Ақпан революциясынан кейін


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы

ХХ ғасырдың басында

Қазақстан - Ресей қарым-қатынастарының

қоғамдық-саяси астары

Орындаған:

Мазмұны:

Кіріспе

І. Ақпан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың жандануы.

1. 1. Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайының даму барысы . . . 8 бет

1. 2. Қазақстандағы түрлі қоғамдық-саяси ағымдар және олардың қызметі . . . 15 бет

ІІ. Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің жүргізген саясаты(1917-1919 ж. ж. )

2. 1. Алашорда үкіметінің құрылу тарихы және оның Ресейлік саяси күштермен байланысы . . . 27 бет

2. 2. Алаш қайраткерлерінің Кеңестік дәуірдің бастапқы жылдарындағы ұстанымдары және қызметі . . . 40 бет

ІІІ. ХХ ғасырдың басында Қазақстан - Ресей қарым-қатынасы тақырыбын Қазақстан тарихы пәні бойынша мектепте оқытудың әдістемесі.

3. 1. Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытудың әдістемесі . . . 55 бет

3. 2. Алаш қозғалысы қайраткерлері мен Кеңес үкіметінің арақатынасы тақырыбын оқытудың әдістемелік сабақ жоспарлары . . . 64 бет

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ақпан төңкерісінен кейін бұрынғы патшалық Ресей кеңістігінде Прибалтика елдерінің халықтары ұлттық қоғамдық ұйымдар арқылы дербестікке ұмтылды. Украин халқы Орталық Радасын жариялау арқылы өзін-өзі билеу құқына ұмтылыс жасады. Ал Кавказ халықтары өз мүдделерін көздейтін комитеттер құрды. Сол кездегі Ресейдегі ұлттық ұйымдардың мақсаты біреу болды, ол ұлттық дербестікке жету, өзін-өзі билеу құқына ие болу болды. Сол секілді отаршыл патшалық билігінің құлатылуы және оның орнына келген Уақытша үкіметтің демократиялық принциптерге негізделген саясаты қазақ қоғамында да бұрын-соңды болмаған қоғамдық-саяси белсенділікке жол ашып берді. Бұл тарихи кезеңнің ең маңызды ерекшелігі - қазақ қоғамындағы саяси тұтастыққа, идеялық бірлікке негіз қаланды. Оның ең басты себебі - қазақ халқы үшін барлық азаптың, рухани қысымшылықтың, зорлық-зомбылық атаулының ұйтқысы болған патшалық биліктің құлауы, мұраты бір, бірақ сол мұратқа жеткізу жолдарына орай саяси-идеялық пікірталастарға орын берілсе де ұлт зиялыларының ең асыл арманы - халқына азаттық алып беру болатын.

Міне, сол азаттыққа деген үміт сәулесінің берілуі зиялы қауымның бірлік-берекеде болуын қоғам алдында тұрған жаңа міндеттері мәжбүр етті. Сондықтан да, бұл кезең қазақ елі үшін саяси тұтастық пен бірлік, қоғамдық - саяси істерге жол ашып берген мүмкіндіктер кезеңі болды. Өйткені, ұлт зиялылары алғаш рет ұйымдық жағынан бірігіп, қазақ комитеттерінің төңірегіне саяси күш ретінде шоғырлана бастады.

Сонымен бірге, бұл тарихи белес өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерінде қайраткерлік, ұйымдастырушылық, дипломатиялық және шығармашылық қасиеттерімен дараланған біртуар азаматтарды (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, МДулатов, М. Шоқай, Х., Ж. Досмұхаметовтер, Ж. Ақбаев, М. Тьшышпаев, Х. Ғаббасов т. б. ) танытты, тарих сахнасына шығарды.

Қазақ халқының алдында ең басты міндет титулды ұлт Ресеймен қарым-қатынасты дұрыс жолға қою. Тәуелсіздік жеңіл жолмен келген жоқ. Қазақ халқының Ресей отаршылығына қарсы үздіксіз жүргізілген ұлт-азаттық күресіндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі - Уақытша үкімет тұсында, кейін Кеңес үкіметі кезінде қазақ комитеттерінің белсенді қызметінен көрініс тапты. Алаш қайраткерлері қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге - интелектуалдық деңгейге көтерді, бейбіт-дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді.

Қазақ қоғамында да демократия институттарының белгісі қалыптаса бастауы, бұратана аталып келген жұрттарға да саяси құқықтардың беріліп, рухани сала үшін кең жол ашылуы қазақ қоғамын саяси-идеялық жағынан тұтастық дәрежесіне жеткізуге алғышарттар жасалынды: облыстық - уездік - болыстық - жалпықазақ съездері өткізіліп, қоғам алдындағы саяси-экономикалық мақсаттар айқындалды, Земстволар жүйесі қалыптасып, экономикалық дербестікке алғашқы қадамдар жасалды, мәдени-ағартушылық ұйымдар құрылып, идеология тұтқасы баспасөз ісі жолға қойылып, жастар қозғалысы кең етек алды.

Біздің зерттеу мәселеміз - ХХ ғасырдың басындағы Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары. Әсіресе ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін қоғамдық-саяси өмірдегі қазақ елінің азаттығын аңсаған алаш қайраткерлерінің өз мақсаттарына жету жолында бірде табысып, бірде күрес жүргізген Қос үкіметпен арадағы арақатынасын жаңа қырынан зерттеу, ұлт мәселесіндегі «жетістіктердің» ар жағындағы ашылмаған сырларға кеңінен талдау жасау болып табылады.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, туған халқымыздың тарихын түгендеуте мүмкіндіктер туған кезде бұл мәселеге жалпы адамзаттық мұратты таптық мүддеден жоғары қоя отырып, объективті баға беру үшін ұлт мәселесінде, ұлттық қарым-қатынаста ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған, бұрын ашып айтылмаған жайларға талдау жасау. Соның ішінде ХХ ғасырдың басындағы бүкіл әлемдік мәнге ие болған Ресей монархиясының құлауы және билікке жаңадан келген үкіметтермен Қазақ елінің қарым-қатынас орнату барысына және қызмет жолдарын көрсету, тарихи баға беру тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге обьективті тарихи шындық бағыты негізінде талдау жасау. Саяси партиялардың, қазақ зиялыларының нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу, Ақпан төңкерісі мен кеңес билігі нығаюы жылдарындағы саяси күштердің тоғысуы және Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері негізінде талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.

Зерттеу жұмысының міңдеттері. Қазақстан-Ресей арақатынасын қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани саласы, іс-әрекет аясын бойынша кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:

- Қазақстандағы Ақпан революциясынан кейінгі жағдайды және оның өлкедегі ықпалын анықтау

- Ақпан революциясы тұсындағы қоғамдық-саяси өмірге талдау жасау;

- Алаш қайраткерлерінің ұстанған «Алаш» идеясының түпкі саяси мәнін ашу;

- Алашорда үкіметінің құрылу тарихы және оның өлкедегі ықпалын анықтау;

- Алашорданың Кеңес өкіметімен ара қатынасы және нәтижесін көрсету;

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мектептерінің жоғарғы сыныптары.

Зерттеу пәні. ХХ ғ. басындағы Ресей-Қазақстан қатынатары кезеңіне қатысты нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы историзм, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау әдістерді қолдану арқылы сабақ үстінде оқушылардың ойлау қабілетін дамтытып, сабақ сапасын арттыруға үлес қосады.

Ғылыми болжам. Қазақстан Республикасында бүгінде сыртқы саясатын қалыптастыру процесінде. Ең ірі әріптесіміз Ресей Федерациясы. ХХ ғасырдың басындағы ресейлік күштермен қарым-қатынасының тарихи тағылымы бүгінгі Ресей мен Қазақстан байланыстарының негізгі бағыты саясатта көрініс беруі тиіс. Сондықтан сол байланыс жолдарына сыңдарлы зерттеулер жүргізу, оны үлттық мақсат пен мүддені және Жалпы адамзаттық идеясына үйлестіре отырып іске асыру аталған тақырыптың ғылыми болжамын құрайды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған мұрағат және құжаттық деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, екі мемлекеттің қарым-қатынасының дипломатиялық түрлерін, ұлттық жаңғыртуға бастаған, ұлттық егемендік дәрежесін көтерген Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлеріне арналған мәселелер бойынша жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері пайдалануға болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттілік қалыптастыру бағытында ізденіс үстіңде дамып келеді. Ұлт-азаттық қозғалыс, ақпан төңкерісі мен қазақ зиялыларының тарихын, олардың қоғамдық-саяси, ағартушылық-шығармашылық қызметіне қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру мен зерттеп-зерделеу ісінде қомақты еңбектер жарық көрді. Ірі тұлғаларды, саяси қайраткерлерді, мәселен, Ә. Бөкейхан, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды азаматтардың қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметі мен еңбектерін зерттеу ісі жолға қойылды.

Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихи-партиялық тарихнамада бұл мәселелерге байланысты еңбектер партия қандай идеологиялық және саяси қағидаларды басшылыққа алды, соған икемделініп жазылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" деген кітабында:

"Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды - ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады" деп, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында ұлттық тарихтың бұрмалай жазылып, санамызды коммунистік идеологиямен уландырғанын атап өткен еді.

ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің тарихын зерттеу ісін сол кездегі қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Қазақстан тарихында орын алған ұлттық және мұсылмандық қозғалыстар жайлы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай және т. б. өздерінің жан-жақты талдау жасалынған еңбектерінде кеңінен көрсетті. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың атақты "Революция және қазақтар" деген мақаласында айтылды. Бұл мақала А. Байтұрсыновтың кеңестер өкіметі жағына торғайлық топты бастап өткеннен кейін РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органы "Жизнь национальностей" газетінің 3 тамыздағы санында 1919 жылы жарық көрген[1] .

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздікке ие болу, егемен ел тарихына деген қызығушылықты арттыра түскені сөзсіз. Зерттеуші М. Қозыбаев Алаштану салаларын зерттеуді Алаш ұғымының тарихи негіздерінен бастауды көрсетті[2] .

ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өмір тарихын зерттеу ісіңдегі ең құңды еңбектердің авторлары: жаңа да батыл тұжырымдарымен объективті талдау жасаған М. Қойгелдиев[3] пен сонау 1960-жылдардан бері Қос төңқеріс пен Азамат соғысы, Кеңес билігінің орнауы және Алаш қозғалысының мәселесімен 30 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан, Алаш партиясы мен Алашорда тарихының ең өткір де зәру мәселелері бойынша бүкіл қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени даму контексінде салмақты да салиқалы тұжырымдар жасаған К. Нұрпейісов[4] болды. М. Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" атты көлемді еңбегіңде біздің зерттеу жұмысымызға қатысты қазақ зиялыларының Ақпан төңқерісіне дейіңгі және кейінгі қоғамдық-саяси қызметі, Құрылтай Жиылысының сайлауы мәселелері бойынша, Алашорда үкіметінің жергілікті жерлердегі органдары туралы, Алашорда мен Уақытша үкіметтің арақатынасы туралы құңды мәліметтер мен маңызды теориялық тұжырымдары беріледі. Ал, К. Нұрпейісовтің зерттеу жұмысыңда Қос теңкеріс пен азамат соғысы кезіңдегі Қазақстандағы партиялардың сан-түрлі қызметінің - саяси, дипломатиялық, экономикалық, ел қорғау және тағы басқа мәселелерінің шешімін тапқызу жолыңдағы іс-әрекетіне, атқарған шараларына жан-жақты талдау жасалады. Сонымен бірге, Алаштану мәселесін зерттеу ісіңдегі бір ізділікті сақтау үшін жас зерттеушілерге бағыт-бағдарын айқындап береді.

Біз қарастырып отырған мәселеде қызмет атқарған жеке тұлғалардың өмірбаянынан, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасу және даму эволюциясы, қоғамдық-саяси жене шығармашылық қызметінің негізінде жазылған тарих, сол тұлғаның өмір сүрген заманының ерекшеліктерінен, қоғамының құндылықтарынан көп мағлұматгар береді. Ұлт-азаттық күрестің көрнекті өкілдерінің бірі - Жақып Ақбаевтың тұлғасын сомдап, ғылыми зерттеу негізінде оның көзқарас эволюциясы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты жазылған Мұхтар Құл-Мұхамедтің[5] еңбектерін айтуға болады. Ж. Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі арқылы Ақпан төңкерісіне дейінгі жөне одан кейінгі кезендегі қазақ зиялыларының отарлық жүйеге қарсы күресінен және автономияға жету жолындағы іс-әрекеттерінен мол мағлұмат аламыз.

М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегінде[6] пайымдауы бойынша, Алаш қозғалысының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты - қазақ елін отарлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллигенцияны "ұлттық-демократиялық интеллигенция" деп, ал Алаш партиясын "ұлттық-демократиялык партия" деп атау шындыққа сай келеді.

Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық саяси қызметі және тағдыр- талайы туралы жүргізілген құнды зерттеулер қалың оқырманның ықыласына бөлеңді. Қазақстандағы Ақпан-Қазан төңкерістері және азамат соғысы жылдарындағы әртүрлі партиялар мен саяси ұйымдар бойынша да зерттеулер пайда болды. Бұл зерттеулер отандық тарихнамамызға қосылған айтарлықтай үлес болып есептеледі.

Зерттеуші ғалым Н. Шаяхметовтың «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген еңбегінде қазақ зиялыларының азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі кеңінен зерттеліп қарастырылады. Және де бұл еңбекте ұлттық-демократиялық топ өкілдерінің қызметінің негізгі бағыттары анықталады[7] .

Ақпан революциясы жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Уақытша үкімет пен Алашорда арақатынастары т. б. мәселелер бойынша көптеген жаңашыл авторлардың еңбектері біздің зертеу жұмысымызда кеңінен қолданылды.

Қос төңкеріс жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Кеңес үкіметі мен Алашорда арақатынастары т. б. мәселелер бойынша Сайлаубай Е. [8], Мыңжасов Н. [9], Слямов А. [10], Мұсағалиева А[11], Ескендіров М-нің[12] диссертациялық еңбектерінде жаңа, бүгінгі күн талабы тұрғысында бағалар беруге тырысуышлық байқалды, ғылыми әдістемелік сипатымен мәселелерді орынды көтеруімен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегін қамтиды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І . АҚПАН ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ЖАНДАНУЫ.

1. 1. Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайының даму барысы.

Ақпан революциясының жеңіп, патшаның тақтан түскені туралы хабарды елдегі және майдандағы жұмысшылар арасында жүрген қазақ демократиялық интеллигенциясы зор қуанышпен және оның мұраттарын іске асыруға деген үлкен қуанышпен қарсы алды. Алаш қайраткерлері ақпан революциясымен бірге келген саяси өзгерістер ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаттарының орындалуына, яғни ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, жер мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынан шешуге, мәдениетті өркендетуге және басқа міндеттерді шешуге жол ашады деп түсінді.

1917 жылдың басында Ресей империясында жаңа революцияның ұшқыны сезілген болатын. Елде екі бағыт айқын аңғарылды: буржуазиялық-демократиялық даму (өзгеріс тенденциясы) ; патша үстемдігін сақтау (тұрақтану тенденциясы) . Осы ортада үш саяси күш болды:

Біріншісі - монархистік топ. Оған қара жүздіктер, ең оңшыл октябристер кірді. Олардың идеологиясының негізін қалаушылар өкімет дағдарыс жағдайында, ешбір саяси шегініске бармай-ақ жалтара білу керек деп есептеді. Олар «1905 жылғы 17 қазандағы манифестің» өзін ақтауға тұрмайтын шегініс деп тұжырымдады. Бұл - осы топтың біртіндеп оңға жылжуы еді. Әрине, бұл болашағы жоқ бағыт болды.

Екіншісі - буржуазиялық топ. Оған кадеттер, солшыл октябристер, ұлттық саяси топтар кірді. Олардың позициясы соғыс жылдарында нығайды. Өздерінің жағдайын нығайтқан және аса мол кірістерді сақтауға тырысқан буржуазия белгілі бір өзгерістердің қажет екенін жақсы түсінді. Сондықтан да ресейлік буржуазия саяси өмірге белсене кірісе бастады. Ол әскери-өнеркәсіп комитетін, Бүкіл ресейлік одақ пен земстволық одақты, Мемлекеттік Думаны, сондай-ақ әртүрлі биржалық комитеттер мен әртүрлі съездер кеңесін құруға мүмкіндік алды. 1917 жылдың қарсаңында орыс буржуазиясы негізінен кадеттер партиясының төңірегіне топтасты, сондай-ақ барлық буржуазиялық және либерал-помещиктік лагерді басқарды.

Үшіншісі - демократиялық-пролетарлық топ. Соғыс жылдарында жұмысшы табын және қарапайым еңбекшілерді қанау күшейді, олардың тұрмыс жағдайының дәрежесі өте төмендеді. Жұмысшы табының қатарында елеулі өзгерістер болды. Әскерге 500 мың жұмысшы шақырылды. Олардың орнын балалар, мосқал жұмысшылар және әйелдер толтырды. Жұмысшылардың қатарында ұсақ буржуазия өкілдері көбейді. Осы өзгерістерге қарамастан жұмысшы табы өзінің жеке саяси күш екенін көрсетіп, демократиялық - пролетарлық бағытта басқарды. Жалпы Ресей империясы мен оның отар аймақтарында революциялық жағдай соғыс жағдайында қалыптасты, ал Қазақстанда осы жағдайларға ұлт-азаттық көтерілісте қосылды. Ол болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге өз әсерін тигізбей қойған жоқ[13, 47] .

Ал бұл кезде монархистік-помещиктік, либерал-буржуазиялық демократиялық лагерлердің позициялары әртүрлі болды. Олардың ерекшеліктері - монархистік помещиктер мен либерал-буржуазиялар монархияның сақаталуымен тығыз байланысты өздерінің ерекше мүмкіндіктерін сақтауға ынталы болды. Олар одақтастарымен бірге соғысты жеңіспен аяқтауға тырысып, монархияның өздеріне тиісті варианттарын іске асыру үшін бірігіп, таяп келе жатқан революцияны ескеріп, өзара жақындасты.

Осының нәтижесінде революция қарсаңында осы екі лагердің партиялары буржуазиялық-помещиктік блок құрды. Осы бағыттың ішінде екі бағыт болды:

1) . «Оңшылдар», олар өздерінің қазіргі жағдайларын сақтау үшін бұлтара амалдаумен болды;

2) . «Солшылдар», олар объективті жағдайларға орай барған сайын радикалды бола бастады.

Сондай-ақ, үшінші демократиялық лагердегі «солшыл күштер» де біріге бастады. Барлық социалистік партиялар бір-бірімен байланыс жасай бастады. Эсер-большевиктік әскери ұйымдар құрылды. Алайда, 1917 жылғы ақпанда қалыптасқан «солшыл блоктың» 1905-1907 жылдардағы «солшыл блоктан» айырмашылығы бар еді. Егер біріншілер ресейлік революция кезіндегі «солшыл блокқа» барлық ұсақ буржуазиялық және демократиялық партиялар кірсе, 1917 жылғы ақпандағы «солшыл блокқа» осы партиялардың тек интернационалистік бағыттағы топтары ғана кірді.

1917 жылдың наурыз айының 10-ынан бастап облыс, уез, болыс және ауылдарда ескі құлаған үкіметтің орнына жаңа Уақытша үкіметтің басқару органдары қалыптаса бастайды. Бүкіл Ресей сияқты Қазақстанда да ол билік орындары алғашқы кезеңде Азаматтық комитеттер есебінде пайда болды. Бұл комитеттерді құруда инициатива облыс және уез орталықтарындағы орыс жұртының қолында еді, және комитеттердегі басшы орындар да ескі патшалық әкімшілік көзқарастағы орыс ұлт өкілдерінің қолында болатын[5, 82] .

Міне, осындай жағдайда қазақтарға ескі әділетсіз патшалық билік жойылып, оның орнына жаңа билік келгенімен де, сол тағы да ұлттық мүддені қорғап, талап-тілекті білдіретін мемлекеттік мекемелерсіз қалу қаупі төнген болатын. Сондықтан да Азаматтық комитеттермен бір мезгілде стихиялы түрде облыстық, уездік және болыстық деңгейде Қазақ Азаматтық комитеттері қалыптаса бастайды[14, 219] .

Қазақ жерінде облыстық және уездік Қазақ комитеттерінің қалыптаса бастағандығы туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы наурыздағы санында былай делінген: «Жаңа үкімет жұрт билігін жұрттың өзіне беріп отыр. Жұрт өзін-өзі қалай билемек? Мұны былай түсіну керек. Жұрт болып ортасынан бірнеше сенімді, адал адамдарды шығарады. Мұны - комитет деп атайды. Жаңа үкімет әр түрлі комитет жасап, жағдайдың реттелуін тілеп отыр. Сол комитеттерді қазақтарда жасап, жұрт ісінің билігін халық өз қолына алар керек».

1917 жылы 11 наурызда облыстық Қазақ комитеті Семейде құрылып, Р. Мәрсеков төрағалығымен жұмыс жасай бастайды. Семей облыстық қазақ съезінің хаттамасында Қазақ комитетінің құрылуына байланысты «комитет ескі, шіріген билік құлап, енді халықтың өзіне тез революция жеңістерін бекітіп және оны аяғына жеткізу үшін ұйымдасу қажет болған кезде революциялық төңкеріс жолымен пайда болды», деп көрсетілді. Кейінен осы Қазақ комитеті жер мәселесіне белсенді түрде араласып, өз ықпалын тигізіп отырғандығын архив құжаттары дәлелдей түседі.

Ел басқару ісіне араласа бастаған ұлт зиялылары қазақ халқы үшін маңызды болып келген мәселелерді, соның ішінде жер мәселесін талқыға салып, соған сәйкес бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін болыстық, уездік, облыстық және жалпықазақтық съездерін шақыруды қажет деп тапқан болатын[15, 43] .

Қазақ еңбекшілерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылғы ақпанда жеңіске жеткен буржуазияшыл-демократиялық революцияға ұштасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі
1917 жылғы Ақпан революциясы
1917 жылғы Ақпан революциясы және саяси партиялар мен ағымдар
Қазақстанда уақытша үкімет органдары
Ақпан революциясы туралы ақпарат
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
Орта Шығыс елдер тарихы
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz