Зиянды бақашық қандаланың энтомофагтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ересек қандала паразиттері - фазия шыбындары. Негізі түрлері, даму кезеңі және экологиялық ерекшеліктері.

Алматы, 2020
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Зиянды бақашық қандала энтомофаг түрлеріне сипаттама
2.2. Дәнді дақылдар энтомофагы - фазия шыбындары
2.3. Фазия шыбынының түрлері - алтын фазия, сұр фазия, шұбар фазия
Қорытынды
Пайдаланылған

Кіріспе

Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау олардан алынатын жалпы өнімді арттырудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының алуан түрлі зиянкестеріне қарсы қолданылатын шаралардың маңызы барған сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығы дақылдардың зиянды организмдерімен күресудің биологиялық әдісі оларға қарсы пайдалы бөжектер - кенелер, өрмекшілер және микроорганизмдер, құстар және т.б тірі организмдерді қолдануға негізделген. Бұл тәсілдердің аса құнды ерекшелігі айналадағы қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамдарға пайдалы жануарлар мен бөжектерге кері әсер етпейді және зиянкестерге қарсы күресудегі басқа тәсілдермен салыстырғанда арзанға түседі. Биологиялық әдіспен күресу үшін пайдаланылатын бөжектер зиянды организмдердің жаппай көбейіп және таралып кетуіне жол бермейді, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе - теңдікті сақтау заңына да пайдалы әсер тигізеді.
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу шараларының жүйесіндегі биологиялық тәсіл зиянкестерге қарсы олардың табиғи жауларын - паразиттері мен жыртқыштарын пайдалануға негізделген. Пайдалы жәндіктерінің бұл тобын бір сөзбен энтомофагтар деп атайды. Паразиттер басқа жәндіктердің ішкі мүшелерінде немесе солардың аралықтарында ұлпаларды жеп немесе жасуша шырынын сорып тіршілік етеді. Олар иелерінің организмін тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланылады және паразитизм кезінде олармен тығыз түрде биологиялық байланыста болады. Паразиттер мен жыртқыштардың арасындағы негізгі айырмашылық - жыртқыш өз құрбанын тікелей өлтіреді, ал паразит иесінің есебінде қоректеніп, оның тіршілік қабілетін әлсіретіп барып, өз даму кезеңінің соңғы сатысында ғана өлтіреді.
Ауыл шаруашылық энтомофагтарын зерттеуде мынадай міндеттер қойылады; зерттелген зиянкестердің паразиттері мен жыртқыштарының түр құрамын анықтау және олардың биологиялық ерекшеліктерін білу, зиянкестің сан мөлшерін азайтудағы энтомофагтардың жеке түрлерінің параметрлігін анықтау.
Энтомофагтардың түр құрамын және олардың биологиялық ерекшеліктерін арнаулы стационарлық бөлімдерде немесе маршуттық тексеру кездерінде жүйелі түрде бақылау және анықтау арқылы зерттейді. Бақылаудың нәтижелері күнделік дәптерге жазылады.
Зиянкестердің паразиттерімен залалданғанын білу үшін оның барлық даму сатыларын (жұмыртқа, дернәсіл немесе жұлдызқұрт, қуыршақ, піллә және ересек бөжек) талдап тексеру қажет. Осыеың нәтижесінде зиянкестің әр түрлі паразиттермен залалданған фазасын және паразиттің дамуы оның қандай сатысында аяқталатынын білуге болады. Сонымен қатар паразиттің вегетциялық кезеңінде беретін ұрпақтарының санын және басқада биологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.
Зиянкес бөжектермен күресу үшін тиісті талаптарға жауап беретін облигатты және факультативті патогендерді қолдануға болады. Олар адам мен жануарлар үшін қауіпсіз болуы тиіс.

Негізгі бөлім
2.1 Зиянды бақашық қандала энтомофаг түрлеріне сипаттама

Зиянды бақашық қандаланың энтомофагтары. Зиянды бақашық (Eurygaster integriceps Put: жартылай қатты қанаттылар тобына Hemiptera жататын қандала. Дәнді дақылдар зиянкестерінің ішіндегі ең қауіптісі. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Семей облыстарынын тау етектерінде жақын орналасқан аудандарында және Орал мен Актебе облыстарының кейбір аудандарында таралған. Басқа өсімдік қоректі бөжектер сияқты бақашықтың да көптеген энтомофагтары бар. Қандалалармен оның әртүрлі фазаларында қоректенетін буынаяқтылар 150 шақты түрі бар екендігі анықталған. Көп қоректі жыртқыштардың ішінен аса маңыздысы Веmbidion, Harpalus, Amara, Pterostichus түріне жататын, зиянкестің барлық даму фазаларындағы олармен қоректенетін қоныздар. Кіші жастағы дернәсілдерді құмырсқалар кұртады. Жұмыртка және дернәсілдерімен алтынкөз дернәсілі, қандалалар, қоңыздар, өрмекшілер және мермитид түріне жататын нематодалар қоректенеді.
Бақашық қандала қоныздар, стафилинид қоныздар, құмырсқалар тағы басқа жырткыштардың арқасында 18-25% дейін төмендейді. Қандаланың көп бөлігін әсіресе ұшып өтетін, кұстар жеп кояды. Бақашық қандала популяциясының саны олардың жұмыртка және ереceгiн залалдайтын паразиттердің арқасында едәуip төмендейді. Бақашық қандалалардың жұмыртқаларын залалдайтын паразиттер ретінде теленоминның 13 түрі белгіленген. Олардың ішінде ең негізгілері - жұмыртка жегілер - теленоминдер және фазия шыбындары. Теленоминдерді бақашық кандалаға қарсы пайдалану ең бірінші болып Ресейде ғалым-энтомолог И.В.Васильев бастады. Ол 1913 жылы сәуiр айында Түркменстанда бақашык кқндаланың жұмыртка жегілерінін 80 мың жүмырткасын жиып алып, Украинага әкелген. Жолда олардын көпшіліri кырылып, дегенмен де ол егістік жерлерге жүмыртка жегілердің 12 мың данасын жіберіп үлгерген. Одан кейін теленоминдер - жұмыртка жегілерді өсіріп, көбейту ісіне кең белсене қатысты. Украинада 2 мыңдай биозертхана жұмыс істеп, 280-млн-дай жұмыртка жегілер өсірілiп, олар жалпы көлемі 50 мың гектардан егіс далаларында жіберілді.
Қазақстанда зиянды бақашыққа қарсы теленоминдерді пайдалану жұмыстары профессор Н.Ф.Мейердің басшылығымен жүзеге асырылды.
Жамбыл облысының Мерке және Қордай аудандарында 29 биозертхана ұйымдастырылып, 1 140 гектар егіндік жерге 5 миллион дана, ал келесі жылы 1400 гектар егістікке 9 миллион данасы жіберілді. Зиянды бақашық қандала моновольтинді түр - жылына 1 ұрпак беріп еседі. Теленоминдердің көпшілігі жарғак канаттылар тобының сцелионида ал біразы сол топтың энциртиде тұқымдасына жатады. Олар ұзындығы 1 метрге жуық қара түсті, аналықтарынын құрсақ бөлімінің ұшында жұмыртқа салғыш аппараты бар өте ұсак бөжектер.
Сцелионида тұқымдасына жататын жұмыртқа жегілер 2 туысқа бөлінеді: триссолкус және теленомус. Соңғы туыстын атына байланысты қалқаншалылар тұқымдасына жататын қандалардың жұмыртка жегілерін, көбінесе теленомустар деп атайды. Зиянды бақашық қандала жұмырткаларында теленоминдердін 13 түрі паразиттік тіршілік етеді. Олардын бізде кең таралғандары: трисолкус грандиз, трисолкус васильева және теленомус хлоропус.
Олар зиянды бақашық қандаладан басқа тұкымдастарына жататын қандалардың 29 түрінің жұмырткаларын залалдайды. Теленоминдер жұмыртка фазасынан бастап, ересекке дейінгі дамуын иесі жұмырткасыны ішінде өткізеді. Залалданган жұмыртка бірте-бірте қонырқай тартып, екі-үш күнен сон меруерт реңді қара немесе қара көк түске айналады. Казакстанда қандалалардын жұмырткасында теленоминдердін мына түрлері паразиттік тіршілік ететіні аныкталды.
Триссолкус грандиз М.А. Козловтын мәліметті бойынша Ресейде, Батыс Kiшi Азияпа Солтүстік Африкада кең таралған. Негізгі иесі зиянды бакашык, сонымен катар қалқаншалылар тұкымдасына жататын кейбір қандалардың жұмырткаларын залалдайды. Бұл паразит Қазақстанда Алматы, Актөбе, Жамбыл, Семей, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездесіп, еуригастер. карпокорис, доликорис, графосома, элия туыстарына жататын қандалар туыстарынын жұмырткаларын залалдайды.
Теленомус хлоропус М.А. Козловтын мәліметті бойынша Молдавияда, Воронеж, Саратов облыстарында, Кавказда, Қиыр Шығыста, Батыс Европада, Жапонияда таралып, еуригастер. элия, бoликорис, карпокорис, графосома және паломена туыстарына жататын қандалардың жұмыртқаларында паразитті тіршілік етеді. Бұл түр Алматы, Семей, Оңтүстік Қазақстан облыстарында зиянды бақашық пен тау қандаласының жұмыртқаларын, ал Акмола облыстарында элия туысына жататын қандалалардың жұмыртқаларын залалдайды.
Ооэнциртус теленомициде энциртиде тұкымдасына жататын өте кең таралған жұмыртка жегілер. Қазақстанда Актөбеде, Алматы,Семей, Оңтүстік Қазақстан облыстарында зиянды бақашық қандалардың жұмыртқасын залалдайды. Триссолкус туысына теленомус туысынын кейбір түрлері ересек бөжек фазасы күйінде кыстайды. Олардын сырткы тері кабаты тығыз болады да, әртүрлі паналардың астында қыстап шығады. Мысалы, триссолкус грандиз орман-тоғайларда, егін корғау алқаптарында және бақтарда ағаш қыртысының астындағы әртүрлі жарықтар кішігірім қуыстарда қураған жапырақтың арасын паналайды. Теленоминдер әдетте ылғалды күн сәулеcі тура түсетін орындардан қашады. Теленомус хлоропус егістік далада бидай, арпа, сұлы, жүгері, сабақтарынын ішінде, арамшеөптердің гүл шоғырларының арасында қыстап шығады. Кездейсоқ жағдайларда теленоминдер қыста кейбір кұстардың ұяларын, кемірушілердің індерін және жұпсыз жібек көбелектің ағаштарына топтап салған жұмыртқаларынын арасын паналайды. Қалқаншалар тұкымдасына жататын бақашық қандаланың жұмыртқаларын залалдайтын теленоминдердің ұрықтанған аналықтары ғана қыстайды, ал аталыктары күзге карай өліп калалы. Қыстап шыккан теленоминдердін тіршілік кабілеттілігі негізінен олардың ағзасындағы май қорының мөлшеріне күзде алған суыкка шынығу дәрежесіне тікелей байланысты болады. Ғалымдарымыздың мәліметі бойынша ақуыздары мол коректік заттар мен қоректендіріліп, күзде суыққа шынығуынан өткен дарактарының өсімталдығы баска ондай жағдайлар жасалмаған дарақтарға қарағанда едәуір жоғары болған. Бірақ қандай түрге жататындықтарына байланысты бәрінің суыққа төзімділік дәрежесі бірдей бола бермейді. Бірдей жағдайларда (қант шырынымен қоректендірілген және суыққа шынығудан өткен) теленоминдердін ішіндегі ен төзімдісі триссолкус грандиз-ол-21 С бір сағатка дейін төзеді. Ал теленомус хлоропус осындай жағдайда түгелдей қырылып қалады. Жалпы алғанда ақуыздары бар заттармен қоректенбеген және суыққа шынықпаған теленоминдер 10'С бесінші тәулікте қырылып қалады.
Қалқаншалылар тұқымдастарына жататын қандалаларың жұмыртқа жегішлерінің бәpі поливольтинді паразиттер, яғни бір маусым ішінде бірнеше ұрпак беріп өседі. Мысалы Краснодар өлкесінде зиянды бақашықтың жұмырткалау мерзімі ішінде теленоминдер 3 ұрпақ беріп көбейеді, ал Тәжікстанда қалқаншальлар тұкымдасына жататын қандалалардың жұмыртқа жегілер паразиттері бір маусым ішінде 8 ұрпакка дейін береді. Теленоминдердін даму жылдамдығы температурага тікелей тәуелді. Мысалы, трисолкус грандиздін дамуы 28-29°С, 9-10'С, ал 18 - 19°C-та 20-29 күнге созылады. Олардын даму жылдамдығы кандай түрге жататынына байланысты. Мысалы бірдей жағдайларда симони триссолкус триссолкус грандиз бен триссолкус скутеллеристің онтогенезі тезірек аяқталады. Теленоминдердің өсімталдыгы едәуір жоғары болады.
Триссолкус грандиздің ең жоғары өсімталдығы 85 жұмыртка, орташа-60, немесе 30, М.В.Козловтын мәліметі бойынша Душанбе қаласында әркайсысында бір-бірден триссолкус грандиздің кыстап шыққан аналықтары бар пробиркаларға тәжірибе ретінде карпокорис қандаласының жұмырткалары салынған. Сол кезде триссолкус грандиздің 6 аналық қандалаларының 727 жұмырткасына өздерінің жұмырткаларын салған. Кейіннен залалданған жұмыртқалардан паразиттердің 686 тобы ұшып шыққан: олардың 466 дарағы - аналық, 220 тобы - аталық. Сонда триссолкус грандиздің орташа өсімталдығы 115,2-121,4 жұмыртка болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда паразиттердің өсімталдығы, температураға, аyаның дымқылдығына және олардың ересек фазасына дейінгі даму жағдайларына байланысты екендіri байқалады. Оптималды температурада 2-3'С ауытқудың өзі - ақ триссолкус грандиздін өсімталдығын 2 еседен аса төмендетеді. Афанасьсванын мәліметі бойынша триссолкус грандиз ауанын салыстырмалы дымқылдығы 75-80% болганда-60 ал, 40-45% 50 жұмыртқа салған.
В.А. Щепетильникованын мәліметі бойынша паразиттін ересек фазасына дейінгі дамуы 19°С-да өткенде онын өсімталдығы орташа еcеппен оптималды 22°С тұрып дамығандарына қарағанда 2,5 есе, ал 17°С-да 5 есе кеміген. Сонымен қатар егер зиянды бақашық эмбриогенездерінің соңғы сатысында жұмырткалары залалданса, онда олардан паразиттік өсімталдығы төмен болатын аналықтарының шығатындығы анықталған. Олардан паразиттер кейіннен иесінің тек 20-30-дай ғана жұмырткаларын залалдай алады екен. Зиянды бақашықтын және басқа да қалқаншалар тұкымдасына жататын түрлерінің жұмырткаларында паразиттік тіршілік ететін теленоминдер өздерінін жұмыртқа қорынын 50% ұшып шыққаннан кейінгі өмірінің алғашкы 2-3 күн ішінде салып үлгереді.
Теленоминдер аналықтарының ұрықтанғаны және ұрықтанбаған да жұмыртқа сала алады. Ұрықтанбаған жұмырткалардан әркашан да тек аталықтары ғана шығады. Бұл құбылысты арренотокия деп атайды. Сондықтан партеногенездің (ұрыктанбай көбею құбылысы) болу не болмауы (мұның өзі аталықтардың болуына байланысты) паразиттің арақатынасын анықтайтын негізгі факторлардын бірі болып саналды. Белгілі мәліметтерге қарағанда, бұл ара қатынас теленоминдер де аналықтар жағына қарай басыңкы келеді. Әдетте теленоминдердін аталықтары аналықтарынан бір тәулік бұрын шығады да иесініц жұмырткаларының үстінде аналыктардың шығуын күтіп отырады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, триссолкусты бір аталығы аналықтарының 20 шақтысын ұрыктандыра алады. Қайталанып ұрыктану бұларда кездеспейді.
Триссолкус грандиздін аналығы ұрыктану кезінде иесінің жұмыртқасын мұртшаларымен сипап байкайды. Егер қандаланың жұмыртқасы бұдан бұрын сол паразиттің басқа түрімен залалданса, онда оны тастап келесі жұмырткаға көшеді. Қандаланың жұмыртқаларына өздерің жұмыртқаларын салғанда паразитте ешбір кезек тәртібін сақтамайды.
Қандалалардың триссолкустер залалданған жұмыртқаларын cауларынан жұмыртқаның төбе бөліміне салып кеткен белгісі аркылы ажыратуға болады (1-сурет). Ол белгілі паразиттер өздерінін жұмыртка салғыш аппаратының көмегімен салып, одан сон мұртшаларымен сипап байкайды. Залалданған және белгі қойылған жұмыртқаға қайтадан жаңа белгі қойылмайды.

1-сурет. Триссолкус грандизбен залалданған жұмыртқалар

Бір пробиркада паразиттін бір аналығы болған жағдайда залалданған жұмыртқаны қайталап залалдау құбылысы өте сирек кездеседі. Қандаланың бір рет салған бір топ жұмыртқаларын бірден бірнеше паразитке (7-8) ұсынғанда, олардың арасында талас туады. Мұндай жағдайда қандаланың бір жұмыртқасы паразиттің бір дарағы мен бірнеше рет немесе бір мезетте әр жақтан паразиттің екі - үш дарағымен залалдануы мүмкін.
Теленоминдердің аналық және аталықтарының тіршілік ету ұзактығы бірдей болмайды. Аталықтары аналықтарынан бұрын өледі. Аталықтарының ұзак өмір сүруі аналыктары мен кездесу жиілігіне байланысты. Оларды бірдей тұракты жағдайда бірге қосып тәрбиелегенде аталықтарының өмірі аналықтарына қоспай, бөлек тәрбиелегендеріне қарағанда екі есе қысқа болады. Теленоминдердің аналықтары өмірінің ұзақтығы жұмыртқалау қарқынына да байланысты. Жұмырткалау қарқынды түрде тез өтсе, олардың өмірі қысқарады. Мысалы, триссолкус грандиздіи аналықтары қарқынды түрде жұмыртқалағанда 1-1,5 жеті ғана, ал жұмырткалау мерзімі шұбалаңқы болса, онда олар бір айдай өмір сүреді. Күн сәулеcі тура түсетін орындарда ауаныі температурасы 30°С және одан асқанда паразиттер жаппай қырыла бастайды. Ауа температурасы 20°С-тан төмендей түскен сайын олардың дамуы ұзара түседі.
Рубцовтын мәліметі бойынша 0-3°С-да мұз қоймасында жұмыртқа жегіштер бір айдан артық өмір сүреді. Жұмыртка жегіштердің тіршілігінде көмірсулардың қоректі маңызы өте зор. Триссолкус грандиздің қант ерітіндісімен қоректенгендері ашыққандарына қарағанда 2 есе ұзак өмір сүреді. Жұмыртка жегілер ересектерінің табиғатта қоректенуі әлі жеткілікті түрде зерттелмеген.
Сцелионидтердің (олардың ішінде теленоминдердің) өсімдік гулдерінің, әсіpесе шатырша гүлді өсімдіктердін, шырынымен қоректенетіндері белгілі. Бірақ сонғы кездегі мәліметке қарағанда сцелионидтердің ересектері өсімдік гүлдерінде, шырындықтары ашық тұрғандарында өте сирек кездеседі. Кишинев қаласында пайдалы жәндіктерді шоғырландыру үшін бақтын ішіне аскөк, балдыркөк және сәбіз егілген. Одан соң осы жерде 1 ай бойы күніне 3 рет гүлге қонатын бөжектерді есепке алу жұмыстары жүргізілген, біракқ жиналған жәндіктердің ішінде сцелионидтер кездеспеген.
Ғалымдарымыздың бақылау нәтижелері бойынша теленоминдердің ересектері өсімдік бітелерінің денесінен бөлініп шығатын бал шығы деп аталатын желім тәрізді сұйык затпен қоректенетін көрінеді. Сондықтан өсімдік бітелері, сымырлар, жапырақ бүргелері, яғни бал шығын бөліп шығаратын жәндіктер мекендейтін жеміс ағаштарында маусым, шілде айларында сцелионидтерді көп кездестіруге болады.
Теленоминдердің өсіп-өнуін тежеп тұратын факторлардың ең бастысы бақылау нәтижелері бойынша олардың даму кезеңінің негізгі иесінің даму кезеңіне үйлесімді болып келмеуі. Көктемде теленоминдерді егістік жерлерден тәулік бойынша орташа температура 12-13'С-ка жеткеннен бастап ақ кездестіруге болады. Ал бақашық қандала eгiске тәулік бойынша орташа температура 20°С шамасына жеткенде ғана ұшып келеді. Бақашық қандаланың жұмыртка салуы 1,5-2 айга созылады, ал теленоминдер жарты жыл бойына жұмыртқалап, өне беруге қабілетті және күздің соңына дейін белсенді болады. Сондықтан олар вегетациялық маусымның екінші жартысында табиғатта сирек кездесетін доликорис, карпокорис, графосома және қандалалардың жұмыртқаларында паразиттік тіршілік етіп, өсіп - өнеді. Солардын есебінде теленоминдер қосымша тағы 2-3 ұрпақ береді.
Теленоминдердін түр құрамын және олардың жеке түрлерінің тиімділігін анықтау үшін тәжірибелік жерде зиянды бақашықтың қанша жұмыртқа салғанын, ол жұмыртқалардың паразиттермен залалдану дәрежесін бақылап, есепке алып отыру керек. Ол үшін күздік және жаздық бидай егістерінде 200 гектарга жететін әрбір мөлтекшеде шахмат ретімен ауданы 0,25 шаршы метрлік 20 үлгі алынады. Есептер бақашық қандала егісте пайда болған күннен бастап жетісіне 1 рет жұмыртқа салу аякталғанға дейін жүргізіледі. Есептеу кезінде қандалалар жұмыртқалайтын барлық мәдени және жабайы өсімдіктер, олардың қураған ескі сабақтары, топырақ кесектері ұкыпты түрде тексеріледі. Сонда үлгіде кездескен залалданғандары да, саулары да түгел жұмыртқалары, түгел жиналады. Бақашық қандаланын сан мөлшері аз болған жағдайда жұмыртқаларды қосымша жинайды. Ол үшін егістік даласын өзара белгілі бір қашықтықта орналасқан қосымша сызықтар бойымен көлденеңінен бірнеше рет кесіп өтіп, сонда кездескен жұмырткаларды түгел жинайды. Зиянды бақашықтың теленоминдермен залалдануын білерде залалданған жұмыртұалардың %, әрбір күнтізбелік аптада жиналған жұмыртқалардың жалпы санынан есептеп шығарады. Бұл санға дамып келе жатқан жұмыртқалар, сонымен қатар қандаланын дернәсілдері және паразиттер шыққан жұмыртка қабықтары да кіреді.
Жұмыртқа жегілердің тиімділігін анықтау үшін залалданған жұмырткалардың % есептеп шығады, сонымен қатар сау жұмыртқалардан шыққын зиянды бақашық ұрпақтарының саны ескеріледі. Ол үшін әрбір мөлтектер бойынша барлық күнтізбелік aпталарда жиналған жұмыртқалардың бәрін косады және олардың iшінде залалданғандарының жалпы санын біледі. Тексерілген жұмырткалардың жалпы санынан залалданған жұмыртқалардың % шығарады. Дернәсілдер мен қандалалардың бір шаршы метр жерге келетін санын шығады, сонымен катар сау жалпы санын сол үлгілерде кездескендерін есептеу арқылы анықтайды.
Табиғатта кездесетін теленоминдер жаппай өсіп-өнуін тежей алмайтындай болса, онда маусымдык шоғырландыру тәсілін қолдануға тура келеді. Қазіргі кезде теленоминдерді жаппай өсіріп көбейту жұмысында өсімдік қоректі қандалалардың 4 түрі пайдаланылады: зиянды бақашық қандала, италияндык графосома, жеті нүктелі графосома және жидек қандаласы. Сонғы 3 түрдің зиянды бақашық қандаладан айырмашылығы, олар поливольтинді, жылына 2-3 ұрпак беріп өнеді. Сондықтан теленоминдерді зертханада көбінесе осы қандалалардын жұмыртқаларында өсіріп көбейтеді. Теленоминдерді зертханада өсіpiп көбейту үшін ең негізгі шарт жоғарыда көрсетілген поливольтинді қандалаларды өте көп мөлшерде жаппай тәрбиелеп өсіріп, жұмыртқаларын алу. Осы айтылғандарға байланысты поливольтинді қандалаларды зертхана жағдайында өсіpiп көбейтудің тәсілдеріне қысқаша тоқталып өтеміз.
Графосома туысына жататын қандалалар жабайы өсетін шатырша гүлді өсімдіктермен қоректенеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энтомофагтардың биологиясы
Зиянды бақашық энтомофагтары
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау шаралары
Зияанды бақашық қандаланың биологиясы зияанды фазасы, таралуы, есептеу әдістері
Зиянды бақашық
Астық дақылының сорғыш зиянкестері
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Бақашық қандала
Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының экологиясы
Күздік бидайдан мол өнім алу үшін оның өсіру технологиясын сақтап, олардың қауіпті зиянды организмдеріне қарсы күресу
Пәндер