Қан көбелектер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тары дақылына зиян келтіретін зиянкестердің түр құрамы, есептеу әдістері, экономикалық зияндылық шегі және оларға қарсы қолданылатын күресу шаралары

Алматы, 2020
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Тарының барылдақ қоңызы биологиясы, зияндылығы
* Тары құмыты биологиясы, зияндылығы
* Күресу шаралар жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдалынылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақым-дайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан -- құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді.
Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.
Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы ззиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.

Тары барылдақ қоңызы - Ophonus calceatus Duft. Бұл зиянкесте барылдақ қоңыздар тұқымдасына жатады. Қазақстанның солтүстік бөлігінің қуаң далалық аудандарында таралған. Әсіресе Павлодар облысының құмдауыт топырақты аудандарында көбірек кездеседі.
Ұзындығы 15 мм жететін едәуір ірі қара қоңыз. Мұртшалары, ауыз мүшелері және табандары қызғылт-сары түсті. Жұмыртқасы мен дернәсілінің түсі және жалпы құрылысы жағынан астық барылдағына өте ұқсас.
Зиянкестің дернәсілі тереңдігі 10 см топырақ арасында қыстайды. Ересек қоңыздар жер бетіне шілде айының орта кезінде шығып, бір айдай өмір сүреді. Олар күндіз көбінесе топырақ кесектері мен өсімдік қалдықтарының астын паналып жатады да, қоректенуге және басқа тіршілік әрекеттерін жасауға кешкі сағаттарда және түнде шығады. Жұмыртқаларын топтап дымқыл топыраққа (10 см тереңдікке дейін) салады. Сондықтан олар борпылдақ топырақты жерлерді, парға себілген егінді, жартылай тасталған егін жағалауын, терең жыртылған танаптарды және отамалы дақылдар егісін ұнатады. Қоңыздардың барлығы бірдей бір мерзімде шықпайтындығына байланысты жұмыртқылыу кезеңі ұзаққа созылады. Сондықтан топырақ арасына жаңа салынған жұмыртқаларды шілденің аяғынан тамыздың аяғына дейін кездестіруге болады.
Бұл түрдің тек ересек қоңыздары ғана өсімдікті зақымдайды. Дернәсілдері жыртқыш болады. Қоңыздар пісіп келе жатқан тары дәндерімен қоректенеді. Әсіресе олар дестеде жатқан тарыны қатты зақымдайды. Олар тары дәнін зақымдап қана қоймай, оның шашақбасында ермелеп жүріп, дәннің бір қатарын жерге түсіріп ысырап етеді. Қоңыздар тарыдан басқа пісіп келе жатқан бидай мен қара бидайды да зақымдайды. Арамшөптерден оның көбірек ұнататын мысыққұйрық (1-сурет).

1-сурет. Тары барылдақ қоңызы - Ophonus calceatus Duft.
Тары құмыты - Stenodiplosis panici Rodd. Қос қанаттылар (diptera) отрядының галлица (Cecidomyiidae) тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 1-3 мм. Көкірек және құрсақ бөлімдерінің үстіңгі жақтары қоңырқай, мұртшалары ұзын және қызыл түсті, ұрғашыларының ұзын жұмыртқа салғыш қынабы болады. Дернәсілінің түсі қызыл, денесінің екі жағы бірдей сүйірленген. Қуыршағының да түсі қызыл, ұзындығы 2 мм шамасындай.
Тары құмытының ареалы тары және арам шөп-күрмектің (тауықтары) таралуымен тығыз байланысты. Қазақстанда батыс және оңтүстік облыстарда, сонымен қатар Семей облысының оңтүстік аудандарында егінге зиян келтіреді. Қазақстанна басқа Украина далаларында. Қара теңіз жағалауындағы аймақтарда, Кубанда және Орта Азияда таралған.
Қазақстан жағдайында тары құмыты жылына 4, ал күз айлары жылы және құрғақ болған жылдары 5 генерация беріп дамиды. Оңтүстікте толығымен 5 генерация береді, ол дернәсіл фазасында егін далаларындағы төгілген немесе жиналмай қалған тары дәндерінің ішінде, топан және сабан арасында, сонымен қатар күрмек дәндерінің ішінде қыстайды. Қуыршақтану процессі де сонда өтеді. Ересек құмытыларда маусым айынан бастап, қыркүйек айына дейін кездестіруге болады. Олар қоректенбейді, 2-4 күн ғана өмір сүреді, тек ертеңгі және кешкі сағаттарда ғана ұшады да, күндіз тарының шашақ гүлдерінің арасын паналап жатады. Жұмыртқаларын ашылмаған тары гүлдерінің масақша қайыздарының астына орналастырады. кейде олар шашақ гүлге және түтікшесінен толық шыға қоймаған жапыраққа да жұмыртқалайды.
Бірнеше ұрпақтарының ересек құмытылары әдетте тарының масақтану кзеңінен бұрынырақ шығады. Сондықтан олардың көпшілігі жұмыртқаларын ертерек масақтанатын күрмектің шашақ басына салады. Зиянкестің екінші және үшінші генерацияларының ұрпақтары тары егісінде қоректеніп дамиды. Ал төртінші генерацияның ұрпақтары өнімді жинау кезінде немесе одан кейін шығады. Сондықтан олардың дернәсілі негізінен күрмекте қоректеніп жетіледі. Құмытының бір генерациясының дамуы үшін 12-15 күн керек.
Зиянкестің дернәсілі тұқым түйінінде және гүлдің үлпегі мен оның сабағында қоректенеді. Нәтижесінде гүлдің аталық және аналық мүшелері дамымайды, зақымданған шашақ баста дәнсіз ақ масақшалар пайда болады. Зиянкес жаппай өсіп-өніп көбейген жылдары тарының шашақ басындағы дәнсіз масақшалар 30-40 дейін жетеді. Көктем және жаз айлары жылы және ылғалды болған жылдары зиянкестің өсіп-өніп көбейуіне қолайлы жағдайлар туады (2-сурет). ЭЗШ анықталмаған.

2-сурет. Тары құмыты - Stenodiplosis panici Rodd.

Астық цикадалары: алты нүктелі- Macrosteleslaevis Rib. және жолақты - Psammotettix striatus (Cycadellidae - тұқымдасы, Auchenorrhyncha - цикадалы отряд тармағы, Homoptera - тең қанаттылар отряды). Денелерінің-ұзындығы 3-5 мм, артқы аяқтары секіргіш. Алты нүктелі цикада-ашық сары түсті, басында 6 күңгірт нүкте болады. Жолақтың басы сүйірленген, қанаттарында мәрмәрлі сурет бар. Дернәсілдері ересектерге ұқсайды. Жылда 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Жұмыртқа кезінде аңыздарда, шөптерде, астық тұкымдас жабайы өсімдіктерде қыстайды. Жұмыртқасын жапырақтың ұлпаларына салады, өсімталдығы 50-200 жұмыртқа. Дернәсіл 5 жастан өтеді. Цикадалар жасырынды өмір сүреді. Олар құрғақшылық жылдары көбірек көбейеді. Селдір, күнмен жақсы жылынатын алаңдарды керек етеді. Дернәсілдері және ересектері бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, жүгеріні залалдайды. Қоректену жерінде ақ дақтар пайда болады, жапырақ пен сабақтары мәрмәрлі түске боялып, өсімдік солады. Қатты зақымдалған кезде өсімдік өледі (3-сурет).

3-сурет. Астық цикадалары: алты нүктелі- Macrosteleslaevis Rib
Қан көбелектер. Шалғын көбелек (Loxosteqe sticticalis L.) ауыл шаруашылық дақылдарының ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Жазғы мезгілде оның саны құбылмалы және қолайлы жағдайлар болғанда өсімталдығы өте жоғары. Жұмыртқаларын өсімдік жапырағының төменгі беткі қабатына салады. Жұлдызқұрттары 5 жастық кезеңнен өтеді. Олар қомағай болып көп қоректенеді. Қант қызылшасын, күнбағысты, бір және көпжылдық бұршақ (үрмебұршақтан басқа), жүгеріні, тарыны және басқа да өсімдіктерді қатты зақымдайды. Олар өсімдіктердің жер үстілік генеративті және вегетативті мүшелерін кеміріп жейді. Зақымданған өсімдік мүшесін жұлдызқұрттар ермекпен шырмалайды. Бидай көбінесе шалғын көбелектің негізгі азықтық өсімдіктер жетіспегеннен соң зақымданады. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Ересек жұлдызқұрттар топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады (4-сурет).

4-сурет. Шалғын көбелек (Loxosteqe sticticalis L.)

Қамба бізтұмсығы- Sitophilus granaries L. Қаттықанаттылар немесе қоңыздар отрядының бізтұмсұқтылар (Curculiolidae) тұқымдасына жатады. Қойма зиянкестерінің ішінде кең таралған түрлері бірі. Тек жабық орындарда ғана өсіп-өне алады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA
Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Көбелектер
Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер отряды
Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы
Бөжектердің сыртқы құрылысы
Бунақденелілердің сыртқы құрылысы
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Пәндер