Адам жақсылыққа жету үшін жамандықтарды басып өтуге мәжбүр


Кіріспе
Фридрих Уилһелм Ницше - ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Ф. Ницше бойынша адам, бір жағынан тек жәндік қана, ("жер бетіндегі бір түрлі ауыру түр"), ал екінші жағынан алғанда әрі бағалаушы, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Оның шығармалары дінді, этиканы, эстетиканы, қазіргі мәдениет пен философияны, өнер мен ғылым салаларын жалпы беттік сынау мен қайта таразылауға негізделген. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып, түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып, жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды. Оның қазіргі заман мәдениетіне ықпалы ерекше болды, әсіресе XX ғасырдағы экзистенциализм, постмодернизм, постструктурализм (Деконструкция), Герменевтика ағымдары Ф. Ницшені өздерінің тікелей ұстазы деп біледі және кейінгі көптеген философиялық, психологиялық, мәдени, әдеби, саяси теория жасаушылар арасында Ф. Ницшенің ықпалына ұшырамағандары кемде-кем. Ф. Ницше идеялары кейінгі неміс фашизміне тікелей қатысы жоқ, әйткенмен олардың Ницше идеяларын өз мақсаттарына бұрмалап пайдаланғаны байқалады.
Ф. Ницше алғашқы шығармашылық ізденісін әдеби филологиядан бастаған. 24 жасында Базель университетінде филология бөлімінде профессор ретінде дәріс бере бастаған. Ол осыған дейін аталмыш орынға отырған ең жас профессор еді. Алайда 1879 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босап, Еуропаны шарлай жүріп, аурумен күресумен болды және осы 10 жыл бойында өзінің әлемді таңырқатқан және тіксіндірген ең маңызды туындыларын жазып үлгірді. 1889 жылы Ницшенің жүйкесі сыр берді және қалған өмірін шешесі мен қарындасының күтімінде өткізді.
1. Ф. Ницшенің негізгі философиялық идеялары
Басты философиялық идеялары "Үстемдік еркі", "Бірегей", "Мәңгілік қайталаным", "Дионистік рух және Аполлондық рух", "Құндылық атаулыны қайта таразылау", "Перспективизм", "Құдайдың өлімі", "Tschandala", "Тіршілікті ұлықтау", "даралықтың тәуекелшілдігі", "Ақырласқан адам", "Дегдарлық және құлдық мораль" қатарлы ұғымдармен байланысты.
1. 1 Құдай өлді (Gott ist tot)
Құдай өлді (ағылшынша: God is dead) - Ницшенің ең бір қате түсінілген философиялық идеяларының бірі. Ол Шаттану ілімінің үш жерінде, сосын, Заратуштра солай айтқан кітабында, сондай-ақ кейінгі басқа да кітаптарында кездеседі. "Құдай өлді" сөзі осы сөздің тіке мағынасында айтылмағаны Ф. Ницшенің идеяларынан хабары бар адам үшін бесенеден белгілі. Мұндағы "өлім" нақты әлемдегі бейне адам секілді өлу дегендікті көрсетпейді. Қайта, Құдай Тағала енді қайтып адамзат қоғамының этикалық өлшемі, ақырғы мақсаты болудан қалады деген мағынаны көрсетеді. Яғни, әңгіме Құдайға деген сенімнің өлуі. Құдайға сенімі таусылған адам үшін этикалық өлшем атаулы дағдарысқа ұшырайды, жақсылық жақсылық секілді адамды тамсандырмайды, жамандық жамандық ретінде адамды ызаландырмайды, "бір адам христиан діні сенімінен бас тартқан кезде ол христиандық этика атаулыдан да бас тартуға тиіс".
Ф. Ницшенің пікірінше, хриситандық сенімнің күйреуіне ілесе оның бүкіл сенімі де күйрейді. Адам қолында ештеңе қалмауы мүмкін. Құдайға сенім ақырласқан кезде бүкіл сенімінің қалыбы, бүкіл обсолютті этикасы түгел ілесе құрыдымға кетеді. Сөйтіп адам өз іс-әрекетінің дәстүрлі өлшемінен айырылады.
Құдайдың өлімі - адамзаттың бұрынғы ғарыш тәртібіне қатысты идеяға сенбеуі, өмірдің негізгі ұстанымдарымен бетпе-бет қарсы келуін көрсетеді. Ол тек ғарыштағы материалдық дүниеге ғана емес, қайта сол дүниенің діни мағынасына, объективті және жалпылық мағынадағы этикалық ереже-заңдар болады, сол бізді басқарып-бақылап-бағалап тұрады дегенге қарсы шығу басталады.
Ф. Ницше көп санды адам бұл ұғымды (Құдай өлді) қабылдай алмайды деп есептейді. Өйткені олардың жан тереңінде жасырынған алапат үрей мен ыза бар. Сондықтан, бұл түрдегі Құдайдың өлімі баршаға белгілі болғанда, олар қатты қайғырады, түңіледі, сосын нигилизмге салынып құтырына бастайды, сөйтіп салыстырмалылық (релятивизм) адамзат қоғамының негізгі заңына айналады. Құдайға сенімнің өзі өмірді қаралау мен теріске шығарудың нәтижесі, өмірден биік өмір бар деп сену нигилизмі болса, ал Құдайға сенімнің өлуі де тағы бір түрлі нигилизмге (бекерлеу) алып барады. Ф, Ницшенің пікірінше, барша армандастырылған, болашақтан үміт күттіретін, идеал қоғам (адам) туралы идеологиялар түгелдей нигилизмге ұласады. (Бұл КСРО кезіндегі марксизм арқылы белгілі бір мағынада дәлелденді. ) Өйткені олар мейлі христиан діні болсын, не басқасы болсын, шынайы негізі жоқ, осы өмірден жалыққан жеңілушілер мен әлжуаз бейшаралардың күштілерді күйретіп, аспаннан алма жауғызу фантазиясы. Нағыз жолды биікке қарай емес, жер астына қарай, адамзаттың өмір сүру негізіне қарай жасау керек.
Жаңа мүмкіндік Ф. Ницшенің ойынша, адамзат Құдайға деген сенімсіз де жақсы, жағымды өмір құруға мүмкіндігі бар. Құдайға сенімнен бас тартқан адам баласы енді өзінің қабілетіне сене отырып, жаңа өмірді бастауға тиіс. Христиан діні Құдайы еркін бұйырық береді, не шектеулер салады, бірақ оған көніп солай істеп жатқан адамдар аз. Табиғаттан тысқары күштің шындығы да күмәнді. Сондықтан, адам табиғаттан тысқары тылсымнан үміт күтпей, осы дүниелік құндылықтарға басымдық беруге тиіс. Құдай өлді деген адам бейне алып мұхиттағы желкенді кемесі бос адам секілді. Онда оның еркіндігі кепілдендіріледі, артық жүктерді қажетсінбейді.
1. 2 Рухтың үш сатысы
Ф. Ницше бернелі (символды) түрде, адам ғұмыры үш рухани сатыны бастан кешіреді дейді. Олар Түйе, Арыстан және Сәби. Яғни адам алғашында түйе болып өмірді бастайды, сосын арыстанға айналады. Сосын арыстаннан сәби балаға айналады. Бұл үш сатыдағы адамның белсенділігі оның өмірде кім болғанын нақты көрсетеді. Түйе сатысы адамның барлық қиындықты арқасына артып, қажымас қайратпен ауыр жүкті арқалап алыс арман қууын көрсетеді. Түйе секілді көтерімді, шыдамды, қайсар, батыл болу арқылы адам толысады, кемелденеді, жетіледі, арықы бір күн күші асып-тасыған Арыстанға айналады. Арыстан сатысы дегеніміз күш-құдіреттің толық жетіліп, жасампаздықтың артып, айналасындағы, өмірдегі жау күштермен айқасудың басталуы. Ол өмірдегі зұлымдық, сұриқялық, жасандылық, өтірік, алдамшылық секілді Айдағар күштермен айқасады және оларды жеңсе даңық мінбесіне көтеріледі. Арыстан әділеттің, күштің, салтанаттың белгісі. Дегенмен, өз айналасын жамандықтан тазартып, ұлтты ұлы іске жұмылдырған Арыстан ендігі жерде Сәбиге айналады. Сәби дегеніміз тазалық, бірегейлік, кіршіксіздік, сафтық, сұңғылалық, әулиелік, қамсыз көркем мінезділік болып ол айналасына үлгі болар дана да, кемеңгер, көреген сұлулыққа жетеді. Бұл идея оның «Заратуштра солай айтқан» кітабының алғашқы тарауында әулие Заратуштраның ауызымен айтылады.
2. Ф. Ницше туындылары
1886 және 1887 жылдары Ф. Ницше Еуропадағы біраз елді кезіп жүргенде жазған нақыл сөздерін, қысқа тұжырымдарын, ұсақ мақалаларын жиып-теріп екі кітап етіп баспадан шығарды: «Жақсы мен жаман сыртында» (1886), «Мораль шежіресі» (1887) . Бұл екі ктапта Ф. Ницше дәстүрлі мораль ережелеріне өршелене шабуыл жасап, Бірегей идеясына жол ашты.
1888 жылы Ф. Ницше іркес-тіркес «Вагнер оқиғасы», «Мүсіннің көлеңкесі», «Антихрист», «Қараңдаршы мына адамға», «Ницше Вагнерге қарсы» деген кітаптарды жазды. Аталған кітаптарда терең мағыналы ойлармен бірге кейбір оңды-солды шабуылдаулар, кейде өзін тым көкке көтерулер байқалады. Бұл оның рухани ауруының тепси бастағанының белгісі болса керек.
2. 1 «Мүсіннің көлеңкесі»
«Мүсіннің көлеңкесі - балғамен қалай философия жасауға болады» (1888ж. ) - Ф. Ницшенің философтарды, мәдениет қайраткерлерін бағалаған, әсіресе соған дейін құрметтеліп келген әйгілі тұлғаларды түгелімен сынға алған кітабы. Кітап аты Вагнердің «Нибелунг жүзігі» делінетін туындысының 4-ші бөліміндегі «Құдайлар көлеңкесі» деген тақырыбынан алынған. Кітап ауқымды емес.
Тақырыбы айтып тұрғандай, Ф. Ницше мұнда мүсін деп адамдар табынатын, таңырқайтын, таңғажайып сезілетін адам, идея, жүйе емексітілген және сол мүсін атаулының артында міндетті түрде көлеңкесі - жамандығы, қателігі, әлсіздігі, зияндылығы болады дегенді меңзейді. Мұнда Ницше көптеген философтарды (Сократ, Платон, Кант және басқа да христиан философтарын) ащы сынға алады. Ол «Сократ мәселесі» деген бөлімінде ешкім де тіршіліктің құнын өлшей алмайды, тіршілік құнын өлшегісі келгендер тіршілікті қаралайтын, немесе тіршілікті тым әспеттейтін қорытынды шығарады деп есептеді.
Оның ойынша, Сократтан бастап (Сократ бас қылмыскер) батыс философиясы азғындады, олар диалектикалық сөз ойнатуды өздерін ақтаудың құралы етіп, ең арғы түпнұсқа бастаулар бұлдыратылды. Ф. Ницше сондай-ақ сол кездегі неміс мәдениетін де аяусыз сын найзасына ілді, француздың, ағылшынның, италияның мәдениет қайраткерлерін мазақтап өтті. Ницшенің ойынша, осынау азғындағандарға салыстырғанда біршама жарқынырақ тұлғалар деп Цезарьды, Наполеонді, Гетені, Достоевскийді, Фукидидті, және көне грек софистерін атауға болады. Бұлар жаңағыларға қарағанда саулыққа, адамдыққа, күштілікке өкілдік етеді. Бұл кітаптың соңында Ницше өзінің «адамзаттық құндылықты қайта саралап бағалау» жоспарын құрғанын, «Үстемдік еркі» деген кітап жазбақшы екенін айтады, және көне Римдіктерді көне Гректерге қарағанда жоғары табысқа жетті деп есептейді.
2. 2 Антихрист
Антихрист - хриситан дініне қарғыс» (1888ж. ) - Фридрих Ницшенің христиан діні этикасына бағыттаған ауыр сын кітабы. Кейінгілердің Ф. Ницшені антихрисит ретінде бағалауы осы кітабына негізделген. Бұл кітапта ол сатиралы әуезбен бұрынғы кітаптарындағы антихристиандық идеяларын түйіндеді, христиан дінінің құлдық этикасы көне Римнің асқақ та, адами этикасын шірітті деп назаланады.
Автор христиан дінінің қасиетті кітабы Інжілді, Пауылды (Павел), тақуалықты, шіркеу әкейлерін, крест жорығын, инквизицияны тілге тиек етіп, осының бәрі құлдық этиканың адамзаттың дегдарлық үстем этикасынан өш алу амалы ретінде түсіндірді. Христиан діні әлсіздер мен ауыруларды жақтайды, жағымпаздық пен жасандылыққа айтақтайды, көлгірсіген екіжүзділік ұстанады деп бағалап, оны күштілер мен шығармашыл тұлғалардың ғажайып еркін құрбан ететін қандықол идеология ретінде сипаттайды. Мысалы, Испанияның керемет мавритандық мәдени әлемін дәріптей отырып, Реконкиста кезінде христандардың бір Кордованың өзіндегі 300 қоғамдық моншаны «мұсылмандық көзі» деп құртып, «тән тазалығына да қарсы шыққанын» уытты тілмен жазады.
Ол Исаның өзіне және христиандық символдарға ауыр сын айтты, ол басқа кітаптарында кездесетін байсалдылықты тастап, тойтарыс беру мен шабуыл жасау және кекеп-мұқау сынды үш түрлі тәсілді алма-кезек қолданды. Ол антихрисиандық этиканы дәріптеп, христиан дінінің барлық құндылықтарын шұғыл түрде қайта таразылауды ұсынды.
2. 3 «Жақсы мен жаман сыртында»
«Жақсы мен жаман сыртында» - Фридрих Ницшенің тағы бір өте маңызды туындыларының бірі. 1886 жылы Ф. Ницше «Жақсы мен жаман сыртында - болашақ философияның беташары» деген кітабын жариялады. Бұл кітапты мағынасына байланысты «ізгілік пен пасықтық өлшемінен асып өту» деп те атауға болады. Кітап «Заратуштра солай айтқан» кітабында кездесетін кейбір идеялардың түсіндірмесі іспетті, сосын кейін жазбақшы болған «Үстемдік еркі» кітабына әзірлік болатын.
Бұл кітапта «жақсы», «жаман» деген сөздерге философиялық талдаулар жасалды, «моралсыздық» пен «бейморалдықты» ажыратты. Алдыңғысы қоғамдық пікір үшін жамандық болса, кейінгісі де қоғамдық пікір үшін жамандық, бірақ ол жаңа өмірге талпынушы үшін қажетті жол болмақ. Әсіресе, Ол бұрынғы заманғы этика өлшемдеріне қазіргі заман адамдарының барынша сай келуге тырысушылдығына назар аударып, моралдық өлшемдер мен моралдық практика ортасындағы кеше мен бүгінді сай етуден туатын қайшылықты ашып көрсетеді. Ол табиғи тіршілік этикасын дәріптеді, адамдыққа сай келетін, ішкі сұраныстардың талабы ретіндегі, адамды күшейтетін, құлпыртаттын, күшке, билікке жеткізетін жақсылықты дәріптеді.
Бұл кітапта автор нағыз философияға қажетті шарттар - қиялдау қуаты, өздік ұстаным, қатер, тәуекел, жасампаздық, құндылық жарату деп есептеп, қалғандарын қосымшаға қалтырды. Ол дәстүрлі философияда көбірек кездесетін "өздік сана", "білім", "ақиқат", "еркін ерік" Көлбеу мәтін ұғымдарына толық тарихи дәлелі жоқ деген уәжбен түрлі күмәндар келтірді. Ол адамзат әрекетін «Үстемдік еркі» деп түсіндіріп, жақсылық пен жамандық өлшемінің шектемесін жеңуді, "баршаға ортақ этика" делінетін алдамшылықтан бас тартуды ұсынды. Ол Дегдарлар еркі және Құлдар еркі идеясы арқылы батыстық адамгершілік дәстүрінің классикалық талаптарына сын айтты. Ол әлсіздерге күш көрсету, басқару, иелеу, мәжбүрлеудің адам сапасын жоғарылату мен бақытқа талпындырудағы өзіндік қажеттілігіне дейін тоқталып өтті. «Азап тартсын әлсіздер» ұраны - әлсіздерді әлсіздіктен құтқаратын ем ретінде бағаланды. "Егер соқырға көмектескің келсе, оның сүйеніш таяғын шағып таста, сонда ол сенен де тез жүгіріп кетеді" - деді. Бұл кітап этиканың релятивизмдік (салыстырмалық) қасиетін көрсету және перспективизмді дәріптеу сынағы болды.
Ф. Ницше философтар көңіл бөлетін «ақиқаттың өлшемі не? Жақсылық пен жамандықтың ортақ өлшемі бар ма?" дегенді зерделеді. «Ұлы нәрселер ұлылар үшін сақталуда. Шыңыраулар тұңғиық адамдарды күтуде. Жұмсақ және қалшылға толы нәрселер нәзік ойластыратын епті адамдарды күтуде. Яғни, барлық сирек кездесетін нәрселер сирек кездесетін адамдарды күтуде. » Адамзат ұлы, терең, нәзік мәселелерді табуы, сондайға бойлауы керек, тіршіліктің жақсылығы дегеніміз сол!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz