Сигнализацияның сигналдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқстaн республикaсы білім және ғылым министрлігі

Қ. И. Сәтбaев aтындaғы Қaзaқ ұлттық техникaлық зерттеу университеті

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институты

Электротехникa, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кaфедрaсы

СӨЖ

Тaқырыбы: Телекоммуникациядағы сигнал беру жүйесі

№:
Жұмысты орындау сапасы: Жұмысты орындау сапасы
Бағадиапазоны:

Баға

диапазоны

Орындалған,%:

Орындалған,

%

№: 1
Жұмысты орындау сапасы: Орындалған жоқ, сабақта себепсіз болмауы
Бағадиапазоны: 0%
Орындалған,%:
№: 2
Жұмысты орындау сапасы:

Жұмыстың орындалуы және студенттің

белсенділігі

Бағадиапазоны: 0-50%
Орындалған,%:
№: 3
Жұмысты орындау сапасы: Жұмысты рәсімдеу
Бағадиапазоны: 0-20%
Орындалған,%:
№: 4
Жұмысты орындау сапасы:

Анықтамалар мен техникалық

әдістемелерді, пәннің оқу-әдістемелік

кешенін, лекция конспектілерін қолдана

білуі

Бағадиапазоны: 0-5%
Орындалған,%:
№: 5
Жұмысты орындау сапасы: Техникалық құралдарды пайдалана білу
Бағадиапазоны: 0-5%
Орындалған,%:
№: 6
Жұмысты орындау сапасы: Жұмысты қорғау
Бағадиапазоны: 0-20%
Орындалған,%:
№:
Жұмысты орындау сапасы: Қорытынды:
Бағадиапазоны: 0-100%
Орындалған,%:

Орындaғaн: Дубек Ақерке

Мамандығы: 5В071900

Тексерген: Смайлов Н. К

Aлмaты 2020

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Телекоммуникациядағы сигнал беру жүйесі . . . 4

1 Сигнализацияның сигналдары . . . 4

2 Сигнализация жүйелерiнiң классификациясы . . . 6

3 Ортақ канал сигнализациясының принципі . . . 8

4 ОКС7 сигнализация желісі . . . 9

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 12

Кіріспе

Телекоммуникация - қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Сигнализация - желіні басқаруға байланысты байланыс уақытындағы хабарлардың алмасуын қамтамасыз ететін құрылғылар жиынтығы. Жалпы арналық сигнал беру (ЖАСБ) бір арнаның хабарламаны дербестендіру жолымен, мысалы, көптеген басқа арналарға немесе желіні басқару үшін пайдаланылатын басқа ақпаратқа жататын ақпаратты беретін сигнал беру әдісі болып табылады. ЖАСБ тарататын желі коммутация және әртүрлі типтегі сигнал беруге арнайыландырылған пакеттерді/хабарламаларды беру және байланыс желілерінде процессорлар арасында ақпарат беру желісі болып табылады. Қазіргі уақытта көпшілік пайдалануындағы цифрлық байланыс желілеріндегі қабылданған ЖАСБ №7 сигнал беру жүйесінің ұсынылған ЖАЭ болып табылады.

Телекоммуникациядағы сигнал беру жүйесі

Телекоммуникация кез келген елді мекендегі абоненттер арасында байланыс орнатады. Сондықтан да ТМД бір-бірімен өзара байланысқан байланыс желісі (ӨББЖ) орнатылған.

Біріншілік желі стансалар құрамымен және беріліс сызығынан тұрады. Олар типтік арналар желісін орнатады. Біріншілік желі арналар базасында екіншілік желі пайда болады.

Көпарналы электрбайланыста әртүрдегі сигналдар бөлек арналар бойынша жіберіледі, беріліс жүйесі көмегімен орындалады.

Тарату жүйесі (ТЖ) стансалы жабдық пен сызықты күре жол жабдығынан тұрады.

Тарату жүйесінің классификациясы:

- арналарды бөлу әдісіне қарай: жиілік бойынша бөлу арналары (ЖБА) және уақыттық бөлу арналары (УБА) ;

- сигналдарды тарату түріне қарай: аналогтық тарату жүйесі және цифрлық тарату жүйесі;

- таратылу ортасына қарай: ауа арқылы, кабельді оптикалық- талшықты, радиорелейлік;

- жұмыс істеу аймағына байланысты: магистральдық, ішкізоналық, жергілікті.

Таратылу арнасы - техникалық құралдың құрамы және ортада таратылуы, электр биік байланыс сигналдарын, белгілі бір жиілікте, белгілі бір жылдамдықта екі станция арасында таратушы. Қазіргі таңдағы таратушы көп арналы болып келеді. Көпарналы жүйе бір уақытта көп сигналдарды тарата алады.

Сигнализация - бұл желінің өз функцияларын орындаудағы керектi шарттар: адрес бойынша жекелеген хабарламаларды осы хабарламалардың жеткізілуіне қатысты әртүрлі шарттарды сақтай отырып үлестіру және жеткізу. Сигнализация - бұл сигналдардың жиынтығы, жалғағыш трактілердің әртүрлі этаптағы құру және ажыратуды қамтамасыз ететін станциялар мен түйіндер арасындағы сигналдардың жиынтығы. Басқаша айтқанда, сигнализация жүйесi желідегі коммутациялық түйіндер мен станциялардың абоненттерге қызмет көрсетуде бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Соңғы абоненттік қондырғылар арасында жалғағыш тракт бір немесе бірнеше біртипті немесе әртипті АТСтер арасында орнатылады, олар байланысты орнату және ажырату процесінде сигналдармен алмасады.

1 Сигнализацияның сигналдары

Сигнализацияның сигналдары - бұл ақпаратты тасымалдаушы ретінде қарастырылады, белгілі бір каналға, кіріс хабарламаға немесе желіні басқару прооцедурасына қатысты болады, олар үш түрге бөлінеді:

- сызықты;

- басқару;

- ақпаратты.

Сызықты сигнализация шақырысқа қызмет көрсету процесінде станцияаралық байланыс үшін станцияны линияның немесе байланыс каналының жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл сигналдар қосылысты ұйымдастырудың негізгі этаптарын атап көрсетеді және АТСтердегі қосқыш линиялар жабдықталатын линиялық комплектілердің арасында кез келген сәтте таратылады. Сызықты сигналдардың құрамы коммутациялық жабдықтың түріне, тарату аппаратурасына, желінің және кейбір жекелеген бөліктерінің құрылымы мен тағайындалуына байланысты болады. Олар сызықты сигнализация каналдарымен қосылысты ұйымдастыру сәтінен бастап және қызмет көрсетілетін линияның толық босағанына дейін тура және кері бағытта беріледі. Коммутация жүйелерінде сызықты сигналдар бір звенодан басқа звеноға тізбектей беріліп және қажет жағдайда бір сызықты сигнализация жүйесінен басқасына ауысу болады. Сызықты сигналдардың тiзбектей берiлуi қосылысты ұйымдастыру процесімен анықталады.

Басқару сигнализациясы байланыс желісінде шақырып отырған абоненттің талабы бойынша қосылысты ұйымдастыруға қолданылады және шақырылып отырған абоненттің линиясының нөмірі туралы (адрестік ақпарат), АТСтердегі басқару құрылғысының жұмыс режимі туралы желінің жұмыс режимі туралы, байланыс каналдары туралы ақпарат сақталады. Бұл сигналдардың құрамы коммутация жүйелерінің интеллектуалды мүмкіндіктеріне тәуелді. Интеллектуалдықты, қосылысты дұрыс орнатуды, сөйлесу трактының сапасын жақсартуды арттырған сайын жіберілетін ақпараттың растығын көтеру мақсатымен әрқашан кеңейеді.

Басқару сигналдарының құрамына қосылыс маршруты жайлы ақпарат, алмасуды басқару сигналдары, желіні басқару сигналдары жатады. Қосылысты басқаруда келесілер орындалады:

-абоненттен шақыруды қабылдау;

- шақырылатын абоненттiң нөмiрi туралы мәлiметтiң қабылдауы;

- қабылданған мәлiметтiң талдауы;

- байланыстың бағытты анықтауы;

- АТС-тің коммутациялық өрісінде жалғағыш жолдарды және тиiстi бағытты iздестiру;

- шақыртылған абонентке жауап беруде байланыстың орнатылуы;

- тоқтату сигналын алғаннан кейін байланысты үзу.

Басқару сигналдарының құрамына маршруттау сигнализациясы (адрестiк ақпарат) ; айырбастауды басқару сигналдары; желiнi басқару сигналдары кіреді.

Қаларалық байланыс кезінде маршрутизация сигналдарының құрамына шақырылушы абоненттің нөмірінің цифрлары, станция коды, телефондық аймақ коды, шақырыс категориясының сигналдары, шақырылушы абоненттің нөмірін анықтайтын аппаратура сұрауы (АНА), қосылысты ұйымдастыру түрлері (автоматты және жартылай автоматты), ақпаратты таратуды басқару әдістері кіреді. Кейбір сигналдар трактіні құру үшін қолданылады, ол ақпаратты таратудың сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық сигналдар (абоненттердi ақпараттандыру сигналы) шақырылушы абонентке қосылыстың ұйымдастырылғаны туралы, сондай-ақ шақырылушы абоненттің линиясы мен жалғаушы линиялардың бос немесе бос еместігі туралы ақпарат береді. Ақпараттық сигналдарға "Станцияның жауабы - СЖ", "Шақыруды жiберу - ШЖ", "Шақыруды жiберудi бақылау - ШЖБ", "Бос емес сигналы - БЕС", осы бағыттағы каналдардың бос еместiгi жатады.

Сигнализация ұғымы ЦКЖ (цифрлық АТС) байланыс желісінде функционалдануының сұрақтарына жатады (1 сурет) .

1 сурет - ЦКЖ болатын сөздік және сигнализация сигналдарының өтуі

2 Сигнализация жүйелерiнiң классификациясы

Байланыс желісінде сигнализация сигналдарын тарату үшін каналдарды ұйымдастырудың екі әдісі бар, 2 суретте көрсетілген:

- таңдалған канал бойынша сигнализация;

- ортақ канал бойынша сигнализация.

Таңдалған канал бойынша сигнализация.

Таңдалған канал бойынша сигнализация белгілі бір каналды эксплуатациялау үшін қажет, сигнализация сигналдары осы канал арқылы немесе арнайы таңдалған канал арқылы беріледі, бұл канал ақпараттық каналға бекітілген болады.

2 сурет - Сигнализация сигналдары үшін таңдалған канал әдісі бойынша сигнализация жүйелерінің классификациясы

Егер тарату каналы аналогты болса, онда таңдалған канал бойынша сигнализация үш әдiске бөлінеді:

- сөйлесу жиілік жолағының ішіндегі сигнализация (жолақ iшiндегi сигнализация, жолақішілік сигнализация) Стандартты аналогтық телефон каналының жолағы 3, 1 кГц құрайды (физикалық канал үшiн шектi жиiлiктер 300 Гц және 3400 Гц болып табылады; мұндай канал «тональды жиіліктік канал» деп аталады) . Демек, телефония үшін сигнализацияның «жолақтағы» сигнализация сигналдары оларды 3, 1 кГц жолағында таратуға мүмкіндік беретін қажеттi параметрлері болуы керек;

- сөйлесу жиілігінің жолағы сыртындағы сигнализация («жолақтан тыс» сигнализация, жолақ сыртындағы сигнализация) Сигнализация сигналдарын тарату үшін канал қолданылады, ол ақпараттық каналға бекітіледі және ақпараттық каналдың сыртынан тыс өткізу жолағы болады. Желілік сигнализация жүйелері үшін ақпараттық сигналдың өткізу жолағынан жоғары орналасқан канал қолданылады (мысалы, 3600-4000 Гц жолағы) .

- аралас сигнализация. Мұндай сигнализация жүйесінде сигнализация сигналдарының бір бөлігі ақпараттық каналдардың ішкі жолағында беріледі, ал қалған бөлігі ол жолақтан тыс беріледі. Мысал ретінде қарапайым телефондық аппараттың «тұтынушы-желі» сигнализация жүйесін қарастыруға болады, мұнда шақырушы сигнал (қоңыраудың сигналы) ақпараттық сигналдың жолағынан тыс 50 Гц жиілігімен беріледі.

Егер тарату каналы цифрлық болса, онда сигнализацияның сигналдарының беру үшiн (ӘРК ) жеке цифрлық канал қолданылуы мүмкін немесе уақытпен бөлінген каналдары бар тарату жүйесінің цифрлық каналы қолданылады.

Жеке цифрлық канал қолданылса сигнализацияның негізгі екі әдісі қолданылады:

- дауыстық символдар негізіндегі сигнализация, бұл кезде тактілік интервалдар сигнализация сигналдарын таратуға арналады;

- каналдық интервалдағы сигнализация, бұл жағдайда сигнализация ақпараты тактілік интервалда беріледі, ол каналдық интервалда орналасады.

ЦТЖ қолданған жағдайда, сигнализацияның таңдалған каналы ретiнде үш әдiсті қолдану мүмкiндігі бар:

- дауыстық символдар негізіндегі сигнализация бiр канал үшiн;

- каналдық интервалдағы сигнализация;

- шығарылған сигнализация, сигнализация үшін жеке каналдық интервал бөлінеді, ол жекелеген каналдардың сигнализациясын ішкі каналдарға бөліп, сигнализация сигналдарын тұрақты түрде таратуға арналады.

3 Ортақ канал сигнализациясының принципі

Ортақ каналды сигнализация 7 (ОКС7) - бұл қосылысты ұйымдастыруда басқару ақпаратын барлық сөйлесу каналдарына және деректерді тарату каналдарына деректер блогы (сигналдық хабарламалар) ретінде таратады, ол бір ортақ сигнализация каналы арқылы жүзеге асады. Бұл ИКМ біріншілік трактісінің кез келген уақыттық интервалында ұйымдастырылуы мүмкін (нөлден басқасында), екі өзара әсерлесетін АТС-тер арасында бір-бірімен тікелей байланыс орнататын сигнализация жүйесі (3 сурет) .

3 сурет - Ортақ каналды сигнализацияның принципі

Ортақ каналды сигнализация сигнализацияның және әртүрлі мақсаттағы байланыс түйіндерінің процессорлары арасындағы ақпараттарды таратуы үшін мамандандырылған мәліметтерді берудің ерекше түрі ретінде қарастырылуы мүмкін. Тиімділікті қамтамасыз ету үшін ОКС7 жүйесі желілік элементтердің істен шыққан жағдайында маршруттардың автоматты реконфигурациясы және тарату құралдарына бөгеттердің әсерінен туындаған қателер коррекциясы және анықтау функцияларына ие.

Әдеттегідей, басқа ИКМ-трактысындағы тиімділікті қамтамасыз ету және ОКС7 мәліметтерін тарату үшін резервті канал құрылады. ОКС7 қолдану кезінде басқа тарату жүйесінің уақыттық интервалдары (нөлдіктен басқа) қолданушының мәліметтерін немесе сөздерін тарату үшін жүзеге асырылуы мүмкін. ОКС7-нің бір каналы 1000-ға жуық сөйлесу каналдарына қызмет көрсетуі мүмкін.

4 ОКС7 сигнализация желісі

1) Қолданушының ішкі жүйесі (User Part - UP) сигналдық хабарламалар көзі мен қабылдаушының функциясын қамтамасыз етеді.

2) Сигнализация тармағы (Signaling Point ) - ОКС7-нің сигналдық хабарламаларын өңдеу функциясын жүзеге асыратын кез келген түйін, яғни қолданушының ішкі жүйесі және хабарламаларды тарату жүйесі іске асатын түйін.

3) Сигнализацияның тармағы өзінің ерекше кодымен бiрмәндi анықталады (Signaling Point Code ) .

4) (Signaling Link ) SL сигнализация буыны - сигнализация тармақтарын өзара байланыстыратын мәліметтерді тарату каналы.

5) Екі сигналдық тармақтарды тікелей байланыстыратын сигнализацияның бірнеше параллель буындары сигнализация буындарының шоқтарын (Signaling Link Set ) құрайды.

6) Сигнализацияның транзитті тармағы STP (Signaling Transfer Point ) - сигнализацияның әртүрлі буындары мен қолданушысы жоқ ішкі жүйелер арасында сигналдық хабарламалардың маршрутизация функциясын ғана жүзеге асыратын сигнализация тармағы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылдық және қалалық байланыс желілері
Біржолды автоблокировка рельс тізбектерінің ауысып қосылуы
ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
Өндірістегі сұйықтардың араласу процесінің автоматтандырылуын жобалау
Телебасқару құрылғыларындағы элементтердің ерекшелігі. Телесигнализация
Интеллектуалды желілер пәні бойынша дәрістер
SDH мультиплексирлеу ерекшеліктері
Химия зауытындағы кристалдану процесінің автоматтандырылуын жобалау
Мұнай өңдеу, мұнайхимиялық және химиялық өндірістегі технологиялық қондырғылар
Микропроцессорлық автоблокировка жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz