Үймеретті әрлеуі


I. Сәулет-құрылыс бөлімі
Кіріспе
Ерте заманнан қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ежелден қалыптасып жиналған мол тәжірибесі бар. Оны ата-бабамыз заман, қоғам талабына сай жақсы қасиеттермен толықтырып, ұл-қыздарының бойына сіңіріп отырған. Еліміздің президентінің халыққа жолдауындағы бағыттарының бірі “халықтың санын көбейту” - деп айтқан болатын. Балаларға жан-жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін бағдарлама негізіне сүйене отырып, балабақша мекемелерінде де үйретеді. Бұл бағытта балабақшаның, бала тәрбиесі жұмысында алатын орны зор. Сондықтанда елімізде балабақша құрылысы қолға алына бастады. Мен де Президенттің бағдарламасын қолдай отырып дипломдық жобаға “Балабақша” тақырыбын таңдадым. Жобаланатын балабақша үймереті 280 орындық, 2 қабатты, “П” әріпті пішіндес болады. Орналасатын жері - Астана қаласы. Жертөле ескеріледі.
Үймереттің жалпы сипаттамасы:
Үймерет кірпіштен салынады, ауқымды мөлшері 61, 48*45, 76м. Үймерет биіктігі - 11м. Әр қабаттың биіктігі - 3м, ал жер төле қабаты - 1, 8м.
Балабақша үймереті II және III климаттық ауданданға жатады, +15 С -40 С температурамен, қардың салмағы 150 кгс/м. Желдің жылдамдық қуаты-III-ші географиялық аймақ үшін. Сенімділік дәрежесі - II.
1. 1. Бас жоспар
Бас жоспар (1 сурет)
Үймерет салынатын алаңының рельефі түзу. Құрылыс болатын ауданда көгалдандыру және талдар бар. Құрылыс алаңында әр түрлі мақсатқа арналған керекті учаскелер және де басқа сәулетік пішіндер алдын ала жобаланған.
Тротуарлар және жүру жолдары асфальттан және брусчаткалардан төселеді. Құрылыстан бос аумағының барлығы газондармен, талдармен көгалдандырылады. Ол тозаңнан және даланың шудан әсерін азайту үшін жасалады. Учаскеде әр-түрлі белгілер бойынша керекті алаңдар бар: демалатын орындар, балаларға арналған құмдақ, балалар төбешіктері, өрмелейтін діңгектер, демалатын орындықтар орналасқан.
Өрттен қорғау, сақтау ережелері бойынша үймерет барлығы ҚНжЕ нормаларына сәйкес болып табылады. Ғимараттар арасында керекті өрттен қорғау үзіліс арақашықтар алынған. Өрттен қорғау көліктер еркін жүруге арналған жолдар ескерілген. Үймерет айналасы түнде шамдармен жарықтандырылады.
Үймереттің пішіні қарапайым болғандықтан, оның барлық бөлімдері күннің сәулесін өткізеді. Желдің негізгі бағытталуы оңтүстік-батысты болғандықтан үймереттің ішкі жағы еркін желдетеді.
1. 2. Көлемдік-жоспарлық шешім
Жобаланатын балабақша үймереті 12 топқа бөлінетін балаларға арналған. 3 пен 7 жас аралығындағы балалар күндіз келіп кетеді. Балабақша үймереті келесі қызмет ететін топты бөлмелерді қамтиды:
- Топтық ұяшықтар: ұйқтайтын бөлме, ойын бөлмесі, киім шешетін бөлме, дәретхана /1, 2 қабат/;
- Бейімделген бөлмелер: әуендік зал /2 қабат/, әртістік зал /2 қабат/, дене шынықтыру залы /2 қабат/, жеке жұмыс істеу бөлмесі /2 қабат/, бассейн /1 қабат/, ұлдардың киім шешетін бөлмесі /1 қабат/, қыздардың киім шешетін бөлмесі /1 қабат/, бапкер бөлмесі /1 қабат/, дәрігер бөлмесі /1қабат/, қысқы бақ бөлмесі /1 қабат/;
- Жалғаспалы бөлмелер:
- Дәрігерлік бөлме /2 қабат/: арнайы жеке бөлме, процедуралық бөлме, дәрігерлік бөлме, физиопроцедураларды жүргізу бөлмесі;
- Азық-түлік блогы /1қабат/: ас бөлмесі, жуу бөлмесі, дайындалып қоятын цех, жеміс-жидектер қоймасы, кептірілген азық-түлік қоймасы, мұздатқыш бөлмесі, жүктейтін бөлме, таратып беретін бөлме;
- Жуып қою бөлмелері /1 қабат/: кірлерді жуып алу бөлмесі, кептіретін бөлме, кір киім-кешектерді сақтайтын бөлме, үтектегіш бөлмесі, жуылған кірлерді беру бөлмесі;
- Қызметшілер үшін қызмет-тұрмыс бөлмесі: күзет бөлмесі /1 қабат/, қызметшілер бөлмесі /1 қабат/, методист бөлмесі /1 қабат/, директордың бөлмесі /1 қабат/, шаруашылықты меңгеруші /2 қабат/, қызметшілердің тамақтану бөлмесі /2 қабат/, мұғалімдер бөлмесі /2
- қабат/, шана - бесік-арба қоймасы /1 қабат/;
- Техникалық бөлмелер: электроқорғаныш /1 қабат/, инвентарлық бөлмелер /1, 2 қабат/, шырақтарды сақтау бөлмесі, қойма, техникалық бөлмелер.
1. 3. Үймеретті әрлеуі
Қасбетті әрлеу кезінде келесі құрылыс материалдары мен түстік шешімдер қабылданды:
Цокльді қабаттың сыртынан сплитрлі плиткамен сәнделеді. Өлшемі 390×190×50мм М150, q = 2400 кг/ м3 және 100 мм қалындықты минтақтамен жылытылған. Үмереттің қабырғасы сылақталған. Сылақтың үстінен түрлі-түстер енгізілген (көк, сары) . Күнқағар алюкабонд темірінен жасалады. Түсі ақшыл. Терезелер металлопластикадан салынады. Сыртқы сатылар керамикалық плиткамен қапталады. Бағаналар темірден жасалып, атмосфераға қарсы тұратын краскамен әрленген (В-42) . Төбе жабын шатырланған, үстінен полимермен жағылған цинкті мыс жабылған. Түр-түсі көк болып келеді. Өрт болған жағдайда сақтану үшін, эвакуациялық темір сатылар орнатылады. Үймерет алаңы металл профильді қоршаумен жабылған. Металл профилі порошокты жабынмен жабылған. Үймерет ұйымдастырылған сыртқы суағармен жабдықталған.
Ішкі әрлеу кезінде келесі құрылыс матералдары қолданылған:
Бөлмелердің төбелері сылақталып үстінен витонитті тегістегіш жүргізіледі, ал коридорларда “Armstong” тектес сияқты ілмелі төбелер жасалады. Қабырғалары сылақталған, үстінен бір қабат түзетілген ветонит жағылады, үшінші қабаты акрилдік краскамен, ал дымқыл бөлмелерде керамикалық плитка төселеді. Бөлмелерде едендер цемент-құмды тұтастырғыш төселген. Үстінен линолиум салынады, ал дымқыл жерлерде керамикалық плитка төселеді.
1. 4. Құралымдық шешім
Ғимараттың іргетасы қадалы және таспалы бетонды шешіммен жобаланады.
Әр қабаттың жаппасы жеке көп саңылаулы тақталардан тұрады.
Негізгі және қосалқы қабырғалары кірпіштен қаланады. Қабатаралық сатылар құрастырмалы, арқалыққа орналастырылған жеке жинамалы сатылардан тұрады.
Ғимарат төбесі шатырланған арнайы суағар құбырлары орналастырылады, арнайы бағытта енкіштіг ескеріледі.
Ішкі есіктері - ағаштан.
Сыртқы есіктері - темір және темір пластик терезелері - темір пластик 3 қабатты шынымен.
Жобалау барысында үймереттің өрттен сақтау және қоршаған ортаны қорғау шаралары да ескеріледі.
1. 4. 1. Іргетас және жертөле
Қада-таспалы іргетас және қадаларды біріктіргіш (2 сурет)
Іргетастың түрі қандай болу керек
Бірнеше талапқа тәелді болады:
Жүктеменің мөлшерінен және түрінен,
сипаттамасынан, көтеру қабілетінен
және негіздіктің, топырақтың өзгеру
қасиетінен.
Балабақшаның іргетасы темір бетонды қада, таспалы. Қаданың ұзындығы 6м. Қадалы іргетас табиғи негіздікте орналасады. Жертөленің сыртқы және ішкі қабырғалары құрастырмалы бетон блоктардан ГОСТ 13579-78* салынады. Ал қосалқы қабырғалары кірпіштен салынады. Сыртқы қабырғаның сыртынан керамикалық плиткамен қапталады. Едені бетон жаймасынан жайылған. Жертөлені желдету үшін қабырғалардың ішінде саңлаулар істелінген.
Қыс уақытта жертөленің ішінде ауанның температурасы +5 С дан кем болмау керек. Ауаның ылғалдылығы 65% көп болмауы керек.
Осы ережелерді сақтау үшін осындай пайдалану шаралар қолдану керек:
- техникалық жертөлені желдету керек және жаз уакытта ашық түрінде болу керек, ал қыста жабық болу керек.
- кіру есіктердегі тығыздалатын төсеніштерді салу керек.
- ыстық сумен қамтамасыз ету орталық жылу беру құбырларды дұрыс жұмыс істеу күшінде сақтау керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz