Шыңғыстауға қоныстануды тобықты жұртын


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. XIХ ғасырдағы Шыңғыстау өлкесі
- ХVІІІ ғасырдағы Шыңғыстау жеріндегі қоныстану үрдісі . . . 5
- ХІХ ғасырда Шыңғыстау өңірінде ел билеген арқалы азаматтар . . . 9
ІІ. Дәстүрлер сабақтастығы. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шыңғыстау жерінің тарихи тұлғалары
2. 1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шыңғыстау жеріндегі тарихи тұлғалар . . . 32
2. 2. Абай қалыптастырған өнер ортасы . . . 50
ІІІ. «XIХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шыңғыстау жерінің тарихи тұлғалары» мектептегі тарих курсында
3. 1. Мектепте тарих сабағындағы интерактивті оқыту әдісі . . . 58
3. 2 «XIХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шыңғыстау жерінің тарихи тұлғалары» тақырыбын оқыту әдістемесі . . . 63
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Кез келген өркениетті кемелденген мемлекет туған тарихын қастерлейді, оны ұрпақтарының санасына енгізгуге жағдай жасайды. Өйткені тарихы халқымыздың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу кезенінде оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт. Алайда халқымыздың өткен тарихы Ресей империясының тарихнамасының ықпалымен, кейін коммунистік идеялогияның қағидаларына сәйкес өңі өзгеріп, мүлдем теріс бағаланып келгені баршамызға аян. Кемеңгер хандарымыз дана билеріміз, ел қорғаны болған батырларымыз халқымыздың рухани көсемі болған ақын-жырауларымыз хақында зерттелмек түгілі есімдерін атауға тиым салынып келді емес пе?
Сондықтан өткенімізді қайта саралап түбегейлі зерттеу арқылы санамызға сіңіп қалған «қоқыстардан» тазарту қажет.
Ел мүддесін қорғап, халықтың береке-бірлігін арттырып, бейбіт күн кешуі үшін тер төккен тұлғаларын болашаққа өнеге етіп қалдыру алдыдағы басты міндет. Сол себепті де ХІХ ғасырдағы Шыңғыстау жеріндегі өмір сүрген қазақтың даналары мен ел ағалары, қорған болған батырлары да жан-жақты зерттелуі тиіс. Міне дәл осындай төл тарихымыздың олқылықтарының орнын толтырудағы жұмыс ұлан-ғайыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шыңғыстаудың тарихи тұлғалары» тақырыбымыздағы біздің дипломдық жұмысым жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жеріндегі қоныс аудару үрдісі барсында Шыңғыстау жеріне қазақтың ру-тайпаларының қайта орналасуын, сол кезендегі осы өңірдің дара да, сара ел бастаған көсемдерін, сөз бастаған шешендерін, қоғамдағы ықпалы зор болған тұлғаларын зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмысымның міндеті:
- Шыңғыстау жеріндегі тобықты елінің қоныстануының алғышарттарын ашу;
- Шыңғыстау жеріндегі тобықты елінің елеулі азаматтарының, ел ауызында жүрген көсем - билерінің, бай - болыстарының тарихи бейнесін беру;
-Орта мектептің 8-сыныбында Шыңғыстаудың топырағында туған елі үшін елеулі еңбек еткен қайраткерлері мен халық қалаулылары жайында білімін тереңдету мақсатында интерактивті әдісті белсенді пайдалана отырып, сабақ үлгісін жасау.
Зеттеу обьектісі: Шыңғыстау жеріндегі қоғам қайраткерлері ел бастаған көсемдері, сөз бастаған шешендері, жұрт қамын жеген билері мен батырлары.
Зертеу базасы: Бұл ғылыми жұмыстың негізгі тәжірибелік маңызы мен қоры жоғарғы оқу орындарындарындағы арнайы іс-тәжірибе жинақтау мерзімінде қосымша уақыт аралығында ізденушілердің өзіндік талабымен Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының № 37 гимназиясында
8 «ә» сыныбында жинақталды.
Хронологиялық шегі мен географиялық ауқымы: Аталған жұмысым ХІХ ғасырдың ІІ жартысын толғымен қамтып, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына қарасты Шыңғыстау өңірі аумағын қамтиды.
Зерттелу деңгейі:
Иісі қазақтың талай ірі тұлғаларын тудырған Шыңғыстау жерінің әрбір өзенінің, тау-төбесінің, қоныс өрісінің, Тобықтының әрбір ата-ұрпағының аңызға айналған тарихы бар. Оның көпшілігі өлең жырға, ән-күйге, дастан, поэмаларға, энциклопедияларға, ғылыми монографияларға арқау болды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шыңғыстаудың тарихи тұлғалары жайында әсіресе тәуіелсіздік алған уақыттан кейін аудандық «Абай ауылы» газетінде сындарлы мақалалар жарияланды. Жарияланған мақалалардың дені естеліктер болып келеді. Онда әлі де болса өткеннің сынығы шежірелі қарттардың есіндегі бұлдыр тарихтың ақтандақтарын ашуға мүмкіндік беретін құнды мақалаларда бар. Солардың ішінен Танин К., Жанболатов М., Сүлейменов А., Түңлікбаев М., Құрманбеков М., Шаланов С., Акимов Қ. атап айтуға болады. Арнайы зерттеу жұмыстар жүргізіп жүрген Молдабек Жанболатұлының бұл саладағы еңбеігін қарастырмай өте алмайсың. Әсіресе оның 2004, 2008 жылдары жарық көрген Тобықты-Шыңғыстау шежіресі атты алты томдық шежіре түрінде жазылған еңбегі қомақты шығарма болып табылады. Онда Шыңғыстау жерінің үш ғасырлық тарихы баяндалып, елеулі тұлғалары түгелдей аталып өткен. Сонымен қатар әсіресе біздің жұмысымыз үшін аталған автордың бастамасымен жазылған тарихи-танымдық зерттеулер мен аңыз-әңгімелердің арнаулы жинағы сипатында Би атаға арналып жазылған монографиясы құнды болып табылады.
Практикалық маңызы: Тақырып бойынша зерделенген осы дипломдық зерттеу жұмысымымды стутенттер тақырыпқа сай семинар сабақтарын өткенде конспект ретінде қолдануға септігі тиеді деген сенімдемін. Дипломдық жұмысым ғылыми еңбектердің негізінде бір жүйеге келтіріліп, ғылыми гипотизаларды қарастыру барысында түйіндері жасалған, өзіндік логикасы бар еңбек ретінде жазылғандықтан, осы тақырып бойынша ғылыми конференцияларға арнайы жұмыстың бөлімдерімен танысуы қазіргі кездегі өзекті мәселелерді қарастыруда маңызы зор болатынына және студенттер өздік жұмыстарын орындау кезінде аталған татқырып бойынша мардымды ақпарат ала алады. Сонымен қатар орта мектеп мұғалімдеріне қосымша көмекші оқу-әдістемелік әрі мол мағлұмдық құрал, ал жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына теориялық негіздемелік - әдістемелік таптырмас құрал ретінде пайдалануда маңызы зор.
Зерттеу әдістері: Еңбегімді жазу барысында саралау, пайымдау, салыстыру әдістерін қолдандым.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. XIХ ғасырдағы Шыңғыстау өлкесі
1. 1. ХVIІІ ғасырдағы Шығыстау жеріндегі қоныстану үрдісі
Шыңғыстау VI-VII ғасырларда "Желдітау", VIIІ -ІХ ғасырларда "Кіндіктау", Х - ХІІ ғасырларда "Найман күре"(сегіз өзенді тау) одан беріде түрік халықтарының ұлы құрылтайында қолбасы Темучиннің шыдамды, берік, мықты деген атына орай Шыңғыстау аталуы әбден дәлелденген ақиқат.
Шәкәрім қажы «Қазақтың түп атасы» атты толғауында:
«Қолына туып еді қан уыстап,
Әлемді билейтұғын белгі нұсқап,
Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
Өзенін осы Хаһан кеткен қыстап»… - [1] дейді.
Шыңғыс хан қыстап кеткен өзен бүгінде "Хан", "Хаһан өзені" аталады. Шәкәрім қажының, Әубәкір Оспанұлының тағы басқа шығармаларда да "Шыңғыска жеті ел келіп жеті ел кеткен", "Керегедей керілген Шыңғыс" деген сөз тіркестері қайталанып, оның қасиеті туралы Асан кайғыдан бастап айтыпты деген аңыз әңгімелер баршылық. Олар Шыңғыстаудың әлмисақтан бepi түрік халықтарының, Арғын тайпасының, Жеті Момынға жататын Қанжығалы, Тобықты жұртының ата қонысы болып келе жатқаннын айғақтайды. Сондықтанда бұл жұрт өз ортасынан шыққан тұлғаларын Шыңғыстау топырағынның қасиетінен деп білмек.
ХVI ғасырдың басына қарай ыдырап кеткен Моғолстанның солтүстік тарапындағы жерлерде, Ертістің жоғарғы сағасындағы Тарбағатайдың шығысындағы жерлерде бұл кезде ойрат (Жоңғар) тайпаларының саяси бірлесуі жүріп жатқан. Осы бірлесудің нәтижесінде 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Сібір хандары мен Жоңғар тайпалары ХVIІ ғасырдың 30 жылдарынан бастап Жоңғар мемлекеті Қазақ хандығымен бақас еді. Қазақ хандығы бұл аталмыш мемлкеттермен өзінің солтүстік және шығыс шептері үшін табандасқан ұзақ күрес жүргізуге мәжбүр еді[2] . Бұл кезде қазақтардың шығыс шекарасы болған (Найман күре) Шыңғыстаудағы Жеті Момын балалары ХVIІ ғасырдың 30-жылдарының басында Жоңғарлардан жеңілген соң көшіп, Оңтүстікте Бұхара, Үргенішке дейін барады. Бұл оқиғаны қарт жырау Шәкір Әбенов (1901-1993) «Таңшебер Жапал» қиссасында жырлаған.
Жетімомындықтар жеңіліп Шыңғыстаудан көшкенде болашақ ғұлама Әнет Кішікұлы (1626-1723) ашамайға мініп кеткен бала екендігі жайында аңыз да бар. Осыдан жарты ғасыр өтер-өтпесте Арғындар Үргеніштен Сырға қарай көшуге мәжбүр болады. Оны Шәкәрім қажы:
"Баласы Болат хан боп, әз Тәуке өлген,
Хан шыққан Нәдір деген фарсы елден.
Жан-жағын жалмаған соң әлгі Нәдір
Тары ауып біздің қазақ Сырға келген". . -дейді[3] .
Жетімомындықтар осы көшкенде Қызылорданың Шиелі, Түлкібас деген жеріне келіп тұрақтайды. Бірақ көп ұзамай «Ақтабан шұбырындыға» ұшырайды. Сыр бойынан шығып, Шуға келіп, онда байыздай алмай Қаратауды асып Бетпақ даламен Солтүстікке жөңкіле ауады. Орал тауының етегіне, Ордың Қара ағашына дейін барады. Ол тұстағы орыстарға бодан болудан ығысып, Сарыарқаға беттейді.
Халық есінде «Ата мекен - Шыңғыстау» сақталғанмен ол әлі жау қолында болатын. Күн санап нығайып бел алған халық бірлігі қалмақтарды Алтай, Тарбағатай тауынан асырып қазақ жерін азат етеді. Қазақ халқының атақты қолбасшысы Қабанбай мен Бөгенбай батырлар азат еткен жерлерге қазақ халқы қоныстанып, қайта орналаса бастады. Жоңғарлардан азат болған Шыңғыстауға халықтың орналасуы жайында Шәкәрім қажы:
«Бір жорықта Шыңғысқа Мамай келген,
Босап қалған Шыңғысты көзі көрген,
Ата мекен Хан Шыңғыс босады деп
Баласына Жеті Момын хабар берген» - десе, шежіре Әрхам Ысқақовтың жазбасында айтқанындай «Қараөткелден бері Шыңғыстауға «қозы аяғымен көшіп» жеткен Тобықты 1780 жылдардан бері Шыңғыстауда өмір кешуде. «Боздағым» атты жинақтағы «Жоқтау» деген жырында Нармамбет ақын:
Сөз бастайын атадан,
Бұйырмаңыз айыпқа.
Тіл сүрінсе қападан,
Ақыл азып, ой кеміп,
Көкіректе қайғы татадан.
. . . Қаракесек ішінде
Аз тобықты жүріппіз,
Затымыз таза шатадан.
Зат нәсілін сөйлейін,
Осы отырған әлеумет,
Тастамаңыз батадан.
О баста көштік Шыңғыстан.
Жиделі Байсың баруға,
Құбылаға бас тарттық,
Ағайынға көп айттық,
Кісі қайда тануға,
Қалың елден өте алмай,
Жаугершілік боп жете алмай,
Себеп болды бабама,
Мұнда тұрып қалуға,
Аз ауыл мұнда жүріпті
Алалық жоқ татуда . . . - деп жырлауынан байқауға болады[4] . Бұл Дадан Тобықты жұртының Шыңғыстаудан екінші рет көшуі еді. ХVIІІ ғасырдың басында қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған заманы өтіп, Әз Тәуке ханнан кейін Шығыстан қаһары өсіп ойрат тайпалары күшейді.
Ойрат тайпаларының саяси бірлесуінің нәтижесінде 1635 жылы құрылған Жоңғар мемлекеті қазақ хандығымен ежелден бақас болатын. 1620 жылдардан бұлардың арасында үлкенді-кішілі қақтығыстар мен соғыс мезгіл-мезгіл болып тұратын.
1723 жылғы көктем басындағы әйгілі «Ақ мешін» жұтынан тұралап отырған қазаққа олар 70 мыңнан аса әскермен жеті жерден тосып, лап қояды. « . . . Бұл шабуылдың жалпы әскери басшылығы жоңғар қоңтайшысы Суан Рабданның інісі Шоны Дабада болады.
Бірінші шепті Суан Рабданның өзі бастап, Іле өзеннінің батысын бетке алады. Екінші шепті Суан Рабданның баласы Қалден Серен бастап Балкаш көлі арқылы Қаратауға беттейді. Үшінші шепті Суан Рабданның iнici Құлан Бату бастап Алтай мен Еділ арқылы Көкталға шүйлігеді. Төртінші шепті Суан Рабданның немересі Әмірсана бастап Нұра өзенінің алабын сыдыра өтеді. Бесінші шепті Қалдан Сереннің 18 жасар ұлы Серен Доржы бастап, Шелек өзеніне шеру тартады. Алтыншы шепті Қалдан Сереннің ұлы Лама Доржы бастап, Ыстықкөл өңіріне құдияды. Жетінші шепті Суан Рабданның ағайыны Даба Доржы бастап, Шу бойын қыстап шыққан қалың елге қырғидай тиеді.
Жоңғарлардың осынау сүргін шабуылы қазақ халқының үштен екісін қырып жіберді» - деп жазды Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» атты этномәдени пайымдауында[5] .
От қару (зеңбірек, мылтық) жасауды үйреніп, онымен әскері қапысыз қаруланған, қытайлар мен хиуа, орыстардың астыртын қолдауымен жоңғарлар алғашқы шабуылында-ақ Түркістан, Ташкент, Сайрам бастаған 20 шақты қаланы, қазақ елінің бүкіл оңтүстік, оңтүстік шығыс өңірін басып алады. Қазақ жұрты ата-қонысынан Ходжент, Самарқанд, Хиуа, Бұхараны паналауға ұмтылады. Арқаға, Солтүстік батысқа жөңкіле көшіп, ауады.
Бұл кезде Қаратауды, Сыр бойын, қазіргі Қызылорда облысындағы Шиелі, Түлкібас аудандары орналасқан жерді қоныс етіп отырған Арғын тобықты Шу, Сарысу, Қаратаудан асып, бетпақ даланың шөлі арқылы Сарыарқаны бетке алады. Бірақ ол бағыттынан қолайлы қоныс таба алмай . . . тобықтылар еріксіз батысқа ойысады. Талай рет жау шабуылынан ауыл-жұртын қорғай соғысқан олар Кіші жүз руларымен қанаттас болады. Маңғыстаудан айырылған Кіші жүз руларымен қанаттасып Ойыл, Елек, Ор өзендерінің бойына дейін барады.
«Осы ақтабан шұбырынды болып ауғанда, - дейді Шәкәрім қажы өзінің шежіресінде - Ұлы жүз Бұхара, Ташкент маңына жақын қалып, Орта жүз Ешім, Нұра, Сарысуға барады. Қыпшақтар онан да ары Арал көлі мен Ақтеңізге барып, Башқұрттар мен Кіші жүз Алшын Күнбатыс һәм Солтүстікке барады. Тобықты Орынбордың бергі жағында, Ордың Қашағанына барған. »
Сырдың бойынан шыққалы мал-жанына жайлы жер, ұрпағына қолайлы қоныс іздеген Жеті Момын жұрты қазақтың кең сахарасын жарты ғасырға жуық шиырлаған еді.
Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бастаған батырлар қазақ жауынгерлері жауды талқандап Алтай, Саян, Тарбағатайдан асырып тастайды. Сол жорықтардан кейін Сарыарқаның Шыңғыстау тауларының жаудан босағаны туралы Мамай батыр хабар әкеледі. Содан маслихат жасап, ақыры Қанжығалы мен Тобықты ұрпақтары көшуді ұйғарып, Жеті Момынның қалғаны жылыстап Сарыарқадан қоныс табады. Жол бойында Шыңғыс өлкесіне ел қоныстанып, жердің бос еместігі жайлы хабар жеткен соң, Қанжығалы ұрпақтары көшуін тоқтатып, Ерейментау, Мұхаджар маңында қалады. Ат төбеліндей ғана тобықты көшін жалғастыра береді. Сыр бойынан шыққаннан бергі жарты ғасырға жуық уақытта жүрген жол, қонған жұрт, қыстаған қоныс қаншама. Оның бары қазақтың салтанатты көші емес-ті. Өкшелей қуған, кейде тосыннан тап болатын жаумен соғысып, мал-жанды қорғау қажет. Жеткен жердегі ертеден қоныс теуіп қалған жұртпен түсінісу де оңай емес-ті. Сондықтан тобықты жұрты бұл жолда (жарты ғасыр шамасында) жаудан қорғанып, жол тауып, ұрпақ өсіріп, мал-жан сақтауға тас түйін төселіп алған-ды. Шыңғыстауға қоныстануды тобықты жұртын Кеңгірбай би бастаған. Кеңгірбай би: «Не тобықтыны ел етем, ата қонысын әперем, не құртамын, сол жердің топырағында қалдырамын!» - деп өзіне серт беріп, елін Шыңғыстауға бастайды.
Шыңғыстауды мекендеп, екі дариядан (Ертіс, Балхаш) су ішуді мақсат еткен . . . «тобықтылар талай қиындықтарды көріп Ертіске жетіп біраз тыныстап, аялдайды. Сол жерде қайтыс болған Бөкенші батырды Әзіреті Сұлтанға апарып жерлеп келгенше бір-екі жыл еру болады. Бүгінде ол Бөкенші ауылы аталып кетеді. Ертісті өрлеуге онда қоныстана бастаған орыстарға бата алмайды. Шыңғыстан бастау алып ағатын Шаған өзенінің аяғына ілінген тобықты жұртының ел басшысы - Кеңгірбай би, Қараменде би, Көбей билер қол басшысы Мамай, Қуандық, Қарабас, Тоқтамыс тағы басқа батырлар ақылдасып Шыңғысты иемдену үшін оны осы Шыңғыстан шығатын Шағанның аяғынан бастау керек деп ұйғарады. Сол үшін Шаған бойына шашырай орналасқан Қыпшақ, Арғын жұртын кимелей ығыстырып Мәмбетей, Үмбетей, Құлық, Ырыс, Қаржау аталарын орналастырады. Тобықтының қалың малын соларға қалдырып, өздері жауынгер жұртпен ілгері Шыңғысты бетке алады. Көкен, Шаған бойында қалған жұрттың батырлары Қарабас, Жанан, Саптыаяқ, Борсықбайларға осыдан Шыңғыс тауына қарай өрлеп жер алу міндеттеледі.
Жаугершіліке бейімделіп алған Мырза, Мамай, Қабас, Көкше, Жөкең ұрпақтары ілгерілей озып, бірітіндеп Аршалы, Шұңай, Доғалаң, Қыдыр, Орда, Боқайдан асып Шыңғысты жамбастай Сыбан, Матайлардың арасына орын тебеді»[6] .
Олжай, Дадан, Жуантаяқ, Жүзбенбет ауылдары бәрінің орта тұсы Ши бойын өрлеп, Қыдыр, Балпаң, Өртең бұйырына артады.
Сақ, Тоғалақ, Әнет, Бәкең, Байғара, Есболат, ұппағы Аршалы, Доғалаң, Шұңайға қоныстанады.
Шыңғыстауға келген тобықты осылайша қоныстанған-ды. Шыңғыстағы Матай, Сыбан, ойдағы Уақтармен қыз алысып, құдандалы көрші болып жайғасады. Біраз жыл тату көрші болысады. Бұл 1770-1780 жылдар шамасы болса керек.
1. 2. ХІХ ғасырда Шыңғыстау өңірінде ел билеген арқалы азаматтар
Шыңғыстау әлемге әйгілі үш тұлға - һәкім Абайды, ғұлама Шәкәрімді, данышпан Мұхтардың жаралған топырағы, кіндік қаны тамған жері, өскен ортасы. Шыңғыстау ғасырлар бойы өмірі өткен бабаларымыздың тұлпарларының ізі, көші-қонының тау-сілемі, қоныс жұртының орны, тамған қаны мен терінің табы, киелі аталарымыз бен аналарымыздың қасиетті сүйегі жатыр. Бұл күнде шыңғыстау - тобықты егіз ұғым. Сол себепті де Шыңғыстау жерінің тарихы жайлы, әсіресе оның ХІХ ғасырдағы тарихи тұлғалары жайында айтар болсақ тобықты шежіресі, сол елдің тумалары туралы атап өтпей кете алмайсың.
Жоңғарлардан қазақтың біртуар ғарыштық тұлғалары Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай азат еткен соң, қазақтың рулары еншілерін ала бастады. Міне осы кезде тобықты елінің де дәмесі, Шыңғыстау жеріне ауған-ды. Оған бойындағы барлық күші мен қуатын жұмсаған тобықты елінің дара тұлғалы азаматы - Кеңгірбай бидің еңбегі зор. Елі үшін еткен қызметін жоғары бағалаған ұрпақтары оны «Би ата», «Бабамыз» деп атайды. Осыған орай Шыңғыстау жеріндегі алып отырған мерзімдегі тарихи тұлғаларды Кеңгірбай биден бастағанды жөн санаймыз.
Кеңгірбай Жандосұлы (1735-1825) Ақтабан шұбырынды кезінде Кеңгір өзені бойында дүниеге келген. Бейіті Шыңғыстауда, Жидебайдан 4-5 км күнбатыс жақтағы өзі өсиет еткен жерге қойылып, басына күмбез бейіт тұрғызылған. Арғын, Тобықтының атақты биі, қасиетті ел басшысы, киелі бабасы Кеңгірбай Олжайдың тұңғыш немересі[7] . Кеңгірбай Жандос (Жігітек) ұлы тобықты елінің тарихында теңдесі жоқ еңбегі бар, зиялы түркі жұртына мәшһүр тарихи тұлға.
Көзі тірісінде ел билігін немере інісі, өзі тәрбиелеген шәкірті Өскенбайға беріп ел мүддесін, ұрпақ тағдырын ойлаған ұлағаттылығын танытқан биді Құнанбай қажы да, Абай да кезінде артықша түсініп, бағалаған.
Елінің қайыспайтын қажырлы иесі, халқының аруақты киесі болған биді бұл күнде Шыңғыс елі "Би ата" деп құрмет тұтады. Аруағына сиынып, есімі елінің ұранына айналған.
Кеңгірбай ел биілігіне жастайынан араласады. Абылай ханның көзіне түсіп, би аталғанда Кеңгірбай небәрі 17 жаста екен. Бидің алғашқы билік айтқанда киген бас киімі оның оның алтыншы ұрпағы Би ата кесенесінің шырақшысы болып отырған Жақсыкелдіұлы Амантау Сүлейменовтің қолында сақталған[8] .
Халқымызда «Көш бастау қиын ба, ел бастау қиын ба, сөз бастау қиын ба?» дейтін танымдық пайымдау бар. Кеңгірбай би - осы қиындықтың бәрін абыроймен атқарып, жас батыр, көреген көсем, әділ би танылып, ел құрметіне бөленіп, Кабекең атанған, бұл күнде иісі Тобықты елінің ұранына айналған киелі бабасы.
Тобықты жұрты Арғын атасының жеті Момынның байырғы қонысына бүтіндей бет бұрғанда елдің жақсылары бас қосып, мына белгісіз сапардың алдында елдің басшы - биі кім, батыры кім, болатынына кеңесіп келісіп алмаққа жиналады. Жас батыр Кеңгірбай:
-Тобықты соры ашылмаған ел ғой. Мына сергелдең қай қиырға соғарын кім болжапты, енді елге ие болыңыз. Көбей - кеңесшіңіз, мен - қолбасшыңыз болайын, - дейді.
Сонда қалмақпен қантөгісте қаһарман батыр атанып жекпе-жекте жан шыдатпаған алып батыр сәл ойланып:
-Жоқ, Кеңгірбай, менен қарыңның қаруы кем, қантөгісте қапы боларсың. Бірақ қиянға қарайтын қырағылығың кең, халқынды қажытпассың. Сен би бол, кемеңгерлігіне сенем. Мен жасым ұлғайса да, жау қолынан жапа шегіп көргенім жоқ. Қатыгезге қан құстырып, қайыспайтынды алдыңа тізе бүктіре алам. Сондықтан мен қолбасшы болайын, - депті. Көпшілік қауым батыр бабаның осы пікірін қостап, Кеңгірбай - ел көсемі, биі, Көбей - кеңесші би, Мамай батыр - қолбасшы болыпты[9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz