TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе 3

1. Туристік фирманың негізгі сипаттамасы 4

1. 1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен міндеті 4

1. 2 Туристік фирманың басқару құрылымы 6

2. «TOP MEDIA» туристік фирмасының шаруашылығы 9

2. 1 Туристік фирмада қызмет көрсету сапасы 9

2. 2 «TOP MEDIA» туристік фирмасының маркетингі 10

2. 3 «TOP MEDIA» туристік фирмасының қызмет көрсету түрлері 16

3. Туристік фирмаларадың көлік саяхаттарының жүзеге асырылуы 22

3. 1 Көлік саяхаттарының жіктелуі 22

3. 2 Әуе маршруттарын дайындау мен жүргізу ерекшеліктері 24

3. 3 Теміржол саяхаттарын жоспарлау мен ұйымдастыру 28

3. 4 Автосаяхаттарды ұйымдастыру 36

3. 5 Су саяхаттарын ұйымдастыру ерекшеліктері 42

ҚОРЫТЫНДЫ 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46

ҚОСЫМША 47

Кiрiспе

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі экономикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.

Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.

Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.

Қаржылық жоспарлау статьясы кәсіпорынның экономикалық көрсеткіш жұмыстарымен байланысты: өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, ғылыми техникалық дамуға өндірісті жетілдіруге, өндірістің тиімділігін арттыру, күрделі құрылыс жүргізу. Бизнес жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық саласына ықпал етеді. Бизнес жоспарлау процессі бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең-бұрынғы қаржылық көрсеткіштер сұрыпталады. Бұл үшін кәсіпорынның негізгі қаржылық документтері пайдаланылады: есептік баланс, түсі мен шығын жөніндегі есеп, қаржы қорының қозғалысы туралы есеп. Бұл құжаттардың кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін талдауға және есептеуге керек нәтижелері бар, осы құжаттарды келесі жылға болжауға көмектеседі.

Екінші кезең-негізгі болжамдық құжаттарды жасау кезеңі: баланс болжамы, түсі мен шығын есебі, ақша қозғалысы туралы есеп.

Үшінші кезеңде қаржы құжаттарының көрсеткіштері ағымдағы қаржы жоспарының көмегімен нақты белгіленеді.

Төртінші кезеңде қаржылық жоспарлау процесі іске асырылады.

1 ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен міндеті

«TOP MEDIA» туризм индустриясында жақсы дамыған туристік фирма болып табылады. «TOP MEDIA» 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. ., Қарағанды қ., Лободы д., 11а үйде орналасқан, тел\факс:. +7 (7212) 42-61-50. Ген. Директор: Канеев М. Р. Офис қызметкерлері мен тұтынушылары үшін ыңғайлы демалатын орын жасалған, сонымен қатар қысқаша мәліметтер алу үшін брошюралар, видеолар ұсынылады. Кеңседе сонымен қатар авиабилеттерді онлайн брондау жүйесі бар, осы жүйе арқылы авиабилеттерді сатуға болады. Билеттерді брондау AMADEUS жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Турфирманың өзінің эмблемасы бар (сурет 1) .

Cурет 1 - Турфирма эмблемасы

Туристік фирма құрылғаннан бастап, өзінің мәдени ой-өрісін көтеруге келген туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген.

Компания өзін былай бейнелейді: «Сіздердің демалысыңыз - біздің мамандығымыз». Бұл ұран - фирма басшысы мен оның қызметкерлері клиенттерге барлық жағдай жасайды.

Бұл жағдай үш негізгі принципке негізделген:

  • әрбір клиентке жекелей қызмет көрсету;
  • тұтынышының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жаңа технологияларды қолдану;
  • тез арада және нақты жауап қайтару.

«TOP MEDIA» туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс - шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс - шараладың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық - қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау.

Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып табылады:

  • туризмді дамыту;
  • туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту, шақыру;
  • ҚР мәдениетін дамыту;
  • туристік нарыққа толық шығу;
  • қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;
  • кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;
  • бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы сиымдылығы;
  • баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;
  • жаңа туристік қызмет түрін қосу,
  • туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің пайдалылығына, нарықты алатын орны мен пайданы ҚР ешбір заңдарына қайшы келмей арттыру.

«TOP MEDIA» туристік фирманың орындайтын міндеттері:

Тұтынушыларды жалпы маршрут туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Туризм саласына байланысты мәліметтер жинау, сонымен қатар жіберілетін маршруттарды зерттеу, олар туралы мәліметтерді толық қанды жіберу.
  • Фирма республиканың көптеген ірі туристік ұйымдармен келісім жұмыс жасауды тырысады. «TOP MEDIA» туристік топтарға, жеке туристер, қалаға жұмыспен немесе жеке іс шаруаларымен келетін шет ел азаматтарына да кызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда «TOP MEDIA» туристік фирмасы Қарағанды қаласында, ондағы қызметкерлер штат саны 4 адамды құрайды. Турфирма еліміздің көптеген ірі қонақ үйлермен, демалыс орындарымен, санаторийлерімен тығыз жұмыс істейді.

«TOP MEDIA» туристік фирма өздігінен маршруттар мен демалыс экскурсияларын құрастырады. Туристік фирма Греция, Италия, Тайланд, БАӘ және т. б шетел елдерімен келісім шартқа отырған.

Туристік фирманың қауіпсіздік ережелері. « TOP MEDIA» туристік фирмасына бірінші барған күні фирма директоры мекемедегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьтердің алдында міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.

Техника қауіпсіздік шараларымен толық қанды таныстым. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

- Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.

- Электр тогымен зақымдалған қызметкерге алғашқы көмек көрсете білу керек.

- Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.

- Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бір қалыпты өту болып табылады.

Бұл мекемеде мен көбінесе Microsoft Word - пен, Microsoft Excel жұмыс жасадым. Мекеменің бухгалтерлік бөлімінде жұмыс жасап, төлемдік ақы не екендігін, онымен қалай жұмыс жасау қажет екендігінен, мекемесінің қандай банктермен жұмыс жасайтындығынан толыққанды мәлімет алдым. Жалпы төлем ақыға келер болсақ, бұл көрсетілген соманы бенефициар пайдасына ақшалар жіберушінің оған қызмет көрсететін қабылдаушы-банкке ақшаны берерде бірнеше банктермен жұмыс жасайды.

Фирмада тәжірибеден өткен уақытта жолдамалар, акциялар дайындадым. Кеңседегі жұмыс номенклатурасымен таныстым. Аймақтағы туристік бизнестің негізгі объектілерімен таныстым. Статистикалық есептеулердің барлық түрлерімен танысып, оларды даярлауға көмектестім. Сонымен қатар қонақүйлердің жарнамалық бөлімдерімен, ұсынатын акцияларымен таныстым. Басқа шетел қонақүйлері мен авиакомпаниялармен таныстым. Потенциалды туристер мен тұтынушылармен жұмыс істеуді үйрендім. Тұтынушылар үшін авиабилеттерді брондап, сатумен айналыстым. Әртүрлі авиакомпаниялар тарифтерімен және акцияларымен таныстым. Тәжірибе уақытында менеджер міндеттерімен таныстым, менеджерге турпакет даярлауға көмектестім. Тұтынушылармен қарым-қатынаста болып, оларға турпакеттерді көрсетіп, жарнамаладым. Тур объектілерде, қонақүйлерді таңдауға көмектестім, визалық көмек, авиабилеттерді брондау, сақтандыру, анкеталық және т. б. қызметтер бойынша жұмыс істедім. Қонақүйлерге ұсыныс дайындап, номерлерді таңдауды үйрендім. Визалық онлайн-анкеталарды толтырдым.

Турпакет - бұл негізгі және қосымша қызметтер жиынтығы және оны саяхат жасау мақсаты бойынша туристерге ұсыну.

«TOP MEDIA» туризм индустриясында жақсы дамыған туристік фирма болып табылады.

1. 2 Туристік фирманың басқару құрылымы

Қандайда бір турда сұраныс болса, сол клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамассыз етуді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.

Туристік фирманың жетістікке жетуінің негізгі факторы−персоналды басқару құрылымы. Негізгі басқару күші құрылтайшылар кеңесінде ең маңызды жүйесі болып табылады. Осы сатылардың негізінде басқарушылық функцияларды атқарады. Неғұрлым тиімді болса, соғұрлым басшылық қызметі дамиды (сурет 2) .

Сурет 2 - «TOP MEDIA» туристік фирманың ұйымдастырушылық құрылымы

Схемадан көріп отырғанымыздай, « TOP MEDIA» туристік фирмасының басқару құрылымы − функционалды болып келеді. Функционалды департаментализация -бұл «TOP MEDIA» фирмасын жеке элементтерге бөлу. Әр элементтің өзінің нақты атқаратын қызметі бар.

«TOP MEDIA» фирмасының басқару шенінің жоғарғы сатысында - бас директор отырады. Ол кәсіорынға қатысты барлық мәселелерді шешуге қатысады. Сонымен қатар, басшы өзіне берілген құқығын пайдалана отырып, қызметкерлерді жұмысқа ала немесе босата алады. Кәсіпорын атынан сенім хаттар беруге, банктерде шоттар ашуға бұйрық беруге құқығы бар.

Бас есепші(бас бухгалтер) - ұйымның шаруашылық ісін, қаржылық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану есебін жүргізетін тұлға. Ол−түсетін қаржы, негізгі және тауарлы-материалды қорларды, өндіріс шығындарын және айналуларды есептейді. Сонымен қатар, қаржылық есептерді, несие операцияларын, есеп айырысуларды жасайды.

Бас есепшінің қармағында - есепші-кассир. Ол әр бөлім ішіндегі бухгалтерлік есептерді орындайды.

Одан кейінгі директор бағындыруында туристік бөлім басшысы болып табылады. Ол жабдықтаушылармен келіссөздер жүргізеді, келісім-шартқа отырғызды. Сонымен қатар көрмелер, презентациялар ұйымдастырады. Турпакеттердің және авиабилеттердің сатылуларымен айналысатын агенттер туристік бөлімнің басшысына бағынады. Олардың негізгі мақсатына, клиенттерге көрсетілетін қызметтерді таныстыру, жаңа клиенттердің іздеуі.

Кадрлық саясат - персоналмен дұрыс жұмыс істеуді анықтайтын формалары мен әдістердің, теориялық көзқарастардың, ойлардың, талаптардың, принциптердің жиынтығы. Ол − ұйым меншік иелерімен, жоғары деңгей басшылығымен, кадрлармен жұмыс істейтін бөлімдер өңдейді.

«TOP MEDIA» туристік фирмада кадрлар сұрақтарын бас директордың орынбасары және бөлім басшысы біріге жасайды.

Кәсіпорынның негізгі бағыттарына:

  • персоналға қойылатын негізгі талаптар;
  • жаңа кадрлар құрылымын құру және оларды басқару механизмдерін ұйымдастыру;
  • дамыту стратегиясын іске асыратын:персоналдың еңбекақы концепциясын, материалды және моральды ынталандыру ережелерін құру;
  • кадрларды оқыту және дамытуда жаңа технологияларды қолдану;
  • ұйым ішінде моральды-психологиялық климат орнату.

Қызметкерлердің фирма басшылығына араласуы, жұмыстарының өрге басуына әсер етеді. Оларды ынталандыру кәсіпорын басшысының негізгі функциясы.

Мотивация − тұрақтану еңбек нәтижелілік жоғарылауы және мобильділікте құштарлықтың ( ең алдымен кәсіпшіліктің ), мамандық жүйелі өсу шегі қамтамасыз етуі сияқты мақсаттарды шешуге рұқсат етеді.

ЖШС «TOP MEDIA» туристік фирмасындағы − қызметшіні басқару құралы әкімшілік пен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын көрсетеді.

«TOP MEDIA» туризм индустриясында жақсы дамыған туристік фирма болып табылады. «TOP MEDIA» туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс - шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс - шараладың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық - қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау. Туристік фирманың жетістікке жетуінің негізгі факторы−персоналды басқару құрылымы болып табылады.

2. «TOP MEDIA» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2. 1 Туристік фирмада қызмет көрсету сапасы

Туризм - бұл негізгі қызмет көрету. Бірақ қызмет көрсету барысында туристік қызмет көрсетулер бір реттен емес, бірте-бірте бірінің артынан көрсетіліп отырады. Бұл оның ерекшелігі ретінде саналады. Мысалы, көліктік қатынас қызметі туристерді жылжу үшін көлікпен қамтамасыз етеді, қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу орындарымен қаматамасыз етеді.

Сонымен қатар кез келген кәсіпорынды құру кезінде ең алдымен оның құрылымының негізін ұстаушы болып өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерін адлдыға жылжыту әрекеттері саналады (сурет 3) .

Сурет 3 - Туристерді тарту құралдары

Сонымен қатар турфирмалардың бір-бірімен әрекеттесу маңыздылығы ортақ турөнім шығару кезінде байқалады. Аталғанды ескере отырып, турқызметтердің бірін-бірі толықтыру екрекшеліктеріне де тоқталған жөн. Олардың негізінен, үш аспектісі белгілі:

  • әр турфирма ішіндегі кірме факторлар мен өндірістік факторлар арасындағы бірін-бірі толықтырушылық;
  • әртүрлі туркәсіпорындарының бірін-бірі толықтырулары;
  • турқызмет кәсіпорындары мен туристік еоекшеліктер арасындағы бірін-бірі толықтырушылық.

Сонымен қатар тауар өнімділігі сапалы болу үшін ең алдымен білікті қызметкерлер болуы шарт. Мысалы Отель менеджері қызметкерлерді сұрыптап, таңдағаннан кейін оларды қызықтыра отырып, дайындаулары тиіс. бҰл ол үщін маңызды болып келеді. сонымен қатар таулы мекендердегі отелдер тек турагент пен тур оператаорларға ған тәуелді болмайды. Олар, жаңа жоғарыда аталғандай, көлік кәсіпорындарына және т. б. тығыз байланысты болып келеді.

Туризм - бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.

Туристік фирмаларда қызмет көрсету дегеніміз бір жақтың екінші жаққа ұсынатын қандай да бір іс-шаралары немесе пайдасы болып табылады, олар көбіне білінбейді және ешқандай материалдық нәрсені алуды меңземейді.

Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығы басқа нарықтардан негізінен екі себеппен ерекшеленеді:

1. Қызмет көрсетуді өткізгенге дейін оның барлығы білінбейді. Бұл жағдай қызмет көрсетуді өткізгенге дейін оның салыстырылуы мен бағалануына мүмкіндік бермейді. Сол себепті, тек күтілетін және алынған пайданы бағалауға болады.

2. Қызмет көрсетуге белгісіздік тән болады, бұл клиентті тиімсіз жағдайға қояды да, сатушыларға көрсететін қызметтерін нарыққа жылжытуын қиындатады.

Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығының бұл ерекшеліктері және қызмет түрлерінің өзгешеліктері, атап айтқанда, олардың көзге түспейтіндігі, сақтауға жарамсыздығы, сапасының өзгергіштігі, жасалынуы мен пайдаланылуының ажырамастығы қызмет көрсету маркетингінің өзгешелігін айқындай түседі.

Туристік фирмаларда қызмет сапасының орны мен роліне терең тоқталып өтсек сапа көпшіліктің естіп, білетін ұғымдарының қатарына жатады. Бұл термин мағынасының тым субъективті пайымдалуын күшейтеді, себебі әрбір адам оған өз тәжірибесінен алған нәрсесін қосады.

Туризм - бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.

2. 2 «TOP MEDIA» туристік фирмасының маркетингі

Туризмдегі маркетинг - әлемдік туристік нарықтағы үдерістерді есепке алу мен туристік өнімнің сапасын арттыру негізінде пайда табу мақсатында туристік-экскурсиялық қызметтің жаңа тиімді түрлерін дайындау, оларды өндіру мен өткізу бойынша туристік компаниялардың қызметін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылады.

Туристік фирма жас және кішігірім болғандықтан, фирманың басшылығы жеке маркетинг бөлімін ашпай, оның жұмысын бір адам орындайды. Ол қызметкердің көрмелерге қатысуын, жарнама орналастыруды, жаңа туристік қызмет құру туралы келісімдерді ұйымдастырады.

Әрине, бұл жеткіліксіз. Өңдеу, талдау және т. б маркетингтік зерттеулер үшін туристік кәсіпорында бірнеше адамнан тұратын маркетинг қызметі болу керек.

Бұл фирма толық маркетингтік бөлімді ашпай, маркетингтік қызметпен бір адам айналысатындығы туралы жоғарыда айтылды.

Маркетингтік қызметі сапалы іске асыру үшін бір адам жеткіліксіз. Әрине, бұл фирманың қызметкері өз жұмыстарында маркетингті қолдану үшін нақты туристік қызметтерге сұраныс пен ұсынысты зерттейді, жаңа жобаға баға белгілейді, қызметтерін жарнамалайды және т. б. Фирманың қызметін қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыру үшін маркетинг қызметі қажет. Мұндай құрылымды дербес орган ретінде құру жетістікке жетуге, нарықтың бұл секторында жетекші орынды алуға көмектеседі. Бұл агенттікке, қайта құрылу, яғни фирманың нарықта ұзақ өмір сүруіне ең аз талаптарға болса да жауап беруіне, жалпы маркетингтік саясатты зерттеу жұмыстарына қолайлы жағдай жасау қажет. Себебі жедел дамитын нарықтың қатаң бәсекелестік жағдайында аса маңызды факторлардың жетік бағаланбауы банкротқа әкелуі мүмкін.

Келесі нұсқа - фирмада маркетинг қызметінің ең қарапайым құрылымын құру, яғни маркетинг мәселелелрімен айналысатын адамның үлкен тәжірбиесі, басқа фирмалардың дамымауы мен бұл бағыттағы қуатты құрылымды құрмауға фирма басшылығын мәжбүрлейтін факторлар. Бұл нұсқаның шығыны аз болса да, тиімділігі аз.

Фирманың жарнамалық саясаттарына келсек, онда жүргізілген зерттеулерге қарамастан, ол аса тиімді емес, зерттеулер көрсеткендей, сұралған келушілердің негізгі пайызы жарнаманы радиодан тыңдады да, кейбіреулері бизнес тақырыбындағы журналдардан, ең сирегі газеттен оқыған. Жарнаманың тиімділігін арттыру үшін бұл факторларды ескеріп және дыбыстық жарнамаға, INTERNET-жарнама, жапсырмалар мен сыртқы жарнама - орталық жолдардағы штендерлерге бейімделу керек.

Сатуды ынталандыру саясатына қатысты, жеңілдіктер жүйесін жетілдіруге болады, мысалы, жаңа жылдық және рождестволық қана емес, мерекелік, топтық - 10 адамнан көп топтық турға тапсырыс беру кезінде жеңілдік 2%, тұрақты келушінің карточкасы бойынша жинақтама жеңілдігі, қымбат турды сатып алу жағдайында бір экскурсия тегін ұсынылады. Бұл фирма мұндай жеңілдіктерді жасай алады, себебі негізгі келушілері қымбат VIP-турларды сатып алатын қалталы кәсіпкерлер.

Сонымен бірге, маркетинг қызметінің тиімді жұмысы үшін бұл саладағы қызметкерлердің тәжірбиесін арттыру қажет. Басшылық қызметкерлердің түрлі конференцияларға, семинарлар мен конгресстерге баруын қолдау қажет.

Ең басты фирмада маркетинг қызметінің толық бөлімі - Маркетингтік Жоспарлау бөлімі бар екендігін айту керек. Тәжірбие алу мен маркетинг бойынша білім деңгейін арттыру үшін бұл фирмаға менеджерлерді бағыттау қажет.

Маркетингтік зерттеулерді жүргізу фирманың қызметін жақсарта алатындықтан, турфирма басшылығынан қолдау табу қажет.

Мақсатқа жету үшін келесі әрекеттер іске асырылу керек:

- маркетингтік жоспар жыл сайын түзетілуі керек;

- фирманың қызметі бағдарламасын жасау үшін топтар құру;

- нарыққа бірге қатысу жағдайында индустриалды қамтамасыз ету бойынша туроператормен коорператив жүргізу;

- туристік нарықта өнімді өткізу бойынша біріккен шаралар жасау;

- жаңа тауарды, қызметтерді сынау, т. б.

Маркетинг стратегиясы туристік өнімді жарнамалау, өндіру мен ілгерілетуге негізделеді. Туристік компаиядағы маркетологтың рөлі нарықтағы барлық талаптарды талдаудан, оларды қанағаттандыру үшін стратегияны менеджерлерге жасатудан тұрады.

Маркетингтік ойларды жүзеге асыру келесі жағдайларға байланысты:

- жоспарлау үдерісіне басшылардың қатысуы;

  • нақты фактілер мен қорытындылар негізінде тауар мен нарық стратегияларын жасау;

- стратегияны ретімен іске асыру.

Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.

Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:

  • Рынокты зерттеу және болжау;
  • Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;
  • Тиімді баға саясатын анықтау;
  • Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
  • Маркетинг жоспарын өңдеу.

Туристік маркетинг дегеніміз - ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.

Туристік маркетингтің негізгі қызметтері - рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.

Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:

  • Рыноктық сұранысты анықтау;
  • Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;
  • Өндірістің құрылымын анықтау;
  • Тиімді шешімдерді қабылдау;
  • Өткізу саясатын жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм мамандығы жайлы
Туризм индустрия құрылымы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Маркетингтік ақпарат
Туристік мекемедегі PR технолоиялар
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі
Туристік бизнесті жоспарлау
Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортименті
Туристік фирма қызметінің анализі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz