Витаминдердің түрлері


Жоспар:
1. Витаминдерге жалпы анықтама;
2. Витаминдердің түрлері;
3. Витаминдердің қасиеттеріне қарай бөлінуі;
4. Витаминдердің физиологиялық маңызы;
5. Қорытынды.
Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады. Витаминдерді 1881жылы орыс дәрігері Н. И. Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады. 1911жылы поляк ғалымы К. Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат. vita-тіршілік) деп атады. Ағзадағы витаминдер концентрациясының бұзылуы гиповитаминоз ( гипо . . . және витамин) ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігі гипервитаминоз (гипер…және витамин) ағзадағы витаминдер мөлшерінің артуы ( А және Д витаминдерінің ғана артуы ағзаны ауруға шалдықтырады) авитаминоз қандай да бір витаминнің күрт жетіспеушілігінен болатын ауру. (Мысалы:бери-бери, пеллагра, құрқұлақ(цинга) және т. б. ) . Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп, физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі: 1) суда еритіндер(С, Р, РР, және В тобының витаминдері) ; 2) майда еритіндер(А, Д, К, Е) А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамині жетіспесе, адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині - балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т. б. болады. В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдерізат алмасу, көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери), жүрек ауруына шалдықтырады. В 2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейді. Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады. В 6 (пиридоксин) нәруызбен майлар алмасуына қажет. В 12 (цианокобаламин) витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В 15 витамині - жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.
С витамині (аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін - көкөніс пен жеміс - жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн. Д витамині (кальциферол) организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда - баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеу керек. Біздің дәрі -дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді ауру және сау адамдардың дәрігердің рұқсатынсыз өз бетімен ішуге болмайды. Витаминді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. К витамині қанның құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл витамин жетіспегенде - жарақаттанған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді. Тамақта витаминдердің сақталуы. Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер бұзылады. С витамині бұзылмай сақталуы үшін - жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен жабылған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн. Піскен тамақта витаминдердің бұзылмай сақталуы қажет. Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу. 1-ші организмнің жалпы белсенділігін жоғарылатушы витаминдер. Организмдер жүйке жүйесінің физиологиялық қызметін реттейді. Зат алмасу қасиетіне қатысты. Организмдер В1, В2, В5А, С витаминдері. 2-ші қасиеті: антигимфрагикалық қан тамырларының қалыпты өтікізетін беріктігін қамтамасыз етеді. С. К. П. витаминдері. 3-ші қасиеті: антианимиялық қан тамырлардың жүйесін реттейді В12, С витаминдерді. 4-ші антинфармациялық информацияға қарсы органикалық күресуін жоғарылатады және эпитемияда қорғаныш қызметін атқарады А. С витаминдері.
5-ші көру функциясын реттейтін витаминдер. Көз қарашығын ұлғаюын қамтамасыз етіп, көздің жақсы көруін реттейді А1, В2, С витаминдері. Майда еритін витаминдер. Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне, жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организімінде түзілмейді. Оған жататындар: А, Д, Е, К, F. А витамині /антисерфталмалық витамин, ретинол/. Өзінің «А витамині» деген атын 1916 - жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А1, А2, А3 болып бөлінеді. Химиялық құрылысы жағынан құрамында ς-ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді. «А» тобындағы витаминдер - түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 1200-1300-қа дейін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады. А - витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі. Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ол фоликулярлы гиперкератос /грек - һуреr қалыптан тыс көп, тым көп; кеras - мүйіз/ ауруына шалдығады. Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп-тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босасып, тарамыстары тартылып, сал /паралич/ ауруына шалдығады. Ұрғашы малдың қынабы мен жатырдың кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекінуі нашарлайды. Жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін. Төлі кішкентай болады. Сиырлардың жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады. Тауықтың жұмыртқалау қабілеті төмендейді де, жұмыртқа сары уызының түсі солғынданады. Көздің тор қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына /концентрациясына/ байланысты. «А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң
тозаңды жас жуып-шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ол қабынады, жұмсарады және онда жара /теріскен/ пайда болады. Кейін осы жараның орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көру қабілеті төмендеп жанары зақымдалады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалуы мүмкін. Каратомаляция /грек, xeratos - мүйіз, malania - жұмсару, әлсіреу/ ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көктемге қарсы мал /бұзау, кейде торай, қозы/ денесінде А витамині жетіспеуден, сондай-ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт. Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамай ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А - витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның бауырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты. Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әртүрлі. Мысалы, ірі қара, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады. Шошқа, қой мен ешкі оргаинзмінде оның қоры жоқ. Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді. А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химилық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді. А витамині мен микроэлементтер арасында да байланыстар бар. Мысалы, А-гиповитаминозымен ауырған бұзаулардың қанында кобальттың мөлшері азаяды. Екінші бір мысал: А витамині мыстың катализдік активтігін реттей отырып, эпителийде үдеп кеткен қабыршақтану процесін төмендетеді. «А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға. А-авитаминозымен күресуге керек. Өсімдіктер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жануарларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминінің негізгі көзі болып табылады. Өнеркәсіпте шығарылатын А витаминінің концентраты балықтар мен теңіз аңдарының бауыр майынан жасалады. Мұның витаминдік активтігі балық майымен салыстырғанда 400-800 есе көп. Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады. Осының әсерінен олардың кеуде
сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішірейіп, қабығы жұқарады. Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остеомаляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпиіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды. Аурудың себептері: Рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы. Организмде Д3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таратылады. Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі - фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады. Д - авитаминозымен күрек жолдары. Шөпті сақтау мерзімі ұзарған сайын Д витаминінің мөлшері азаяды, ал сүрлемде көбейе түседі. Қыста ересек мал үшін Д витаминінің негізгі көзі ретінде пішен мен сүрлемді, ал төл үшін сүт пен уызды пайдалану керек. Пішенге күннің көзі неғұрлым көп әсер етсе, онда Д витамині соғұрлым көп болады. Сақтаған пішенде Д витаминнің мөлшері біраз азаяды. Бірақ пішен мен сүрлемге 10 минут ішінде кварц шамының сәулесімен әсер етсе, олардағы витамин мөлшері 2-5 есе көбейеді. Д витаминінің мөлшері шөп ору мерзіміне де байланысты. Мысалы, екінші орылған шөпте біріншімен салыстырғанда Д витамин мөлшері 2-2, 5 есе жоғары болады. Д витаминдерінің активтігі халықаралық бірлікпен /ХБ/ өлшенеді. Кристалды Д3 витаминінің 0, 025 мкг ХБ ретінде қабылданды. Осы витаминнің бір грамы 40 млн. ХБ-не тең. Сиыр сүтіндегі және майындағы Д витаминінің мөлшері оның рациондағы мөлшеріне және организмдегі қорына байланысты. Мысалы, желтоқсанда сауылған 1 л сүтте 12-15 ХБ-Д витамині болса, ал қыстың аяғында сауылған сүтте оның мөлшері 6-8 ХБ-ке дейін төмендейді. Осы мезгілде жануарлар жаз кезіндегі бауыр мен теріде жиналған Д3 витаминінің қорын пайдаланады. Қыс кезінде күн сәулесі аз болғандықтан провитамин Д витаминіне ауыса алмайды. Сондықтан ультракүлгін сәулелерін пайдалану керек. Бұл сәулелердің әсерінен организмде фосфор көбірек жинақталады. Ұзын сәулелер теріні қызартып, қанды өзгертумен қатар мал терісінде Д3 витаминінің пайда болуына септігін тигізеді.
Ультракүлгін сәулелердің әсерінен малдың өсуі жеделдейді, өлім-жетім азаяды. Өндірісте Д2 витаминінің концентраттары майды және спиртті, ал Д3 виденин деп аталады. Бұл препараттың І грамның активтігі 200 мың ХБ-ке тең. Осы препараттың құрғақ күйінде концентраттармен араластырып, немесе ыстық суда ерітіп беруге болады. Украйна Ғылым академиясының биохимия институтында видеокаротин деген жаңа преапарат жасалып шығарылды. Бұл преапараттың І г-да 200 мың ХБ Д3 витамині және 1, 5 мг каротин болады. Д витамині преапараттарының организмге тигізетін әсері олардың енгізу әдістеріне және мөлшеріне байланысты. Балапандарға және еметін торғайларға жүргізілген тәжрибелер Д2 витаминін еккеннен гөрі азықтармен бірге берген тиімді екенін көрсетті. Ал сиырларға Д витаминін тері астына егу басқа әдістермен салыстырғанда әлдеқайда әсерлі. Неғұрлым перапарат сирек енгізілсе, соғұрлым оның мөлшері көбірек болуы тиіс. Ал көп мөлшерде берсе, ол организмді уландырып жіберуі ықтимал. Д витаминнің малға қажеттілігі рациондағы кальций мен фосфор шамасына байланысты. Мысалы, сауын сиырдың рационда кальцийдің фосфорға қатынасы 2, немесе 1, 5:1 болуы керек. Е витамині /токоферолдар/. Е витаминінің биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейнгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды. Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл зат Е витамині, немесе токоферол /грек, «тұқым қуалағыш»/ деп аталды. Химиялық тұрғыдан барлық токоферолдар екі циклды, бір атомдық фенолдарға жатады. Қазіргі кезде токоферолдардың 7 түрі белгілі. Оптикалық активтігі жағынан α - токоферол ерекше орын алады. Е витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Токоферолдар бензолда, бензинде, хлороформада, ацетонда және басқа органикалық заттарда да ериді, қыздыруға айталықтай тұрақты. К витамині /филлохинондар/. Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтын 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. 1942 ж А. В. Палладин және М. М. Шемякин К витаминінің суда еритін викасол атты жасанды түрін бөліп шығарды. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де керек екені анықталды. Олар К витаминге деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арқылы қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz