Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сот өкілдігі»

Орындаған:

Тексерген:

КАРАГАНДА 2019

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ӨКІЛДІК ИНСТИТУТЫНЫҢ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ . . . 5

  1. Азаматтық іс жүргізудің дербес институты ретіндегі сотта өкілдік ету ұғымы, мәні және маңызы . . . 5
  2. Соттағы өкілдіктің жіктелуі, субьектілері . . . 11

1. 3 Соттағы өкілдің өкілеттіктері . . . 13

  1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТ - ӨКІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды[1] . Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы жылдар iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды.

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына арналған 30 бап қарастырылған [2] .

Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы тараптардың өкілдерінің, оның ішінде адвокаттардың рөлi арта түстi.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы қағидасы бекітіліген. Осыған орай, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ Заңы [3] және «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Кодексі [4] қабылданды.

Бұл заңдардың негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi санаты, ол адам және азаматты Қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.

Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.

Зертеу жұмысының пәні болып Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі азаматтық іс жүргізудегі өкілдер институтының құқықтықмәртебесін зерттеу табылады. Сондай-ақ, ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудегі өкілдердің жетілуі, сонымен қатар ғылыми зерттеу нәтижелерінің толыққанды көрініс табуы мақсатында кешенді түрде конституциялық, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, сот билігі және әділдігі сондай-ақ, адвокаттық қызмет пәні теорияларының басты жағдайларын қамту мәселелері жатады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Соттағы өкілдік ету қызметінің мәні мен өзгешеліктерін зерттей отырып, соттағы өкілдіктің рөлін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Сотта өкілдік ету түсінігі мен түрлерін зерттеу;
  • Өкілдіктің субъектілері мен олардың міндеттемелерін қарастыру;
  • Сот өкілдігінің субъектілерімен және өкілдердің міндеттемелерімен таныстыру.
  1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ӨКІЛДІК ИНСТИТУТЫНЫҢ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

  1. Азаматтық іс жүргізудің дербес институты ретіндегі сотта өкілдік ету ұғымы, мәні және маңызы

Сот билігі - қазақтардың мемлекеттік символы болып табылады. Ұлттық

санада да сот билігі халыққа етене жақын тұрған билік саласы болыпесептеледі. Би, бүгінгі тілмен айтқанда, судья - ел қамқоры, халық жанашырыәрі ақылшысы бола біледі.

Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты - сот «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп»шығуында еді. Өйткені, оның басты мақсаты - бітім, бітімгершілік болатын.

«Дау мұраты - бітім» деген аталы сөз де сол кезден қалған. Қазіргі күнде біздің еліміздің саяси жүйесінің жаңғыртылуы жәнедемократияның әрі қарай дамуы мемлекет дамуының басым бағыттарының біріретінде атап көрсетілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, бәсекеге қабілеттіліккөптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның дамуының саяси аспектілерінде анықтай бастады.

Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанда сот өкілдігінің кешендістратегиясын дәлме-дәл нақтылау мемлекеттік және алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады. Осығанбайланысты мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстанның мемлекеттікқұрылымы мен саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған елдегі ірікөлемдегі саяси реформаларды жалғастырудың қабылданған бағытынөзгертпейтінін тағы да атап өтті. Сонымен қатар, мұнда саяси жаңғыртудыжүзеге асыру барысында бұл сферадағы әлемдік тәжірибені де, сондай-аққазақстандық нақты жағдайды да есепке алу үлкен маңызға ие болатынынескертті.

Жалпы іс жүргізу заңдарына сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК 58-бабының 1 бөлігі) [4] .

Өкілдік - басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бірадамның (өкілдік) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир, т. б. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болды. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап алушылар) [5, 45б. ] .

Сотта өкілдік ету - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.

Сотта аталған процессуалдық іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.

Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады [5, 38б. ] .

Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.

АІЖҚ-ң 58-бабы бойынша азаматтық істерді сотта әрбір азамат өзі немесе өкілі арқылы жүргізуі мүмкін.

Істі азаматтың тікелей өзі жүргізуі оны осы іс бойынша өкіл алуқұқығынан айырмайды. Ұйымдардың істерін өз құзіреті шегінде заңмен, нормативті құқықтық актімен немесе құрылтай құжатымен бекітілген органдары немесе өкілдері жүргізеді.

Азаматтық істі өкіл арқылы жүргізу немесе сотта өкілдік ету 3 түрлі себеппен айқындалады:

  1. Мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса.
  2. Мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі)
  3. Істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т. б. )

Сотта өкілдік ету- азаматтық істерді қарау және шешу кезінде туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты.

  1. сот пен өкіл арасында
  2. өкіл мен өкіл тағайындаушы мыс: (талапкер мен адвокат арасында)

Аталған қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының тиісті нормаларының негізінде туындайды. АІЖК-58, 62, 63-баптары.

Сотта өкілдік етудің мақсаты:

- Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін сотта қорғау.

- Өкілдік берушінің іс жүргізу құқығының жүзеге асуына және міндеттерінің орындалуына көмектесу.

- Соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету.

Соттағы өкіл-азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының жеке дербес субъектісі болып табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер АІЖК-44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:

  • Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.
  • Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.

Сонымен соттағы өкілдер дегеніміз -заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген өкілеттілік шегінде сенім білдірушінің атынан істі жүргізуші жеке тұлға.

Сотағы өкілдердің белгілері.

- Өкілдің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі сенім білдірушінің немесе өкіл тағайындаушының еркіне байланысты. Бұған заңды өкілдер мен жарғы бойынша өкілдердің өкілеттігі кірмейді.

- Сотта олар өз құқықтарын емес сенім білдірген тұлғаның құқықтырын қорғайды.

- Іс жүргізуі нәтижесінде өкіл тағайындаушының процесуалдық құқықтары мен міндеттері туындайды немесе қысқарады.

Соттағы өкілге заңды күшіне енген сот шешімінің материалдық -құқығының салдары болмайды және олар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан сот шығындарын өтемейді.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 58 және 62 баптарына сәйкес мына тұлғалар сотта өкіл бола алады.

- адвокаттар

- заңды тұлғаның қызметкерлері осы ұйымның істері бойынша

- кәсіптік одақтың уәкілетті адамдары.

- заңмен жарығымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары.

- тең қатысушының тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі.

- іске қатысушының рұқсатымен басқа да адамдар.

- әрекет қабілеттілігі жоқ және шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.

-хабар- ошарсыз кеткендердің мүлкіне қатысты істер бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам.

- қайтыс болған адамдардың мүлкіне қатысты іс бойынша сақтаушы немесе қамқоршы.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

АІЖК-ң 59-бабы бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға мыналар кіреді.

1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымның уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

2. Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

3. Адам егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамадарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса.

4. Бұрын осы іс бойынша судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса.

5. Істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

Сотта өкілдік институтының мақсаты - өкіл етушінің мүддесіне нақты іс-әрекеттер жасау. Сот өкілдігі азаматтық процесте оған берілген өкілеттік шегінде әрекет етеді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 61-бабына орай, іске қатысып отырған адвокат шағым талаптарынан толық бас тартуға, тиесілі мүлікті немесе ақшаны алуға қол қоюға, тағы да басқаларға құқылы емес. Адвокат шағымданған азаматтың қорғаушысы болғандықтан, сотқа дейін шарт жасасуға, әрекет етуге кеңес береді және ол сот отырысындағы жарыссөзге қатысуға ғана келеді. Басқадай қызметтерді мойнына алмайды.

Адвокаттар мен өкілдердің соттағы қызметтермен байланыстылығы олардың функцияларында біршама түсінбеушілік тудырды. Осылайша, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 59-бабымен адвокаттар өкілдер санатына жатқызылып, заң шығарушы өзге өкілдер алдында адвокаттардың жоғары дәрежелігі анықталып, мәртебесі белгіленді. Сонымен қатар, АІЖК-нің 60-бабы нормаларымен, «Адвокаттардың қызметі туралы» занының талаптарын бұзумен, заңды көмек көрсету туралы тапсырманы қабылдаған адвокаттар өкілдер бола алмайтыны белгіленді.

Тәжірибеде заңды өкілдік алауыздықты тудырмайды. Алайда, АІЖК-нің 58-бабында қарастырылған өкілдікке қатысты мәселе туындайды [4] . Кейбір зерттеушілердің, адвокаттардың, заңгерлердің пікіріне сүйенсек, берілген тармақтар АІЖК-нен алып тасталуға жатады. Жасыратыны жоқ, көптеген әріптестерім оны құптайды. Өкіл ретінде сотқа заңгерліктен алыс адамдар келе алады. Олардың ойынша, сот - сахна шығармашылығын дамытатын орын. Бұндай көзқарастың қарсылық тудыратыны анық.

Соттағы өкілдік азаматқа заңдық көмек көрсету үшін конституциялық құқық беруіне кепілдік беруі тиіс. Әрине, өзінің конституциялық құқығын іске асыруда сот өкілдігінің таңдауы болуы қажет. Өкілдікке қойылатын талап - біліктілік пен арнайы дайындықтың болуы.

Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған [6] . Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.

Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы) .

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы, 5-тармағы) .

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

Өкілдіктің негізгі белгілері:

1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.

Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.

Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.

Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды[7] .

Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.

4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері. Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.

Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы) ; уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т. с. с. ) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы) .

  1. Сотта өкілдік етудің жіктелуі, субьектілері және өкілдің өкілеттіктері

Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:

  • Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу. АІЖК 59-бабы 6, 7 тармағы.
  • Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.

Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.

а) Тапсырма бойынша өкілдік ету.

б) Заңды өкілдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері
Азаматтық құқықтағы соттағы өкілдік
Өкілдіктің қолдану аясы
Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат
Сотта азаматтық істі қозғау
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидалары
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Сотта өкілдік ету
Адвокатура қызметінің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz