Гүл шыбындары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Екі қанаттылар отряды - Diptera

Алматы 2019ж

Жоспар:

І. Кіріспе

а) Екі қанаттылар отряды - Diptera жіктелу жүйесі

б) Екі қанаттылар отряды - Diptera морфологиясы

ІІ. Негізгі бөлім

а) Екі қанаттылар отрядының биологиясы

б) Өсімдікті зақымдау белгісі, зақымданатын өсімдіктің мүшесі

в) Табиғи жаулары мен аурулары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Энтомология - насекомдар туралы ғылым (грек тілінде: <<энтомос>>- бөжек, <<логос>> - ғылым) . Ауыл шаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Солардың ішінде түрлерінің саны жағынан өте көбі - бөжекер класы.

Энтомология өзінің негізгі зерттеу объектісі - бөжектердің практикалық маңызының алуан түрлілігіне сәйкес өз алдына дербес бірнеше жеке - жеке ғылыми пәндерге бөлінеді. Олардың ішінде <<Жалпы энтомология>> бөжектердің ішкі, сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр байлығы және тіршілік ортасымен өзара қарым - қатынасын зерттейді. <<Ауыл шаруашылық энтомологиясы>> мен <<Орман шаруашылық эномологиясы>> ауыл шаруашылық дақылдар мен жайылым өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зерттейді және де т. б.

Энтомологияның негізгі міндеті - зиянды бөжектер мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.

А) Екі қанаттылар отряды - Diptera жіктелу жүйесі

Классификациясы (Scientific classification)

Патшалық (Kingdoom) : Омыртқасыз жануарлар (Animalia)

Типі (Phylum) :Буынаяқтылар (Arthropoda)

Класы (Class) :Жәндіктер(Insecta)

Тап тармағы: (Pterygota)

Отряды(Order) : Екі қанаттылар(Diptera)

Ұзын мұрттылар отряд тармағы

Қысқа мұрттылар отряд тармағы

Астық шыбындары тұқымдасы (Chloropidae)

Шведтік шыбын

Ұзын сирақтылар тұқымдасы (Tipulidae)

Сазды немесе зиянды ұзын сирақ(Tipulapaludosa), капуста ұзын сирағы, көктем ұзын сирағы

Галлица тұқымдасы

(Ceccidomyidae)

Гессен шыбыны, тары құмыты, қарақат құмыты

Ызылдақ шыбындар тұқымдасы (Syrpidae)

Пияз ызылдағы

Түрі

Гүл шыбындары тұқымдасы(Anthomidae)

Қызылша шыбыны, көктемгі капуста шыбыны,

Тахиндер тұқымдасы(Tachinidae)

Эрнеста

Екі қанаттылардың немесе шыбындардың тек бір жұп алдыңғы қанаты ғана болады. Кейде қанатсыз түрлері де кездеседі. Басы шар немесе жарты шар тәрізді, өте қозғалмалы, кеудеге жіңішке сабақша арқылы жалғасқан. Ауыз мүшелері сұйық тамақпен қоректенуге бейімделген тіліп - сорғыш, шаншып - сорғыш және жалағыш. Дернәсілдері құрт тәрізді, аяқсыз. Құыршағы ашық немесе жабық, жалған піллә ішінде болады.

Бұл отрядтың 80 мыңнан астам түрі белгілі, соның 20 мыңы біздің елде кездеседі. Екі қанаттылардың ішінде қан сорғыштар мен адам және үй жануарларының ауруларын қоздырушыларды тасымалдайтындары да, органикалық қалдықтармен (жануар және өсімдік текті) және гүл нектарымен қоректенетіндері де, өсімдіктерді айқас тозаңдандырушылар мен фитофагтар да, сонымен қатар энтомофагтар да бар. Отряд ұзын мұрттылар және қысқа мұрттылар деп аталатын 2 отряд тармағына бөлінеді.

Картинки по запросу Diptera

1-сурет. Екі қанаттылар

Ұзын мұрттылар отряд тармағы - Nematocera. Көп бунақтан тұратын ұзын мұртшалары бар, дене пішіні маса тәрізді екі қанаттыларды біріктіреді. Дернәсілдерінің бас капсуласы көпшілігнде жақсы жетілген, қуыршағы ашық, шыбын ұшып шығар кезде қуыршық қабының арқа тесігі бойлай сөгіледі. Біздің елде бұл отряд тармақтың құрамына 32 тұқымдас, солардың ішінде ұзын сирақты шыбындар, маса, галлица, шіркей және басқалар кіреді.

Картинки по запросу Nematocera.

2-сурет. Ұзын мұрттылар

Ұзын сирақтылар тұқымдасы - Tipulidae. Бұл тұқымдасқа жататын шыбындардың денесі ұзыннан созылған 9-30 мм маса тәрізді, басы кішірек, қарапайым көздері болмайды, қанаттары мәрмәр түсті немесе оларда бойлық жолақтар болады, аяқтары жылтыр қара жолақтар немесе дақтар бар өте жіңішке және ұзын болады, яғни денесіне пропорционал емес. Дернәсілдері сұр немесе қоңыр түсті, аяқтары болмайды, кішкентай басы алдыңғы көкірек астына тартыла орналасады және шіріген ағаш сүрегімен қоректенеді. Өсімдік зиянкестері ретінде белгілі түрлері: сазды немесе зиянды ұзын сирақ, капуста ұзын сирағы, көктем ұзын сирағы және тағы басқалар.

Похожее изображение

3-сурет. Ұзын сирақтылар

Галлица тұқымдасы - Ceccidomyiidae. Сымбатты қысаңденелі, ұсақ ұзындығы 1-5 мм бөжектер. Мұртшалары ұзын, жіп тәрізді немесе таспик тәрізді. Көпшілігінде мұртша бунақтарының әрқайсысында піспек басына ұқсас қылшықтар болады. Қанаттарында көлденең жүйкелер болмайды, бойлық жүйкелерде көп емес. Дернәсілдері құрт тәрізді, аяқтары болмайды, бас капсуласы жақсы жетілген, денесінің алдыңғы және артқы жақтары сүйірленген. Қуыршақтары жасырын (жалған піллә ішінде) немесе жабық. Шыбындар қоректенбейді, ал олардың дернәсілдері саңырауқұлақтармен, өсімдік тканымен қоректенеді. Сонымен қатар өсімдік бітелерінің, жапырақ бүргелерінің, кокцидтердің, алейродидтердің, трипсілердің және өрмекші кенелердіңжыртқыштары болып саналады. Өсімдік қоректілерінен гессен шыбыны, тары құмыты, қарақат құмыты сияқты бірқатар түрлері ауыл шаруашылық дақылдарының басты зиянкестерінің қатарына жатады.

Картинки по запросу Cecidomyiidae.

4-сурет. Галлица тұқымдасы

Қысқы мұрттылар отряд тармағы - Brachycera. Бұл отряд тармаққа жататын екіқанаттылардың денесі қысқа және жуандау, мұртшалары да қысқа 3 бунақты, көбінесе қылшықты болады. Дернәсілдерінің анық көрінетін бас капсуласы болмайды. Олар жалған піллә ішінде қуыршаққа айналады. Ашық қуыршақты түрлері өте сирек кездеседі.

Қысқа мұрттылар тап тармағы түзу тігісті және дөңгелек тігісті шыбындар болып 2 топқа бөлінеді. Ересек бөжектер шығар кезде біріншілерінің қуыршақ қабы ұзын мұртты екі қанаттылардікі сияқты, түзу тігіс бойымен жарылады, ал екіншілерінде жалған піллә үстіңгі жағынан дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа ашылады.

Қысқа мұрттылар отряд тарағына қос қанаттылардың 82 тұқымдасы жатады. Бұл оқулықта ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және энтомофагтар кездесетін тұқымдастардың ең бастыларымен ғана танысамыз.

Похожее изображение

5-сурет. Қысқа мұрттылар

Ызылдық шыбындар тұқымдасы - Syrpidae. Ұзындығы 4-23 мм дейін жететін ашық жасыл, сары, көк немесе қара түсті шыбындар. Денесіндегі қара - қоңыр және ақшыл - сары түсті бойлық жолақтардың кезектесіп орналасуы оларға аралармен ұқсастық белгі береді. Кейбір ызылдақ шыбындар денесін қалың түк басқандықтан, түкті араларға ұқсайды. Дернәсілдері құрт тәрізді, аяқтары болмайды, денесінің алдыңғы жағы жіңішке, артқы жағы жуандау келеді. Артқы тыныс тесіктері бірімен - бірі қосылып, тыныс түтікшесінің ұшына орналасқан. Тыныс түтікшесі ұзын немесе қысқа болуы мүмкін. Дернәсілдер өздерінің қимылы жағынан сүліктерге ұқсас. Қуыршағының түсі әр түрлі (жасылдау, сарғыш, сүттей ақ немесе қоңыр реңді) пішіні цилиндр тәрізді, жалған піллә ішінде жатады.

Құрамында 4500 түрі бар ірі тұқымдас. Шыбындар гүлдің нектармен және тозаңмен қоректеніп, өсімдіктердің тозаңдануына қатысады. Ал олардың дернәсілдері тіршілік ету жағдайына және қоректік заттарға мамандануына байланысты алуан түрлі болады. Көптеген түрлері фитофагтар, солардың ішінде пияз ызылдағы сияқты өсімдіктің қауіпті зиянкестері де кездеседі. Бірқатар шыбындардың дернәсілдері ағаш қуысында, қабық астында өсімдіктермен және жан - жанурлардың қалдықтарымен қоректеніп, санитарлық рөль атқарады.

Бірлесіп тіршілік ететін жарғақ қанатты бөжектердің ұяларында кезектесіп, солардың дернәсілдерімен қоректенетін арамтамқатры да кездеседі. Кейбір түрлерінің дернәсілдері біте, хермес, кокцид, трипс сияқты өсімдік жапырақтарының зиянкестерімен қоретенеді. Мысалы, тіршілігі 20 - шақты күнге созылған аспа баулы сирфидтің бір дернәсілі күн сайын капуста бітесінің 200 жеп құртады.

Картинки по запросу Syrphidae

6-сурет. Ызылдақ шыбын

Астық шыбындары тұқымдасы - Chloropidae. Ұзындығы 1-4 мм, көпшілігінің ортаңғы арқа бунағында қара - қоңыр жолақтары бар ұсақ шыбындар. Бас бөлігіндегі төбе үшбұрышы айқын көрініп тұрады. Қанаттарының жүйкеленуі қарапайымдау, кейде жүйкелері қысқарып, кішкентай пластинка тәрізді болып көрінеді. Дернәсілдерінің түсі сарғыштау, басы және аяғы болмайды, дене тұрқы көбінесе цилиндр тәрізді, дөңгеленіп келген анальдық бунақта тыныс тесіктері орналасқан 2 төмпешік болады. Қуыршағының дамуы піллә ішінде өтед.

Бұл тұқымдастың құрамына қос қанатты бөжектердің 1500 аса түрі кіреді. Солардың ішінде 400 - дейі біздің елде кездеседі. Дернәсілдерінің қоректену сипаты алуан түрлі. Көпшілік түрлері астық, қияқ, қоға тұқымдасына жататын өсімдіктермен қоректенеді, олардың кейбіреулерінің зақымдануынан өсімдік сабағында сигара тәрізді галла пайда болады. Бұл топқа шведтік шыбындар, жасыл көзді шыбын сияқты астық тұқымдас дақылдардың басты зиянкестері жатады.

Кейбір түрлері ағаш сүрегінің және басқа өсімдіктердің шіри бастаған мүшелерінде кездесіп, сапрофиттік тіршілік етеді. Бірқатар түрлері жыртқыштар - олардың дернәсілдері өрмекшілердің жұмыртқа пілләсінде, дәуіттердің оотекасында немесе шегірткелердің шүбіршесіне еніп, солардың жұмыртқаларымен, кейбіреулері тамыр бітелермен қоректенеді.

Похожее изображение

7-сурет. Астық шыбындары

Гүл шыбындары тұқымдасы - Anthomyiidae. Түстері әр түрлі, қара түстен бастап күлгін - сұр және сары түске дейін өзгереді, ұзындығы 2, 5-11 мм жететін ірі немесе орташа денелі шыбындар. Еркек шыбындардың көздері біріне - бірі өте жақын, тіпті түйісіп тұрады. Мұндай қылшықтары параллелді «аллейка» түрінде орналасқан. Дернәсілдерінің көпшілігі фитофагтар мен сапрофагтар, аздап жыртқыштар мен паразиттер де кездеседі. Өсімдік қоректілерінің ішінде зиянды түрге жататындары: қызылша шыбындары, көктемгі капуста шыбыны, жазғы капуста шыбыны, пияз шыбыны және басқалары.

Картинки по запросу Anthomyiidae

8-сурет. Гүл шыбындары

Тахиндер тұқымдасы - Tachinidae. Үлкендігі әр түрлі (ұзындығы 3-20 мм) көпшілік жағдайда денесін үрпиген тікенек тәрізді қылшықтар басқан. Сондықтан оларды кірпі шыбындар деп атайды. Дернәсілдері құрт дәрізді, аяқтары болмайды, көбінесе түсі сарғыштау денесінің бас бөлімі сүйір, артқы жағы жалпақтау келеді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде болады.

Екі қанаттылар отрядының ішіндегі ірі 5000 дай түрі бар, сонымен қатар пайдалы түрлерінің саны жағынан ең бағалы тұқымдастарының бірі. Ересек шыбындар гүл нектарымен, бал шығымен, кейде иесінің гемолимфасымен қоректенеді. Олар әсіресе шатыр гүлді өсімдіктерді( мысалы, сәбізді) ұнатады.

Бұл тұқымдасқа жататын шыбындардың негізгі ерекшелігі - барлығының дернәсілдері бөжектердің ішкі, кейде сыртқы паразиттері. Біраз түрлерінің (мысалы, эрнестия және фороцера деп аталатын шыбындар) дернәсілдері зиянды көбелектердің кейбір түрлерінің (мысалы, капуста көбелегі мен жұпсыз көбелектер) жұлдыз құрттарының тиімді паразиттері болып саналады. Көптеген түрлерінің дернәсілдері тақта мұрттылар, жапырақ жегілері, бізтұмсықтылар, барылдақ қоңыздар сияқты қатты қанаттылардың бірқатар тұқымдастарының өкілдерінде, сонымен қатар егеушілердің дернәсілдерінде және өсімдік қоректі қандалалардың ересектерінде паразитті тіршілік етеді. Әсіресе бақашық қандалалар мен сүйір басты қандалаларды паразиттік тіршілік ететін кірпі шыбындар тобының маңызы өте зор. Мысалы, алтын түсті фазия, сұр фазия, ала фазия, қара фазия деп аталатын шыбындар зиянды бақашық қандаланың ең басты эндомофагтарына кіреді.

Картинки по запросу Tachinidae.

9-сурет. Тахиндер тұқымдасы.

Б) Екі қанаттылар отряды - Diptera морфологиясы

Екі қанаттылардың денесі 3 бөлектен тұрады. Олар: бас, кеуде, құрсақ. Бас бөліктері жән қосалқы мүшелері болады. Кеудесінде аяқтары мен қанаттары орналасады. Құрсағында жыныс мүшелері мен бірге тыныс алу, зәр шығару мүшелері болады.

Басы - шар немесе жарты шар тәрізді, өте қозғалмалы, кеудеге жіңішке сабақша арқылы орналасқан. Басында фасетті көздері, көзшелері, мұртшалары, ауыз мүшелері бар. Екі өте үлкен көздері болады.

Кеудесі - денесі әртүрлі пішінде үлкендікте болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары орналасады және бір жұп қанаттары болады. Ортаңғы кеуде және артқы кеуде қанаттары болады. Қанаттары мәрмәр түсті немесе оларда бойлық жолақтар болады. Кейде қанатсыз түрлері де кездеседі.

Құрсақтары - әр түрлі бунақты болып келеді. Құрсағы қондырма құрсақ түріне жатады. Себебі құрсақ артқы көкірекпен тұтаса жалғасады. Құрсағы мүшеленген, қимыл мүшелері болмайды. Құрсағында жыныс мүшелері мен бірге тыныс алу, зәр шығару мүшелері болады.

І- басы; ІІ-кеудесі; ІІІ-құрсағы. 1- қалқан алды, 2-алдыңғы арқа, 3- қалқан, 4-тігістер, 5- калиптра, 6-қалқанша, 7- алдыңғы шет, коста, 8-қанат, 9- құрсақ бөліктері:10-жужжальца 11-артқы төс, 12- жамбас, 13-сан 14-сирақ, 15-табан, 16-алдыңғы плерит, 17- алдыңғы төс, 18-ортаңғы плерит, 19-ортаңғы төс, 20-артқы плерит, 21- артқы төс, 22- күрделі көз, 23- ариста, 24-мұртша, 25-ауыз аппараты, 26-ерін, 27-лабеллум, 28-түтікше .

10-сурет. Екі қанаттылар отряды - Diptera морфологиясы

Картинки по запросу moniliform antennae Картинки по запросу setaceous antennae insects

Мұртшалары. А-таспиық тәрізді Б- жіп тәрізді

C:\Users\User\Desktop\2 (2).jpg

Аяғы жүгіргіш аяқ Құрсағы қондырма құрсақ

11-сурет. Екі қанаттылар отряды - Diptera морфологиясы

Екіқанаттылардың ауыз аппараты жалағыш болып табылады. Жалағыш ауыз аппаратының негізгі конус тәрізді бөлімі, бастың өсіндісі рострум деп аталады, оған төменгі жақтың қалдықтары енген. Рострумнан кейін тартқыш немесе гаустеллум орналасқан. Ол қан сорғыш екі қанаттылардың төменгі ерніне сәйкес келеді. Тартқыштың пішіні науа тәрізді, оның жоғарғы жағын жоғарғы ерін жауып тұрады, оның астын сілекей жеткізетін көмекей немесе гипофаринкс орналасқан. Жалағыш аппаратта жоғарғы жақ болмайды. Гаустеллумның бас жағында, жалап сору қызметін атқаратын, екі жақты жарма немесе лабеллум орналасқан. Лабеллумның ортасында, төменгі еріннің науасымен жалғасқан тұмсық тесігі болады. Тірі шыбындарда рострум гаустеллум мен лабеллум бүгіліп жабылып және ашылуға бейімделген. Тұмсықтың ең күрделі болып келетін бөлігі лабеллум. Оның бет жағында сүзгіштік қасиеті бар, ішкі жағында бүкіл ұзындығы бойынша хитинді ұсақ тесіктері бар жалған кеңірдектен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фазия шыбындары
Қос қанаттылар отрядының негізгі топтарын анықтау және олардың сипаттамасымен танысу
Т.Рұсқұлов ауданының табиғи климаттық жағдайы
Энтомофагтардың биологиясы
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Зиянды бақашық қандаланың энтомофагтары
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Жұмсақ бидайды өсірудің технологиялық картасы
Қызылша нематодасымен күресу шаралары
Өсімдік қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz