XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-17
І ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ… . . . 18-70
1. 1 XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихы . . . 18-34
1. 2 Хақназар хан және ХVI ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттің нығаюы . . . 34-51
1. 3 Қазақ хандығының Хақназар хан тұсында қайта өрлеуі (ХҮІ ғасырдың 50-70 жылдары) . . . 51-70
II ХАҚНАЗАР ХАН ЗАМАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 71-97
2. 1 Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытудың әдістемесі . . . 71-83
2. 2 Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы тақырыбын оқытудың әдістемелік сабақ жоспарлары . . . 83-97
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 98-100
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 101-105
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егеменді ел болғаннан бері өткен дәуірдегі тарихын сол кездің шындығына сай жазуға әбден мүмкіндік туды.
Жүздеген жылдық империялық қанау елімізді есеңгіретіп, халқымыздың тұтастығын ту-талақай етіп келді. Тарихта Ресей империясының озбырлығына қазақ сияқты ұрынған халық кемде-кем. Ата-бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған жеріне, табиғат силаған асыл қазыналарымызға қызыққандар, қазақтарды мәңгүрт жасап, бұрынғы құлдық психологиядан арылмауын көздегендер, ең алдымен өз айласын жас ұрпақтың санасын улаудан бастағаны белгілі. Тарих тағылымына жүгінсек, Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде кең байтақ қазақ жеріне келімсектер әр түрлі сылтаумен жымысқыланып еніп, әбден сіңісіп, жайлап алған еді. Осылай ұзақ жылдар бойы ассимиляция арқылы ұлттарды өзіне сіңіру, тіпті жоқ қылу саясаты жүргізіліп, славян ғұрпы мен мәдениеті таңылды.
Тоталитаризмнің мөртабаны идеологиялық жағынан қазақ жері қайдан басталды дегенді жадымыздан мүлде өшіргендей еді. Кәрі тарихымызға, оның қатпар-қатпар қойнауына көз салсаңыз сайын даласы мен айдынды шалқар көліне көз алартушылар қай заманда да аз болған жоқ. Қазақ қазақ болғалы, қабырғалы жұрт атанып қанат жайғалы қан майдан үркіншіліктен көз ашқан емес. Әйтеуір, тәңір жарылқап, коммунистік қоғам күйреп, шаңырағы ортасына түсті. Отаршылдардың ұзақ жылдар бойғы зорлық-зомбылығы, өзіміздің ата тарихымыз бойымызда шектеулік пен шындыққа қарсы иммунитет қалыптастырғандай. Қыпшақ деген халықтық атымызға - адамзат баласы, яки әлемдегі күллі адамдардың тегі бір деген философиялық мән бар.
Алайда мағлұматы жоқ еуропалықтардың ойынша бұлардың бәрі «көшпенді» деген бір-ақ сөзбен бағаланды. Бұл олардың түздіктерге шығарған үкімі сияқты болды. Ал, қыпшақтар іргетасы берік, табанды да тағанды халық бөжелермен, күркелі арбалармен, күймелермен көшіп жүргенде жаңа жерлерді игеріп, қоныс етуді көкседі. Бұл олардың қолынан келді де. Қоныстану дегеніміздің өзі бір жерге келіп тамыр жайып, сонда қалып қою.
Кеңес өкіметіне дейінгі тарихнамада қазақ мемлекеттілігінің мәні мен саяси формасы туралы мәселе біртұтас, мызғымас Ресей империясының позициясы тұрғысынан қаралып келді. Бірінші Петрдің жарлығын қалтқысыз жүзеге асыру барысында жер-жердегі патша әкімшіліктеріне: «Мұсылмандардың ым-жымын білдірмей, мүмкіндігінше көзін құрта беру керек», - деген нұсқау берілді [48] . Соған сәйкес көптеген ресейлік ғалымдар қазақ халқын түрік, моңғол және басқа халықтар тайпаларының одақтасуынан пайда болды деп есептеп, оның арғы-бергі тарихына, мемлекеттік құрылымына мән бермеді.
Ресейлік ұлыдержавалықты көксеуші қайсібір «ғалымдар» еуроцентристердің шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы ескі идеямен қарулануда. Әлемдік өркениет тарихындағы қазақтардың орнын айқындай келіп, Ш. Ш. Уәлиханов қайсы бір Батыс ғалымдарының халқымыз туралы «дөрекі әрі мал тектес тағылар» деген сандырағына аяусыз соққы берген болатын.
Империялық саясат тұсында Алтайдан Атырауға көсіліп жатқан қазақ даласын бөліп ал да билей бер пиғылы үстемдік еткені сөзсіз. Өткенімізді, оңымыз бен солымызды танып, өткен тарихымызды бұрынғы еуроцентристік, ұлыдержавалық қоқыстардан ептеп тазартып жатырмыз. Қазақтар мекендеген ұлы далада бұрын сақ, ғұн, түркі, қарахан, моңғол мемлекеттері болғандығы ақиқат. Ұлан-байтақ даламызда мемлекеттікқұрылымдар, қағанаттар Еуропадан ерте пайда болды деп айтуымызға негіз қаланды. Сонымен, жылдар бойы тоқырау шырмауына шырмалып келген Қазақстан тарих ғылымы ескі концепцияларды серпіп тастап, «ақтаңдақтар ақиқатын» ашып жазуда. Әрине, Қазақстан тарих ғылымында күрмеуі көп мәселе жетерлік. Солардың бірі Қазақ мемлекеттілігі мәселесі.
Қазақ халқының, мемлекеттілігінің тарихи тәжірибесін объективтік шындық тұрғысынан зерделеу қоғамдық-саяси дамудың жолын дұрыс таңдап алуда да ерекше маңызды рөл атқарады. Ол тек мемлекеттіліктің іргетасының бірі болып табылатын қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу үшін ғана емес, сонымен бірге тәуелсіздігіміздің қазіргі таңдағы ахуалы мен сипатын, республиканың дамуының болашағын анықтау үшін аса қажет. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясында жасаған баяндамасында: «Бұдан бұрынғы кезде қазақтардың мемлекеттілігі болмағаны туралы алуан түрлі сыпсың пікірлерге елеулі түрде тосқауыл қою қажет . . . өз мемлекетіміздің бастауын іздеуде жазылған және жазылмаған деректер бойынша осы күнге дейін адасып жүргенімізде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру туралы қалай әңгіме айтпақпыз? Міне, тарих ғылымының кезек күттірмес міндеттерінің өзі осындай», - деп көрсетті [11] .
Мәселенің зерттелу деңгейі.
XVI ғасырдағы қазақтар, қазақ ұлысы туралы деректер орыс деректемелерінде де сақталған. XVI ғ. соңындағы қазақ-орыс қатынастарына қатысты бірнеше құжаттар бар, олардың соңғылары 1595 жылмен мерзімделеді.
Отандық зерттеушілер арасында ХҮІ ғасыр тарихын арабтық, парсылық т. б. тың деректермен ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыздың бірінші қатарына тарих ғылымдарының докторы Меруерт Әбусейітова екені белгілі.
М. Әбусейітовадан басқа да зерттеушілеріміз ХҮІ ғасыр тарихына соның інішде 1538-1580 жылдар аралығында Қазақ мемлекетінің тізгінін қолына алған Алаш ханы Хақназар (Ақназар) турасында өз зерттеулерімен тұжырымдарын ұсынып жүрген ғалым Қ. Салғараұлын да айтуға болады.
Ал кейініректегі мұрағат деректерінде жекелеген мәселер, қазақтардың
әлеуметтік құрылысы, тұрмысы, шаруашылықтың жекелеген салаларына қатысты деректер сақталған. Негізінен толық ақпаратты статистикалық тізімдемелерден, күнделіктерден, орыс елшілерінің баяндамаларынан, саяхатшылар жазбаларынан аламыз. Бұл құжаттар мен материалдар арнайы жинақ болып шықты. Олар қазақ хандығының сыртқы саяси және ішкі өмірі жайындағы маңызды деректерді береді.
Қазақтар жайындағы бірінші әдеби хабарламалар қатарына 1627 жылы құрастырылған «Үлкен Сызба Кітап» негізгі тарихи-географиялық деректеме болып табылады. Кітап XVII ғ. басында қызмет етті, іс жүзінде әскери мақсатқа арналған. «Сызба» географиялық картаны елестетеді. Өкінішке орай бізге кітап сызба карта түрінде ғана жетті, бұл сызбаларда Мәскеу мемлекетінің түпкір-түпкіріне баратын құрлық және су жолдары көрсетілген. «Үлкен Сызба кітаптың» бізге дейін бірнеше тізімдері жетті. Бұл жұмысты зерттеуші К. Н. Сербина, мұны 38 тізімге бөліп көрсеткен. Алайда бұл кітап тізімі зерттеуші айтқаннан көбірек сияқты, бұл кітап бірнеше мәрте жазылды және кеңінен қарастырылды. Сонымен қоса бұл кітап XVI - XVIII ғасырда әскери тұрғыда ғана емес, географиялық құжат та болып саналды. Бұл кітапта «Қазақ ордасының» жерлері және оған көршілес халықтар - ноғайлар мен жоңғарлар жерлері көрсетілген. Мұны зерттегеннен кейін мұндағы қазақ даласы және Орта Азия өзен аралықтары жайлы мәліметтердің молдығын айта келе: «Үлкен сызба» кітабымен қысқаша танысқанда, Орал маңы даласының географиялық атауларының нақты көрсетілгендігін айтады [8] .
П. И. Рычков «Орынбор тарихы» еңбегінде көптеген қызықты мәліметтер береді: мұнда, этнографиялық мәліметтермен қоса қазақ жүздерінің рулық тайпалық құрылысы және тарап орналасуы, қазақ халқының шығу тегі туралы аңыздар, қалмақтар туралы, башқұрттар, қарақалпақтар, қазақ көшпелілерінің орналасқан жерлері жайлы құнды мәліметтер бар. Қазақ хандығының құрылуы тарихы кезеңі бойынша П. П. Румянцевтің еңбегінде маңызды мәліметтер бар. Орыс-бұқар, хивин, парсы тауар қатынастары (мұнда негізінен қазақтармен жәрмеңке - базар саудасы ерекше көрсетіледі) жөніндегі дерек XVI және XVII ғасырлардағы Парсы, Орта Азия мемлекеттеріндегі орыс елшілерінің «Статистикалық тізімінде» және шет елдік саяхатшылар С. Герберштейннің, А. Джениксонның және т. б. күнделіктерінде кездеседі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттілік қалыптастыру бағытында ізденіс үстіңде дамып келеді. Еліміздің тарихында алар орны аса маңызды тарихи кезеңдерді қарастыруда Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы тарихшы ғалымдардың қазіргі замандағы Отан тарихын зерттеп білудегі игі істеріне жаңа серпіліс, ерекше рух береді. Бүгінде Қазақ мемлекетінің қатпарлы тарихын қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша пайымдау маңызды [1] .
Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихи-партиялық тарихнамада бұл мәселелерге байланысты еңбектер партия қандай идеологиялық және саяси қағидаларды басшылыққа алды, соған икемделініп жазылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" деген кітабында:
"Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды - ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады" деп, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында ұлттық тарихтың бұрмалай жазылып, санамызды коммунистік идеологиямен уландырғанын атап өткен еді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің тарихын зерттеу ісін сол кездегі қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Біз қарастырып отырған Қазақ мемлекетінің үшінші өрлеу кезеңі, яғни Тәуекел хан кезеңіндегі, сонымен қоса қазақ ұлтының арғы, бергі тарихын қамтыған Т. Рысқұловтың сол кездегі кеңестік билік жандайшаптарының қазақ ұлтының тарихын жоғалту, тарихи өткені жоқ халық ретінде түп тұқиянымен бодандық қамытын кидіруге бағытталған солақай саясат кезінде, ұлт зилыларының көзін жою іс-әрекеттері тұсында қағаз бетіне түсіріліп баспаға әзірленіп тұрған «Қазақстан тарихы» еңбегі Қазақ мемлекетінің өткен тарихын танып, зерттеп білуде аса құнды еңбектердің қатарында еді. Өкінішке орай патшалық биліктің тікелей мұрагерлері саналатын кеңестік тоталитарлық жүйе бұған мүмкіндік бермеді.
Өкінішке орай кеңестік тарихнамада ортағасырлардағы қазақ мемлекетінің тарихы біржақты жазылды. Ресейлік дерекнама мен тарихнама жазбаша деректерге басымдық беріп, ауызша тарихты зерттеу назардан тыс қалды. Тәуелсіздік жылдарында шыққан отандық зерттеулер де жоқ емес. Әсіресе, шығыстанушылар ауызша деректердің ақпараттық маңызын ашуға тырысып келеді. Қазақтың ауызша тарихы жазба деректері тамаша толықтырып отыратындығы дәлелденді. Ал, аңыз-әңгімелер негізінде бұрмаланып, жасырын ақпаратты деректердің көпшілігі шындыққа сай келмейді. Мұны тек тілдерді жетік меңгерген кәсіби мамандар ғана ажыратып береді.
Соңғы жылдары Қазақ хандығы тарихынан отандық зерттеулер саны артты. Олар кеңестік шығыстанушылардың еңбектерін басшылыққа алып, шығыс (парсы, араб, қытай, түрік) және батыс (ағылшын, неміс, француз) тілдерінде жазылған түпнұсқалық деректер мен тарихнамалық ізденістерді талдауға көшті. Ғылыми нәтижелері де бар.
Қарастырып отырған кезеңіміздің хронологиялық шегі Қазақ елін Алаш ханы атанған Хақназар (Ақназар) хан билеген 1538-1580 жылдар болғанымен, ғылыми зерттеулерде негізгі концепция түп тамырын Қазақ хандығынан алады. Сондықтан да Хақназар ханға қатысты байыптау Қазақ мемлекеттілігінің Хақназар ханға дейінгі және сол кезең (билік құрған уақыт), одан кейінгі кезең тұрғысынан қарастырылады. Себебі тарихи санада бір тұтас Қазақ хандығы деген ұғым тұр, сондай-ақ кеңестік идеология шырмауында қамалып қалған Қазақстан тарихында Қазақ хандығы, оның мемлекеттілігі ұғымын тәуелсіз санада қалыптастыру жатыр.
Қазақ хандығының зерттелу мәселелері бойынша ізденістер академиялық шығыстану мектебінің жетістіктері мен оның белгілі өкілдері Х. Д. Френ, В. В. Вельяминов-Зернов, И. Н. Березин, Н. И. Веселовский, В. В. Радлов, б. В. Бартольд есімдерімен тығыз байланысты. Қазақ және түркі тілдес халықтардың тарихына қатысты шығыс деректерін, сол арқылы қазақ этногенезі және қазақ хандығының құрылуы мен өрлеу, құлдырау тарихын зерттеуде А. Ю. Якубовский, А. Н. Бернштам, С. П. Толстов, Б. Я. Владимирцов секілді ғалымдар да көп еңбек сіңірді. Олардың түркологияға қосқан ғылыми үлесі кезінде өз замандастары тарапынан да, кейінгі уақыттағы орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этногенезі мәселелерімен шұғылданған оқымыстылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды.
Проблеманың нақтылы зерттелуі мен оның тарихнамасы өзара байланысты екендігі белгілі. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасуы мен оның мемлекеттілігінің құрылуы туралы еңбектерге кейбір шолулар, талдаулар мен сын пікірлер өткен ғасырдың 20-шы жылдары баспа бетін көрген А. П. Чулошниковтың «Очерки по истории казах-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен» атты еңбегімен байланысты жарық көрді [8] . Бұл еңбегінде автор қазақ тарихын басқа түрік халықтарының халықтарының тарихымен байланыстыра қарау жөніндегі оң методологиялық тұжырым жасады. «Вопросы о порисхождении киргиской народности в исторической науке и народное киргизские придания как источник дальнейшего его изучение» деген мақаласында тарихи аңыздар мен қазақ шежірелерін дерек көзі ретінде пайдалануды ұсынады. Ғалымның бұл ізденістері Қазақстан тарихнамасында өз ізін қалдырғанымен, оның еңбектерінде біршама қателіктерге де жол берілгендігін кейінгі зерттеушіле айтып жүр. Олардың қатарында гографиялық факторға басым мән берушілік, қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеушілікті жоққа шығару жатады.
30-шы жылдары С. Асфендияров қазақ халқының шығу тегі, рулық құрамы туралы мәселе қойды. Осыдан кейін қазақ халқының қалыптасуымен оның мемлекеттілігінің құрылуы жөніндегі тақырып ұлтшылдыққа қарсы науқан жылдарында мүлдем ұмытыла бастады. 1946 жылдың 28-29 қазанында КСРО Ғылым Академиясының тарих және философия бөлімінің сессиясында баяндама жасаған П. П. Иванов та қазақ хандығының құрылуы кезеңін аттап өтіп, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының XVI-XIX ғасырлардағы тарихын зерттеу міндеттеріне ғана тоқталады. Әсіресе, 1951 ж. «Правда» газетінде жарияланған «За марксистско-ленинское освещение вопросов истории Казахстана» деген атышулы мақала мен осы негізде 1951 ж. 10 сәуірде қабылданған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысынан кейін аталмыш тақырыптарды зерттеуге қысым күшейе түсті.
Қазақ этногенезі мен Қазақ хандығы тарихын таптық көзқарас тұрғысынан зерттеуге ұмтылушылық қазақ қоғамындағы қатынастар сипаты мәселесіне әкеп тіреп, мұның өзі көптеген жылдарға ұласқан ғылыми айтыстар мен жорамалдарға жол ашты. Солардың бірі ретінде отандық тарихнамада 40-50 жылдары М. П. Вяткин, С. В. Юшков, С. Л. Фукстың араларында орын алған пікір таластарды айтуға болады. Олар қазақ мемлекеттілігінің экономикалық және әлеуметтік негізі, саяси формасы туралы ой өрбітті.
Осы кезеңде республика Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтында Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі бағыттары анықталып, олардың қатарында қазақ этногенезі мен мемлекеттілігі тақырыбы аталынды [11] . Академияның ғылыми сессиясында қазақ халқының құрылуы туралы Х. М. Әділгерееваның баяндамасы тыңдалды. Кейін баяндама толықтырылып, Ғылым Академиясының «Жаршысында» жарияланды. Мақалады қыпшақ және қазақ тілдерінің жақындығы, моңғол шапқыншылығының қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ мемлекеттілігінің құрылуына ықпалы қарастырылды.
Бұл мәселелер төңірегіндегі автор көзқарастары сол кезеңдегі тарих ғылымының даму деңгейін айқын көрсетті.
Тарих ғылымының дамуына серпіліс берерлік тарихнамалық, теориялық-методологиялық ізденістер болмады, негізінен бұл бағыттағы әрекеттер рецензиялар, пікірлер және шолулармен шектелді. Мұның себебі тарихнамалық зерттеудің деректік негіздерінің дамымауында, 1917 жылға дейінгі қазақ қоғамында патриархалдық-феодалдық қатынастардың үстем болуы сияқты қайшылықты пікірдің орын алуында еді.
1957 ж. М. Ақынжановтың «Об этногенезе казахского народа» атты еңбегі жарық көрді. Оны К. Ақышев, С. Ибрагимов және Е. Агеева «сәтсіз монография» деп бағалады. Рецензияда жұмыстың басты кемшіліктері ретінде қазақ этногенезін зерттеуде тектік шежіренің рөлін асыра бағалаушылық, жазба деректердің аз пайдаланылуы, қыпшақтар мен наймандардың тілдік атрибуциясын дұрыс анықтамау, қазақ этногенезі процесінде оғыз бірлестігінің үлесін жоққа шығарушылық атап көрсетілді. Еңбектің қазақ халқының қалыптасу жолдары мен кезеңдері жөнінде жасалынған тұжырымдары да мойындалмады. Мұнан кейін бұл тақырыпқа ешкім тереңдеп бармады.
Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы жөнінде де арнайы ізденістер қолға алынбады. Осыған байланысты бұл екі проблема бойынша тарихи танымның қорлануын қарастырған зерттеулердің болмауы өзінен-өзі түсінікті. Жарық көрген еңбектердің көпшілігінде тарихнамалық талдау берілмеді, тарихшылардың қайшылықты мәселелерге, өзінен бұрынғы авторлардың зерттеу әдістеріне баға беруге батылы бармады. Тек 50-ші жылдардың аяқ кезінен ғана кейбір тарихнамалық ізденістер көріне бастады.
Қазақстан тарихы, қазақ халқы мен оның мемлекеттілігі туралы тарихи таным-түсінік республикамызда ған емес, одан тыс жерлерде де қалыптасқандығын ескеру қажет. Осы себепті жұмыс орта Азиядағы ноғай, башқұрт, тағы басқа түрік тілдес халықтардың шығу тегі мен мемлекеттілігі туралы еңбектер де зерттеу нысанымыздан тыс қалмады. Кейбір методологиялық мәселелер мен концепциялық тұжырымдар тұрғысынан КСРО-да тарих ғылымының даму тарихы туралы очерктердің жарық көруі республикада тарихнамалық саланың алға басуына ықпал жасады.
Қазақ хандығы тарихнамасының құрамды бөліктерінің бірі осы тақырыпқа тікелей, не жанама қатысы бар жеке ғалымдардың өмірі мен шығармашылығына арналған шолулар мен талдау мақалалар болып табылады. Орыс шығыстану ғылымының көрнекті өкілдері қатарына жататын, сонымен қатар «қазақ» термині, Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық тарихының басқа да проблемалары, мұсылман хроникалары туралы еңбектердің авторы А. Н. Самойлович туралы Б. В. Луниннің, ортағасырлық Қазақстан тарихы мен хронологиясын зерттеуге ұланғайыр еңбек сіңірген көрнекті шығыстанушы В. В. Бартольдтің ғылыми мұрасы жөнінде К. М. Байпақов пен Б. Е. Көмековтің мақалалары жарияланды. Соңғы еңбекте ғалымның көшпелі социумда мемлекеттіліктің пайда болуының алғы шарттары жөніндегі пікірлеріне баға беріліп, оның бұл мәселе бойынша тарихи концепциясының В. Я. Владимирцов, А. Н. Бернштам және А. Ю. Якубовскийдің еңбектерінде жалғасын тапқандығы туралы тұжырым жасалған.
Кеңес дәуірі кезінде қазақ хандығы тарихнамасының кейбір мәселелері Г. Ф. Дахшлейгер, Б. А. Төлепбаев, М. Қ. Қозыбаев, Т. И. Сұлтановтың еңбектерінде қарастырылды. Оларда қазақ хандығының құрылуы, мерзімі, сипаты мен алғышарттары мәселелері сол кезеңдегі идеологиялық, методологиялық ұстанымдар шеңберінде көрініс тапты. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынынан бастап Қазақстанның саяси дербестікке қол жеткізуі өзінің өткен тарихын жан-жақты да терең зерделеуге, мәдени құндылықтары мен мемлекеттілік тарихын танып білуге мол мүмкіндіктер туғызды. Бұл өз кезегінде қазақ халқын дүниежүзілік тарихи процестің субъектісі ретінде қарастырып, оның тарихындағы мемлекеттілік дәстүр мен сабақтастық мәселелерін қоюға жол ашты. М. Қ. Қозыбаев, Т. И. Сұлтанов, К. А. Пищулина, М. Қ. Әбусейітова, Б. Е. Көмеков, Ж. О. Артықбаевтың зерттеулерінде қазақ хандығының құрылуы және дамуы жөнінде тарихи ой-пікірдің қалыптасуының негізгі кезеңдері, аталмыш проблемаға қазақ зиялыларының көзқарасы Ш. Т. Омарбековтың кандидаттық диссертациясында сөз болды. М. Қ. Қозыбаев Қазақ хандығы тарихнамасында әлі де болса ақтаңдақ проблемалар баршылығына назар аударып, бұл мемлекеттің құрылуының шешуші алғы шарттары ретінде мына факторларды ескеруді ұсынды: 1) Қазақстан жеріндегі түркі тілді тайпалардың саяси және ішкі әлеуметтік -экономикалық дамуы; 2) Қазақ хандығының құрылуының Еуразия сахарасында дәл осындай орталықтандырылған мемлекеттік құрылымдардың пайда болған кезіне сәйкес келуі; 3) XIV-XV ғасырлардың аралығында қыпшақ этносының бөлшектелінуі, одан бірнеше халықтардың бөлініп шығып, өздерінің ұлттық мемлекеттерінің іргетасын қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz