Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ . . . 7-28

  1. ХІХ ғасырдың 60- жылдарындағы саяси реформалар: енгізудің себептері, дайындық барысы . . . 7
  2. 1867 жылғы реформа және жаңа билік жүйесінің Оңтүстік өңірлерге енгізілуі . . . 13
  3. 1868 ж. Реформа және оның ерекшелігі . . . 18

ІІ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 80-90 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ОТАРЛЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ НЫҒАЮЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ . . . 28-53

2. 1. 1886-1891 жылдардағы «Ережелер» және оның сипаты . . . 29

2. 2. ХІХ ғасырдың соңындағы отарлық қанаудың күшеюі (қоныс аудару

саясаты) . . . 36

2. 3. Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54-60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61-62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ресей мемлекетінің қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып, өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары болатын. Ғасырлар бойы Орта Азияны жаулап алуға ұмтылып келген патшалыққа әуелі осы бағыттағы тек экономикалық қана емес, стратегиялық пиғылдары тұрғысынан да сенімді плацдарм болып табылатын Қазақстанды империяның толыққанды отарына айналдыру қажет болды. Оған тек қазақ даласындағы әкімшілік басқаруды өзгерту арқылы ғана қол жеткізу мүмкін еді.

60-шы жылдардың ортасында Ресей Орта Азияны түгелге жуық, ал Қазақстанды толығымен өз иелігіне айналдырды. Енді Қазақстан үшін де империяның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты өзіндік ерекшеліктері бар арнайы басқару тәртібі дайындалып, күшіне енгізілді. Бұл Қазақстанды Ресейдің отары ретінде толығымен заңды түрде бекіткен 1867, 1868, 1886, 1891 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары болатын.

Көп уақыт бойы патша үкіметінің қазақ халқына қатысты жүргізген саясаты туралы бірыңғай сыңаржақ көзқарастар үстемдік алып келгені белгілі. Ресей өзіне қосылған елдерге тек прогрессивті, оң ықпал етті деген тұжырымдамалар жасалды. Оның теріс, керітартпа, залалды зардаптары жасырылып келді, сөйтіп, пікір қайшылығы туындады. Қазақстанды Патшалық Ресей нақ осы біз қарастырып отырған (1867-1891жж) мерзімді толығымен жаулап алды. Саяси тұрғыдан мықтап тұрып орын тепкен отаршыл үкімет өлкені империяның ішкі қажеттіліктері үшін пайдаланды. 1867, 1868, 1886, 1891 жж. жүргізілген әкімшілік - басқару реформасы нәтижесінде енгізілген ресейлік билік жүйесі жергілікті халықтың қоғамдық өміріндегі ерекшеліктері мен табиғи мүддесін есепке алу негізінде емес, отарлаушы жақтың талап-тілегін тезірек орнықтыру мақсатында жоғарыдан танылған мемлекеттік ақпарат болып шықты.

1867-1686 жылдары қазақ жеріне орнатылған әкімшілік-басқару жүйесінің ең жоғарғы сатысы генерал-губернатор кеңсесінен бастап оның ең төменгі сатысы оның болыс басқарушысы мен ауыл старшына дейін бүтіндей ғасырлар бойы ішкі ресейлік тарихи шындық жағдайында қалыптасқан басқару жүйесі болатын.

Тақырыптың тарихнамасы. Қазіргі кездегі тарих ғылымына жаңа көзқарас тарихи шындықты, патшалықтың отарлау саясатын мойындатуға тырысқан революцияға дейінгі тарихнама мұрасын мұқият зерттеуді талап етеді.

Мәселенің тарихнамасы өз бастауын сол жылдары-ақ мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген материалдардан алды. Әр түрлі бағыттағы, газет-журналдарды «Уақытша Ереженің» негізінде қазақ даласында жаңа әкімшілік-басқару жүйесінің енгізіле бастауы туралы, оған қарсы 1869 жылы Орал, Торғай өңірінде етек алған бас көтерулер мен олардың себептері, басталуы және барысы жөнінде мағлұматтар үздіксіз жарияланып тұрды. Бұл хабарламаларда қөтеріліс себептері «Хиуа ханының әзәзілдігімен», «жаңа реформа бойынша бұрынғы билігінен айырылған жергілікті феодалдардың арандатушылығымен» немесе «христиан дінін күшпен қабылдату жөніндегі өсек-аяңмен» түсіндірілді/1/. Өйткені, оның шынайы себептері мен реформаның астарлы бағыттарын ашып көрсету сол кездегі мерзімді баспасөз материалдары авторларының мүддесінде емес еді.

Орыс тарихнамасында Қазақстанның саяси-әкімшілік құрылымы жөнінде бұрын соңды арнаулы еңбектер болған емес. Бірақ, қарастырылып отырған кезеңдегі отарлық әкімшіліктің ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты кейбір мәселелер шенеуніктердің, шығыстанушылардың еңбектерінде көрініс тапты. Олардың арасынан М. Венюковтың /2/, А. К. Гейнстың /3/, Ф. Лобысевтың /4/ және Н. А. Середаның /5/ жұмыстарын атап өткен жөн. Бұл еңбектерді талдау барысында, патша үкіметінің қазақ халқын басқаруды қайта құруды заңдастырған Уақытша Ережелерді қабылдауға түпкі мақсаты, ол реформаларды қазақтардың қабыл алу сипаты сияқты күрделі мәселелерге жауап іздестірілді. Бірақ, ХІХ ғасыр тарихнамасында аталған мәселелерді жан-жақты, объективті тұрғыдан талдау ешуақытта көзделген емес. Дегенмен, жалпы қалдырылған көптеген мәліметтер мен түрлі пікірлер бұл еңбектерге ерекше көңіл аударуды және олар империялық позиция тұрғысынан жазылғандықтан, әбден елеп-екшеп, байыппен, ғылыми түрде талдап қарастыруды қажет етеді.

Орыс шығыстанушыларының қатарын көбіне әкімшілік шенеуніктері мен әскери қызметтіге адамдар құрады. Олар қызмет бабындағы әрекетімен қоса, қол астындағы халық жөнінде жеткілікті мәліметтер жинау үшін қазақ даласын жан-жақты зерттеуге міндетті еді. Бұл бағытта, әсіресе, тарихшы М. А. Терентьевтің «Орта Азияны жаулап алуы» /6/ атты кітабын ерекше атап өткен жөн. Автор бұл кітапта Орта Азиядағы отарлық әкімшіліктің қызметіне және оның жергілікті халықпен қарым-қатынасына көңіл бөле отырып, шімірікпестен, қазақ даласының билеуші топтарын қазақ халқына қатысты қатал әскери шаралар мен басқару әдістерін қолдануға шақырды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілері В. Поттоның /7/, П. Мачулиннің /8/, Б. Юзефовичтің /9/ және Ф. Лобысевичтің /10/ еңбектері тікелей қарастырып отырған мәселенің этнографиясына қатысты қызықты мәліметтер береді.

Орыстың Императорлық Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімінің «Жазбалары мен «Хабарларында», Орынбор Ғылыми Архив Комиссиясының «Еңбектерінде» жарияланған материалдар атап айтсақ, сол басылымдардың беттерінен алынған Ы. Алтынсариннің/11/, Т. А. Сейдалиннің/12/, Б Дауылбаевтың/13/ және Л. А. Словоохотовтың/14/ мақалалары қазақ халықтарының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, сот ісі жөнінде сөз қозғайды.

Қазақстанды патшалық билігінің тарихы, соол сияқты, И. И. Крафтың /15/, А. И. Добросмысловтың/16/ еңбектерінде де сөз болады. Н. А. Середа еңбегінің өңделген нұсқасы сияқты Добросмысловтың «Тарихи очерктері» өлке қазақтарының тарихы жайлы материалдармен қоса, «Уақытша Ереженің» мәтіні, және оған қарсы көтерілістің кейбір тұстары көрініс тапқан.

Бөлім «Жазбалары» мен Комиссия «Еңбектерінің» бетінен жаңа әкімшіліқ-басқару жүйесінің құрылы барысы жөніндегі Н. А. Крыжановскийдің сөзі/17/, Л. Ф. Баллюзектің мәлімдемесі/18/, И. В. Черновтың/19/ және Н. Ивановтың/20/ мақалалары, ол авторлардың отаршылдық мүдде тұрғысынан айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдары бізге жаңа реформаның мақсатын, жергілікті әкімшілік қызметінің отарлық мәнін және өлке халқына жүктелген міндеттерді ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында метрополия қазақ даласында мұсылман дінін қудалап, правословиелік миссионерлердің қызметін күшейте бастады. Өздерінің еңбектерінде миссионерлер/21/ христиан дінін уағыздап, қазақтар арасында православие дінін тарату кажеттілігін баса көрсетті.

Өздерінің өмірін елінің егемендігі үшін күреске арнаған қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов/22/, М. Тынышпаев/23/ патша үкіметінің отарлық саясатын батыл әшкерлеген тұңғыш қазақ зиялыларының қатарына жатады. Олар революцияға дейін-ақ үкіметтің түпкі мақсаты - қазақтардың жерін тарып алып, оларды әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, ата-дәстүрінен айырып, орыстандыру екенін дәлелдеп берді.

Т. Шонанұлы еңбегі/24/ Ресейдің отарлау саясаты, шаруалар қоныстауын, соның салдарынан көшпелі шауаршылықтың тығырыққа тірелуін жаңаша зерделеуге көмектеседі. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін және ұлт-азаттық қозғалыстарды, патшалықтың отарлық саясатын толық қамтуға көмектескен еңбектер қатарынан П. Г. Галузо/25/, Г. Сафаров/26/, М. П. Вяткин/27/ есімдерін ерекше атауға болады.

Әкімшілік басқару реформаларының дайындалуы, Қазақстандағы отарлық-әкімшілік жүйенің саяси дамуы және қызметі, патшалықтың қазақ жерін отарлау саясаты мен жазалау шаралары Б. С. Сүлейменовтың/28/, Г. С. Сапарғалиевтің /29/ үлкен еңбектерінде айтылды.

Соңғы жылдары Қазақстандық тарихнамада патша үкіметінің оқу-ағарту, орыстандыру бағытындағы саясаты қазіргі заман талабына сай сарапталып зерттелуде. Бұл бағытта жазылған еңбектердің қатарында Н. М. Бехмаханова/30/, К. А. Жиренчин/31/, С. Қ. Жақыпбек/32/ еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Сондай-ақ М. Қ. Қойгелдиев/33/, С. М. Мәшімбаев/34/, Б. Әбдірахманова/35/, Д. И. Дулатова/36/ еңбектері жұмысты жазу барысында жетекші рөл атқарды. Жұмыстың деректік негізін ХХ ғасырдың басындағы жарық көрген газет, журнал, орыс шенеуніктерінің жазбалары, қазақ интеллегенциясының мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары, ресми құжаттық материалдар /37/ құрайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Патшалық Ресейдің 1867-1891 жылдар аралығындағы отаршылдық саясатын толық қамту жұмыстың мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылады:

  • Саяси реформаларды енгізу /1867-1868/ үшін жүргізілген даярлықты баяндай;
  • 1867-1868 жж. реформаларды талдау және оған баға беру;
  • Патшалықтың саяси билігінің нығаюы мен оның зардапты салдарын айқындау, бұл тұста 1886-1891 жж, «Ережелеріне» сүйене отырып баяндау;

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Патшалық Ресейдің Қазақстанды толық жаулап алуы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы бекітілген саяси реформалармен аяқталды. Бітіру жұмысы 1867-1868 жж, «Уақытша Ережелерден» бастап, отарлық өкіметтің саяси билігінің әбден күшейген кезеңі 1891 жылмен шектеледі.

Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында қоғам дамуының диалектикалық заңдылықтарына сүйендік. Бүгінгі таңда қалыптасқан жаңа көзқарастармен жазылған тәжірибелі зерттеуші-тарихшылардың еңбектерімен танысып, оларды өте дұрыс айтылған ғылыми теориялық тұжырымдарды да басшылыққа алуға тырыстық. Жұмысты объективтік, ғылыми, тарихи негізде зерттеуге күш салдық.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ

1. 1. ХІХ ғасырдың 60- жылдарындағы саяси реформалар: енгізудің себептері, дайындық барысы.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының орта тұсында Ресей әскері Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстаннан Қоқан хандығын біржола ығыстырып тастап, бұл өлкені өзінің әкімшілік-басқару жүйесіне енгізу шараларына кірісіп кетті.

1865 жылы патша үкімімен қазақ даласы мен Түркістан өлкесіне ерекше Дала Комиссиясы шығарылып, ол екі жыл өткен соң бұл өлкені басқаруға қатысты өз тұжырымдарын ұсынды.

1867 жылы наурызда император ІІ Александрдың үкімімен Ресейдің Орта Азиялық иелігінде басқару жүйесін құруға қатысты ұсыныстар даярлау мақсатында соғыс министірі Д. А. Милютиннің төрағалығымен Ерекше Комитет құрылады. Оның құрамында Орынбор генерал-губернаторы Крыжановский, Бас штаб бастығы генерал-адъютант граф Гейден, Азия департаментінің директоры Стремоухов, Ішкі істер министрлігінің жалпы істер департаментінің директоры Мансуров, генерал-майор Черняев, Дала Комиссиясының мүшелері Грис, Гутковский, Гейнс және Проценко сияқты шенеуніктер бар болатын. Комитет келіп түскен түрлі ұсыныстарды талдай отырып және өлкенің сол тұстағы саяси, әскери, шаруашылықтық және әкімшілік жағдайын талдауға ала отырып, мынадай шешімге келді:

  1. Түркістан облысын Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлу және мұны кейінге қалдырмастан іске асыру;
  2. Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан Семей облысының бөлігін, яғни Тарбағатай жотасының оң жақ бетін алып, оны әкімшілік тұрғыдан Түркістан облысына қосу;
  3. Комитет белгілеген басты тұжырымдарды негізге ала отырып, жаңа шекаралық өлкенің әкімшіліқ басқару жобасын жасау;
  4. Жаңа өлкеге әскери-округтық жүйелердің жалпысына бірдей дербес әскери ұйымдық сипат беру. /1/

1867 жылы 11 сәуірде Ерекше Комитет ұсынған баяндаманы патша бекітіп, ендігі уақытта Дала комиссиясына жаңа өлкенің әкімшілік басқару жобасын даярлауды, ал Бас Штабқа жаңа әскери округ жөнінде ереженің жобасын жазуды тапсырады.

Министрлар Комитеті жаңа басқару ережесін даярлаушыларға мынадай екі талапты негізге алуды тапсырады: « . . . әкімшілік және әскери биліктің тұтастығын, олардың бір қолды шоғырлануын, саяси сипаты жоқ барлың ішкі істерді сол халықтың өз ортасынан сайланғандарға жергілікті құқық пен дәстүрге сай жүргізуге беру».

1867 жылы 11 шілдеде патша ІІ Александр империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығын құру жөнінде жарлыққа қол қояды. Осымен бер мезгілде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару ережесінің жобасы» бекітіледі.

Түркістан генерал-губернаторлығы екі облыстан тұрды: орталығы ташкент қаласы болған Сырдария облысынан және орталығы Верный қаласы болған Жетісу облысынан.

Жетісу облысының оңтүстік-шығыс шекарасы Қытай мемлекетінің Шығыс Түркістан өлкесімен, оңтүстік-батыста Ферғана облысымен, батысында сырдария облысының Әулие-Ата және Семей облысының Қарқаралы уездерімен, солтүстік-батыста Семей облысының құрғақты шекарасы және Балқаш көліне дейінгі аралықты қамтыды.

«Ереже жобасы» бойынша губерниялық басқару «әскери-халықтық» аталды да, оны жүргізу генерал-губернаторларға жүктелді. Ал генерал-губернаторды тағайындау немесе босату тек патшаның шешімі арқылы ғана жүрді /6/

Облыста басқару ісі әскери губернатор мен облыстық басқармаға тиесілі болды. Әскери губернаторға обылстағы әскери және әскери-халықтық басқару жүктелді, ол счондай-ақ Жетісуда орналасқан қазақ әскерін оның Наказной Атаманы есебінде басқарды. Облыстық басқармаға губерниялық басқару міндеті жүктелді, ол губернаторлық кеңес қызметін, қазыналық палата, мемлекеттік мүлікті басқару және басқа губерниялық әкімшілік және сол мекемелер қызметін жүргізді. Облыстық басқарма әуелде, яғни 1867 ж, уақытша ереже бойынша үш бөлімнен (шаруашылық, қаржы және сот) тұрды. Кейінірек оларға құрылыс (1877) және межелік (1880) бөлімдер қосылды. Бұл бес бөлімдердің тек соңғысы ғана облыстық Земскі жиынынан, ал қалғандары мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды.

Бұлардан басқа облыстық басқарма жанында облыстағы ормандардың күтімі мен олардан құрылыс материалдарын даярлау мүмкіндігін жобалайтын облыстық орманшы қызметі (1870 ж., Түркістан генерал-губернаторы белгілеген) болды.

Облыстық басқарма өз қызметінде губерниялық басқарманың жеке бөлімдері үшін белгіленген талаптарды басшыдыққа ала отырып, оларды мүмкін болғанша жергілікті жағдайға бейімдеп қолдайға тиіс болды. Ал бұл ретте соңғы шешімді әскери губернатор қабылдады. Еуропалық Ресей губернаторлығына тиесілі жалпы құқықтардан басқа Жетісу губернаторына облыстық басқарма қабылдаған шешімдердің тек өзі келісетіндерін ғана іске асыруға жол беріп, ал келіспейтіндеріне қатысты өз қалағандай шешім қабылдап, ол жөнінде генерал-губернаторға жеткізіп отыруға тиіс болды, ал генерал-губернатор болса соңғы шешімді бекітуге немесе бекітпеуге құқылы еді. Сондай-ақ әскери губернаторға облыстық басқарма отырысында қаралатын істердің арасында оның алдын-ала өз шешімі болуға тиіс деген істер танысуға беріліп отырды. Мұндай құқын облыс басшылары мейлінше еркін пайдаланды. /15/

Сот істері қылмыстық және азаматтық сот жүргізу заңы негізінде орындалды, ал сот бөлімі өз қызметін мировой соттар съезі мен қылмыстық және азаматтық соттар палатасы құқы шеңберінде атқарды. Жалпы қылмысқа жататын қылмыстық істерді ол бастапқы айыптау камерасы деңгейінде ғана қарап, ал біржола шешім қабылдауға облыстық әскер бастығы жанындағы әскери сот комиссиясына жіберіп отырды.

Қаржы бөлімін жүргізу ісі кейінірек Түркістан қазына палатасы ашылған соң соның қарауына өтті, ал облыстық басқарма міндетінде: салық төлеуге міндеттілер есебін анықтау, қазыналық палатаға облыс бойынша қазына есебіне түсуге тиіс жиын жөнінде мәліметтер беріп отыру; сауда ісін жүргізу және Верный уездік қаражат бөлімін тексеру қалдырылды. 1889 жылы Омбы қазына палатасы ашылған соң Жетісу бойынша қаржы бөлімінің қызметі соның құзырына өтті.

Оқу бөлімі Жетісу облысы Далалық генерал-губернаторлығы құрамына өткеннен кейінгі уақытта батыс Сібір училищелері бас инспекторы, ал бұл қызмет жойылған соң Батыс Сібір оқу округі қамқоршысы (попечителі) қарауына өтеді. Облыстағы төменгі буын оқу орындарын қадағалау жергілікті училищелері инспекторы уйлесіне тиді. Облыстық басқарма қарауында Халық ағарту Министрлігі билігіне өтпеген, 1887 жылы қазақ ауыл шаруашылық мектептері болып кайта құрылған қазақ интернеттары, оқушылар пәтері мен бұратаналық мектептер болды. Облыстық басқармаға бұдан басқа санаттағы мектептер мен жаңадан ұйымдастырылмақ мектептерге қаржы іздестіру ісі де жүктелді. /28/

Пошта ісі Жетісу облыстық пошта бөлімі басқармасына қарады. 1886 жылы Түркістан пошта-телеграф округі құрылғанда облыстағы пошта-телеграф мекемелері соның қарамағына көшті. Ал облыстық басқарма міндетіне пошта станцияларын көлікпен қамтамсыз ету, олардың түрлі мұқтажын өтеу жүктелді.

Бұдан басқа облыстық басқарма тау-кен істерімен де айналысты, металл және басқа қазба байлықтарын іздестіру ісін жүргізуге қатысты рұқсат куәлігін берді. Облыс территориясындағы Бахты, Жәркент және Пржевальскі мекемелері арқылы сыртқы сауда қатынасын бақылау ісі жүргізілді.

Облыстағы қазақ әскері станцияларын басқару ісі алғашқы кезеңде облыстық басқарма құзырында болды, ал 1891жылғы 3 маусым заңы бойынша қазақ әскері басқармасына өтті. Қалаларды басқару ісі 1892 жылы патша бекіткен Қала Ережесіне сәйкес облыс басқармасынан алынып, жаңадан ұйымдастырылған облыстық қала істері мекемелеріне берілді.

Жетісу облыстық басқару мекемелерін құру және олардың жұмысын ұйымдастыру ісі облыстағы тұңғыш әскери губернатор қызметіне тағайындалған негерал Греасим Алексеевич Колпаковскийдің есімімен байланысты. Генерал Колпаковский 1868 ж. 17- қыркүйектегі N 1924 Түркістан генерал-губернаторына жолдаған хатында облыстық басқару мекемелерін ұйымдастыру ісінің салбыр жүріп жатқандығын, сондықтан да оған «сеніп тапсырылған істердің өз уақытында және сәтті атқарылмай қалу» қаупі бар екендігін айтып, бастығына шағым жасайды. Мұндай мазасыздыққа негіз бар еді. Мәселен, 1867 жылдың қазақ айынан бастап келесі 1868 жылдың 19 акпанында облыстық басқарма ресми түрде ашынлғанға дейін барлық ұйымдастыру ісінің ауытпалығы әскери губернатор мен оның көмекшісінің үлесіне тиген болатын. Облыстық басқарма іске кірісіп кеткенімен де, оның белгіленген шаттық құрамы біраз уақытқа шейін толық бола қойған жоқ-тын. /22/

Облыс ашылған бетте оның құзырына Семей облыстық басқармасы, Семей Әскери губернаторы кеңсесі мен Сібір Қазақ әскери басқармасы қарауынан өткен жерлер мен әскер бөлімшелеріне қатысты құжаттар да тапсырылды. Ал 1868 жылдың 1-ші қаңтарында Жетісу облыстық басқармасына Қапал және Сергиопол Округтік Приказдарының, Алатау Округтік Басқармасының сот және шаруашылық іс құжаттары өтті. Анығырақ айтқанда облыстық басқармаға сол мезгілге дейін аталған мекемелерге тән іс құжаттарымен бірге әлі де толық шешімін таппаған істер де өткен болатын.

Облыстық басқарма құрылған жылы оның штат құрамы бар болғаны 16 адамнан тұрды. Құжаттық материалдар да бұл берілген шенеуніктердің сапалық (білім деңгейі) құрамы жөнінде ештеңе айтылмаған. Дегенмен, жыл өткен сайын басқарманың жұмыс ауқымының өсуі кейінірек оның құрамында жаңа бөлімдердің ашылуына, сондай-ақ жаңа штаттық қызметтердің пайда болуына алып келді. Мәселен, 1877 жылы оның құрамында құрылыс бөлімі, ал 1880 жылы межелеу бөлімі ашылды. 1908-1909 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығында патша тапсырмасымен болып өткен ревизия кезінде Жетісу облыстық басқарма штатындағы шенеуніктердің құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталған: Әскери губернатор, оның жанындағы ерекше тапсырма бойынша аға шенеунік және кіші шенеунік; вице-губернатор, оның 2 кеңесшісі, ерекше тапсырмалапр бойынша 2 шенеунік, 4 іс қағаздарын жүргізушілер, олардың 4 көмекшілері, есеп істері бойынша шенеунік, «Облыстық Ведомствалар» редакторы және типография меңгерушісі, 3 аудармашы, тіркеуші, мұрағатшы (архивариус), облыс инженері, облыс архитекторы, кіші архитектор, хатшы және құрылыс бөлімінің 2 чертежнигі, статистикалық комитеттің хатшысы және ауыл шаруашылығы мен оброктық статья бойынша шенеунік. Барлығы 39 штаттық қызметкер.

Граф К. К. паленнің ревизия материалдарында Облыстық басқарма шенеуніктерінің білім деңгейіне қатысты мынадай фактілер келтіріледі. Вице-губернатор, яғни облыстық басқарманың төрағасы уездік училищені аяқтаған, ал қалған шенеуіктердің жоғары білімі бары-8, орта білімдісі-9, бастауыш білімі бары- 14, үйден хат танығаны-5. Жоғары білім барлары: Облыстық басқарманың екі кеңесшілерінің бірі, аудармашылардың бірі, кіші архитектор, су жүйесін меңгеруші, статистикалық комитеттің хатшысы, ерекше тапсырмалар бойынша кіші ешнеунік, құрылыс бөлімінің бастығы және оброктық статья бойынша шенеунің. /35/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Қасым ханның қасқа жолы заңдары
Мемлекеттік дума
Қазақстанның Мемлекеттік Думасы
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
Адам мен саясат жөніндегі қазақ ойшылдарының топшылаулары
Алаш партиясы
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz