Қазақ халқының қолөнер түрлері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Зергерлік бұйымдарын ширатпа әдісімен алқа жасау
Орал 2018 ж
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І..Қазақ халқының қолөнер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 .Зергерлік өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 .Зергерлік қолөнердің ежелгі түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Зергерлік бұйымдардың сынамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ.Ширатпа әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Ширатпа әдісінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Жұмысты орындау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Жұмыстың жaлпы сипaттaмaсы. Бұрын құрылған және бүгінгі күні құрылған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының арасында металл бұйымдары үлкен және құрметті орын алады.Метталдан жасалған өнер туындыларын жасаудың қазіргі кезеңі барлық кезеңдермен тығыз байланысты. Алғашқы қадам - суретшінің туындысын тудыратын, оның көркем және бейнелі мазмұнын түсіндіретін, оның мақсатына негізделген ең мәнерлі көркемдік түрін іздейтін, композицияны, түсі және т.б. ерітеді. Осы сатыда іздеу суретке немесе модельге бекітілген эскиздер, сызбалар арқылы жүзеге асырылады, қазірдің өзінде суретші жұмыстың орындалуын анықтайды және техникаға ең қолайлыларын таңдап, Өнімдерді өңдеу және өңдеу әдісі. Екінші кезең - металлдағы көркемдік дизайнның көрінісі, яғни металды - суретін сканерлеу, гравировка және т.б. көркем өңдеудің қолмен жұмыс жасау әдістерін қолдана отырып авторлық үлгіні құру. Авторлық үлгінің күрделілігіне байланысты, - тікелей бақылауымен жеке элементтерді немесе бүкіл жобаны метафолға айналдыратын кассирлер, серверлер, сканерлер, құрастырушылар, зергерлер және т.б. Бірегей жұмыстарды жасаған кезде бұл кезең соңғы болып табылады. Үшінші саты - бұл репликация, бүгінгі күні міндетті болып табылады, өйткені әрбір металл өнері, мысалы, сәндік элементтері сәулет немесе сәндік элементтері, кәдесыйлар немесе сыйлық заттар, әшекейлер, әдетте бірнеше сериясында шығарылады (кем дегенде бір). жеке сыйлықтар, көрме үлгілері, ескерткіштер, ескерткіш туындылары сияқты арнайы тапсырыспен жасалған ерекше жұмыстар. Бұл кезеңде суретші инженер-технологтардың, қолөнершілердің және кәсіпорынның жұмысшыларымен жұмыс жасайды, онда өз жұмысын дәйекті шығарады: өңдеудің машиналық әдістері негізінен қолданылады .Зерттеу неғұрлым тереңірек және материалдың қасиеттерін түсіну неғұрлым нәзік болса, көркемдік және композициялық тапсырмаларды шешудің әр түрлі әдістерінде қолдануға болады. Жаңа материалды өңдеу және оны қайта өңдеудің жаңадан қабылдануы суретшінің көркем тілін кеңейтіп ,байытады. Шығармашылық идеяларының көркемдік көрінісі құралдарын арттырады, көркемдік пішінінің ең мәнерлі және жеткілікті мазмұнын іздейді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ халқының ұлттық нышанының бірі -- зергерлік бұйымдар. Өз жұмысымда Сіздерге зергерлік бұйымдардың адам өмірінде пайда болу тарихы мен мен түрлері, олардың қасиеті туралы айтқым келді. Хaлықтың тaрихынa, мәдениетіне деген қызығушылық aртқaн сaйын,
қaзaқ қолөнерлік бұйымдарына әсіресе зергерлік бұйымдарға қызығушылық артып отыр. .
1 Тарау .Қазақ халқының қолөнер түрлері.
Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан - ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет - ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген - қолөнері. Қазақ қолөнері көне тарихымызбен біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ата - бабаларымыз өнердің қай түрін болсын қастерлеп, пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтай білген. Қолөнерді жасап, байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл - ойы, ой - қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын әртүрлі материалдарды пайдаланып олардан тоқу,өру,тігу,кестелеу,мүсіндеу,құр астыру.сыру,бейнелеу тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын айтады. Қазіргі таңда күні бүгінге дейін өзінің ата-дәстүрін құрметтеп өзінің ата кәсібі ретінде қолөнер шеберлері оларды дамыта отырып қайта жаңғырту үстінде.
Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті.Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б.Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар. Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.
1.1.Зергерлік өнер
Ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатын қазақ қол өнерінің бір түрі - зергерлік өнер. Қолөнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтап, өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді. Зергерлердің басты жұмысы қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Әшекей бұйымдар соғуға кәсіптенген шеберді зергер деп атаған. Қазақ халқының зергерлік өнері ғасырлар бойы дамып, жетіліп, халық тұрмысына сіңісудің нәтижесінде ұлттық мәдениеттің маңызды бір бөлігіне айналды. Қазақ халқының зергерлік туындыларына қарай отырып, оның эстетикалық талғамының өте жоғары деңгейде болғанын көре аламыз.Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейінің бірі - әйелдерге арналатын әр түрлі сақина мен жүзіктер. Қазақтың әшекей бұйымдары - бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Қолға салынатын зергерлік әшекейдің түрлері бір-біріне ұқсас болғанымен өзіндік айырмашылықтары бар: асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік деп, тасы жоқ тек алтын, күмістің өзінен ғана көз жасалғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды. Қазақ жеріне әр түрлі мақсатпен келген саяхатшылар қазақтарда зергерлік өнердің өте ертеден бәрын жазып кеткен. Бұған қоса археологиялық қазба дереккөздері де осының айғағы бола алады. Мәселен, қола ғасырында қоладан жасалған құрал-жабдықтар мен әшекей-бұйымдардың көптеп табылуына қарағанда, адамдар кен бар жерді тауып, металл өңдеуді игерген. Оған дәлел, қола дәуіріне жататын Бағаналы қорымынан алтын әшекей бұйымдардың табылуы. Қола дәуірінде әшекей бұйымдарын таққанын көрсетеді. Қола дәуірінен сақталып келе жатқан әсемдік-сәндік өнердің бастамасы болып келген үлгі - ою-өрнек халқымыздың ұлттық мәдениетінің көрсеткіші болып жалғасын тапты. Зергерлік өнерге байланысты атаулардың жасалуындағы лексика-грамматикалық үлгілері, уәж, уәжділік мәселелері, түркі тілдеріне тән ортақ атаулар мен кірме сөздер жан-жақты талдауға түседі .Ата-бабаларымыз зергерлік бұйымдарға ат қойып, айдар таққанда олардың негізгі мәнді белгілеріне баса назар аударса керек. Бұл тіл ғылымында номинация, уәждеме теорияларымен байланысты жүзеге асады. Номинация актісінде негізгі үш тірек ұғым жұмсалады: ат беруші, таңбаланушы, таңбалаушы. Осылардың нәтижесінде өзімізді қоршаған әлемдегі заттар мен нәрселерді, құбылыстарды білдіретін көптеген атаулар пайда болады. Яғни кез келген ат қою шығармашылығы номинацияның себебін, дәлелін, уәжін болжайды.Асыл тастар мен қымбат материалдардан жасалған атаулар. Қазақ халқында әртүрлі бұйымдарды көз салып әсемдеу үшін қолданылатын асыл тастардың түрі көп. Оның ішінде алтын, гауһар, лағыл, інжу, су тас сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішіне кең тараған ақық, маржан, меруерт және түрлі-түсті шыныларды атауға болады. Оларды шебер зергерлер жиі қолданған. Әсіресе қыз-келіншек, әйелдердің әсем безендірілген бұйымдары (сәукеле, тұмарша, шолпы т.б.) бір-біріне ұқсамайтын өзгешелігімен, қайталамайтын даралығымен ерекшеленеді. Алтын сөзі бірсыпыра түркі тілдерінде бір ғана металл мағынасында, кейбір тілдерде металл; ақша, пұл және оқа мағынасында қолданылған. Мысалы: қырғыз тілінде алтын - қызғыш сары түсті металл, өзбек тілінде олтин - сарғыш қызыл түсті қымбат бағалы металл; башқұрт тілінде алтын сөзі металл; бұйым; теңге; оқа (зер), якут тілінде алтын - мыс, мысты (медь, медный; Якутско-русский словарь) мағынасында қолданылады. Алтын сөзінің шығу төркініне байланысты кезінде Д.Н. Ушаков, В.А. Богородицкий, М. Фасмер, В.И. Цинциус пен Т.Г.Бугаева т.б. ғалымдар пікір айтқан. Бір топ ғалымдар сөз төркінін алты (сан есім) сөзімен, бір тобы алты тиін сөзімен, бір тобы татар тілінің теңге мағынасындағы алтун сөзімен байланыстырады. Жалпы алтын атауы сол металдың түсіне байланысты қалыптасқан болуы керек.
Қазақ қолөнерінің зергерлік бұйымдарына; шолпы,шашбау,білезік,сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық. Бұл өнерді жасаумен бірге батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе ,айбалта мен шоқпар, сойыл мен бас мойыл , құстың тұғыры мен томағасын дайындап кәсіпшілікке айналдырған халық.Алтынмен қапталып ,күмістелеген сырға,жүзік,білезік, сияқты сан ғасырлар бойы әйел сәнін келтіріп жүрген осы қымбат та асыл тастарды бағалай білген әжелеріміз небір сәнді киімге үйлестіріп тағып жүруге әуес болған. Бұрынғы әжелерімізден қалған әшекейлердің сұлулығына , әшекейлігіне ескі көзбен қадірлеп кәзірге дейін қайтадан жаңғырту арқылы дайындауда, ондай бағалы заттарға алқа , сырғалардағы бағалы гауһар тастар алмаз, металл көк, жасыл түсті металдарды зергерлер қолдана білген. Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда - ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер - зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке - дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр - сырын ұрпақтан - ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы - қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай - ақ діни - идеологиялық, әдет - ғұрыптық, салт - дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
1.2.Зергерлік қолөнердің ежелгі түрі
Зергерлік өнер - сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, білектеу, көркем шекіме, канфаренье, бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн, сынкәптәу, жылтырату және т.б тәсілдер қолданылады. Зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар - таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт саймандары, әйелдердің алтын бас киімі, жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Сол кездегі зергерлер әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі Алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген. Сақ. Ғұн, ұйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құйю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан мүсін жасаумен бірге оның бетіне асыл тас орнату әдісінде меңгерген. Орта ғасырда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезде ат әдзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, беделдеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары жасалған. ХҮІІ ғасыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz