Ұялы байланыс желі ұрпақтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚAзAқстAн республикAсы білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Сәтбaев aтындaғы Қaзaқ ұлттық техникaлық зерттеу университеті
Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институты
Электротехникa, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кaфедрaсы

СӨЖ

Тaқырыбы: Әлемдегі жылжымалы байланыс жүйелерінің дамыту жағдайы


Жұмысты орындау сапасы
Баға
диапазоны
Орындалған,
%
1
Орындалған жоқ, сабақта себепсіз болмауы
0%

2
Жұмыстың орындалуы және студенттің
белсенділігі
0-50%

3
Жұмысты рәсімдеу
0-20%

4
Анықтамалар мен техникалық
әдістемелерді, пәннің оқу-әдістемелік
кешенін, лекция конспектілерін қолдана
білуі
0-5%

5
Техникалық құралдарды пайдалана білу
0-5%

6
Жұмысты қорғау
0-20%

Қорытынды:
0-100%

Орындaғaн: Дубек Ақерке
Мамандығы: 5В071900
Тексерген: Смайлов Н.К.



Aлмaты 2020
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Әлемдегі жылжымалы байланыс жүйелерінің дамыту жағдайы ... ... ... ... ... ... ... .4
5G - ұялы байланыстың бесінші ұрпағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Әлем елдерінде 5G желісінің енгізілуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
6G - ұялы байланыстың алтыншы ұрпағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Кіріспе

Жылжымалы байланыс жүйесі - телекоммуникацияның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Келесі онжылдықтың ішінде барлық байланыстың жартысынан көбі толығымен сымсыз болады деп күтілуде. Қазіргі кезде жылжымалы байланыс жүйесі бай қолданушыларға арналған қымбат құрылғы разрядынан нарықтың басым бөліктерінің біріне айналды. Интернет және оның құрылымдық бөліктерінің жылдам дамуы мобильді жүйелердің болашағы үшін қолайлы жағдай жасады. Жылжымалы кеңжолақты байланыс қызметтерін дамыту тұтынушылардың сұранысына жауап ретінде жүзеге асырылады. Трафик көлемінің болжамды өсуі (2020-2030 жылдар кезеңінде 10-100 есе бағалаулар бойынша), құрылғылар мен қызметтер санының, сондай-ақ баға қатынасындағы қолайлылықты қажетті арттыру және пайдаланушының қабылдауын жақсарту үшін инновациялық шешімдер талап етіледі. Болжам бойынша, Интернетке қосылған құрылғылардың саны 2025 жылдан бастап кез-келген уақытта 50 миллиардқа жетуі мүмкін.

Әлемдегі жылжымалы байланыс жүйелерінің дамыту жағдайы

Сымсыз технологиялардың айрықша қасиеттерiнiң ішіндегі ең көп таралғаны - оның мобилдік мүмкіндіктері. Негізінде таза кабельдік желілер (яғни, абоненттерді қосу үшін кабельдерді пайдаланатын және магистралды желілер) үшін жылжымалы (немесе мобилді) абонентерді қосу мүмкінсіздігі еңсерілмейтін шектеу (кедергі) болып табылады.
Бұл шектеулер коммуникациялардың кез келген түріне - кәдімгі телефонға, факстық байланысқа, мәліметтерді таратуға да қатысты. Көрсетілген шектеулер экономикалық емес технологиялық сипатта болғандықтан басқа мемлекеттердегі сияқты Қазақстанға да әсері бар. Бірақ радио-технологияны қолдану бұл шектеулерді жоюға мүмкіндік берді, сонымен қатар ұялы мобилдік және транкингтік желілердің қарқынды дамуына алып келді. Мобилдік желі негізінен мәліметтерді тарату үшін емес, дауыстық телефон байланыстары үшін қолданылып жүр, бұл жағдай әзірше сақталынып тұр.
Сымсыз желілердің тағы бір ерекшелігі технологиялық емес, таза экономикалық сипатта болуы. Бұл қашықтағы абоненттерді желіге қосу үшін кабельді ұзарту, экономика жағынан өте тиімсіз болғанына байланысты. Бұларға кең аумақ бойынша аз қоныстанған (дұрысын айтқанда байланыс аясынан тыс жерде) немесе алыс, байланыс қиын жердегі пункттердегі топталған абоненттер жатады. Экономикалық тиімсіздікке екі фактор жатады: бірінші фактор - абоненттерге кабельдерді іліп немесе төсеу арқылы жеткізу, екінші фактор - магистралдық кабельдер (тіректік желі). Осы екінші фактор Сауд Арабияға, Бразилияға, Канаданың солтүстік аумағына т.б. мемлекеттерге қаншалықты әсері болса, аумағының кеңдігіне байланысты Қазақстанға да соншалықты әсері бар.
Ал, үшінші фактор экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер үшін маңыздырақ. Бұл жылдамдату факторы - себебі сенімді коммуникация дәл қазір, бүгінгі күні керек, ал кабельді желіні төсеу, қомақты инвестициялар мен ұзақ уақытты талап етеді. Егерде қандай да бір ел қоныстанған аймақтар немесе қалалық аудандар жақсы жаңа кабельдермен жабдықталған болса (көбінесе оптоталшықтық кабельдермен), онда бірте-бірте барлық орнатылған байланыстың (яғни, мобилді емес байланыс) қиындықтарын қазіргі радио-технологиялардың көмегімен шешуге болады. Бірақ бұл үшін қазіргі электронды, коммутаторлы заманауи АТС-ті орнатып, кабельдерді әрбір пәтерлерге немесе бөлімшелерге тарту керек.

5G - ұялы байланыстың бесінші ұрпағы

5G (ағылш. fifth generation-бесінші ұрпақ)-қолданыстағы 4GIMT-Advanced стандарттарынан кейінгі телекоммуникация стандарттары негізінде әрекет ететін мобильді байланыстың бесінші ұрпағы. Жаңа буын байланысының телекоммуникациялық стандарты.
5G технологиясын беруге тиіс өткізу қабілеті мен деректерді беру жылдамдығын арттыру 3G және 4G жүйелерінде пайдаланылатын қазіргі заманғы технологиялармен салыстырғанда спектрдің үлкен көлемін және технологиялардың әлдеқайда үлкен спектралды тиімділігін талап етеді.
Бұл спектрдің қосымша көлемінің бір бөлігі 24 ГГц жоғары жиілік жолақтары есебінен қамтамасыз етіледі, бұл елеулі қиындықтармен ұштасады. Бірінші мәселе миллиметрлік толқындар ауқымына тән таралу сипаттамаларына қатысты. Бұл радиотолқындар орташа (1-6 ГГц) және төмен (1 ГГц төмен) жиіліктер диапазонындағы толқындардан әлдеқайда аз қашықтыққа таралады.
Демек, белгілі бір аймақты жабу базалық станциялар санын едәуір ұлғайтуды талап етеді, бұл инфрақұрылымды күрделендіреді,оның ішінде көшеде, мысалы бағдаршамдарда, фонарлық бағаналарда, ЭБЖ тіректерінде және қоректендіру блоктарында радиожабдықты орналастыруды талап етеді.
Алдыңғы ұрпақтың ұялы байланыс желілері келесі мақсаттар мен функционалға ие болды:
1g: аналогтық желі бойынша сөйлеуді тарату қызметтері
2G: цифрлық желі бойынша сөйлеу қызметі, төмен жылдамдықты деректер беру қызметі (GPRS, EDGE)
3G: IP желісі бойынша дауыс беру мүмкіндігі бар жоғары жылдамдықты деректерді беру қызметтері (HSPA), MBB (Mobile Broadband) Интернетке мобильді қатынау.
4G: LTE, LTE-A базасында MBB мобильді кең жолақты қатынау, дауыс беру (VoLTE)
5G желілері алдыңғы ұрпақтың мобильді желілерінің шектеулі функционалын едәуір кеңейтеді. 5G желілерінің негізгі функционалдық ерекшеліктері:
Мобильді кең жолақты кеңейтілген eMBB (жетілдірілген MBB)
ULLRC (Ультра төмен күту уақыты бойынша сенімді байланыс)
Жаппай IoT IIoT, mMTC (машина түріндегі жаппай байланыс)

1 сурет - Ұялы байланыс желі ұрпақтары
Мобильді технологиялардың бесінші ұрпағы (5G) адамдарды, заттарды, деректерді, қосымшаларды, көлік жүйелерін және қаланы желілік байланыстардың "ақылды" ортасына біріктіреді деп күтілуде. 5G технологиясы "ақылды" үйлер мен ғимараттар, "ақылды" қалалар, 3D-бейне, бұлттағы жұмыс және ойын, қашықтықтан медициналық қызметтер, виртуалды және Толықтырылған шындық, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру үшін жаппай машина аралық байланыс сияқты қосымшаларды қолдайды деп күтілуде. Осы қызметтерді 3G және 4G желілерімен қолдау қазіргі уақытта қиын. Олар деректердің үлкен санын әлдеқайда жылдам беруге, құрылғылардың үлкен санына сенімді қосылуды қамтамасыз етуге және аз кідіріспен деректердің өте үлкен көлемін өңдеуге тиіс.
Базалық станциялар мен мобильді құрылғылар 5G стандарттары үшін жаңа және жылдам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ НЕГІЗДЕРІ туралы
LTE технологиясы көмегімен ұялы байланысты ұйымдастыру
LTE транспорттық желісінің коммутациялық құрылғысы
Арналар арендасыныѕ желісі
LTE Advanced технологиясының мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін зерттеу
Байланыс желілері және олардың классификациясы
Жылжымалы радиобайланыс жүйелері
Ұялы байланыстың транспорттық желі технологиясын таңдау
Сымсыз байланыс желілері
Спутниктік байланыс жүйесі
Пәндер