Енисей жазба мұралары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
Орындаған: Аманғалиева Гүлназ
5B011400-Тарих 3-курс
Тексерген: Рашева Г. Ө.
Алматы, 2013
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Ескерткіштер туралы кейбір пікірлер
Орхон-Енисей жазуларының шығу төркіні жөнінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің бүгінде мәлім болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екенін айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен Орхон-Енисей жазуы немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан, оның құпия таңбаларына балап руникалық деп атап кетті.
Көне түркі жазу ескерткіштерінің ең көп қанат жайған аймағы жоғарыда атап кеткеніміздей - Оңтүстік Сібір, Монғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең жазиралы далалары мен шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының ішінде 200-ге жуығы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан табылған металл, күйдірілген саз балшықтан жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сирек те болса, ағаш пен сүйек сияқты заттарда қолданылғаны айқындалып отыр.
Бірнеше ғасырға созылған араб графикасындағы жазба дәстүр ескі түркі жазба әдеби тілдерінің дамуына желі болып таралып, сол бір бастаудан нәр алған өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ т.б. халықтарының қазіргі жазба әдеби тілдерінің мәуелеп өркендеуіне негіз салды.
Қазақстанның байтақ өлкесінде 4 түрлі жазудың үлгісі сақталған :
1. Ескі сақ, ғұн, үйсіндер пайдаланған руна жазуы;
2. Орхон дәуіріндегі руна жазуы;
3. Шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан Ана, Батағай).
4. Араб жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатын, Болған ана, Көк кесене, тағы басқалар).
Бұл тасқа немесе мавзолейдің қабырғаларына жазып қалдырған тарихи сөздер қазақ мәдениетінің ерте кездегі, орта ғасырлардағы бір үлкен белгісі, қазақта жазу болмаған, шикі, тағы ел деп айтушылардың сөзін теріске шығаратын ашық белгілер екені бәрімізге мәлім. Осындай тасқа жазылған кітап сөздерін, мұраларын біріктіріп, жеке бір кітап етіп шығарса, қазақтың білмейтіндер өзінен-өзі таң қалып жүрер еді.
Әуелде, түркі филологиясында ерекше орын алып, дамып келе жатқан және болашағы зор салалары - түркі эпиграфикасы мен түркі палеографиясы. Олар көне таңбалардың эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді өзінің еншісіне айналдырған. Былайша айтқанда, эпиграфика тас, метал, сүйек, саз балшық тағы басқа бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды тексерсе, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді.
Көне түркі тіліндегі руникалық жазулар тек тастарға қашау әдісімен ғана емес, үй жиһаздары, түрлі бұйымдарға да ойылып жазылғандығы айқындала түсті. Сазбалшықтан ыдыс-аяқтар мен құмыраларға кескінделген руникалық бірнеше Ферғанада және Дон өзенінің құйылысынан табылды. Алтай мен Хакасиядағы ескі мола-қорымдарын қазғанда, археологтар алтын, күміс табақтар мен құмыра, тостағаншаларға және күміс қапсырмаға ойылған руникалық жазулардың куәсі болады.
Кең тараған руникалық жазулардың Шығыс Түркістаннан VIIІ-IX ғасырда қағазға жазылған нұсқаларын ХХ ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археологиялық экспедициялар айқындады десек, Алатаудың оңтүстік өңіріндегі Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойып жазылған нұсқасы табылды.
Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің ең қанат жайған аймағы жоғарыда атап кеткеніміздей - Оңтүстік Сібір, Монғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең жазиралы далалары мен шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының ішінде 200-ге жуығы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан табылған металл, күйдірілген саз балшықтай жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сирек те болса, ағаш пен сүйек сияқты заттарда қолданылғаны айқындалып отыр.
Қашанда халықтың рухани мәдениетін оның тілі мен жазба ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан замананы көктей өткен ауыз әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес. Бұлардың бір-бірімен іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен шығармағанымыз абзал.
Түркі қағанаты құрамына енген ру-тайпалардың бір-бірімен пікір алысатын, белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан тілі, тілдік ерекшеліктерін көрсететін арнаулы жазулары болды. Қазіргі замандағы қай тілді алсақ та, ол бір ғана заманның жемісі емес, оның негізі - грамматикалық құрылысы, дыбыстық жүйесі, сөздік құрамына - әлденеше заманның жемісі. Олардың элементтері бағзы дәуірінде жасалып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа көшіп. Біздің заманымызға келіп жеткен.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері.
Орхон-Енисей ескерткіштері негізінен VI-VIII ғасырдағы тарихи деректерді баяндаумен қатар, түркі тайпаларының салтын, мәдениетін, күн көру жайларын шын мәнінде сөз етеді.
Ескерткіштердің негізгі идеясы - түркі тайпалараның ғасырлар бойы аңсаған мақсат, өз елінің тәуелсіздігі мен өз жерін ішкі-сыртқы жаулардан қорғау. Ел қамын ойлаған Елтеріс, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Кули-Чор тағы басқа солар сияқты қағандар мен бектердің іс-әрекеттері текстерде тамаша суреттеледі.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы "Көне түркі" дәуіріне сай Шығыс Түркі құрамындағы өмір сүрген тайпалар осы Орхон-Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген Орхон - Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенга және Талас бойы.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылуымен байланысты. Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы Республикасы, Алтай, Хакас автономиялы облысымен Краснояр өлкесі территориясымен табылған бірсыпыра ірілі-уақты ескерткіштер жатады. Қазір Енисей ескерткіштерінің жалпы саны 145-ке жетіп отыр. Оларды әркім әр уақытта жоғарыда аталған территориядан тауып алып отырған. Атап айтқанда, мұндай ескерткіштерді алғаш тапқандардың ішінде Ошуров, Мессершмидт (1721ж.), Кастерн (1847ж), Костров (1757ж.), Корчаков (1878ж.), Кузнецов (1885ж.), Клеменц (1886ж.), Савенков, Проскуряков, Рамстедт (1900ж.), Андрианов (1915ж) сияқты ғалымдар мен әртүрлі мамандық өкілдері бар. Сондай-ақ ескерткіштерді іздестіріп табуға көптеген елдердің ғылыми қоғамдарды ұйымдастырған экспедициялар да елеулі үлес қосты. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері - ескі түркі жазуының алғашқы шығып, қалыптаса тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өңіріне тараған.
Орхон жазуы Көне түркі жазба-мұраларының ішінде қазір түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап Орта Азия мен аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Моңғолия жерінде бас құраған. Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі солай бола тұра, V-VII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың жиегі, түбі мен қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы - Орхон жазба мұралары Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы Күлтегінге, екіншісі - 735 жылы дүние салған Білге қағанның өзіне, ал үшіншісі - Тоныккөкке арналған ескерткіштер.
Орхон текстерінде Бумын, Естеми, Елтеріс қағандармен бірге ерекше мән берілетін басты тұлға Күлтегін ол жеті жаста әкеден жетім қалып, он екі жасқа шыққанда, ел қамын ойлайды. Он алты жаста қару-жарақ асынып, жорыққа аттанады, жиырма бір жаста Чача сеңүнмен, жиырма алты жаста қырғыздарға, содан соң түркештерге, отыз жасында қарлұқтарға, отыз бір жасында оғыздарға шабуыл жасап, қырық жеті жасында қайтыс болғаны жазба нұсқаларда анық көрсетіледі.
Алғашқы кезең ретінде руникалық мәтіндер зерттеле бастаған XVII-XVIII ғасырларды айтқан жөн [6]. Байлығы мен барлығы, құпиялылығы мен беймәлімділігі әлемді голландиялық азамат Николаса-Корнелисон Витсен (1641-1717) Москваға, одан Сібірге аяқ басты. Н.К. Витсен Сібір жеріне саяхатта болып, тас бетіндегі ғажайып суреттермен қоса беймәлім жазуларды және Сібір халықтары, оның тілі, дәстүріне байланысты құнды құжаттарды жинап жария етті. Н.К. Витсеннің Сібір және Қиыр Шығыс туралы алғашқы жинағы 1642 жылы жарық көрді. Бұл енбектер 1785 жылы қайта басылып шықты. Зерттеуші 1690 жылы 29 қарашада Ұлыбритания Корольдігі Ғылыми қоғамының президенті Роберт Соутвельге хат жазып, өзінің жинағын мәліметтерін жеткізді. Онда: Бұдан 28 жыл бұрын мен әр нәрсеге қызығушылық, әуесқойлығыммен Ресейге бардым. Мен тек қана орыстармен ғана емес, татарлардың (көшпелілердің) әр алуан тайпалармен қатынаста болдым. Онда болғанымда Москва хақында және басқа елдер туралы материал жинадым. Әлеинің ең алыс Қиыр солтүстігі мен шығыс-солтүстігінен хат алысатын жол тауып, алуан түрлі әдіспен мәлімет жинауды күні бүгінге дейін жалғастырып келемін,- деп жазған. Одан әрі Н.К.Витсен Верхотурье маңында болды [5]. Ол Верхотуреге тақау тұста жартаста белгісіз жазулармен қашалған бірнеше суреттер мен жазулар табылғанын... хабарлаған [6]. Онда тұратын қариялар өздері бұл өлкеде жүз жылдардан бері мекендеп келе жатқанын айта келіп, жазу сызу туралы, оны кімдер қай уақытта сызып жазғаны хақында ешқандай мәлімет бере алмады. Тұрғындар бұл жерді Бітіг тас деп атайды. Онда тұратын вогулдар мен басқадай тәңәрләктер құрбандық шалып, тасаттық беретін әдет-ғұрып бар екенін мәлімдейді. Бұл жер Сібір емес, Орал маңы екендігі артынан анықталды. Верхотурье Орта Оралдың шығыс сілесі, Сібір қақпасы атанған Тур өзенінің басына жақын орналасқан елді мекен. Бұл жерде Витсеннен кейін 1698 жылы Верхотурье қарашығының іргетасы қаланған Голландиялық Н.К. Витсеннің сапары тұсында орыстың белгілі географы, этногрфы С.У. Ремезовтың Сібірден жинаған әртүрлі мәліметтердің негізінде Сібірдің сызба кітабы (Чертежная книга Сибири) 1693-1703 жылдар аралығында жасалды. Онда Сібірдің әр жеріндегі тас бетіндегі суреттермен бірге беймәлім құпия жазулар туралы мәліметтер белгіленген [5]. 1697 жылы Тобылдың бояр ұлы Ремезов Чертеж всех Сибирских градов и земель и чертеж земли всей безводной и малопроходной каменной степи деп аталатын жазбаны жасап шыққан [6]. Ол картада Орхон тасы туралы да мәлімет бар. Бір қызығы ол Қазақстан мен Қырғызстан аралығындағы Талас өзенінің бас жағында Орхон тасы орналасқан деп көрсеткен. С.У. Ремезов жинаған мәліметтерді сұрыптаған кезде Орхон тасы деген мәліметті Талас жазуымен шатастырған [5]. Дәл осы маңайда екі ғасыр өткеннен кейін, 1896-1898 жылдарда В.Каллаур мен Г.Гейкель сына жазу мәтіндері бар тастарды тапқан. XVIII ғасырдың бас жағында руникалық мәтіндердің Сібір жерінде - Енисей бойында кездесетіні жөнінде ғылыми жазбалар қағазға түсе бастады [6]. Орхон тасы туралы VIII-ғасырда Моңғол жерінде болған Ата Малик Жувеин өзінің The history of the World-Conquerer атты еңбегінде Орхон бойынан беймәлім жазуы барескерткіш көргенін, оны оқитын адам таппағаны туралы жазып қалдырған [5].
Екінші кезең ретінде руникалық жазулардың оқылуын ашу үшін материалдар жинау қолға алынған XIX ғасырдың басынан бері қарайғы уақытты атауға болады [6]. XIX ғасырдың басында көне түркі жазуларын іздестіріп, жариялауға көптеген саяхатшылар мен әуесқойлар ат салысты. Соның ішінде Григорий Иванович Спасскийдің орны бөлек. Ол Сибирский вестник журналына Саян мен Минус мүйісінен табылған құпия жазуларды жариялап тұрды. 1818 жылы Г.Спасский Записки о Сибирских древностях деген еңбегін жариялады [4]. Бұл еңбегінде ол түрік жазуы дегенге қарсы болды. Г.И. Спасский: Түрік тұқымдас халықтар бұрын Сібірде болмаған, олар тек кейіннен келген, бұл қалмақ немесе моңғолға тән жазба - деп қарайды [3].. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы Енисей жазбалары деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады.
Ол шығыс тілдерінің сол кездегі білгір зерттеушісі Абель Ремюзаның рецензиясында аталып өтті [5]. Автор сол жазуларды оқи алған жағдайда өте маңызды тарихи философиялық мәселелердің басы ашылуы мүмкін деген пікір айтқан. Ремюза бұл жазба усунь тайпасының жазуы деп санаған. Мұның өзі руникалық жазуларды ғылыми тұрғыдан зерттеуге арналған тұңғыш дискуссия болатын. Мұнан кейін Роммель әлгі жазулардың тегін скифтерге немесе грек-готтарға апарып тіреді, ал Ю.Клапрот түркі руникасын грек жазуына жақындатып қойды [6]. 1857 жылы Спасский жаңағы дискуссияны қайтадан жандандырып, пікірінен қайтып, бұл жазуды енді славян халықтарының жазуы дегенге саяды, оның бұл пікірін В.Флоринский қолдады. 1859 жылы А.Шифнер руникалық алфавитті кәдімгі таңбаларданбастал тарататын теорияны көлденең тартты [3]. Батыста осылайша, Орхон-Енисей құпия жазуларына байланысты көптеген ғылыми мақалалар жарияланып, белгісіз өркениеттің иесі кім екені туралы пікір айтушылар молайды. Ол мұраларды грек, герман, сақ, гунн, скиф, фин, келттердің қалдырған мұрасы деп қарағандар да болды. Финдіктердің мұрасы болуы мүмкін деген ой Фин-угор тектілердің қызығушылығын күшейтті.
1889 жылы руникалық мәтіндерді зттеуде жаңа, үшінші кезең, атап айтқанда − олардың оқылуын ашу кезеңі басталды. Бұл істе орыстың аса көрнекті зерттеушісі Н.М.Ядринцевтің еңбегі ерекше, ол Ұлан- Батордың батыс жақ бетінде, 400 шақырым жердегі Цай-дам көліне тақау тұста Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерін тауып, бүкіл дүниені дүбірлетті.Күлтегін ескерткішінің табылуы арқылы руникалық жазуды оқуға жол ашылды, енді бұл проблема түркі мәдениетінің тарихына зер салып жүрген барлық тарихшылар мен филологтардың назарын аударды деуге де болады. Н.М. Ядринцевтің мәдениеттің азиялық орталықтары болуы мүмкін емес деп санайтын еуропо-центристік теорияларға қарсы тұрған еңбегінің өзі ерекше елеуге тұрарлық [6].
1270 жылы Моңғолияда болып, Күлтегін ескерткішін көзімен көрген Ата Малик Жувеин Моңғол жеріндегі Орхон ескерткіштері туралы мәлімет қалдырғннан кейін алты ғасырды артқа тастап, ресейлік саяхатшы-барлаушылар Н.М.Ядринцев пен Д.А. Клеменц әлемге паш етті.
Сібірлік тума талант, көсемсөз шебері, Батыс Сібірі және Сібір географиялық қоғамның көрнекті қайраткері Н.М. Ядринцев Сібір халықтарының этнографиясымен қатар тарихи археологиялық мұраларын зерттеуге, оны тауып бағын ашуға ерекше еңбек сіңірді. Ядринцев Николай Михайлович (18.10.1842 - 7.6.1894) - Сібірді зерттеуші этнограф, археолог, публицист. Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін 1860 - 63 ж. Санкт-Петербург университетінің ерікті тыңдаушысы болды. "Сібір жерлестер ұйымы" студенттік үйірмесіне қатысып, 1865 ж. "Сібір патриоттарына" саяси мәнді үгіт парақшасын құрастырушы ретінде Омбы түрмесіне қамалды. 1874 ж. Петербург қаласында тұруға рұқсат алды. 1876 ж. Батыс Сібір Бас басқармасына (Омбы қаласы) мемлекеттік қызметке орналасып, 1881 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Ядринцев Орыс географиясы қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен 1878, 1880 ж. Батыс Сібір мен Алтайға барып, өлкенің өткені мен қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер жинап қайтты. 1880 жылғы экспедициясында "бұратана халықтардың тұрмысын" зерттеуге көп көңіл бөлді. Осы еңбектері үшін Орыс географиясы қоғамының алтын медалімен марапатталды. 1881 жылдан редакторлық, ғылыми жұмыстармен айналысты. 1882 - 89 ж. "Восточное обозрение" газетінде (1882 - 87, СПб.; 1888 - 89, Иркутск) редактор болды. 1885 ж. Еуропаға (Германия, Италия, Швейцария, Австрия) саяхат жасады. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 - 91 ж. финн археологтарының ppҚарақорымға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев ppҰйғыр қағандығының астанасы - Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының астанасы - Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. "Сібір тұрғындары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы" атты кітабын шығарып, онда жергілікті халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын "Орхон экспедициясы жайлы еңбектер" жинағында (1892) және "Байырғы моңғол атласы" (1892 - 99) атты еңбегінде жариялады. Байырғы тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылық Н.М. Ядринцевті Моңғолия жеріне сапар шегуге итермеледі. 1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.
1909 жылдан көне түркі жазуын зерттеудің жаңа, төртінші кезеңі басталады. Осының алдында В.В.Радлов 1896 жылы Қазақстан территориясындағы Талас өзенінің аңғарынан Әулиеата уезінің оязы В.А.Калдаур тапқан тастағы сына жазуының оқылуын ашқан болатын. Сол тұста П.Мелиоранский әр жерден табылған үй тұрмысының затарындағы руникалық жазуларды зерттеген. 1913 жылы Рамстедт экспедициясы 1909 жылыашқан Суджа мен Селенга тастарының сына мәтіндері жарияланды. 1913-1914 жылдары Дат Ғылым Академиясы Томсеннің толық шығармалар жинағын шығарды, оған Орхон мәтіндерінің жаңа аудармалары қосылды.
1912 жылы Моңғолияда болып, Орхондағы ескерткіштерді көріп, Күлтегін кешеніне қазба жұмысын жүргізген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz