Шыңғыстау өңірінің қола дәуірі ескерткіштері


МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
СССР археологиясы бойынша зерттеулер мен
материалдар
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертацияда Шыңғыстау өңірінің қола, ерте темір және түркі дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеуге арналған. Археологиялық ескерткіштердің зерттелу тарихы, кезеңделуі мен мерзімделуі, мәдени сипаттамасы, өзіндік даму ерекшеліктері, іргелес мәдени-тарихи өңірлермен байланысы, ежелгі дәуірдегі тайпалар мен халықтардың мәдени қарым-қатынасы қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Табиғи - географиялық жағдай әрқилы болып келетін Қазақстан өлкесінде, әрбір тарихи кезеңдерде тұрмыс тіршілігі әртүрлі халықтар өмір сүргендігі белгілі. Олардың барлығы Қазақстан территориясындағы ежелгі сақ тайпалар одағына біріккен болатын. Қалай дегенде де ерте темір дәуірінде Шығыс Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Орталық Қазақстан мен Жетісуды мекендеушілермен материалдық мәдениет жағынан жақын болғандығымен, этникалық жағынан біртекті емес еді. Оның үстіне шаруашылықтары бір болғанымен, діни ғұрыптық салт санасы әртүрлі тайпалар тіршілік етті. Қазақстанның шығыс аймағының, яғни қазіргі Шығыс Қазақстан өңіріңдегі Алтай мен Тарбағатай, Шыңғыстау тау жоталарының теріскей беткейлеріндегі ерте көшпелілердің археологиялық көне мұрағаттары соңғы жылдары өзге өңірлерімен салыстырғанда біршама жақсы зерттелуде.
Бұл аймақ еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан далалық жазықты қамтитын үлкен өңірді алып жатыр. Кең өрісті жайылымдарға, тарам - тарам өзендерге, табиғи қазба байлықтарға: металл кендеріне, ағаш - орманға өте бай және шаруашылықтың қай саласына болмасын өте қолайлы өлке. Көне дәуір кезінен - ақ климаты, фауналық - флоралық дүниесі қазіргі кезге сай келген. Осы өлкенің физико - географиялық жақсы жағдайы ықылым заманнан алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.
Таулы қыратты әрі қазақтың ұсақ шоқылығымен астасып жатқан бұл өңір көне дәуірлерден ақ адам өмір сүруіне қолайлы болғанын көруге болады. Сонымен қатар Ертістің жағалауына тараған орманды далалы мәдениеттер мен одан әрі Алтайдың таулы аймақ мәдениеттеріне де өз ықпалы бар екендігін уақытында С. С. Черников пен Ә. М. Оразбаев сынды ғалымдар атап кеткен болатын. Аралық аймақ ретінде Сарыарқаның кең тараған қола, ерте темір және түркі дәуірі мәдениеттерінің үлгілері кездесуі де осы өңір ескерткіштерінің зерттелуі өзекті екендігін көрсетеді.
Қола дәуірін, ерте көшпелілер мәдениетін зерттеу Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі екені аян. Ерте темір дәуірі қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарғандығы сөзсіз. Сондықтан да қазіргі ғылымның бар жетістіктерін пайдалана отырып, Қазақ Алтайы мен Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің зерттелінген қорғандарын жинақтап, топтап, жалпы тізімін жасап, картада нақты орынын анықтап, хронологиялық мерзімдеу мәселесіндегі түйткілді сұрақтарға нақты жауап алу.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шыңғыстаудың археологиялық ескерткіштерін зерттеуде пән аралық байланыс тұрғысынан классикалық археология, урбанистика, демография және тарихи информатикамен байланыстыра зерттеу жоқтың қасы.
Аталған тақырып бойынша әдебиеттерге тарихнамалық шолуды екі бағытқа бөлуге болады: 1. Археологиялық сипаттамасына іргелі теориялық зерттеу, мәселенің концептуалдық құрылымын көрсету. 2. Шыңғыстау тарихын тарихи - археологиялық, архедемографиялық тұрғыда зерттеуде өкінішке орай аз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Шыңғыстау өңірлеріндегі қола, ерте темір, түркі дәуіріні ескерткіштерінің негізгілерінің тізімін анықтап, сипаттамасын жасап, олардың мәдени-этникалық атрибуциясын, археологиялық кезеңдемесі мен мерзімдемесін жасау. Осыған байланысты мынандай міндеттер тұр:
- Бұған дейінгі Шыңғыстаудың коне дәуірі археологиялық ескерткіштері материалдарын талдап қорыту (С. С. Черников, Нифонтова Л., З. С. Самашев, Ә. Т. Төлеубаев және т. б. )
- Осы негізде ескерткіштердің хронологиясы мен жүйеленуін жете зерттеу.
- Ашылған барлық ескерткіштерді өмір сүру уақытына, көлеміне, атқарған қызметіне, орналасқан жеріне және сыртқы құрылысына қарай түрлерге бөлу.
- Зерттеу барысында табылған артефактілерді бұрын ғылымда белгілі үлгілермен салыстыра отырып, мерзімделу уақытын анықтау.
- Шыңғыстауды мекендеген ерте көшпеліл тайпаларының қалыптасуы мен дамуындағы көрші мәдениеттердің ықпалын ашу.
- Жерлеу ғұрпы және басқа материалдарды саралау негізінде Шыңғыстаудағы көне заман археологиялық ескерткіштерінің қандай этномәдениетке жататындығын анықтауға талпыныс жасау.
Зерттеу жұмысының нысанына Шыңғыстауда орналасқан қола, ерте темір және түркі дәуірі археологиялық ескерткіштері және осы уақытпен мерзімделетін артефактілер жатады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Шыңғыстауда орналасқан қола, ерте темір және түркі дәуірінің арнайы зерттелуі.
Бұрын жарияланбаған бірқатар нысандар және ізденушінің өзі қазған жаңа ескерткіштер, сондай-ақ осы өлкедегі барлық археологиялық ескерткіштердің ғылыми айналымға енуі.
Зерттеу жұмысының географиялық шеңбері. Магистрлік диссертацияның тақырыбына байланысты зерттеу жұмысының географиялық шеңбері Шыңғыстау, Абралы өңірлері. Бүгінгі ШҚО, Абай ауданы.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.
Хронологиялық шеңбері б. з. д. IІ мыңжылдықты тұтасымен қамтиды. Бұл осы өңірде қола ғасыры, сақ, ғұн, ерте үйсін тайпаларының өмір сүрген заманы. Б. з. I мыңжылдықтың басқы соңына дейін, түркі мемлекетінің әлсіреуіне дейңнгі кезең аралықтарының ескерткіштерін қамтиды.
Зерттеудің деректік негізі. Қазақстанды мекен еткен ерте көшпенді тайпалардың тарихын зерттеуде тарихшылар деректердің екі тобына иек артады: археологиялық және жазба деректер. Шығыс Қазақстан территориясында қола және ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар тарихының қайнар көзін ашар, мәдениетін анықтайтын жазба деректердің тым аздығына байланысты өлкені мекендеуші ежелгі тұрғындар қалдырған жерлеу орындары - қорғандар материалдары осы олқылықтың орынын толтырар бірден - бір дерек көзі.
Қазақстанның ежелгі дәуірінің тарихына қатысты археологиялық деректер ХІХ ғасырдың өзінде - ақ жинала бастағанымен, нағыз, шынайы және академиялық маңызы бар деректер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жиналады. Бұл орайда С. С. Черников, С. С. Сорокин, Ә. М. Оразбаев, Ф. Х. Арсланова, З. С. Самашев, Ә. Т. Төлеубаев және т. б. зерттеушілердің жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталған археологиялық материалдарды атап айтуға болады.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп келе жатқан зерттеулер де мол нәтиже беріп отыр. Шығыс Қазақстан облысында Ә. Т. Төлеубаев жүргізген қазбалар нәтижесінде Шілікті обасынан Қазақстанның үшінші «Алтын адамы» табылып отыр. Осы ескерткішті зерттеп, зерделеуде қазу барысында табылған мол жәдігерлер тарихымыздың олқы тұстарын толтырар теңдесі жоқ қазынамыз. Сонымен қатар Сарыкөлдегі зерттеу жұмыстары да өз нәтижелерін берді.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы Шыңғстаудың қөне дәуір тарихи ескерткіштері жайында алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдарды орта мектеп қабырғасында жүргізілетін «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні және тарих апталықтарында, өлкетану сияқты факультатив сабақтармен ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларда пайдалануға болады.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізідері. Диссертацияның методологиялық ұстанымы объективтілік, жүйелілік және тарихилық принциптерге негізделген. Қазба барысында алынған нақты материалдарды зерделеуде ғылыми зерттеудің көпшілікке танымал салыстырмалы талдау, сараптау, салыстыру және жүйелеу секілді әлемдік тарихнамада кеңінен танылған әдістері басшылыққа алынды. Ескерткіштердің зерттелуін қарастыруда тақырыптық-хронологиялық принциптер кеңінен қолданылды. Жекелеген ғалымдардың ізденістерін саралалауда биографиялық әдіс, өзге мәселелерді көтерген кезде ретроспективті әдіс, т. б. пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспе, екі бөлім, бірінші бөлім төрт тармақшадан, екінші бөлім үш тармақшадан, қортынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І ШЫҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ КӨНЕ ЗАМАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Шығыс Қазақстанның тарихи географиялық жағдайы
Табиғи орта көне заман тарихын зертеуде маңызды рөл атқарады. Өйткені кез келген әлеуметтік қоғам өз дамуында қоршаған дүниемен немесе табиғи ортамен тығыз байланыста дамиды. Жекеленген мәдениеттер мен тарихи ескерткіштердің даму дәрежесіне тарихи орта тікелей әсерін тигізіп отыратындықтан ғалымдардың басым көпшілігі осы проблемаға үнемі тоқталып отырады. Қоршаған орта адам баласының мәдени дамуына ғана емес, сонымен қатар оның кескін - келбетіне де, өзіндік біртуар дүниелерінің қалыптасуына да ықпалы бар деуге болады.
Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың таулы және биік таулы аудандары, солтүстігіндегі далалар, оңтүстігіндегі шөл және шөлейт жерлер - Шығыс Қазақстанның алуан түрлі жер бедері, міне осындай. Негізгі су арнасы - Ертіс пен оның көптеген салалары -Бұқтырма, Күршім, Оба, Үлбі, Шар, Қызылсу және басқалары. Топырағы қынарлы жазық алқаптар, жайылымдар, таулардағы мыстың, қалайының, алтынның көптеген кеніштері, балығы мен өзендері, аңға толы ормандары осында шаруашылық пен мәдениеттің дамуына көп ықпал етті [1, 10с] .
Б. з. б. І мыңжылдықтың бас кезінде табиғи ортада азды - кемді өзгерістер болғандығы соңғы жылдары мамандардың айтуынша, оның алдындағы субарелды кезең Еуразия үшін салыстырмалы түрде салқындырақ болған еді. Атлантикадан алыс болғандықтан Алтай мен Батыс Сібір аумағында ауа құрғақ болды. Бұған Иткөл көлі терассаларындағы әктас шөгінділері дәлел бола алады, себебі ол құрғақ климатты көрсететін бірден бір индикатор болып табылады. Оның радио көміртекті сараптама бойынша жасы 3660+75 (COAH - 2192) жылдармен анықталып отыр.
Бірақ б. з. б. І мын жылдықтын бірінші жартысында Атлантиканың ықпалы өсе түскендігі байқалады. Ол Оңтүстік Батыс Сібір мен Алтайда климаттың жылыуынан, қыстық және жаздық жауын-шашын мөлшерінің көбеюінен нақты көрніс табады.
Осы кездері Таулы Алтайға ылғалды және жылы циклондар батыстан ашық кең өзен алқаптары арқылы тереңірек енді. Оған Бұқтырма, Үлбі, Урсул, Көксу, Қатын (Уймон қазаншұңқыры), Чарыш өзен алқаптары секілді гидрографикалық тораптар өзіндік әсерін тигізген еді.
Сондай - ақ мұндағы тау алқаптарының климаты субатлантикалық кезеңнің жылы фазаларында қазіргіге қарағанда біршама ылғалды болды. Бірақ бұлттылықтан және жылудың көбі булануға кетуінен орташа жаздық температура қазіргіден жоғары бола қоймаған. Бұндай климаттық жағдай тау беткейлері мен өзен терассаларында өте бай жайлымдардың қалыптасуына жағдай жасады.
Қыс кездеріндегі жауын - шашынның да мөлшері қазіргіден көбірек болды. Бірақ таулы жерлерге тән күн радиациясының күштілігі(ауанның тазлығынан және трофосфера қабатының жұқалығынан) қыс кезінде қардың жақсы булануына жағдай жасады. Мысалы: қазіргі Чуй даласындағы қалындығы 100-130 мм қар түгелдей дерлік буланып кететін еді.
Таулы алқаптардағы қардың булануы қар қабатының жұқаруына әкеледі. Ал ол үй жануарларының қар астындағы шөпті аршып жеуін оңайлатады. Сондықтан бұл жерлердегі тау бөктерлеріндегі бай жайылымдарда малды жыл он екі ай бағуға болатын еді. Ежелгі көшпенділерді қызықтырған да осы жайт сияқты.
Түйіндеп айтқанда, сақ дәуіріндегі немесе геологиялық кезеңдестіру негіінде айтар болсақ глоценнің соңғы кезңінде Шығыс Қазақстанның климаты шаруашылық әрекеттерге өте қолайлы, ауа - райы біршама қоңыржай болды. Бұндай климат мал шаруашылығының дамуына сақтардың тау жүйесіне тарала қоныстануына, тіпті орташа биіктіктегі таулардың кең жайылымдарына жаппай орналасуына жағдай жасады[2, 8б] .
Жалпы алғанда, Шығыс Қаақстан өңірі табиғи жағынан алып қарағанда елімідегі ең бір қызық та ерекше аудандарының бірі болып табылады. Ол әлемдік тарихнамада өзінің сарқылмас табғи байлықтарымен, кен көздерімен ғана емес, сонымен қатар бірегей тарихи - мәдени ескерткіштерімен белгілі. Осы тарихи ескерткіштердің қалыптасып дамуына ауа - райы да, табиғи орта да тиісті дәрежеде өз әсерін тигіген.
Шығыс Қазақстан географиялық жағынан алып қарағанда шығыс ендікте 76̊-87 градус аралығы мен солтүстік бойлықта 47-51 градус аралығында орналасқан үлкен аумақ болып табылады. Өлкенің шекарасы, негізінен, әкімшілік жағынан бірнеше бөлікке бөлініп отыр: солтүстігінде - Ресей Федерациясының Алтай өңірі, шығыс, оңтүстік - шығыс - Қытай Халық Республикасымен шектессе, ал оңтүстік - батысы республиканың Алакөл және Сасықкөл көлдеріне дейінгі аралыққа созылады. Мамандар тарапынан Шығыс Қазақстан өз кезегінде Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Зайсан қазаншұнқыры, Сауыр - Тарбағатай, Шыңғыстау, Аякөз - Көкпекті сынды бірнеше тарихи - мәдени аудандарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи - мәдени кезеңдерде осында тіршілік еткен тайпалар мен халықтардың тыныс - тіршілігінде маңызды рөл атқарады.
Әсіресе Шығыс Қазақстан жер бедері құрамына өзіндік ерекшеліктер беріп тұрған біреше аудандар бар. Зерттеушілердің пайымдауынша, Кенді Алтай мен Оңтүсік Алтай және Сауыр - Тарбағатай, Шыңғыстау тау жоталары мен тауаралық Зайсан ойпаты сияқты ірі орографиялық орталықтар ежелден - ақ мәдени - тарихи дамуды бастан кешірген.
Сайып келгенде, тарихи - мәдени дамуға мейлінше ісерін тигізген Оңтүстік Сібірдегі ең биік таулы аймақ - Алтай тау аймағы болып табылады. Қазақстан Алтайы өз кезегінде Алтай тау жүйесінің оңтүстік, оңтүстік - батыс бөлігін алып жатыр. Қазіргі таңда Укок жазық таулы аймағы мен Бұқтырма аңғарынан оңтүстікте Нарым, Сарымсақты, Оңтүстік Алтай тау жоталары орналасқан тау жоталары - Оңтүстік Алтай (Абсалюттік биіктігі - 3000 м) деп аталынды.
Ал Алтайдан оңтүстікке қарай кең байтақ Зайсан қазаншұнқыры жатыр. Оның оңтүстігінде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Тарбағатай - Зайсан және Балхаш - Алакөл қазан шұңқырлары арасындағы су айрық жота. Абсолюттік биіктігі: 2991м (Тастау) . Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені 30-50 км, шығысында Сауыр жотасына ұласады. Палеозойлық шөгінді тақта тас, әк тасынан, перьм, тас көмір, девонның құм тасынан, батыс бөлігі силур және кембрий дәуірінің күшті дислокацияланған вулканогендік интрузиялы гранитінен түзілген. Солтүстік беткейі оңтүстікке қарағанда жатыктау, оңтустігі тік шатқал болып келеді.
Жотадағы палеозоилық әк тастардан карст құбылыстары нақты байқалды. Өңірдің климаты континенттік екендігін көпшілік мамандар айтып та жүр. Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлеитте жусанды бетеге, бұта, тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша, солтүстік беткейнде тал басым өседі. Марал, тау ешкі, арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қарсақ, суыр мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпы шалғыны - жазғы жайылым. Мұндағы өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі бірнеше мыңжылдықтар бойы сақталып келгендігін
далалық ізденістер де аңғартып отыр. Архелогиялық зерттеулер барысында алынған сан алуан мағлұматтар бұл аймақ еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан кең далалық жазықты алып жатқандығын, оның кең өрісті жайылымдарға, тарам-тарам өзеңдерге, табиғи қазба байлықтарға кен еместігін, ал мұның өз кезегінде адам баласының тіршілігіне қолайлы өлке екендігін аңғартады. Көне дәуір кезінен - ақ климаты, фауыналық - флоралық дүниесі қазіргі кезге сай келгендігі мамандар тарапынан айтылып келеді. Осы өлкенің физикалық-географиалық қолайлы жағдайы ықылым заманнан алғашқы адамдардын өмір сүруіне тиімді болғандығын көрсетеді.
Әуелгі ерте темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы - Ертіс өзенінің аңғарларында орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайларында шоғырланған. Ал одан әрі оңтүстік батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына деиін созылса, өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойпатында таралған[3, 25c] .
Шыңғыстау - Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр. Абсолют биіктігі 1000-1100м, ең биік жері - Ақшатаудағы Қособа тауы (1305 м) . Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т. б. жыныстардан түзілген. Жылына 200-250 мм шамасында жауын-шашын түседі. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Көксала, т. б. өзендер басталады [4, 218-224с] .
Өңірдегі Қалба жотасы Оңтүстік Алтайдың батысында Ертістін өзені арқылы бөлініп, Нарымның Ертіске құяр тұсынан басталып батыста Шар өзені аңғарына дейін ұзындығы - өлшеніп, Нарымның Ертіске құяр тұсынан басталып батыста Шар өзені аңғарына дейін ұзындығы - 400 км, ені - 120 км жерді алып жатыр. Ең жоғарғы биіктігі етегінде 400 метрден басталып, орта тұсында 1600 метірге дейін жетеді. Қалба жотасында аласа таулар кең дамыған. Әсіресе батыс бөлігінде жаппай белдеуді құрайтын жон -арқалар көп. Жотаның шығыс баурайлары тік болып келеді.
Құрамына Үлбі, Ивановский, Уба, Көксу, Тегрецкий және Қазақстан жеріне өзінәі бөлігімен кіріп жатқан Листвяға, Холзун және Орталық Алтай т. б ірі тау жоталары енетін, Ертістің оң жағалауындағы, оңтүстік - шығыста Нарым өзенінің, ал солтүстік - батыс Уба өзенінің Ертіске құяр сағаларының аралығында тау жота жүйелері орналасқан жерлер - Кенді Алтай таулы аймағы деп аталады.
Ал Сауыр - Тарбағатай таулы аймағы табиғи жағдайы бойынша Алтай мен Тянь-Шань таулары аралығын алып жатыр. Бірақ оның ландшафты Орталық Азияға қарағанда Сібір, Монголия аумағындағы ландшафтқа ұқсас болып келеді. Екі жота да Зайсан ойпатының оңтүстігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Бұл өңір Оңтүстік Алтайдан жауын - шашын түсімінің а болуымен ерекшеленеді. Тарбағатайда далалық ландшафт басым болса, Сауырда таулы - орманды және жайылымдық - далалық ландшафт басымырақ [2, 15б] .
Сонымен, осыдан IV мың жыл бұрын қазіргі Шығыс Қазақстанның табиғи жағдайы дәл бүгінгідей болып қалаытасты. Сондықтан біз бүгінгі күнге қарап сол кезегі шаруашылық - мәдени дамудың қандай жолмен жүргенін, шаруашылықта қандай мал түрі басым болды, неге ол мал түрі басым болды, қандай егін екті және негі сол егінді екті деген сияқты сұрақтардың жауабын азды-көпті ала аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz