Қабырғалар немесе аралық қабырғалар


Елбасымыздың алға қойған Қазақстан-2050 стратегиялық жоспары бойынша елімізде құрылыс өндірісі қарқынды дамуда. Осы таңда Қазақстан үшін құрылыс өндіріс саласының қажеттігі айқын, құрылыс индустриясының тиiмдiлiгi жоғары болып келеді. Заман талабына сай ғимарат құрылысын жүргізу кезінде құрылыстық монтаждау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, құрылысты үздіксіз жұмыс процесстерімен қамтамасыз ету, құрылымдар мен есептеулерін қажетті стандарт талаптарына сәйкестендіру , жалпы айтқанда құрылыс жұмыстарын өндіруде экономикалық тұрғыда тиімділігін қадағалау шартты міндеттердің бірі болып табылады.
Халыққа қызмет көрсету және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, елімізде қоғамдық ғимараттарды салу көлемі жылдын-жылға арта бастады. Құрылысты индустрияландырудың негізгі міндеті еңбектің өнімділігін арттыру, құрылыстың қарқынын жеделдету, жаңа қоғамдық құрылыс объектілерін нормативті мерзімде тұрғызып, іске қосу, олардың құнын төмендету және құрылыс-монтаждау жұмыстарының базалық сапасын барынша көтеру болып табылады.
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облыс орталығының тұрғындары үш жүз мыңнан асып, шағын қалашықтан мемлекетаралық жолдар орталығына айналды. Өскемен арқылы Еуропадан Азия мен Қытайға, сондай-ақ Владивосток арқылы Тынық мұхитының жағаларына жол ашылады.
Жыл сайын Өскемен қаласына келуші қонақ сандары неше мыңдап өсті.
Өскемен қаласына келуші қонақтарға арналған қонақ үй орындарының тапшылығы ең маңызды мәселелердің бірі болып қалмақ. Айтылған мәселені жоюдың негізгі дұрыс жолы элиталық қонақ үй кешендерінің құрылысы болып табылмақ.
Құрылыс өз алдына материал, еңбек, капитал, энергия, ғылым салаларын біріктіре отырып көптеген әлеуметтік мәселелерден бастап экологиялық жергілікті және жаһан мәселелерінің негізгі шешімі болып табылады.
Құрылыс ұйымдарында негізгі қажеттілік бос еңбек ресурстарын, әсіресе жұмыссыз азаматтарды тарту арқылы ірі көлемді құрылыс-жинақтау жұмыстарын іске асыру.
Болып жатқан экологиялық мәселелерге байланысты құрылыс алаңының табиғи шарттарын максималды түрде рационалды қолдану өте маңызды.
Геоэкологиялық құрылыс ғимараттың іргетас конструкцияларын табиғи геологиялық ортаға енгізіп негіздеуді ұсынады. Сондай-ақ бұл арқылы жалпы экожүйені бұзбай, табиғи ландшафттарды сақтау мақсатымен, және инженерлі конструкциялы жүйелердің құрылыс алаңының геоморфологиялық жағдайына дәстүрлі енгізілуімен ерекшеленеді.
Бұл тұрғызылған имараттың геоэкологиялық ортаға беретін массалық жүйесін анықтайды.
Сондай-ақ бұл геоэкологиялық қорғаныс қамтамасыз ету арқылы оң әсерін тигізеді, жерасты кеңістіктерін рационалды иеленуге негіз бола алады.
Дұрыс жобаланған қоғамдық ғимарат барлық технологиялық, функциональдық, экологиялық, экономикалық талаптарға толық жауап беріп, тиімділігін қамтамасыз ететіндей жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес болуы қажет. Сонымен эксплуатациясы кезінде тұрғызылған элиталық қонақ үйге арналған ғимараттың сенімділігі жоғары дәрежеде болуы міндетті.
Дипломдық жоба тақырыбы бойынша «Өскемен қаласында 5-жұлдызды элиталық қонақ үй» құрылысын жинақтауда құрылыс өндірістік жұмыстарын тиянақты жүргізу. Өскемен қаласы бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып саналады, сондықтан қоғамдық ғимараттарға, яғни келіп-кетушілерге арналған қонақ үйге деген қажеттілік арта түсуде.
Дипломдық жоба құрамы бойынша алға келесідей мақсаттар қойылған:
- басжоспар, қасбет, сәулеттік-жобалау және конструктивтік шешімдер бойынша қабылданған нәтижесін орындау;
- технологиялық процесстердің ерекшеліктері мен қоршау конструкцияларға жылутехникалық есебін жасау.
- есептік-конструкция бөлімі бойынша элементтерді иілуге және жүктемелер мен әсерлерге есептеулер, аралық жабындарға, құрастырмалы темірбетон марштарына есептеулер орындалады.
- технологиялық бөлімінде кірпіштен қабырғаларды тұрғызуға және жабындарды жинақтауға арналған технологиялық карталарының дұрыс құрастырылуын қамтамасыз ету қажет. Құрылысты ұйымдастыруға байланысты құрылыстың басжоспары мен жұмыстың күнтізбелік жоспары орындалуы керек болып табылады.
Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы, әлеуметтік проблемаларды шешуге елеулі әсер етуі мүмкін, өзін-өзі жұмыспен қамту адамдар үшін мүмкіндіктер мен жағдайларды қамтамасыз ету арқылы қызметкерлердің санын көбейту, сондықтан дипломдық жобалау «Өскемен қаласында 5-жұлдызды элиталық қонақ үй» тақырыбы бойынша жоба бастапқы деректерге сәйкес жобалау мақсаттарымен тағайындау негізінде әзірленген. Қонақ үй дегеніміз - адамдардың қысқа мерзімді уақыт аралығында тұруға арналған арнайы тұрғын үйдің түрі. Қонақ үйлердің құрылысын кеңейтудің өзектілігі қонақ үй қызметтерінің қажеттілігін үздіксіз көтерумен байланысты, бұл әлеуметтік дамудың бірқатар ерекшеліктерімен байланысты. Көбінесе қонақ үй туризм саласымен тіке байланыста болу мүмкіндіктерін қарастырады. Туризм - жылдық немесе ай, апта сайынғы демалыс көрінісі белсенді нысаны, саяхаттың барлық түрлерін қамтиды. Жел табиғи және адами күштерін қалпына келтіруге бағытталған оңалту, таным, қарым-қатынас, - яғни ең толық демалыстың түрлі аспектілерін біріктіреді. Жалпы айтқанда туризм өткен ғасырдың жетекші экономикалық секторларының бірі болды, ол айтарлықтай экономиканы және көптеген елдер үшін қонақ үйге бизнестік табыстың маңызды көзі болуға әсер еткен болып табылады.
Дипломдық тақырыптың өзектілігі: Элиталық бес жұлдызды қонақ үйді тұрғызіда және оны пайдаланіда экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарылауы, өрт қауіпсіздігі талаптарының инженерлік заманауи техникалармен, жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілуі халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бұл талаптардың барлығы қоршаған ортамен өзара байланыста және осы дипломдық жоба барысында ескеріледі.
Дипломдық тақырыптың мақсаты: Элиталық қонақ үй ғимаратының дизайны бойынша оның басты мақсаты болып - функционалдық, эстетикалық және физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін, адамға ең қолайлы жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар, еңбектің өнімділігін арттыру, құрылыстың қарқынын жеделдету, жаңа қоғамдық құрылыс объектілерін нормативті мерзімде тұрғызып, іске қосу, олардың құнын төмендету және құрылыс-монтаждау жұмыстарының базалық сапасын барынша көтеру болып табылады. Жобаланған элиталық қонақ үй ғимаратының, техникалық және экономикалық, жаңа заман талаптарына толықтай сәйкестенуін қадағалау.
Дипломдық жобаның жаңалығы: Дипломдық жобада Отандық жаңа құрылыс технологиясындағы заманауи жетістіктер барынша пайдаланылады.
1 СӘУЛЕТТІК-ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БӨЛІМ 1. 1 Бастапқы мәліметтерҚазіргі таңдағы түсінігімізде сәулет - ғимараттар мен кешендерді жобалау және оларды тұрғызу өнері болып табылады. Ол барлық процестерді ұйымдастыра біледі. Сонымен қатар өндірістік сәулет қоғамдық жалпы еңбек пен уақыт шығынын талап етеді, сондықтан да сәулеттегі функционалды мақсат үлгілері, жайлылық пен сұлулықпен қатар талаптар легіне тиімділік пен техникалық мақсат үлгілері де кіреді. Осы және басқа да функционалды процестерге сәйкес келетін орынның рационалды жоспарлауынан басқа барлық ғимараттардың жайлылығы баспалдақ пен лифт құрылғысын дұрыс орналастырып бөлумен, құрал-жабдықтарды және инженерлік құрылғыларды (санитарлық приборлар, жылу, вентиляция) дұрыс орналастырумен қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат негізгі түр сипаты көбінесе функционалды заңдылық ережелеріне сәйкес салынады, сондай-ақ ол әдемілік заңына да жүгінеді.
Құрылыстағы шығын көлемін азайту ғимараттың рационалды көлемдік-жоспарлау шешімдері арқылы, құрылыс және бөлгіш материалдарды дұрыс таңдау арқылы, конструкцияны жеңілдету арқылы және құрылыс әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы іске асыруға болады. Құрылыста басты экономикалық резерв ретінде жер телімін тиімді қолдана білу болып табылады.
Инженер құрылысшылар, сәулетшілер жалпы құрылыс мамандары сәулеттендірудің негізгі техникалық мәселелерін шеше отырып, конструкциялық құрылымдар мен құрылыс әдістерінің барлық эстетикалық мүмкіндіктерін жаңа заман талаптарына сәйкестендіру мәселелерін қарастырады. Тұрғызылатын қонақ үйдің басқа орта ғимараттарымен байланысы, оның ішкі ортасы, сонымен қатар сыртқы ортамен үйлесуі маңызды болып табылады. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері болып сипатталады. Жалпы сәулет ұғымы - ғимаратты тұрғызу кезінде әдемілілік пен орнықтылық, біліктілік пен экономикалық тиімділік ұғымдарының үйлесуінен тұрады. Бұл бөлімде құрылыстың негізгі климаттық сипаттамалары, жалпы сипаттамалары, жоспарлау, жобалық шешімдерді, инженерлік жабдықтар, әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жобаны іске асыру үшін басқа да талаптарды қарастырады. Сонымен қатар сыртқы қоршау құрылымдарына жылутехникалық есептеулер жүргізіледі.
1. 2 Бас жоспарҚұрылыстың бас жоcпары ҚНжЕ талаптарына сай орындалды. Мұнда салынатын жердің еңістігі көрсетіліп, салынған және салынатын үймереттер мен ғимараттардың орны, олардың өлшемдері, бағытталуы, жел тармақтарына қарай жоспарлануы нақты түрде қарастырылған.
Жобаланған нысан - элиталық қонақ үй болып табылады. Қонақ үйдің қабаттылығы - 5 қабат. Құрылыс ауданы - Өскемен қаласында жүргізілді. Құрылыс ауданының ауа райы 2. 04-01-2010 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес - климаттық жағдайларына байланысты алынған болатын: [1]
Климаттық аудан - IВ;
- Аудан климаты - шұғыл континентті, құрғақ;
- Сыртқы қыстық ауаның ең суық бес күндік есептік температурасы - минус 330С; (ҚР ҚНжЕ 2. 04-01-2010) . [1]
Нормативтік қар жүктемесі - 100 кгс/м2 (III р-он) .
Нормативтік жел қысымының мәні - 38, 5 кгс/м2.
Нормативтік ену тереңдігі - 2, 07 м
Желдің бағыты оңтүстік-батысқа және солтүстік - шығысқа қарай. Құрылыс аудан инфрақұрылымы жол маңында орналасқан, құрылыс аудан орталығында салынып жатқан нысанды қамтамасыз етуге тасымалдау байланыстары жақсы болу үшін, оған ауданы 7520 м² жер учаскесі бөлінді. Бас жоспарда құрылыс ауданын көгалдандыру жұмыстары қарастырылған. Көгалдандыру коэффициенті К1=3. 91 %. Барлық машиналар өтетін бөліктеріне асфальттар төселінген. Жаяу жүргіншілерге арнайы тротуарлар брущаткалармен әрлене жүргізілген. Сонымен қатар элиталық қонақ үй маңында 34 машинаға арналған 2 тұрақ қарастырылған.
Дипломдық жоба тақырыбы бойынша элиталық қонақ үй ғимараты тұрғызылатын құрылыс алаңында құрылыс саласы бойынша табиғи және техногендік әсерлердің теріс көздері байқалмайды. Құрылыс алаңы геологиялық-климаттық көрсеткіштерімен сипатталады, себебі құрылысқа қажетті конструкцияларды таңдауда табиғи-климаттық жағдайлар есепке алынады. [1]
1. 1- кесте. Бас жоспар ауданында келесідей құрылыстар орналасқан
№
Атауы
Ауданы м²
1
Қонақ үй
756. 3
2
Мейрамхана
184. 05
3
Дүкен
110. 7
4
Автомобильдік тұрақ
177. 95
5
Көгалдандыру
293. 84
1. 2- кесте. Бас жоспар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер
Дипломдық жоба тақырыбы бойынша тұрғызылатын ғимараттың келесідей көлемдік - жоспарлық шешімдерін қарастырады:
Көлемдік-жоспарлар шешімдері құрылыстың технологиялық, қала құрылыстық, климаттық және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты қабылданады. [1]
Ғимараттың негізгі көлемі бойынша -жоспарда тіктөртбұрышты болып табылады. Ғимарат өлшемдері бойынша ұзындығы 19. 84 м және ені 12. 3 м -ді құрайды. Ғимарат 5 (бес) қабатты. Отқа төзімділік дәрежесі бойынша - II.
Бірінші қабат және екінші қабаттың биіктігі еденнен аралық жабынға дейін - 3. 3м құрайды. Ғимараттың жалпы биіктігі шатырмен есептегенде 17, 31 м, ал шатырсыз есептегенде- 15, 79 м -ді құрайды. Шатыр, ағашты стропилалық жазық жүйемен орналасқан.
Бірінші қабатта вестибюль, офис, директордің кабинеті, тамақтанатын бөлік, ас әзірлейтік бөлік, санитарлық техникалық тораптар орналастырылған. Типтік қабаттар -қонақтарға арналған жеке номерлер, дәліз, қонақтарға арналған жеке номерлер үшін санитарлық - гигиеналық тораптар, қызметтік бөлмелер. Аталған ғимарат суық және ыстық сумен, қададыө канализациялық жүйелермен, электр энергиясымен, телефондармен қамтамасыз етілген.
Элиталық қонақ үйге арналған ғимарат типі толығымен қаңқаланбаған. Аралық кеңістіктік қаттылық - бойлық және көлденең жүк көтергіш қабырғалармен, сонымен қатар жабын және аралық жабын плиталарымен қамтамасыз етіледі.
1. 3. 1 ІргетастарІргетастар С12-30 типті ұрылмалы (забивные) темірбетонды қадалы болып табылады. Қада қағып болған соң темірбетонды 870мм - ге дейінгі қалыңдықта ростверкпен біріктіріледі. Ростверкті бетондау жұмыстары орындалған есептерге сәйкес жүрізіледі. Барлық іргетастарға түрлі сыртқы әсерлерге қарсы тұру үшін қорғаныш жұмыстары жүргізілген, яғни іргетастың сыртқы беттерін битумдық мастикамен екі реттен жағу арқылы сульфатқа төзімді етіп жасау қарастырылған.
1. 3. 2 ҚабырғаларСыртқы қабырғалар ретінде жоба бойынша М50 маркадағы сылақтау ерітіндісімен, М100 маркадағы силикатты кірпіштен қалау қабылданған. Қалыңдығы 510 мм, жылытқыш қабаты- 136 мм, цементті-құмды ерітінді сылық қабаты- 20 мм. Аралық қабырғалар қалыңдығы 120мм, маркасы М100 силикатты кірішпен бөлу жобаланған.
1. 3. 3 АражабындарҒимараттың жабындары көп қуысты жиналмалы темірбетон плиталардан 1. 141-1 сериялы дөңгелек қуыстарымен қабылданған, қалыңдығы 220мм.
Плиталар алдын ала дайындалған маркасы М100 цементті-құмды ерітіндінің қалыңдығы 30 мм қабатына салынады. Плиталардың ұштарын жоғарыда жатқан қабырғадан жаншуды болдырмау үшін, сондай - ақ жылу және дыбыс оқшаулағыш қасиеттерді жақсарту үшін плиталардың ұшындағы саңылауларды жеңіл бетонмен немесе цемент-құмды ерітіндімен бітейді. Плиталарды сыртқы қабырғаларға және өзара бекіту төсем монтаждық ілмектерімен жалғаушы болат өзектерді дәнекерлеумен жүзеге асырылады
1. 3. 4 ЕдендерТұрғын бөлмелердегі едендер беріктілік, тозуға қарсы тұру, жеткілікті икемділік, шусыздық, тазалау ыңғайлылығы талаптарын қанағаттандырады. Қонақ үй бөлмелерінде еден жабынын ламинаттан орнықтыруға қабылданған. Жуынатын бөлмелердің және санитарлық -гигиеналық тораптардың едендері арнайы суға төзімді әрленген керамикалық плиткалардан жасау жоспарланған.
1. 3. 5 Жабындар (кровля)- Шатыры-жалпақ, ең аз еңісі 1:20 суағар үшін орама жабынды гидрооқшаулағыш материалдан жасалған. Ілмектеу жүйесі қимасы 50 * 150 мм бөренелерден тұрады. Ілмектеу жүйесінің элементтері салыстырмалы ылғалдылығы 20% аспайтын қылқан жапырақты ағаштардан жасалған болып табылады.
Жобада темірбетонды екімаршты баспалдақтар қабылданды. Баспалдақтар маркалары 1ЛМ 30. 12. 15-4 сериясы бойынша 1. 151. 1-7 шығарылымы. 1 [22] . Болат периллалар қабырғаға салынған бөлшектерге дәнекерленеді. Баспалдақ маршы баспалдақ алаңдарына тіреледі және түйісуі цемент-құмды ерітіндімен бітелген. Шатырға шығу орны бойынша дәнекерленген және барлық стандарттық талаптар бойынша нормаларға жауап беретін металл баспалдақпен жүзеге асырылады.
1. 3. 7 Ойықтарды толтыру 1. 3. 7. 1 ТерезеБұл жобада қарастырылған терезе ең көп таралған профильдеріне жататын VEKA Euroline фирмасының пластикалық терезелері жобаланған. Ол қарапайым ағаш рамаларда үш қабат шынылауға тең жылу оқшаулағыш сапаны қамтамасыз ете алатын 3-камералы шыныпакет бар. Бұл профильдің құрылымы толық герметикалықты береді, сыртқы ортаның әсерін тұрақты көтереді. Профильдің ені-58 мм, жалған нығыздау, контуры тұтас. Терезелерге талғамды сыртқы көрініс беретін және шаң жинауды болдырмайтын жаңадан ойлап шығарылған профиль дизайнына бөлек тоқтағымыз келеді.
- сурет- Терезе блогының қимасы
Сыртқы есіктер ГОСТ 31173-2003 "Болат есік блоктары. Техникалық шарттар" талаптары бойынша металлдан жасалған. Ішкі есіктер ГОСТ 6629-88 "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арналған ішкі ағаш есіктер» талаптары бойынша орындалды. «Типтері мен конструкциясы", ағаш, жөке. Сондай-ақ жекеленген металл қақпалары бар болып қарастырылды.
1. 3. 8 Ғимараттың басқа да конструктивтік элементтеріБесінші қабат - техникалық, жылытылмайтын-металл байланыстардың қисық элементтерін орната отырып, ағаш қаңқалы құрылымдардан жобаланады.
Сыртқы ортадан қорғалмаған барлық металл конструкциялары өрттен қорғау құрамымен ("Экран"бояуы) өңделуі тиіс. Қорғалмаған ағаш конструкциялардың барлығы антипирендермен, антисептикалық ерітіндімен немесе "Экран" қорғағыш бояумен өңделуі тиіс. Қабаттардың ойықтарын - илектеу металл құрылымдарынан жиектеу, құрама маңдайшалар құрастырмалы темірбетонды МЕМСТ 948-84 талаптары бойынша, ал темірбетонды түрі ГОСТ 8240-89 талаптары бойынша орындалған.
1. 4 Ішкі әрлеуҚонақ үй бөлмелерінде 2-ден 4-ке дейінгі қабаттардағы кірпіш қабырғалары өздігінен бітеліп, жақсартылған сылақпен сыланады, төбелері арнайы сылақ ерітіндісі шпатлевкамен тегістеледі. Бірінші қабаттағы үй-жайлардың функционалдық мәні бойынша арнайы өздеріне тән әрленуі болады. Тамбур мен вестибюль ашық майлы бояумен боялып сыланған. Санитарлық тораптарды арнайы су өткізбейтін керамикалық плиткамен әрлеу жоспарда қарастырылған. Баспалдақ торлары да сыланады, ұсақ-майда ерітінді сылақ шпатлевкасымен тегістеледі және ашық түстерге боялады, төбесі сулы эмульсиялық бояумен боялады, едендерге күшейтілген әсем түс беретін керамогранитті плитка салынады.
1. 3 - кесте. Бірінші қабатты әрлеу ведомості
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
1. 4- кесте. Типтік қабатты әрлеу ведомості
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу 2, 94м биіктіктегі,
Водоэмульсион. әктеу
Гипсокартон,
Жіктерін тегістеу,
Водоэмульсион. әктеу
Сылақтау
Водоэмульсион.
әктеу
Ғимараттың бірінші қабат еденіне күшейтілген мықты керамограниттік плиткалар төселеді. Барлық қызметтік бөліктерге және санитарлық - гигиеналық тораптарға - керамикалық плиткаларды жапсыру қарастырылған. Қонақтарға арналған жеке номерлердің едендері үшін қалыңдығы 8мм төмен емес беріктігі жоғары, ашық түсті ламинаттан жасау жұмыстары көзделген. Ғимараттың қасбеті силикаттық кірпіштен жасалған.
- Қоршау конструкцияларына жылутехникалық есептеулер
Өскемен қаласында орналасқан 5-жұлдызды элиталық қонақ үй сыртқы ауа қабатымен желдетілетін қабаты бар сыртқы қабырға конструкциясындағы қабаттың талап етілетін қалыңдығын анықтау болып табылады (ылғалдылық аймағы - құрғақ) . [1]
Қоршау конструкциясының жылу техникалық есебі орындалды:
ҚНжЕ 23-02-2003 " Ғимараттарды жылумен қорғау»
СП 23-101-2004 "Ғимараттарды жылумен қорғауды жобалау"
ҚНжЕ 23-01-99* "Құрылыс климаты".
Жылдың суық кезеңіндегі сыртқы ауаның есептік температурасы, t_ext = -33 °С; Ғимараттың ішкі ауасының есептік орташа температурасы, t_int = 20 °С;
Жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, t_ht = -8. 1 °С;
Жылыту кезеңінің ұзақтығы, z_ht = 215 тәулік. ;
жайдың құрғақ ылғалдық режимі және қоршау конструкцияларын пайдалану шарттары-А.
Сыртқы ауаға қатысты қоршау конструкцияларының сыртқы беті жағдайының тәуелділігін ескеретін коэффициент, n = 1;
Нормаланатын температуралық ауытқулар, Δt_n = 4 °С;
Қоршалатын конструкцияларды жобалау кезінде олардың жылу беріліске қарсы кернеуі санитарлы-гигиеналық талаптар бойынша анықталатын көрсеткіштен артық болмауы керек:
, (1. 1)
Мұнда, R 0 - оның конструкция есебімен бірге есептелетін қоршаудың жылу беріліске кедергісі, м 2 ∙ºС/Вт;
R 0 тр - жылу беруге талапты кедергісі, м 2 ∙ºС/Вт;
, (1. 2)
Мұнда, α в - қоршаудың ішкі беткей жылу беру коэффициенті, Вт/м 2 ∙ºС;
R к - қоршалатын конструкцияның термикалық кедергісі, м 2 ∙ºС/Вт;
α н - қоршаудың сыртқы беткей жылу беру коэффициенті (қысқы жағдайлар үшін), Вт/м 2 ∙ºС.
Бірыңғай қоршаудың термикалық кедергісі бөлек қабаттардың келесі формула бойынша есептелген сомалары бойынша анықталады:
, (1. 3)
Мұнда, δ i - әрбір қабаттың қалыңдығы, м;
λ i - материал қабатының жылу өткізгіштік есепті коэффициенті, Вт/м∙ºС;
n - қабаттар саны.
Қоршаудың жылу беру күшіне талапты кедергісін келесі формула бойынша есептейді:
, (1. 4)
мұнда, n - қоршалатын конструкцияның сыртқы беткей жағдайының сыртқы ауаға қатынасы бойынша қабылданатын коэффициент:;
t в - ішкі ауаның есепті температурасы, ºС;
t н - сыртқы ауаның есептік қысқы температурасы, ºС;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz