Сыныптан тыс оқыту жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Нұр - Сұлтан қаласы білім басқармасы
Гуманитарлық колледж МКҚК

Мектеп бөлімі
Бастауыш білім беру мұғалімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Әдебиеттік оқу сабағында сыныптан тыс оқыту жолдары

Орындаған: 0105000 Бастауыш білім беру
0105013 Бастауыш білім беру біліктілігі
бойынша оқитын 4 курс 4 кб тобының студенті
Қуанда Шұғыла Анарбекқызы
Ғылыми жетекшісі: Кенжетаева Тоты Жеңісқызы

Нұр - Сұлтан қаласы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім. Әдебиеттік оқу сабағында сыныптан тыс оқыту жолдарының ұйымдастырылуы
1.1. Сыныптан тыс оқытудың түрлері және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... 3-7
1.2. Оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудағы сыныптан тыс оқыту жолдарынының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-12

ІІ Бөлім. Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен бала тәрбиесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-16
2.1. Сыныптан тыс оқытуға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-19
2.2. Сыныптан тыс оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыру ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі заман талабына сай,оқу үрдісі тереңдей келе,адамның өздігінен ойлау,оқу әрекет ету процестері күрделене,өзгешелене түсуде.Заман талабына ілесу үшін,ең алдымен ойлаумен өзгелерден ерекшелену үшін тұлғаның қарқынды дамуы елеулі үлес атқарады.Білім беру жүйесінде тек оқу бағдарламасы бойынша ғана білім беріп қана қоймай,жан-жақты ой-өрісін қалыптастырып,шапшаң ойлап,лидерлік қасиетін қалыптастырып,логикасын,қиялын дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып , тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты жастарға жүйелі білім берумен қатар, оларды Отанға , елге , жерге , ұлт мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық рухани келбет қалыптастыру ең маңызды істердің біріне айналып отыр.Халқымыз ғасырлар бойы жиған асыл рухани қазыналарын, қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде қазақ әдебиетінің үлесі ерекше зор.Сол себепті,болашақ маман ретінде әдебиеттік оқу пәнін оқытуды қызықты әрі ұтымды оқыту үшін,сыныптан тыс жұмыстарды орынды ұйымдастырып,қолдануды көздедім.Себебі әдебиеттік оқыту оның келешегі болуы-ұлттың ұлт болып өмір сүруі деп білемін.
Зерттеудің жұмысының мақсаты.
Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ғылыми- теориялық әдістемесін жасау мақсат етіледі.Әдебиеттік оқыту пәні бойынша сыныптан тыс оқыту жұмысының маңызы мен ұтымды жақтарын анықтап, келешек ұрпақтың бойына сіңіре отырып, іс - тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
Мектепішілік сыныптан тыс оқыту жұмысының маңызын анықтау, зерттеу жұмыстар арқылы шыққан нәтижемен жұмыс істеу.
1.Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға теориялық және әдістемелік тұрғыдан сипаттама беру.
2.Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
3.Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны.
Сыныптан тыс оқыту жолдары.Мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні.
Әдебиеттік оқу
Ғылыми болжам.
Сыныптан тыс оқыту жұмыстары арқылы бала бойына жан - жақтылық, белсенділік, шапшандылық қасиеттерін бойына сіңіру. Оған қоса өз бетімен шешім қабылдай алуға бағыт бағдар беру арқылы сыныптағы лидерлік қасиетін дамыту.
Теориялық маңызы.
Қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігіжағынан салыстыру.
Практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиеттік оқу пәні оқушылары танысып,қолдана алады.

Зерттеу әдістері.
Талдау,жинақтау,салыстыру,зерттеу,э ксперимент т.б.
Зерттеу обьектісі.
Оқушылардың психологиялық даму процесі.
Курстық жұмыстың құрлымы.
Жұмыс кіріспеден,екі тараудан қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бөлім. Әдебиеттік оқу сабағында сыныптан тыс іс - шаралардың ұйымдастырылуы

1.1.Сыныптан тыс оқытудың түрлері және қалыптасуы

Әдебиеттік оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу және іштен оқу. Дауыстап оқу көбінесе 1 - 11 сынып оқушыларына тән болады. Бірақ 1 сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым болмауы тиіс. Іштен оқу 1 сыныпта - ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір - бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді ( 1 - 11 сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі ), 3 сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтін мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет ұйымдастыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. 3 - 4 сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген түсінбеген түрлі сұрақтар қойып, жауап алу арқылы немесе мәтін мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т.б. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талаптары қойылады. Бұл талаптар бір - бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.
Оқу сапасы дұрыс, саналы ( түсіну ) екіге бөлінеді:
+ мәнерлеп
+ шапшаң оқу
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу - жазуға үйрену кезінде - ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиыдық тудырған сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберілетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:
* Әріп, буын немесе сөз қылдырып кетіп оқу
* Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар
* Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқиды
Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырылады.
Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр түрлі. Бірде оқулықтың өзіне әр оқушыға арнаулы тапсырмалар беріледі; екінші бір жағдайда таратпа қағаздар жасап, соларды әр қайсысына оқытып дағдыландырады; Енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады.
Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, түрлі схемалар, сызықтар бойынша мәтін ішіндегі сөздерді тауып, топтап, жіктеп жазу т.б.
Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
Көрсеткіш таяқшаны қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз, немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
Оқығанда орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Шапшаң оқу дегеніміз - мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл -оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу. Мәтіндегі тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде де не айтылғанын аңғара алмай қалады. Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі, осыған орай олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды - көпті болып келеді.
Шапшаң, дұрыс, түсінік, мәнерлеп оқу бір - бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс, түсініп, белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалды деуге болады.
Шапшаң оқуға дағдыландырудың тағы бір түрі - сыныпта дауыстап оқу. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайсысына тапсырма береді де, дауыстап оқыта ( кейде әрқайсысына әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Сыныптан тыс оқытудың жалпы теориялық ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Пәндер