Картоптың сабақ нематодасымен күресу шаралары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«Агробиология» факультеті

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Картоп зиянкестерінің түр құрамының сипаттамасы және олардың зияндылығы

Орындаған: Сұлтанбек Б. М

Тобы: ЗР-309

Тексерген: Әбдраманова Г. Ә

Алматы, 2020

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Колорадтық қоңыздың морфологиялық сипаттамасы, зияндылығы
  • Картоптың сабақ нематодасының биологиясы, зияндылығы
  • Картоптың циста түзуші нематодасының биологиясы, зияндылығы
  • Күресу шаралар жүйесі
  1. Қорытынды
  2. Пайдалынылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақым-дайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан - құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді.

Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.

Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т. б. ), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т. б. ) қолдану арқылы жүргізіледі.

Негізі бөлім

Картопты көп қоректілермен қатар, бейімделген зиянкестер де зақымдайды. Жер бетіндегі мүшелерін гамма көбелектердің жұлдызқұрттары, карадрина, колорадо қоңызы, бітелер, цикадалар, қандалалар қоректенеді. Картоп түйнектерін бұзаубастар, сымқұрттар, тақта мұртты қоңыздардың, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, егістік шырышы және сабақ нематодасы зиян келтіреді. Көп қоректі болыпты табылатын бітелердің, қандалалар мен цикадалардың көптеген түрлері картопты зақымдайды және вирустық ауруларды таратушылары болып табылады.

Картоптын колорадо қоңызы - Leptinotarsa decmlineata Say. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы) . Картопты, қызанақты, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді.

Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасында дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әр бір қанат қабығында бес бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан. Дернәсілдің ұзындығы 15-16 мм, бүкір денелі, басы мен аяқтары және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара-сұр, екі жастағы-қызыл, үш пен төрт жастағылар - қызғылт-сары түсті болады. Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдікте топырақта 14-15 0С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен қоректенеді. Қорек іздеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 11, 5 км қашықтыққа дейін жете алады. 17 0С жоғары температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын картоптың жоғары жапырақтарының астында, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін ауытқып тұрады. Ұрықтық даму қошаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созылады. Колорада қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші екінші жастағы құрттар жапырақтары қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулап, картоптың түсі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорадо қоңызының әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады. Таралу аймағына байланысты колорадо қоңызы жылына 1-3 ұрпақ бере алады (1-сурет) .

The Colorado Potato Beetle (Leptinotarsa Decemlineata) - Pest ... Image - Leptinotarsa decemlineata (Colorado Potato Beetle) | BioLib.cz

1 - сурет. Картоптын колорадо қоңызы - Leptinotarsa decmlineata Say

Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne. Бұл түр тиленхид (Tylenchidae) тұқымдасына жататын, өте кең таралған зиянды организм. Картоп өсірілетін барлық аймақтарда кездеседі. Ересек нематоданың дене пішіні, алдыңғы және артқы бөліктері сүйрленген мөлдір түсті жіңішке жұмыр құрт тәрізді. Бөлігіне қарағанда артқы құйрық бөлігі үшкір келеді. Аналық нематоданың ұзындығы 0, 72 - 1, 35 мм, көлденеңі 0, 022 - 0, 032 мм, аталық особьтардың ұзындығы 0, 72 - 1, 35 мм, көлденеңі 0, 02 - 0, 025 мм. Фитонематодалардың бұл түрінің дамуына 20 - 25˚С температура қолайлы. Аналық нематода 250 жұмыртқаға дейін салады. Температураға байланысты бір генерацияның дамуы 20 - 45 күн арасында өтеді. Топырақта нематода бірнеше ай сақталады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер картоп түйнегінде ересек нематодалармен бірге қоректеніп, тіршілік етеді. Қолайлы температура мен ылғалдылық жеткілікті болған жағдайда, нематодалар залалданған картоп түйнектерінен сауларына жұғады. Нематоданың дамуы толығымег өсімдік ткані ішінде өтеді. Өсімдік тканіне паразит картоп түйнектері түзілуден бұрын енеді. Нематода мекендеген өсімдік жапырақтары қыртыстанып, ылғалды жылдары сабағы жуандау қысқа болып, жарылып, осы бөліктерде ойық жара пайда болады. Нематода кейіннен картоп түйнектері ішіне енеді. Енген бөліктерде түйнектің эпидермисі алғаш бозарып, кейін қара-сұр түске айналады. Осы бөлікте картоп түйнегі жұмсарып, ісікке қарай ойықтанып, эпидермисі оңай сыдырылады. Нематода әсіресе, картоп көкөніс қоймаларында сақтау кезінде қатты залалдап (80% дейін), сақтауға қойылған картоптың едәуір бөлігін шірітіп, көп шығынға ұшыратады. Картоптың жай пісетін сорттары ерте пісетіндеріне қарағанда, аз залалданады. Бұл паразит негізінен картопты (түйнектерін және жер үсті мүшелерін) заладайды. Сонымен қатар сәбіз, бұршақ, қарамық, қызанақ және басқа дақылдарды да залалдайды. Ал арам шөптерден дала қалуені, қара алқа және бақ-бақ өсімдіктерінде кездеседі (2 - сурет) .

Картинки по запросу "Ditylenchus destructor" Картинки по запросу "Ditylenchus destructor"

2 - сурет. Картоп сабақ нематодасымен зақымданған картоп түйнегі

Картоптың циста түзуші нематодасы - Heterodera rostochiensis Wollenweb. Бұл гетеродерид (Heteroderidae) тұқымдасына жататын кең таралған нематода, бірақ Қазақстанда карантинді. Аналық нематоданың пішіні дөңгелек шар тәрізді, түсі қоңырдан қараға дейін. Сыртқы шырыш қабығы болмайды, ұзындығы 0, 13-1 мм, көлденеңі - 0, 1-0, 96 мм. Аталық нематоданың пішіні жіп тәріздес, түсі мөлдір, ұзындығы 0, 9 - 1, 25 мм, көлденеңі 0, 025 - 0, 03 мм. Картоп нематодасының дамуы басқа да циста түзуші фитогельминттер сияқты өтеді. Цистадан шыққан дернәсілдер топырақта жақсы қозғалып ие - өсімдіктерін тауып, оның ұсақ тамырына енеді. Кейін дернәсілдер картоптың жас түйнегіне зиян келтіреді. Картоп тамырына енген дернәсілдер 10 күн өткен соң ісік пайда болад да, 30-35 күнде нематоданың аталық және аналық особьтары тамырдан шыға бастайды. Жас аналық нематодалар лимон тәрізді, оларда 48 күннен бастап жұмыртқалар түзіле бастайды. Аналықтарының денесі біртіндеп жуандап, дөңгелектеніп іші жұмыртқалармен толады. Цистаның ішінде 1200 дейін жұмыртқа түзіледі. Дернәсілдерінің активті болып цистадан шығуына тиімді температура мен ылғал және оларды қоректендіретін ие - өсімдік қажет. Нематоданың бір ұрпағының дамуы 40-75 күнде өтеді, соған байланысты бір вегетациялық кезеңде бір, кейде екі генерация түзеді. Сөйтіп картоп нематодасының цисталары топырақта бірте - бірте жиналады. Алғашқы кезде оны көру өте қиынға түседі. Бұл нематода тек алға тұқымдас өсімдіктерге (картоп, қызанақ, баклажан) зиян келтіреді. Залалданған картоптың өсуі баяулап, бойы ергежейленіп гүл түзбей, сабақтары сарғайып, төменгі жапырақтары қурайды. Фитогельминттердің әсерінен өнім кейбір жылдары 80%дейін төмендейді (3 - сурет) .

Картинки по запросу "Heterodera rostochiensis"

3 - сурет. Картоптың циста түзуші нематодасы - Heterodera rostochiensis Wollenweb.

Күреу шаралары

Картоптың сабақ нематодасымен күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесін сақтау. Картопты жақсы алғы дақылдар - астық, дәнді бұршақ, қант қызылшасы және көпжылдық шөптерден кейін отырғызу. Картоп өсірілген танапқа картоп отырғызуды 3 - 4 жылдан кейін жоспарлау керек. Өнімді жинап алған соң егістікті картоп қалдықтарынан тазалау. Картоп түйнектерін сақтау кезінде нематоданың зияндылық дәрежесін азайту үшін қоймадағы ылғалдылықты 85 - 90%, ауа температурасын 13˚С деңгейінде ұстау. Тұқымдық түйнектерді ұқыпты түрде іріктеу. Картопты сабақ нематодасынан қорғаудың негізгі шараларының бірі - сұрыптау, сондықтан тұқымдыққа нематодамен залалданбаған түптер түйнектерін пайдалану қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп және көкеніс дақылдарының зиянкестері
ФИТОНЕМАТОДАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Техникалық дақылдар
Алматы облысы жағдайында картоп дақылына зиян келтіретін нематод, кене және кеміргіштер
Картоп биологиясы және өсіру технологиясы
Шығыс алма жемірі, картоп нематодасы және бидай қаракүйесі
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Өсімдіктер карантині
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ көшеттерін өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz