Солтүстік Үндістанда Моғолдар билігінің орнауы


ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе.
Өзектілігі: Әр қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени - рухани дамуына сай оқытудың теориясы мен әдістемесі өзгеріп отырады. Қазіргі кезедегі қоғамның жағдайы, оның даму тенденциялары мектепте тарихты оқытуды, өзгертуді талап ететінін өмір көрсетіп отыр. Оны біз жүргізіліп жатқан реформалардан, оқыту технологияларының жаңаруынан көреміз. Оқушылардың танымдық қызметі тарихи білімдерді қалыптастырудың тұтастығына және шығармашылықпен қолдана білуіне бағытталады. Тарих пәнінің тәрбиелік мүмкіндігі мол. Өйткені ол адамзат баласына ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. .
Ертедегі және классикалық орта ғасыр тарихының өзекті проблемасы тарихи материализм тұрғысынан алып қарағанда, тұтас бүкіл дүние жүзілік тарихи дәуірдің барлық қоғамдық қатынастарының белгілі құрылымын тудыратын өндіріс әдісі ретіндегі феодализмнің тууы мен мәнін ашып көрсету болып табылады.
VI-XVII ғасырларда Үндістан көптеген мемлекеттердің - князьдықтардың жиынтығы түрінде болған, бұл мемлекеттер өзара экономикалық тұрғыдан байланысы жоқ болатын, тек соғыс кездерінде ғана ірі князьдықтардың (Харши империясы мен Гупта империясы) маңында бірігетін. Бұл кезеңдегі үнді мемлекеттері монархиялық басқару нысанында болған, оларды махараджа - басты князь басқарған. Махараджаға кеңесшілері - монтри паришад көмектесетін. Мемлекеттік аппаратта маңызды орынды әскерлер мен салық жинаушылар иеленетін болған.
Гупта және Харши империялары провинцияларға (деша, бухти) бөлінген еді, оларды шекаралық облыстардың басшылары (гонтри) мен патша өкілдері (упарика) басқаратын. Провинциялар округтарға (вишая) бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік болып селолық қауым табылған, оның басында староста - граминк тұрған.
Феодалдық Үндістанның құқықтық жүйесіне мұсылман құқығы көптеген өзгерістер әкелген, бұл құқық елге мұсылмандық жаулап алушылардың жорықтарының нәтижесінде енген. Үндістанда мұсылман үстемдігі орнатылғаннан кейін, жергілікті құқық - дхармашастрдың қолдану саласы адамдар арасындағы таралу шегі және қоғамдық қатынастарда таралу шегіне қарай қысқартылған. Дінге тікелей қатысы бар деген қатынастардың барлығы: неке және отбасылық, мұрагерлік және діни қызметпен байланысты қатынастар мұсылман адамға қатысты болса мұсылман құқығымен, ал индусқа қатысты болса индус құқығымен реттелетін болған. Дәл осы кезеңде нормалары жаңа жағдайларға икемделген, қазіргі кездегі Үндістанда да индуизм дініне сенушілерге де қатысты әрекет ететін құқықтың персоналдық жүйесі, яғни, үнді құқығының жүйесі қалыптасты.
Тарихнамалық зерттелу деңгейі: Ерте ортағасырлық үнді қауымы туралы мәліметтер VII ғасырда Бана деген жазушы қалдырған “Харшачарите” деген шығармада сақталған. Ол әр үйдің өзінің астық қоймасы болғандығын, үй ауласы қоршалатындығын баяндайды. Үйдің айналасы бау-бақша болған. Үйдің қасындағы усадьбадан басқа жер жыл сайын қайта бөлініп отырған. Бана: “көп жер ну тоғайлы болғандықтан күріш егіп, қырман жасалатын жерлер жыл сайын қайта бөлініп отыратын. Бірақ әр жыл сайын таластартыс, дау - дамай болып отыратын, ” - дейді. Бананың шығармасында бейнеленген ауыл күріш пен мақтадан басқа көкөніс пен қант тростнигін өсіретін. Шаруалар сонымен қатар қосымша аңшылықпен айналысатын. Қауымның иелегіндегі тоғайдан жабайы жеміс - жидек теретін.
Храмдар өз иеліктерін жерлер сатып алу арқылы немесе ашаршылық жылдары өсімқорлық операциялары арқылы ұлғайтып отырған. X - XI ғасырларда ірі жер иеліктері бар храмдар Катхъявар жарты аралығындағы Сомнатха, Индияның оңтүстігіндегі Мадура болған. Князьдар мен храмдарда басқа қауымның байып алған өкілдері де феодалдарға айнала бастады. Князьдар әскери қызмет атқарғандарға да жер үлесін бөліп отырды. Бұл туралы біз Сюан Цзанның қалдырған жазбаларынан білеміз. Ол былай дейді: “Губернаторлар, кеңесшілер, сот чиновниктері мен қызметкерлер жер үлесін алып, соның түсімімен күн көреді”.
Бабыр әлемді жаулап алушы, қолбасшы атақтарымен қатар, өлеңдердің авторы ретінде де белгілі болған. Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы энциклопедиялық "Бабыр намэ" шығармасының авторы. "Бабыр намэ" тек тарихи ғана емес, әдеби шығарма да болып табылады. Кітап 1526 - 1530 жылдары шағатай (ол кезде түріктің әдеби тілі) тілінде жазылған. Кітапта Орта Азия, Афганистан, Пәкістан, Үндістан халықтарының тарихына, этнографиясына, географиясына байланысты және XV -XVI ғасырларда Дешті Қыпшақты мекендеген ру, тайпаларға байланысты да мәліметтер береді.
Абуфазыл өзінің “Аин - Ий - Акбари” деген еңбегінде 1577 жылы 1 манн (400 гр) бидай Аграда-50 дам, Алахабадта 62 дам, Аудта-44 дам, Делиде - 56 дам, Мальвада 75 дам тұратын дейді.
Индиядағы XVI ғасырдағы өзгерістер ұлы ақын Тулси Дастын атақты “Рамайяна” деген поэмасында көрініс тапты. Поэманың сюжеті оқырманды ежелгі замандарға апармақ болғанымен ақын өзі өмір сүрген XVI ғасырдағы Үнді қоғамын суреттейді. Поэмада ең алдымен ақша билігінің өсуі, брахмандардың шықбермес шығайбайлығы, қытырмылығы мен дүниеқоңыздығы суреттелді. Ақшасы көп адам шыққан тегімен мәдениеттілігіні қармастан-ақ құрметке ие болып, маңғазданды. Ал ақшасы аз тектілер сый-құрметтен айырылды. Поэмада касталар арасындағы шек жойылып, құрып бара жатыр, халықтық адамгершілік қасиеті азғындап кетті деген сарын бар.
Курс жұмысымның хронологиясы: 1 кезең-Солтүстік Үндістан (V-VI-VII ғ. ғ. ) мен Оңтүстік Үндістандағы (VI - VII - XIV ғ. ғ. ) ертефеодалдық қатынастар. Ірі империялар - Гупта империясы (IV - V ғ. ғ. ) мен Харши империясы (VII ғ. ) бірқатар ұсақ феодалдық князьдықтарға бөлінді;
2 кезең - дамыған феодализм (XIII ғ. - XVI ғ. бірінші жартысы), бұл кезде Үндістанда ірі феодалдық мемлекеттер қалыптаса бастады: алдымен Дели сұлтандығы (XIII ғ. ), содан кейін Ұлы Моғолдар империясы (XVI ғ. басы) ;
3 кезең - кейінгі феодализм кезеңі (XVI - XVIII ғ. ғ. ) . қамтиды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері: Орта ғасырлардағы Үндістанда феодалдық қатыныстардың қалыптасуын, Дели сұлтанатының құрылуы мен жерге феодалдық меншіктің мәселелерін ашып көрсету. Ұлы Моғолдар билігі кезеңіндегі Үндістан және Акбардын реформаларын қарастыру.
Зерттеу әдісі: Курс жұмысын жазу барысында жинау, жүйелеу, сараптама жасау, талдау, ізденіс әдістері қолданылды.
Курс жұмысымның құрылымы: Курс жұмысым кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап алынған тақырыбымнын маңыздылығын дәлелдеуге, курс жұмыстың мақсаты - міндеттерін ашып көрсетуге басты назар аудардым.
Бірінші тарауда Солтүстік Үндістанның әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы деректерге, зерттеулерге шолу жасадым. Гуптар державасы мен Декандағы жағдай негіздерін ашып көрсетуге тырыстым. Бұл тарауда сонымен қатар Ортағасырлық Үндістан қалалары, қолөнері мен саудасы баяндадым.
Екінші тарауда Дели сұлтандығының құрылуы мен Бахмани және Виджаянагар мемлекеттері жайлы баяндаладым.
Үшінші тарауда Оңтүстік Үндістанға еуропалықтардың келуі мен Солтүстік Үндістанда Моғолдар билігінің орнауы жайлы қарастырдым.
Курс жұмысым осы үш тарауда баяндалған мәселелерден туындайтын қорытындымен аяқталады.
Курс жұмысымның соңында пайдаланылған деректер мен зерттеу еңбектерінің тізімі келтірілген.
1. III - XI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҮНДІСТАНДА ФЕОДАЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСА БАСТАУЫ.
1. 1 III - V ғасырлардағы Солтүстік Үндістанның әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер Солтүстік Үндістан, ал олардан оңтүстікке қарай жатқан жерлер - Декан/”дакхин” - оңтүстік/деп бөлінеді. Бұл жерлерде көптеген тайпалар тұрды. Олардың тілдерінде біраз ерекшеліктер болды. Тайпалар дамудың әртүрлі сатысында еді: біреулері алғашқы қауымдық құрылыста болса, енді біреулері құл иеленушілік құрылыста, келесі біреулері - феодалдық қоғамға аяқ басқан еді. [1; 18]
Cолтүстік Үндістанда дәнді дақылдар, жеміс-жидек, май алынатын, қабығынан жіп жасалатын өсімдіктер өсірілді.
Малдың да көптеген түрлері өсірілді. Тау - кен кәсібі дамыды: мысалы, алтын, темір, т. б. металдар өндірілді. Металды өңдеу ісі, жоғары дәрежеде дамыды. Делидің маңындағы V ғасырдың басында қойылған, әлі күнге дейін сол баяғы қалпында сақталған биіктігі 6, 7 м., диаметрі 0, 4 м., жазуы бар, ешқандай коррозияға берілмейтін колонна металлургтерді таңқалдырып келеді. Ертеректе тек қолөнерінде қолданылған темірден жасалған еңбек құрал-саймандары V-VI ғасырларда жер өңдеу ісінде де кеңінен пайдаланыла бастады. [1; 25]
Өндіргіш күштердің жетілуінің тағы бір көрсеткіші - құрылыс ісі болды. Бұрынғы ғибадатханалар мен т. б. қоғамдық үйлердің негізгі құрылыс материалы болып келген ағаш енді таспен, кірпішпен алмастырыла бастады. Жаңа ғасырдың басында тастан салынған құрылыстар тек тас өңдеушілердің шеберлігін ғана емес, олардың өңдеу құрал-жабдықтарының жоғары дәрежеде жетілгендігін де көрсетеді. [4; 254]
Осы кезде Үндістанның атақты үңгір храмдары, яғни басынан аяғына дейін тек тастан қашап салынған будда храмдары өмірге келді. Сондай құрылыстың бір үлгісі - Анджанттағы будда вихрасы. Көне құл иеленуші қоғамның мәдени орталықтарында әртүрлі кесіп: зергерлік, қару - жарақтық, гончарлық, тері, ағаш өңдеу, тоқу - орын алған. Әсіресе, тоқу кәсібі жоғары дәрежеде дамыды. [27; 168]
Көптеген археологиялық қазба материалдары: тиындар, әдеби шығармалар Үндістанда сыртқы сауданың да дамығандығын көрсетеді. Үндістанның Риммен саудасы сонау I - II ғасырларда - ақ кеңінен қанат жайған болатын. Рим Үндістаннан тәтті тағамдар, бояу, иіс су, үлбіреген мата алып тұрды. Ол тауарлар үщін Рим Үндістанға алтын, шыны, ыдыс - аяқтар, қорғасын, шарап, құлдар беріп отырды. IV ғасырдан бастап бұл сауда Византия қолына көшті. Үнді көпестері батыста Аденге, шығыста - Бирмаға, Үнді - Қытайға, Ява мен Суматраға дейін барып, сауда жасады. Қытаймен тек сауда байланысы ғана емес, діни байланыс та орнады. [16; 256]
Үнділік буддистер буддизм әдебиетін санскрит тілінен қытай тіліне аударуға көмектесті. Үндістер сауданы құрғақта да кеңінен жүргізді. Археологиялық қазба материалдары Индияның Орта Азиямен де байланысты болғандығын көрсетеді. Әдеби, жазба ескерткіштер бұл кезде үндінің ауыл шаруашылығы қауымында үлкен отбасыларының шағын, жеке отбасыларына бөліну процесі күшейгендігін көрсетеді. Бұрын үлкен отбасының басшысы өлгеннен кейін де бөлінуге тыйым салынатын болса, енді жаңа дәуірдегі брахман заңы бойынша ондай отбасының басшысы тірі кезінде де бөлінуіне рұқсат беріле бастады. [4; 58]
Мұндай ірі отбасыларының кішігірім жеке-жеке отбасыларына бөлшектенуі үнділік ауыл шаруашылығы қауымындағы мүлік теңсіздігін туғызып, жікке бөлінуді тездетті. Кейбір қауым мүшелері өз үлестерін сатып жіберді. Қауым ол үлестің келімсектерге өтіп кетпеуін қадағалап отырды. Бұл туралы бізге сақталып жеткен “Артхашастра” деп аталған саясат туралы трактаттан білеміз. Оның авторы б. з. д. IVғасырда өмір сүрген Каутилья. Ол трактат бойынша қауым мүшесі жерін сатуға ерікті болды. Бірақ ол жерді сатып алуға ең алдымен оның өз туыстары құқылы болды, тіпті болмаса тек сол қауымның басқа мүшесі ала алатын. [5; 245]
Трактатта “даса” деген құлдардың жаңа түрі туралы айтылады. Бұл жерін сатып жіберіп, қарызға белшесінен батқаннан кейін басқа біреуге құлдыққа жалдануға мәжбүр болған, жолы болмаған бұрынғы тек құқылы қауім мүшесі. [5; 257]
“Артхашастрадан” біз патша иелегінде құлдар мен қатар майда жалгерлер де болғанын білеміз. Халық өте тығыз орналасқан жерлерден еріктілерді патша иелігіне көшіретін, басқа патшалықтан қоныс аударғысы келетіндер шақырылатын. Мұндай ұсақ жалгерлер патшаға өнімнің жартысына жуығын беріп тұратын. Қажет болса патша ондай қоныс аударушыларға материалдық көмек көрсететін: мал, тұқым, ақша беретін. Жалгерлер патша чиновниктерінің бақылауында болатын. Патша бос жатқан жерлерді сатуға да, жалгерлерге беруге де құқылы болды. [2; 48]
Сөйтіп, жаңа дәуірде ірі жер иелері өз шаруашылықтарын прогрессивті негізде жүргізе бастады. Құлдар еңбегі тиімді болмады. Сондықтан жер иелері оларға өз шаруашылығын жүргізетін үлес бөліп берді. Ол үлес үшін құлдар жер иесіне жұмыс істеп беретін немесе өнімнің белгілі бір мөлшерін беретін. Сонымен, құлдық қоғамда қанаудың феодалдық қоғамға тән түрі кеңінен қолданыла бастады. [5; 49]
Үндістанның VI - XI ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық құрылысы. Құл иеленуші қоғаммен тығыз байланыстағы тайпалардың әлеуметтік - экономикалық дамуы жоғары болды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс тез ыдырады. Декан тайпалараның ішінде аұсүйектер тобы бөлініп шыға бастады. Тайпа көсемдерінің рөлі арта түсті. Тайпалар арасындағы қақтығыстар, олардың бірін - бірі бағындыруы күшейді. [4; 165]
Жер иесі - феодалдың билігі өз қарамағындағы басыбайлы немесе толық құқылы емес шаруаларға тарады. Олар феодалдардың жерінде ұсақ шаруашылықпен айналысып, феодалға жер рентасын төлеп отырды. Декан князьдықтарындағы ең ірі жер иелері - махараджалар/ұлы князьдар/болды. Князьдар бос жатқан жерлер мен қауым жерлерінің біраз бөлігін күшпен тартып алу арқылы өздерінің жер иеліктерін құрастырды. XI ғасырдан бізге жеткен бір мәлімет мынаны хабарлайды: “Оңтүстіктегі бір князь өз көршілерінің жерін жаулап алған соң ол жердің бұрынғы иелерін қуып шығып, оған өз шаруаларын көшірді. Сөйтіп, 1900 ауыл құрған. Ол жерді өте мұқият бөліп, көшіп келгендердің қанша салық төлейтіндігін белгіленген”.
Сақталған князь грамоталары қауым жерінде бос жатқан жерлер князьдікі болып есептелгендігін хабарлайды. Ол жерлер “раджа жері” деп аталған. Князьдардың қауымға тиісті жерде де үлесі болды. Оны сол қауымның шаруалары өңдейтін. Храмдар мен монастырлар да ірі жер иелері болды. Князьдар храмдарға көп жерлерді жомарттықпен сыйлап отырған. Мысалы, XI ғасырда “Батыс Декандағы бір князь храм мен дінбасыларына 1400 село мен деревня сыйлаған”, - дейді бізге жеткен князь грамоталары. [5; 186]
Храмдар өз иеліктерін жерлер сатып алу арқылы немесе ашаршылық жылдары өсімқорлық операциялары арқылы ұлғайтып отырған. X - XI ғасырларда ірі жер иеліктері бар храмдар Катхъявар жарты аралығындағы Сомнатха, Үндістанның оңтүстігіндегі Мадура болған. Князьдар мен храмдарда басқа қауымның байып алған өкілдері де феодалдарға айнала бастады. Князьдар әскери қызмет атқарғандарға да жер үлесін бөліп отырды. Бұл туралы біз Сюан Цзанның қалдырған жазбаларынан білеміз. Ол былай дейді:“Губернаторлар, кеңесшілер, сот чиновниктері мен қызметкерлер жер үлесін алып, соның түсімімен күн көреді”. [1; 110]
Үндістанда қызмет орны әкеден балаға көшіп отырды/негізінен/. Сол себепті қызметі үшін берілетін жерлер де атадан балаға қала беретін. Әскери міндеткерлігі үшін де жер берілетін. Сол жері үшін оның иесі жасақшыларымен князь шақырған кезде жиналып келуі керек болды. Егер келмей қалса, жерді князь қайта алып қоюға құқылы. Мұндай жер беру жүйесі әсіресе Гуджаратта, Мальвада, Раджпутан мен Джамна - Ганга өзендері маңында кең өріс алды. Сөйтіп, Үндістанның бір аудандарында феодалдық қатынастар мен таптар дамып, жетіле түсті, ал енді бір аудандарда жаңадан қалыптасып жатты. Феодалдар өздерінің таптық артықшылықтарын иұрагерлікке заң жолымен бекітіп, феодалдық қоғамның билеуші, үстем сословиесіне айналды. Феодалдардың қауым жерін басып алулары бейбіт жолмен жүргізілмеді. Қауым мүшелері феодалдарға қарсы күресіп бақты. Бірақ әлсіз қауым мүшелері жеңіліс тауып отырды. [3; 256]
Ерте ортағасырлық үнді қауымы туралы мәліметтер VII ғасырда Бана деген жазушы қалдырған “Харшачарите” деген шығармада сақталған. Ол әр үйдің өзінің астық қоймасы болғандығын, үй ауласы қоршалатындығын баяндайды. Үйдің айналасы бау-бақша болған. Үйдің қасындағы усадьбадан басқа жер жыл сайын қайта бөлініп отырған. Бана: “көп жер ну тоғайлы болғандықтан күріш егіп, қырман жасалатын жерлер жыл сайын қайта бөлініп отыратын. Бірақ әр жыл сайын таластартыс, дау - дамай болып отыратын, ” - дейді. Бананың шығармасында бейнеленген ауыл күріш пен мақтадан басқа көкөніс пен қант тростнигін өсіретін. Шаруалар сонымен қатар қосымша аңшылықпен айналысатын. Қауымның иелегіндегі тоғайдан жабайы жеміс - жидек теретін. [10; 156]
Жер иеленуші қауым ыдыс-аяқ, құрал-сайман жасайтын ұста, шаштараз, кір жуушы, қарауыл, мүраб/сушы/, тері өңдеушілерді жалдап ұстайтын. Бірнеше деревнядан тұратын үлкен қауым зергерлер мен тас кесушілер жалдайтын. Өз еңбектері үшін олар қауымнан азық - түлік алып отыратын. Әрбір қауым мүшесі сол жалдамалы шеберлер үшін астық өнімінің белгілі бір мөлшерін бөліп беріп отыратын. Кейбір қолөнершілер натуралдық жалақысына қоса қауымнан кішігірім жер үлесін алып, үрімбұтағына мұраға қалдырып отыратын. Қауымның старостасы, хатшысы, қазысы, балгер - болжаушысы/астролог/болды. Соңғысы жұлдызнама құрастырып, әр жұмыс үшін сәтті күнді анықтайтын, брахмандар мен қауымның қадірлі адамдарының балаларын оқытатын. Староста, хатшы, астрологтар мен мұғалімдер қауымнан натуралды жалақы алды. Олардың жалақыларының мөлшері қолөнершілердің жалақыларынан едәуір көп болды. Оларға жер үлесі көп берілді. [6; 49]
Сонымен қауымның халқының қатары үнемі келімсіктермен толықтырылып отырды. Әртүрлі себептермен өз жерлерінен қашып, басқа қауым арасына келіп паналаған келімсектер бара - бара сол қауымға сіңіп кетіп, тең праволы мүшесі болып шығатын. Үлес алып, оны мұрагерлікке қалдырып отыратын. Бірақ олардың қауім жерінен түсетін/өнімді/табысты бөлісуге құқысы болмады. Тең праволы қауым мүшелерінің арасындағы мүлік теңсіздігінің дамуы бірте - бірте қауымдағы демократияны әлсірете бастады. Бұл теңсіздік өскен сайын қауым мәселелелерін шешу жалпы жиналыстан әулеттер басшыларының, кейін-селолық панчаяттың/“бестің” кеңесі/қолына көшті. Ал панчаятта шешуші рөльді староста мен оның көмекшісі-селолық писарь/хатшы/атқарды. [9; 254]
1. 2 Гупттар державасы. Декандағы жағдай.
IV ғасырда Солтүстік Үндістан Магадхалық ақсүйектердің қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта әулетінің өкілі Чандрагуптаның/320 - 340/қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның/340 - 380/тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пендажбқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанға таралды.
Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери аппарат құрылды. Ондай аппарат тек астана Паталипутрада ғана емес, басқа маңызды қалалар мен елді мекендерде де құрылды. V ғасырдың ортасында халықтың салыққа деген наразылығы көтеріліске әкеп соқты. Державадан батыс облыстар бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды. 458 жылы гупттар өз державасын көшпелі гунн - эфталиттер шабуылынан қорғап қалды. Бірақ V ғасырдың аяғына қарай, Будхагупта тұсында гунн - эфталиттер гуптталарға қарсы қатты соққы беріп, батыстағы Мальва, Гуджарат, т. б. бірқатар облыстарды алды. [8; 46]
Гупттар тек Магадхты ғана ұстап қалды. Эфталиттер Шакала қаласын өз астанасына айналдырды. Эфталиттер езгісі елді ауыр күйзеліске ұшыратты. Ол езгі үнділіктерді көтеріліске шығарды. 528 жылы гупттар басшысы Баладитья Орталық Үндістандағы Мандасордың басшысы Яшодхарманмен одақтаса отырып, эфталиттерді талқандады. Эфталиттер қуылды. Бурақ бұл күрес Гупттар мемлекетін өте қатты әлсіретті. Ішкі талас-тартыстар тоқтамады. Ақыры, VI ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. [6; 145]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz