Тау туризмінің бағыттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Жаяу туризм анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.1 Жаяу туризм классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Жаяу туризмнің қызықты фактілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жаяу туризм құрал жабдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Тау туризмі анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Тау туризмінде кездесетін кедергілер дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.2 Тау туризмінің қиындық дәрежелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Туризмнің бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Шаңғы жорықтарының анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Шаңғы жорығын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шаңғы туризмнің тактикасының маңызды элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Велосипедті туризм анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1 Велосипедті туризмнің артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Жаяу туризм - күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар,азимутты,қоныстанылмаған,қи ын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі,ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі.Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет.Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,көл,теңіз жағалауы,теміржол жолы,тау массиві) негізделген болуы тиіс.Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
0.1 Жаяу туризм классификациясы
Маршруттың қиындық дәрежесі жол бойында кездесетін кедергілерге, аймақтың географиялық көрсеткішіне, маршруттың автономдылығына байланысты болып келеді. Осыған байланысты жорықтар бөлінеді:
- демалыс күндерінің жорықтары;
- 1-3 дәрежелі қиындықтағы - балалар мен жастар туризмінде;
- 1-ден 6-ға дейін дәрежелі жорықтар. 1-ші дәреже оңай, 6-шы дәреже ең қиын, және арнайы физикалық дайындықты қажетсінеді, осыған байланысты арнайы құрал-жабдықтар да қолданылады.
- жорықтың қиындық дәрежесін өту үшін, қатысушылар алдындағы жорықтық қиындық дәрежесін өтуден тәжірибесі болуы керек, ал басқарушы дәл осы дәрежеден өткен және алдындағы қиындық дәрежелері бойынша тәжірибесі болуы керек. 1-ші дәрежеден өту үшін демалыс күндеріндегі жорықтардан тәжірибесі болуы қажет. Жорықтың қияындығын анықтау барысында міндетті жорықтың ұзықтылығы мен қашықтығы есепке алына бермейді.

1.2 Қызықты фактілер

Дүниежүзінде 1000 км. асатын көптеген жаяу жорықтарға арналған арнайы жолдар болады. Мысалы, АҚШ-тағы Аппалач жолының ұзындығы 3500 км. қамтиды. Француз саяхатшылары Соня және Александр Пуссендер (Alexandre & Sonia Poussin) Африканы ешқандай көлік құралын пайдаланбай, оңтүстіктен солтүстікке қарай, 3 жыл 3 ай ішінде 14 000 км. жерді ОАР, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Танзания, Эфиопия; Судан, Мысыр елі және Израильді өтеді.

1.3 Жаяу туризмнің құрал жабдықтары

Қазіргі таңда жаяу туризмге арналған көптеген құрал-жабдықтар түрлері бар: туристік палаткалар, ұйықтайтын мөшектер, треккингтік палаткалар, треккингтік бәтеңкелер, котелоктар, газдық горелкалар, компас, GPS - навигаторлар және т.б.
* Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.
* Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.
* Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.

2 Тау туризм анықтамасы
Тау туризмі - биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Таурельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі.Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды.Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек.Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.Таулар орналасуына,қалыптасуына қарай әр түрлі болып келетіндіктен олардың беткейлері тік,көлбеу градустарға бөлінеді.Бұлардың өзі жорық қозғалысы үшін үлкен кедергі болып табылады.Сонымен қатар беткейлер қиыршық,басты қорымдар мен өсімдік жамылғысымен жамылып жатады. Таулы аймақпен қозғалыс кезінде бұлар басты кедергіге айналады.Теңіз деңгейімен салыстырғанда таулар әр түрлі болғандықтан, бұл аймақта ұйымдастырылатын туристік жорық түрлері де әр түрлі болады.Тау категориялық жорықтары көбінесе биік таулы аймақта ұйымдастырылады.Өйткені бұған қойылатын талаптар мен ережелерге сәйкес келеді.

2.1 Тау туризмінде кездесетін кедергілер дәрежесі

Тау туризмінде кездесетін кедергілер әр түрлі дәрежесіне байланысты топтастырылады.
* Асулар. Асулар дегеніміз тау жоталарының арасын өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айтқанда тау аралық ершік деп аталады. Асулар биіктігіне қарай градусына байланысты және кездесетін кедергілерге қарай әр түрлі күрделілікке жіктеледі.Бұл асу категориялары деп аталады.
- Асу категориясы күрделілігіне қарай санмен және әріппен қоса белгіленеді. Яғни күрделі А1 асуы,одан да күрделі 1 асуы және асулар үш деңгейлікке бөлінеді: 1А 1В, 2А 2В, 3А 3В. - Асулар күрделілігінде теңіз деңгейінен есептегендегі биіктігі қар немесе мұз жамылғысының болуы оның маусымдарға байланысты жатуы немесе қозғалыста болуы - Қорымдар мен куә жартастың болуы,тас құлау немесе қар көшкіні болу қаупі, үлкен тастардың болуы,асулар категориясының дәрежесін анықтайды.
* Қорымдар. Тау жорығындағы негізгі кедергілердің бірі қорымдар. Қорымдар дегеніміз тау басынан етегіне дейін созылып жатқан белгілі бір бөліктерде ғана кездесетін жылжымалы тас үйінділері. Қорымдар жер бетіне ашық шығып жатқан гранитті тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен мүжілу,үгілу процесінен пайда болады.Үгілу көлеміне байланысты қорымдардың түрі де әр түрлі болады. Қой тасты,кесек тасты және қиыршық тасты қорымдар[[1]].
Тау маршрутын жоспарлай отырып, жорық кезінде жергілікті жерде маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды есептеп алған пайдалы. Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек.
2.2 Тау туризмінің қиындық дәрежелері
Тау туризмі бұл тек әдемі ғана емес, бұл өте қиын еңбек те болып табылады. Таулардағы жаман ауа-райы, қатты жел, қардың жаууы, +20-дан -20-ға дейінгі температура үнемі кездесіп тұрады. Таулардағы ең қауіпті деген құбылыс лавина болып табылатын шығар. Көптеген туристер, альпинистер және бүтіндей бір топтар осы қар астында қалып қалған. таулардағы биіктік де адам баласы үшін қауіпті, 4000 м. аса биіктік адам өміріне қауіпті болып келеді. Таулы туризмде өзге туризм түрлеріндей қиныдық дәрежелері болады. таулы туризмдегі жорықтар үшін 6 және шыңдар мен асулар үшін де 6 дәрежеден болады. Жорықтар 1-ден 6-ға дейін классификацияланады, ал жергілікті кедергілер, яғни шың мен асулар үшін мынадай қосымша дәрежелеу енгізілген болатын: ( қарапайым дәрежесі жоқ асулар), 1А, 1Б, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 3Б*.
2.3 Тау туризмінің бағыттары
Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады.
3. Шаңғы жорықтары анықтамасы
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі - шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Жастар туризмінің мәні
Халықаралық оқу туризмінің теориялық аспектілері
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Рекреациялық табиғат ресурстарын пайдалану
Велосипед туризмінің теориялық негіздері
Яхталардың жіктелуі түрліше
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Пәндер