Бақашық қандала



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Жамбыл облысы , Тұрар Рысқұлов ауданының климаттық жағдайы
III. Негізгі бөлім
3.1. Күздік бидай өсіру технологиясы
3.2. Бақашық қандала
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиттер

I. Кіріспе
Күздік бидай - Triticum Aestivum L. - күзде егілетін, қалыпты жетілетін бір жылдық астық тұқымдас өсімдік. Өнімі келесі жылы орылады. Вегетациялық кезеңі - 2 - кезеңнен тұрады : күздік - (40-45 тәулік ), бұл кезде олардың тамыр жүйелері төзімді, сонымен қатар жер жер үстіндегі вегетациялық мүшелері температураның төмендеуіне байланысты бейімделіп, шыныға түседі; көктемгі жазғы (75 -100 тәулік ), бұл кезде олардың аталық-аналық мүшелері жетіле бастайды. Күздік бидай күзгі және қысқы ылғалды , қоректіп заттарды тиімді пайдаланып , жазғы ылғал тапшылығына, топырақ ауа құрғақшылығына төзімді келеді. Күздік бидай жаздық бидайға қарағанда ерте масақтанып, бұрын піседі және егісінде арамшөп аз болады. Күздік бидайды өте ерте не кеш егу оның қыстап шығуына қолайсыз әсер етеді. Аса ерте егілген дақыл гүлдеу жағдайы сатысынан ерте өтіп, қаулап өсіп шығып, қыстағы суықта үсіп кетеді, ал кеш егілсе өсімдік толық тамырланып, түптеніп үлгермейді, тиісті қоректік заттар қорын жинай алмайды да ,үсікке ұшырайды.
Күздік бидай егісіндегі ең қауіпті зиянкестердің бірі - зиянды бақашық қандаласы, күзде және ерте көктемде зиянкестердің көбеюіне божам жасау мақсатында, бақашықтардың жай-күйін және санын анықтау үшін, олардың қыстайтын орындарына тексеру жүргізіледі.
Күздік бидай биологиясы бойынша жаздық бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы - оның вегетециялық кезеңі күзде басталады да келесі жылы жазда аяқталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары - келесі жылы көктемде және жазда өтеді.
Күздік бидай азық - түліктік маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып, одан бірқатар артықшыларымен ерекшеленеді : ол күзгі - қысқы және ерте көктемгі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топрақты эрозиядан қоғайды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз залалданады, астық сұр көбелегінің жрақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді, ұйымдастыру-шаруашылық жағынан ете бағалы және анағұрлым өнімді.

II. Жамбыл облысы , Тұрар Рысқұлов ауданының климаттық жағдайы
Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік - аумақтық бөлініс 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан бастап Т.Рысқұлов ауданы атымен аталады. Жер аумағы - 9, мың км 2 . Тұрғыны - 64054 адам. Ауданның негізгі шаруашылық бағыты мал, өсімдік шаруашылығы, оның ішінде негізгісі астық өсіру.
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының табиғаты температураның құбылмалығы, жауын-шашынның әр жылы, әр территорияға, әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес, ылғал да біршама жақсы түседі. Аудандағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5 - 10,5 С арасында ауытқып отырады. Ал солтүстік және таулы аудандарда 6,5-8 С, орталық аудандарда 9-10 С шамасында болады. Т.Рысқұлов ауданында ең суық ай - қаңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда -5-9 С. Солтүстік аудандарда -12-14 С . Ал жылдың суық кезеңіндегі ауаның орташа температурасы -3-4 С және -7-8 С суықтық аралығында . Кей жылдары аяз -42-47 С-қа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөлтектерінде +21+22 С, жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы +18+19 С. Аса ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы +45+46 С болады. Көктемнің алғашқы белгілері наурыз айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда наурыздың аяғы мен сәуірдің басында байқалады. Кқктемнің ұзақтығы ауданның жазық аудандарында 40-55 күн, тау бөктерлерінде 50-60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады .
Жылына кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудадарда 40-45% , ал оның ең төмен болатындығы 30% маусым - тамыз арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы ауданадарға қарай жоғарылап 50% - ға дейін жетеді.
Жауын шашын -мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Ауаның шөл аймақтарында жауын-шашын жылына 100-150 мм, жазықтыққа 150-200 мм, тау бөліктерінде 300-400 мм, тау бастарында 450-500 мм-ге дейін түседі. Жауын - шашын жылдық суық кезеңіне қарағанда жылы кезңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40% көктемде жауады. Қар қабаты жұқа, біркелкі болады. Ол қалыңдағанда ауданың солтүстігінде 10-нан 20-35 см-ге дейін, оңтүстігінде 15-30 см, тау бөктерлерінде 20-40 см, тау бастарында 20-40 см-ден 70 см-ге дейін жатады.Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда 80-100 см, оңтүстікте 40-60 см. Ауданның барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік шығыстан аңызық соғып, тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік шығыс бағытта аңызық жиі қайталанады. Табиғи - эконимкалық шарттарға байланысты ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің бөлінуі облыс бойынша біркелкі емес. Ең құнарлы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер дала және таулы аймақтарда орналасқан. Егістіктердің 98%- ы осы аумақтарда, тек 2%- ы ғана шөл және шөлейт жерлерде орналасқан.

III. Негізгі бөлім
3.1. Күздік бидай өсіру технологиясы
Орналастыру және ауыспалы егістегі орны. Күздік бидай жоғары өнімділіктің дақылы ретінде өзінің биологиялық потенциялын құнарлы топырақтарда және жақсы алғы дақылдарда іске асырады. Сондықтан оны өсіргенде жергілікті жердің топырақ-климат ерекшеліктері мен жер пайдалану аумағының бедеріне (рельефіне) ерекше көңіл бөлу қажет. Оны нашар ылғалданған, арамшөптермен ластанған және құнарлығы төмен топырақтарда орналастыруға болмайды. Оның егістігі үшін тек қана тегіс бедерлі жерлер емес, сонымен қатар көктемде су жиналып қалмайтын және өсімдіктердің тұншығуына жол берілмейтін, ой-шұңқыры жоқ аздаған еңкіш жерлер де жарамды. Негізінен күздік бидайды табиғи қар тоқтайтын, наурыз айында қардың қалыңдығы 40 см болатын танаптарда өсірген абзал.
Күздік бидай өсіру жоспарланғанда, учаскені таңдауда жер пайдалану аумағында қысқы ылғалдың (қардың) бөлінуін көрсетіп жасалған картограмманы негізге алу керек, басқаша айтқанда топырақтың қысқы жауын-шашынмен қамтамасыз етілуіне сәйкес егістік аумағын жоспарлайды. Агроландшафтық қар тоқтату картограммасын белгілі бір жер пайдалану аумағы үшін сол аймақтағы ғылыми мекемелер жасай алады. Күздік бидай егістігіне арналған алқаптар әдетте жартылай иілген қыраттың су жайылатын жел жағында орналастырады. Аталған аймақта мұндай топырақтар ылғалмен барынша жоғары деңгейде қамтамасыз етілген және құнарлылық потенциалы да жоғары.

1 - сурет. Күздік бидай
Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, мұндай агроландшафтарда орналасқан танаптарда қар 10-12 тәулік кеш ериді. Қардың баяу еруі яғни сулардың топыраққа кеш сіңуі мен босқа ағып кетпеуіне алғышарт жасайды. Қорытындысында мұндай агроландшафтарға себілген күздік бидай тіпті нашар қалыптасып дамыған ықтырманың өзінде қармен біркелкі жабылады және ойдағыдай қыстап шығады.

2 - сурет. Бидай
Қардың еріп кетуін бір-екі аптаға кешеуілдетудің нәтижесінде бидайдың көктемгі тіршілік үрдісі кешірек басталады да қайталанатын көктемгі суықтың теріс әсерінен құтылады.
Күздік бидай өсіруге мұндай тәсілді тексеру үшін кезінде қазіргі ҚР АШМ-нің Бараев атындағы астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ РММ-нің аумағында (Азаров Н.К., Ахметов Қ.А., Аринов Қ.К., Мұсынов Қ.М., 1994) қар тоқтатудың картограммасы жасалды. Күздік бидайды бірнеше жыл бойы екі ландшафта (бірінде қар қабатының қалыңдығы 21-30 см, ал екіншісінде ол - 41 және одан жоғары болды) септік. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды бақашық
Астық дақылының сорғыш зиянкестері
Зиянды бақашық қандаланың энтомофагтары
Зияанды бақашық қандаланың биологиясы зияанды фазасы, таралуы, есептеу әдістері
Зиянды бақашық энтомофагтары
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапа көрсеткіштері
Сұлы дақылының аурулары
Жартылай қатты қанаттылар отряды (НEMIPTERA). Еркінмұрттылар
Энтомофагтардың биологиясы
Пәндер