Қызылша нематодасымен күресу шаралары
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қызылша шыбыны, Лихачев қоңызы есептеу әдістері, экономикалық зияндылық шегі және оларға қарсы қолданылатын күресу шаралар жүйесі
Алматы, 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Қызылша шыбынының биологиясы, зияндылығы
* Лихачев қоңызы биологиясы, зияндылығы
* Күресу шаралар жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдалынылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақым-дайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан -- құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді.
Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.
Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.
Қант қызылша дақылына зиян келтіретін бунақденелілердің түр құрамы мен танысу және оларға қарсы күресу шаралары. Қант қызылшасына көпқөректілер және маманданған зиянкестердің көптеген түрлері зиян келтіреді. Қазіргі уақытта қызылшаны зақымдайтын зиянкестердің 300 түрі белгілі. Солардың ішінде 130-дан астамы қатты қанаттыларға, 60 түрі қабыршақ қанаттыларға, 40-50 түрі тең қанаттылар мен жартылай қанаттылар отрядтарына жатады. Бунақденелілерден басқа организмдерден қызылшаны кәдімгі өрмекші кене мен қызылша нематодасы зақымдайды. Көпқоректі зиянкестерден аса қауіптілері кеміргіш көбелектердің (күздік және жабайы көбелектер) жұлдызқұрттары мен шыртылдақ және тақтамұртты қоңыздардың дернәсілдері. Маманданған зиянкестердің де түр құрамы көп: қызылшаның жапырақ бітесі мен тамыр бітесі, қызылша қандаласы, бізтұмсық қоңыздар мен бүрге қоңыздардың бірнеше түрлері және т.б.
Қызылша шыбыны-Pegomyia hyosciami Panz. Қос қанаттылар (Diptera) ортядының гүл шыбындары (Anthomyidae) тұқымдасына жатады. Ресейдің Европалық бөлігінің қызылша өсірілетін аудандарының барлығында тегіс таралған.
Денесінің ұзындығы 6-8 мм, күлгіндеу сұр түсті шыбын. Аяқтарының сан және сирақ бөліктері қызыл-қоңыр. Басы жарты шар тәрізді, көздері қызғылт немесе қызылқоңыр түсті, әрі үлкен келеді. Мұртшалары үш бунақты-бірінші және екінші бунақтары қызыл-қоңыр, үшіншісі қара. Құрсағында денесі бойлай орналасқан қара жолақ, ал бүйір жақтарында қызғылт жолақтар болады. Шыбынның жұмыртқасы ақшыл түсті сопақша, ұзындығы 0,8 мм. Личинкасы бозғылт, денесі 12 бунақтан тұрады, аяқтары болмайды. Денесінің алдынғы жағы өте сүйір, артқы жағы жалпақ және үш бұрыштанған тіс тәрізді өсінділермен бітеді, ұзындығы 9 мм. Жалған пілләсінің пішіні сопақша, ұзындығы 4,8-5 мм, көлденеңі 1,4-1,5 мм. Алғашында қызғылт-сары болады да кейіннен қызғылт-қоңыр немесе қара түске айналады. Қызылша шыбыны жылыны 2-3 генерация беріп дамиды. Жалған піллә күйінде топырақ арасында қыстайды. Шыбындар сәуір айының аяқ кезінде ұшып шығады да әртүрлі өсімдіктердің гүл нектарымен біраз уақыт қоректеніп, көбеюге кіріседі. Жұмыртқаларын қызылшаның басқа сол тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарының астыңғы бетіне қатарлап орналасады. Орта есеппен әр ұрғашы шыбын өз өмірінде 40-100 жұмырқаға дейін салады. Ұрықтың дамуы 2-3 күнге созылады. Шыбынның личинкасы жұмыртқадан шығысымен жапырақтың жұмсақ ұлпасына еніп, сонда қоректенеді. Нәтижесінде жапырақтың бетінде көпіршік тәрізді ұсақ қуыстар пайда болады. Зақымданған жапырақтар сарғая бастайды. Кейде біржола тіршілігін жояды. иянкестің бір генерациясының дамуы 35-40 күнге созылады. Зиянкестің сан мөлшерін динамикасына ауа райы жағдайлары мен оның табиғи жаулары едәуір әсер етеді. Көктем және жаз айлары ыстық және құрғақ болса, зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне қолайсыз жағдайлар туады. Ал табиғи жануарлардың ішіне оның личинкаларында паразиттік тіршілік ететін жарғақ қанатты насекомдардың (Phyodeuon pegomyiae Hab., Opiussp. және т. б) маңызы зор (сурет - 1 ) .
Сурет - 1 . Қызылша шыбыны-Pegomyia hyosciami Panz
Лихачев қоңызы - Bulaea lichatschovi Humm. Қаттықанаттылар (Сoleoptera) отрядының кокцинеллид (Сoccinelidae) тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдасқа жататын қоңыздарды қазақша ел қайда көшеді деп те атайды. Қазақстанның оңтүстік-шыңыс аудандарында таралған. Денесі дөңгеленіп, шар тәрізді болып келген кішірек қоңыз. Ұзындығы 3,5-5мм. Үстіңгі қанаттарының негізгі түсі қызғылт және әрқайсысының үстінде саны 9 дейін жететін қара түсті дақтар болады. Денесінің бас бөлігі, алдыңғы арқасы және көкірегінің бүйір жақтары сары түсті, сонымен қатар басында екі, ал алдынғы арқасында 6-7 қара нүктелер орналасқан. Мұртшалары мен аяқтары қызғылтсары түсті келеді. Жүмыртқасы ақшыл-сары, пішіні ұршық тәрізді, ұзындығы 1 мм. Жетілген личинкаларының түсі сарғылттау, сұр, ұзындығы 8-9 мм, қуыршағы сары, ұзындығы 4-5 мм, денесінде бойлай орналасқан 3 қара жолақ бар, олардың арқа жағындағысы жалпақ, ал бүйір жақтарындағы екеуі жіңішке болады. Қоңыздар қызылша егістігіндегі көбінесе оның айналасындағы жыртылмаған жерлерде және орман алқаптарында өсімдік қалдықтарының астында қыстайды.
Қысқа ұйқыдан олар ерте көктемде-наурыздың аяғында не сәуірдің бас кезінде оянып, алғашында алабота тұқымдасына жататын арамшөптердің көктерімен қоректенеді де, кейіннен қызылша егісіне көшеді. Олар қызылшаның жас жапырақтарын кеміріп жеп едәуір зиян келтіреді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтарында ұсақ тесіктер пайда болады. Қатты зақымданған өсімдіктердің жапырақтары бүрісіп қурап қалады. Тұқымдық қызылша егісінде қоңыздар өсімдіктердің генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде тұқымдық қызылшаның өнімі төмендейді. Қоңыздар мамыр айының аяғына дейін қызылшамен қоректенеді. Одан соң олар қызылша егісінің айналасындағы тың және тыңайған аудандарға қайтадан ұшып барады да сонда өсіп-өніп, көбеюге кіріседі. Қоңыздар жұмыртқаларын көбінесе алабота тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтарына топтап (15-30) салады. Ұрықтың дамуы 4-6 күнге, ал личинкалардың дамуы 35-40 күнге созылады. Жетілуі аяқталған личинкалар өсімдік жапырақтарының үстіңгі беттерінде, топырақ кесектерінің үстінде және қураған өсімдіктерде қукыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 4-6 күнге созылады.
Жаңа ұрпақтың жас қоңыздары қысқы ұйқыға кеткенше алабота тұқымдасына жататын жабайы өсімдіктердің гүлдерімен қоректенеді
(сурет - 2) .
Сурет - 2. Лихачев қоңызы - Bulaea lichatschovi Humm.
Қызылша нематодасы-Heterodera Schahtii Schmidt. Heteroderidae тұқымдасына жатады. Қызылша өсірілетін аймақтардың көпшілігінде таралған. Қазақстанда: Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Павлодар және Қостанай облыстарында зиян келтіреді.
Ұрғашы нематодтардың пішіні лимон тәрізді, түсі қоңырқай - сары немесе қоңырқай. Ұзындығы 0,7-1,0 мм, көлденеңі 0,4-0,5 мм, ішкі қуысы жұмыртқамен толы болады. Артқы жағы айқын көрінетін төмпешікпен бітеді, онда вульва (жыныс тесігі) жатады. Ұрғашыларының сыртқы тері қабаты едәуір қалың және оның үстінгі жағында ақшыл сілекейлі қабықтың қалдығы болады. Жұмыртқаланған кезде денесінің артқы жағында жұмыртқа қабы пайда болады. Ересек нематоданың пішіні жіп тәрізді, түсі мөлдір ұзындығы 1,2-1,6 мм,көлденеңі 0,02-0,03 мм. Цистаға айналған ұрғашы нематода топырақ арасында әртүрлі тереңдікте қыстайды. Цистаның ішіндегі жұмыртқалардың саны 80-600 дейін жетеді. Ішкі қуысы жұмыртқаға толы цисталар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді келеді де, бірнеше жылға дейін тіршілігін жоймайды. Цисталардың көпшілігі 30-40 см, кейде 1м тереңдікте топырақ арасында жатады. Көктемде топырақтың температурасы 100 С шамасына жеткенде және ылғалдық жеткілікті дәрежеде болған жағдайда кейбір өсімдіктердің тамыр жүйесінен бөлініп шығатын заттардың әсерінен цистадан личинкалар шығады. дернәсілдердің ұзындығы 0,4 мм, көлденеңі 0,02 мм болады. Олар топырақ арасында жылжып, 30-40 см қашықтыққа дейін бара алады, сонымен қатар топырақ түйіршіктерінің аралығындағы судың ағысымен де орын ауыстыруы мүмкін.
Қызылша нематодасы алабота және айқышгүлді тұқымдастарға жататын өсімдіктерді мекендейді. Зиянкестің личинкалары өсімдіктердің тамырына еніп, паренхима ұлпасымен қоректенеді. 4-5 жетіден кейін личинкалар қоректенуін аяқтап, құрт тәрізді еркек немесе лимон тәрізді ұрғашы нематодаға айналады. Еркектері белсенді қозғала алады, ал ұрғашылары денесінің алдынғы бөлігін тамыр ұлпасына енгізеді де, бір орында қозғалмай тіршілік етеді. Ұрықтанғаннан кейін ұрғашы нематода жұмыртқаларын (80-150 кейде 600 дейін) жұмыртқа қапшығына салады. Личинкалар осы жылы шығады да, маңайындағы өсімдіктердің тамырына еніп, қоректенуге кіріседі. Зянкестің бір генерациясының дамуы 4-8 аптаға дейін созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде нематода жылына 4 немесе 5 генерация беріп көбейеді.
Қызылша нематодасы әсіресе қант қызылшасына қатты зиян келтіреді. Зақымданған өсімдіктердің үстілік және жер астылық мүшелерінің өсуі баяулайды. Ал зиянкеспен қатты зақымдалған өсімдік сарғайып қурап қалады: негізгі тамырдың бойында көптеген жанама тамырлар пайда болады да, қауға сақал тәрізді болып көрінеді. Қалыпты қоректену процесінің бұзылуы салдарынан қызылшаның жеміс тамырының массасы азаяды және қанттылығы төмендейді.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы-Bothynoderes punctiventris Germ. Қатты қанаттылар (Goleoptera) отрядының бізтұмсықтылары (Gurgulionidae) тұқымдасына жатады. Қызылша өсірілетін аудандардың барлығында кездеседі. Қоңыздың ұзындығы 13-15 мм жетеді, негізгі түсі қара, үстін түссіз немесе ақшыл-сұр қабыршықтар басып тұрады. Үстіңгі қанаттарында қиғаш орналасқан үзілмелі қара жолақ және олардың әрқайсысының бітер ұшында ақ түсті төмпешік болады. Бас түтігі ұзын, ұшына қарай біртіндеп жалпиған.
Еркек қоңыздың ұрғашысынан айырмашылығы-алдыңғы табандарындағы екінші бунағының ұзындығы соңғы бунағының 12 бөлігіндей (ұрғашысын да -13 бөлігіндей). Сонымен қатар бірінші және екінші құрсақ бунақтарының ортасында кішкене шұңқыр болады. Жұмыртқасы сопақша, сарғылттау ақ түсті, ұзындығы 1,2-1,3 мм. Дернәсілінің түсі ақ, аяқсыз, С әріп тәрізді иілген басы қоңыр, жоғарғы жастағы дернәсілінің ұзындығы 27-30 мм. Қуыршағы сарғылт-ақ түсті, ұзындығы 11-15 мм, бас түтігі құрсақ жағына қарай бүгілген. Құрсақ бунақтары тікенекті болады. Жылына бір генерация беріп өсіп-өнеді. Қоңыздар топырақ арасында 10-15 см тереңдікте қыстайды. Жер бетінде олар ерте көктемде, қызылша көктемей тұрғанда шығады. Қызылша көктеп шыққанша қоңыздар алабота тұқымдасына жататын жабайы өсімдіктермен қоректенеді де, кейіннен қызылша егісіне көшеді. Қоңыздар көктемде бірден жұмыртқалауға кіріспейді. Олардың жыныс жасушаларының пісіп-жетілуі үшін қосымша қоректенулері қажет. Қосымша қоректену кезеңі ауа райы жағдайларына байланысты бір айға және оданда ұзағырақ мерзімге созылады. Қоңыздар қызылша көгінің қос құлағын жеп, сабақшасын кесіп тастайды. Ал тұқым жарнағы мен жапырағы шығысымен оларды шетінен бастап кетік жасап кеміріп қояды. Олардың, әсіресе, қызылшаның көктеуінен бастап нағыз жапырақтарының 2-3 жұбы шыққанға дейінгі зақымдауы өте қауіпті. Қосымша қоректенуі аяқталған соң, яғни оңтүстік аудандарда мамыр айының басында, зиянкес өсіп-өніп көбеюге кіріседі. Ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабатына бір-бірлеп шашып салады. Орташа өсімталдығы-әр ұрғашы қоңызға 60-100 жұмыртқадан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz