Психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерін анықтау


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің
даму динамикасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В050300 - «Психология»
Семей
2019 жыл
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қорғауға жіберілсін»
Психология кафедрасының меңгерушісі
псх. ғ. к., доцент
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасы »
мамандығы (шифр) - 5В050300 -Психология
Орындаған
Ғылыми жетекшісі
Норма бақылаушы
Семей
2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жағдайында қоғам адамгершілікті, рухани бай және шығармашылықты, кәсіби және тұлғалық мәдениеттің жоғары деңгейіне ие, Қазақстанды қайта құру үдерісіне қатысуға белсенді қызығушылығы бар адамдарға өткір қажеттілік пісіп жетілді. Отбасы мен мектеп жас тұлғаның тұлғалық өзіндік ерекшелігінің негізін қалайды және оның болашақтағы мінез-құлқының стереотиптерін қалыптастырады, дегенмен, тұлғаның түбегейлі қалыптасуы студенттік жылдарда орын алады.
Білім алушылар - жастардың неғұрлым белсенді, ықпал етуге шалдыққыш және болашаққа бағдарланатын бөлігі. Сондықтан, жоғары ілім жүйесіне бірқатар мемлекеттік құжаттарда белгіленген ерекше талаптар қойылады. Мысалы, ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды»- деп әр жыл сайын сауаттылығы жоғары бәсекеге қабілетті, белсенді қалыптастыру міндетін қойып отырғандығын байқаймыз.
Бұл дипломдық жұмыста болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасының жан-жақты қырларын және жаңа құрылымдарын көрсетуге бғытталған. Әр бір тұлға, өз жасына қарамастан немесе жасына қарай өзіндік қадамдар жасайды. Оны біз тұлғаның өмірлік жолы деп те атаймыз. Бірақ өмірде тұлға өзіндік бір даму сатысынан өтеді оны өздігінше педагогикалық және психологиялық көзқарас тұрғысынан сипаттап көруге болады. Ол келесідей жас ерекшеліктеріне қарай және түрлі жас ерекшеліктеріне қарай, өзіндік сипаттамасымен ашып көрсетуге тырыстық.
Жоғары білім берудің көп деңгейлі жүйесін ұйымдастыру білім беруді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер ашады. Мамандық алуға жеке-шығармашылық, жеке-бағытталған тәсіл. Әлеуметтік дамудың қазіргі заманғы үрдістері контекстінде мыналар ерекше өзектілікке ие болады:
Отандық білім әлемдік мәдениетке бірігу проблемасын шешу арқылы, гуманитарландыруды, IT - технологияландыру арқылы жоғарғы оқу орындарының дербестігін, мемлекеттікпен қатар, мемлекеттік емес білім беру жүйесін дамыта отырып, өскелең ұрпаққа көптеген білім көздерін және бұрыңғысша ойлауды емес, басқаша ойлауды үйретуге тырысу керектігін анық бекіткен.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде тұлға әлеуетінің алуан түрлері зерттеледі: шығармашылық (Л. В. Елагина [1], М. В. Корепанова [2], П. Ф. Кравчук [3], Л. В. Мещерякова [4], К. В. Петров [5], О. Г. Степанова [6], Е. А. Шамин [7] және т. б. ) ; зияткерлік (В. И. Богдашев [8], Е. А. Косьмина [9] және т. б. ) ; коммуникативтік (Р. А. Максимова [10], С. И. Самыгина [11], Е. Н. Сурков [12], Л. Д. Столяренко [13] және т. б. ) ; рухани, рухани-адамгершілікті және эмоционалды-адамгершілікті (Н. В. Попова [14], О. В. Трескина [15] және т. б. ) ; инновациялық (Д. Ф. Ильясов [16], Е. А. Пагнаева [17], И. В. Резанович [18] және т. б. ) ; мансаптық өсу (А. А. Деркач [19], Ю. В. Синягина [20], О. В. Фаллер [21] және т. б. ) ., мұғалімнің әлеуеті Б. А. Тұрғынбаева [22], маманның кәсіби-педагогикалық әлеуеті Н. Э. Пфейфер [23] .
Бүгінгі күні болашақ психолог мамандарды дайындайтын оқу орындарынын саны көп десе де болады. Бірақ бүгінде психолог маманы болғысы келетін студенттердін қарасы, күннен күнге азаюда. Осы жерде біз неліктен деген сауал қоюымызға болады. Бүгінде біздің отанымыз көп ұлтты егеменді ел екенін барлығы біледі. Бірақ ғылым - психология - әлеумет әр күн сайын дамып отыр. Неліктен осы үш нәрсені алып отыр деп ойлайсыз. Өйткені бұлар адамның дамуына керек ең негізгі тетіктер деседе болады. Күнделікті біз әр түрлі проблемалар мен кезігеміз. Бұнда ғылымның немесе психологиянын және әлеуметтін осы проблемаларды шешуде көмек береді. Яғни ғылым бұл өз алдына көпшілікке қарағанда өзгеше ойлау. Психология бұл жеке тұлғаның барлық әлемді қалай қабылдау керек екендігіне септігін тигізетін сала болса, оның ішінде жеке тұлға психологиясы, кәсіби құзырлық теориясы, кез-келген мәселеде көмек беруге, қарапайым студенттерге ЖОО білім жүйесіне қалыптасуға көмек береді. Әлеумет болса, бізді қоршап отырған дүниені түсінуге және басқа тұлғалар мен қарым-қатынас жасауға, өмір ағысынан қалып қалмай, өзіндік кәсіби немесе тұлғалық жол қалдыруға мүмкіндік беретін орта десе де болады.
Қазіргі кездегі үздіксіз дамып отырған технологиялардың және роботизация процесі кезіндегі адами құндылықтардың және кәсіби қабілеттердің жоғалмауын қамтамасыз ету. Яғни болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасын анықтау қазіргі уақыт тенденцияларымен өзектес.
Зерттеу объектісі: болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасы.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасын анықтау. Зерттеу міндеттері:1. Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасының теориялық негіздерін айқындау;
2. Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің дамудың компоненттерін, өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
3. Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасын анықтаудың әдістемесін әзірлеу.
4. Болашақ психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму жолдарының тиімділігін эксперимент арқылы тексеру және тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің болжамы: Егер студенттердің іс-әрекеті психологиялық- әлеуметтік дамуы сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбының мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық әдебиеттерге, зерттеліп отырған мәселеге қатысты еңбектерге теориялық жұмыс жасау барысында: талдау, жинақтау, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, салыстыру, әдістері; педагогикалық эксперимент жүргізуге байланысты: бақылау, сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында салыстыру, қорыту аналитикалық әдістері; эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің негізгі ойы. Әр бір тұлға, өз жасына қарамастан немесе жасына қарай өзіндік қадамдар жасайды. Оны біз тұлғаның өмірлік жолы деп те атаймыз. Бірақ өмірде тұлға өзіндік бір даму сатысынан өтеді оны өздігінше педагогикалық және психологиялық көзқарас тұрғысынан сипаттап көруге болады. Бұнда яғни студенттердің кәсіби-тұлғалық даму қырлары белгілі бір әлеуметтік, психологиялық - педагогикалық даярлықтан өтеді. Сондықтан осы кезеңде студенттердің тұлғалық және кәсіби даму ерекшеліктері әр түрлі екендігін дәлелдеу. Дәлелдеу барысында белгілі бір өзгерістерге ұшырауы да мүмкін. Студенттердің әлеуметтік қысым барысында өзін жаңа қырдан тани білу маңызы.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ студенттің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасының қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің жаңалығы: Студенттердің тұлғалық-кәсіби және жеке ерекшеліктерінің ерекшеліктері ғылыми негізде талданып, болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды. Тенденциялардың әр дайым дамып отыруы қазіргі заманғы жаңа білімді қалыптастыруда, жеке тұлғаның немесе студенттің өзіндік психологиялық жаңа құрылымды қалыптастыру маңызды жаңалық болып отыр.
Зертеудің практикалық маңыздылығы: ЖОО педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктеріне эксперимент жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау. Яғни студенттердің жекелей ерекшеліктерінің даму динамикасының қалыптасуы және оқу - процессі барысында олардың психологиялық көрінісін бағалап, оған қазіргі заманғы дамудағы баға беру.
Зерттеу базасы: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогикалық факультеті.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Студенттердің әлеуметтену процесі және жеке тұлғалық ерекшеліктері
Қазіргі кезде тұлғаның, тұлға болып қалыптасуын және тұлғаның тұтастығын, даралығын сипаттайтын көп жақты концепциялар бар. Яғни тұлға алдын ала пластилинмен тұлғаның сұлбасын жасап дайындап берілген нәрсе емес, тек адамға тән бірегей өзін-өзі активтендірудің «ашық мүмкіндігі» іспеттес мүмкіндіктер жиегі көп болып табылады. Қазіргі отандық зерттеушілердің қызығушылығы жиі тұлғаның тұтас дамуының заңдылықтарын анықтауға, адам бойындағы ерекше адами, оның рухының жоғары көріністерін зерттеуге жүгінеді. Зерттеу үшін біз, ашық түрде ғылымға жүгіне отырып ондағы өзін-өзі ұйымдастыру жүейсіне және зерттелген құбылыстарды ұарастыруға мүмкіндік беретін қалыптастыру динамикасы. Құндылықтарды зерттеу, шығу тегі, жеке, мәдениетте бекітілген және онда бар өзінің мінсіз нысаны, олардың нақты тұлғаның өмірлік әлемінің аффективті-мағыналық, жеке-тұлғалық құрамдас бөлігіне айналуы, оның ерекше өлшемін білім беру процесі шеңберінде жүргізуге болады.
Психологиялық жүйелер теориясы шеңберінде құндылықтар тұлға бойына сіңірілмейді, олар тұлғаның көп өлшемді әлем өлшемдерінің біріне, оны кеңістік ретінде тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін іске асыру үшін өмір әлеміне айналдыру [1] . Құндылықтар бұл көзқарас пен қарағанда адам өмірін, шын уайымдайтын, тұрақты-шындық көзіне және реальды өмірге әкеп соғады. Кейде ішкі әлем ұқсастықтарына қарай тұлғаларды өмірлік жолда бірге кездестіріп жатады. Ол бірыңғай құндылықтар арқылы анықталып, сарқылады. Осы ойлармен келесі психологиялық жүйе теорияларды қалыптастыруға болады. Олар:
- Ойлар мен құндылықтарды анықтайтын тұтастық санатына сүйене отырып, тұлғалық- кәсіби қалыптасуды зерттеуге мүмкіндік береді.
- Санатты негіздеуге мүмкіндік беретін тұлғалық-кәсіби қалыптасу тұлғаны түбегейлі қайта құру процесін және өзінің ішкі дүниесінің белсенді сапалы өзгеруін қамтамасыз ететін ашық өзін-өзі реттейтін біртұтас жүйені білдіретін принципті жаңа құрылыс пен өмір сүру тәсілі. Бұл контексте тұлғалық-кәсіби қалыптасу кезең-кезеңмен жүзеге асады (оған тән жеке ерекшеліктері бар) қатысатын кәсіби ойлау, әлемнің қалыптасатын кәсіби картинасының тұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету және жеке тұлғаның өзін-өзі дамуын қамтамасыз ету.
«Тұлғаның кәсіби қалыптасуы» ұғымы қазіргі заман психология өкілдерімен тығыз байланысты (Е. А. Климов, Т. В. Кудрявцев, Е. М. Борисова, Э. Ф. Зеер, А. И. Щербаков, С. Г. Вершловский, А. К. Маркова, Л. М. Митина және т. б. ) . Біздің ұстанымыз Е. А. Климов пен жақын. Яғни даму терминін, кездейсоқ жоғары өзгерісті бағалау ретінде қабылданса, онда бұнда біз жеке тұлғаға даму үшін, қандай өзгерістер керек қылса, біз оған жәрдем беруіміз керек десе де болады [24] .
Жеке адaм санасы мен ақылы арқылы даралана отырып индивидуалды статус иесі. Оның вербальды және вербалды емес қарым-қатынас түрі, еңбектену процесі арқылы қоғамдық жағдайда, бір-бірiмен қарым-қaтынаста қарaстырылады. Жекe адам - дүниeтаным қабiлеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.
Психолог ғалымдар жеке тұлға - әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адами индивид деген түсінік берсе, әлеуметтік психологтар бәрінен де маңыздысын сезімді өз басынан өткізу арқылы, мен - тұжырымдамасын тұлға әлеуметтік рөлде көрсете білу керектігін ашып айтады. Яғни жеке тұлға өзіндік адами сапаларды қалыптастыра отырып, оларды қоршаған ортамен қарым қатынасқа түсе отырып өзіндік жеке тұлғалық немесе кәсіби машықтарын үйренеді десе болады.
Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз-ақ дамып отыратындаған да ескерген жөн. Мәселен, адал әрі шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез-келген студентте кездесе береді. Студенттердіңң іс-әрекетіндегі әр қилы кемшіліктер осы төрт түрлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмкін. Айталық, студенттің зейінсіздігі: а) білімі мен дағдысының болмауынан, белгілі істі орындауда өз зейінін сол нәрсеге аудара алмауынан; б) зейін аударуға қиналуы жүйке қызметінің қозғалтқыштық әсерінен; в) тәртіпсіздігі мен ұқыпсыздығынан болуы ықтймал. Бұлар - тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне қатысты сапалық қасиеттер. Бұлардан басқа студенттердің мінезі мен қабілетінің кемістітерін көре білу үшін оның өзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу керек.
Тұлғаны танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыластығы, ынталы болу, оған ұмтылу жеке тұлғаның бағыт-бағдарын білдіреді. Тұлғаның бағыт-бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Тұлғаның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды?» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, тұлғаның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады.
Жалпы, тұлғаның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады: 1) Бағыт деңгейі тұлғаның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді. 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай тұлғаның биік мұраты мен ұштасады. 3) Кеңдігі студенттің ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі - оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт-бағдар кеңдігі тұлғаның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапта дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер студентті тоқшарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы - ұнамсыз қасиет. Осы орайда, «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақалдың тәлімгерлік мәні ерекше. Студент үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты игеруі - саналы азамат болудың шарты. 4) Қарқындылығы. Бұл студенттің сезімі мен эмоциясының айқындылығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек ынтаға ден қоюы, белсенді әрекет етіп, іске жігерімен кірісу тұлғаның сенімін арттырады. 5) Бағыт-бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кеін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл - бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқып, белгілі математик не филолог болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт тұрақтылығы тұлғаны игі мақсатқа жеткізеді. 6) Студенттің әрекетшілігі - оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең.
Жеке тұлғаның түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер - тұлғаның қажеттіліктерімен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі. Сондай қажеттіліктердің бастылары - биологиялық (тамақты, ауа мен суды, жылылықты) қажетсіну; тарихи дамуда қалыптасатын заттық (киім - кешек, тұрғын - үй т. б. ) қажеттіліктері; рухани (ақыл-ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық көркемділік пен әдептілік) қажеттердің бәрі де еңбек процесі мен, әралуан іс-әрекет түрлерімен өтеліп отыратыны мәлім [25] .
Қажеттіліктерді қанағаттандыруда тұлғаның көңіл-күйінің ерекшеліктері айқын байқалады. Мәселен, тұлғаның құштарлығынан оның іс-әрекетінің әлсіздігі мен дәрменсіздігі байқалса, ал ықылас-ынта қоюдан белгілі іске қол жеткізу керектігін түсінгендігі аңғарылады. Көңіл-күйдің шарықтап өсуі тұлғаның белгілі бір бейнеге еліктеп, сондай болсам екен деген ниет-тілектерін білдіреді. Бұл - тұлғаның іс-әрекет бағытындағы мұрат деп аталатын қасиет. Сондай-ақ, тұлғаның іс-әрекет бағдарында оның дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік қасиеттерінің де қалыптасып отыратын айқын нәрсе. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері қоғам өмірінің талаптары мен ұштасып, оның бойында ар-ұят, ұждан сияқты қасиеттердің дамып, қалыптасуына ықпал етеді. Ұждан-тұлғаның өз басындағы ар -ұяты мен намысын қастерлей білуі. Ар- ұяттың көрінісі - ұялу - тұлғаның өзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жақынсыз қылықтарына байланысты көңіл-күйін, білдіруі. Ар-ұятқа қатысты түсініктер - мадақтау, көтермелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойындағы адамгершілікке тән мұндай қасиет-ерекшеліктер оның әр қилы іс-әрекеттері мен өзге адамдар мен қарым - қатынасынан айқын көрініп тұрады.
Жеке тұлғаныңқарым қатынастар ең алдымен оның қоғамдық және әлеуметтік өмірі мен практикалық қатынасының негізінде дамиды. Зерттеушілер көбінесе жеке тұлға құрылымын келесідей түсіндіреді:
- Әр түрлі қасиеттер, өазара әсерлесетін қажеттіліктер мен мүдделер, идеялар, практикалық мақсаттар жүйесі енетін жеке тұлғаның өзіндік бағыттылығы. Бұнда қалғандары көмекші рөлді атқарса, оның ішіндегі біреуі жеткеші мәнге ие.
- Компонент екі. Табысқа жетуде жеке тұлғаның мүмкіндіктері, оның қабілеттері басым дейді. Сонда А. С. Пущһшкин өзін тарихшы, суретші ретінде көрсе, бірақ оның ақындық дарыны басым екенін өзіміз де білеміз.
- Мінез бұл үшінші компонент ретінде қарастырылса, бұнда келесідей түсінік келтіріледі. Яғни адамның әлеуметтікөмірінде қалыптасатын рухани өмір мазмұны мен формасының бірлігінен тұратын күрделі матрицалы синтетикалық білім беру. Бір сөзбен айтқан да тұлғаға өзіндік тәлім-тәрбие беруде және ата мен бала сабақтасытығының ең негізгі көзі екендігін айтады.
Жеке тұлғаның шындық өмірмен байланысы психикалық процестерді қамтамасыз ету арқылы, жеке тұлғаның қасиеті қалыптасады. Қалыптасқан қасиеттер өз кезегінде процесс ағымына әсер етеді. Жеке тұлғаның психикалықөмірінің құрылымы кұрделі, көп қырлы және қозғалыста болу арқылы, барлық компоненттері өзара байланысты және өзара шарттас болады.
Жеке тұлға психикасындағы қатынастардың сыры тұлға мінезіндегі мақсатты сезімдері арқылы жете түсініп, ойлауы арқылы қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдар мен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болды деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол үш элементтерден құрылады:
- Жұрт мені қалай қабылдайды;
- Жұрт менің сыртқы түрімен қалай әсер етеді;
- Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Осылайша, К. Д. Ушинский жастар кезеңін адам өміріндегі ең шешуші екенін мойындап және оны шектеді 16-23 ж. ж. Д. Б. Бромлей ерте ересек жас аралығын 18-21 десе. Ал Б. Г. Ананьев ерте ересек жас аралығын 18-21 деп айтқан болатын. Орта есеппен авторлардың көпшілігі жастар кезеңінің төменгі шекарасы болып бастапқы әлеуметтендіру пайда болған кезде 16-17 жас аралығы деп санаса. Әлеуметтендіруді аяқтау кезеңі 24-25 жас аралығы делінсе, ол жоғарғы шегі деп аталады, яғни кәсіби, отбасылық, мәдени функцияларды меңгеру. Тұлғаның ұжымдағы жағдайы, ұжым мүшелері арасындағы қатынас сипаты маңызды орын алады [26] .
Жеке тұлғаның құрылысына биологиялық та, рухани да, әлеуметтік те, психикалық та элеменнтер кіре отырып, жеке тұлға статусын қалыптастырады. Яғни олар, бір біріне қарсы келмей, бір-бірін толықтыра отырып, бір-біріне үндесу керек екендігін түсіну керекпіз. Егер осында үндесу болса, онда ол басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге қабілетті, салауатты, қалыпты жеке тұлға деген атқа ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz