Жыртқыш саңырауқұлақтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Саңырауқұлақты препараттар, оларды пайдалану ерекшелігі.

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар
  2. Энтомофторлылар тұқымдасына сипаттама

2. 3 Саңырауқұлақ препараттардың титрін анықтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу шараларының жүйесіндегі биологиялық тәсіл зиянкестерге қарсы олардың табиғи жауларын - паразиттері мен жыртқыштарын пайдалануға негізделген. Пайдалы жәндіктерінің бұл тобын бір сөзбен энтомофагтар деп атайды. Паразиттер басқа жәндіктердің ішкі мүшелерінде немесе солардың аралықтарында ұлпаларды жеп немесе жасуша шырынын сорып тіршілік етеді. Олар иелерінің организмін тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланылады және паразитизм кезінде олармен тығыз түрде биологиялық байланыста болады. Паразиттер мен жыртқыштардың арасындағы негізгі айырмашылық - жыртқыш өз құрбанын тікелей өлтіреді, ал паразит иесінің есебінде қоректеніп, оның тіршілік қабілетін әлсіретіп барып, өз даму кезеңінің соңғы сатысында ғана өлтіреді.

Ауыл шаруашылық энтомофагтарын зерттеуде мынадай міндеттер қойылады; зерттелген зиянкестердің паразиттері мен жыртқыштарының түр құрамын анықтау және олардың биологиялық ерекшеліктерін білу, зиянкестің сан мөлшерін азайтудағы энтомофагтардың жеке түрлерінің параметрлігін анықтау.

Энтомофагтардың түр құрамын және олардың биологиялық ерекшеліктерін арнаулы стационарлық бөлімдерде немесе маршуттық тексеру кездерінде жүйелі түрде бақылау және анықтау арқылы зерттейді. Бақылаудың нәтижелері күнделік дәптерге жазылады.

Зиянкестердің паразиттерімен залалданғанын білу үшін оның барлық даму сатыларын (жұмыртқа, дернәсіл немесе жұлдызқұрт, қуыршақ, піллә және ересек бөжек) талдап тексеру қажет. Осыеың нәтижесінде зиянкестің әр түрлі паразиттермен залалданған фазасын және паразиттің дамуы оның қандай сатысында аяқталатынын білуге болады. Сонымен қатар паразиттің вегетциялық кезеңінде беретін ұрпақтарының санын және басқада биологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.

Зиянкес бөжектермен күресу үшін тиісті талаптарға жауап беретін облигатты және факультативті патогендерді қолдануға болады. Олар адам мен жануарлар үшін қауіпсіз болуы тиіс.

Негізгі бөлім

2. 1. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар

Бөжектердің саңырауқұлақ аурулары. Бөжектер, кенелер және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен саңырауқұлақтардың көптеген түрлеріне байланысты, тек энтомопатогенді саңырауқұлақтар санының өзі ғана 530 түрден асады. Паразиттік саңырауқұлақтардың көптеген түрлерінің негізгі ерекшелігі - олар зиянкестердің дене қуысына өздері бөлетін ферменттер қатысуымен жабын арқылы енеді немесе кутикула бетінде түйреуіш тәрізді жуандаған өсінді - апрессорийлер құрайды. Апрессорийлер - саңырауқұлақ споралары өніп келе жатқанда, қысқа өсік түтік ұшының жуандауы. Осы жуандаған түтікше арқылы жіпшумақ өсімдіктердің дене қуысына енеді. Осыған байланысты саңырауқұлақ бөжектердің қуыршақ және ересек сатысын залалдауы мүмкін, әдетте бұлар басқа организмдермен мұндай жолмен залалданбайды.

Атақты ғалым И. И. Мечников 1879 жылы тұңғыш рет астық қоңызының жасыл мюскардина ауруы қоздырғышын ашып, оны осы зиянкеске қарсы күресу үшін пайдаланды және И. Красильщиковтың соңғы ауру қоздырғышты жаппай көбейту тәжірибелері саңырауқұлақты өсімдік зиянкестеріне қарсы биологиялық әдісте қолдануға жол ашты.

Энтомопатогенді саңырауқұлақтар. Энтомопатегенді организмдер өкілдері саңырауқұлақтардың 7 класының төртеуінде кездеседі. Өсімдіктерді биологиялық қорғауда іс жүзінде маңызды түрі бар зигомицеттер және жетілмеген саңырауқұлақтар класына жатады, бұлар төменде кеңінен қаралады. Қалталы немесе аскомицеттер класының қатарынан құрайтын лабульбенді саңырауқұлақтар тобын сипаттайық.

Лабульбенді саңырауқұлақтар тобына 3 тұқымдастардың 150 туысына жататын 1500 түрлері енеді. Бұлар әлемде кең таралған, бірақ негізінен тропика және субтропика аймақтарында кесдеседі. Бұлар өте жоғары бөжектер мен паразиттері, сонымен қатар иелері өлгеннен кейін көп ұзамай өздері де өледі. Саңырауқұлақтар тірі бөжектер денесінде ұсақ қылшықтар немесе биіктігі 1 мм-дей шоқ қышқылдар құрайды. Бұлар дененің әр жерінен кутикуладан барқыт тәрізді өңез түрінде көрінеді.

Лабульбенділердің көпшілік өкілдері қатты қанаттылар өкілдерімен байланысты. Бұл саңырауқұлақтар тарақандар, тура қанаттылыр, термиттер, тор қанаттылар, жарғақ қанаттылар, екі қанаттылар және кенелерді паразиттейді.

  1. . Энтомофторлылар тұқымдасына сипаттама

Зигомициттер класы - Zygomycetes. Класс жақсы жасушасыз дамыған немесе жетілген кезде жасушалары жіпшумақ арқылы бөлінген саңырауқұлақтарды біріктіреді. Жыныс үрдісі - зигогамия - жасуша гаметталарына жіктелмеген 2 жасушаның қосылуынан тұрады. Класс құрамына 4 қатар енеді, бұлардың біреуі - энтомофторлылар - өздеріне тек 1 энтомофторлы тұқымдас саңырауқұлақтары жатады, бұлардың барлық өкілдері түгелдей бөжектер паразиттері болып есептеледі (1-сурет) .

2 Light microscopic images of asexual reproductive structures of zygomycetes. (a) sporangium with endogenous mitospores (Mucor circinelloides); (b1) apophysate sporangium of Rhizopus arrhizus; (b2) remaining columella after spore release of R. arrhizus; (b3) Sporangium of R. arrhizus arising opposite rhizoids; (c) Sporangium and columella of Umbelopsis isabellina, a fungus of the phylogenetic basal family Umbelopsidaceae (4). Scale bar: (a-b) 20 mm; (c) 10 mm

1-сурет. Зигомициттер - Zygomycetes

Энтомофторлылар тұқымдасы (Entomophthoraceae) . Энтомофторлы саңырауқұлақтар қоректенетін субстрат ішінде көптеген майлы тамшылары бар бір жасушалы нашар тарамдалған жіпшумақ құрайды. Залалданған бөжектерде жіпшумақ бұрыс пішінде және әртүрлі көлемді гифті денеге ажырайды. Бұл элементтер ие денесіне гемолимфа арқылы таралып, бұзылған ұлпалардың орнын басып, дене ішін біртіндеп толтырады. Барлық мүшелері мен ұлпалар бұзылып біткенше саңырауқұлақ өсуі жүре береді. Конидиялардың өнгенінен бөжектер өлгенге дейінгі кезең, ірі бөжектерде (шегіртке) 5 - 8 күнге, ұсақ бетелерде 2 - 3 күнге созылады. Гемолимфа айналымының бұзылуы және саңырауқұлақтың бөлетін токсиндері мен ферменттерінің әсері өлімге ұшыратады. Залалданған бөжектердің құрасағы ісінеді және айырылған жабынан гифалды денесінен сұйықтық ағады. Бұдан кейін бұлар өніп, өлген бөжектің сыртына шығатын барқыт тәрізді өңезді жіпшумаққа айналады. Конидиялар бір жасушалы, қабырғалары жұқа, плазмалары түйіршікті және майлы тамшылары қабырғасы тегіс, түп жағы азды - көпті емізік тәрізді. Өлген бөжектер құрсағының бауыр жағында энтомофтора туысының кейбір түрлерінде, яғни тарамдалған конидия тасушылары бар тамыр тәрізді құрылым - ризоидтар түзеді. Олар өлген бөжекті субстратқа бекітеді. Осындай қалыпта бөжектер көктемге дейін сақталуы мүмкін.

Энтомофторлы саңырауқұлақтардың ерекшелігі - пісіп жетілген конидияларды, олардың көлемінен мың еседен артық қашықтыққа лақтыруға болады. Конидия тасушының үзілуі кезінде құрылған перде астына плазма қысымы әсерінен лақтыруы күші пайда болады. Конидиялар тіршілік қабілетін 72 сағатқа сақтай алады. Суға түсісімен олар бірден өсе бастайды. Егер кондиялар сезімтал иелеріне кезікпесе, ол екінші, үшінші кондияға айналып, бұлар тағыда атқыланады, яғни бұл олардың иесімен кездескенше ұзартады.

Энтомофторлы саңырауқұлақтар кондиядан басқа тыныштықта болатын споралар түзеді, бұлар қысқы немесе құрғақшылық мезгілдері, яғни дамуы қолайсыз кезеңдерді өткізуге бейімделген. Споралар залалданған бөжектер денесіне түсіп, көктемде өнеді, иесі болмаған жағдайда олар өсу түтікшесін түзеді де, конидия тасушылар сияқты қызмет атқарады және конидиялардың бірінші, екінші, үшінші қатарларын лақтырады. Тыныштық күйіндегі споралар саңырауқұлақ жіпшелерінен жынысты және жыныссыз жолдармен құрылады. Жыныссыз жолмен түзілгенде споралар гифальды дененің ортасында немесе ұшында құрылады. Оған ішінде құйылады да, спора перде арқылы бөлінеді, ал саңырауқұлақ жіпшесінің босаған бөлігі өледі.

Жыныссыз жолмен көбейген спораларды азигоспоралар деп атайды. Жыныс үрдісі кезінде аталық және аналық гаметалар ағып қосылады. Бұлардың қызметін саңырауқұлақ жіпшелерінің әртүрлі көлемді мөлтекшелері атқарады. Саңырауқұлақ жіпшесінің қосылған жерінде немесе оған жақын жерде тыныштық спорасына айналатын ісік пайда болады, ол бұл жағдайда зигоспора деп аталады. Тыныштық күйдегі споралар ұзақ уақыт тіршілік қабілетін сақтайды және өлген бөжектермен топырақ бетінде, мұнымен қатар ағаштардың сызаттарында, жарықтарында, өсімдік қалдықтарында қалады. Көктемде споралар бөжектер ауруының ошақ көздері болады (2-сурет) .

Картинки по запросу "энтомофтора" Картинки по запросу "энтомофтора"

2-сурет. Энтомофторамен зақымданған шыбын

Тұқымдас құрамына 3 туыс: энтомофтора (Entomophthora), массаоспора (Massospora) және тарихиум (Tarichium) . Ең кең тараған түрлері энтомофтора туысы - бұған 60 - тан астам түрі енеді. Бұл туыстардың өкілдері бөжектердің 12 тобына жататын бірнеше түрлерін залалдайды, бұлармен қатар кенелердің, өрмекшілердің, көпаяқтылардың және жылы қандылардың кейбір түрлерін залалдайды. Саңырауқұлақтардың қоректік мамандануы әртүрлі болады.

Картинки по запросу "Massospora" Картинки по запросу "Massospora"

3-сурет. массаоспора цикадина - Massaospora cicadina

Энтомофтора E. coronota Cost, туыс өкілдері бөжектерді (термидтер, бітелер) ғана емес, мұнымен қатар жылқы, қашар және адамды да залалдайды. Бұл энтомофторлы саңырауқұлақтардың ішіндегі жылы қанды жануарлардың микоз ауруын қоздыратын жалғыз түрі. E. Sphaerosperma бөжектердің аз дегенде 4 топ өкілдерін залалдайды: бітелердің бірнеше түрлері, алма бүрге шіркейін, бітелерді, шыртылдақ қоңыздарды және олардың дернәсілдерін, қырыққабат ақ көбелегі мен күйесін залалдайды.

Бөжектерге айтарлықтай жақсы маманданған түрі E. Erupta Dust. соқыр қандыларды (4-сурет), E. Grylli Fres. (5-сурет) шілделіктерді, шегірткелерді және E. aphidis Hofim және E. Thaxteriana Petch. бітелерді залалдайды. Саңырауқұлақтардың массоспора туысы цикадаларды залалдайды және де өздері өте маманданған. Мысалы, Massospora cicadina Peck., (3-сурет) тек қана америкалық әнші цикаданы залалдайды. Көп уақытқа дейін энтомофторлы саңырауқұлақтар иесінен сыртқы ортада дамып жетілмейді деп есептелінген. Бірақ кейінірек бірнеше бөжектерден саңырауқұлақтың бірнеше түрін ажыратып алуға мүмкіндік болды және оларды 40 - тан астам түрі ортады өсірілетін болады.

Картинки по запросу "Entomophthora Erupta"

4-сурет. Eutomophthora Erupta Dust

Картинки по запросу "Entomophthora Grylli"

5-сурет. Eutophthora Grylli Fres

Жылыжайда бітелер мен кенелерге қарсы күресу үшін энтомофтор препаратын дайындауға талпыныстар жасалуда. Бітелердің бұршақта және басқа дақылдарда эпизоотиясын болжау әдістемесі жасалған.

Дейтермоциттер немесе жетілмеген саңырауқұлақтар класы - Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti. Класс көп ядролы, гаплоидты бұтақталатын жіпшумақты саңырауқұлақтарды топтастырады. Жіпшумақтары бунақталған - аскомицеттердегідей, ядоның бөлінуінен перде құрады, әдетте жай саңылаулары болады. Жынысты стадиясы болмайды және көбеюі тек қана жыныссыз жолмен жүреді, көпшілік жағдайда конидийлар арқылы, кейде склероциилер - гифтер (жіпшелердің тығыздалуы) арқылы көбейеді, кейбір жағдайда сирек зарарсыздандырылған мицелий арқылы да көбейеді.

Дейтермоциттер - конидиялы құрылысты негізінде белгілі бір жүйеге келтіру және анықтау үшін топтастырылған организмдер жиынтығы. Бұл топқа кондиялы жоғары спора құру (қалталар, базидиялар) стадиялары болмайтын саңырауқұлақтар және қалталы саңырауқұлақтар мен базидиялды саңырауқұлақтардың стадиялары болуымен қатар конидиальды стадиясы жеке организмдер ретінде тіршілік ете алатындары жатады.

Жетілмеген саңырауқұлақтар класы 4 қатарға бөлінеді. Бұлардың гифомицеттер мен көпшілік энтомопотогенді саңырауқұлақтар енеді.

Гифомицеттер қатары (Hyphomycetales) . Бұл қатарға субстрат бетінде споралар жиналатын арнаулы орындары жоқ, конидиялары конидия тасығыштарда құралатын саңырауқұлақтар жатады. Moniliaceae тұқымдасына кейбір бөжектер кең таралған ауру қоздырғыштары жатады. Бұл тұқымдастың сипаттамасы төменде келтірілген. Strilbaceae тұқымдасының өкілдерінің ішінде Hirsutella Pat. және Hymenostilbe Petch. Туыстарының энтомопотогенді түрлері белгілі және қалталы саңырауқұлақтардың конидияльды стадиясы болады, мысалы, : қастауыш тұқымдасының Cordyceps Fr. туысы жатады. Жаңғақ жалған сымырында паразиттеуші саңырауқұлақтың конидияльды стадиясы. Hirsutella туысының көпшілік түрлерідиаспиналы сымырларды паразиттейді, басқалары қызанақтың қоңыр кенесінде, қызыл өрмекші кенеде және басқаларында паразиттік тіршілік етеді.

Tuberculariaecea өкілдерінің ішінде фузириум (Fusarium Link) туысында да бірнеше бөжектер паразиттері байқалған.

Moniliaceae тұқымдасы дара, қарапайым немесе тармақталған, түссіз немесе ашық боялған конидия тасығыштарымен сипатталады. Бұл тұқымдас 200 - ден артық туыстар мен 1500 астам түрлерді қамтиды. Бұлардың ішінде көптеген өсімдік ауру қоздырғыштары және энтомопотогенді саңырауқұлақтардың үлкен тобы, негізінен бөжектердің кең маманданған паразиттері кездеседі. Бұл тұқымдасқа вертициллум, аспергилус, пециломице, боверия және метаризиум туыстары жатқызылады.

Вертициллиум (Verticillium) туысы. Бұл туысқа жататын саңырауқұлақтардың жіпшумақтары тарамдалмаған немесе аздап тарамдалған болады. Олардың жан - жағында бір клеткалы түссіз конидиялар түзіледі және олар шар тәрізді шоқпар басты болып, шырышпен немесе іркілген заттармен байланысқан. Кең таралған түрі Verticillium lecani Vieg. Тең қанаттылар топ өкілдерін (сымырлар, аққанаттар, бітелерді) залалдап паразиттік тіршілік етеді.

Қазіргі кезде жылыжайларда цитрус дақылының зиянкесі жалған сымырлармен биологиялық күресте пайдаланылуда. Вертициллиум конидиялары өсу үшін, әсіресе өсімдікке жұқтырғанда алғашқы 2 тәулік бойы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85 - 95% болуы қажет. Саңырауқұлақты көбейту үшін арпа, сұлы, бидай, тары дәні және сыра ашатқысы пайдаланылады. Дән сүт құмырасына толтырылып автоклавта 1 сағат бойы 101, 323Па (1атм. ) қысымдықта залалсыздандырылады, одан кейін саңырауқұлақ себіледі. 2 - 3 аптадан кейін түзілген конидиялардан әр 1 мл титрі 6 - 8х10 7 сулы суспензия даярланады. Даярланған суспензияны жылыжай аққанаттының төменгі жастағы дернәсіліне қарсы жылыжайдағы өсімдіктерге бүркіледі.

Боверия (Beauveria Vuill) туысы. Жіпшесі конидия сағақтары бойына бөлшектене орналасады, жіпшумағы ақ немесе аздап боялған болады. Конидия сағақтары бір - біріне қарама - қарсы жұптанып немесе топтанып, бөтелке тәрізді түп жағы кеңейген болады. Конидиялары бір клеткалы, шар немесе жұмыртқа тәрізді, кейде жаппай қызыл түске боялады.

Боверия туысының кең таралған түріне Beauveria bassina Bals., жатады. Олар тура қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қатты қанттылар, қабыршақ қанаттылар, жарғақ қанаттылар өкілдері мен кейбір кенелерді залалдайды. Бөжектердің ішінде бовериямен залалданатындар қатарына колорадо қоңызы, зиянды бақашық қандала, алма күйе көбелегі, жүгері сабақ көбелегі, қарағай мүр көбелегі т. б. жатады.

Бөжектердің дернәсілдері, қуыршақтары және ересектері осы саңырауқұлақпен залалданады. Өлген бөжектер көбінесе кішірейіп, үстін ақ өңез қаптап семиді, тырысады. Саңырауқұлақ жіпшумақ конидиялармен споралары бөжектер ағзасында ғана емес, өсімдік құлдықтарында да сақталып, боверияға төзімді бөжектермен таралады. Осы ауру қоздырғыш боверия саңырауқұлағы негізінде боверин препаратын алу технологиясы жасалған (6-сурет) .

Картинки по запросу "гриби боверия" Картинки по запросу "гриби боверия"

6-сурет. Боверия саңырауқұлағымен зақымданған зиянкестер

Жыртқыш саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар әлемінде қарапайымдыларды, нематодаларды және алғашқы ұсақ бөжектерді қорек ретінде пайдаланатын топтар кездеседі. Жыртқыш саңырауқұлақтар жіпшумақтары топырақта, өсімдік қалдықтарында кездеседі, қоректің біраз бөлігін табылған өлексе ұлпасынан алады. Жыртқы бөжектерден өлексені тіршілік ортасы ретінде ғана емес, оны қорек ретінде де пайдаланады. Жыртқыш саңырауқұлақтардың жіпшумақтарында қорегін ұстауға бейімделген әртүрлі, көбінесе желімді ұстағыштары (желімді тор, сақина, т. б. ) кездеседі.

Жиі кездесетін жыртқыш саңырауқұлаққа Arthrobotrys perpasta жатады. Олар әртүрлі нематодалармен қоректенеді. Жыртқыш саңырауқұлақтар ұзақ уақыт сапрофит ретінде топырақта немесе өсімдік қалдықтарында органикалық заттармен қоректеніп, нематодтарды қант немесе басқа қосылыстар түрінде қосымша энергетикалық заттек ретінде пайдаланады.

  1. . Саңырауқұлақ препараттардың титрін анықтау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөжектердің саңырауқұлақ аурулары
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Синэкологияның негізгі ұғымдары
Өсімдіктерді жіктеу принциптері
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы
Өсімдік географиясы
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz