдау басшылыққа алынды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Жұмысымыздағы тұжырымдамалардың жалпы тарихшы мамандарға, мектеп, колледждерде және жоғарғы оқу орындарының ізденушілері, аспиранттары мен студенттеріне, тарих факультетінде дәріс алатын болашақ зерттеушілерге арнайы курстар мен семинар сабақтарында, сондай-ақ өздік жұмысы ретінде саралауға бере отырып, Л. Н. Гумилевтің өмірі мен шығармашылығы туралы ойларын жетілдіріп, білімдерін кеңейтуге пайдасын келтіріп, олар оны тиісінше өз кәделеріне жарата алады ғой деген үміттеміз.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша құжаттардан тұрады.


І. Л. Н. ГУМИЛЕВТІҢ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРІ

1. 1 Л. Н. Гумилевтің өскен ортасы

Лев Николаевич Гумилев-ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы және ойшылы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері, зерттеу пәні-Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы‑зерттеуші.

Ызғарлы тағдыр ызбары, олардың жалғыз ұлдарын да жанай өтпеді, әке-шеше кінәсі баласын да күйдірді.

Лев Николаевич Гумилевтің ата-анасы орыстың текті ақсүйегі, атақты ақын Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматова болатын. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы XX ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналған еді [2, 18] .

Ғалымның әкесі Николай Гумилев 1886 жылы Корнштадта дүниеге келген. Балалық шағын Царское Селода өткізіп, 1903 жылы сол жерде гимназияға оқуға түседі. Оқуын аяқтаған соң Парижге кетіп қалады. Бұл уақытта Николай Гумилев «Путь конквистадоров» атты кітаптың авторы болып үлгерген болатын.

Парижде «Сириус» атты журналды басып шығарды. Ол жерде орыстың және француздың жазушыларымен танысты. 1908 жылы «Романтические цветы» деп аталатын екінші кітабы шығады. Бұл кітапты өзінің әйеліне арнаған болатын. Ресейге оралып, Царское Селода қоныстанады. Петербург университетінде «заң» кейіннен «тарих-филология» факультетінде оқиды. 1909 жылы «Аполлон» журналының маңызды қызметкерлерінің бірі болды [23] .

Сол жылы күзде Африкаға ұзақ уақытқа саяхатқа кетеді. Ресейге 1910 жылы оралып, «Жемчуг» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарды.

Біздің ойымызша, Л. Н. Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына үңіле отырып, біз міндетті түрде тектік деңгейінде де, әке өлеңдері арқылы да әкесінің рухани және зияткерлік әсерін есепке алуымыз қажет.

Н. С. Гумилев поэзиясын бағалаушыларға Николай Степанович шығыс («батыс емес») өркениетін жырлаушы болғаны белгілі. Оның Шығысқа деген тұрақты қызығушылығын, бұл ұғымның кең мағынасында, білдіретін өлеңдерімен бірнеше бетті толтыруға болар еді. Н. С. Гумилев өзінің күллі шығармашылығында өзінің петербургтік емес, оның ұлы айтқандай «еуразияшыл» өлеңдеріне шабыт болып келген ақиқат Отанын үздіксіз іздейді. Сол уақытта ресми түрде еуроазиялық ғылым болып танылмаған түркі-славяндық жәдігерлерге Л. Н. Гумилев та әкесінің соңынан өмір бойы жүріп келді.

Батысқа қарағанда Шығыс, Еуразия кеңістігі әрқашан жақын болған зерттеуші ретінде Л. Н. Гумилевтің тегін түсіну үшін естен шығармайтын тағы бір фактор - оның анасының тегі. Егер Анна Андреевна Ахматованың отбасылық тегін оның жазба кітапшалары негізінде және Лев Николаевичтің естеліктері бойынша шығарсақ, онда былай болады.

Ғалымның анасы Анна Ахматова ІІ ранг капитаны, теңіз инженерінің отбасында дүниеге келгенімен, оның арғы атасы Ахмат хан Шыңғысханның ұрпағы, ол 1840 жылғы Русьте аяқталған Орда билігінің соңғы билеушісі еді. 1733 жылы осы ханның ұрпағы Ресей дворяндығын алған. Оның ұлы Петербургте татар типографиясын ашқан. Ахматовтардың соңғы ханшайымы Прасковья Егоровна ХІХ ғасырдың басында сібір алпауыты Егор Мотиловқа тұрмысқа шығады. Олардың қызы Анна Егоровна (Анна Андреевнаның әжесі) полковник Эразм Стоговқа күйеуге шығады. Сол кісінің құрметіне (болашақ ақын) Анна деп аталады.

Әрине біз Л. Н. Гумилев анасының тегі жағынан Шыңғысхан ұрпағына жататыны жайлы дауласып, күмәндануымызға болады, ал Л. Н. Гумилевтің бойында түркі қанының бар екендігі ешқандай дау тудырмайды.

Л. Н. Гумилев 1992 жылы белгілі режиссер Э. Е. Ділмұхамедоваға берген сұхбатынан үзінді келтірсек: «Мен өзімді кім деп санауым керек - татар немесе орыс? Қалыптасқан стереотип бойынша орыс екендігім күмәнсіз. Бірақ менің бойымда татар белгілерінің сақталғаны да рас. Менің Сібір мен Орта Азия халықтарына деген қызығушылығым бала кезден қалыптасқан. Менің ғылыми табыстарымды да осымен түсіндіруге болады. Себебі мен өзіме қымбат, жақын, оны өзімнің бөлшегімді құрайтын пән ретінде жаздым».

Міне, осы Лев Николаевичтің негізгі ғылыми қызығушылығына қатысты өмірінің соңында айтылған - «менің өзімнің бөлшегім» - оның сан қырлы шығармашылығында көптеген жағдайларды түсіндіретін әдемі және төтенше маңызды ой болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары
Терминтанудың тарихы тереңде
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)
Тұлғаның экономикалық мәдениеті
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz