Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері
1.1 Ескерткіштердің табылуы мен
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .8
1.2 Орхон-Енисей жазба ескерткіштері ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .14
Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштері
1.3 Ескерткіштер туралы кейбір туралы кейбір
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... 17

II Қазақстандағы ескерткіштер.
2.1 Талас руникалық
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
2.2 Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...24
2.3 Таңбалы тас жазба
мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 51

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...54

Тақырыптың мақсаты:
Көне түркі жазуының аса бір құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін
мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын нақты дәлелдей
түседі. Сондай-ақ Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпелілерде жазу-сызу
болмады-мыс деген дәстүрлі пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан
2 жарым мың жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың алфавиттік жазуды
білгендігін және оны кең түрде пайдаланылғандығын куәландырады.
Көне түркі руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы
қолданған төл жазуы екендігі ешқандай күмән туғызбайды. Бұл алфавит
соншалық өмір сүргендігін қазіргі біздің қолымыздағы деректер айқындап,
көзімізді толық жеткізе алады.
Жазба ескерткіштерді ғылыми зерттеу қоғамның рухани мәдениетінің
тарихын, тілін терең танып, байыпты білуге жол ашады. Әр түрлі түркі жазба
текстерінің ертеден бүгінге дейін жасалған нұсқаларындағы тілдік,
графикалық ерешеліктерін анықтап, мәдени, әдеби және тарихи мәні мен
мазмұнын көрсету-зерттеу жұмысының басты мақсаты .

Тақырыптың өзектілігі:
Жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген
жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу – дүние жүзі мәдениетінің қол
жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да
өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір
тармағы – руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен
жазылған ескерткіштер – көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен
білім өресінің ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіші.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері түркі халықтарының бәріне ортақ,
баға жетпес қазына болып саналады. Сондықтан Орта Азия мен Қазақстанды
мекен еткен қазақ, өзбек ,түркмен, қырғыз да, Шығыс Түркістанды мекендеген
ұйғыр да, Еділ бойын жайлаған татар мен башқұрт та, Алтай аймағында өмір
сүрген алтай, хакас,шор және тува тайпалары да Орхон жазба ескерткіштерін
ерте кездерде өз ата-бабаларының қалдырып, тас беттеріне жазып кеткен
тарихи мұралары ретінде қабылдайды.
Қашанда халықтың рухани мәдениетін оның тілі мен жазба
ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан-замананы көктей өткен ауыз
әдебиетінсіз толық тану да,түсіну де мүмкін емес.Бұлардың бір-бірімен
іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен шығармаған абзал.
Ескі жаба дәстүр әр түрлі даму кезендерін бастан кешіріп, өзінің
жалғасын тауып, халқымыздың тарихын танып білуге үлкен роль атқарды.Ал,
қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі-тарихи дәуірлерде осы
мекенді қоныстап келген көптеген тайпалардың тас бетіне жазып қалдырған
белгілері болып табылады.

КІРІСПЕ
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің бүгінде мәлім
болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия
мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екенін
айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі
өзен аттарымен Орхон-Енисей жазуы немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан
Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан, оның құпия таңбаларына
балап руникалық деп атап кетті.1
Көне түркі жазу ескерткіштерінің ең көп қанат жайған аймағы жоғарыда
атап кеткеніміздей – Оңтүстік Сібір, Монғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның
кең жазиралы далалары мен шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының
ішінде 200-ге жуығы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан
табылған металл, күйдірілген саз балшықтан жасалған бұйымдарға ойылса,
сондай-ақ сирек те болса, ағаш пен сүйек сияқты заттарда қолданылғаны
айқындалып отыр.
Бірнеше ғасырға созылған араб графикасындағы жазба дәстүр ескі түркі
жазба әдеби тілдерінің дамуына желі болып таралып, сол бір бастаудан нәр
алған өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ т.б. халықтарының қазіргі жазба әдеби
тілдерінің мәуелеп өркендеуіне негіз салды.
Қазақстанның байтақ өлкесінде 4 түрлі жазудың үлгісі сақталған :
1. Ескі сақ, ғұн, үйсіндер пайдаланған руна жазуы;
2. Орхон дәуіріндегі руна жазуы;
3. Шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан Ана,
Батағай).
4. Араб жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатын, Болған ана, Көк кесене, тағы
басқалар).
Бұл тасқа немесе мавзолейдің қабырғаларына жазып қалдырған тарихи
сөздер қазақ мәдениетінің ерте кездегі, орта ғасырлардағы бір үлкен
белгісі, қазақта жазу болмаған, шикі, тағы ел деп айтушылардың сөзін
теріске шығаратын ашық белгілер екені бәрімізге мәлім. Осындай тасқа
жазылған кітап сөздерін, мұраларын біріктіріп, жеке бір кітап етіп шығарса,
қазақтың білмейтіндер өзінен-өзі таң қалып жүрер еді.
Әуелде, түркі филологиясында ерекше орын алып, дамып келе жатқан және
болашағы зор салалары - түркі эпиграфикасы мен түркі палеографиясы. Олар
көне таңбалардың эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді
өзінің еншісіне айналдырған. Былайша айтқанда, эпиграфика тас, метал,
сүйек, саз балшық тағы басқа бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды
тексерсе, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді.
Көне түркі тіліндегі руникалық жазулар тек тастарға қашау әдісімен
ғана емес, үй жиһаздары, түрлі бұйымдарға да ойылып жазылғандығы айқындала
түсті. Сазбалшықтан ыдыс-аяқтар мен құмыраларға кескінделген руникалық
бірнеше Ферғанада және Дон өзенінің құйылысынан табылды. Алтай мен
Хакасиядағы ескі мола-қорымдарын қазғанда, археологтар алтын, күміс
табақтар мен құмыра, тостағаншаларға және күміс қапсырмаға ойылған
руникалық жазулардың куәсі болады.
Кең тараған руникалық жазулардың Шығыс Түркістаннан VIIІ-IX ғасырда
қағазға жазылған нұсқаларын ХХ ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған
археологиялық экспедициялар айқындады десек, Алатаудың оңтүстік өңіріндегі
Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойып жазылған нұсқасы табылды.
Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің ең қанат жайған аймағы жоғарыда
атап кеткеніміздей – Оңтүстік Сібір, Монғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның
кең жазиралы далалары мен шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының
ішінде 200-ге жуығы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан
табылған металл, күйдірілген саз балшықтай жасалған бұйымдарға ойылса,
сондай-ақ сирек те болса, ағаш пен сүйек сияқты заттарда қолданылғаны
айқындалып отыр.
Қашанда халықтың рухани мәдениетін оның тілі мен жазба
ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан замананы көктей өткен ауыз
әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес. Бұлардың бір-бірімен
іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен шығармағанымыз абзал.
Түркі қағанаты құрамына енген ру-тайпалардың бір-бірімен пікір
алысатын, белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан тілі, тілдік ерекшеліктерін
көрсететін арнаулы жазулары болды. Қазіргі замандағы қай тілді алсақ та, ол
бір ғана заманның жемісі емес, оның негізі - грамматикалық құрылысы,
дыбыстық жүйесі, сөздік құрамына - әлденеше заманның жемісі. Олардың
элементтері бағзы дәуірінде жасалып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа
көшіп. Біздің заманымызға келіп жеткен.

I КӨНЕ ТҮРКІ РУНИКАЛЫҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
I.1.Ескерткіштердің табылуы мен зерттелу деңгейі.
Құпия жазуларға алғаш көңіл бөліп, оны талдауға әрекет жасаған Т.Бойер
1729 жылы ескі кельт жазулары деп есептеді. 1793 жылы А.С.Паллас бұл
жазуларды ескі гот жазуы деп қателесті. 1818 жылы орыс ғалымы Г.Спасский
Древность Сибири деген журналды бұл белгісіз жазуларды моңғол не қалмақ
жазуы түрінде қарады. Моңғол және қалмақ жазулары соғды жазулары негізінде
пайда болғанын ескермеді. Кейінірек 1857 жылғы бір еңбегінде ол өзінің
алғашқы пікірінен тайып, бұл жазуларды ескі славян жазуы деп есептеді.
Ғылымның бұл пікірі де дәлелсіз еді. Ол кісі 1822 жылы құпия жазуларды
индогот ұрпақтарының ескі жазулары болуы ықтимал деп шатасты. 1824 жылы
Ю.Клапрот оларды грек жазуы негізінде қарады. Ж.Аспелин Сібір жерлерінен
табылған жазулар жөніндегі өз пікірін 1884 жылы Одесса қаласында болған
археологтардың конгресінде хабарлап, оны шалғай жатқан Скандинавия
халықтары жазуы деп ұйғарды. М.А.Кастрен құпия жазулардың шығу тегі жөнінде
үзілді-кесілді пікір айтып, оны фин халықтарының ерте замандағы жазуы
түрінде қарады. Кейінгі кездері, 1933 жылдар Г.Ксенофонтов бұл жазуларды
якут жазуы түрінде қарады.
Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б.
он ескі қырғыз жазуы түрінде қарады.
Қалай болған күнде де бұл кезге дейін белгісіз, құпия болып келген
жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау
керек болды.
Орхон-Енисей жазба нұсқаларының шығу төркіні жайлы тюркологтар арасында
әртүрлі, шындыққа жанаспайтын пікірлер де болды. Солардың бастылары
төмендегідей:
В.Томсен жазудың арғы тегі арамей жазуы болуы керек деген пікірді
қуаттайды. Алайда ол басқа да элементтерден толығуы ықтимал деген жорамал
жасайды. Кезінде бұл пікірді О.Доннер, Е.Блоше, С.П.Толстов, В.Радлов т.б.
қолдады. Арамей жазуы ескі еврей, сирия алфавиттерімен қатар финики жазуы
негізінде пайда болғандығы ескерілмеді.
Тарихшы С.Г.Кляшторный Орхон жазуы пехлеви, соғды жазуынан пайда болды
деген пікірін одан әрі дамыта түсті. Кейбір ғалымдар көне түркі тайпалары
бұл жазуды өздері көрші отырған жужандықтар арқылы ғұндардан үйренді деп
есептейді. Тарихи деректерге үңілсек ғұндар бұдан 1200 жылдай бұрын өмір
сүрді, олар арамей жазуын қолданды. Әрине, бұл мәселелер тереңірек
зерттеуді қажет етеді
Енисей мен Орхон аңғарларынан табылған жазулар Мочжо мен Могилян
дәуіріндегі Шығыс түркі қағанатын зерттеп білудің негізгі көзі болып
табылады. Әсіресе, олардың істеген істерімен жорықтары сипатталып жазылған
қағандар мен бектердің басына орнатылған жазулы тастардың ерекше маңызы
бар.
Тюркологиялық әдебиеттерде көне түркі жазулары жөнінде ең алғаш хабар
берген кісі - Амстердам қаласының бургомистрі Н.Видаев бұдан кейінгі
мағлұмат Тобыл қаласының бояры Семен Ремезовтың 1697 жылғы Сібір
қалаларының, жерлерінің шөл далалары мен асуы қиын таулы өлкелерінің
чертежі атты еңбегінде көрсетіледі.
Ең алғашқы Енисей аңғарларынан табылған құпия жазулар жөніндегі ақиқат
мағлұматтар швед елінің тұтқын офицері И.Страленбергтің еңбектерінде анық
көрсетілді. Оның ескерткіштер туралы еңбегі 1730 жылы Стокгольм қаласында
неміс тілінде жарияланды. Мұнда Сібірде жүрген кезінде кездестірген
бірқатар құпия жазулардың кестесі ұсынылды. Сондай-ақ Енисей өзені бойынан
табылған жез құмыра бетіндегі жазу да көрсетілгенді.
Сібірден табылып жатқан жазуларды Т.Байер оқып, оларды өзінше талдағысы
келіп еді, бірақ оның әрекеті сәтсіз аяқталды. 1793 жылы П.С.Паллас Сібір
жерінен табылып жатқан құпия жазулардың бірқатар үлгілерін жариялайды.
1818 жьглы Г.Спасский өзі шығарып тұрған Сибирский Вестник атты
журналда табылып жатқан құпия жазулардың кейбір үлгілерін жариялайды. Бұл
деректер көп кешікпей-ақ латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына белгілі
бола бастайды. Енді оларға көптеген шетел ғалымдары өз көңілдерін аудара
бастайды.
1875 жылдан бастап, фин ғалымдары Минусинск ойпатына екі рет экспедиция
ұйымдастырып, көптеген ескерткіштерді жинайды.
Г. Спасский: Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольоны болуы
мүмкін және В.Р.Розеннің: ... күні бүгінге дейін белгісіз Сібір құпия
жазуларының сыры ашылмай, 20 ғасырға өтеді деген мен сенбеймін деген
қағидалары шын мәнінде жүзеге асты.
Ескерткіштердің талдап, олардың оқылу кілтін табу Дания елінің ғалымы
В.Томсеннің үлесіне тиді. Ол кісі ең алдымен ескерткіштерде кездесетін
таңбалардың екінші бір таңбаларымен тіркес, қатар келетін және келмейтін
ерекшеліктерін ескерді.
В.Томсен бұдан соң түркі жазу жүйесінде дауысты дыбыстардың
қолданылуына байланысты олардың жуан және жіңішке айтылатын екі түрлі
ерекшелік болатындығын байқады.
Өйткені, түркі тілдеріндегі үндестік заңы ерекшеліктерін жете білудің
өте қажет екендігіне көзі жетті. Ол үшін ғалым шартты түрде ХҮХ таңбаларын
алып, Х-дауыссыз, Ү-дауысты, не мұның керісінше, Ү-дауыссыз, х-дауысты деп
қарады.
Бұдан соң жазуды қалай оқу керек деген қорытындыға келді. Ғалым жазуды
солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқу керек екендігін анықтады.
Шындығында В.Томсеннің бұл пікірі дұрыс болып шықты. Енді
ескерткіштің орнына жұмсалатындығын ажырату керек болды. Ол
ескерткіштердегі текстерге, ондағы кездесетін таңбаларға көп үңілді, көп
қарады. Таңбаларды бірімен-бірін салыстырды. Мұның бәрі де ғалым үшін
нәтижелі болды. Ол қорытындыда ескерткіштерде не бәрі 38 негізгі таңба бар
екендігін анықтады. В.Томсеннің анықтауы бойынша ескерткіштерде
төмендегідей әріптер болды.
Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы
республикасы, Алтай, Хакас автономиялы облысы, Краснояр өлкесі
территориясынан табылған ірілі-кішілі бірқатар ескерткіштер жатады.
Енисей ескерткіштері көлемі жағынан шағын: ең үлкені 10-15 жолдан,
кішілер - бір, екі және үш жолдардан кұралған. Олардың
бірқатары Хакас автономиялы облысындағы Минусинск қаласы Н.М.Мартьянов
музейінде Е. 1, 2, 10, 11, 13, 19, 25, 32, 37, 40, 42, 48, Тува АССР қызыл
қаласындағы өлкетану музейінде Е. 3, 5, 9, 14, 18, 20, Ленинград
қаласындагы Ұлы Петр I атындағы антропология және
география музейінде Е. 17, 21, 23, 71, Финляндияның Хельсинки музейінде
Е. 16 және табылған жерлерінде Е. 12, 15,?, 24, 60, 6, 67,
70, 72, 75 ескерткіштер сақталады.
Қолдану мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері көне түркі жазуларының ең
көнесі, ол шамамен Ү-ҮІІ ғасырларды қамтиды.
Енисей ескерткіштерінің кейбір үлгілерін 1730 жыл Ф.И.Табберт-
Страленберг, 1793 жыл П.С.Паллас, 1818-1857 жылдары Г.Спасский өз
еңбектерінде жариялап, жұртшылыққа таныстырды.
Көне түркі руникалық жазбалардың көптеген зерттеушілер VII-IX ғғ.
жатқызып келеді. Бұл турасында әртүрлі даулы пікірлер айтылып келеді.
Дегенмен, 80-ші жылдары Монғолиядан табылған тас ескерткіштер руна
жазуларының бастапқы кезеңінің әріде жатқызғандығын дәлелдеп берді. Көне
түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі неғұрлым ежелгілерінің ішіндегі бірі
ретінде Бұғыты жазбасы (Бугутская надпись) аталып жүр. Бұл жәдігерлік VI
ғасырдың соңғы ширегіне жатқызылады.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғасырдың ІІ
жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662 ж) Орхон-Енисей жазуы жөнінде
хабар берген адам-Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.
1697 Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың Сібір қалаларының шөл
далалары мен таулы жерлерінің чертежі атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте
Талас бойындағы Орхон тасы деген жер атап көрсетілді. Көне пікірі
бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы Талас ескерткіштері табылған нұсқа
сай келеді.
Ал, Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде
13 жыл айдауда болған швед офицері Ф.И.Табберт-Страленбергтің атымен тығыз
байланысты. Оның 1730 ж Стокгольм қаласында неміс тілінде басылып шықан
Европа мен Азияның Солтүстік және Шығыс бөлімдері деген еңбегінде көне
ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты мағлұмат берілді. Сондай-ақ 1721-
1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидтік күнделік жазбаларында
да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілді.
1783 ж. П.С.Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін
жариялады. Міне, осы кезден бастап көне түркі жазуларының жаңа дәуірі туды.
Оларды жинау, бастыру мәселелері жедел қолға алына бастайды. Сібір
хабарлары деген журналда Г.И.Спасскийдің Сібір естеліктерінің жазбалары
атты еңбегі жарияланды. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, шетел
ғалымдарына да белгілі бола басталды. Олардың орысша аудармалары 1825 ж.
Азия хабарлары атты журналда басылып шықты.
1887-1888 жылдары Фин елінің көрнекті ғалымы Ж.Аспелин арнаулы
экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп қайтып,
экспедицияның қорытынды материалдары 1889 ж. Гельсенгфоргте Енисей
жазбалары деген атпен жарық көрді. Мұнда 14 текстік иллюстрация, 32 жазу
таңбасы, 8 фотосуреттер қамтылған еді.
1889 ж. А.М.Ядринцев бастаған орыс географиялық қоғамның Шығыс Сібір
бөлімі экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан 2 үлкен ескерткіш
тауып, тюркология ғылымына елеулі үлес қосты. Оның бірі-Күлтегінге,
екіншісі – Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіштер еді.
Осыдан көп кешікпей-ақ 1890 ж. Г.Гейкель бастаған фин және 1891 ж.
В.В.Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон және Енисей
бойындағы ескерткіштерді зерттеп қайтты.
Ал, белгісіз жазуларды оқып, талдау (расшифровка жасау) Дания елінің
ғұлама ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді. Жазуды солдан оңға қарай емес,
керісінше оңнан солға оқу керек деген көрегендік қорытындыға келді және
ескерткіштердегі таңбаларды салыстырып, онда 38 негізгі таңба бар екендігін
анықтады. Сөйтіп, данышпан ғалым 1893 ж. 15 желтоқсан күні Дания королінің
қоғамы мәжілісінде өзінің 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз,
құпия болып келген жазулардың кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл
жазуы екендігін дүние жүзі алдында дәлелдеп берді.
Ғалым ежелгі түркі жазуларының сырын ашып, оны оқумен ғана
қанағаттанып қойған жоқ, ол сондай-ақ бірсыпыра Орхон ескерткіштерінің
аудармаларын жасап, кезінде оны жұртшылықпен кеңінен таныстырды. Ол өз
еңбегінде Орхон-Енисей алфавитінің пайда болуы, сөз бен сөзді, сөйлем мен
сөйлемді бір-бірінен ажырататын қос нүкте т.б. жөнінде деректер берді.
Сонымен бірге ғалымның бұл еңбегінде VI-XIII ғасырлары түркі тайпалары мен
олардың әдет ғұрыптары жөнінде қыруар мәліметтер берді.
Көне түркі жазуларын жете тексеріп, оны зерттеуге айрықша көңіл
бөлген ғалымдардың бірі-В.В.Радлов. Ол бірінші болып Күлтегін мен Білге
қаған ескерткіштерінің аудармаларын жасады. 1894-1895 жылдары Кошо-
Цайдам, Онгин және басқа да бірсыпыра үлкенді – кішілі ескерткіштердің
аудармаларын жасап, бастырып шығарды. Оның көптеген еңбектері Орхон-Енисей
ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне арналды.
Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеуге үлес қосқан орыс ғалымдарының
бірі – П.М.Мелиоранский. Ол өзінің қысқа ғұмыры ішінде 40-тан аса еңбек
жазып қалдырды. Сол еңбектерінің жартысынан көбі тюркология мәселелеріне
арналған. Бұлардың ішіндегі ең шоқтығы биігі – Күлтегін ескерткішін
зерттеген еңбегі. Ол 140 беттен тұрады. П.М.Мелиоранскийдің еңбектерін
Н.Ф.Катанов өте жоғары бағалады.
Енисей, Орхон және Талас жазу ескерткіштеріне арнап В.Радлов,
В.Томсен, П.М.Мелиоранский, Б.Бартольд, А.Н.Бернштам, С.Е.Малов,
С.В.Киселев, И.А.Батманов, Х.Н.Оркун, В.Банг, В.Л.Котвич, Г.И.Рамстед
сияқты ұлы ғалымдар көптеген еңбектерін жазды.2
Тюркология ғылымына белгілі 1950 жылдарға дейін аталмыш ескерткіштер
бойынша біздің елімізде еңбек еткен С.Е.Малов. Ол кісі осы ескерткіштер
бойынша бірқатар құнды еңбектер жазды. Мұның өзі Орхон-Енисей
ескерткіштерін одан әрі зерттей түсуге белгілі дәрежеде ықпалын тигізді.
Осы өткен дәуір ішінде Қазақстанда Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
бойынша кадрлар да өсіп жетісті.
Г.Мұсабаев Орхон-Енисей ескерткіштеріне ерекше мән беріп, Күлтегін
ескерткіші бойынша арнайы мақала жазды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып осы еңбектің авторы бірсыпыра
еңбектер жазды. Ол осы өткен дәуірдің ішінде онға тарта ірілі-уақты
кітаптар мен 140-қа тарта мақалалар жазды.
Ескерткіштер жөнінде аумақты қызмет атқарып жүрген ғалымдардың бірі
– Алтай Аманжолов. Ол 1963 ж. бастап, ескерткіштердің синтаксистік және
графикалық жақтарына арнайы көңіл бөлсе, 1864 ж. Е.Ағманов бұл
ескерткіштердегі сөз тіркестерімен шұғылданып, бірнеше мақала жариялады.
Сол кездері М.Жолдасбеков те Орхон-Енисей ескерткіштерінің әдеби
жағымен шұғылданып, 20 шақтағы мақала жариялады.
1970 жылдан бастап А.Есенғұлов осы ескерткіштердегі кездесетін сөз
тудыратын қосымшалар жөнінде еңбек етіп, біраз ғылыми еңбектер жазды.
Бұлармен қатар Ә.Құрымжанов, М.Томанов, А.Махмұтовтар да Орхон-Енисей
жазба ескерткіштерімен әуестеніп, бірсыпыра мақалалар мен жоғары оқу
орындары үшін көмекші құралдар құрастырды.
Талас өзені бойындағы Айыртам – Ой дейтін жерден (қазіргі Жамбыл
облысы, 1896 жылы Әулие Ата уезінің бастығы В.А.Каллаур ғылымға үлкен
жаңалық болып енген жазуы бар тас тауып алды. Бұл ескерткіштің бұдан
кейін Г.Гейкель қарап шықты. Оның аудармасын В.Радлов (1899), Ю. Немет
(1926), С. Е.Малов (1928). Х. Н. Оркун (1930) жасады.
Екінші ескерткіш 1898 жылы Талас өзені бойындағы Дмитриевск селосы
маңынан (М. Е. Массонның көрсетуі бойынша бірінші ескерткіштен 500 қадамдай
жерден) табылды. Екінші ескерткіштің аудармасын жасап жариялағандар: П.М.
Мелиоранский , Ю. Немет, С.Е. Малов және Х. Н.Оркун.
Үшінші ескерткіш те осы маңнан табылды. Аудармаларын жоғарыда
аталған ғалымдар. П.М. Мелиоранский , Ю. Немет, С.Е. Малов және Х. Н.Оркун
жасады.
Төртінші, бесінші және алтыншы ескерткіштер осы жылдары табылды. Бұл
ескерткіштерді тауып аудармаларын жасап жариялауда. П.Оранский, С. Е.
Малов, Ю. Немет және т.б. ғалымдар елеулі еңбек етті.
1932 жылға дейінгі табылған Талас ескерткіштерінің бүкіл соңы алтау
болатын. Кейінгі кездері И.А. Батманов бастаған бір топ қырғыз ғалымдары
Талас өзені бойында түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1961 жылы археолог-топограф П.Н. Кожмяко Талас өзені бойынан төрт
жолдан тұратын жаңа бір ескерткіш тапты. Дәл сол жылы Қырғыз ССР Ғылым
академиясы ұйымдастырған экспедиция мүшелері тағыда жаңа үш ескерткіш
тауып, Талас ескерткіштерінің санын арттыра түсті.
И.А. Батманов бұрынғы және кейінгі кездерде табылған Талас
ескерткіштерін одан әрі арнайы зерттеп, өз алдына кітапша етіп шығарды.
Ескерткіштері зерттеушілердің топшалауы бойынша Талас жазба ескрткіштері
VIIІ ғасырды қамтиды. Талас ескерткіштерінің басқа Орхон-Енисей
ескерткіштеріне қарағанда өзіне кейбір графикалық ерекшеліктері бар
екендігі байқалады. Өз еңбектерінің басым көпшілігін осы ескерткіштерге
арнаған П.М. Мелиоранский, В.В. Бартольд Талас ескерткіштерін Енисей жазба
нұсқаларына жақын деген пікірді қуаттайды. Бұл пікірді С.Б: Киселов те
жақтап шықты.

I.2.Орхон-Енисей жазба ескерткіштері.
Орхон-Енисей ескерткіштері негізінен VI-VIII ғасырдағы тарихи
деректерді баяндаумен қатар, түркі тайпаларының салтын, мәдениетін, күн
көру жайларын шын мәнінде сөз етеді.
Ескерткіштердің негізгі идеясы –түркі тайпалараның ғасырлар бойы
аңсаған мақсат, өз елінің тәуелсіздігі мен өз жерін ішкі-сыртқы жаулардан
қорғау. Ел қамын ойлаған Елтеріс, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Кули-Чор
тағы басқа солар сияқты қағандар мен бектердің іс-әрекеттері текстерде
тамаша суреттеледі.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму
тарихындағы “Көне түркі” дәуіріне сай Шығыс Түркі құрамындағы өмір сүрген
тайпалар осы Орхон-Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген
Орхон – Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей,
Селенга және Талас бойы.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына
жазуларының Енисей бойынан табылуымен байланысты. Енисей ескерткіштері
қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы Республикасы, Алтай, Хакас
автономиялы облысымен Краснояр өлкесі территориясымен табылған бірсыпыра
ірілі-уақты ескерткіштер жатады. Қазір Енисей ескерткіштерінің жалпы саны
145-ке жетіп отыр. Оларды әркім әр уақытта жоғарыда аталған территориядан
тауып алып отырған. Атап айтқанда, мұндай ескерткіштерді алғаш тапқандардың
ішінде Ошуров, Мессершмидт (1721ж.), Кастерн (1847ж), Костров (1757ж.),
Корчаков (1878ж.), Кузнецов (1885ж.), Клеменц (1886ж.), Савенков,
Проскуряков, Рамстедт (1900ж.), Андрианов (1915ж) сияқты ғалымдар мен
әртүрлі мамандық өкілдері бар. Сондай-ақ ескерткіштерді іздестіріп табуға
көптеген елдердің ғылыми қоғамдарды ұйымдастырған экспедициялар да елеулі
үлес қосты. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып
келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түркі жазуының алғашқы
шығып, қалыптаса тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан
Талас өңіріне тараған.
Орхон жазуы Көне түркі жазба-мұраларының ішінде қазір түркі тектес
халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау
Сібірден бастап Орта Азия мен аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына
қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Моңғолия жерінде
бас құраған. Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий
теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға
айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі
үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі солай бола тұра, V-VII ғасырларда
жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың
жиегі, түбі мен қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының
ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары Орхон өзенінің бойынан
табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра
ерекше аталады. Оның біріншісі – 731 жылы Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы
дүние салған Білге қағанның өзіне, ал үшіншісі – Тоныккөкке арналған
ескерткіштер.
Орхон текстерінде Бумын, Естеми, Елтеріс қағандармен бірге ерекше мән
берілетін басты тұлға Күлтегін ол жеті жаста әкеден жетім қалып, он екі
жасқа шыққанда, ел қамын ойлайды. Он алты жаста қару-жарақ асынып, жорыққа
аттанады, жиырма бір жаста Чача сеңүнмен, жиырма алты жаста қырғыздарға,
содан соң түркештерге, отыз жасында қарлұқтарға, отыз бір жасында оғыздарға
шабуыл жасап, қырық жеті жасында қайтыс болғаны жазба нұсқаларда анық
көрсетіледі.
Алғашқы кезең ретінде руникалық мәтіндер зерттеле бастаған XVII-XVIII
ғасырларды айтқан жөн [6]. Байлығы мен барлығы, құпиялылығы мен
беймәлімділігі әлемді голландиялық азамат Николаса-Корнелисон Витсен
(1641-1717) Москваға, одан Сібірге аяқ басты. Н.К. Витсен Сібір жеріне
саяхатта болып, тас бетіндегі ғажайып суреттермен қоса беймәлім жазуларды
және Сібір халықтары, оның тілі, дәстүріне байланысты құнды құжаттарды
жинап жария етті. Н.К. Витсеннің Сібір және Қиыр Шығыс туралы алғашқы
жинағы 1642 жылы жарық көрді. Бұл енбектер 1785 жылы қайта басылып шықты.
Зерттеуші 1690 жылы 29 қарашада Ұлыбритания Корольдігі Ғылыми қоғамының
президенті Роберт Соутвельге хат жазып, өзінің жинағын мәліметтерін
жеткізді. Онда: Бұдан 28 жыл бұрын мен әр нәрсеге қызығушылық,
әуесқойлығыммен Ресейге бардым. Мен тек қана орыстармен ғана емес,
татарлардың (көшпелілердің) әр алуан тайпалармен қатынаста болдым. Онда
болғанымда Москва хақында және басқа елдер туралы материал жинадым. Әлеинің
ең алыс Қиыр солтүстігі мен шығыс-солтүстігінен хат алысатын жол тауып,
алуан түрлі әдіспен мәлімет жинауды күні бүгінге дейін жалғастырып
келемін,- деп жазған. Одан әрі Н.К.Витсен Верхотурье маңында болды [5]. Ол
Верхотуреге тақау тұста жартаста белгісіз жазулармен қашалған бірнеше
суреттер мен жазулар табылғанын... хабарлаған [6]. Онда тұратын қариялар
өздері бұл өлкеде жүз жылдардан бері мекендеп келе жатқанын айта келіп,
жазу сызу туралы, оны кімдер қай уақытта сызып жазғаны хақында ешқандай
мәлімет бере алмады. Тұрғындар бұл жерді Бітіг тас деп атайды. Онда
тұратын вогулдар мен басқадай тәңәрләктер құрбандық шалып, тасаттық беретін
әдет-ғұрып бар екенін мәлімдейді. Бұл жер Сібір емес, Орал маңы екендігі
артынан анықталды. Верхотурье Орта Оралдың шығыс сілесі, Сібір қақпасы
атанған Тур өзенінің басына жақын орналасқан елді мекен. Бұл жерде
Витсеннен кейін 1698 жылы Верхотурье қарашығының іргетасы қаланған
Голландиялық Н.К. Витсеннің сапары тұсында орыстың белгілі географы,
этногрфы С.У. Ремезовтың Сібірден жинаған әртүрлі мәліметтердің негізінде
Сібірдің сызба кітабы (Чертежная книга Сибири) 1693-1703 жылдар
аралығында жасалды. Онда Сібірдің әр жеріндегі тас бетіндегі суреттермен
бірге беймәлім құпия жазулар туралы мәліметтер белгіленген [5]. 1697 жылы
Тобылдың бояр ұлы Ремезов Чертеж всех Сибирских градов и земель и чертеж
земли всей безводной и малопроходной каменной степи деп аталатын жазбаны
жасап шыққан [6]. Ол картада Орхон тасы туралы да мәлімет бар. Бір
қызығы ол Қазақстан мен Қырғызстан аралығындағы Талас өзенінің бас жағында
Орхон тасы орналасқан деп көрсеткен. С.У. Ремезов жинаған мәліметтерді
сұрыптаған кезде Орхон тасы деген мәліметті Талас жазуымен шатастырған
[5]. Дәл осы маңайда екі ғасыр өткеннен кейін, 1896-1898 жылдарда
В.Каллаур мен Г.Гейкель сына жазу мәтіндері бар тастарды тапқан. XVIII
ғасырдың бас жағында руникалық мәтіндердің Сібір жерінде – Енисей бойында
кездесетіні жөнінде ғылыми жазбалар қағазға түсе бастады [6]. Орхон тасы
туралы VIII-ғасырда Моңғол жерінде болған Ата Малик Жувеин өзінің The
history of the World-Conquerer атты еңбегінде Орхон бойынан беймәлім жазуы
барескерткіш көргенін, оны оқитын адам таппағаны туралы жазып қалдырған
[5].
Бұлардан кейін Констинополь мен Падуеде білім алып, Германия мен
Швецияда өмір сүрген, өзін грекпін деп атаған молдованың білімді жанұясында
туып өскен Николай Гаврилович Спафарий 1671 жылы Мәскеуге келеді. 1675
жылдың басында Қытайдағы орыс елшілігін басқарады, 1678 жылы қайта
оралды. Ол елшіліктің тапсырмасымен бірнеше географиялық еңбектер жазды.
Соның бірі Сібір хандығының Тобыл қаласынан Қытай шекарасына дейін жасаған
саясаты туралы кітап деп аталады. Бұл ресейліктер тарапынан көзбен көріп
жазылған Сібірдің географиялық толыққанды алғашқы анықтамасы. Ол Енисейден
ангар шатқалы арқылы жүріп өтеді.Кәтабында: Үлкен белді асып түскенде,
Енисей шатқалына тап боласыз. Ол шатқалдың жартас бетіне қашалып жазылған
беймәлім жазулар бар. Жазулардың арасына крест бейнесі салынған. Онымен
қатар қолдарына найза ұстаған адамдардың суреті қашалған. Бұларды қай
заманда кім жазғанын ешкім білмейді - деп мәлімет қалдырған. Осылайша,
Н.Г. Спафарий көне руникасы туралы деректерді батысқа жеткізушілердің бірі
болды.
XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Ресей императоры I Петрді Сібірдің
археологиясы, жер асты қазба байлықтары қатты қызықтырған. Сондықтан да ол
байырғы мұраларды жинау, қорғауға байланысты әлде неше рет шешім
қабылдаған. 1718 жылы қорғандарды тонауға тиым салып, тарихи заттық
бұйымдарды, жазулы тастарды Кунсткамераға жинау туралы шешім қабылдапты.
Осы шешім шыққан соң, бір жылдан кейін I Петрдің шақыруымен данцигалық
зерттеуші Данил Готлиб Мессершмидт Ресейге келіп, Сібірді зерттеу ісін
қолға алады. Ол әрі дәрігер, әрі ботаник, әрі фололог адам еді [5]. 1719-
1722 жылдары I Петрдің тапсырмасы бойынша Данил Готлиб Мессершмидт Батыс
Сібір, Дағур, Моңғолияны зерттеу ғылыми экспедициясының жетекшісі болып
тағайындалды. Оның экспедициясы жеті жылға жалғасты. Ол тарих, тіл,
этнография , география, ботаника басқа да ғылым салаларының көптеген
деректерімен қоса, Сібір, түркі, Орта Азия халықтарының қолындағы ондаған
қолжазбаларды, этнографиялық заттық мұраларды жинап, Петербургтегі
Кунсткамераға тапсырған. Ең өкінішітісі: құнды дүниелер 1747 жылы
Кунсткамера өртенгенде бірге жойылды [6]. Мессершмидт осы сапарда Енисей
өзенінің жоғарғы сағасынан тасқа қашалып жасалған әр түрлі хайуанаттардың
суреттері мен бірсыпыра жазуларды кездестірді. Көрген деректері жөнінде
тиісті жерлерге мағлұматтар тапсырды. Бірақ кейбір табылған материалдар
Екатерина Петровнаның бір елшісі арқылы Батыс Еуропаға ауысып, олар шетелде
жарық көрді [7]. Мессершмидттің қолжазбалары Петербургте сақталып, кейін
1782 жылы П.С.Палластың құрастыруымен 1962, 1964, 1966, 1968 жылдары
Берлинде жеке кітап болып, әлденеше болып басылып шықты. Оның
қолжазбаларында Сібірдегі көне түркі руналық жазулар туралы мол деректер
қамтылған [5].
Байырғы түркі жазба мұраларын тауып ашуда, оған ғылыми талдау
жүргізуде патшаның қолдауымен Ресей ғылымын өркендетуге үлкен үлес қосқан
шығыстанушы Готлиб Зигрфрида Байердің еңбегі айрықша мәнді. Ол Уйбат
бойындағы №3, 4, 5 жазулар мен Туба бойында №1, 2, 3 ескерткіштерді
зерттеп, өз тұжырымын ұсынды. Г.Байер Сібірден тасылып жатқан жазуларды
оқып, оларды өзңнше талдағысы келіп еді, бірақ оның әрекеті сәтсіз
аяқталды [7]. Ол руникалық таңбаларды кельт жазуына жатады деп болжаған.
1793 жылы П.С. Паллас Сібір жерінен табылып жатқан құпия жазулардың
бірқатар үлгілерін жариялайды [5]. А.О. Гейкель 1891 жылы наурыз айының
аяғында Көшө-Цайдам экспедициясының қысқаша есебін жариялады. Осы ғылыми
баяндауында А.О. Гейкель: Қайтыс болған Цюетэлэ жатқан үйінді қираған
храмның орны болуы мүмкін. Ол қытайлықтардың құрылыс технологиясымен
кірпіштен тұрғызылған сыңайлы деген [8].
Д.Г. Мессершмидт қатарлас швед армиясының капитаны Ресейдің
тұтқыны болған Филип Иоганн Табберт 1711 жылдан бастап, 12 жыл Сібірдің
Тобольск қаласында өмір сүрді. Бұл жылдары Сібір халықтарының тілі, тарихы,
әдет-ғұрпы, көне мұрасы, археологиясы, Сібірдің географиясы хақында мол
дерек қалдырды. Оның Ұлы татарияның жаңа географиялық анықтамасы , 1730
жылы Европаның солтүстік және шығыс бөлігі атты еңбектері дүниеге келді.
Бұл еңбектер Еуропа оқырмандарының ортасында үлкен қызығушылық тудырып,
1738 жылы Лондонда ағылшын тілінде, 1757 жылы француз тілінде, 1780 жылы
испан тілінде бірнеше рет басылып шықты. Ол Енисей жазуларының біраз
нұсқасын сол қалпымен өркениет әлеміне жеткізді. Жазулар Скандинавия
руналық жазуына ұқсас болғандықтан, алғаш рет руна жазуы деп аталды. Бұл
атау соншама дұрыс қойылмаса да үш ғасррға жуық өзінің мағынасын сақтаумен
жалғасып келеді. Осылайша, Д.Г. Мессершмидт, Ф.И. Страленберг еңбектері
батыста үлкен ой додасын туғызып, байырғы құпия жазуларды қызығушылықтардың
санын көбейтіп, назарын аударуға пәрменді ықпал жасады [5].
Екінші кезең ретінде руникалық жазулардың оқылуын ашу үшін
материалдар жинау қолға алынған XIX ғасырдың басынан бері қарайғы уақытты
атауға болады [6]. XIX ғасырдың басында көне түркі жазуларын іздестіріп,
жариялауға көптеген саяхатшылар мен әуесқойлар ат салысты. Соның ішінде
Григорий Иванович Спасскийдің орны бөлек. Ол Сибирский вестник журналына
Саян мен Минус мүйісінен табылған құпия жазуларды жариялап тұрды. 1818
жылы Г.Спасский Записки о Сибирских древностях деген еңбегін жариялады
[4]. Бұл еңбегінде ол түрік жазуы дегенге қарсы болды. Г.И. Спасский:
Түрік тұқымдас халықтар бұрын Сібірде болмаған, олар тек кейіннен келген,
бұл қалмақ немесе моңғолға тән жазба - деп қарайды [3].. Оның мақаласы көп
кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің
ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық
қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы Енисей
жазбалары деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды.
Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин
ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің
негізсіз екендігін олар кейін мойындады.
Ол шығыс тілдерінің сол кездегі білгір зерттеушісі Абель
Ремюзаның рецензиясында аталып өтті [5]. Автор сол жазуларды оқи алған
жағдайда өте маңызды тарихи философиялық мәселелердің басы ашылуы мүмкін
деген пікір айтқан. Ремюза бұл жазба усунь тайпасының жазуы деп санаған.
Мұның өзі руникалық жазуларды ғылыми тұрғыдан зерттеуге арналған тұңғыш
дискуссия болатын. Мұнан кейін Роммель әлгі жазулардың тегін скифтерге
немесе грек-готтарға апарып тіреді, ал Ю.Клапрот түркі руникасын грек
жазуына жақындатып қойды [6]. 1857 жылы Спасский жаңағы дискуссияны
қайтадан жандандырып, пікірінен қайтып, бұл жазуды енді славян халықтарының
жазуы дегенге саяды, оның бұл пікірін В.Флоринский қолдады. 1859 жылы
А.Шифнер руникалық алфавитті кәдімгі таңбаларданбастал тарататын теорияны
көлденең тартты [3]. Батыста осылайша, Орхон-Енисей құпия жазуларына
байланысты көптеген ғылыми мақалалар жарияланып, белгісіз өркениеттің иесі
кім екені туралы пікір айтушылар молайды. Ол мұраларды грек, герман, сақ,
гунн, скиф, фин, келттердің қалдырған мұрасы деп қарағандар да болды.
Финдіктердің мұрасы болуы мүмкін деген ой Фин-угор тектілердің
қызығушылығын күшейтті.
Батыста М.А. Кастреннің фин-угорлардың байырғы атамекені Алтай,
Сібір болуы мүмкін деген тұжырымы көптеген фин ғалымдарының қызығушылығын
оятып, ғасырлар қойнауындағы өркениеттің ізін тауып, сол арқылы баба
финдіктердің жасап келген мәдениеті екенін дәлелдеуге итермеледі. Сібірден
табылған құпия жазуға байланысты ғалымдардың алуан түрлі гипотезасының
әсерінен 1883 жылы Хельсинкиде ғылыми зерттеу Фин-угор қоғамы құрылды.
1887 жылы финн археологы Иогонн Рейнгольд Аспелин (1842-1915), Отто Хельмар
Апеельгрен Кивалолар (1853-1937) Енисейдің құпия жазуын іздестіру, ғылыми
зерттеу жұмысын бастады. Жазғы екі тоқсан жұмысын жасаған ғылыми
экспедицияның нәтижесінде Сібірден 32 жазуды тауып, 1889 жылы
финляндиялық көрнекті бір ғалым Отто Доннер (1835-1909) Енисей жазуының ең
алғашқы атласын жасады [5].
1889 жылы руникалық мәтіндерді зттеуде жаңа, үшінші кезең,
атап айтқанда − олардың оқылуын ашу кезеңі басталды. Бұл істе орыстың
аса көрнекті зерттеушісі Н.М.Ядринцевтің еңбегі ерекше, ол Ұлан-
Батордың батыс жақ бетінде, 400 шақырым жердегі Цай-дам көліне тақау
тұста Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерін тауып, бүкіл дүниені
дүбірлетті.Күлтегін ескерткішінің табылуы арқылы руникалық жазуды
оқуға жол ашылды, енді бұл проблема түркі мәдениетінің тарихына зер
салып жүрген барлық тарихшылар мен филологтардың назарын аударды
деуге де болады. Н.М. Ядринцевтің мәдениеттің азиялық орталықтары болуы
мүмкін емес деп санайтын еуропо-центристік теорияларға қарсы тұрған
еңбегінің өзі ерекше елеуге тұрарлық [6].
1270 жылы Моңғолияда болып, Күлтегін ескерткішін көзімен көрген
Ата Малик Жувеин Моңғол жеріндегі Орхон ескерткіштері туралы мәлімет
қалдырғннан кейін алты ғасырды артқа тастап, ресейлік саяхатшы-барлаушылар
Н.М.Ядринцев пен Д.А. Клеменц әлемге паш етті.
Сібірлік тума талант, көсемсөз шебері, Батыс Сібірі және Сібір
географиялық қоғамның көрнекті қайраткері Н.М. Ядринцев Сібір халықтарының
этнографиясымен қатар тарихи археологиялық мұраларын зерттеуге, оны тауып
бағын ашуға ерекше еңбек сіңірді. Ядринцев Николай Михайлович (18.10.1842–
7.6.1894) – Сібірді зерттеуші этнограф, археолог, публицист. Омбы кадет
корпусын бітіргеннен кейін 1860 – 63 ж. Санкт-Петербург университетінің
ерікті тыңдаушысы болды. “Сібір жерлестер ұйымы” студенттік үйірмесіне
қатысып, 1865 ж. “Сібір патриоттарына” саяси мәнді үгіт парақшасын
құрастырушы ретінде Омбы түрмесіне қамалды. 1874 ж. Петербург қаласында
тұруға рұқсат алды. 1876 ж. Батыс Сібір Бас басқармасына (Омбы қаласы)
мемлекеттік қызметке орналасып, 1881 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт
ішінде Ядринцев Орыс географиясы қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің
тапсырмасымен 1878, 1880 ж. Батыс Сібір мен Алтайға барып, өлкенің өткені
мен қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер жинап қайтты. 1880 жылғы
экспедициясында “бұратана халықтардың тұрмысын” зерттеуге көп көңіл бөлді.
Осы еңбектері үшін Орыс географиясы қоғамының алтын медалімен марапатталды.
1881 жылдан редакторлық, ғылыми жұмыстармен айналысты. 1882 – 89 ж.
“Восточное обозрение” газетінде (1882 – 87, СПб.; 1888 – 89, Иркутск)
редактор болды. 1885 ж. Еуропаға (Германия, Италия, Швейцария, Австрия)
саяхат жасады. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 – 91 ж. финн
археологтарының ppҚарақорымға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев
ppҰйғыр қағандығының астанасы – Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының
астанасы – Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба
ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. “Сібір тұрғындары, олардың
тұрмысы мен қазіргі жағдайы” атты кітабын шығарып, онда жергілікті
халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия
халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын
“Орхон экспедициясы жайлы еңбектер” жинағында (1892) және “Байырғы моңғол
атласы” (1892 – 99) атты еңбегінде жариялады. Байырғы тарихи-мәдени мұраға
деген қызығушылық Н.М. Ядринцевті Моңғолия жеріне сапар шегуге итермеледі.
1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей
өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен
жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.
Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биіктігі - 3,5 метр,
төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын
жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей
жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей
руналық жазумен толған. Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25
метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл
қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның
жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған.
Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі
хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу
керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12
метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5
шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі
мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының
келбеті екені айқындалып отыр [7].
Орхон дариясының оңтүстік жағасына орналасқан Қарабалғасун деп
аталатын көне қаланың бүтін тұрған қабырғасы, оның орталық бөлігіндегі хан
ордасы Н.М. Ядринцевтің назарын ерекше тартады. Онымен қатар қатар
қаланың алдыңғы қатарлы, Оңтүстігіне шұбырта орналастырған қарауыл
мұнаралары оны таң қалдырады. Ядринцев өз жазбасын былай деп мәлімдейді:
Қала қабырғасының оңтүстік жағында 600 аттам жерде кісі қолымен қазылған
ордың жанында дөңес үстіндегі алып гранит сынықтары біздің назарымызды
тартты. Бұл гранит тастарды барлай қарағанда оның бетінде ұлудың ойып
түсірген пішін суреті болды. Оның қасынан ұлудың бас бейнесін қашаған
гранитті таптық. Бұл гранит сынықтарды өзара қиюластырғанда әйкіл
монументтің ұшар басына орналастырған айдаһар пішіні екені анықталды.
Ол тастардан Енисей қорғандарынан бізге таныс руналық белгілерді
көрдік. Граниттің басқа сынықтарынан қытай иероглифін және моңғол жазуына
ұқсас жазуларды кездестірдік, - дейді [5].
Яндринцев өз мақаласында бұл кезеңге дейін ескерткіштер жөнінде
еңбек жазған ғалымдардың пікірлеріне талдау жасап, ескерткіштерлің фин,
гот, грек, славян жіне т.б. батыс елдеріне тиісті деген теріс ұағыдаларына
қарсы шығып, бұл жазулар жергілікті халықтардікі болуы керек деген жаңа
пікірді ұсынды. Алтай өлкесіне түрлі ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла
бастайды. Н.М. Ядринцев те сол экспедициялар құрамында болып, ескі ұйғыр
хандығының астанасы Қарабалғасун мен Моңғол мемлекеті астанасы Қарақорымда
болып, екі үлкен ескерткішті кездестіреді. Н.М. Ядринцев өзінің Моңғолия
мен Орхонға барып қайту сапары жөнінде мағлұма деген мақаласынан
төмендегідей үзінді келтіруге болады: Өте берік және мықты гранит тас
бетіндегі сызулар мыңдаған жылдардың куәсі. Көпшілігі әлі күнге дейін
сақталған. Бұлардың бірқатары Сібірдің басқа жерлерінен кездесетін құпия
жазуларды елестетсе,сол бағана тастардың екінші беттері мен қырларында
қытай мен қытай иероглифтері кездеседі. Көп кешікпей, Орхон өзені
аңғарларына барып қайту сапарында ашқан жаңалықтары жөнінде ол орыс
археологтарының конгресінде мәлімдеме жасайды [7].
Н.М. Ядринцев Қарабалғасунда екі жұма болған кезде тұрғын
моңғолдардан осыған ұқсас ерекшеліктер осы маңда тағы бар екендігі туралы
дерек алды. Сөйтіп Ядринцев Орхонның сол жақ бетіне орналасқан Көшө-
Цайдамдағы екі алып ескерткішке тап болады. Ол ескерткіштің бір бетінде
Енисей қорғандарында кездесетін құпия жазу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі тілі
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Көне түркі ескерткіштерінің жалпыадамзаттық құндылығын анықтау
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Орхон - Енисей ескерткіштері
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері. Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері
Пәндер