Қой төлдету технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қой төлдету технологиясы

Мазмұны
бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. 9
2.2 Қой төлдету технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Қой топтарын күтіп-бағудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15
3 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.1 Қой төлдету науқаны алдында қораларға қойылатын экологиялық-
санитариялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.2 Саулықтарды төлдету және қозы өсіру технологиясы ... ... ... ... ... .21
4 Жеке тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
4.1 Қой төлдету науқанын ұйымдастыру технологиясы ... ... ... ... ... ... ..23
5 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29




Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы - ауыл шарушылығының негізгі саласы, ол халқымызды әр түрлі тағамдармен әрі жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан алынатын жоғары калориялы өнімдерімен, биологиялық аса қажеттілігімен ерекшеленеді. Өнеркәсіп тауары ретінде - жүн, түбіт, тері, елтірілі киім және аяқ - киімдер өнеркәсіп тауары ретінде аса қажетті шикізат көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының негізі болып саналатын - мал шаруашылық саласына қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.
Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде,өнімнің өзіндік құнын төмендетуде,мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды.жақсы бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы.Осы ғылымның дамуы мен Респуликамызда еңбек етіп жүрген аграрлық сектордағы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мал тұқымының көптеген түрлері шығарылып,жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, Республикамыздың экономикалық жағдайының жеделдетуіне, мал шаруашылық саласының үлесі туралы өз жолдауларының бірінде: ...мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет, - деп көрсеткен Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуға деген міндеттер қойылды. [1]
Қойдың аса бір құнды қасиеті - өсімталдығы. Сондықтан азықтандыру, күтіп-бағу жағдайы келісе, қойды жылына екі немесе үш рет қоздатуға болады. Қойдың төлі тез жетіледі, 1,5 жасында-ақ ірі қой тобына қосылады. Осы қасиеттері қойдың басын тез көбейтуге мүмкіндік береді. Қой өте төзімді келетіндіктен, ауа-райы өте суық немесе ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Қой үшін құлағын шөлде, шыны биік тауда бірдей. Қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады. Ал, қой тұқымдарын өсіруде, күтіп-баптауда ең тиімдісі қылшық жүнді қой тобына жататын биязы жүнді қойлар .Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда, жерді, азықты және қора - жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты. Қазакстан Республикасында ауылдық әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетудің стратегиялық бағытында жүзеге асырылып жатқан және болашақта атқарылуға тиіс шараларға сәйкес фермерлік және қожалық шаруашылықтарға қой өсіру технологиясын, соның ішінде қазақтың қылшық жүнді қой тұқымының кой төлдей науқанына қатысып, технологиялық процесстерін игеру болып табылады.
Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
- қой тұқымдарының өнімділіктерін зерттеу әдістерін меңгеру;
-қой тұқымдарын азықтандыру, күтіп - бағу, өсірудің тәжірибелік машықтарын игеру;
-табындарын өз төлімен өсірумен, қылшық жүнді мал тұқымдарымен танысу;
-болашақта етті-майлы қойлардың көбеюі мен таралуына жағдай жасау;
-зерттеу жұмысының экономикалық тиімділігін анықтау.



2 Аналитикалық бөлім
2.1 Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама

Қой -- қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 - 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 - 100 сантиметр. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі, 15 - 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 - 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Отар - бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір- бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді. Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 - 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар - саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар - қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін - ту қой деп атайды.

Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салмағы70 - 140 килограмм; 50 - 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 - 15; 4 - 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 - 10; 3 - 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 - 6; 2 - 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады.
Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары - қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады[1].

2.2 Қой төлдету технологиясы

Қой шаруашылығынан алынатын өнімдер олардың санына, ұрықтандыру, төлдеу мерзімдеріне, асылтұқымдық-өнімділік қасиеттеріне тығыз байланысты. Сондықтан қой саулығының төлдеу технологиясына басым көңіл бөліну қажет. Қойды төлдету уақыты табиғи климат жағдайына, мал азығы мен жылы қораның жай күйіне байланысты еліміздегі шаруашылылықтарға саулықтарды ұрықтандырып, төлдету уақытын үш мерзімде жүргізілу ұсынылады:
1. Қыста қоздату. Бұл үшін қойды ұрықтандыру 20-25 тамызда басталып, қыркүйекте аяқталады. Қой қоздату 16-22 қаңтарда басталып, наурызда аяқталады)
2. Ерте көктемде қоздату. Бұл үшін қойды ұрықтандыру 10-20 қыркүйектен басталып, қазан айында аяқталады. Қой қоздату 7-17 ақпанда басталып, наурызда аяқталады.
3. Көктемде қоздату. Бұл үшін қойды ұрықтандыру 10-20 қазаннан басталып, қарашада аяқталады. Қой қоздату 8-16 наурызда басталып, сәуірде аяқталады; Шаруашылық үшін ең маңыздысы - өзінің ішкі мүмкіндіктерін дұрыс есептеп бағалау, соның нәтижесінде қолайлы уақытты таңдай білу. Себебі қыста мал шаруашылығы жылы қораның, жеткілікті жем-шөптің, қыстың қатерлі күніне қарсы тұра алатындай адам мен техниканы талап етеді. Ал көктемгі уақыттың өзінше артықшылығы да кемшілігі де бар. Не болғаны да аналық малды, алынған төлді күтіп-бағуға, аман өсіруге мүмкіндіктер толық болуы тиіс. Қойдың қай уақытта қоздайтыны ертеден белгілі болады. Орта есеппен алғанда, қой төлін 150-152 күн көтереді. Жергілікті жағдайға сәйкес, қой қоздату мезгілі алдын ала ескеріліп, күйек алу науқаны соған сәйкес ұйымдастырылады. Шаруашылықтардың көбінде қойлар көктемде, қар кетіп, көк шыға қоздатылады. Қойды бұл мезгілде қоздату артық шығын тілемейді. Көктемгі жайылымның оты сапалы болса, қоздаған қойлар жылдам көтеріледі; олар сүтімен қозыларын толық жарытады. Ал қозылардың дені сау, ширақ болып тууы, енелерінің күйіне байланысты болады. Қой қоздайтын қораларды күні бұрын дезинфекциялап тазалайды. Жас қозыларға суық тимейтін етіп, қораны жылылайды. Қой қоздату үшін керекті жабдықтар жеткілікті мөлшерде күні бұрын әзірленеді. Қой қоздату үшін керекті жұмысшы адамдарды алдын ала тағайындайды. Қой қоздату науқаны басталмастан бұрын, шопандар бригадалары арасында қой қоздату жұмысын үлгілі ұйымдастыру жайында бірнеше жиналып кеңеседі, яғни әркімнің өзіне міндеттелетін жұмысы бекітіледі. Тәжірибесі мол шопанның жанына қой қоздатпаған жұмысшыны орналастырады. Қойларды қорада немесе күн жылы болса ашық қашарлардың ішінде қоздата береді. Қораның жас қозылы қойлар тұратын бөлігін ешбір жерінен жел соқпайтын, су өтпейтін етіп жылылайды. Астына қалың етіп, құрғақ төсеніш салынады. Төсеніш дымқыл болса, ол жылы болғанымен қозыларға суық тиеді. Қой қоздататын және қозылы қойлар тұратын бөлмелер әрбір қойдан соң тазаланады; шарбақтарын дезинфекциялап, астына қайтадан жаңа төсеніш салынады. Сақмандар тобы тұратын бөлмелердің астын күнде жаңғыртпаса да болады; тек бұрынғы төсініштің үстіне жаңадан таза сабан салынады. Қойды өрісте өз бетінше қоздап қалуына жол беруге болмайды. Қоздап жатқан қойдың жаныда кісі тұрады, кейде қойлар өздігінен қоздай алмайды. Жаңа туған қозыға да көмек беруге тура келеді. Сондықтан қоздайтын қойларды өріске жібермей қолдан қоздату керек. Қоздау мезгілі жеткен қойлар, алдыңғы аяқтарымен жер тарпып, артына қарай береді. Бір жатып, бір тұрып, шыдамсызданып оңашалау жер іздейді. Осындай белгі берген қойларды қораға қалдырады. Қораның бір жақ шетін шарбақпен оңашалау етіп бөліп, ондай қойларды соның ішіне кіргізеді. Егер қой өрісте қоздап қалатын болса, оларды дереу қораға жеткізу керек. Қозы туысымен аузын, танауын сүртіп, шарана кілегейінен тазартады. Танауына кілегей кіріп қалса, ауызбен үріп жібереді; әйтпесе жас қозы тыныс ала алмай қалады. Осыдан кейін қозыны енесінің бауырына жібереді. Енесі төлін жаласа, қозы тез ширап қан жүйелері жақсы жұмыс істейді. Екіншіден енесі қозысына үйреніп, кейіннен жаңылыспайтын болады. Жас қозының неғұрлым жиі емгені жақсы болады, алғашқы күндері ең кемі 2-2,5 сағатта бір емізіледі. Қозысын алмайтын қойларды жеке бөлімшеге кіргізіп, қозыларын қолдан емізіп, жағыстырады; бір-екі күннен соң қойдың өзі емізе бастайды. Алғашқы күндері қозыларын алмайтындар тұмса қоздаған тұсақтар арасында көп кездеседі. Қоздаған қойлар 2-3 күн қорада бағылады да, онан соң ғана өріске шығарыла бастайды. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесіне қарағанда, бұл әдіс дұрыс қолданылса, қозылар суыққа шалдықпай жақсы жетіледі, олардың өлім-жітімі де көп кемиді. Бұл әдісті қолданудың тағы бір маңызды жері, сақманшылар көп керек болмайды. Өрісте 2-3 сақмалдың қойын бір-ақ кісі жаяды. Қораға келгенде үйренген қойлар өздері-ақ табысып, әрқайсысы өз қозысы тұрған бөлімшеге барады.

Төрт түлік мал басын көбейту ауыл шаруашылығының басқа салаларына қарағанда жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлікті қажет ететін, қиындығы мен жауапкершілігі мол еңбек. Малшылар қауымы үшін ең жауапты кез- осы көктем айлары. Ата кәсіпті нәсіп еткен ағайын мал төлдету науқанына үлкен жауапкершілікпен қарайтыны анық. Қойдан бөлек, басқа да ірі қара мал басын өз төлінен өргізіп, машақаты мол тірліктің бел ортасында жүрген малшы қауымының алдында тұрған маңызды міндет -жаңа туған төлді дер кезінде азықтандырып, олардың жақсы өсіп-жетілуіне жағдай жасау.

Бір сөзбен айтар болсақ, шығынсыз төл алудың қамы. Сондықтан да, осы бір кезде қойы қоздап, түйесі боздап, биесі құлындап, сиыры бұзаулап жатқан малшылардың арқаны кеңге салуға уақыты жоқ. Аудан бойынша мал төлдету науқанына байланысты атқарылып жатқан жұмыс жайы Талғар ауданының ауыл шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Бажанов Әмзебек Алибекұлынан сұраған едік: -Талғар ауданында да мал төлдету науқаны қарқынды жүріп жатыр. Мал төлдету науқанына шаруашылықтарда жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілді. Мал қоралары жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, қоралар қидан тазартылды. Мал төлдейтін орындарға жеткілікті көлемде жем-шөп жеткізіліп, малшылар қажетті азық - түлік тағамдарымен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап, қой шаруашылығында төл алу науқаны басталды. Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір деп тегін айтылмаған ғой. Қой төлдету науқаны ағымдағы жылдың сәуір айының аяғына дейін жалғасады[2].

Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайында, кейбір жылдары қойларды жыл бойы жайылымда ұстайды да оларды қыс мезгілінде тек үстеп азықтандырады. Сондықтан бұл өңірде азық қорының 75% жайылымнан алынады. Алайда жайылымдар негізінен шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз (1,5-2,5 цга). Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады. Шамамен барлық жайылымдардың 32 пайызы жаздық, 44 пайызы көктемгі-күздік, 12 пайызы қыстық деп белгіленсе, ал қалған 12 пайызы жыл бойы пайдаланатын жайылымдар. Басты мақсат осы әр түрлі жайылымдарды дұрыс пайдалана білу шаруашылық, экономикалық және экологиялық жағынан өте пайдалы [3,4].
Малды жайылымда ұстаудың экологиялық маңызы өте жоғары. Жайылым шөбінде қырдан дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1,5 есе артық. Өйткені шөпті кептіру барысында ондағы қоректік заттардың біразы жоғалып, олардың мал организміне сіңімділігі (15-20%) нашарлайды. Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттандыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің құрамында пішенмен салыстырғанда каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі. Жайылымдық кезеңді малды толыққұнды азықтандыру оның өнімділігін жоғарылатады.
Жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), кн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық кезеңнің маңызды экологиялық факторлары болып табылады.
Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің (сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1,5-3 есе төмен.
Дегенмен, малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның рациональды пайдаланылуына және экологиялық-санитариялық тәртіпке байланысты (зиянкес жәндіктермен және кенелермен күресу).
Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім алуға болатын қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.
Жаздық бағым-күтімнің профилактикалық маңызы өте жоғары. Жазда қойды өрісте бағудың шынықтырушы, сақайып-сауықтыратын маңыздылығы-ның мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы экологиялық факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады. Ондай қолайлы факторларға - аэроиондарға бай таза ауа, күн сәулесінің қызуы, температураның, ылғалдылықтық, ауа қозғалысы жылдамдығының белгіленген шекке дейін көбейіп құлдырауы, үйлесімді моцион, жас әрі құнарлы жем-шөп жатады. Әрі жаз айларында мал организмінің табиғи төзімділігін төмендетумен қатар зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы (тәбет) соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қорада баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері (дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі, яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру, т.б.) жойылады. Аталмыш құбылыстар жем-шөптің құнын толық өтемеу, қысыр қалу, ацидоз, остеодистрофия, өкпе сырқаттарының төлде жиі өршуінің басты себепкері болып табылады [5].
Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды тыңайтқыштар қалдықтарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш үйінділерінен тазалануы қажет. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымға және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені, ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш тастайды, суықтан болатын аурулар өршиді [4, 9, 11, 16, 23, 31].
Кей өлкелерде фермадан шалғай жайылымға шыққанда отарлап бағу тәсілін пайдаланады. Отардағы (отгондағы) жайылымға төл, бойдақ мал және семіртетін қойларды шығарады. Малды шалғайда бағуға арналған шаралар жүргізіледі. Олар мал жайлауға келерден бұрын алдын-ала дайындалуы тиіс.
Өрісті дұрыс әрі тиімді пайдаланудың тетігі - жайлауға малды дұрыс айдап не тасымалдап жеткізу.
Егер жаздық жайылым тауда болса (3 км-ден биікке көтерілерден бұрын) алдын-ала түлікті көндіктіріп, биіктікке бейімдеу процесі бірте-бірте көтерілу арқылы жүргізіледі.
Жайылым (өріс) топырақ қыртысының сипатына, жер рельефіне (бедеріне), шөптілігі мен оның ботаникалық құрамына, шаруашылықтан қашықтығына байланысты әр түліктің түрлі топтарына бірдей үйлесе бермейді.
Қойлар үшін құрғақ тозаңсыз қою аласа шөптер өскен жайылым қолайлы. Ормандағы жайылым ішінен қойға үлкен алаңқайлар ғана жарамды. Қой тау, жазық жайылымы жақсы, керісінше батпақты шалғындар мүлдем жарамсыз. Ондайда қойда тұяқтың бөлінуі, бақайқұрт және бауырқұрт (фасциолез), диктиокаулез инвазиялары жиі кездеседі. Сондай-ақ тікенекті селеу шөп өскен жайылымда жаю, әсіресе масақтану мен пісіп жетілуі кезеңінде (маусымның алғашқы жартысында) қойды жаю өте қауіпті. Жетілген селеу масағы қой жүніне ілініп, терісін жарақаттай, тері астындағы клетчатка (қоң) қабатына енеді, одан әрі ішкі ағзаларға өтіп жарақаттайды. Тіптен көп ретте өлім қаупіне ұшырайды. Арам шөп кездеспейтін екпе жайылымдағы қой жүні таза әрі жарақатсыз келеді [6].
Шаруашылықта жайылымда бағылатын түлікті дайындау, жоспарлау тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Қой шаруашылықтарында түлікті бірнеше отарға бөледі. Олар қозыларын енесінен айырға (бөлінген) және айырмаған саулық қой тобы, семіретін қойлар, ісек еркек қойлар отары.
Жаздық жайылымның тиімділігі - жайылымды дайындауға, көшіруге, айдауға және әртүрлі топ пен түлікке сәйкес өрісті үйлесімді пайдалануға байланысты болады.
Малды жайылымда ұстауға ауыстырар алдында шаруашылықтың ветеринариялық шараларының жсопары бойынша малды тексереді және экологиялық-санитариялық шаралар жүргізіледі: әлсіз, ауру және ауруға күдікті малды анықтайды; сәйкесінше ем тағайындайды; созылмалы індеттерді (туберкулез, бруцеллез) анықтау үшін арнайы диагностикалық зерттеулер (туберкулинизация және т.б.) жүргізіледі.
Індетті ауру малды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринариялық заңдылыққа сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық зерттеуер жүргізеді. Ауру малдар және қарауыл иттерді дегельминтизациялайды.
Жайылымға шығар алдында малға топырақ індеттерінің (топалаң, қарасан және т.б.) алдын алу үшін дуалық вакцина егеді.
Жайылымда ұстауға дайындық барысында топтарды құру үшін қойдың сырғасының нөмірін тексереді, тірілей салмағын анықтайды және жынысына, жасына, өнімділігіне және денсаулығының жағдайына қарай топтайды.
Малды жайылымда ұстауға ауыстырар кезінде мал организмін азықтандыру жағдайының өзгеруіне дайындаудың маңызы зор. Балауса көк шөпті малға бірден тойдыра жегізуге болмайды, себебі көп жағдайда диарея, тимпания және өнімдліктің төмендеуімен сипатталатын ас қорытудың бұзылуы байқалады, ал кейбір жағдайларда ол іш тастаумен, жайылымдық тетаниямен және басқа да асқынулармен сипатталады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 7-10 тәулік ішінде азықтық рационды өзгертеді, яғни шырынды көк шөптің мөлшерін біртіндеп көтеріп, сәйкесінше құрғақ азықтың мөлшерін төмендетеді. Осы мақсатта жайылымға шығар алдында малды құрғақ азықпен азықтандырады, яғни мал көк шөпке қатты тойып кетпес үшін.
Жайылымдық ұстаудың басында малды 2-3 сағатқа жаяды және 7-10 күн ішінде малды көк шөпке толық үйрету үшін біртіндеп жаю уақытын ұзартады.



2.3 Қой топтарын күтіп-бағудың ерекшеліктері

Қошқарлардың гигиенасы. Саулықтардың ұрықтануы және алынатын қозылар саны асыл тұқымды қошқарлардың денсаулық жағдайына және олардан алынатын ұық сапасына байланысты болады.
Ұрыққа түсетін қошқарларды және сыналатын қошқарларды уақытында індетті ауруларға, әсіресе жыныс жолы арқылы таралатын (бруцеллез, инфекциялық эптдемит, вирустық түсік және т.б.) ауруларға тексеріледі. Сырттан әкелінген асыл тұқымды қошқарларды 30 тәулікке, ал шетелден әкелінген қошқарларды 60 тәулікке карантинге қояды. Карантин кезінде малды диагностикалық тексеруден өткізеді. Жұқпалы ауру анықталған жағдайда ауру қошқарларды оқшаулап, ветеринариялық нұсқауға сәйкес шаралар қолданылады.
Ұрықтануға қошқарларды 12-15 айлық жасынан (тез өсетін тұқым) және 1,5-2,5 жасында (кеш өсетін тұқым) пайдалана бастайды. Қолдан шағылыстыру кезінде 1 қошқар 50-70 саулықты, ал қолдан ұрықтандыру кезінде 700 саулықты ұрықтандыра алады.
Жыныстық белсенділік кезінде қошқар рационында протеин, минералды заттар және витамин мөлшері жоғары болуы керек. Ұрық сапасына протеиннің мөлшері және құрамы, фосфор мен каротиннің жеткілікті болуы айтарлықтай әсер етеді. Қошқарларды интенсивті пайдалану барысында рационға жануар тектес азық қосу қажет (көк сүт, балық ұны, жұмыртқа және т.б.) [7].
Аналық қойлар гигиенасы. Толық құрамды азықтандыру - жақсы қоңдылықта ұстаудың, қойдың төлдегіштігі мен сүттілігін, жүнділігін арттырудың биологиялық негізі болып табылады. Қойлар әртүрлі мал азығын: жоңышқаны, бедені, әртүрлі шөпті, сабанды, топанды, қант қызылшасын, күнжараны, бұрышты, ұрпақты және басқа да азықты сүйсіне жейді. Қоңдылығы орташа қой төлдегіштік пен өнімділік жөнінен жақсы көрсеткішке қол жеткізеді. Оңтүстік қазақ меринос тұқымды саулықтар, қоңдылығы ортадан төмен болғанда қысыр қалуы 9 пайыз болса, қоңдылықтағы саулықта 2,8 пайыз ғана болады. Қоңды саулықтың қозысы неғұрлым ірі болып келеді. Оның үстіне қоңдылығы төмен саулықтармен салыстырғанда сүттілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді.
Малды шағылысуға 1,5-2 ай қалғанда жармаланған арпамен, сұлы ұнымен, жүгерімен және басқа да биологиялық құнарлы азықтармен азықтандырса төлдегіштігі 10-30 пайызға дейін артады. Буаз саулықтар минералдық азықты көп мөлшерде қажет етеді, оның үстіне төлдейтін уақыт жақындағанда кальций мен фосфорға тәуліктік қажеттілігі он есеге дейін артады. Рационға кальций, фосфор, кобальт, йод, мыс, темір, марганец, А, Д, Е витаминтері жетіспесе әлжуаз, тіршілікке бейімі аз төлді туып, саулықтың сүттілігі төмендейді.
Саулықтарды сүрлеммен азықтандырғанда сүттілігі 15-22 пайызға, қырқылатын жүннің мөлшері 20 пайызға артатыны белгілі.
Саулықтардың рационына жұғымдылығына қарай 30 пайыз құрама жем енгізу керек. Түйіршіктелген азықты саулықтың буаздануының екінші жартысынан бастап пайдаланған жөн. Жай азықтармен салыстырғанда олар ішкі орган, әсіресе ішек, бауыр, көпенің ұлғаюына ықпал етеді. Мұндай кезде мал күйіске аз уақыт жұмсап, көбірек демалады. Қозы жақсы дамып жетілуі үшін оларды ұысында түйіршік жеммен азықтандыру мен жазғы жайылымдықты пайдалануды ұштастыра жүргізу керек [8].
Қойдың азығында протеин жетіспесе қырқылатын жүннің мөлшері 20-25 пайызға төмендейді. Жұпыны азықтандыру барысында жүн талшықтарының көлденең кесігі шамамен 20, ал ұзындығы 10 пайызға азаяды екен. Рационад көмірсутегі жетіспесе, қойдың организміндегі көмірсутегі мен май алмасуының бұзылуына әкеп соғып, ацидоз, бауырдың майлануы пайда болады.
Қойға берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен азықтан қой ауруға шалдығады. Қойды азықтандыру барысында қылқанды дақыл топанын пайдалану асқазан-ішек жолының қабынуына әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн. Сусымалы тозаңды азықты (ұрпақ, құрама жем) қойға тамыр жемісті немесе күнжарамен қосып беру керек. Соңғысы алдын-ала майдаланып, барлық азықтық қоспа жеңіл түрде ылғалдандырылады. Мес қарынның қабынуынан сақтану үшін қара бидай дәні мен ұрпағын қой рационына енгізбеген жөн. Зат алмасу бұзылмас үшін және уланбау үшін ересек қойдың рационындағы ас тұзының тәуліктік мөлшері 10-15 г, ал төлдердің рационында 5-8 г болып белгіленуі тиіс.
Қойларды азықтандыру үшін бір мезгіл сырттағы азықтық алаңды да пайдаланған жөн. Оған бір-бірінен ара қашықтығы 3 метр болатын астауларды орналастырады. Бұл малдың еркін азықтануына мүмкіндік береді. Алаңдағы ауаның температурасы - 200С төмен болса қойға тек ірі азық береді, ал қалғаны қора ішінде азықтандырылады.
Ірі және құрама жем үшін арнаулы және құрастырмалы астауларды пайдаланады. Түйіршіктелген азықты бункерлі астауға 5-10 күнде бір рет салады [9].
Қой шаруашылығының технологиясында астаулардың әр басқа мынадай ұзындықтары белгіленген (м): қошқарлар мен сынаққа түсетіндерге 0,4-0,5; саулықтарға - 0,3-0,4; жасанды күтімге алынған 45 күнгі қозыларға - 0,15, одан жоғары жастағыға - 0,2, өсімділік төлге - 0,2-0,3; бордақылаудағы мал басына: ересектерге - 0,3, төлдерге - 0,2, ісектерге - 0,3. Ересек қойға астаудың биіктігі жерден 0,4, төлдерге - 0,25 м. Астаудың кеңдігі 0,3 және 0,2 м. Тереңдігі - ең кемі 0,2 және 0,1.
Қойлар ауыз сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс. Жазында қойды екі мезгіл - ертеңгілік өрістен кейін және кешкісін өріске шығар алдында, ал қысында бір мәрте - мал қораға тынығға қайтқан кезде суару керек. Әдетте жылдың суық түскен мезгілінде қойды шөппен азықтандырғаннан кейін суару керек.
Шағын шаруашылықтарда ағаш немесе жиналмалы металл астауларды қолданады. Іш тастау немесе асқазан ішек жолдарының ауруына жол бермеу үшін буаз саулықтарды көп жатып көгерген, мұздаған, былғаныш немесе шіри бастаған азықпен азықтандырмаған жөн.
Ірі қой өсіруші шаруашылықтарда саулықтарды циклді ұрықтандыру әдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін саулық отарын екі бөлікке бөледі: бірінші топтағы малды (бірінші цикл) 4 күннің ішінде, ал кейіннен 15 күннен кейін - екінші топты ұрықтандырады. Мұндай үзіліс бірінші топтағы саулықтардың төлдеуінен кейін қораны тазалап, дезинфекциялауға және оған екінші топтағы саулықтарды көшіруге мүмкіндік береді [10].
Қойдың жақсы күтілуіне жағдай жасау жүн сапасының жоғары болуына, оның былғанбауына ықпалын тигізеді. Қорадағы төсеніш жұқа болып, қойдың жатуына қолайсыз болса оның жүні садыраға малынып, сарғыш түске тап болады. Жүні тез сынып, босаң тартады, оның басқа да технологиялық сапасы нашарлайды. Жаз ацларында шаң-тозаңмен былғанған жайылымды пайдалану кезінде де жүннің сапасы төмендейді. Жүннің көп былғанатын кезі жаз айының екінші жартысы.
Жүнді сұрыптаушылар әртүрлі өсімдіктің қиқымдары қосылған былғаныш (шөп, сабан, түйе жапырақ дәні) жүнді бірден ажыратады. Оңтүстік аудандаода жүнге жабысқақ қылқанды бетеге шөп өрісте көп болады. Малшылар қылқанды бетегені қойдың тажалы дейді. Оның қылқанды тұқымы, жапырақтары жүнге оралып, қой қимылдаған сайын ол тереңдей кіріп, тіпті етке қадалады. Қойдың мойны мен шоқтығы зақымданғанда олар еңкейіп шөп жеуге шамасы келмейді, арықтап өледі. Бау-бақшада өсетін түйешоған еліміздің орталық және солтүстік аймақтарында егістік пен жайылымдықтарға кеңінен тарап, шөпке немесе сүрлемге түсіп, малды қолда ұстап бағу кезінде қойдың жүнін былғайды.
Қой жүнінің таза болуы үшін белгілі бір шараларды сақтау қажет. Қой малына бетегемен, түйе тікенекпен былғанған шөпті бермеген жөн. Қойларды маяларға, шөп шөмелелеріне, биік астаулардың жанына жібермеу керек. Сабаннан және шөптен база жасау дұрыс емес. Қойды ұсақталған сабан ұнтағымен азықтандырмау керек. Отарды шағы бұрқылдаған жолмен айдамаған жөн. Көпжылдық дәнді дақылдарды жиілікпен сеуіп, шымды мал өрісін жасауға болады. Былғанышы көп өсімдіктерді тұқым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама
Сиыр сүті
Сүт өңдеу жүйесіндегі технология
Оңтүстік меринос тұқымына зоотехникалық сипаттама
Түйенің биологиялық ерекшелігі. Түйені төлдету және ботаны бағып-күту технологиясы
Оңтүстік меринос қойының төлін өсіру ерекшеліктері
Зоогигиена. 100 бас ешкі фирмасының жобасы
Мал шаруашылық жүйесі
Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау
Қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсері
Пәндер