Ғаламтор бұқаралық ақпарат құралдары ағылшын тілін оқытудың құралы ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I. Жоғарғы буында ағылшын тілін оқытуда бұқаралық ақпарат құралдарын қолданудың теориялық негіздері . . . 7

1. 1 Бұқаралық ақпарат құралдардары: жіктелуі, сипаттамасы, олардың адам өміріндегі рөлі мен атқаратын қызметі . . . 7

1. 2 Жоғарғы буында ағылшын тілін оқытуда бұқаралық ақпарат құралдарын қолданудың мүмкіндігі . . . 14

1. 3 Ғаламтор бұқаралық ақпарат құралдары ағылшын тілін оқытудың құралы ретінде . . . 29

II. Жоғарғы буында ағылшын тілін оқытуда бұқаралық ақпарат құралдарын қолданудың практикалық негіздері . . . 35

2. 1 Бұқаралық ақпарат құралдарын қолданғанда оқытудың әдіс-тәсілдерін және мазмұның іріктеу . . . 35

2. 2 Бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын жаттығулар үлгілері . . . 40

Қорытынды . . . 54

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 56

Қосымша . . . 57

Кіріспе

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін бағаламау өте қиын: ешбір өмір саласын қандай да бір ақпараттық қатынастарсыз елестетуге болмайды. Қазіргі кезде қарым-қатынас тұлғааралық қатынас сияқты тек қоғам ішінде ғана емес, сонымен қатар ғаламтор, телевидение, газеттер, журналдар және басқа да қатынас құралдары арқылы болып жатады. Бүгінде желіде тек қажетті ақпаратты тауып алып, соңғы болған оқиғалар жайлы оқып қана қоймай, сонымен қатар өзіне әлдеқайда пайдалы нәрселерді табуға әбден мүмкін, мысалы, ағылшын тілінің біліктілік деңгейіңізді білу үшін сынақтан өту, шетел тіліндегі кез келген кітапты оқу және тағы басқа көптеген нәрселер, және оның барлығын өз жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың санасының қалыптасуына өте үлкен әсер етеді, сондықтан да электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның мәдени және рухани өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл бұқаралық ақпарат көздерінен адамдар қоғам үшін қашан да өзекті әрі маңызды болып келетін білімдерді алады.

Бүгінде түрлі жағдайларға байланысты заманауи мұғалімге қойылатын талаптар да өзгеріп отырады, бүгінде мұғалімнің біліктілік деңгейі педагогикалық шеберліктің деңгейімен ғана емес, сондай-ақ білім беру процесінде жаңа технологияларды қаншалықты тиімді пайдалана алатындығымен анықталады. Сондықтан да орта мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі соңғы жылдары артып келеді. Бұл тек жаңа техникалық құралдар ғана емес, оқытудың жаңа формалары мен әдістері, оқыту үдерісіне жаңа көзқарас.

Әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын сабақта пайдалану әрқашан да үлкен мәселе болды және бұл бұқаралық ақпарат құралдарын сабаққа еңгізу одан да зор мәселе. Оқытушылар мен оқушылар сабақтарында түрлі технологиялар көмегімен түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана алуы қажет. БАҚ оқытушылар мен оқушыларға шығармашылық және практикалық ойлар ұсынады. Олар мұғалімге оқушылардың түрлі қажеттіліктерін мен қызығушылықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ, олар студенттерге газеттер, журналдар, радио, теледидар, деректі фильмдер, кітаптар, интернет және т. б., арқылы тіл тәжірибесін ұсынып, сонымен қатар оқу, жазу, сөйлеу және тыңдай білу дағдыларын дамытады. Олар оқушыларды қызықтырады және оларға сенімділік бере отырып, ағылшын тілін, тұтастай алғанда, сыныпта және сыныптан тыс та оқуға тартады. Медиа "ақпарат береді, қызықтырады, қорқытады, ашу-ызаға булықтырады, демалтады, уайымдатады, бірақ өте сирек кімде-кімді бей-жай қалдырады " (Ширли Биджи, 1996) . Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың бізге жеткізгісі келетін хабарларды, олардың бізге тигізетін әсерін түсінуіміз керек және оқушылар көп уақыт бөлігін өткізетін сыныпта неге оларды пайдаланбасқа.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық түрлері өте үлкен танымалдылыққа ие болып келеді. Нақ осы онлайн-ресурстар бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының ең тез әрекеттесетіндердің бірі болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі оқыту үрдісіне, әсіресе ағылшын тілін оқытуда, жаңа технологияларды еңдіру болып табылады. Мектептегі өзгеріп отыратын оқыту жағдайларына, кәсіптік стандарттардың енгізілуіне, ақпараттың таратылуы мен шығарылу үрдістерінің жылдамдатылуына (әсіресе шетел тіліндегі) сай болу қажеттілігі бүгінгі таңда көп мөлшердегі ағылшын тілінде болып келетін түпнұсқалық ақпаратты ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдарының оқытушылық мүмкіндіктерін зерттеуге қажеттілігін айқындайды. Ақпараттың көп бөлігі түпнұсқалық, орынды тілдік ақпараттың құнды дереккөзі ретінде қарастыра алатын Интернет-БАҚ-да табыла алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты орта мектептегі жоғарғы буын оқушыларына ағылшын тілін үйретуде бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының жіктелуін және сипаттамаларын қарастыру;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының дереккөздерін қарастырып оларды орта мектепте шетел тілін оқытуда пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарын оқытуда қолдану кезінде оқытудың мазмұның, әдістерін жіне тәсілдерін іріктеу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының материалы негізінде жасалған жаттығулар үлгілерін көрсету.

Зерттеу жұмысының жаңалылығы: Шетел тілдерін оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру және дамыту, шетел тілін практикалық меңгеруді үйрету. Орта мектепте шетел тілін оқыту, осы ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін сөйлеу белсенділігінің түрлерін игеру үшін маңызды ақпаратты алуға бағытталған. Шетел тілі қарым-қатынас құралы ретінде, айналадағы шындық туралы ақпаратты қабылдау және беру құралы болып табылады. Ол орта мектептің оқушылары арасында диалог пен полилогия дағдыларын дамытуға бағытталған. Тақырыптар мен материалдар оқушыларға ұсынылған тақырып бойынша әрі қарай талқылау үшін ақпарат бере алатындай таңдалады. Мектептегі оқыту курсы әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени тақырыптардың кең ауқымын қамтиды және толығымен баспасөз басылымдарының мәтіндеріне, негізінен, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына негізделген.

Нысан: орта мектепте ағылшын тілін оқыту үрдісі.

Зерттеудің пәні: оқытуда қолданылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы : БАҚ өміріміздің әр саласында елеулі орын алады және бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін шет тілін оқытуда қолдану - оқушыларды белсенді жұмысқа қосу құралы болуы әбден мүмкін.

Қазіргі кезде жаңа буын оқушылары жаңа технологияларға жақын және олар үшін әсіресе электронды бұқаралық ақпараттары БАҚ-ның ең ұнамдысы болып табылады. БАҚ - оңай қолжетімді және тілдің үнемі өзгеріп тұратынына байланысты сол өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы : Оқушылардың тілдік әрекетін қалай ынталандыру керек, сабақты қызықты әрі әсерлі етіп қалай жасау керек, бүкіл сыныпты белсенді тілдік әрекетке қалай еліктіру керек, әрине бұл сұрақтар әр шет тілі мұғалімінің ойын толқытады. Шет тілін оқытатын бұндай әдістердің бірі сабақта бұқаралық ақпарат мәліметтерін қолдану.

БАҚ мұғалімге мектептің оқу жоспарына инновациялық көзқарастар еңгізудің шексіз мүмкіндіктерін береді.

Баспасөзбен жұмыс істеу оқуға деген қызығушылықты тудырады, әртүрлі тапсырмаларды ұсынады, оқулық мәліметтерін жаңартады.

БАҚ-та ақпаратты ұсынудың заманауи стилін түсінуге үйретеді, сонымен қатар студенттерге тілдік дағдыларды еркін меңгеруге көмектеседі.

Бұқаралық ақпарат құралдарың қолдануда көптеген дыбыстық, бейне және баспа мәліметтері пайдаланғандықтан оқушының тыңдалым, оқылым, жазу, есте сақтау дағдыларын қалыптастырып, жақсартады.

Дипломдық жобаның құрылымы . Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. Жоғарғы буында ағылшын тілін оқытуда бұқаралық ақпарат құралдарын қолданудың теориялық негіздеріБұқаралық ақпарат құралдардары, олардың жіктелуі, сипаттамасы, олардың адам өміріндегі рөлі мен атқаратын қызметі

Бұқаралық ақпарат құралдары (қысқаша «БАҚ», сонымен қатар - масс-медиа) - ауызша, бейнелі және музыкалық ақпараттың жылдам берілуін мен жаппай таралымын қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық кешендер [1, б. 93] .

БАҚ сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік ортаның шеңберінде ақпараттың берілуін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиынтығы ретінде қарастырылады [2, б. 10] .

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары бұл:

- тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;

- мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны [3] .

Бұқаралық ақпарaт құралдарының екі түрі ажыратылады:

Бірінші түрі хабарламаның кеңістіктік жылжуына бағдар алады. Ол тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асырып қоғамға жедел түрде қызмет жасайды. Екінші түрі хабарламаның уақыттық, тарихи жылжуына, оның болашақта қайта трансляциялау мақсатымен сақталуына бағдар алады. Ол тұлғаның және барша қоғамның қарым-қатынасын жүзеге асырып, мәдениетаралық адамзат қоғамының әлеуметтік-тарихи дамуын қамтамасыз етеді [4, б. 19] .

Адамзаттың заманауи тұрмыс-тіршілігінде БАҚ-на қатысты масс-медианың ерекшелігін нақты айқындайтын «бұқаралық коммуникация құралдары» термині қолданылады. Уақыт ағымымен масс-медианы «ақпарат беруші» ретінде қарастыру өткеннің еншісінде: түрлі көзқарастарға байланысты «қалыптастырушы», «ойын-сауық» және т. б. сияқты терминдер қолданылады. Кері байланыс механизмінің дамуы, яғни тыңдаушылар, көрермендер мен оқырмандар тарапынан өз пікірін білдіру немесе әсер етудің формальды мүмкіндігінің болуы масс-медиаға біржақты бағытталмаған коммуникацияның ерекшелігін береді [4, б. 20] .

Басқа жағынан қарағанда БАҚ - бұл журналистік іс-әрекеттің келесідей субъектілерінің жиынтығы:

  • баспасөз: газеттер, журналдар, жыржинақтар, жинақтар, бюллетеньдер;
  • телерадио көрсетілім: радио, телевидение, кинобағдарламалар, видеобағдарламалар;
  • цифрлық баспалар: газеттердің электрондық нұсқалары, интернет, компакт-дискілердегі басылымдар.

Осы ақпарат құралдарының әрбіреуі мағлұматтың берілуі мен өндірілу аясында өзіндік ерекшеліктерге ие [4, б. 23] .

Заманауи БАҚ - арнайы техникалық құрылғылардың көмегімен түрлі адамдарға түрлі мағлұматтың ашық, жариялық түрде берілуі үшін жасалған мекемелер - бұл көптеген бөлшектермен ерекшеленетін (мазмұны, ерекшеліктер, формалар, әдістер) салыстырмалы дербес жүйе. БАҚ-ның өзгешеліктері - жариялылық, яғни қолданушылардың шектелмеген ортасы; кез келген бағдарламаға, хабарламаға немесе мақалаға деген танытылған қызығушылыққа байланысты өзгеріп отыратын аудиторияның тұрақсыз мөлшері [4, б. 25] .

Журналистика өздігінен түрлі дамыған техникалық коммуникация құралдарын қолданумен тікелей байланысты - баспасөз (ақпаратты баспа мәтін және сурет арқылы тарату құралдары), радио (электромагниттік толқындар арқылы дыбыстық ақпаратты тарату) және телевидение (электромагниттік толқындар көмегімен дыбыстық және видео ақпараттарын тарату; радио мен телевидение үшін қажетті қабылдағыштың қолданылуы міндетті болып келеді) [5, б. 107] .

Осы коммуникациялық құралдардың қолданылуына орай БАҚ-ның төрт жүйесі пайда болды:

БАҚ

Олардың әрбіреу көптеген арналардан тұрады - бүкіл әлем бойынша және шағын аудандарда да (облыс, аудан, өңір) таралу мүмкіндігі бар жеке газеттерден, журналдардан, кітап өнімдерінен, радио және телевидение бағдарламалары. Әрбір жүйе өзіндік ерекшеліктерге негізделіп БАҚ-ның өзіне тиесілі міндетін атқарады [5, б. 108] .

Баспасөз (газеттер, апталық басылымдар, журналдар, кітаптар) БАҚ жүйесінде ерекше орынға ие болды. Баспа білдегінен шыққан өнім басылған әріптік мәтін, фотолар, суреттер, плакаттар, сызбалар, графиктер және басқа да бейнелі-графикалық түрдегі ақпаратты қамтиды, олар оқырман-тындаушымен ешқандай да бір қосымша құрылғылардың көмегінсіз қабылданады (себебі радио-телевизиялық ақпаратты қабылдау үшін теледидар, радиоқабылдағыш, магнитофон т. б қажет) . Баспасөз баспаларын өзінмен алып жүру және қолайлы уақытта, ешкімге кедергі жасамай, қолайлы жағдайларда қолданып, ақпарат алу ыңғайлы.

Бірақ та баспасөздің де басқа коммуникация құралдарынан ұтылатын ерекшеліктері бар. Егер де телевидение мен әсіресе радио ақпаратты үздіксіз беруге қабілетті болса, баспасөз өз кезегінде технологиясымен газет-журналдардың, кітаптардың шығарылым нөмеріне тікелей тәуелді болып келеді. Қазіргі уақытта басылым жиілігі күн сайынғыдан (газет) жыл сайынғыға дейін барады. Әрине газет басылымдарын, әсіресе шұғыл ақпараты барларды, тәулігіне бірнеше рет шығаруға болушы еді (басқа коммуникация құралдары дамымаған жағдайда солай жиі болып тұратын), бірақ та бұл басып шығару мен жеткізудің қиындықтарына байланысты, сондықтан да радио мен телевидениенің кең таралуымен сондай жағдайлар тоқтатылған болатын [5, б. 109] .

Радиобайланыс (радиотолқындарды қолданатын - эфирлік таратылым, сымдар арқылы жүзеге асырылатын - сымдық таратылым) шектелмеген арақашықтыққа ақпаратты тез арада таратуға мүмкіндік береді, белгі беру таратылым кезінде жүзеге асырылады (немесе - өте үлкен арақашықтыққа тарату кезінде - аз ғана іркіліспен) [5, б. 110] .

Бірақ та радионың ерекшеліктері оның кейбір кемшіліктерін де айқындайды. Радиотаратылым өздігінен ықтиярсыз болып келеді - таратылымды тек қана ол эфирге шығатын кезде ғана және студияда берілген тәртіппен, екпін мен ырғақпен тындауға болады. Радионың бұл ерекшеліктері белгілі бір тындармандар бөлігінің мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, бағдарламаларды уақытты дұрыс үлестіру, іс-әрекет түрі, белгілі бір уақыт аралығындағы тындармандардың психикалық және физикалық жай-күйін ескере отырып құрастыру [6, б. 104] .

Телевидение адамзат өмірінде 30-ы жылдары пайда болып, радио сияқты XX-ғасырдың 60-жылдарында бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі үздіктердің бірі болды. Одан кейін ол ілгері дамып бірінші орынға шықты.

Телевизиялық өзгешелік радио мен кино мүмкіндіктерінің тоғысуынан пайда болды деп те айтуға болады. Радиодан телевидение ұзақ арақашықтыққа радиотолқындар арқылы белгі беруді алса - бұл белгі кинематографиялық ерекшелігі немесе фотокадрдың, сызбаның, графиктің ерекшеліктері бар видео- немесе дыбыстық ақпаратқа ие. Теледидар экранында сонымен қатар баспа мәтіні де көрсетілуі мүмкін [6, б. 105] .

Радиода да сияқты, телевидениеде студиядан да, оқиға болған жерден де шұғыл көрсетілімдерді ұйымдастыруға болады. Телевидениеде «аудио» және «видео» бір деңгейде бола алады, бірақ керек кезде таратылым екпіні тек қана дыбысқа немесе бейнеге қойылады (мысалы, сурет галереясынан көрсетілім) . Телевидениенің өзгешелігі барлық бағдарлама түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды - публицистикалық, көркем және ғылыми-көпшілік [6, c. 106] .

Бұл БАҚ-на соңғы онжылдықта қарқынды дамып келе жатқан ақпарат арналарының төртінші түрі - ғаламтор қосылды, оның маңызды бөлігін бұқаралық ақпарат алып жатыр. Бұл газеттердің электрондық нұсқалары және дайджесттері, яғни желілік газеттер мен журналдар, радио- және теле- «желілік таратылым», дәл сол уақытта мазмұны ауысып отыратын және алынатын жеке журналдардың сайттары («парақшалар») . Осылайша компьютерлік желілер барлық БАҚ түрлерінің мүмкіндіктерін қамтиды, бірақ та басылған мәтіндер тек монитордан ғана оқыла алады (керек кезде принтерден шығарыла алады) . Айта кететін жайт ақпараттың көп бөлігі шетел тілдерінде болғандықтан және компьютердегі аудармашы бағдарламасының болған жағдайдын өзінде де көпшілікке ақпаратты толығымен меңгеріп алуға қиындық туады.

Бұқаралық баспасөз - бұқаралық ақпарат құралдарының негізгілерінің бірі болып табылатын XX-ғасырдың басында пайда болған феномен. Терминді толық түсіну үшін пәнге тереңдей түсіп, жұмыс барысында қолданылатын негізгі терминдерге анықтама беруіміз абзал. Бұқаралық ақпарат құралдарының анықтамаларының ішіндегі Александр Князевтың БАҚ Энциклопедиялық сөздігінде берілген анықтамасы мағынасын ең толық айқындайтыны болып табылады:

масс-медиа - бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық хабарламалардың көмегімен жүзеге асатын бұқаралық арақатынастың түрі. Заманауи бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз құралдарын (газеттер, журналдар, кітаптар), кинематограф, радио, телевидение, дыбыстық және бейнежазбалар, бейне және телемәтін, жарнамалық тақталар, бейнеорталықтар, телевизиялық, телефон, компьютерлік және басқа да байланыс желілерінің үйлесімділігі. Бұл құралдардың барлығы да келесі сапалық көрсеткіштермен байланыстырылады: бұқаралық аудиторияға бағытталуы, қолжетімділік, ақпаратты өндірудің және таратылуының корпоративті ерекшелігі [7, б. 25] ;

баспасөз - бұқаралық мерзімді басылымдардың жиынтығы (газеттер, журналдар) . Алғашында баспасөз ретінде бұқаралық оқырман үшін арналған жалпысаяси мерзімді басылымдар қолданылатын. Мерзімді басылымның дамуы мен өзгешеленуі арқасында мақсатты (мысалы, ғылыми баспасөз), мазмұнды (мысалы, спорттық баспасөз) оқырмандардың түріне (мысалы, жастарға арналған баспасөз) бағытталған бұқаралық мерзімді басылымдар қалыптасты [7, б. 26] .

Баспасөздің жіктелуі өте көп, бірақ аудиторлық ерекшелік бойынша баспасөз сапалы және бұқаралық болып бөлінеді. Осы терминдердің анықтамасы А. Князевтың сөздігінен алынған:

сапалы баспасөз (quality newspaper, quality magazine) - сауаптылығы жоғары оқырмандарға арналған маңызды әрі беделді басылымдар, газеттер мен журналдар. А. Князев сонымен қатар сапалы баспасөзге әдетте таблоидты немесе сары баспасөз қарама-қайшы тұратынын атап өтеді [7, б. 26] .

Таблоидтар - өз рейтингін көтеру және жарнамадан түскен кірісті көбейту мақсатымен бұқаралық оқырмандардың қызығушылықтарына бағыт алатын газеттер. Таблоидтар сапалы баспасөзге қарама-қайшы тұратындарының себебі - табыс табу мақсатымен басылымның сапалық толықтығына немқұрайлы қарайды [7, б. 26] .

Бұқаралық баспасөздің келесідей анықтамасы бар:

бұқаралық басылымдар - оқырмандардың кең аудиториясына бағытталған газеттер, журналдар, апталық шығарылымдар.

Бұқаралық баспасөздің негізгі белгілері мен атқаратын міндеттері:

  • бұқаралық сұранысты қамтамасыз ету арқылы табыс табу;
  • қоғамдық пікір мен бұқаралық сана-сезімді қалыптастыру;
  • шетелдік және отандық қолданыс тауарларын жарнамалау;
  • бұқаралық сайлаушыны қалыптастыру және электоратты қамтамасыз ету [7, б. 27 ] .

Бұқаралық ақпарат құралдары әрбір адамның өмірінде және жалпы қоғамда, әсіресе қазіргі уақытта, маңызды рөл атқарады. БАҚ-ның атқаратын міндеттерін адам іс-әрекетінің түрлі саласынан бақылай аламыз: саясатта, экономикада, мәдениетте, спортта, ғылымда, білім беруде т. б. Біз өмірдің бұл салаларының біреуін де бұқаралық қатынастарсыз елестете алмаймыз [8, б. 94] .

БАҚ әлеуметтік институт сияқты идеалогиялық және саяси әсер ету, әлеуметтік тұтастықты қолдау, ақпараттандыру, ағарту, ойын-сауық, сонымен қатар аудиторияның кез-келген ақпараттан бір мағынаны шығару сияқты қызметтерді атқарады.

БАҚ-ның келесідей атқаратын қызметтері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Ағылшын тілі мектепте
Ағылшын тілін оқытудың маңызы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz