Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-13
I. ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібі
I. I. ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп түрлерінің қалыптасуы . . . 14-22
I. II. Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері . . . 22-36
I. III. 1920-30 ж. ж индустрияландыру кезеңіндегі өнеркәсіптің дамуы . . . 36-49
I. IV. Соғыс жылдарындағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібі . . . 50-58
II. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібі
II. I. 1950-60 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы . . . 59-74
II. II. 1970-80 жылдардағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібі . . . 74-80
III. Тақырыпты мектепте оқыту әдістемесі
III. I. Тірек конспектісі технологиясын тарих сабағында қолдану
Әдістемесі . . . 81-88
III. II. Сабақ үлгілері . . . 89-102
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 103-106
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 107-114
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Шығыс Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан соңғы үш жүз жылдықта алдымен Ресейдің, содан кейін Кеңес Одағының құрамында болған өзіне тән өзгешелігі бар ел. Евразиялық кеңістікте үлкен территорияны алып жатқан бұл елдің отарлық езгіде болуы, әкімшілік жүйеде феодалдық қатынастардың рулық қалдықтарымен ұштасуы, көшпелі өмір салты экономикалық, мәдени дамуында, халықтың менталитетінде үлкен із қалдырды. Қазақстан ғасырлар бойы бір жүйеден екіншісіне үздіксіз ауысудағы нысаны болды. Экономикалық тәжірибе көрсеткендей бір экономикалық - әлеуметтік жүйеден екіншісіне көшу өте ұзақ жүреді және бір он жылдықта аяқтала қоймайды. Сондықтан да осы ұзақ жолда бірінен екіншісіне ауысудың дұрыс жолы мен әдісін таңдау аса үлкен рөл атқарды. Объективтік және субъективтік факторларды есепке ала отырып, оның өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ескеріп, шаруашылықтың жаңа жүйесіне ауысудағы нақты тиімді бағытты анықтау қажет болды. Жаңа жүйеге өтудегі басты жолды таңдау өте қиынға соқты, өйткені тарихта бұндай өзгеріс бұрын-соңды болған жоқ. Осыған байланысты елдің индустриалды даму деңгейіне аса үлкен мән берілмеді. Қазақстан өнеркәсібінің дамуына тарихи-сыни талдау жасау оның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдағы Қазақстанның өнеркәсіп тарихы Отандық тарих ғылымындағы маңызды тақырыптың бірі болып қалады. Оның маңыздылығы сол кезеңдегі болған оқиғалар мен өзгерістерге байланысты. Өнеркәсіптің даму тарихында ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, өнеркәсіп салаларының қалыптасуы, дамуы өте күрделі жол болды. Өнеркәсіптің тез дамуы революцияға дейінгі Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында реформалар жүргізу мен шетелдің капиталдың енуімен ғана жүзеге асты. Кеңес өкіметі патша өкіметінің қарыздарын төлеу мен олардың Ресейдегі меншігін қайтарудан бас тартқаннан кейін, олар шетелдік инвесторларға арқа сүйей алмады. Сондықтан Кеңес Одағы индустрияландыруды жүзеге асыру үшін тек өз күшіне сүйеніп, оған жету жолдарын өздерінде іздестіруге тура келді.
Бұл жағдайлар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен оның бағыттарын анықтап берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы салыстырмалы серпінділік, 1917-1940 жылдардағы индустриалды дамудағы жеделдетілген дамыту қадамдары Қазақстанның аймақтық өнеркәсіптің даму ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті.
ХХ ғасырдағы өнеркәсіптік дамуының негізгі бағыттарына тарихи-сыни талдау жасау өзектілігі жаңа кезеңдегі Шығыс Қазақстанның жалпы өнеркәсіптік дамуындағы негізгі қайшылықтарын анықтауға, оның өнеркәсіптік даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Ол әсіресе, қоғамдық еңбекті бөлудің жаңа түрі пайда болған кезде ақша-тауар қатынастары жедел қарқынмен дамып, рыноктық байланыстар пайда болған кезде оның шарттарын түсінуде өте маңызды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Революцияға дейінгі әдебиеттерде өнеркәсіп тарихына арналған жан-жақты еңбектер көп емес. Қолда бар әдебиеттер негізінен Ресейдегі және оның отарындағы елдердегі өнеркәсіптің пайда болуы мен оның дамуына арналған. Жекелеген аумақтардың шаруашылық өмірін зерттеуде үлкен маңызды еңбектер жазған А. И. Добромыслов, статистикалық материалдар, жалпы аумақтың экономикалық жағдайы туралы француз зерттеушісі К. Оланьон жалпылама еңбектер жазды, сондай-ақ Ресейдің зерттеушілері: Л. Мейер, Н. Конин, П. А. Голубев, М. Н. Соболевті бөліп алып, атауға болады.
Революцияға дейінгі тарихнамада лайықты орын алатын ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жекеленген өнеркәсіп салаларының дамуы туралы А. А. Мурашкинцевтің, Транссібір темір жол магистралінің жүргізілуі, Сібір мен Қазақстанға шетелдік капиталдың келуінің күшеюі осы темір жолмен байланысты С. В. Саблер мен И. В. Сосновскийдің, В. Верховскийдің, В. С. Зивтің жұмыстарында қарастырылған.
Революцияға дейінгі экономикалық даму туралы әр түрлі экономикалық көзқарастар және шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының тарихы туралы Н. И. Березиннің А. Шиштың, В. А. Пазухиннің еңбектерінде көрсетілген.
Кеңестік кезеңде ғылыми әдебиеттердің көптеп шыққандығын көреміз. Бірақ, олардың барлығы ғылыми тұрғыдан объективті өлшемдерге сай деп айтуға болмайды. Зерттеліп отырған мәселенің шеңбері кең болғандықтан әдебиеттерді тақырыпқа байланысты бірнеше блокқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші блокқа, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі аспектілерін қарастыратын еңбектерді жатқызуға болады.
Солардың ішінде ең алдымен Қазақстанның экономикалық дамуы мәселесін социалистік құрылыс жетістігі және республика жетістігіндегі коммунистік партияның ролі негізінде қарастыратын қазақстандық ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Олардың ішінде: Т. Б. Балақаевтың «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның колхоз шаруашылығы» /1/ және соның редакторлығымен жазылған очеркті /2/ атауға болады. Мұнда Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан тарихының сол кездегі өнеркәсіп салаларының жұмыстары құжаттық мәліметтер негізінде берілетін жеке авторлардың жеке мәселелерге байланысты жазған мәлімдемелері беріледі. Сонымен қоса С. Н. Покровскийдің редакторлығымен жазылған очерк /3/, А. Н. Нүсіпбековтың /4/, /5/, Г. Әбішевтың /6/, /7/, С. Б. Баишевтың /8/, /9/, /10/, М. К. Козыбаевтың /11/, /12/, А. К. Кошановтың /13/, Н. Б. Ахмедованың /14/, Т. А. Абдразаковтардың /15/ еңбектері идеологиялық негізде жазылса да қазіргі уақытта, әсіресе, фактологиялық жағынан өз құндылығын жоғалтпаған.
М. Х. Асылбеков, С. Б. Нурмухамедов және Н. Г. Пандардың ұжымдық монографиясында 1946-1965 жылдар аралығындағы Қазақстанның жұмысшы табының дамуна жан-жақты және жалпы түрде талдау беріледі /16/.
Республиканың экономикалық даму мәселелеріне, экономиканың жеке индустриялық салалары тарихы жайында жазылған Г. Ф. Дахшлейгердің /17/, В. Я. Девоскиннің /18/, В. К. Савоськоның /19/, М. Х. Асылбековтың /20/, С. К. Жақыпбековтың /21/, Г. А. Докучаева және М. К. Қозыбаевтардың /22/, Ю. И. Романовтың /23/, Х. М. Мадановтың /24/, Г. Чулановтың /25/ еңбектерінде бірқатар мәселелер қаралады. .
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін, жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуын түпкілікті қарастыратын зерттеулер қатарында 3 томдық «История рабочего класса Советского Казахстана» атты қазақстандық ғалымдардың ұжымдасып жазған еңбегі /26/ менВ. П. Гноевыхтың /27/ зерттеулерін атауға болады.
«Народное хозяйство Казахской ССР» /28/, «Народное хозяйство Казахстана» атты анықтамалық жинақтарда /29/, «Государственные учреждения Казахской ССР. Органы управления народным хозяйством Казахской ССР (1937-1977) » /30/, «Решения партии и правительства по хозяйственным вопросам» атты /31/ анықтамалықтарда қарастырылып отырған кезеңдегі республикамыздың халық шаруашылығына қатысты деректік мәліметтер берілген.
Халық шаруашылығына байланысты мәселелерді кеңінен ашып көрсетуге тырысқан Н. Күзембаевтың /32/ еңбегіне де ерекше тоқталуға болады.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстандық экономистердің маңызды және ірі монографиялық еңбектерінің бірі «Экономика Казахстана за 60 лет» /33/. Бұл еңбектің жетістігі біздің көзқарасымыз бойынша ғылыми-техникалық революция контекстіндегі республика экономикасының құрылымдық дамуы мәселелерін айқындауға тырысушылығында.
Қазақстандық ғалымдардың ұжымдасып жазған «Казахстан в Великой Отечественной войне» атты очеркте / 34/, «Казахстан в период Великой Отечественной войны» / 35/, 2 томдық «Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза» /36/, «Из истории социалистического строительства в Казахстане» /37/, «История Казахской ССР. Эпоха социализма» атты /38 / еңбектерде соғыс жылдарындағы Қазақстанның жағдайы қаралады.
А. Б. Тұрсынбаев / 39 /, Б. А. Түлепбаев /40/, Ф. К. Михаилов /41/, О. С. Сексенбаев /42/, Р. Б. Сүлейменовтар /43/ өз еңбектерінде, қарастырылып отырған кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты, соның ішінде колхоз, совхоз құрылысы мен мәдени шаралардың даму барысына ерекше тоқталады.
Қазақстандық қоғамтанушылардың арасында ескі идеологиялық догмадан бас тартып, тарихи үрдістерді қайта қарастыру 1980 жылдардың аяғында басталды деп айтуға болады. Осы бағыттың дамуына үлкен үлес қосқан академик М. К. Қозыбаевтың еңбектері болды. Өз еңбектерінде ол Қазақстандағы тарихи ойдың қазіргі жағдайын айқындап берді. Оның еңбектерінің негізгі жетістігі, ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, және саяси дамуы жөніндегі кеңестік кезеңдегі ой-тұжырымдардың дұрыс еместігін және оның ғылыми ізденістің дамуына кері әсерін тигізетіндігін дәлелдеуге тырысушылығында /44, 45, 46, 47/ .
Т. А. Ашимбаев қазіргі замандық негіздермен ерекшеленетін өзінің соңғы кездердегі әдебиеттерінде әлеуметтік-экономикалық тиімділіктердің жалпы өлшемдерін қайта қарастыруды ұсынады. /48, 49/.
Зерттеулердің ішінде Қазақстанның мәдени дамуын қарастыратын К. А. Ахметовтың фудаментальды монографиясы /50/ да тарихтағы өзекті мәселелерді қозғайды.
Тың көзқарас тұрғысынан жазылған М. Х. Асылбековтың кейінгі кездегі шыққан мақалаларын ерекше атап өтуге болады. Оның мақалаларында Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының саяси, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық нәтижелеріне қатаң түрде ғылыми талдау жасалынады. / 51, 52/.
М. Х. Асылбеков пен А. Ш. Алтаевтардың мақаласында /53/ Қазақстандағы жұмысшы табы мен өнеркәсіптік даму тарихы мәселесін объективті ғылыми зерттеу тұрғысында қайта қарастыруға қадам жасалды.
Қазақстанның өндірістегі жұмысшылардың әлеуметтік дамуын сипаттайтын мәселелерін алғаш рет арнайы зерттеген А. Ш. Алтаев болды /54/. Бұл еңбектің жетістігі, жұмысшыларға жалпы әлеуметтік зерттеу материалдарын қолдануында болды, бұл авторға республикадағы әлеуметтік үрдістердің ішкі логикасын толық ашуға мүмкіндік берді. .
Ж. Абылхожин өз еңбектерінде Қазақстандағы саяси және экономикалық үрдістердің дамуы нәтижесінде қазақ қоғамының дәстүрлі түрде құрылымдық трансформациялануына жүйелі түрде талдау жасауға тырысқан /55, 56/.
Қазақстанның экономикалық тарихын қарастыратын КА. Берденов, В. С. Коробков, Б. Т. Ташеновтардың /57/ оқу құралын, Қ. Р. Нұрғалиевтің /58/, сонымен қоса К. А. Берденовтың әміршіл-әкімшіл жүйе кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыратын Қазақстанның экономикасы тарихы баяндалатын еңбектерін атап өтуге болады /59/.
У. М. Искаков өз еңбектерінде негізінен Қазақстанның жекелеген қалаларының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталады /60, 61/.
Кейінгі кезде жаңа көзқарас тұрғысынан қаралған қоғамдық және тарихи қайта құрылулар жайында Е. Мачкувтың /62/ мақаласында, және аграрлық мәселелерге ереше тоқталған О. Мұхтарованың /63/, С. З. Баймағамбетовтың /64/, З. Г. Сақтағанованың /65/ және А. Құдайбергенованың мақалаларында талданып жазылған /66/.
Қазақстандағы демографиялық үрдістердің дамуы мәселелері мен республика халқының этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістері, миграциялық үрдістердің халық саны мен құрылымына әсері М. Х. Асылбековтың, А. Б. Галиевтың, Н. Ф. Базановалардың зерттеулерінде тереңдей қарастырылған /67/, /68/, /69/, /70/.
Сонымен қоса халық саны мен урбанизация үрдістерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізген әсері жөнінде жазған Г. Д. Москвинаның /71, 72/, А. Н. Алексеенконың /73 / , Н. Ф. Голиковтың /74/ зерттеулерін, М. Х. Асылбеков, А. Ш. Алтаевтардың /75/, /76/ тарихи-демографиялық зерттеулердің қазіргі жағдайы мен болашағы жайында жазылған мақалаларын, А. Б. Галиевтың /77/ Қазақстанның этнодемографиялық жағдайды сипаттайтын мақалаларын жатқызуға болады.
Жас зерттеушілер Л. Т. Қожакеева /78/, М. Ш. Қалыбекова /79/, А. И. Құдайбергеновалар /80/ да Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселелерін зерттеуде өзіндік үлес қосты. Зерттеушілердің кандидат атағын алу үшін жазған диссертацияларында Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы өзгерістерді зерттеп бір жүйеге келтіреді. Л. Т. Қожакеева өз диссертациясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының құрамын, жұмысшы табы мен ұжымшар шаруаларының, интеллигенция қауымының саны мен сапасындағы өзгерістерді зерттеп бір жүйеге келтірсе, А. И. Құдайбергенова өз жұмысында 1939-1959 жылдар арасындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістерді анықтауға тырысқан. .
Шығыс Қазақстанға қатысты жазылған еңбектерді атайтын болсақ, ең алдымен, Шығыс Қазақстан бойынша жазылған бірден-бір қомақты еңбек М. Ғ. Ескендіровтың монографиясына [81] ерекше тоқталу орынды. Бұл еңбекте, сонау жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі Шығыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-экономикалық даму тарихы объективті зерттеу қағидаларына негізделіп қаралған мәселер кезеңдерге бөлініп жан-жақты беріледі.
Семей қаласына эвакуацияланған жеңіл өнеркәсіп пен басқа да кәсіпорындардың орналастырылуы мен социалистік жарыстарға қатысуы мәселесін зерттеген В. С. Городецкаяның [82, 83] еңбектері соғыс жылдарындағы Семей қаласындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдени өмірі жайлы маңызды мәліметтер береді.
Жас зерттеуші А. С. Әділбаева өзінің кандидаттық диссертациясында [84] Шығыс Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму тарихындағы өзгерістерді зерттеп бір жүйеге келтіреді. Сонымен қоса Семей қаласының экономикалық тарихы жөнінде жазған З. К. Мұқатаеваның зерттеулерін [85, 86] атап өтуге болады.
Аймақтық тарихты зерттеушілердің бірі Ж. К. Қасымбаев та өз еңбектерінде негізінен Шығыс Қазақстан мен Семей қаласының тарихын зерттеуде үлкен үлес қосқан [ 87, 88] .
Семей қаласының тарихы туралы жеке мәселерді қарастыратын «Предприятия города Семипалатинска. История и современность» жинағында [89], В. П. Гноевых пен Е. Л. Бакманның «Семипалатинский мясоконсервный» [90], Елагин А. С. редакторлығымен шыққан «Семипалатинск» [91] еңбектерінде, «Народное хозяйство Семипалатинской области за 70 лет» анықтамалық жинағында [92], А. Белякинаның [93] мен Ж. Е. Мейрамханованың мақалаларында [94] және т. б. соғыс кезіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер біршама көрсетілген. Тарихты оқытуда тірек-конспектілерін қолдану, оқу жұмыстарын ұйымдастыру Шаталов В. Ф «Учебные задания для учащихся по курсу истории» еңбегінде [105], Кадыркулова Г. «Қазақстан тарихы мен қоғам сабақтарында тірек конспектілерін пайдалану» [106] және Н. Әліқұлованың «Қазақастан тарихынан тірек-сызба, таблицалар» [107] және Р. Бекиштің «Методика работы с конспектами-схемами на уроках» [108] мақалаларында әдістемелік тұжырымдар жасап, тарихты оқытуды ұйымдастыруда ұсынады.
Аймақтық тарихты зерттеу КСРО кезінде нақты бір шарттарға қатысты ғана қаралып, аймақтық айырмашылықтар, спецификасы мен жергілікті жерлердің ерекшеліктері әдетте шеттетіліп отырды. Тарихи талдаудың объективті көзқарас тұрғысынан қараудың жолы - аймақтық тарихтың ерекшеліктерін зерттеу болып табылатындықтан, бұл зерттеу жұмыстарының ерекшелігі оның экономика, әлеуметтік және этникалық тарих сонымен қоса тарихи демография сияқты тарихи ғылымдар саласының тоғысында қарастырылатындығында. Сол себептен, Шығыс Қазақстанның экономикалық дамуы тарихын жан-жақты, жүйелі түрде зерттеу міндеті туындайды.
Диплом жұмысының деректік негізі: Зерттеу жұмысының деректік негізі ретінде құжаттар Шығыс Қазақстан облысы Қазіргі заман тарихы құжаттар орталығынан (710, 659, 96, 591, 612, 1397 т. б. ) қорлар қарастырылды. Олардың ішінде атап өтетін болсақ, негізінен Шығыс Қазақстанның өнеркәсіп орындарына байланысты, зауыт-фабрикалар жұмысы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерінің пайыздық көрсеткіштері, оқу-білім, мәдениет, халықтың сандық-ұлттық құрамы, әлеуметтік қамсыздандыру, құрылыс шаралары бойынша жоспарлар мен атқарылған істерге жасалған есептер, актілер т. б. көптеген құжаттар пайдаланылды. Сонымен қоса біршама анықтамалықтар мен статистикалық мәліметтер пайдаланылды.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері . Зерттеудің мақсаты -ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібінің дамуының негізгі бағыттарын анықтап, тарихи-салыстырмалы талдау жасау болса, міндеттері төмендегідей:
- Отарлаушы мемлекеттердегі капиталистік өнеркәсіптің жалпы дамуын зерттей отырып, отар елдердегі ерекшеліктерін ашу;
- Шығыс Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патша саясатын көрсету;
-ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіптік дамуының негізгі қайшылықтары айқындау;
-Шығыс Қазақстанда өндірістік инфрақұрылымдарды орналастыру мәселесін талдауды жүзеге асыру;
-1917-1940 жылдардағы Кеңес өкіметінің Қазақстан өнеркәсібін дамытуға қатысты саясатын анықтау;
-XX ғ. II-жартысындағы Шығыс Қазақстанда пайда болған және дамыған салалық өнеркәсіп құрылымдарын көрсету.
Атап өту керек, КСРО кезінде тарихты зерттеу калькалау (сызбаның дәл көшірмесін түсіру) және белгілі бір шарттарға жалпы сызбаларды түсіру әдісімен жүргізілді. Сол себепті, аймақтық айырмашылықтар мен жергілікті ерекшеліктер ескерілмеді. Объективті тарихи талдау көзқарасы тұрғысы бойынша тарихты аймақ бойынша зерттеу ұсынылады.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 80-жылдарға дейін қамтиды, өйткені Шығыс Қазақстанның өнеркәсібінің құрылуы мен дамуы әртүрі саяси режим тұсында: Ресей империясы мен Кеңес мемлекеті кезінде болды. Осы кезеңдегі Шығыс Қазақстанның өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттары қарастырылады.
Диплом жұмысының нысаны. Осы дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болған өте күрделі тарихи құбылыс болып есептелетін қарастырылып отырған кезеңдегі өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттарының тарихы болып табылады.
Диплом жұмысының методологиялық негіздері мен әдістері . Зерттеу жұмысын жүргізуде қарастырылып отырған тақырыпқа орай тарих ғылымында қалыптасқан ғылыми таным территориясына сүйене отырып жасалуы үлкен жетістікке жету үшін талдау, жинақтап зерттеу, салыстырмалы - тарихи өткенді шолу, оқиғалардың жүйелі уақытын белгілеу және тағы басқа да зерттеуде танымдық жұмыстардың жалпы тізбегі пайдаланылды. Осы әдістердің ішінде арнайы тарихи - жүйелілік әдістерін ерекше көрсету қажет. Алдыға қойған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қарастырылып отырған кезіндегі Шығыс Қазақстан өнеркәсібінің негізгі бағыттары анықталды, сын тұрғысына қарап, жекелеген, ерекше, жалпы, барлығына ортақ ерекшеліктерін табуда орны бөлек болды. Тарихи оқиғаларда зерттеген кезде олардың ішінен кеңестікте бірге немесе көбіне ішінен ерекшеленетін, уақытқа байланысты өзгеріп отыратын құбылыстар кездеседі. Осылардың негізінде зерттеу жұмыстарын жаңа сапалы деңгейге көтеретін мүмкіндіктер күтіледі.
Біздің зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізінің түп қазығы-белгілі ғалым тарихшылардың, экономистердің еңбегі болып табылады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасында бүгінде қалыптасу процесін өткеріп отырған демократиялық жаңғырулар барысында ел тарихының "ақтаңдақтарына" айналып келген көптеген күрделі де тартысты тарихи мәселелерге жаңа сыңдарлы зерттеулер жүргізу, оны ұлттық мақсат пен мүддені және Жалпы адамзаттық идеясына үйлестіре отырып іске асыру аталған тақырыптың ғылыми жаңалығын құрайды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Бұл жұмысты зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған жаңа археологиялық жаңалықтар мен құнды деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, ұлттық жаңғыртуға негізделген жұмыстың нәтижесін ЖОО студентері, мектеп оқушылары және кез - келген арнайы өлкетану курстары үшін жалпы ақпараттық дерек көзі ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеудің құрылымы ғылыми еңбектің мақсаты мен міндеттеріне сай түзілген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және соған сай тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қосымшалардан тұрады.
I. ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібі
I. I ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп түрлерінің қалыптасуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы Ресей империясының тарихындағы өтпелі кезең болды. Империя аса үлкен көлемдегі саяси сілкіністерге тап болды және оның себебі бірнеше ғасырдан бері қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты еді.
Ресейдегі басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін капитализмнің дамып, орын алғаны көрінді және ХІХ ғасырдың соңына қарай оның монополистік дәрежеге өтуінің белгілері көріне бастады. Бірақ Ресейдегі капиталистік дамудың Батыс Европадағы буржуазияның құрылыстың орнауы мен классикалық капитализмнен өзіндік ерекшеліктері болды. Сондықтан қазіргі ғылыми әдебиеттерде капитализмнің дамуы туралы үш үлгіні ұсынады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz