Стандартты ұялы байланыс жүйелері


Қaзaқстaн республикaсы білім және ғылым министрлігі
Қ. И. Сәтбaев aтындaғы Қaзaқ ұлттық техникaлық зерттеу университеті
Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институты
Электротехникa, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кaфедрaсы
СӨЖ
Тaқырыбы: GSM. Стандартты ұялы байланыс жүйелері
Баға
диапазоны
Орындалған,
%
Жұмыстың орындалуы және студенттің
белсенділігі
Анықтамалар мен техникалық
әдістемелерді, пәннің оқу-әдістемелік
кешенін, лекция конспектілерін қолдана
білуі
Орындaғaн: Дубек Ақерке
Мамандығы: 5В071900
Тексерген: Смайлов Н. К.
Aлмaты 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
GSM. Стандартты ұялы байланыс жүйелері . . . 4
Ұялы байланыс жүйелердің даму тарихы . . . 5
GSM стандартындағы көпшіліктік жеткізу әдістері . . . 6
GSM стандартының қызметтері мен жиілік диапазондары . . . 7
Қорытынды . . . 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
Кіріспе
Ұялы байланыс - мобильді радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі. Оның жалпы қамту аумағы жеке базалық станциялардың қамту аумағымен анықталатын ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтар бір-бірін көмкеріп, желі құрайды. Ұялы байланыстың алғашқы жүйелері 1946 ж. АҚШ-тың Сент-Луис қаласында жасалды. Бұл байланыс жүйелері автомобильдерде орнатылып, жеткілікті дәрежеде үлкен аумақты қамтамасыз ететін бірыңғай орталықпен байланыстырылды. Алғашқы тәжірибелі GSM желісі 1990 жылы пайда болып, 1992 жылы алғаш рет Германияда қолданысқа енді. GSM-900 - қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі. Оператордың жиілік ауқымы 890-960 МГц.
GSM. Стандартты ұялы байланыс жүйелері
Алғашқы ұрпақ қондырғыларының сәйкес келмеуі осы желілердің абоненттеріне өте маңызды қызмет - роумингті ұйымдастыруды мүмкін емес етті. Сондықтан 1982 ж. Скандинавия елдері, Голландия 900 МГц диапазонында ұялы байланыстың аймақтық Еуропалық сандық стандарттын (2 ұрпақ жүйесі) құруды ұсынды. Бұл жүйеде телефония қызметінен басқа абоненттерге мәліметтерді, факстерді, қысқа хабарламаларда және тағы басқа мәліметтерді таратумен байланысты бірқатар қызмет көрсетілуі тиіс еді. Бұл ұсынысты Еуропаның барлық елдері қолдады және ETSІ GSM жүйесіне стандарт шығарды. Келесі жылдары Еуропада бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуының перспективасы ескеріліп, осы стандарт 1800 МГц диапазонында қабылданды. Бұл желіні құруда алғашқы болған Финляндия, мұнда ұялы байланысты қолданушылар саны ең көп (халқының 70%) болды. Қазақстанда GSM стандартындағы байланыс 1998 ж. пайда болды.
GSM-900 - қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі. Оператордың жиілік ауқымы 890-960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы және аккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан 35 км-ге дейін жетеді. GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі - SIM-карта қолданылады. Бұл картада белгілі абонент туралы нақты ақпарат жазылған микросұлба орнатылады, сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады. Әрбір картаның арнайы идентификациялық нөмірі болады. SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі және ондағы барлық ақпараттар сақталады.
Глобальдік мобильдік байланыс жүйесі (GSM) келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:
- сөйлеу ақпаратты жоғары сапассымен беру;
- жабдықтау мен қызмет көрсетудің төмен бағасы;
- жалпыеуропалық ұялы байланыс жүйесі болу қажет;
- радиожиіліктерді тиімді пайдалану және спектрлік тиімділікке ие болу;
- қойылатын талаптарға сәйкес жоғары сыйымдылыққа ие болу;
- цифрлы интегрирленген қызмет көрсету желісімен - ISDN (Integrated Services Digital Network) және басқа ақпарат беру жүйелермен бірлесу қажет;
- ақпарат берудің қауіпсіздігін қолдау қажет;
- халықаралық роуминг қолдау қажет;
- қолданушының ықшам жабдықтауын қолдау қажет.
Қазақстанның ұялы байланыс операторы GSM Қазақстан - Қазақстанның байланыс нарығындағы GSM-900 стандарты бойынша көш бастаушы оператор. Компания 1998 ж. құрылып, Kcell және Actіv сауда белгілерімен жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасының 1058 қаласы мен елді мекенінде Kcell ұялы байланысының қызметтері көрсетіледі, ол негізгі автомагистралдардың 85%-ын қамтыған. Базалық станциялар халықтың 66%-ы тұратын аумағында сигналдың сапалы қабылдануы мен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Kcell 113 елдің 236 операторымен автоматты роуминг, 32 елдің 48 операторымен GPRS-роуминг қызметімен байланысқан. Қазақстанда сондай-ақ, Bеelіne, Pathword, Neo, т. б. байланыс жүйелері қызмет көрсетеді.
Ұялы байланыс жүйелердің даму тарихы
1980-жылдары Еуропада ұялы мобильдік байланыстың аналогтық жүйелердің дамуы басталды, әсіресе Скандинавия, Германия, Франция және Ұлыбритания елдерінде. Әрбір ел өзінің жүйесін шығаратын, бұл жүйелер басқа елдің жүйелерімен жабдықтау және қызмет көрсету бойынша сыйыспайтын. Сондықтан, әрбір мемлекеттің ұялы байланыс жабдықтауы тек қана ішкі пайдалануда болатын және шектелген өтім нарығына ие болатын. Осылай, біркелкі жалпыеуропалық ұялы байланыс стандартты өңдеу қажеттілігі пайда болды.
1982 ж. Еуропа пошта және телекоммуникациялар ведомстволар конференциясы - СЕРТ (Conference of European Posts and Telegraphs) еуропалық жалпы қолданыстағы ұялы мобильдік байланыс жүйесін зерттеу және өңдеу мақсатымен арнайы Group Special Mobile (GSM) тобын ұйымдастырды. Өңделетін мобильдік байланыс жүйесі Глобальдік мобильдік байланыс жүйесі (Global System for Mobile communication, қысқаша - GSM) деп аталды.
1989 ж. GSM стандартын өңдеу және жетілдіру Еуропалық телекоммуникациялар стандарттар институтына берілді - ETSI (European Telecommunication Standards Institute), сонымен 1990 ж. GSM стандарттың бірінші фазасы (GSM 1 - G1) жарияланды.
Төменде Nokia фирмасымен қарастырылған GSM жүйесінің дамуының ең маңызды кезеңдері келтірілген.
-1982 ж. СЕРТ кез келген ұялы мобильдік байланыс жүйесін инициализация жасайды. Еуропалық комиссия - ЕС (European Commission) ЕС мемлекеттер мүшелеріне 900 МГц жолағында жиіліктерді резервке алуға талап қоятын директива шығарды;
- 1985 ж. СЕРТ GSM бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыруға шешім қабылдайды;
- 1986 ж. СЕРТ Париж қаласында 8 GSM жүйесін экспериментті сынау өткізеді;
- 1987 ж. Келісім меморандумы (Memorandum of Understanding - MoU) . Жұмыс жиіліктерді тарату: 890 . . . 915 МГц (терминалдан (мобильдік телефоннан) базалық станцияға) ; 935 . . . 960 МГц (базалық станциядан терминалға) ;
- 1988 ж. - ETSI құрылуы. ETSI құрамына мүшелер ретінде әкімшілік, өнеркәсіпкерлер, қолданушылар тобы кірді;
- 1989 ж. GSM Phase 1 спецификациясы үшін ақырғы кепілдемелер енгізілді;
- 1990 ж. GSM жүйелердің ратификациясы іске асырылды және Рим қаласында 650 қатысушылар мен бірінші әлемдік GSM конгерессі өткізілді;
- 1991 ж. GSM жүйесінде әлемдегі бірінші сөйлесу (1 шілде, 1991) ;
- 1992 ж. Финляндияда бірінші GSM желісі ұйымдастырылды; GSM үшін жаңа диапазондар берілді: GSM 1800 (DCS1800 - Digital Cellular System 1800) : (1710 . . . 1785) МГц (MS тен BTS) ; (1805 . . . 1880) МГц (BTS тен MS) ;
- 1993 ж. Африкада GSM жүйесінің бірінші демонстрациясы: Telecom-93 Кейптаун қаласында. Бірнеше операторлар арсаында роуминг туралы келісім белгіленді;
- 1994 ж. оңтүстік Африкада бірінші GSM желінің ұйымдастырылуы; GSM желілері Таяу және Қиыр Шығыс елдерде, Австралия, Оңтүстік Америка және Африкада енгізілді. 1994 ж. әлемдегі GSM абоненттер саны 1, 3 милллион адам болды. Әлемде 117 GSM желісі ұйымдастырылды. Факсимильдік байланыс, деректер беру, SMS (Short Message Service - қысқа хабарламалар беру қызметі) және роуминг пайда болды. GSM Phase2 стандартталды, GSM 1900 үшін (PCS 1900 - Personal Communication System 1900) . Бірінші GSM 1900 АҚШ-та құрылды. Telecom-95 Женева қаласында демонстрация ұйымдастырды, GSM желісінде 33, 6 кбит/с мультимедиялық деректер беру (Nokia фирмасының шығармасы) ;
-1995 ж. GSM абоненттер саны 5 миллион болды. GSM екінші фазасында (GSM Phase2 - GSM 900/1800) қосымша қызметтер енгізу кепілдеме берілді («қысқа хабарламалар» қызметі жақсартылған, радиожеткізу жетілдірілген және SIM-карта енгізілді) ;
- 1996 ж. әлемде 120 GSM желісі жұмыс жасады;
- 1998 ж. жоғары жылдамды деректер беру тізбектер енгізілді (HSCSD - Speed Circuit Switched Data) ;
- 1999 ж. бірінші мобильдік деректерді беру пакетті радиоинтерфейс (GPRS - General Packet Radio Service) пайдаланды;
- 2000 ж. кейін GSM Phase2 + спецификациясы енгізілді, алдынғы спецификациялардан айырмашылығы - негізінен маркетинг бойынша: кең жиіліктер жолағы және соталар мөлшері кішірек болуы үлкен сыйымдылықты ұялы желілерді құруға мүмкіндік береді.
GSM стандартындағы көпшіліктік жеткізу әдістері
«Көпшіліктік жеткізу» (multiple access) түсінігі көптеген пайдаланушылармен шектелген жиіліктік спектрдың телімін ұйыммен бірге пайдалануға байланысты. Қазіргі кезде көбірек жеткізудің бес нұсқасы белгілі: FDMA; TDMA; CDMA; SDMA; PDMA. Ұялы мобильдік байланыс үшін олардын бірінші үшеуі ғана қолданылады.
GSM стандартында TDMA пайдалангандықтан, FDMA мен бірге көп реттік жеткізудің бірінші екі әдісін қарастырамыз:
1. FDMA әдісі - жиілік бойынша байланыс арналарын бөлетін көп реттік жеткізу іске асыру кезінде қарапайым, өйткені бұл әдісте әр пайдаланушыға байланыс сеансы кезінде өзінің жиілік жолағы бөлінеді. ∆f (жиіліктік арна), оны ол барлық уақытта пайдаланады (1 - сурет) .
FDMA әдісі барлық аналогтық ұялы байланыс желілерінде пайдаланылады (бірінші ұрпақ), сонымен бірге бөлінетін жиілік жолағы ∆f 10 . . . 30 кГц құрайды. FDMA негізгі кемшілігі - байланыс үшін бөлінетін жиілік жолағын тиімді пайдаланбау.
2. TDMA әдісі - уақыт бойынша байланыс арналарын бөлетін көп реттік жеткізу, жиіліктік әр арна пайдаланушылар арасында уақыт бойынша бөлінеді - жиіліктік арна кезекпен бірнеше пайдаланушыларға белгілі бір уақыт аралығына беріледі, яғни іске асырылады, мысалы, бірнеше физикалық арналар бір жиілікте. Мысал ретінде 2 суретте әр жиіліктік арна үш пайдаланушы арасында бөлінетіні ұсынылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz