Семей қаласының тарихи - сәулет ескерткіштері


Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Солтанбекова А. О.
«Семей қаласындағы діни - мекемелер мен тарихи - мәдени ескерткіштер: кеше және бүгін»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандық 050114 - «Тарих»
Семей 2012
Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
Тарих кафедрасының меңгерушісі
т. ғ. к., доцент Мұхамеджанова Р. Ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«Семей қаласындағы діни - мекемелер мен тарихи - мәдени ескерткіштер: кеше және бүгін»
Мамандығы 050114 - «Тарих»
Орындаған: Солтанбекова А. О.
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Жампеисова Л. М.
Семей 2012
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3-8 б
1-тарау. Семей қаласының тарихи ескерткіштері-аймақ тарихының көрінісі . . . 9-24 б
1. 1 Аймақтық тарих-Отан тарихының бір бөлігі9-15 б
1. 2 Семей қаласының тарихи-сәулет ескерткіштері . . . 15-17 б
1. 3 Монументалды ескерткіштер және обелисктер . . . 17-24 б
2 тарау. Семей қаласының мәдени - діни мекемелері рухани мәдениетінің бір бөлігі . . . 25-48 б
2. 1 Семей қаласының оқу орындары. мұражай, театр ғимараттары тарихы… . . . 25-35 б
2. 2 Семей қаласының мешіттері, славян шіркеулері, еврей синагогасы тарихы . . . 35-48 б
3-тарау. Экспериментальды бөлім . . . 49-61 б
3. 1 Тарих сабағында аймақтық тарихты жобалау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі . . . 49-61 б
3. 2 Сабақ үлгілері . . . 61-67 б
3. 3 Сыныптан тыс жұмыс . . . 67-72 б
Қорытынды . . . 73-76 б
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 77-80 б
Қосымшалар
Кіріспе
Өзектілігі: Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзат тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы біздің еліміздің азаматтарының тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл маңызды істің бастаушысы да, үлгі көрсетушісі де-ел Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Оның жариялаған еңбектерінде, жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде тарихтың маңызы баса көрсетілген.
Тарихты оқу деген «Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? - деген төңіректе ойлансын деген сөз», - деп айтқан еді ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев [38; 34] .
Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасы, мемлекеттік стандарт жүйесі оқу процесіне көптеген өзгеріс енгізуді қажет етеді. Әсіресе, оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке тұлғаны тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Қайта құрудағы негізгі өзгерістердің бірі-сол аймақтың, туған өлкенің тарихи деректерін Қазақстан тарихы сабағында пайдалана оқыту.
Өйткені оқушы өзінің туып-өскен жерін, оның тарихын, ата-бабасын жақсы білмесе, өз өлкесіне деген сүйіспеншілігі дұрыс қалыптаспайды. 5- сыныптан бастап оқушы өлке деректерін қызығушылықпен тыңдайды. Бабаларымыздың бұл өңірге қашан қоныстанғанынан бастап, олардың бүгінгі ұрпақтарына дейінгі тарихы, өзен-көл, тау, жер, су аттарының қалай қойылғандығы туралы қызықты деректер оқушы білімін толықтыра түседі. Тіпті тарих пәніне деген сүйіспеншілігі артады. Тарихи тақырыпқа сай келетін өлке деректерін мектептегі мұражаймен байланыстырып жүргізу өте тиімді.
Ұлт тарихы-өлке тарихынан бастау алады, сондықтан өлке тарихын оқытудың маңызы зор.
Біріншіден, бүкіл адамзаттық құндылықты, әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы. Оқушы өз өлкесінің тарихи тамырларын отандық және әлемдік тарихпен байланыстыра алғанда ғана тарихтың күре тамырының соңғысына баға бере алады. Өз өлкесінің тарихын қастерлей білген оқушы, өзге елдің тарихын құрметтей алады.
Екіншіден, өлке тарихын оқу арқылы ғылыми-зерттеу жұмысына икемделіп, шығармашылық қабілетін шыңдайды. Өлкеміздегі бұл күнде аңызға айналып кеткен тарихи оқиғалардың шындығын аңыздан аршып алады.
Білім беру жүйесінің қазіргі мақсат - міндеттері, тарихтан білім берудің мазмұндылығы, әр тақырыптың маңыздылығы.
Қазіргі еліміздің даму қарқыны мемлекет құрылысының барлық салаларына әсер етуде. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы мектеп қабырғасында тәрбиеленіп, ауқымды жан-жақты білім нәрімен сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты. Оқушылардың жаңа тұрғыда дүниетанымдық көзқарасын байыту, ақыл - ой өрісін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мектеп ұстаздарының шеберлігіне, шығармашылық білімділігіне байланысты.
Жаңа заман талабына сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту, технологиялық үрдістерді үздіксіз қолдану арқылы үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі жаңаша да шынайы, нақты қалыптасады.
Әр уақытта ізденімпаздықпен көрсетілген білім мен біліктіліктің маңызы өте зор болды. Ендеше, қазіргі өркениет пен ғылыми - техникалық революцияның қарыштап дамуы, Елбасы Жолдауындағы мемлекет мәртебесінің дүниежүзілік дода көш ілгері болып, мемлекетті басқарудың электрондық жүйесін біртіндеп іске асыру өмір талабы деп білсек, тарих пәнін оқытуда жобалау технологиясының алатын орны да ерекше екенін түсіну қажет.
Демек, бүгінгі таңда жобалау технологиясы арқылы аймақ тарихын оқыту аса маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі деп қарастыруға болады.
Диплом жұмысының мақсаты: аймақтық тарихты мектепте оқытудағы діни-мекемелер мен тарихи-мәдени ескерткіштердің маңызын, құндылығын айқындап, оны тарих сабақтарына жобалау технологиясы арқылы енгізу жолдарын көрсете отырып, оның Отан тарихының құрамдас бөлігі екендігін көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Аймақтық тарихтың-Отан тарихының бір бөлігі болып табылатынын анықтау;
- Семей қаласының тарихи-сәулет ескерткіштерінің тарихын бір жүйеге келтіріп, құндылығына тоқталу;
- Монументалды ескерткіштер мен обелисктердің аймақтық тарихта алатын орнын айқындау;
- Діни мекемелердің Семей қаласының рухани мәдениетінің бір бөлігі екендігін дәлелдеу;
- Семей қаласындағы оқу орындары, мұражай мен театр тарихының маңызын ашып көрсету;
- Семей қаласының мешіттері, славян шіркеулері, еврей синагогасы тарихына тоқтала отырып, олардың қала тарихында алатын орнын ашу;
- Тарих сабағында аймақтық тарихты жобалау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігін көрсету;
- Жобалау технологиясы негізінде жасалған сабақ үлгісі мен сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігін ашу.
Диплом жұмысының дерек көзі: Зерттеу жұмысы кезінде қолданылған маңызды деректер Семей қаласындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихи құжаттарының орталығы) мұрағатынан (ШҚО ҚЗТҚО) алынған құнды құжаттар. Онда: 596-қор (Семей қаласының шіркеулер тарихынан) [49], 74-қор (Семей қаласының мешіттер тарихынан) [48] қаралып, көптеген деректер пайдаланылды. Көптеген маңызды мәліметтер негізінен www. dinislam. kz, www. egemen. kz, http://ruwikipedia. org/wiki, http://sobory. ru/article/index. html?object=15543 сияқты интернет желілерінен де алынды.
Тарихнамасы: Диплом жұмысының алдына қойған мақсат- міндеттеріне жету үшін, кең ауқымды зерттеу еңбектері қарастырылды. Өлкетану материалдарын оқыту және тәрбие үрдісінде қолдану мәселесіне XVII ғасырда Я. А. Коменский, XVIII-XIX ғасырларда Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоцци, А. Дистервег және өзге педагогтар көңіл аударған. XVIII ғасырдың екінші жартысында оқытуда өлке тарихымен байланыстырудың маңыздылығына ғалым М. В. Ломоносов та көңіл бөле бастады. ХІХ ғасырдағы ғылыми және педагогикалық әдебиеттерде «Отантану», «Елтану» терминдері қолданыла бастады. Ал «Өлкетану» термині ХХ ғасырдың басында пайда болды да, осы ғасырдың 20-30- жылдары кеңінен тарай бастады. Педагогикалық әдебиеттер тұңғыш рет тарихшы-әдіскер В. Я. Уланованың «Төменгі сыныпта тарихты оқыту» еңбегінде және мұғалім И. Н. Манькованың 1914 жылы мұғалімдер съезіндегі сөйлеген сөзінде кездеседі. Өлкетану мәселесін мектепте оқыту әдістемесін дамытқан ғалымдар А. А. Вагин, Н. П. Кузин, Н. П. Милонов, А. Ф. Родин және басқалар болып табылады.
Қазіргі кезеңде Ресейдің тарихтан Мемлекеттік стандартындағы аймақтық компонентті жүзеге асыру мәселелерімен кеңінен Е. Е. Вяземский, М. А. Половцева, О. Ю. Стрелова шұғылданады.
Авторлар Ресейдің тарихтан Мемлекеттік білім стандартындағы аймақтық (ұлттық аймақтық) компонентті оқыту жағдайына талдау жасай отырып, жалпы тарихи білімнің аймақтық компонентін жүзеге асырудың, ғылыми, педагогикалық, әдістемелік жобаларын жасауда.
Қазақстанның аймақтық тарихын зерттеуге Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімінің ғалымдары Янушкевич, Потанин, Ядринцев, Щербина, Коншин, Михаэлис, Маковецкий, Маевский, Катанаев, Құлжановтар зор үлес қосты. Жалпы айтқанда, Қазақстанның барлық аймақтары негізінен зерттелген. Бірақ, Ресей және Қазақстандық тарихнамада Қазақстанның аймақтарына қатысты жинақталған арнайы еңбектер жоқ. Кейбір еңбектерге тоқталатын болсақ, Н. А. Абрамовтың, Г. Потаниннің еңбектерінде Қазақстан аймақтарындағы қалалардың пайда болу мәселелері қаралған. Н. Я. Коншиннің «Семей өлкесінің қысқаша тарихи очеркі» [21] еңбегінде өлкедегі қоныстану мәселесі, қазақтар, казактар мен орыс шаруаларының шаруашылығына сипаттама беріп, патша өкіметінің әкімшілік реформаларына талдау жасайды. Н. В. Алексеенконың «История Восточного Казахстана в документах и материалах» [1] еңбегінде Шығыс Қазақстан өлкесіндегі демографиялық мәселелер талданады. Ж. Қ. Қасымбаевтың «История города Семипалатинска (1718-1917) » [26] еңбегі негізінен Семей қаласының тарихына арналған.
Семей қаласының тарихы жайында В. Н. Кошляктың «Семипалатинск, Три века истории» [19] және «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» [24] еңбектері аса құнды болып табылады. Автор «Семипалатинск, Три века истории» [19] еңбегінде Семей қаласының үш ғасырлық тарихына тоқталса, ал «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» [24] еңбегінде қаламыздағы шіркеулер мен храмдардың тарихын ашып көрсетеді.
И. Котлердің «Очерки по истории евреев Одессы» [23] еңбегі негізінен Одесса қаласындағы еврейлерге арналса да, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Семейге қоныстана бастаған еврей халқының діни нанымдары жайында да біршама құнды мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның аймақтық тарихымен шұғылданып жүрген ғалымдар: М. Ғ. Ескендіров, С. Н. Мамытова, Г. М. Ахметова, Г. Т. Мусабалина. М. Ғ. Ескендіровтың «Восток Казахстана: на стыке столетий (вторая половина ХІХ начало ХХІ вв. ) » [14] еңбегі революцияға дейінгі және кеңестік дәуір мен қазіргі кезеңдегі Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихын салыстырмалы түрде кешенді зерттеуге арналған. С. Н. Мамытова, Г. М. Ахметованың еңбектерінде тұңғыш рет Шығыс Қазақстандағы сауда- өнеркәсіптік топтардың қалыптасуы және олардың экономикалық іс-әрекеті мәселелері қаралған. Г. М. Қарасаев Шығыс Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектерін жинақтап, тұңғыш рет мемлекеттік тілде жариялады. Г. Т. Мусабалина революцияға дейінгі Шығыс Қазақстанның саяси тарихын зерттеп, аймақтың саяси дамуының қалыптасуының жаңа тұжырымдамасын ұсынды.
Аймақ тарихын мектепте оқыту мәселесіне келетін болсақ, көптеген авторлар тарихты мектепте оқытудың көптеген әдістерін көрсету мақсатында біршама еңбектер жазған.
Солардың ішінде аса маңызды еңбектер тоқталып өтсек, мәселен, Тұрсын Х. «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі» [55] оқу құралында тарихты оқыту әдістемесінің теориялық негіздері жан-жақты қамтылған.
Т. Т. Тұрлығұлдың «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың тоериясы мен әдістемесі» [56] оқу-әдістемелік құралында оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Е. С. Ысқақовтың «Тарих сабағында өлкетану арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу» [65] атты зерттеуде отансүйгіштіктің тарих пәнінен бастау алатындығы айтылады.
Д. Сарыбаеваның «Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын ұйымдастыру» [45], Ш. Шымырованың «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері» [64], З. Алшынбаеваның «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері» [2] мақалаларында өлкетану жұмысының ұйымдастыру тәсілдері айқындалады.
Сонымен қатар, Қыдыргелдина Н. «Сабақта жергілікті мәліметтерді пайдалану» [27], Матышева Ф. «Өлкетану-елтанудың бастауы» [36], Арунов М. «Өлкетану-Отан тарихының бір бөлігі» [4], Маржатова К. «Өлке тарихын оқыту» [37] атты зерттеулерінде өлке тарихына байланысты жан-жақты талдау жасалады, негізгі мәліметтер нақты деректер арқылы беріледі.
Зерттеу объектісі: Аймақтық компонент-Семей қаласының мәдени, діни мекемелері.
Зерттеу пәні: Семей қаласындағы діни-мекемелер мен тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу жасай отырып, аймақтық компоненттерді тарих сабақтарына енгізудің әдіс-тәсілдерін көрсету.
Ғылыми болжам: Семей қаласындағы діни-мекемелер мен тарихи- мәдени ескерткіштерді Қазақстан тарихы сабақтарында қолданудың маңыздылығын арттыра түсіп, Отан тарихының құрамдас бөлшегі екендігін көрсетеді. Аймақтық компоненттер сабаққа деген қызығушылықты арттырып, өлке тарихының сырларын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобалау технологиясын пайдалану оқушылардың өлке тарихын өздігінен зерттеп білуге баулиды.
Зерттеу әдістері мен методологиясы: Қойылған мақсатты жүзеге асыруда төмендегідей зерттеу әдістері мен көзқарастарды қолдану: саралау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, сипаттау және тәжірибе, құрылымдық, логикалық, сапалық және жүйелілік.
Хронологиялық шегі: Семей қаласында XVIII - XX ғасырлардағ салынған мәдени-тарихи және діни мекемелер.
Практикалық маңызы: Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында аймақтық компоненттерді қолданудың маңызы зор. Себебі, аймақтық тарих- Отан тарихының бір бөлігі. Сабақта пайдалану Отан тарихына деген қызығушылықты арттырып, азаматтық тәрбие беру үрдісін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдері мен практикант студенттерге өлке тарихы бойынша қосымша мәліметтер жинақталған құнды материал болып табылады.
Диплом жұмысының нәтижесін Қазақстан тарихын, аймақтық тарихты оқыту, арнайы оқу курстарының дәрістерінде қолдануға болады. Сонымен қатар жұмыстың кейбір бөліктерін ғылыми жұмыстар жазу барысында пайдалануға мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тарихнамасы, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, ғылыми болжам, зерттеу әдістері мен методологиясы, практикалық маңызы, жұмыстың құрылымы беріледі.
Бірінші тарауда-Семей қаласының тарихи ескерткіштері-аймақ тарихының көрінісі екендігі айтылады. Қаламыздағы көптеген тарихи сәулет, монументалды ескерткіштері мен обелисктерінің салыну тарихына қысқаша түрде шолу, салыстыру, саралау, талдау жұмыстары жасалады.
Екінші тарауда-Семей қаласының мәдени - діни мекемелері рухани мәдениетінің бір бөлігі екендігі айтылады, қаламыздағы оқу орындары. мұражай, театр тарихы, мешіттер, славян шіркеулері, еврей синагогасы тарихы жайында басты мәліметтер нақты деректер негізінде ашып көрсетіледі.
Үшінші тарауда тарих сабағында мәдени-тарихи ескерткіштерді жобалау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі, сабақ үлгілері, сыныптан тыс жұмыс беріледі. Сонымен қатар, жобалау технологиясын тарих сабағында қолданудың тиімділігі анықталып, практикалық тұрғыда дәлелденеді.
Қорытындыда Қазақстан тарихын оқыта отырып, аймақтық компонентерді пайдаланудың тиімділігін арттыру және де сабақта Отан тарихымен байланысын айқындап, аймақтың тарихына назар аударту арқылы тақырыптың маңыздылығы көрсетіледі.
1-тарау. Семей қаласының тарихи ескерткіштері-аймақ тарихының көрінісі
1. 1 Аймақтық тарих-Отан тарихының бір бөлігі
Қазақстан Республикасындағы мәдениет саласындағы маңызды бағыт тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесі болып табылады. Оған ерекше назар аударылады. Ескерткіштер - төл мәдениетіміздің құндылығы, дәстүрлерімізді арттырудың және сақтау арқылы өсіп жатқан ұрпақпен байланысы.
Ескерткіштер, мәдени мұраның негізін қалап, өте маңызды әлеуметтік жүйелерді орындайды. Сонымен қатар, ғылым дамуының негізін қалап, патриотизм сезімін қалыптастырады, ойлы-тәрбиелі және эстетикалық тәрбиенің негізін салады. Қазақ халқы, әлем өркениеті қазынасына енген, мәдени байлықтың иегері. Қазақстан ескерткіштердің саны және әр алуандығына байланысты Үндістан, Қытай, Жерортатеңіздік мемлекеттерге және Таяу Шығыс елдеріне бой бермей ашық аспан астындағы өзгеше мұражай. [4; 83]
Көптеп табылған археологиялық қазба мұрағаттары, Қазақстан аймағында өмір сүрген - сақ, савраматтар, ғұндар, үйсін, қаңлылар (б. ғ. д. бірінші мыңжылды) кейіннен түріктер, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар ежелгі тайпалардың көшпелі мәдениеті мен ер салған-жер игеруші өркениеті дамуының жоғары деңгейінің дәлелі.
Қазақстанның мәдени мұрасы, оның аймағында өмір сүрген бар халықтардың құндылығының - 25 мыңнан астам археологиялық, сәулеттің, монументалды өнері мен тарихи өз үлесін қосқан жылжымас мүліктерін жинаған [8; 24] .
Қазақстан мемлекеттік егемендігін алғаннан соң алғашқы қабылдаған заңдарының бірі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» (1992 жыл шілде) және «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмысты жауапкершілікті күшейту туралы» (1993 қазан) Заңы болды.
Қазақстан Республикасының ынтасы бойынша Әлемдік Жәдігерліктердің Орталығына екі объектіні енгізді, біріншісі-Қожа Ахмет Яссауи мешіті, екіншісі-Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер жиынтығы.
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау ісіндегі негізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Мәдени мұралар» 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама орындалды.
Оның басты мақсаты: ұлттық мәдениетіне аса маңызы зор тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жасау, үлкен мәдени мұраны зерттеу үшін бір қалыпты жүйені құру, соның ішінде фольклор, дәстүр және салт: көпғасырлық тәжірибесі бар ұлттық әдебиетті және жазбаларын жинақтау, ғылыми өмірнамалық, ғылыми топтамаларын шығару. Мемлекеттік тілде мәдениет және әдебиет, ғылыми ойлардың әлемдік дәрежесінің гуманитарлық қорын құру.
Бағдарламаның негізгі тапсырмалары: ежелгі, ортағасырлық қоныстанған Ақмола облысындағы Бұзық қалашығы, Алматы облыстарындағы Қойлық, Талғар қалашықтары, Ыссық қорымы, Атырау облысындағы Сарайшық қалашығы, Шығыс Қазақстан облысындағы Берел, Шілікті қорымы, Жамбыл облысындағы Ақыртас, Қарағанды облысындағы Айбас-Дарасы мекендері, Кент, Талдысай, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай мекені, Оңтүстік Қазақстан олысындағы Жуан-төбе, Сауран, Созақ, Отырар қалашықтары және тағы басқа аймақтарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу.
Бағдарламада басты назар Қазақстандағы тарихи-мәдени ескеркіштердің жөндеуіне аударылады. Себебі, ұлтымыздың тарихындағы маңызы үлкен Қазақстандағы көптеген тарихи, мәдени, археологиялық және сәулет объектілері жедел түрде жөндеуге мұқтаж.
Барлығын назарға ала отырып, Бағдарламаға қайта жөнделетін және қалпына келтіру қажет Қазақстанның 20-дан астам тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері енгізілді [6; 6] .
Сонымен қатар бағдарламада, өз бастамасын алып жатқан қазақ халқының мәдени мұрасына маңызы бар мұрағаттардағы тарихи құжаттарды және әдебиеттерді, жазбаларды жақын және алыс шетелдеріндегі мұрағаттарда ғылыми-зерттеулерді жүргізу мәселесі қолға алынды.
Мемлекеттік бағдарлама шараларының жоспарына сәйкес, Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштері Жиынтығын дайындау және басып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Қазір ұлттық болмысымызда сезініп, біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи - мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік» деді еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы сөзінде.
Қазіргі уақытта жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану әдістері ерекше назар аударуға тұрарлық жағдай.
Оқылатын материалдың зандылығын ашумен қатар оқушының білімге құштарлығын оятып, оның шығармашылыкпен жұмыс істеуіне жол салады. Сонымен бірге өлкетану жұмыстарын пән аралық байланыстарды, дүниені танып білумен қатар қоғамдық пайдалы қызметпен айналысу міндетін де шешеді [56; 19] .
Өлкетану жұмыстарымен айналысу үшін мұғалім оку жоспарына сай зерттеу объектісін, жұмыс түрі мен әдістерін тандап, оған үнемі басшылық жасайды. Өлкетану - ғылыми ізденімпаздық қабастайтын, накты жол.
Іздену, оқып үйрену барысында оқушылар белсенділік танытумен қатар бүтіндей оку материалын меңгереді, білімдерін, танымдық іс-әрекеттерін күнделікті өмірде пайдаланумен қатар болашақта қажетіне жаратады.
Оқыту үрдісінде өлкетануды 2 жағдайда пайдалану қажет.
1. Оқытуда - өлкетану материалының мәні мен мазмұнын оқу бағдарламасына сәйкестендіру.
2. Бағдарламадан тыс - мектепшілік тәрбие жоспарының мазмұнымен үйлестіру.
Жан-жақты зерттелген өлкетану материалдары мұражай қорын толықтырса, келесі сатыда әрбір оқушының қоғам өміріне араласа алатындай дағдысына да жетекші бола алады, өйткені жұмыс ұжымдық түрде атқарылады, ортақ қызығатын істердің пайдалылығы, өз ісінің біреуге қажеттігін сезіне алатын жауапкершілік қалыптасады [37; 80] .
Сабақ өткізу барысында өлкетану материалын пайдалану басшылығына мыналар алынады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz